«Етегі түрілмеген, жат жұрттың табалдырығын аттамаған қызбын»: Балжан Бидаш сүйіктісімен айырылысқанын айтты

0

Қазақстандық әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты алып-қашпа әңгіменің нүктесін қойды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Әнші бұл туралы өзінің жеке парақшасында жазды.

«Бүгін көбісін мазалаған сұрақа жауап берейін деп шештім. 2019 жылы экс-жігітім ұсыныс жасады. Мен “Иә” дедім. Ол жігітті сол кезде жақсы көргендіктен, басқа жауап беруім мүмкін емес еді. Алайда, бізде той былай тұрсын, сырға салу, құдалық сияқты жөн-жоралғылар жасалған жоқ. Мен етегі түрілмеген, жат жұрттың табалдырығын аттамаған қызбын. Қазір — басым бос. Экс-жігітіммен әңгімеміз жараспай, отбасы болсақ, ұзаққа бармайтынымызды уақытылы түсінгеніме шүкір деймін.

Менің де келін атанғым келеді, сүйікті жар болғым келеді, бұл барлық қыздардың арманы шығар. Алайда арада бала дүниеге келіп, ажырасып, өзімізді де, ата-анамызды да бақытсыз қылғанша, сәбилерді толық емес отбасыда өсіргенше, жөн-жоралғы жасалмай тұрып, екіге айырылғанымыз дұрыс болады деп шештім.

Негізі, “Жыл таңдауындағы” сақина мен ұсыныс — шоу үшін, хайп үшін жасалды деп, жалған айтып, құтылсам да болар еді, бірақ сіздерді алдап қайтем?! Шындығым — осы! Бұдан былай осы сұрақпен мазаламауларыңызды сұраймын», — деп жазды Балжан Бидаш.