Михаил Кукушкин Финиксте жартылай финалға шықты

0

Михаил Кукушкин «Челленджер» сериясы аясында америкалық Финикс қаласында өтіп жатқан Arizona Tennis Classic турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші чилилік Николас Харриді екі сетте жеңді – 6:4, 7:5.

Кукушкин әр партияда брейктен жасап шықты. Енді финалға берілер жолдаманы ол италиялық Сальваторе Карузомен сарапқа салады.



Дереккөз: prosports.kz/kz