Аралас сабақ оқыту: Бизнесті ұйымдастыру нысандары

0

 

Пәні: Нарықтық экономика негіздері

Мантеева М.С.- Жамбыл-индустриалды-технологиялық колледжінің   нарықтық экономика негіздері пәнінің оқытушысы

 

Тақырыбы: Бизнесті ұйымдастыру нысандары

Сабақтың мақсаты:

а) Білімгерлерді  еліміздегі  бизнесті ұйымдастырудың  нысандарымен таныстыру ,жеке кәсіпкерлікте, серіктестікте, акционерлік қоғамда жүзеге асыру  жолдарымен танысу

ә) Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен   кемшіліктерін  түсіндіру барысында логикалық сұрақтар мен қосымша тапсырмалар арқылы білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) Болашақ мамандардың жеке  кәсіпкерлікке қызуғышылығын арттыру. жеке кәсіби  өсуге үйрету, өздігінен ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ оқыту

Сабақтың әдісі: Интерактивті оқыту әдістері

Сабақтың көрнелігі: Анаграмма, эрудит ойыны, плакат, сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  Білімгерлерді түгендеу. Сабаққа назар  аударту  мақсатында «Бизнес» сөзіне  топтастыру   әдісі бойынша  сызбаны толтыру.

Жұмыспен қамту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Анаграмма шешу:

2.1.  Қаша – ақша

дайап  -пайда

Рифма – фирма

Кірестестік – серіктестік

Атюлав – валюта

Реккәпіс – кәсіпкер

Несзиб – бизнес

2.2. Сұрақ: Бизнес деген не ?

Жауап: Пайда алуға  бағытталған экономикалық қызмет пен кәсіпкерлік.

Сұрақ:  Кәсіпкер деген  не?

Жауап:  Пайда алу мақсатында жауапкершілікпен жұмыс істейтін адам.

Сұрақ:Кәсіпкерлік деген не?

Жауап:  Кәсіпкерлік-экономикалық белсенді  форма, бәсекелестік аясында  жаңа кәсіпорын  құра алатын белсенді, қайратты  тұлғаның зияткерлік  қызметі, кәсіпкерлік-табыс  табуға  бағытталған ,  жеке адамның  немесе бірнеше  тұлғаның  қауіп-қатерге  бас тіге отырып  тәуекел еткен өзіндік бастамасы, әрекеті.

Сұрақ:  ЖШС  дегенді қалай түсінесің?

Жауап:  ЖШС –Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Сұрақ:  Фирма деген не?

Жауап:  Фирма – қаржылық , шаруашылық және экономикалық қызметтерді орындайтын коммерциялық ұйымдардың , компаниялармен  кәсіпорындардың жалпы атауы.

Сұрақ:  Жеке меншікке нелер жатады?

Жауап:  Жеке меншікке: үй, пәтер, ферма, фирма, т.б.

-Ойымызды тұжырымдап, жеке меншікке анықтама берейік.

  • 1 – 2 білімгер  өз пікірін айтады.

Жауабы:  Жеке меншік – бұл нақты адам немесе адамдар тобының иелік ету құқы бар меншігі.

ІІІ. Негізгі  бөлім. Жаңа тақырыпты  түсіндіру.

  • Бизнесті ұйымдастырудың қандай түрлерін білесіңдер? Бұл ретте білімгерлер пікірі тыңдалады.

Оқытушы:  Дербес иелік (Жеке кәсіпкерлік) ,серіктестік, акционерлік қоғам.

Жеке кәсіпкер-бір ғана иесі  бар және  жалдамалы  жұмыскерлердің  саны шектеусіз  кәсіпорындар.

Серіктестік  кәсіпорындар- белгілі  бір пропорция  бойынша  өз капиталдарын , еңбек ресурстарына  жұмылдырып және ксіпорындардың  пайдасынан өз үлесін алып тұруға келісім жасап, осы кәсіпорындардың  иесіне  айналатын  бірнеше  кәсіпкерлердің бірлестігі.

Корпорациялар-осы кәсіпорынға өз қаржысын орналастырған  және  кәсіпорын  әрекетіне  байланысты мәселерді шешуге  аралауға құқығы бар акция иесі және корпорацияның  барлық әрекетіне  белгілі  бір үлес  қоса алатыны негізінде  кәсіпорынды  ұжымдық  иеленуге ат  салысады.

ІҮ. Логикалық тапсырма

  • Жеке кәсіпкерлікке нелер жатады?
  • Дәріхана, дүкен, мейрамхана, қызмет көрсету орталығы.
  • Дербес иелік (Жеке кәсіпкерлік) дегеніміз бір меншік иесі иелік ететін немесе басқаратын кәсіпорын. Ең қарапайым қымбат емес, барлық адамның қолы жететін түрі.
  • Сіз кәсіпкерсіз, қандай кәсіп түрімен айналысасыз?
  • Жеке кәсіпкерліктің қандай пайдалылығы (артықшылығы), зияндылығы (кемшілігі) бар?

Білімгерлер өз ойларын плакатқа фломастермен бейнелейді.

Әр топ өз бизнесін таныстырады. Жеке дәріхана, емхана, азық-түлік  дүкені, киім дүкені, кітаптар дүкені, асхана т.б.

Ү. Сабақты бекіту. Мына әріптерден басталатын экономикалық терминдерді жазу

Эрудит ойыны:

К – кәсіпорын

Ә – әлемдік нарық

С – сауда, сыртқы сауда ,серіктестік.

І  – ішкі сауда

П – пайда, пайыз

К –  кеден

Е – еңбекті бөлу, еңбек

Р – ресурстар, рента.

ҮІ. Бағалау. Қорытынды.

 ҮІІ. Үйге: «Егер мен кәсіпкер болсам… » деген тақырыпта эссе жазу және бизнес –жоспар құру.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!