91 тобын сынап тастаған сегіз жасар бала көпшілікті таңырқатты (ВИДЕО)

0

Отандық бағдарламалардың біріне келіп, өзіне мағынасы бар әндер ұнайтынын айтқан сегіз жасар бала «Ninety one» тобын сынға алды.

Жүргізушінің «Ninety one» деген топты тыңдайсың ба?» деген сұрағына жауап берген балақайдың сөздері жұртты таңғалдырған.

«Жоқ, тыңдамаймын. Олардың мәні жоқ. Еркек бола тұра, қыз сияқты. Мысалыға құлағына сырға тағады. Бір жерде қыз сияқты майысып отырады. Жыным келеді. Ер адам шыдамды, салмақты болуы керек», — дейді ол.

Айта кетейік, осы видео әлеуметтік желіге таралып кеткен бойда оқырмандар да түрлі пікір білдіріп үлгерген.

«Ер мінезді ұлдарымыз аман болсын», «Міне таза қазақтың намысты баласы өсіп келеді».

«Жаттатып қойған сияқты ғой бәрін», «Кішкентай бала осындай сөздерді өздігімен айта алады ма», — деп желі қолданушылары өз таңданыстарын білдірген.