Әбдіжаппар Әлқожа өзінің «ұры әнші» екенін тағы да мойындады

Соңғы уақытта орындаған әндері хит болып жүрген әнші Әбдіжаппар Әлқожа әзірбайжандық әншінің туындысын ұнатып, «ұрлап алғанын» мойындады.
Оқырмандарына видео-үндеу жолдаған отандық әншінің ұнатқан әнін бұрын Ернар Айдар орындаған болып шықты.
«Сіздерді альбомыма қосылған соңғы әнмен таныстырғым келіп отыр. Әзірбайжандық Асиф Меххеремов есімді әншінің «Geche-geche» деген әні.
Өзіме қатты ұнады. Бұл әнді бұрын Ернар Айдар орындаған екен. «Мына бала енді ұрламаймын деген еді. Тағы да ұрлапты ғой» десеңіздер, мойындайыншы», — дейді ағынан жарылған әнші.