Аша Матай: Күйеуім мені бір апта жоғалтып алды

0
1228

Аша Матай декреттік демалыстан кейін эфирге қайта оралды. Тележүргізушінің эфир мен сахнадан көрінбегеніне екі жылға жуық уақыт өтті. Алайда тартымды ару үйде көп отырмай, «Кеш жарық, Қазақстан!» деп аталатын жаңа қазақстандық шоуға жүргізуші ретінде шақырту алды.

«Мен түсірілімдер мен телевизияны сағынғаным соншалықты, қазір бүкіл процестен ләззат алып жүрмін. Біздің түсірілім павильонында өмір сүріп жатқанымызға бір апта болды, күйеуім мені алаңсыз жоғалтып алды», – дейді тележүргізуші.

Арудың айтуынша, бұл концерттік шоу болғандықтан оларға сән-салтанатты киімдер таңдалады. «Стилистер маған өлшемі үлкен көйлектер алып қойыпты. Содан көйлекті үстіме кигізіп қойып, тарылтты. Бірнеше рет инемен түйреп те алды. Алайда бұл жұмыстың бір бөлігі, сондықтан еш реніш жоқ», – дейді Аша Матай.

Ол сондай-ақ түсірілім алаңындағы әріптес жігіттер туралы айтып берді. Оның айтуынша, Данияр Жұмаділов бүкіл команданың көңілін көтеріп жүреді, ал іші пысқанда өзінің плейстейшиніне жабысады. «Кішкентай ойын приставкасы үнемі Даниярмен бірге. Қалайша ұзақ ойын ойнауға болатынын түсінбеймін. Бірақ өзімнің де сағаттап дорама көретінім бар», – деп күледі ару.

Ал екінші жүргізуші жігіт Төреғали Төреәліні жұмысқа уақытылы келеді деп айта алмады. «Барлығымыз оны сарылып күтпеген бір де бір күн болмаған. Ол үнемі кешігіп жүреді», – дейді Аша Матай.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету