Валюталық дағдарыстар мәні, себебі, салдары». Несиелеу мониторингі

0

Тақырыбы: Валюталық дағдарыстар мәні, себебі, салдары». Несиелеу мониторингі

Аннотация

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «иелік  дағдарыстар: мәні, себебі, салдары». Несиелеу мониторингі.

Бұл жұмысты мен негізгі екі тарауға бөліп қарастырдым. Алдымен несиелеу операцияларына қысқа тоқталдым, содан барып негізгі мәселелерге  тоқталдым. Сонымен  қатар оның негізгі  элементтерімен ішкі себептеріне   тоқталуды  жөн көрдім  және қызметі, маңызын көрсеттім.

Екініші бөлімініде Қазақстандағы Ұлттық банк қаржы неисе дағдарысын талқылап оның бюджетте қолданылуын  саяси  тұрғыда  қолданылуын  көрсетуді жөн көрдім.

Курстық  жұмыс компьютерлік текстте берілген. Жұмыс көлемі ___ бет, оның ішінде слайд – 2, 2-схема, әдебиет тізімі көрсетілген. 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………5

  1. Валюта мәні және құрылымы…………………………………………………………………9
  2. Валюталық жүйе және оның даму кезеңдері…………………………………….15
  3. Халықаралық валюталық нарықтар және валюталық жүйелер…..25
  4. ХВҚ және Қазақстанның халықаралық валюталық қатынастарда алатын орны……………………………………………………………………………………………….36
  5. Әлемдік шарушылық нарығындағы валюта жүйесі……………………….41

Қорытынды…………………………………………………………………………………………48

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………52

Кіріспе        

Валюталық — бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері  «вексель жәрменкелері» мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Валюталық жүйелер материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты  халықаралық  экономикалық  қатынастарға  делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда — бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда — белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды.

Валюталық жүйенің маңызды элементі — валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам — бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

Саяси — саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-тендік; психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатыңда алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.

Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс.

Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс икемделе отырып, ішкі экономика дамуының іргетасы болуға тиіс. Осы саясатты жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты факторлармен үйлестіре отырып, қатаң ұстану арқылы мемлекет жедел даму траекториясына шыға алады.

Мұнан кейінгі бес жыл ішінде теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамын сақтау көзделеді, ол құнсызданудың ел ішіндегі және шетелдегі инфляция деңгейінің өзгеруіне барабар болуын көздейді, мұның өзі Қазақстан тауарларының сыртқы нарықтағы баға бәсекесіне қабілеттілігінің сақталуына және сол арқылы қалыптасып келе жатқан қолайлы экономикалық позицияның нығаюына және Қазақстанның болашақта табысты дамуы үшін алғышарттар жасауға ықпал етеді.

Осы валюталық режимді сақтау өндірістің және әлбетте экспорттың шикізаттық бағытының жойылмауынан туындап отыр, яғни шикізатқа әлемдік бағаның өзгеруіне қарай ел экономикасының жоғары осалдығы сақталады. Бұған қоса, елдің сыртқы сауда айналымында Ресейдің үлесі жоғары, сондықтан экономиканың дамуы Ресейдегі ахуалға тәуелді болады.

  1. Валюта мәні және құрылымы

XX ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.

Валюталық қатынастар дегеніміз — дәстүрлі ақша қызметінің дуниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жузеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді.

Валюталық қатынастар ұлттық және сыртқы деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз — мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).

Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

  • Ұлттық валюта бірлігі;
  • ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
  • Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
  • валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость,конвертируемость валюты);

— валюталық шектеулердің деңгейі;

— мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жузеге асыру тәртібі және т. б.

Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен паритеті жатады.

Валютаның курсы дегеніміз — жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының „бағасы».

„Паритет — валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.

Салықаралық валюта жуйесі дүниежузілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Бүл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.

Сыртқы валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  • ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
  • халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;

— валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;

  • валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
  • халықаралық есептеулердің нысандары;
  • халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп;
  • сыртқы экономикалық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықаралық валюта   қоры — МВФ,   Халықаралық даму банкі — МБРР және т. б.)

Сыртқы экономикалық валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.

(1-кесте).

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға — елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта — халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған торабы;
  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі — валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүние-жүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР — Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық «қоржынға» кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталық «қоржын» 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық «қоржын» бес валютадан тұрады (1.01.1991 ж. жағдай бойынша): АҚШ доллары — 40%, неміс маркасы — 21%, жапон йені — 17%, француз франкі — 11%, фунт стерлинг 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:

  • «еркін пайдаланылатын валюта», яғни халықаралық
    есеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
  • валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің валюталары;
  • валюталар айырбасына   тыйым   салынған,   елдердің конверсияланбайтын валюталары.
  1. Валюталық жүйе және оның даму кезеңдері

Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен паритеті жатады.

Валютаның курсы дегеніміз — жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасьгаың „бағасы».

Паритет— валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Бұл жуйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  • ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
  • халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің қура-
    мы мен құрылымы;
  • валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;
  • валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
  • халықаралық есептеулердің нысандары;
  • халықаралық валюта рыноктары мен дүниежузілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп;
  • халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші
    ұйымдар (Халықаралық валюта   қоры — МВФГ   Халықаралық даму банкі — МБРР және т. Б.

Халықаралық Валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.

Халықаралық Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесег керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.

Халықаралық валюталық қатынастар — бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы «вексель жәрменкелері» мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты  халықаралық  экономикалық  қатынастарға  делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда — бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заң-дық тұрғысынан қарағанда — белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда -бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы эконо-микалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы — дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,  мемлекетаралық валюталық реттеулердс және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықгалады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады (1-кесте).

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға — елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта — халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған торабы;
  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі — валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүние-жүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР — Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық «қоржынға» кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталық «қоржын» 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық «қоржын» бес валютадан тұрады (1.01.1991 ж. жағдай бойынша): АҚШ доллары — 40%, неміс маркасы — 21%, жапон йені — 17%, француз франкі — 11%, фунт стерлинг 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын.

Дүниежүзілік    валюта    жүйесінің    даму    кезендері        

Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен занды түрде рәсімделді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және т.б.). Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында I және II) Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы статусты (атақты) бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.

Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық  басымдығы  және  оның  бәсекелестері  екінші жүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз  етті.  Батыс  Еуропаның  және  Жапонияның аса — ауыр  валюта — экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі,     долларлық  гегемонна (басымдық)   олардағы   доллардың   өткір   жетіспеушілігінде  яғни «долларлық аштықта» көрініс тапты.

Бреттон — Вудс      жүйесінің   құрылымдық   принциптері төмендегідей:

  • доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусы бекітілді;
  • ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын валюталарға алтын арқылы айырбастайды, онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы бекітілді Валюталардың нарықтық  бағамы  доллар  паритетінен ± 1%-ке, Еуропа елдерінде ± 0,75% ауытқуы мүмкін
  • шетел орталық    банктерінің    долларлық    резервтері (қорлары)

алтынға американдық қазынашылық мекемесі (казначейство) арқылы

ресми бағамен айырбасталады;

  • алтынның төмендетілген  ресми   бағасы (35)   бекітілді АҚШ

доллары  құрамында  31,1   гр таза  алтыны бар 1 тройск

унциясына теңгерілді);

  • мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін
    — Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды.

ХВҚ-ның негізгі  қызметі  — осы  мемлекетаралық мүше   елдердің валюта  паритетін,   бағамдарын  және валюталарға   еркін   айырбасталуын   бақылауды   қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында   халықаралық   еңбек   бөлінісінің   тереңдеуіне әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті.

Дегенмен   бұл   жүйе   оған   мүше   елдердің   барлығына  бірдей тең құқық бере алмады.  Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ  басқа елдер есебінен әлемде өз үстемдік  пазициясын   күшейтуге   пайдаланды.   Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен стерлингтің ұлттық сипаты және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жж. валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті.

Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше-мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай роль атқармайды. Жаңа жүйе көп валюталы стандарт болып табылады.

Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:

  • алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты,
    яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ:
  • ХВҚ-ның өзгерген   Жаргысына    сәйкес    алтын    құн өлшемі ретінде   және   валюта  бағамын   есептеуге  де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық банктері мен үкімет орындары   үшін   американдык   казынашылықтың  долларлық    резервтерді    алтынға    айырбастауы    жойылғандығы  заңмен  бекітілді.  Дегенмен,  Ямайка  валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң    жүзінде    ығыстырғанға    қарамастан,    іс-жүзінде оның   ақша   ретінде   қолдану   мүмкіндіктері   таусыла қойған  жоқ.  Алтынның  нақты  бағасы  болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса сенімді резервтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердін орталық банктері және жеке тезавраторлар   шамамен   60   мың   тонна   алтын   сақтауда (әрқайсысында  34  мың  және  25   мың  тонна  алтын бар) [22; 256.].
  • алтын девизді стандарттын орнына жаңа халықаралық есепайырысу кұралы — СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен   валюта   бағамының   негізі   деп   жарияланды.   Дегенмен   СДР   эмиссияланған   (1970   ж.)   30 жыл ішінде ол құн зталонына (үлгі өлшем), не басты халықаралық төлем  және  резерв  құралына  айналған жоқ. Ол  әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен аныкталатын валюталар саны жылдан-жылға азайды. Егер олардың саны 1980 ж. 15 болса,  1998ж. ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды.  СД стандартының болашағы жоқ, оның қолдану аясы негізінен ХФҚ-ның операцияларымен шектелеуде. Доллардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми резервтік валюта статусы алынып тасталса да, іс-жүзінде долларлық  стандарт  сақталуда.   Валютаның  шартты анықтайтын СДР-дың валюталық қоржынының доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21 валюта доллар бекітілген, бірақ қазір олардың саны азаюда доллар бұрынғыдай халықаралық төлем  және құралы  ретінде  алда  келеді.  Себебі  доллардың позициясы АҚШ-тың экономикалық, ғылыми-техникалық және әскери потенциалының басымдылығынан негізделген, бірақ бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жапония) тегеуірінінің әсерінен олардың әлемдік экономикадағы  монополды  жағдайы  жойылуда.  СДР стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты. Ол    —    үш әлемдік    валюталық    орталықтың люталарына,  яғни американдық долларға,  неміс касына  (1999  жылдан   еуромен   алмастырылған), пондық иенге негізделген.

Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол — халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық-шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті — халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, онын максаты — кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүние-жүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін — әлемдік ақша белгілері.

Алғашқыда әлемдік акшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін кұйма формасындағы алтын есептелді. Алтынға монетаны   халыкаралык  есептесуде  қолдану  үшін  алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғысу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және  несие айналым құралдары қолданыла бастады.

Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:

  • әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, валюта, халықаралық валюталық өлшем);
  • валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
  • валюталық паритет    пен    валюта    бағамы үйлестіру;
  • валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
  • халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды,  ЕВҚҚ — 1979жылдан еуропалық валюта өлшемі  ЭКЮ-ді, ал 1999ж. қаңтардан еуроны енгізді);
  • халықаралық несиелік   айналым   құралдарын тәртібін үйлестіру;
  • әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
  • мемлекетаралық реттеу институтының статусы 1944 жылдан Халықаралық валюта қоры бекітілді.

Аймактык валюта жүйесі (ЕВЖ) – дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық» одағында мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты

— ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық экономикалық және валюта одағын — Еуропалық одақ  (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.

Дүниежүзілік    валюта    жүйесінің    ерекшеліктері тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың   құрылымы   принциптеріне,   әлемдік күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне  сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзілік валюта жүйері әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның  ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің  құрылуымен ұштасады

  1. Халықаралық валюталық нарықтар және валюталық жүйелер

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып  табылады.

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар занды және жеке тұлғалардан туындайды.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарықтар — сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

  • шарушылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
  • байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
  • әлемнің барлық  бөліктеріне  тәулік  ішінде  үздіксіз операцияларды жасау;
  • банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жаз-
    баша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
  • коммерциялық валюталық  мәмілелермен   салыстырғанда алыпсатарлық және  арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілікті нарықтарда, белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж. операциялар көлемі  — 1124735 мың, ОЕМ — 11165 мыңды құрайды.

Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәти-жееінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.

Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.

Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын ірі қоммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.

Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.

Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.

Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Рес-публикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.

Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркетюзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы — 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.

Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жасайтын  банктерге,  өздерінің клиенттері  мен  банк арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франкфурт -на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі — Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.

Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.

Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында — валюта-ларды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.

Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.

Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.

Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында — шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

Аударымбұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

Банктік чекшетелдік банк-корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

Банктік вексель — осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.

Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық опера-циялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Валюталық жүйенің маңызды элементі — валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам — бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

саяси — саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.

экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-тендік;

психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Монометаллизм тұсында — алтын немесе күміс — валюталық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірліктерінің олардың металдық құрамына байланысты арақаты-насын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айнала-сында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатыңда алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

1930-1933 жж. фунт стерлингтің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал АҚШ долларыныкі -15 г. Бір фунт стерлингтің монеталық паритеті былай анықталды: 1ф.ст.= 7,32000/1,50416=4,86 доллар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия мен АҚШ-тың пассивті төлем балансы тұсында) монеталық паритеттен оның аударым құны — 0,05 долл. шегергендегі сомаға теңесті. Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктесі 1ф.ст.=4,86+0,5=4,81 (долл.). Валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен кезде АҚШ-қа алтынның кетуі басталды. Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (1ф.ст.=4,86 долл. +0,5 долл.=4,91 долл.) АҚШ-тан алтынның келуі байқалды.

Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен шықты.

1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша аусытыру тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын паритеттері сандық түсінікке айналды. ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.

Бұл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің құндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы болуында.

Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ-ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық «қоржын» базасында бекітілді.

Валюта бағамдарының динамикасы ақша бірліктерінің сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттік реттеу, дүниежүзілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты.

Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар.

Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэконмикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.

Техникалық талдау — бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының «крестиктер-ноликтер» графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.

Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форсмажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі ақша бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы (мысалы, 1, 10, 100, 1000 бірлік), ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады (мысалы, 1 1180=76,212 КгТ). Жаңа баға белгіленімін көп қолдан-байды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады (мысалы, 1 СВР=1,5860 ІІЗЦ).

АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолданылады.

Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.

Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютаныы сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.

Мысалы, 1,9430/50 неміс маркасы АҚШ-тың 1 доллары үшін баға белгіленімі — банк клиенттен 1 долл. 1,9430 неміс маркасына сатып алуға және 1 долл. 1,9450 неміс маркасына сатуға мүмкіндігі бар.

Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компанияның немесе банктің статусына байланысты өзгереді.

Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар халықаралық төлем және резерв құралы  болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалынады.

Сауда-өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар котировкасы банкімен кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-бағам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді (көбінесе АҚШ долларына).

Франция банкінің клиенті үшін неміс маркасының сатып алу бағамын анықтау қажет. Бұл үшін банк сату бағамы бойынша неміс банкісінен АҚШ долларына неміс маркасын сатып алады: АҚШ-тың 1 долл.=1,6600 неміс маркасьшен, бірақ ол сатып алушының бағамы бойынша алдын ала француз франктерін АҚШ долларына сатады.

  1. ХВҚ және Қазақстанның халықаралық валюталық қатынастарда алатын орны

1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қабылданды. Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет болса, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасы да осы Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып табылады.

ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталына мүше-елдердің жарнасы екі бөліктен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлемін-дегі алтын түрінде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады.

Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланады. Екіншіден, олардың негізінде, жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп аталатын арнайы активтерді кезеңдік қайта бөлуде алатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүшеелдің керек жағдайында алатын несиесінің көлемі де үлкен болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай болған сайын, оның квотасы солғұрлым үлкен болады. Квота көлемі ел экономикасының жұмыс істеуін және әл-ауқаттылығын талдау негізінде белгіленеді. Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 ж. ХВҚ-ның 35 мүшесі 7,6 млрд. $ төлеген,

  • ж. ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және
  • ж. 174 ел — 140 млрд. $ төлеген.

ХВҚ саясатын анықтауға керекті дауыс санының көп бөлігін, көп ақша қосқан елдер алады. ХВҚ-дағы басшылық орынды АҚШ алады, оған барлық дауыстың 17%-ы келеді. Екінші орында Жапония — 7%, әрі қарай — Германия, Франция, Ұлыбритания — 5-6%.

ХВҚ-ның жоғарғы директивті органы — губернаторлар кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор (әдетте қаржы министрі немесе орталық банк төрағасы) және балама губернаторлардан тұрады. Себебі, губернаторлар сияқты олардың орынбасарлары қаржы министрлері немесе орталық банк басшылары болғандықтан, олар өздерінің үкіметтері атынан шығуға уәкілдіктері бар. Губернатор кеңесі жылына бір рет ғана жиналады. Оның қызметтеріне мыналар жатады:

  • халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу;
  • экономканы қайта құру жөнінде өте кедей елдерге кеңес беру, шаралар әзірлеу;
  • жаңа мүшелерді қабылдау, квоталарды өзгерту, ХВҚ- ға мүшеелдерді тексеру.

Қалған уақытта губернаторлар, штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан атқарушы кеңесті құрайтын өкілдері арқылы, ХВҚ-ның күнделікті іс-әрекеті бойынша өздерінің үкіметтерінің тілектерін айтады. Жиырма төрт атқарушы директор, ресми отырыстарда, аптасына үш рет кездеседі, губернаторлар, кеңесі арқылы мүшеелдердің үкіметтерімен белгіленген шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қазіргі уақыттағы жеті атқарушы директор мына елдердің өкілдері: Ұлыбритания, Германия, Қытай, Сауд Арабиясы, Қүрама Штаттар, Франция және Жапония. Қалған елдер топтасып, 19  мүшеел  ішінен  бір  атқарушы  директорды  сайлайды. Олардың үлесіне 17 директор келеді.

Атқарушы кеңестің шешімді қабылдауы мына баптарға негізделеді:

  • займ тек қана мүшеелдің экономикалық өсуіне көмектесетін өнімді мақсаттарға беріледі;
  • займ сәйкес үкіметтермен кепілдендірілуі тиіс;
  • займ беру шешімі экономикалық себептерге негізделуі тиіс.

ХВҚ-ның қызметкерлері 2 мыңға жуық адамнан тұрады және директор-басқарушымен басқарылады, ол сонымен қатар, атқарушы кеңестің басшысы болады, оны кеңес сайлайды. Дәстүр бойынша директор-басқарушы — еуропалық немесе ары кеткенде американдық емес болып келеді. 100-ге жуық елдің қызметшілерінің интернационалдық құрамы, негізінен экономистерден тұрады, сонымен қатар, онда статистер, ғылыми жұмыскерлер, мемлекеттік қаржы және салық салу бойынша сарапшылар бар. Жұмысқа қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі. Негізгі қызметкерлер ХВҚ-ның Вашингтондағы штаб-пәтерінде орналасқан, бірақ шағын бөлігі Париждегі, Женевадағы және Нью-Йорктағы Б¥¥-ның жекелеген бөлімшелерінде немесе ХВҚ-ның мүшесі болып табылатын елдерде қызмет көрсетеді.

ХВҚ-ның мүшесі болып кірген ел: өз ақшасының басқа елдер ақшаларына қатысты құнын анықтау бойынша жасайтын қадамдары туралы басқа елдерді хабардар етуге, ұлттық ақшаларды шетел ақшаларына айырбастауды шектеуден бас тартуға және осындай экономикалық саясатты бағыт етіп ұстануға міндеттенеді, себебі мұндай саясат тәртіптелген және конструктивті түрде оның ұлттық байлығымен қатар, жалпы бүкіл қоғамның өсуіне алып келеді. Мүшелер осы тәртіп нормаларымен жүруді өзіне міндетті ғып санайды. Алғашқыда ХВҚ-ды құрған кезде оның мақсаты ретінде: оған мүше-елдердің төлем баланстары мен валюталық бағамдарын жүзеге асыру, оның жағдайына бақылау жасау мәселелері қойылған болатын. Бұл ХВҚ-қа мүше-елдердің өз валютасының паритетін алтынмен немесе АҚШ долларымен қоюға және Қордың рұқсатынсыз оны 10%-дан астам мөлшерге өзгертпеуге, ал ағымдағы операциялар жүргізгенде бұл паритет мөлшері төмен немесе жоғарыға 1-1,5%-дан астамнан артық ауытқымауға келісім бергендерімен байланысты болып отыр. Қазіргі уақытта, Бреттон-Вудс ыдырағаннан соң, яғни Валюталық бағамдар енді ХВҚ-мен шектелмейді, мүше-елдердің төлем баланстарының жағдайын бақылау және олардың теңестірілуі үшін жағдай жасау, сонымен қатар, қажетті жағдайда қысқа мерзімді несиелерді беру, берілген халықаралық ұйымның іс-әрекетінің негізгі бағыттары болып табылады. ХВҚ-қа мүше-елдердің көбі өздерінің төлем баланстарын бір ретке келтірудегі қиындықтарға үнемі жолығып отыруына байланысты, ХВҚ несие беруді барынша көбейтуге, диверсификациялауға тырысады.  ХВҚ несиелері ақылы және шартты болып табылады. Төлем баланстарының қысқа мерзімді тапшылығын жою мақсатына арналған несиелердің ең кең тараған түрі резервтік несиелер (стендбай) болып саналады. ХВҚ сонымен қатар басқа да несиелер түрін: мерзімі ұзартылған, оңай қол жеткізуге болатын, құрылымдық адаптациялар мақсатына, күтпеген оқиғалардан болған зияндарды компенсациялауға байланысты ұсынады. Несиенің жалғыз «шартсыз» түрі, яғни ХВҚ-ға мүшеел автоматты түрде алатын, несиелік үлес шеңберіндегі несие (транши) болып табылады. Бірақ бұл несиенің үлесі өте аз. ХВҚ-ға мүше-елдер, сонымен қатар, СДР жүйесінің қатысушысы болып табылады және бұл валюталық бірлікте несиелер ала алады. СДР ХВҚ қатысушысының ағымдағы шотындағы жазу түрінде болғанымен, бірақ оларды кез келген ұлттық валютаға айырбастауға болады. ХВҚ қатысушыларының қаншалықты тырысқанымен СДР «әлем валютасы» бола алмады. Қарыз алудың арнайы құқықтары халықаралық валюталық резервтердің 5-6%-ын құрайды. Бүгінгі таңда 30 млрд.$ құнына тең 21,4 млрд. СДР бар. Әрбір   мүшенің   ХВҚ-дан   квота   бойынша   жазыдғаң сомадан бірнеше есе көп сомада несие алу құқығы болатын да несиелік ресурстарға деген сұраныстын өсу кезеңінде квоталар өздерінің мүшелерш қолма-қол қаражаттарға деген талаптарын қамтамасыз ете алмайды. Осындай жағдайға байланысты ХВҚ 1962 жылдан бастап, әлемдегі үкіметтер және банктермен бірге несиелік желісін ашқан (қазіргі кезде 25 млрд. $-ға жуық сомаға). Бұл қарыз алу туралы жалпы жағдайлары деп аталған несиелік желі әрбір 5 жыл сайын жаңартылып отырады. ХВҚ осы жағдайларға сәйкес алынған несиелер бойынша пайыздар төлейді және займдарды 5 жылдан кейін өтеуге міндеттенеді. Алайда мұндай займдарды жүзеге асыру бойынша ХВҚ-ның құқықтары квоталардың жалпы көлемінің 60%-дай мөлшерімен шектелген.

Халықаралық валюталық жүйені бақылау және өздерінің мүшелерін қаржылық қолдаудан басқа, ХВҚ, Вашингтондағы оқу институты — ЭДИ (экономикалық даму институты) арқы-лы да көмектеседі, мұнда техникалық және білім беру арналары арқылы ХВҚ-ның мүшеелдері нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуіне қажетті институттар құру үшін ұсыныстар мен кеңестер алады. 90-жылдардың басында  өзінің әдеттегі іс-әрекетімен қатар ХВҚ, орталықтандырылған жоспарлау экономикасынан нарыққа өту қиындықтарын кешіп отырған, Шығыс Еуропа елдеріне, бұрынғы КСРО республикаларына көмек көрсету үшін ірі компаниясын ұйымдастырды. ХВҚ, оларды тек ақшамен ғана қамтамасыз етпейді (бұл елдерге 24 млрд. долларды 7,5% жылдық пайыз мөлшерінде алуға рұқсат етілген), сонымен қатар, еркін кәсіпкерлік жүйесі онсыз қызмет істеуі мүмкін емес тарифтік режимдер, валюталар конвертациялануы, салық салу жүйесі, орталық банктер сияқты экономикалық және басқа да қаржылық құрылымдарды қүру кезінде эксперттік баға береді. ХВҚ-ның елдерге беретін көмегі негізгі үш формада жүргізіледі:

  1. Экономикалық саясаттың әр түрлі аспектілері бойынша ХВҚ қызметкерлері кеңестерді жиі береді және ұсыныстар жасайды, кейіннен ХВҚ-ның атқарушы кеңесінің отырыстарында бұл елдердің дамуының қорытындыларын талқылайды.
  2. ХВҚ төлем балансының мәселелерін ретке келтіруге бағытталған көмек көрсетеді. Мұндай көмек ақшалай резервтердің көбеюіне алып келетін және бұл мемлекеттерге өздеріне қажетті импортты төлеуге мүмкіндік беретін өте ұқыпты дайындалған  экономикалық  бағдарламалар  шеңберінде ұсынылады. Сонымен қатар, реформалардың үкіметтік бағдарламасын ХВҚ-ның қолдауы, басқа да ресми инстанциялармен немесе коммерциялық мекемелермен қосымша қар-жылық көмек беруінде катализатор рөлін атқарады.
  3. ХВҚ бұл елдерге техникалық көмек береді және кадрларды қытады. ХВҚ-ның сарапшыларының ұсынған, ұлттық экономиканы басқарудың негізі.

 

  1. Әлемдік шарушылық нарығындағы валюта жүйесі

Қазіргі уақытта әлемдік экономикалық қатынастардың аса маңызды бағыттарының бірі несие капиталдарының әлемдік рыногы болып табылады. 50— 60-жылдары салыстырмалы артық капиталды шетке шығару негізінде құрылған ұлтаралық қарыз рыногы қазіргі кезде әлемдік несие капиталдары рыногының негізгі буыны болып табылатын еуровалюталық рынокты қалыптастырды.

Еуровалюталық рынок валютаны шетелдерде жүргізілетін операцияларға қатыстыруға негізделген қысқа және орта мерзімді несиелердің халықаралық рыногы. «Еуро» сөзі тек Батыс Еуропа шеңберіндегі рынок дегенді ғана білдірмейді, ол шетел банктерінің есебіндегі валюталардың (доллар, марка, иена) қарызға беру үшін қолданылатынын да көрсетеді. Қарыз беру қызметінің негізгі еуропалық депозиттер, яғни алдын ала банкке төленген эквивалентті ақша сомасына сәйкес немесе басқа валюталармен несие есебінде белгілі бір соманы банктен алуға құқық беретін салымдар. Еуро шотта қарыз операциялары қарыз беруші және қарыз алушы елдер үшін шетелдік валюталар есебімен (АҚШ доллары, Швейцар франкі, ФРГ маркасы, ағылшын фунтстерлингі) жүргізіле береді. Еуропалық операциялар ұлттық валюта есептерінен оқшауланған, сондықтан заңдық тұрғыдан олар экстерриториалды, яғни қарыз беруші ұйымдар бақылай алатын ерекше банктік есептерде жүргізіледі. Еуровалюта рыногы өзінің орналасқан жері және қатысушылардың құрамы бойынша ұлттық сипаттан тыс, тәуелсіз қызмет атқарады. 80-жылдардың ортасына қарай халықаралық қарыз беру көлемінің активті операциясы 72,8%, ал пассивті операциясы 78,4% болды. Олардың жалпы көлемі 1987 жыл аяғына қарай 6,38 трлн. долларға жетті. Еуровалюталық рыноктың қызметі, оның қалыптасқан кезінен бастап Батыс Еуропаның ірі қаржылық орталықтары — Лондон, Париж, Цюрих және  т.  б.  қалаларында  шоғырланды.  Ірі қарыз  берушілердің қатарыңда дамыған елдер — АҚШ, Жапония, Канада, Швеция болды. 70—80-жылдары несие капиталдарының рыногында айтарлықтай өзгерістер болды. Сингапурде, Гонконгте, Кувейтте, Кюросаода, Багам аралдарында және т. б. елдерде жаңа ірі халықаралық қаржы орталықтары (рыноктары) құрылды. Несие-қаржы операцияларының көлемі бойынша бұл орталықтар Еуропада ертерек қалыптасқан орталықтардың деңгейіне жетіп отыр. 80-жылдардың соңына қарай жаңа орталықтарда өнеркәсібі дамыған елдердің халықаралық валюта-қарыз операцияларының деңгейі жүзеге асырылды. Өзінің жаратылысы және қызмет ету сипаты бойынша бұл рыноктар еуропалық рынокқа ұқсас және олар қазірдің өзінде Батыс Еуропа валюталық рыноктарының ықпалынан шығып, дербес дүниежүзілік рынокқа айналып отыр. Несие капиталдарының жаңа рыноктарын біртұтас әлемдік рыноктың филиалы немесе секторы ретінде қарастыруға болады. Еуро рыноктың мұңдай функционалды-жағрафиялық тармақталуы (диферсификациясы) оны дүниежүзілік сыртқы экономикалық байланыстардың қажеттілігіне, дамушы мемлекеттердің халықаралық қарызға сұранысына жедел бейімделуіне мүмкіндік береді. Халықаралық қарыз жүйесінің өте күрделі мәселесі, дамушы елдердің сыртқы қарыздары көлемінің өсуі 1965—1987 жылдары 88 елдің сыртқы қарызы 34 млрд. доллардан 1 трлн. долларға жетті, ал жыл сайынғы төлемдері мен борышты өтеуі 40 есе көбейді. Дамушы елдер арасындағы ең ірі қарыз алушылар қатарында Мексика, Аргентина, Индия, Тайланд және Индонезия елдері тұр.

Еуропалық банктер банк топтары арасындағы келісім негізінде капиталдарды шоғырландыруға ұмтылады. Қазіргі кездегі халықаралық консорциумдар ұлттық ақша рыногын еуропалық рынокпен біріктіруде. Әдеттегі консорциумдық келісімдер «квази қосылу» жолымен жасалады, сөйтіп ірі банктер жекелеген қатысушылардың ғана қызметімен олардың рыноктағы іс-әрекеттерін үйлестіру мен бақылауды өз қолына алады.

Халықаралық қарыз қатынастарының тез өсуіне «гибридті қарыз беру» сияқты жаңалықтар да әсер етеді. «Гибридті қарыз беру» қысқа мерзімді міндеттемелердің тербелмелі өсімдік ставкасы мен қарыз инструменттерін банктің кепілдемелері арқылы пайдаланумен сипатталады. НИФ-тер корпорациялардың немесе үкіметтің 1 айдан 6 ай мерзімге дейінгі борышкерлік куәліктерін шығару арқылы қызмет көрсетеді, бұл мерзімді бастапқы келісім негізінде жалғастыруға болады. РАФ — құнды қағаздарға жазылуды қайта бастау арқылы қысқа мерзімді құнды қағаздарды сатуды көздейтін орта мерзімді несиелер бойынша қызмет көрсетеді. МОФ — банк синдикаторының қарыз алушылардың бірінші талабы бойынша және оған қолайлы формада несие беру міндетін үйлестіруші қызметін атқарады. Несиелік арналарға ұсақ және орта фирмалар, ерекше көңіл бөледі, себебі олар қарыз берушілер мен қарыз алушылардың өзара қатынасының тұрақтылығын арттырады. Еуропалық рыноктар халықаралық өнеркәсіптік және банк капиталдарының бірігіп кетуіне еуробанктердің халықаралық монополияларға есептік және эксперттік қызмет көрсетуі арқылы жағдай жасайды. Бұл бірігу процесінде «жаңа елдерді ашу» деп аталатын қызмет үлкен рөл атқарады. Банктер өз клиенттеріне олардың капиталын национализациялау қаупі туған кезде немесе пайданы алып кетуге шек қойылған жағдайларда үкіметтік кепілдік алуға көмектеседі.

Халықаралық несие жекелеген елдердің үкіметтері мен орталық банктері, мемлекеттік корпорациялар және финанс институттары кеңінен пайдаланатын тетік. Халықаралық несиенің қызмет ету механизмі тәуелсіз ұлттық саясат жүргізуге жиі кедергі жасайды. Өйткені, несие капиталдарының рыногы халықаралық монополиялар мен жекелеген елдердің ұлттық ұйымдары арасындағы қайшылықтарды тереңдетеді әлемдік шаруашылықтағы халықаралық валюта құрайды. Халықаралық валюта жүйесінің негізі ұлттық валюталар болып табылады. Бұл жүйеге сондай-ақ ұлттық және ұжымдық резервтегі валюталық бірліктерді, халықаралық өтімді активтерді валюталық паритеттер мен курстарды, валюталардың өзара айналымы шарттарын, , халықаралық есеп айырысу және валюталық шектеулерді, валюталық рыноктар мен әлемдік алтын рыногын және т. б. жатқызуға болады.

Тарихи тұрғыдан әлемдік валюта жүйесі XIX ғасырдың аяғында қалыптасты. Дамыған елдердің көпшілігінде халықаралық есеп айырысу және төлем үшін қолданылатын тұрақты алтын-валюталық стандарттар орнықты. әлемдік есеп айырысуда міндетті түрде пайдаланатын алтынның белгілі салмақ бірлігі мен тазалығы көрсетілген алтын стандартты (үлгі, қалып) енгізіп, монеталарды еркін құю және оларды басқа валюталарға айырбастау, толыққанды емес ақшалардың паритетін алтынмен қамтамасыз ету т. б. шаралар алдын ала қарастырылды.

Дүниежүзілік соғыстың басталуымен бұл жүйе өзінің өмір сүруін тоқтатты да, тек қана 1922 жылы Генуя конференциясынан кейін қайтадан қызмет ете бастады. Бұл конференцияда алтын — девиз ставдарты туралы келісімге қол жетті. Бұл жүйеде әлемдік есеп айырысуды реттеудің негізгі құралы болып алтынның орынбасарлары (девиз), жеке елдердің немесе ұжымдық валюта-лардың қызметін атқаруы мүмкін.

30-жылдары барлық дамыған елдер алтынның алтын-девиз стандартынан бас тарта бастады. 1944 жылы Бретонн-Вудд (АҚШ) конференциясында дамыған елдер алтын-долларлы жүйеге өту және валюталардың өзара айналымы (айырбасталуы) туралы келісімге қол қойды, доллардың әлемдік қызметінің мәні артты. Бұл келісім 70-жылдардың ортасына дейін қызмет етті.

Бұл кезеңде әлемдік валюта дағдарысы нәтижесіңде валюталар мен алтынның өзара байланысы үзіліп, валюталардың «өзгермелі» курсы кең тарады. 1970 жылы халықаралық ақша эталоны (бірлігі) болып халықаралық ақша бірлігі (СДР) бекіді, бірақ та ол өз қызметін атқара алмады. Басқа ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын валютаны еркін ауысатын (конвертируемый) деп, ал мұндай айырбасқа қабілетсіздері еркін ауыспайтын (неконвертируемый) деп атала бастады. 1970 жылдан бастап халықаралық есептеуде девиздік жүйе қолданылды: бірте-бірте валюта, оның ішіңде доллар да, алтынға айырбасталмайтын болды. Әлемдік ақшаның заңды қызметін девиздер (орынбасарлары), яғни ұлттық немесе ұжымдық валюталар орындайды. Ұлттық валюталардың алтынға тікелей айырбасталуы жойылғандықтан (баға масштабы арқылы) алтынның ресми тұрақты бағасы белгіленбейтін жағдай туды. Мұның өзі алтынды ішкі және әлемдік рынокта жалпыға бірдей төлем құралы қызметінен айырып, оның беймонеталанғандығын көрсетті. Алтын халықаралық рынокта жай тауар ретінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты қағаз ақшаға сатыла бастады. Дегенмен, мемлекеттер мен ірі банктер үшін алтын ерекше тауар. Алтын оларды өз қарыздарын өтеу үшін өте қолайлы жағдай жасайтын байлық. Алтынды қымбат валютаға сатып, төлем баланстарының айырмасын жабуға мүмкіндік туды, яғни валюта курсынан үстеме пайда түсіруге болады. Сыртқы экономикалық байланыстарда ұжымдық валюталар ақшаның мәнін көрсететін жаңа формаларға ие болып, кеңінен тарады. Бұған халықаралық валюта қоры (МФВ) 1970 жылы енгізген СДР (специальные права займствования — қарыз алудың арнайы құқығы)— шартты ақша бірлігі жатады. Оның материалдық формасы жоқ, арнаулы есеп айырысу құралы ретінде валюталар «қоржынынан» тұрады. Олардың «қоржындағы» үлесі мынадай: доллар — 42% Батыс Еуропа валюталары —»45% (ф. ст. франк, марка), иена—13%. Ұжымдық валютаға 1979 жылы ЕЭҚ-ке (ЕЭС) мүше елдер қабылдаған ЭКЮ (еуропалық валюта бірлігі) деп жатады. Оның бағасы он Еуропалық елдің валютасы негізінде қамтамасыз етілген есептегі 2800 т. алтын және доллар сомасымен жүзеге асырылады. ЭКЮ есептік валютадан бірте-бірте нақты ақшаға халықаралық төлем құралына айнала бастады. Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде де бірнеше ұжымдық валюталар бар, олардың бірқатары әлсіз болса да халықаралық есептік ақша бірлігі болып саналады.

Ұжымдық валюталық бірліктер дүниежүзілік валюта жүйесінің дағдарысы нәтижесінде кеңінен тарай бастады, бұлар алтынды алмастырған әр түрлі сурогаттар (жалған, балама) сипатында болды. Бұл валюталық бірліктер ең алдымен ұлттық валюта курстарын салыстыру үшін есептік ақша ретінде енгізілді. Оның ұлттық валютадан айырмашылығы — ұжымдық валюталар банкнот, монета түрінде шығарылмайды, тек ақша есебінде жазылады (денежная книга). Олардың курсын қатысушы елдер белгілейді. 70-жылдардың соңында осы аталған ұжымдық валюталардың халықаралық есеп айырысуға қызмет көрсететін дүние-жүзілік ақшаға айналу тенденциясы байқалды. Мысалы, трансұлттық банктер халықаралық жеке меншік қарыз капиталдары рынаогына қатысуға толық құқықты еуровалюта ретінде ЭКЮ-ді мойындады. Шаруашылық өмірдің халықаралық сипатының күшеюі нәтижесінде ұжымдық ақша-валюталар жүйесі барлық елдер үшін бірыңғай ұлттық төлем құралына айналып, бүкіл дүниежүзілік ақшаны қалыптастыруы әбден мүмкін.

1979 жылы Еуропалық экономикалық одақ елдерінде Еуропалық валюта жүйесі құрылып, мұнда валюталар курстарының ауытқуы қатаң шектелді. Валюта курстарының ауытқуы негізінен екі факторға: валютаның ішкі рыноктағы нақты сатып алу қабілетіне, сондай-ақ елдің сауда бағасы жағдайына байланысты. Әр түрлі елдердің ақша рыногындағы өсімдік ставкалардың өзгеруі сол елдер арасындағы капиталдардың қозғалысына және әлемдік рыноктағы ұлттық валютаға сұраныс пен ұсынысқа тәуелді. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі «құбылмалы» валюта курсына өту экономикалық қатынастарға қайшылықты сипатта әсер етеді. Біріншіден, валюта курсының төмендеуі әлемдік рынокта сол ел өнімінің салыстырмалы бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді, экспортты ұлғайтып, импортты шектеуге мүмкіндік жасайды, ал мүның өзі елдің төлем және сауда балансының жақсаруына жол ашады. Екінші жағынан, курстың төмендеуі экспорттық және импорттық бағалар арасындағы қатынасты нашарлатады, ал мұның өзі сол елдің сыртқы экономикалық байланыстарының тиімділігіне теріс әсер етеді. Сыртқы экономикалық байланыстарды сипаттауда төлем және сауда балансы деген ұғымдар қолданылады. Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т. б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлігінде де көрсетіледі. Төлем балансының маңызды құрамдас бөлігі сауда балансы. Онда елдің экспорт, импорт және реэкспорт бойынша кірістері мен шығындары анықталады. Ол тауарлардың, қызмет көрсетудің, саудадан тыс төлемдердің қозғалысын көрсетеді. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел әлемдік рынокта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасының курсымен салыстырғанда төмендеуіне әкеп соғады. Соңғы жылдары валюталық қатынастардың тұрақсыздығының салдарынан оларды мемлекетаралық реттеудің маңызы артып отыр. Қазіргі кезде жетекші 7 (жеті) өнеркәсібі дамыған елдердің қаржы министрліктері мен үкімет басшыларының кеңесінің әлемдік шаруашылық байланыстарын реттеудегі рөлі күшейді. Әр түрлі елдердің экономикалық саясатын салыстыруды қамтамасыз етегін бірқатар көрсеткіштер қалыптасты. Оған ішкі өнімнің өсуі, ішкі сұраныс деңгейі, жүмыссыздық, инфляция деңгейі, сауда және төлем балансының жағдайы, ақша массасы және өсім ставкасының өсу қарқыны, валюта курстары мен тауарлар бағасының құбылмалы деңгейлері, мемлекеттік бюджеттің жағдайы сияқты көрсеткіштер жүйесі кіреді. Халықаралық валюта-несие жүйесінің негізін халықаралық валюта қоры және халықаралық қайта қүру және даму банкісі құрайды, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 1947 жылдан бастап қызмет істейді. Оның негізгі міндеті халықаралық сауданың дамуына, валюталық одақтардың валюта курстарын өзара реттеуге, ХВҚ-ға мүше елдерге (150-ден аса ел) несие беруге валюталық паритеттердің өзара тұрақтылығын қолдауға жағдай жасау болып табылады. Халықаралық қайта құру және даму банкісі (ХҚДБ) 1945 жылы құрылған. Бұл банк, мүше елдердің экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында ұзақ мерзімдік заемдар беретін үкімет аралық қаржылық ұйым. 1993 жылы бұл ұйымға Қазақстан да қабылданды.

 

Қорытынды

Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субъектілсрдің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақасаттарына пайдаланылады («Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары» бөлімін қараңыз). Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:

  • дүниежүзілік рыноктерде жұмыс істейтін компаниотардың,
    фирмалардың экспорттық әлуетін үлғайту;
  • импортгы алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе
    мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды
    жүзеге асыру үшіи валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық,
    саймандар, материалдар, технологпялар, лицензиялар, ноу-хау са-
    тып алынады, негізгі құралдардың лизнг жөніндегіі операциялар
    жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.
  • валюталық кредитерді және оларды пайдаланынғаны үшін
    пайыздар өтеу;
  • мамандандырылган сыртқы экономикалық , ұйымдарға сыртқы рыноктерде операциялар жасауға жәдемдесу жөніндегі қыз-
    меттері үшін комиссиялық сыйақылар төлеу;
  • капиталға қатысу рстінде шетелдік комманиялардың, фир-
    малардың қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын
    сатып алуға жұмсау;

Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өңдіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік зертгеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы. Айталық, 90-жылдардың басында АҚШ-тан тыс елдердегі доллардың көлемі 300 млрд. доллардан асып түсті. АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы шектен шығып кетті.

Бреттон-Вудс жүйесінің долларды алтынға айырбастау жөніндегі талаптары АҚШ экономикасына көптеген ауыртпалықтар әкелді.

70-жылдардың басында Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.АҚШ алтынды ресми бағасы бойынша долларға айырбастаудан бас тартты. Дүниежүзілік рынокта алтынның бағасы күрт жоғарылап кетті.

Айталық, 90-жылдардың басында АҚШ-тан тыс елдердегі доллардың көлемі 300 млрд. доллардан асып түсті. АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы шектен шығып кетті.

Бұл ретте жеңілдіктер берудің барлық ықтимал қиянаттарына сенімді тосқауыл қоя отырып, мейлінше ұқыпты түрде ойластырған жөн.

  1. Жер мен жылжымайтын мүлікке берілетін құқық түріндегі гранттар, қызметкерлерді оқытуға арналған демеу қаржы, әр түрлі алымдарды азайту түріндегі субсидиялар сияқты нысанды да пайдалану қажет. Бірақ тағы да
    басым болып табылатын салаларда ғана.
  2. Үкіметтің капиталды сыртқа шығаруға, әр түрлі қызметтер мен жергілікті шикізатты артықшылықты пайдалануға арналған кепілдіктерін күшейту қажет.
  3. Үйлестірілген және оралымды жұмыс жүргізу үшін тікелей шетелдік инвестициялармен айналысатын арнайы мемлекеттік орган құру қажет.

Шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасымен қазірдің өзінде мамандар жұмыс істеп жатыр. Өз уақытында ол жария етіледі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.»Ұлттық банктің статистикалық бюллетені»-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.

2.Коммерциялық банк құрылымы.- «АльПари» 2002ж, 6.

3.»Коммерциялық банктер операциялары», Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.

4.»Банки Казахстана», 2005-ж., N6.

5.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992.

6.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. — М., 1996.

7.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.

8.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред.
Платонова В., Хиггниса М. — М.: Консалтбанкир, 1998.

9.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1999

10.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6.

11.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.

12.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.

13..«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.

14.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.

15.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.

16.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N