Журналистерден қашқан бір топ депутат күлкіге қалды (ВИДЕО)

0
2604

Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң бір топ депутат залдан шыға берістегі буфетке кіріп кетіп, есікті құлыптап алған деп хабарлайды kznews.kz сайты paryz.kz порталына сілтеме жасап.

«Азаттық радиосы»-ның ақпаратына сәйкес, әдетте ашық тұратын буфет сол күні жабылып, ішке ешкім кіре алмаған. Депутаттарға сұрақ қойғысы келген журналистер оларды сыртта күтеді.

Бір сағаттан соң «тығылып» қалған депутаттар артқы есіктен қашып шығып кеткен. Тіпті, кейбірі бетін қағазбен жауып алған.