Зейнетақы төлеменің орташа мөлшері аталды

0
286

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 246 мыңнан асты.

«2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) — 105 538 теңге», — делінген хабарламада.

1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 470,1 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген.

«2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге — 71,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге — 163,8 миллиард теңге бөлінді», — делінген хабарламада.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалғанын еске салайық.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

(Фото egemen.kz сайтынан алынды)