Айгүл Иманбаева шенділердің тоқалдарын көзге шұқып көрсетті

0

Әнші Айгүл Иманбаева екі-үш әйелі бар еркектерді қорқақ дейді.

Бұл туралы әнші «Время» газетіне берген сұқбатында айтты.

— Біздің еркектер: „Үш-төрт қатыным бар„ деп бөсе береді. Ал шынында бәйбішесі қалған екеуі туралы мүлде білмейді. Өйткені оны жасырын ұстайды.

«Көңілдес емеспін». Танымал әнші өзін тоқал дегендерге жауап берді

Шынымен де нағыз еркек болса сол үш әйелін тең ұстап, ел алдына теңдей неге алып шықпайды? Өйткені қорқады. Қорыққан соң да тоқал бейшаралар көлеңкеде өмір сүруге мәжбүр. Адам құсап тойға да бара алмайды. Аузын толтырып мына кісінің жары едім деп те айта алмайды.

Бірақ адал жар боп, баласын туып өзінің әйелдік міндетін тасада атқарып жатқан тоқал қаншама?..

Ол өзі танитын адамдардың арасында ондай әйелдердің барын айтып, оларға жани ашитынын жеткізді.

— Бүйтіп тигеннен байсыз қалған дұрыс шығар. Күндері күн емес. Бетін ашық болғанға не жетсін?

Жарайды, тоқалы болуға болады, егер бәйбішемен тең қойып жатса. Ал мынандайға, мәселен мен төзе алмас едім,— дейді Айгүл Иманбаева.

 

365info.kz