Қазақша тақпақ: Ұя — Мира Сембайқызы — Тақпақтар — Bilim

0

Ұя салды көктемде,

Қос қарлығаш ұшып кеп.

Біткенше ұя тынбады,

Ары-бері ұшып көп.

Бірі батпақ әкеліп,

Қабырғасын лайлады.

Екіншісі «шименен»

Керегесін байлады.

Көп еңбекпен ақыры,

Бітірді олар ұясын.

«Кіп-кішкене бұл үйге,

Екеуің қалай сиясың?

Шыныменен таңданып,

Ойланып көп жүргенде.

Қуанып кеттім бір күні,

Төрт жұмыртқа көргенде.

Балапаным үшін деп,

Жасапты ғой ұяны.

Балапандар әрине,

Ұяға еркін сияды.