Макгрегордың жүрісін салған қазақ баласы желіні жарды (видео)

0

Желіде өзін аралас жекпе-жектің жұлдызы Конор Макгрегор сияқты сезінген кішкентай қазақстандық балуанның қызықты видеосы тарады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды. Коллаж NUR.KZ

Кадр видеодан алынды. Коллаж NUR.KZ

Грек-рим күресінен республикалық турнирде кезекті белдесуді жеңгеннен соң кішкентай «Макгрегор» өзінің кумирінің атақты жүрісін қайталады.

Еске сала кетсек, ирландиялық жұлдыз өзінің соңғы жекпе-жегін 6 қазан күні ресейлік Хабиб Нурмагомедовқа қарсы өткізген болатын.

Алайда атақты спортшы төртінші раундта жеңіліс тапқан.

Осылайша, жеңіл салмақта Нурмагомедов UFC чемпионы болып қалды, ал Макгрегор тезірек қайта жекпе жек өткізуді талап еткенімен UFC президенті Дэйна Уайт бұл мәселеге пікір білдіруге асығар емес.