Кеңес Одағының ыдырауына себепші болған жасырын тұлға кім?

0

«Социалистік жүйе ескірді, біз одан алыстап, Батыс сияқты өмір сүруіміз керек», — сондай сөзді 1974 жылы Евгений Примаков айтты.

Кеңес Одағын құрту туралы Юрий Андопов басшылығымен жоспарын жүзеге асыруға басты атқарушы тұлға Евгений Примаков болды. Бұл туралы берген сұхбатында танымал дипломат, КОКП Орталық Комитетінің халықаралық департаментінің жауапты қызметкері (1968-1988) Вячеслав Матузов мәлімдеді.

«Примаковтың тұлғасы жасырын түрде бүгінгі дейін құпия жағдайында болып отыр. Андроповтан кейін Кеңес Одағын қайта құру жоспарын аяқтаған негізгі адам – бұл Примаков болғанына мен сенімдемін. Қарапайым тілде, Кеңес Одағының соңғы жылдарында Примаков осы процестің бақылаушы (смотрящий) ретінде жұмыс атқарған», — Матузов айтып отыр.

Оның айтуынша, «Борис Ельцин мен Михаил Горбачев бұл процесте маңызды емес тұлғалар болатын еді; Горбачев – бұл шөберек немесе пешка, ешқандай абырой жоқ адам; КСРо ыдырау процесін Андропов мұрагерлері бақылады; яғни кеңестік жүйеден Батыс үлгісіндегі жүйеге көшуге жағдайларды дайындау».

Матузов «қайта құру КГБ негізінде емес, КГБ көмегімен, бірақ КГБ-ден тыс» жүргізілгенін айтады. Оның айтцынша, Андропов, Примаков және «қайта құру» басқа да қайраткерлерінің «әкесі» — мемлекеттік қауіпсіздіктің генерал-лейтенты Евгений Питовранов болған еді.

«Примаков қайдан келді?» Бұл КГБ жүйесі емес, ол Андропов — КГБ төрағасы және КОКП-нің Саяси бюросының мүшесі болған кезде, АҚШ пен Канада институтының директоры Георгий Арбатов, Халықаралық экономика және халықаралық қарым-қатынастар инчтитутының директоры Николай Иноземцев, КСРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтының директоры Бободжан Гафуров… 1977 жылы Примаков Шығыстану институтын басқарған кезде, оған бірден Орталық Комитетінің мүшесі мәртебесі берілді: ол КГБ-дің бақылауында болмайды деген сөз. Барлық ғылыми мекемелер КГБ-ны қайталайтын құрылымдар болған. Сырттай, олар КОКП-нің аппаратымен бірге жұмыс істеді. Бірақ шын мәнінде бұл институттар Андроповтың қамқорлығына ие болғандықтан, КОКП-нің Орталық Комитетінің оларға әсер етуі нөлге тең болды», — деп қорытындылайды Матузов.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

kznews.kz