Домой Қазақша рефераттар Валютлық қаржыларды реттеу

Валютлық қаржыларды реттеу

0
140

Тема: Валютлық қаржыларды реттеу    

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1-тарау  Ақша несие саясатының құралдары .

1.1. Ақша жүйесі.

1.2. Қазақстан Республикасыдағы несие жүйесінің құрылуы.

1.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің ақша несие саясаты.

II тарау. Валютлық қаржыларды реттеу.

2.1 Валюталық жүйе және оның түрлерi.

2.2 Валюталық қатынастарды реттеуi, валюталық саясат.

2.3. Валюталық нарық.

2.4. 2003 – 2005 жылдарға арналған ақша-неси

саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қайта құру жолындағы Республикамыздың, экономикалық

дағдарыстан өте қиыншылық жолмен шыққанын өзіміз көріп отырмыз.  Еліміздің халқымыздың әл-ауқаты қазір дұрысталып кележатыр. Бұл дағдарысты жоюға дағдарыспен күресуге банктеріміздің қосқан үлесі өте көп. Сол себептен орталық банктердің ақша-несие саясаты жайлы осы кіріспе сөзімде айта кетейін.

Орталық банктердің ақша-несие саясаты деп оның айналымынан аққша-массасын , несие көлемін пайыздық мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капитал нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты ақша-несие саясаты несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды іркеуге және шектеуге (несиелік) бағытталады. Өндірістің дағдарысы және жұмыссыздықтың  күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және пайыз мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себемші болды. Керісінше экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыптастаушылық, бағаның өсуі үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында орталық банк несиеге мен қою, пайыздық төлемді жоғарлату, төлем құралдарын шығаруды тежеу сол сияқты әрекеттермен шұғылданады.

Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты. Несие институттарының санына , несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының көлеміне қарай кез-келген мемлекеттің ақша-несие жүйесінің негізгі комерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде ақша-массасының 75%-бен 90%-ға дейінгісі банктік депозиттер, ал тек 25-10%-зы орталық банктің банкноталары. Сондықтан мемлекеттің ақша-несие аясын мемлекеттік реттеу қызметі тек орталық банк арқылы комерциялық банктердің масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасаумен ғана табысты бола алады.

Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағандары төмендігідей ;

  • комерциялық банктерге берілетін несие пайыздық төлем

мөлшерін өзгерту;

  • банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;
  • ашық нарықтағы операциялар, яғни векселдерді мемлекеттік

облегацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялар;

  • валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.

Бұл айтылған ақша-несиелік реттеу әдістері барлық комерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады.

Іріктен тексеру әдістеріне мыналыр жатады.

  • кейбір банктерден банктік несиенің мөлшерін немесе қарызды тікелей шектеу;
  • несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу, атап айтқанда, маржа мөлшерін белгілеу, депозиттер мөлшері мен несие мөлшерінің арасындағы айырма.

Реттеудің дәстүрлі әдісіне орталық банктің проценттік мөлшерін өзгерту жатады. Проценттің ресми мөлшерін өсіру комерциялық банктердің өз резервтерін толтыру үшін несие алатын мүмкіншілігін азайтады, ол өз кезегінде комерциялық банктердің алған қарызын қысқартады, демек ол ақша-массасы мен нарықтық процент мөлшерін өсіреді де, орталық банк процент мөлшерін жоғарлатып, несиені шектеу саясатын яғни несиелік рестрикция жүргізеді.

1-тарау  Ақша несие саясатының құралдары

1.1. Ақша жүйесі.

Ақша жүйесі-бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:

  • метал ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей

АЙНАЛЫСТА  БОЛЫП  ОТЫР, АҚШАНЫҢ БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады:

  • Несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан

алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Метал ақша айналысы  екіге бөлінеді:

  1. Биметаллизм-жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

  • қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы

шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

  • Қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас

мемлекет тарапынан белгіленген;

  • Ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары

заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.

Биметаллизм                ғғ. кеңінен тарап, ал Европа елдерінде         ғ. дами бастады. Бірақ та биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажіттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама – қайшылық тудырады.

Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етеді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүиесінің орнына монетализм ақша жүйесі келеді.

  1. Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша

айналысының негізгі ретінде бірғана метал (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Күміс монометаллизм Ресейде 1843-1852жж қызмет етті.

Атын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде           ғ. Ұлыбританияда қалыптасып, 1816ж заңды түрде бекітілде. Көптеген елдерде ол       ғ. аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда-1871-1873жж. Швецияда, Норвегияда және Данияда -1873ж. Францияда 1876-1878жж. Австрияда-1892ж. Ресейде және Жапонияда -1897ж. АҚШ-та -1900ж.

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына ьайланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді:алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын монета стандарты, алтын құйма стандартты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты –бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализімнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүиесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

  • алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық

қызметтерін бірдей атқарады;

  • алтын монеталарды қоюға рұқсат етеді (әдетте елдің монета

сарайында );

  • толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және

шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды:

  • алтынды жіне шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға

және ішке алып келуге болатын болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны зайымдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларының көп мөлшерді айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдердің өзінің қызметін тоқтатса, кейінен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады және оны сыртқа шығаруға тойым салынады, сондай ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі. Бірінші дүниежүзілік соғыстпн соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде қалпына келтіре алмады .1924-29жж. ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.

Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы 215 мың франке теңболды.

Австрия,Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркін түрде жасауға болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды.

Сонымен, 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып (мысалға, Ұлыбританияда-1931ж.,АҚШ-та-1933ж.,Франсияда-1936ж).оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.

Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементтерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.

Ақша бірлігі-барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі.

Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Көптеген елдерде 1:10:100, яғни андық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 функ стерлинк-105 пенсаға, Ресейдің 1 рубілі-100 копеке Қазақстанның 1 теңгесі-100 тиынға және т. с.с.

Қазақстанның ақша бірлігінің-«теңге» деп атаулуы, менің ойымша, оның тарихымен тығыс байланысты болуға тиіс. Айталық, таяауда жарық көрген Қазақстан ұлттық энцклапедиясында теңгенің тарихы былай баяндалады: «Алғаш рет ақғұндар б.з. 1 ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. 5-6 ғасырлар.) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер ұлы жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуі өмір қажеттілігі деп тім ерте қолға алған. 6-8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашаалған ру рямізін бейнелеген теңгелер құйя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері 6-7 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайы шеберханаларды құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі-сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнелеген. Екіншісі үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Б.з. 704-766 жж. Таразда құйылған теңгелерде «түргеш қағанаты теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгелері» деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. 1321 ж. Жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы-8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қазыр ханның атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ жағалауларына дейін қолдданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. Енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтың арасында белгілі болды. 16 ғ. отырардың Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың Қазақ хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайындық шеберлігі жоғары дәрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды».

Қорыта айтқанда, содан бері үш ғасырды артқа салып, еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның жаңа ақшасы-теңге қайта айналымға шығып отыр. Сол теңгенің шыққанына быйыл 10 жыл толды. Соңғы уақыттары теңге ТМД мемлекеттерінің ішінде біршама тұрақты валютаға айналып отыр.

Ақша түрлеріне заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100,50,20,10,5,2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық,50,20,10,1 центтік күміс –мыс және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50,20,10,5 және 1 фунт стерлинг банкноталар, 1 және ½ пенилер, сондай-ақ жаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және1 шиллингтер де бар. Ал Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000,5000,2000,1000,500,200,100,50,20,10,5,3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20,10,5,3 және 1 теңгелік метал монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64*100 мм су тамғылы қағазға басылған 50,20,10,5,2 және 1 тиындар кейінен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиін монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түрінде) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.

Эмиссиондық жүйе-бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды резервті жүйе, Ресейде-РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда ҚР Ұлттық банкі айналысады. Ұлттық банктің қарамағында еліміздің банкнота жасайтын –Банкнота фабрикасы (Алматыда ) мен монета жасайтын –Монета сарайы (Өскеменде) бар.

1.2. Қазақстан Республикасыдағы несие жүйесінің құрылуы.

Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету  барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелеріарасында болуы мүмкін.

Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне – шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формсындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.

Неиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.

Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айрысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Жалпы несие жүйесінің құрылымын келесі кестеде көрсетуге болады (сурет 1):

1-сурет.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Экономиканың кейбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополиясыздандырған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк;
  • Коммерциялық банктер;
  • Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.).

Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады.

Орталық банк —  бірінші деңгейлі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлкеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл “банктердің банкі”. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.

Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.

Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мамандандырылған несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.

Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырады.

Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

1.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық банк ақша несие саясаты.

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші үйым рөлі атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретіне ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк-бұл бұрынғы қарапайым клиентерге қызмет көрсетумен айналасқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына  түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырсуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

Ұлттық банк- бұл ақшалай резервтерді құрайтын. Оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары кездеседі:

-мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан).

-акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);

-орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та);

АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.

Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері-20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан,ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.

Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табыс, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.

Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік соммада құруға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті-ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;

-ақша айналысы,несие, банктік есеп-аырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатында жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;

-ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

-банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілірді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:

-меншікті қаражат есебінен;

-басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналыстырған ақшалай қаражаттыр есебінен;

-ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;

-арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Ұлттық банктің басқару құрылымы.

Қазақстанның Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.

ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі жүктеледі:

-мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

-банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-ның нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

— Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

-банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;

-жекелеген банктік операциялар түрлері жүргізуге лицензияларберу туралы шешім қабылдау;

-банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;

-алтын валюта активтерін басқарудың негізі қағидаларын анықтау;

-ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;

-ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;

-ҚҰБ-ның жылдық баланысы және табысы мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;

-ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдары және өзге де мүліктерді пайдалану, арқылы қызмет көрсету. ҚҰБ-ның құрылымы және бюджеті, бепартамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың, жетекшілірін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

-банктер үшін пруденциялдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;

-еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;

-ҚҰБ-ның халықаралық және басқада ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;

-Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;

-бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;

Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына:

-ҚҰБ төреғасы және бес лауазымды тұлғалар;

-ҚР Президентінен бір өкіл;

-ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Ұлттық банктің оперативтік басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Деректорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрлымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

-Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-ның төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

-ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынумен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

-ҚҰБ-ның жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді:

-Ұлттық валютаның –теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;

-ҚҰБ-ның ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отырыды.

Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктерді өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шігінде ғана жүзеге асады.

Ұлттық банктің функцианалдық құрлымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді.

Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:

*зерттеу және статистика департаменті;

*шетел операциялары департаменті;

*ішкі операциялар басқармасы;

*монеталық операциялар департаменті;

*Сыртқы байланыстар бөлімі;

*заң қызметі департаменті;

*әкімшілік департаменті;

*қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;

*инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдаланубөлімі;

*бухгалтерлік есеп департаменті;

*есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;

*операциондық басқарма;

*төлем жүйесі басқармасы;

*қаржылық қадағалау департаменті;

*бақылау және аудит департаменті;

*персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;

*халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;

*мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.

Сонымен қатар ҚҰБ құрлымына мынадай дербес бөлімшелері де кіреді:

*Мемлекеттік сақтау қоймасы;

*Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;

*Банкноттық фабрика;

*Монета сарайы;

*Қазақстан банкаралық есеп айырсу орталығы (ҚБЕО);

*Қазақстан ипотекалық компаниясы;

*Процессингтік орталық;

*Актуарлық орталық;

*Банктік сервистік бюро;

*Ұттық ақпараттар технологиясы;

*Автобаза;

Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары.

Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады;

-айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монеталардың монополиялық элементі болып табылыды, бағалы қағаздарды эмисиалайды;

-ҚР Үкіметінің  мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;

-Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді;

-белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;

-банктердің қызметін бақылау мен қадағалау жүзеге асырады және пруденциялдық нормативтер белгілейді;

-ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру) пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады:

Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

-бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алтын айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;

-мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

-депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

-депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқада құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

-қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

-қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

-чектерді жазып, вексельдерді береді;

-жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

Ақша-несие саясат:

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютатаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты-бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макро экономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банкболып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қал және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1.Рестрикциялдық ақша-несие саясаты;

2.Экспанциондық ақша-несие саясаты;

Рестрикциялар ақша-несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің несиелік операциалар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты- несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

*Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

*Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;

*Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;

*Банктерге және үкіметке несиелер беру;

*Валюталық нарықта интервенциялау;

*Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары; ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

-ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

-ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі.

-РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

-«овернайт» зайымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі:

-күндізгі зайымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі-ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі-ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгеленеді және Ұлттық банктің комерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолжданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық векселдерді қайта есептеуде қолданылады.0

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері-жылдық пайыздық мөлшерлемелері, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгілінеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығында сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары боыйнша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктарге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері-  Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда заемдар бойынша қолданылады.

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 5-кестемен беруге болады.

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері*

Пайыздар, кезеңнің соңына

Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері12.2000ж12.2001ж12.2002ж
1.

2.

3.

 

4.

Қайта қаржыландыру

Есептік (дисконттық)

Овернайт зайымдары бойынша

РЕПО операциалары бойынша, оның ішінде:

Овернайт

1 жұма

2 жұма

14

12.5

20

 

 

 

6.5

5.5

 

9

8

12

 

 

 

5

5

5.5

7.5

8

9

 

 

 

5.5

5.5

5.5

 

Ескерту: РЕПО операциалары бойынша мөлшерлемелер  8.12.2000ж бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.

Ең төменгі резервтік талаптар.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілітін несиелер көлемін реттеуде, банктік өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында  Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар комерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар,бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, комерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР комерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы»  нұсқауға сәйкес мінднтті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің алтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, жүйесінің қаржы делдалы ретіндегітиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары денгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына, депозитердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депазиттік шоттарда сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайымдалу негізі комерциялық банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер комерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйесінің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиенің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылау, жанама жолмен комерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резертер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кәмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.

Федералды резервтік жүйе эконамикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтердің деңгейін жиі қысқартып отырған.

Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциялдық нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

1.Міндетті резервтер;

2.Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% көлемінде теңгедегі резервтік бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төлейді.

Ашық нарықтағы операциялар.

Ашық нарықтағы операциялар – бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықтағы мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, комарциялық банктердің өтімділігін және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясының тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Несиелік операциялар.

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда класикалық қызметуіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізіледі. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбарттық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Валюталық интервенция.

Ұлттық банктің валюталық интервенсиясы деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел влютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырады.

Біздің тәжірибемізде валюталық интервенсия алтын валюта резервтері есебінен жүзеге асырылуда.

Алтын валюта резерві.

Алтын валюта резерві ұлттық валюта-теңгенің тұрақтығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайданылады.

Алтын валюта резервтері мыналардан тұрады:

*ҚҰйма алтыннан;

Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел валютасындағы қаражат  қалдықтарынан;

*валюталық құндылықтардан;

*шетел валютасындағы жәй және аудармалы вексельдерден;

*шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы қағаздарынан;

*басқа да сыртқы активтерден.

*Алтын валюта резервін ұлғайту және құрлымын өзгерту мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

*монетарлық алтынды сатып алу;

*резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу;

*депозиттік, салым, шетел валюталарымен дилингтік операциялардан түсетін комиссиондық және басқа да сыйақы (мүдде) түріндегі түсімдер;

* Ұлттық банктің монетарлық алтын, күміс, платина  және платина тобындағы басқа да металдармен жасалатын операцияларды жүргізуден түсетін валютадағы түсімдер;

Ұлттық банктің кеңес беру, ақпараттық-баспа және басқа да қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер.

Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен іске асырылады:

*ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта валютаны сату;

өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін теңгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде дипломаттық және басқа да өкілеттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және Ұлттық банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;

*басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;

* Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару;

*құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта активтерін шегеру.

Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтан келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау тәжрибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметінің бірге түзетулер енгізеді.Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық реттеу принціпіне өту, яғни ақша базасы мен алтын валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжрибесі көрсеткендей, инфляцияны мақсаты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдіруіне мүмкіндік туғызады.

II тарау. Валютлық қаржыларды реттеу.

2.1 Валюталық жүйе және оның түрлерi.

Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметтерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет ету барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерi ерте Грецияда және ертедегi Римде вексель түрiнде пайда болған. Келесi даму кезеңiне Леондағы және батыс европа елдерiнiң басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелерi жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргiзiлген. Феодализм қарсаңында және өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлтық және әлемдiк экономиканығ дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердiң шектiк қатынасына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық байланыстарды оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсiптiк өндiрiспен сауда бiр бiрiмен өзара бiтiсе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.

Капиталды шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықта әлемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше. ОЛ көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы, шетелдiк ғылым мен техника деңгейiне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседi. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процесiне керi әсерiн тигiзедi.

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негiзiнде халықаралық валюталық қатынастар бiртiндеп бiр формаларға ие болады.

Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келiсiмшарттармен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлiнедi:

* Ұлттық валюталық жүйе.

* Дүниежүзiлiк валюталық жүйе.

* Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе.

Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурстарды құрайтын және оны пайдалануға көмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтығын бiлдiредi. Ұлттық валюталық жүйе – елдiң ақша жүйесiнiң бiр бөлiгi. Оның ерекшелiктерi елдiң құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесi мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүнижүзiлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзiлiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүнижүзiлiк валюталық жүйе – бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенiн қамтиды.

Дүниежүзiлiк валюталық жүйелерiдiң қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзiлiк шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуi дәрежесiне және алдынға қатарлы елдiң мүдделерiне байланысты болып келедi.

Ұлттық және дүнижүзiлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi.

Ұлттық және дүнижүзiлiк валюталық жүйенiң элементтерi.

Ұлттық валюталық жүйедүнижүзiлiк валюталық жүйе
1) Ұлттық валюта1) Резервтiк валюталар
2) Ұлттық валютаның алмастыру шарты2) Валюталардың өзара алмастырылу шарты

 

3) Ұлттық валюта паритетi3) Валюталық паритеттiң ортақ режимi
4) Ұлттық валюта бағамының режимi4) Валюталық бағамдар режимiнiң регламентациясы
5) Валюталық шектеудiң, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы5) Валюталық шектеудi мемлекетаралық реттеу
6) Елдiң халықаралық валюталық өтiмдiлiгiн ұлттық реттеу6) Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi мемлекетаралық реттеу
7) Халықаралық несиелiк айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу7) Халықаралық несиелiк айналыс құралдарын пайдаланудың ережелерiнiң бiртұтастығы
8) Елдiң халықаралық есеп айырысуларын регламентттеу8) Халықаралық есеп айырысудың негiзгi формаларының бiртұтастығы
9) Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимi9) Дүниежүзiлiк валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимi

 

10) Елдiң валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтiн ұлттық ұйымдары10) Мемлекетаралық валюталық реттеудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар.

 

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердегi әлемдiк валюталық жүйе төңiрегiнде құралады. Мысалы, Европалық валюталық жүйе (ЕВЖ) – бұл Европалық қоғамдастыққа мүше елдердiң валюта аумағында ұйымдастырылуы – экономикалық формасындағы қатынастарды бiлдiредi.

Мұндағы, валюталық паритет – валюталық бағамның негiзi болып табылатын заңды тәртiпте белгiленетiн екi валюта арасындағы шектi қатынасы.

ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негiзiнде (арнайы қарыз алу құқығы) белгiленедi.

Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдiң ақша бiрлiгiне негiзделсе, ал дүнижүзiлiк валюталық жүйе – бiр немесе бiрнеше резервтiк валюталарға немесе халықаралық есептеу бiрлiктерiне негiзделедi.

Резервтiк валюта – бұл басқа елдер үшiн валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негiз ретiнде қызмет ететiн және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргiзуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметiн атқаратын, әлемнiң алдыңғы қатарлы елдердiң еркiн ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Валюта – бұл бiрiншiден, сол елдiң ақша бiрлiгi; екiншiден, шетел мемлекеттерiнiң ақша белгiлерi; үшiншiден, халықаралық есептесу бiрлiктерi және төлем құралы (СДР, еуро).

Валюталық бағам – бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң екiншi бiр елдiң ақша бiрлiгiне қатысты бейнелейтiн бағасы.

Ваюталық бағамның қажеттiгi:

  • тараулар мен қызметтер мен бiрге сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшiн шетел валютасына ауыстырады.
  • дүниежүзiлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдiң құндық көрсеткiштерiқн салыстыруға;
  • фирмалардың және банктердiң шетел валютасындағы шоттарын үздiксiз қайта бағалап отыруға.

Валюталық бағамға әсер ететiн факторлар ықпал етедi:

* Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдiң валютасының бағымы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабiлеттiгiн және басқа елдiң валютасына қатысты бағамын төмендетедi.

* Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансының жағдайы акивтi болса, онда шетелдiк борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсiп, ұлттық валютаның курсын жоғарлатуға мүмкiндiк бередi, ал пассивтi болса, борышқорлар олардың өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетедi.

* Әр елдегi пайыз мөлшерлемесiндегi айырма. Бұл фактордлың валюталық бағамға әсерi екi жағдаймен болады: а) Елдегi пайыз мөлшерлемесiндегi өзгерiстер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен, қысқа мерзiмдi қозғалысына әсер етедi.  Шын мәнiнде пайыз мөлшерлемесiнiң өсуi, шетел екапиталына iшкi ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуi ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол бередi; ә) пайыз мөлшерлемесi валютплық нарықтағы операцияларға және ссуданың капидалдар нарығына әсер етедi, яғни шетелден арзан несие, оны iшкi нарыққа орналастырады.

* Валюталық нарықтар қызметi мен алып-сатарлық валюталық операцтялар. Егер қандай да бiр валюта бағамы түсетiн болса, оны банкте тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

* белгiлi бiр валютаның Еуро нарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесi. Мысалға: Еуро банктер 60-70 операциялар АҚШ (доллар) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

* Халықаралық төлемдердiң жеделдетуi немесе кешiктiрiлуi де валюталар бағамына әсер етедi.

* Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенiмдiлiк дәрежесi.

* Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттiк реттеудiң шектi қатынасы оның динамикасына әсер етедi.

2.2 Валюталық қатынастарды реттеуi, валюталық саясат.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екi түрде жүзеге асырылады:

* Нарықтық реттеу;

* Мемлекеттiк тарапынан реттеу;

Валюталық нарықта қатынастарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шектiк қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құнына бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестiк жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдiк шаруашылықтың қажеттiлiгiне валюталардың халықаралық ағымның сәйкес келуiн қамтамасыз етедi. Баға механизмi және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгiлерi арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұрынысы мен олардың ұсыну мүмкiндiктерi туралы бiле алады. Сонымен бiрге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздерi болып табылады.

Бiрақта мемлекет ертеден берi валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол жанама түрде кейiннен оның әлемдiк шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып тiкелей араласа бастады. 30-жылдардағы ХХ ғ. алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегiш ретiнде алтын механизiмi қызметiн тоқтатты. Бағамдық шектi қатынастардың аяқ асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдiк экономикаға терiс әсерi ете отырып, ауыр әлеуметтiк-экономикалық зардапқа ұшыратты.

Нарықтық және мемлекеттiк валюталық реттеу бiрiн-бiрi толықтырады. Бiрiншiсi, бәсекеге негiзделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екiншiсi валюталық қатынастарды терiс салдарларды жоюға бағытталған. Екi реттегiш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиiмдiлiк және шектеуге байланысты анықталады, сондықтанда олардың арасындағы шектiк қатынас жиi ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларды қатаң мемлекеттiк реттеудiң маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық экономикалық жақсарудың барысында валюталалық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бiрақ та мемлекет бұл жағдайларда да валюталық қатынастарды қалыпқа келтiру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

Нарық экономикасын реттеу жүйесiнде валюталық саясат маңызды орын алады.

Валюталық саясат – бұл елдiң ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуiн тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдiктегi ұстап отыруға бағытталады. Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердiң  валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдiк шаруашылықтың эвалюцияларына, әлемдiк ареналардағы күштердiң орналасуына байланысты анықталады.

Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар яғни елдегi және одан тысқары жерлердегi валюталық бағалармен байланысты операциялардың жасалу тәртiбiн реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екi жақты көп жақты валюталық  проблемалар бойынша мемлекет арасында жасалатын келiсiм шарттарға сүйенедi.

Валюталық саясатты әске асырудың басты бiр құралы валюталық  реттеу болып табылады.

Тiкелей валюталық реттеу – заңды актiлер және атқарушы өкiметiнiң әрекет ету жолымен iске асса, ал жанама валюталық реттеу – нарықтық экономикалық агенттерiнiң мiнез құлқына, валюталық және несиелiк әдiстердi пайдалану арқылы әсер етедi.

Мемлекете аралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ) болып табылады.

Валюталық саясат өзiнiң мақсаттарына және формаларына байланысты екiге бөлiнедi:

1) құрылымдық валюталық саясат;

  • ағымдық валюталық саясат.

Құрылымдық валюталық саясат – дүниежүзiлiк валюталық жүйедегi құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзiмдi шаралар жиынтығы.

Ол валюталық саясат реформасында iске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етедi. Ағымдық валюталық саясат – валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарықпен алтын нарығының қызметтерiн күнделiктi оперативтi реттеуге бағытталған қысқа мерзiмдi шаралар.

Валюталық саясаттың мынандай формалары қолданады:

  1. Дисконттық валюталық саясат.
  2. Девиздiк валюталық саясат.

Сонымен қатар, девиздiк саясатының мынадай жүзеге асырылу формалары болады:

а) валюталық интервенция;

ә) валюталық резервтердi диверсификациялау;

б) валюталық шектеу;

в) валюталардың алмастыру дәрежесiн реттеу;

г) валюталық бағамын режимі;

д) девальвация;

э) ревальвация.

Дисконттық (есепке алу) саясаты-бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиентық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің  есепке алу мөлшерін өзгерту.

Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал егер орталық банк есепке алу есепке мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егер де төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін артыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.

Девиздік саясат-мемлекетік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция ХІХ ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары-ХВҚ, сондай-ақ аймақтық-Еуропалық валюталық институты құрылды (1994ж).

Валюталық резервтерді диверсификациялау-бұл халықаралық есеп айырсуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрлымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.

Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырсулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

Девальивация мен ревальвация- валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация — ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша төмендету.

Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарлату.

Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай:

Бе- Бж

Д=——— х 100,

Бе

мұндағы

Бе- ескі бағам;

Бж-жаңа бағам.

Ревальвация пайызын есептеу формуласы:

Бж — Бе

Р=——— х 100,

Бе

Мысалға: фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейін төмендетілді. Мұндағы девальвациялау пайызын есептейік:

2.8-2.4

Д=——— х 100= 14.3%.

2.8

Сол сияқты, фүнт стерлингтегі 1 доллардың бағамын анықтайық, 1 фунт ст. = 2.8 доллар.

Х= 1 доллар             1

Х=———— = 0.35

2.8

Демек, девальвациялауға дейін фунт стерлингі бағамы 1 доллар = 0.35 фунт стерлинг тұрса, ал девальвациялаудан кейін, ол 0.41 фунт стерлингті құрады. Доллардың ревальвациялану мөлшері мынадай жағдайда анықталады:

0.41-0.35

Р=————— х100 = 16.7%77

0.35

 

Валюталық саясатының келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.

Валюталық шектеу –резиденттер мен бейрезиденттердің валюта және басқа валюталық құндылықтармен жасаланатын операцияларына заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.

Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтар мен бекітіледі.

Валюталық шектеудің мақсаттары мынадай:

  • төлем балансын теңестіру;
  • валюталық бағамды қолдау;
  • ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында алюталық бағалықтардың шоғыолануы.

Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:

-Валюталық операциялардың орталық және өкілетті (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;

-Валюталық операциялар жасау үшін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;

-Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;

-Валюталардың қайтарымдылығын шектеу.

2.3. Валюталық нарық.

Валюталық нарық- бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын санына қарай валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық, аумақтық және ұлттық (жергілікті).

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында орналасқан. Оның ішінде, Хондайдағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонкконгтегі ірі валюталық нарықтар да халықаралық төлем айналымында кеңінен пайданылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумастырылад, мысалы: Сингапур – доллары, Сауд – риалы, Кувейт –динары т.б. орналасқан банктер өз клиентеріне валюталық қызметін түсіндіреді.

Валюталық нарықтағы операцияларға банктік функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарық – халықаралық есеп айырсу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың жиынтығы.

Институтционалдық жағынан қарасақ, Валюталық нарық

  • Үкіметтің, банктердің, инвестициялық компаниялардың, биржалардың, брокерлік контораларының және шетелдік банктердің жиынтығы.

Ұйымдастырылу техникалық жағынан алсақ, Валюталық нарық – банктерді халықаралық есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыру барысында өзара байланыстыратын коммуникациялық жүйелердің жиынтығын білдіреді.

Валюталық нарық белгілеріне қараймынадай түрде жүктеледі:

  • Орналасу аумағына қарай:

* халықаралық;

* ішкі;

* аумақтық.

2) Валюталық шектеуге қатысты:

* еркін нарық;

* еркін емес.

Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты – еркін емес нарық деп, ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық деп атауға болады.

  • Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:

* бір ғана режимді;

* қос режимді.

Бір ғана режимді валюталық нарық – бұл еркін валюталық бағамға негізделген, яғни валюталардың өзгермелі бағамы биржадағы саудада белгіленеді.

Қазақстан Республикасындағы теңгенің арнайы валюталық бағамы 1999 жыл 5 сәуірден бастап, өзгермелі бағам режиміне өтті. Ал оған дейін тіркелмелі бағам қолданылып келеді.

Тіркелмелі бағам – Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына айырбас бағамын анықтау да валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа араласу нәтижесінде анықталатын бағам.

Еркін өзгермелі бағам – бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.

Еркін өзгермелі бағам арқылы Қазақстанның қор биржасында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағам анықталыды. Осы биржада Рейтер (Reuter) агенттігінің кросс-бағамдары туралы теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамын анықтайды.

Кросс-бағам – бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

Кросс-бағамның (Кб) есебін мынадай формаламен беруге болады. Мысалға, теңгенің кросс- бағамын есептеу:

 

Шетел валютасының долларға қатысты бағамы

Кб (теңге)= ————————————————————-

Теңгенің долларға қатысты бағамы

Валюталық бағамның бағалануына қарай: тікелей бағам және жанама бағам болып бөлінеді. Мұндағы тікелей бағам-шетел валютасына ұлттық валютаға қатысты бағам. Мысалы, 1 АҚШ доллар = 147,50 теңге. Ал жанама бағам – бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағам. Бірақ мұндай бағам түрі біз сияқты мемлекеттерде қолданылмайды.

2.4. 2003 – 2005 жылдарға арналған ақша-неси

саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы.

 

кестеден көріп отырғандай, 2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты -2003-2004 жылдары орта жылдық инфляцияны 4-6% және 2005 жылы 3-5% шегінде ұстау.

Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (оның ішінде, РЕПО және вексельді есепке алу мөлшерлемелері бойынша) рөлін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2004-2005 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

2003 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режимді либерализациалау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни киебір капитал қозғаласымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау көзделуде. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2007 жылы аяқталады деп күтілуде.

Көрсеткіштер2002 (бағалау)200320042005
1.

 

2.

 

3.

 

 

4.

 

 

5.

 

 

6.

 

 

 

 

7.

 

 

 

8.

 

 

 

9.

Инфляция

Жылына орташа, %

Қайта қаржыландыру

Жылдың соңына

Алтын-валюта резерві

Млд АҚШ доллары

өзгерістер,%

Ақша базасы

млд теңге

өзгерістер,%

Ақша массасы

млд теңге

өзгерістер,%

Банк жүйесіндегі резиденттнрдің депозиттері

млд теңге

өзгерістер,%

Экономикаға беретін банктің несиелері

млд теңге

өзгерістер,%

Халықаралық теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа өлшіген мөлшерлемесі, %

Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа өлшенген мөлшерлемесі,%

 

 

 

 

6

 

7.5

 

3008

16

 

207

18,1

 

707

22,7

 

 

 

544

22,3

 

 

439

58,8

 

 

 

13

 

 

17,5

 

4-6

 

6-5

 

3355

11,5

 

237

14,8

 

865

22,4

 

 

 

671

23,3

 

 

571

30,1

 

 

 

11,0

 

 

16

 

4-6

 

5-5,6

 

3541

5,5

 

268

12,9

 

1008

16,6

 

 

 

788

17,4

 

 

718

25,7

 

 

 

9,0

 

 

15

 

3-5

 

4,5-6

 

3673

3,7

 

304

13,9

 

1168

15,9

 

 

 

910

15,5

 

 

866

20,8

 

 

 

7,5

 

 

13,5

 

Осы жылы Ұлттық банк Процессингтік орталық базасында «Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесін» енгізу жұмыстарын қолға алуда.

Банк секторы саласында Ұлттық банк тәуекелдері басқару жүйесін ендіру және ағымдағы қадағалау қызметін, оның ішінде жиынтық қадағалауды жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін жетілдіруде. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тек осы жүйеге мүше банктер ғана халақтың салымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тартатындығы туралы атайды.

Ұлттық банк 2004 жылы қаржы нарығын реттейтін дербес органды құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тәуекелін сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.

2003 – 2005 жылдары Ұлттық банк қаржы есебінің халықаралық стандартына өтуді көздер отыр.

Қорытынды

Маған берілген жұмыстың түйініне келіп, айтайын дегенім. Кіріспеде, жұмысының өте көлемділігін айта кеттім. Сол себептен жұмысымды екі тарауға бөлдім. Бірінші тарауды үш сұрақтан құрадым, ал сұрақтар; «ақша-несие саясатының құралдары ішіндегі» ішіндегі 1. ақша жүйесі , 2. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің құрылу және Қазақстан Республикасының Ұлттық банк ақша-несие саясаты деген сұрақтар ашылады.

Екінші тарау «Валюталық қаржыларды реттеу» сұрағында: Валюталық жүйе және оның тұрлері, валютаның саясатты реттеу және валюталық нарық деген мазмұндар ашылды, және Қазақстан Республикасының Ұлттық банк ақша-несие саясатының болжамы, оның ішінде 2003-2005ж жылдардағы арналған, ақша-несие саясаттың негізгі көрсеткіштерінің болжамы жайлы ашылды.

Пайыз мөлшерін жоғарлату елге қысқа мерзімді шетел капиталын тартуға әкеп соқтырады. Сонымен қатар, ол төлем капиталын тартуға әкеп соқтырады. Сонымен қатар, ол төлем балансы мен валюта курсының деңгейіне де әсер етеді. Қортындысында төлем балансы активтеніп және шетел валютасын ұсынушы көбейіп, демек шетел валютасының курсы төмендеп, ал ұлттық валютаның курсы жоғарлайды.

Пайыз мөлшерін төмендету әдісі, яғни несиені кеңейту саясаты-несиелік экспансия деп аталады.

Ресми пайыз мөлшерін өзгерту барлық қарыз капиталы нарығына екі жақты әсер етеді: пайыз мөлшерін жоғарлату несиелік рестрикция саясатының басталуын, ал несиелік экспансия пайыз мөлшерін төмендету саясатының басталуын көрсетеді.

Комерциялық банктердің резервтеріне, демек олардың қарыз беру мүмкіндіктеріне міндетті резерв нормасын өзгерту елеулі әсер бар.

Міндетті резерв нормасын жоғарлату деген банктік қаражаттың жұмсалмай, орталық банктің шотында жұмсауға тыйым салу жағдайында ұсталуын және оның комерциялық банктер несиеге беруге қолдана алмауын көрсетеді. Нәтижесінде банктік қарызбен айналымдағы ақша-массасы қысқарып, қарыз бойынша пайыз жоғарылайды.

Бағалы қағаздар нарығы дамыған мемлекеттерде ақша-несиелік реттеудің көп тараған әдісі-ашық нарықтағы операциялар.

Ұзақ мерзімді пайыз мөлщерін реттеуге орталық банктік ұзақ мерзімді мемлекеттік міндеттемелері мен жүргізетін дәстүрлі операциялары қолданылады. Облегацияның бағасының өсуі оның нарықтық курсының купондық табыс суммасына қатынасымен анықталып, облегацияның нақты табыстылығының төмендегенін көрсетеді. Ал ұзақ мерзімді облегацияның нақты табыстылығының азаюы нарықтағы ұзақ мерзімді пайыз мөлшерінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

Ақша-несие саясатының келесі маңызды әдісінің бірі-валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.

Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын сақтаудың баға және ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызы өте зор. Ұлттық валюта курсының төмендеуі ішкі нарықтағы алдымен шетел, содан соң орталық тауарлар бағасын көтереді, яғни ұлттық ақша өлшемінің сатып алу мүмкіндігін азайтады.

Курстың төмендеуі инфляцияны тудыратын фактарға айналады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Аќша, Несие, Банктер. Ѓ. Сейтќасымов. Алматы.: Экономика,   2001 жыл.
  2. Баканов М.И. , Шеремет А.Д. «Теория экономического анализы: учеб­ник.». — М.: Финансы и статистика, 1996г.- 288с.
  3. Балабанов И.Т. «Основы финансового менеджмента. Как управлять капиталом?». — М.: Финансы и Статистика, 1994.
  4. Гражданский кодекс РК от 27.12.94 г.
  5. Ковалев В.В. «Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инве­стиций. Анализ отчётности.» — М.: Финансы и статистика, 1996г. — 432с.
  6. Крейнина М.Н. «Финансовое состояние предприятия. Методы оценки».- М. .: ИКЦ «Дис», 1997г- 224с..
  7. Моляков Д.С. «Финансы предприятий отраслей народного хозяйства». — М.: ФиС , 1996.
  8. Макконелл К.Р., Брю С.Л. — Экономикс 2 т. М.: Республика, 1992 год
  9. Страховые фонды и финансово – кредитные отношения. М. Анкин. 1993г.
  • Эдвин Дж. Долан – Деньги, банковское дело и кредитно-денежная политика Санкт-Петербург : Республика, 1993 год
  • Экономикалыќ теория. Н.И Базылова. /Финансовая система/
  • Роль функции и основная задачи банков при развитии совместно предпринимательств. Садыков Н.Т Ташкент 1994 г.
  • Постановление правления Национального банка РК №17 от 31.07.1996г. Об утверждении положения о минимальных резервных требованиях.
  1. Положения пруденциальных нормативах №53 от 29.02.1992г.
  • Закон «О валютном регулировании » в РК от 14.04.1993г. с дальнейшими изменениями и дополнениями.
  • WWW.Nationalbank.kz
  • Макконелл К.Р., Брю С.Л. — Экономикс 2 т. М.: Республика, 1992 год