Ұлттық валюта тұрақтылығы қамтамасыз етіледі

0

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі үндеуінде ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге тапсырма берді, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

«Бізде барлық ауқымды дағдарысты еңсеру үшін қажетті резерв бар. Үкімет дағдарысқа қарсы негізгі шараларды іске асыруы керек. Ал ең алдымен ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл – экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы», — деді Тоқаев халыққа жолдауында.

Әлемде соңғы орын алған жағдайлар еліміздің ұлттық валютасына шектен тыс қысым жасады. Бұл жағдайға жыл басындағы мемлекеттің ішіндегі жағдайлар да кері әсерін тигізді. Адамдар капиталды шығаруға кірісті. Ал шекара аймағында ақшаны көп ала бастады.

«Сондықтан қаржы саласында алыпсатарлық әрекеттерді азайту керек. Оны сырттан келетін сатып алушылар да күшейтіп отыр. Осыған байланысты мен шетелге валюта шығаруға шектеу қоятын арнайы қаулыға қол қойдым», — деп атап өтті президент.

Тоқаевтың айтуынша, жер асты байлықтарын игеретін жекеменшік ірі компаниялар да валюталық пайдасын теңгеге айырбастағаны дұрыс.

(Фото egemen.kz сайтынан алынды)