Ерке Есмахан өзін сынағандарға ерсі қылық көрсетті (фото)
Ерке Есмахан өзін «той әншісі, қазақи әнші» деп сынағандарға ортаңғы саусағын көрсетті. Өнеріне мұрын шүйіре қарайтындардың әрекеті танымал әншінің ашуын туғызса керек ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасына Төреғали Төрәлімен бірге түсірген «Алло» әнінің бейнебаянындағы ортаңғы саусағы көрсетіп тұрған сәтінің скриншотын жариялады.
Әні арысы АҚШ пен Кореяны берісі Өзбекстаны шарлап, аталған елдің тұрғындары шама шарқынша орындап жүрген Ерке Есмахан өзінің көңілін қалдырған оқырмандарына мынандай мәтін де қалдырыпты.
«Так что, өздері бір аспаннан салбырап түскендей, мені той әншісі, қазақи әнші анау мынау дейтіндерге, менсінбейтіндерге осы суретті сыйлаймын. Әнші үшін ән жүректен жүрекке жетсе болғаны және оның дәлелі өткен стористер! Иә, мен қазақпын, қазақи әншімін және дәл осы қалпыммен бақыттымын!» – деп жалғады сөзін ол.