Қазақша бата — тілек: Жас жұбайларға бата, үйленгендерге бата

0

Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын.
Шаңырақтарың биік болсын.
Несібе-ырыс иіп келсін.
Дастархандарың кең болсын.
Қызық-қуаныш тең болсын.
Үй-іштерің мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Махаббаттарың пәк болсын.

Әумин!

Шаңырақтарың биік болсын,
Босағаларың берік болсын.
Бау-бақшаларың өрік болсын.
Басыңда дәйім,
Құлпырған құндыз бөрік болсын.
Ақ жүзіңде жарыңның,
Ақ кимешек көрік болсын.
Құдай қаласа,
Көп ұзамай жерік болсын.
Торсық шекелі ұл тауып,
Ол өзіңе серік болсын.

Әумин

Қос аққудай көлдегі,
Қызғалдақтай белдегі,
Жас жұбайлар екенсің,
Бата берем кел бері.
Дәулетті, малды болыңдар,
Жұқармас жалды болыңдар,
Ел-жұртың мақтан тұтатын,
Жастардың алды болыңдар.
Тұтатқан шырақтарыңды,
Басталған мұраттарыңды,
Бір Алла қолдап әрдайым,
Жайқалтсын құрақтарыңды.
Отауларың орда болсын,
Аттарың жорға болсын.
Қымызың қымызық татып,
Местерің қорда болсын.

Әумин

Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын,
Анасы мен атасы,
Балалар, көтер қолыңды,
Қайырлы құтты жолыңды,
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын ол мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып келінжан,
Сыйла енең мен атаңды.
Кекшіл болма, қарағым,
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтап тойлау – құрмет қой.
Ақыл, естен айрылмай,
Жастарым, еске алып қой,
Қайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық, бауырға тойыңыз.

Әумин


Тегтер:жас жубайларга арналган батажас жұбайларжас жұбайлар əніжас жұбайлар скачатьжас жұбайлар текстжас жұбайларға арналған баталаржас жұбайларға арналған тілекжас жұбайларға арнауЖас жұбайларға батажас жұбайларға бата-тілектержас жұбайларға берілетін батажас жұбайларға тілекжас жұбайларға тілек өлеңдержас жұбайларға өлеңжұбайларға тілекказакша батаказакша бата беруказакша бата дастарханказакша бата жастаргаказакша бата наурызгаказакша бата тусау кесерказакша бата уйлену тойгаказакша баталарказакша баталар тойгаказакша батасыказакша туралы қазақша на казахскомтойга тилек жас жубайларгатойға тілекуйленгендерге бата тилекуйлену тойуйлену той сценарийуйлену тойга тилекуйлену тойга тилек оз созименуйлену тойга тилек олен шумактаруйлену тойга шакыру текстуйлену тойыма келшиуйлену тойына батақазақша батақазақша бата ас қайыруқазақша бата беруқазақша бата жастарғақазақша бата сөздерқазақша бата тойгақазақша бата қайыруқазақша баталарқазақша баталар жинағықазақша баталар наурызғаүйленгендерге батаүйленгендерге тілекүйлену тойы