Климкин: Мен сталиндік репрессиялар кезінде азаптауға ұшыраған…

0

Климкин: Мен сталиндік репрессиялар кезінде азаптауға ұшыраған украиналықтардың портреттерімен шығуды ұсынамын

Украин жазушысы Андрей Курков 9 мамырда Донбасста өлтірілген және саяси тұтқындардың портреттері арқылы Украина қалаларында шеру өткізуді ұсынды. Украинаның сыртқы істер министрі П. Климкин мұндай шараның сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске түсіруі керек екенін айтты.

Украинаның сыртқы істер министрі 9 мамыр Украинада «Өлімсіз полк» балама ретінде бұндай іс-шараны өткезу идеясын қолдады. Бұл туралы ол өзінің Facebook бетінде жазған.

Климкин Украинаның Донбасста мен қырымда өлтірілген адамдардың портреттерімен, украиналық сталиндік құғын-сүргін саясатының саяси тұтқындардың портреттерімен шеруді қолдады.

Еске салайық, 2012 жылы «Өлімсіз полк» акциясы ресейлік «ТВ-2» телеарнасының журналистерінен бастады — 9 мамырда азаматтар соғысқан туыстарының портреттері бар қалалардың көшелеріне шеруге шығады. Мұндай шерулер бұрынғы КСРО елдерінде, сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі ресейлік диаспоралары бар жерлерде өткізіледі.

 

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты


Тегтер:Климкин