Мақсат Толықбай заңсыз майнерлердің былығы туралы пікір білдірді

0

Болат Назарбаев пен Ерлан Нығматулинның заңсыз майнинг фермалары жабылғанына журналист Мақсат Толықбай http://facebook.com парақшасында пікір білдірді.

Қазақстандағы майнингтік фермалардың қызметін кешенді тексеру қорытындысы бойынша 55 ферма қызметін өз еркімен тоқтатты.

Олардың арасында Павлодар облысында Болат Назарбаев (Нұрсұлтан Назарбаевтың туған бауыры) және Александр Клебановтың, Ақтөбе облысында «QazaqGaz ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қайрат Шәріпбаев (Ашық деректерде жарияланған ақпаратқа сәйкес Дариға Назарбаеваның күйеуі). Қарағанды облысында  Ерлан Нығматулиннің (Мәжілістің бұрынғы төрағасы Н.Нығматулиннің егізі) үлесі бар фермалар анықталған.

Ведомствода атап өткендей, қазіргі уақытта барлығы 25 қылмыстық іс тіркелген, құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдық тәркіленді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елдегі электр энергиясын тәуліктік тұтыну 600 Мегаватт/сағатқа төмендеді.

Бұл не дүрбелең екенін қарапайым тілмен түсіндіріп кетейін. Мысалы, Қарағандыда бір майнинг фермасына қажетті электр қуатымен, БҮКІЛ Қарағанды қаласын қамтамасыз етуге болады. Салыстырып көріңіз, қанша жарықты «қолы ұзындар» өз пайдаларына қолданып келген!

Майнинг фермалар орналасқан өңірлерде соңғы уақытта жиі жарық өшіп қалуының себебі осы. Әмбе, бұл фермалар наубайхана басқа да мекемелердің өтірік атын жамылып жұмыс істеген.

Бұл «пысықайлардың» фермаларын жапқанына қарағанда олар, энергияны ұрлап, заңсыз қолданған. Енді қанша жарық осылай қолды болғанын ойлай беріңіз!

БҰЛ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЮДЖЕТІН БЫЛАЙ ҚОЙҒАНДА, ЖАРЫҒЫНА ДА КЕНЕШЕ ЖАБЫСЫП, СОРЫП ЖАТҚАНДАРДЫ ҚАЙТЕМІЗ?

Қосымша ақпарат:
Майнинг дегеніңіз криптовалютаны өндіруге арналған платформа.
Криптовалюта деген цифрлы ақша.
Мысалы, 1 Биткоин (цирфлы ақша) құны бүгін — 38851.1 $ тұрады. Теңгеге шақсақ, 20 125 425,27 KZT. Ал фермалар осы электронды ақшаны өндіреді.