Әнші Тамара Асар тұрмысқа шықты

0

Отандық танымал әнші Тамара Асар Тұрмысқа шықты.

Қуанышты жаңалықты оның құрбысы дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Instagram парақшасында жариялады.

«Ақ Томидың маған ақ ниетпен жайған дастарханында. Ақ Тамара Құдай қосқан жездеммен қоса ағарып, Ақ Қамбардың артынан көп Қамбарлар ере берсін!

Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар! Ешқашанда байлығын керсетiп мақтанбайтын, жеке өмiрiн көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде тегетін, Құдай көтере білгенге бередi, деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесiн!», деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетсек. қазақ эстрадасында ерекше дауыс иесі Тамара Асардың бұл екінші некесі. Бұрынғы некесінен Қамбар атты ұлын тәрбиелеуде. Әнші бірер күннен кейін 45 жасқа толады.