«Бұл — тағдыр»: Арман Қоңырбаевтың екіұшты жазбасы жұртты алаңдатып қойды

0

Жұрт онсыз да Арман мен Аша ажырасып кетті ме деп алаңдап жүргенде, Қоңырбаев жағдайды үдете түсті. Ол желіде екіұшты жазба қалдырып, махаббатымен қоштасқанын меңзеді, деп жазады Stan.kz.

Арман қоштасу белгісін салып:

«Махаббат — бұл таңдау емес, бұл тағдыр», — деп қана жазба қалдырды. Бұған қарап оқырмандар расында да жұлдызды жұп айырылысқан екен деп топшылады.

«Сіздерге не болған, Асеканы ойласаңдаршы», «Жалған деп айтыңыздаршы, бұған сенгім келмейді», «Тағдыр аманат еткен махаббатты сақтай білу, ол әр пенденің парызы. Аманатқа қиянат жасамай, қорғай білу батылдық», — деп жазды инста-оқырмандар.

Алайда аз уақыттан кейін Арман бұл жазбасын парақшасынан өшіріп тастады. Аша болса күйеуімен ара-қатынасына қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

stan.kz