Әсел Садуақасова елден көшпекші…

0

Танымал актриса Әсел Садуақасова өзінің елден көшетінін инстаграм желісінде хабарлады.
«Достар, менің сіздерге екі жаңалығым бар. Иә, бұл жаңалықты менен кейбір достарым да күтпеген шығар. Бұл шешімді күтпеген жерден қабылдадым. Бірақ, бұрыннан ойымда жүр еді. Мен басқа елге көшетін болдым. Бірақ, уақытша. Біржолата көше алмаймын, елімді тастай алмаймын. Мен елімді, Алматымды қатты жақсы көрем. Не себепті көшіп жатқанымды жақында білетін боласыздар», — деп жазды актриса.

Оның бұл жазбасына оқырмандар «Түркия ма, Стамбулға көшіп жатыр ғой бәрі» «Мәскеу шығар. Қазақтар Ресейді бағындыру үшін көшуде» деген сияқты пікірлер қалдыруда.