Валюта түсінігі, Еуропалық валюталық жүйе

0

Мазмұны:

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………3-4 

Негізгі бөлім. 

1.Валюта түсінігі, Еуропалық валюталық жүйе, негізгі кезеңдері мен

оның дамуы……………………………………………………….. ………………………………….5-9

2.Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) даму кезеңдері……………………….10-15

3.Қазақстан Республикасының Еуропамен дербес валюта

қатнастарын құруының маңыздылығы……………………………………………..16-21

  1. Әлемдік валюталық нарықтар түсінігі……………………………………………..22-27

Қорытынды………………………………………………………………………………………….28-29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………30

Кіріспе

Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол — халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті — халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты — кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүние-жүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін  әлемдік ақша белгілері.

Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны   халықаралық   есептесуде   қолдану   үшін   алдымен  құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Валюта қатынастары — әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар   ұлттық   шаруашылықтардың   нәтижесінің   (тауарының, қызметінің)   өзара   айырбасталуына   қызмет   етеді.    Валюта қатынастарының   кейбір   элементтері   көне   дәуірде   (ежелгі Египетте,   Римде)   вексель   және   айырбастау   істері   ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе   жағымсыз)   етеді.   Валюта   қатынастары   құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі.

Сыртқы   экономикалық   байланыстардың   дамуына   қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі — эномикалық көзқарас тұрғысынан —  шаруашылық  байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық  тұрғысынан   —   ол   белгілі   бір   қоғамдық-экономикалык формация  шегінде  мемлекеттік-құқықтық түрде  ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта — елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады.

Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы
(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол — халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті — халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты — кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасады қарастырады.

1.Валюта түсінігі, Еуропалық валюталық жүйе, негізгі кезеңдері мен оның дамуы

Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз — құн) — елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.

Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік    еңбек    бөлінісін    интенсивтендіру    (күшейту)    харықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс сүштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасылымы жағдайларын жетілдіру — міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатуының ұлғаюына байланысты болды.

Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен  капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды,  ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олар-дың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені  аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы — ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол  жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі   осы   елдердің   экономикалық   жағдайын   анықтайтын барлық   факторлардың   —   өндіріс   пен   әлемдік   айырбастың, жалақы мен бағаның өсу карқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің      шаруашылық      қарым-қатынастарына      тауарлар қызмет,    капитал    және    несие    легі    жылдан-жылға    ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс  процесінде қалыптасқан   тауар   айналымы   тұрақты   түрде   әлемдік   нарыққа ұласады   және   де   әрбір   егемен   мемлекеттің   заңды   төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар   айналымында,  әдетте,   шетел   валютасы   қолданылады. Бұл    әлемдік   шаруашылықта   жалпы    бүкіл    мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.

Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу жэне несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.

Валюта қатынастары — әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар   ұлттық   шаруашылықтардың   нәтижесінің   (тауарының, қызметінің)   өзара   айырбасталуына   қызмет   етеді.    Валюта қатынастарының   кейбір   элементтері   көне   дәуірде   (ежелгі Египетте,   Римде)   вексель   және   айырбастау   істері   ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе   жағымсыз)   етеді.   Валюта   қатынастары   құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі.

Сыртқы   экономикалық   байланыстардың   дамуына   қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі эномикалық көзқарас тұрғысынан —  шаруашылық  байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық  тұрғысынан   —   ол   белгілі   бір   қоғамдық-экономикалык формация  шегінде  мемлекеттік-құқықтық түрде  ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта — елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:

-ұлттық валюта;

-ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:

а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг;

ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;

б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;

валюталық   паритеттің бірдейлік   ережесі   —   валюталардың   алтын   құрамына   байланысты   өзара   қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын   паритеті   алынып   тасталды   (Батыста   70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР — арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан   құралады,   қазір   ондағы   американдық   доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы — 21, жа-пон иені — 18, француздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта — еуромен біртіндеп алмастырылмақшы;

-валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі). Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он екі валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді [22; 254.]. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;

-валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы
(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;

-халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;

-валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;

-валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі).

Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі.

Еуропалық валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол — халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті — халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты — кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүние-жүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін  әлемдік ақша белгілері.

Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны   халықаралық   есептесуде   қолдану   үшін   алдымен  құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.

Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік  валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:

-әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта,  халықаралық валюталық өлшем);

-валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;

-валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;

-валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;

-халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ — 1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны енгізді);

-халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін

үйлестіру;

-әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;

-мемлекетаралық реттеу институтының статусы — 1944 жылдан

Халықаралық валюта қоры бекітілді.

Аймақтың валюта жүйесі (ЕВЖ) — дүниежүзілік валю-
та   жүйесінің   шеңберінде   батыс   Еуропаның   өнеркәсібі   да-
мыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол  1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық» одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағынын дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды.

Оның мақсаты — ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын — Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінін элементтеріне дәл келеді.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты  өзгереді.  Бұл  принциптер сәйкес келмесе дүниежүзшік валюта жүйесі әлем-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.

 

 

2.Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) даму кезеңдері.

Бастапқы валюталық  жүйе алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және т.б.). Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында (I және II) Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы статусты (атақты) бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.

Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын Девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің  54,6%-ін,  тауар  экспортының  33%-ін,  ресми  алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігің қамтамасыз етті. Батыс Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни «долларлық аштықта» көрініс тапты.

Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:

  • доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ре-тіндегі статусы бекітілді;

 

  • ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын арқылы айырбастайды, онда валю-таның алтын паритеті және валюта бағамы бекітілді. Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен ± 1%-ке, Еуропа елдерінде ± 0,75% ауытқуы мүмкін;
  • шетел орталық банктерінің долларлық резервтері (қорлары) алтынға американдық қазынашылық мекемесі (казначейство) арқылы ресми бағамен айырбасталады;
  • алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары құрамында 31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді);
  • мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган — Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды.

ХВҚ-ның негізгі қызметі — осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті.

Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жж. валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті.

Төртінші (казіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай роль атқармайды. Жаңа жүйе көпвалюталы стандарт болып табылады.

Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:

  • алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық банктері мен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резервтерді алтынға айырбастауы жойыл-ғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде ығыстырғанға қарамастан, іс-жүзінде оның ақша ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ. Алтынның нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса сенімді резервтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің орталық банктері және жеке тезав-раторлар шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда (әрқайсысында 34 мың және 25 мың тонна алтын бар) .
  • алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есепайырысу құралы — СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған (1970 ж.) 30 жыл ішінде ол құн эталонына (үлгі өлшем), не басты халықаралық төлем   және   резерв   құралына   айналған жоқ. Ол әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайды. Егер олардың саны 1980 ж. 15 болса, 1998 ж. ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды. СДр стандартының болашағы жоқ, оның қолдану аясы негізінен ХФҚ-ның операцияларымен шектелеуде. Дол- лардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми резервтік валюта статусы алынып тасталса да, іс-жүзінде долларлық стандарт сақталуда. Валютаның шартты құнының анықтайтын СДР-дың валюталық қоржынының 39%-і доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21 валюта долларға бекітілген, бірақ қазір олардың саны азаюда. Әйтседе доллар бұрынғыдай халықаралық төлем және резерв құралы ретінде алда келеді. Себебі доллардың озат позициясы АҚШ-тың экономикалық, ғылыми-техникалық және әскери потенциалының басымдылығына негізделген, бірақ бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жапония) тегеуірінінің әсерінен олардың әлемдік экономикадағы монополды жағдайы жойылуда. СДР стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты. Ол — үш әлемдік валюталық орталықтың ва-люталарына, яғни американдық долларға, неміс маркасына (1999 жылдан еуромен алмастырылған), жапондық иенге негізделген.
  • ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды. Сөйтіп өзгермелі валюта бағамының ережесі бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың наурызынан бастап ауысты. Бұрынғы бекітілген валюта бағамына қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен валюта курстарының арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сенімді ақтамады. Керісінше, орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы формасындағы жүргізетін валюталық интер-венциясына (оның ішінде ұжымдық) шығындары көбейді.

Бреттон-Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті мемлекетаралық  валюталық реттеуді  күшейту,  мүше елдердің  өзара  тығыз   қарым-қатынастығын   қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әр түрлі валюталық шектеулерді жою. Қорыта    айтқанда,    Ямайка    валюта    жүйесі    бұрынғы 4   жүйемен    салыстырғанда    өзінің    икемділігімен    төлем    баланстары  мен  валюта  бағамдарының  тұрақсыздығына  және әлемдегі   күштердің  жаңадан   орналасуына  тез  лайықтанды. Сонымен қатар ол біраз қиындықтарды: мысалы, СДР стан-

дартының  тиімсіздігіне   байланысты;   алтынды   занды   түрде   демонетизациялаумен оның іс-жүзінде әлемдік төтенше ақша  статусын  сақтауы   арасындағы   қарама-қайшылық;   өзгермелі   валюталық бағам ережесінің жетіспестігі  және  с.с.   мәселелерді туғызды.  Қазіргі  кезде  осы  мәселелерді  шешу үшін, әлемдік    үш    орталықтың    валюта-экономикалық    саясатын үйлестіруді күшейту үшін және әлемдік валюта механизмін тұрақтандыру   үшін   Ямайка   валюта   жүйесін   жетілдіретін   жолдар іздестірілуде.

1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақгық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай  болғанмен оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.

ЕВЖ-нің құрылымдық ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:

  • СДР-дың орнына еуропалық валюта өлшемі — ЭКЮ стандарты енгізілді. ЭКЮ-дің валюталық қоржыны батыс еуропалық 12 валюталардан құрылады. Онда неміс маркасы (30%-тен астамы) үстем болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДР-ды қолдану аясына қарағанда әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік сектор емес, сонымен қатар жеке секторлар, оның ішінде банктердің депозиттік ссудалық операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке фирмалары қолданады. ЭКЮ бірітіндеп әлемдік валюта нышандарын ала бас-тағанымен, әзірше әлемдік деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан ұжымдық еуропалық валюта — еуро ауыс-тырды.

Ямайка жүйесінде алтынды ресми демонетизациялауға қарама-қарсы     ЕВЖ-де     осы     валюталық     металмен жүргізілетін   операциялар   жаңғыртылды.   Алтын   мен доллар ЕВЖ-ге мүше елдердің ресми алтын долларлық  резервтерінің    20%-ін    біріктіру    жолымен    ЭКЮ-ді эмиссиялау механизміне енгізілді. Осы елдердің орталық банктері Еуропа валюта институтының қарауына 2,3 мың т. алтын аударды. Институт алтынның орнына ЭКЮ-ді шығарып, аталған орталық банктердің шотына   ауыстырды.   Мемлекеттердің   алтынмен   төлеген жарнасы   қайта  жаңартылатын  үш   айлық  «своп»  келісімімен рәсімделеді, ол қолма-қол алтынды ЭКЮ-ге сатып,   үш   айдан   кейін   оны   кері   сатып   алу   үшін қарсы келісім жүргізумен үйлестіріледі.

  • ЕВЖ-ге мүше елдердің    валюта    бағамының    «бірге өзгеру» ережесі олардың өзара ауытқу шегін бекітеді (Ол қазір орталық бағамнан ± 15%-і, ал 1993 жылдың тамызына дейін ± 2,25% болған). Валютаның бұндай үжымдық өзгеру тәртібі «еуропалық валюта жыланы» деп аталады, себебі бүл ауытқудың графикалық өрнегі жыланның   жорғалауына   тым   үқсас.    Егер   валюталардың бағамы рұқсат етілген шектен асып кетсе, онда орталық банк неміс маркасымен валюталық интервенция жүргізуі тиіс, яғни ұлттық валютаның бағамын

түсірмеу мақсатында марканы  сол  валютаға сату керек. ЕО валюта бағамының үжымдық өзгеруі олардың тұрақтылығын   қамтамасыз   етті,   әйтсе   де   әлсін-әлі ресми девальвация (бағамды төмендету) және ревальвация (бағамды  жоғарылату)  жүргізіліп түрды  (1979- 1993   жж.   аралығында   16  рет).  Тұрақсыз  валюталардың   (Ирландия,   Италия,   Бельгия,   Дания   және т.б.) бағамы әдетте төмендетілсе, ал «тұрақты» валюталардың (ГФР, Нидерланды және т.б.) бағамы
жоғарылатылады. Бұл ЕВЖ қатысушылардың қайшылықтарын өршіте түседі.

  • ЕВЖ-ге мүше-елдер ХВҚ-ға қарсы өзінің мемлеке-таралық валюталық реттеу органы — Еуропа валюта-лық ынтымақтастық қорын (ЕВЫҚ) қүрды. Ол кор 1994 ж. Еуропа одағын (ЕО) қүру туралы Маастрихт келісіміне сәйкес Еуропа валюталық институты болып аталып, ал 1998 жылдың шілдесінен Еуропа орталық банкі болып қайта құрылды. Екі валюта    жүйесін    салыстырғанда    ЕВЖ-ге    валюта  бағамы сиректеу ауытқиды.  Ол жетістікке келесі  факторлар себепші  болды:

-экономикалық және  валюталық интеграцияның  үдемелі   дамуы;   ұлттық  органдардың  дербес   құқының бір бөлігін басқаға беру;

-нақты бағдарламаға бейімделу;

-валюта    қатынастарының    бағытын    және    әдісін    таңдаудағы икемділік;

-қаулы  қабылдау   және   оны   орындау   механизмін дайындау.

Дегенмен      ЕВЖ-ге      мүше елдердің      өзара      қарама-қайшылығынан   біраз   қиыншылықтарды   басынан   кешіруде. Олар    сол    елдердегі    экономиканың,    инфляцияның,    жұмыссыздықтың, төлем балансы жағдайының, алтынвалюта резервтерінің әр түрлі деңгейлілігі мен қарқындылығынан туындайды. ЕВЖ-нің   дамуындағы   маңызды   кезең   —   саяси,   экономикалық және валюталык одақ (ВО)  құру жөнінде   1994 ж. қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны құрудың бірінші  кезеңі   1990   ж.   шілдеде   басталып   (бұл   шарт   ал-дыңғы «Делор жоспары» негізінде жасалған), мүше-елдерге 1992 ж. аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды карастырған. Бұл кезеңде мемлекеттердің экономикалық дамуының деңгейін жақындастыруға, инфляция қарқынын төмендетуге, бюджет кемшілігін қысқартуға зор көңіл бөлінген.

Екінші кезеңде Еуропа валюталық институты (ЕВЫҚ-ның орнына) құрылып, оның құрамына он екі орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты — орталық банктердің Еуропалык жүйесін эмиссиялау. Бұнда ЕО-ың министрлер Кеңесінің директивалары негізінде экономикалық үйлестікке және оған мүше-елдердің Еуропарламентке берген есебінің орындалуына басты назар аударылады. Экономикалық (әсіресе бюджеттік) тәртіпті бұзушыларға Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) несиесін шектеу, айыппұл төлеу, бюджет кемшілігін төмендеткенге дейін ЕО-ың процентсіз депозитін шектеу формасында жазалау шаралары Колданылады. Экономиканы сауықтыруға бірлескен қорлар есебінен және ЕИБ несиесінен ЕО-ң көмегі қарастырылған.

Үшінші кезең ЕО-ның бірнеше мемлекеті несие-ақща жүйесінің бірыңгай үлгісі шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген XX гасырдың аягында бас-талды. Жоғарыда айтылгандай, ЕО-га кірген 15 елдің Щ 1999 ж. қаңтарынан ұжымдық валюта — еуроны — алгашқыда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктік шотқа жазу формасында енгізді, ал 2002 жылдан ол ұлттық ақща өлшемдерінің орнына қолма-қол ақша формасында ен-гізілетін болады. Біртіндеп еуро аймагына қосылатын елдер саны ұлғаяды деп күтілуде. Ақша-несиелік және валюталық реттеу үшін 1998 ж. 1 шілдесінде Еуропа орталық банкі құрылды.

 

 

 

3.Қазақстан Республикасының Еуропамен дербес валюта қатнастарын құруының маңыздылығы.

Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-га мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары), мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байла-ныстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы жаңадан заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 жылдың 20 шілдедегі заң; «Банк және банк қызметі туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері (мысалы, 1994 жылдың 24 қарашасында ҮБ басқармасы бекіткен «ҚР-да валюталық операцияларды жүргізу тәртібі»).

Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі. Валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады. Резиденттерге жататындар:

  • Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;
  • Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлгалар, сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.

Қазақстан Республикасындағы «резидент еместерге» жоғарыда республика «резиденттері» түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу-сату     мәмілелері     Ұлттық     банк     валюта    операцияларын  жүргізуге  берген лицензия бойынша өкілетті  коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол:

  • шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы (сфера) мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы (мүдде) көлеміне де енгізеді;
  • резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен және шетел валютасындагы багалы қагаздармен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
  • резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;
  • ұлттық валютаның — теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін, сондай-ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;
  • алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
  • халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы-валюталық және несие-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
  • қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валюталарын тартады.

Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталык бақылау органдары болып Үлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

  • Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі. жүрпзілетін валюталық операциялардың заңға сәй-кестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;
  • резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай-ақ ҚР-ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру;
  • шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің дәлелділігі, валю-та операциялары бойынша есеп пен есептесудің толықтығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резиденттер еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.

Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.

Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекеттердің аңша өлшемдерінің арақатынасы, яғни басңа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) аңша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп аталады.

Валюта багамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие-қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы (шығарушы) шетел валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің валютасы бұл мемлекеттің жерінде күнбе-күнгі жағдайда ақша қаражаты ретінде айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы (әкелуші) шетелден сатып алған тауарларға төлеу үшін шетел валютасын сатып алады.

Валюта багамы қайта есептеу коэффициенті емес, ол шетел валютасымен немесе халықаралық валюталық өлшемдермен (СДР, ЭКЮ) көрсетілген осы мемлекеттің ақша өлшемінің «бағасы». Валюта бағамы валюта нарығындагы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе-күнгі айналым процесінде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады. Валюта багамын қалыптастырудың негізі не? Тауардын бағасы оның құны (шығыны) негізінде құралатыны сияқты, ақша өлшемінің бағасы оның сатып алу мүмкіндігінің негізінде қалыптасады.

  • Валюта бағамының қалыптасуы — көп факторлы процесс Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар:
  • инфляция қарқыны;
  • процент мөлшерінің деңгейі;
  • бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;
  • төлем балансының жағдайы.

Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Мысалы, егер басқа факторлар кері әсер етпесе, басқа елдермен салыстырганда елдегі инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын, оның валютасының бағамы солғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляциялық құнсыздануы оның сатып алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта бағамының құлдырау тенденциясын тудырады.

Мемлекеттің активтік төлем балансында оның валютасына шетел борыш қорларының сұранысы артады, сол кезде оның бағамы көтерілуі мүмкін.

Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде процент мөлшері жоғары болса, онда ол шетел капиталының құйылуына, валютаға сұраныстың көтерілуіне, оның бағамының жоғарлауына әсер етуі мүмкін. Мысалы, 80- жылдардың алғашқы жартысында АҚШ жоғары проценттік мөлшер саясаты (басқа да факторлармен қатар) Батыс Еуропа мен Жапониядан 500 млрд долл. астам мөлшерде инвестицияның құйылуына жағдай жасады. Қорытындысында доллардың бағамы көтерілді, ал осы факторлардың әсерінен инвестор елдердің валютасының бағамы төмендеді.

Сонымен қатар валюта бағамына әртүрлі саяси, саудагерлік, психологиялық факторлар да әсер етуі мүмкін.

Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістерінің әр түрін қолданады. Ол әдістердің негізгілері мыналар:

  • валюталық интервенция (орталық банктің ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алып- сатуы);
  • орталық банктің    ашық    нарықтағы     операциялары (бағалы қағаздарды сатып алып-сатуы);
  • орталық банктің   проценттік   мөлшер   деңгейін   және немесе міндетті резервтер нармасын өзгертуі.

Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын (қатынасын) анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығында валюта багасын белгілеудің екі әдісі бар:  тікелей және жанама.

Тікелей котировка деп шетел валютасының бағамның ұлттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама котировка деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының (мөлшері) көрсетуі. Жанама котировка әдісің Ұлыбритания, ал 1987 жылдан бастап бірен-саран АҚШ қолдануда.

Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретіндегі ролімен түсіндірілді. Банктер сауда-өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс-курсті негіз етіп алады. Кросс-курс — ол екі валюта бағамдарының үшінші валютаға (әдетте АҚШ долларына) қатысты арақатысы. Мысалы, егер швейцария банкі швейцарлық франкінің ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе, онда оны марка мен франк бағамдарын долларға са-лыстырумен шығарып алады. Мысалы

1,6790 ГФР маркасы = 1 АҚШ долл.

1,4940 швейц. фр. = 1 АҚШ долл., онда

1 ГФР маркасы * 1,4940 : 1,6790 = 0,8898 швейц. фр.

Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы бағамы — ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы бағамы банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары. Олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.

Сондай-ақ ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталык банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу „ мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардын негізгі бөлігі биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарықтағы қолданатын не-гізгі бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы Ф1 коммерциялық банктер белгілейді.

Валюта нарығына басқа қатысушылар банкаралық бағамға бейімделеді. Ол банк клиенттері үшін баға белгілеу негізі ретінде қолданылады. Биржалық бағам анықтама сипатында болады. Биржалық котировка валютаны сатып алу-сату үшін биржаға түскен арыздарды жүйелі түрде салыстыру негізінде құрастырылады.

Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі, әдетте, экспортшыға тиімді, себебі ол қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы, доллармен) түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенің бағамы 20 теңгеден 25-ке дейін төмендесе, онда 1 долларға келетін үстеме 5 теңгеге тең) айырбастаған кезде экспорттық сыйақы (үстеме) алады. Демек, экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту жо-лымен өзіне түсетін пайданы ұлғайту үшін ұмтылады.

Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебі валютаны келісім-шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі (жоғарыдағы мысалда доллар 20 теңге емес 25 теңге тұрады). Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көрсетілген іс-жүзіндегі қарыз төмендейді, бірақ сатып алуы қымбатқа түсетін шетел валютасымен көрсетілетін сыртқы қарыз өседі.

Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық ва-лютаның бағамының өсуі, негізінде, халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді. Валюта бағамының ауытқу салдары елдің валюта-экономикалық және экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады.

  1. Әлемдік валюталық нарықтар түсінігі.

        Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып   табылады.

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан;

Сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияла-рынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден;

Сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден;

Дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарықтар — сұраныс пен ұысыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

 

  • шарушылық байланыстардың интернационалдануы Не_ гізінде валюталық нарықтардың интернационалдаңуЬь ның күшеюі;
  • байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
  • әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
  • банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жаз-баша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
  • коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстыр-ғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Онын қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелегеі компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж. операциялар төлемі 1180 — 1124735 мың, ЭЕМ — 11165 мыңды құрайды.

Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарық-болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы ¥лттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәти-жесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.

Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.

Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік  етуімен,   ережеге   сәйкес   олардың   қарамгында   жүзеге асырады.  Валюталық нарықтардағы  валюталық мәмілелеп  95%-ға дейіні  банктер мен брокерлік фирмалардың үлесі келеді.  Мұндай сызба,  валюталық нарықгы  банк аралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.

Валюталық   операцияларды   жүргізуге   құқылы   банкт өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.

Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.

Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірак кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.

Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар баска банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкер-лер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталык нарыққа маңызды ықпал етеді.

Дүниежүзінің   тек   өте   ірі   банктерінде   валюталық   департаменттер және валюталық операциялармен айналысаты білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттар есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарыкта мыс   жасайтын   банктерге,   өздерінің   клиенттері   мен басындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франк-фурт -на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі — Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.

Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ дивершфикацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады юне стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.

Брокерлік   фирмалар   30%-ға   жуық   валюталық   операцияларға қызмет етеді  және сол  банкпен  жұмыс  жасайтын нақты  брокер тұлғасында, екі банкінің арасында — валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал брокирлерінде де жүреді.

Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған вемесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.

Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық не өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердін арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, өнім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.

Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиентердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге  асырылады.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымыңда әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік  несиелік айналыс құралдары формасында — шетел валюта сына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чектратта түрінде болады.

Аударым — бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

Банктік чек — шетелдік банк-корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

Банктік вексель — осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталы қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл   жерде   чектер   мен  тратталарды   тек   қана  банкт емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік  фирмалардын, » тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.

Несиелік айналыс құралдары халықаралық толем аин мынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастар дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспондтік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да телем кұжаттарын ез елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк езінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл телем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды телеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Қорыта айтқанда Еуропалық  валюта   жүйесінің   шеңберінде   батыс   Еуропаның   өнеркәсібі   дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол  1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық» одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағынын дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты — ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын — Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінін элементтеріне дәл келеді. Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты  өзгереді.  Бұл  принциптер сәйкес келмесе дүниежүзшік валюта жүйесі әлем-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады. ЕВЖ-ге      мүше-елдердің      өзара      қарама-қайшылығынан   біраз   қиыншылықтарды   басынан   кешіруде. Олар    сол    елдердегі    экономиканың,    инфляцияның,    жұмыссыздықтың, төлем балансы жағдайының, алтынвалюта резервтерінің әр түрлі деңгейлілігі мен қарқындылығынан туындайды. ЕВЖ-нің   дамуындағы   маңызды   кезең   —   саяси,   экономикалық және валюталык одақ (ВО)  құру жөнінде   1994 ж. қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны құрудың бірінші  кезеңі   1990   ж.   шілдеде   басталып   (бұл   шарт   ал-дыңғы «Делор жоспары» негізінде жасалған), мүше-елдерге 1992 ж. аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды карастырған. Бұл кезеңде мемлекеттердің экономикалық дамуының деңгейін жақындастыруға, инфляция қарқынын төмендетуге, бюджет кемшілігін қысқартуға зор көңіл бөлінген.

Екінші кезеңде Еуропа валюталық институты (ЕВИҚ-ның орнына) құрылып, оның құрамына он екі орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты — орталық банктердің Еуропалык жүйесін эмиссиялау. Бұнда ЕО-ың министрлер Кеңесінің директивалары негізінде экономикалық үйлестікке және оған мүше-елдердің Еуропарламентке берген есебінің орындалуына басты назар аударылады. Экономикалық (әсіресе бюджеттік) тәртіпті бұзушыларға Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) несиесін шектеу, айыппұл төлеу, бюджет кемшілігін төмендеткенге дейін ЕО-ың процентсіз депозитін шектеу формасында жазалау шаралары қолданылады. Экономиканы сауықтыруға бірлескен қорлар есебінен және ЕИБ несиесінен ЕО-ң көмегі қарастырылған.

Үшінші кезең ЕО-ның бірнеше мемлекеті несие-ақща жүйесінің бірыңгай үлгісі шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген XX гасырдың аягында бас-талды. Жоғарыда айтылгандай, ЕО-га кірген 15 елдің Щ 1999 ж. қаңтарынан ұжымдық валюта — еуроны — алгашқыда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктік шотқа жазу формасында енгізді, ал 2002 жылдан ол ұлттық ақща өлшемдерінің орнына қолма-қол ақша формасында ен-гізілетін болады. Біртіндеп еуро аймагына қосылатын елдер саны ұлғаяды деп күтілуде. Ақша-несиелік және валюталық реттеу үшін 1998 ж. 1 шілдесінде Еуропа орталық банкі құрылды. ЕВЖ-нің құрылымдық ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:

  • СДР-дың орнына еуропалық валюта өлшемі — ЭКЮ стандарты енгізілді. ЭКЮ-дің валюталық қоржыны батыс еуропалық 12 валюталардан құрылады. Онда неміс маркасы (30%-тен астамы) үстем болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДР-ды қолдану аясына қарағанда әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік сектор емес, сонымен қатар жеке секторлар, оның ішінде банктердің депозиттік ссудалық операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке фирмалары қолданады. ЭКЮ бірітіндеп әлемдік валюта нышандарын ала бас-тағанымен, әзірше әлемдік деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан ұжымдық еуропалық валюта — еуро ауыс-тырды. Ямайка жүйесінде алтынды ресми демонетизациялауға қарама-қарсы ЕВЖ-де осы     валюталық     металмен жүргізілетін операциялар   жаңғыртылды.   Алтын   мен доллар ЕВЖ-ге мүше елдердің ресми алтын долларлық  резервтерінің    20%-ін    біріктіру    жолымен    ЭКЮ-ді эмиссиялау механизміне енгізілді. Осы елдердің орталық банктері Еуропа валюта институтының қарауына 2,3 мың т. алтын аударды. Институт алтынның орнына ЭКЮ-ді шығарып, аталған орталық банктердің шотына   ауыстырды.   Мемлекеттердің   алтынмен   төлеген жарнасы   қайта  жаңартылатын  үш   айлық  «своп»  келісімімен рәсімделеді, ол қолма-қол алтынды ЭКЮ-ге сатып,   үш   айдан   кейін   оны   кері   сатып   алу   үшін қарсы келісім жүргізумен үйлестіріледі.

ЕВЖ-ге    мүше елдердің    валюта    бағамының    «бірге өзгеру» ережесі олардың өзара ауытқу шегін бекітеді (Ол қазір орталық бағамнан ± 15%-і, ал 1993 жылдың тамызына дейін ± 2,25% болған). Валютаның бұндай ұжымдық өзгеру тәртібі «еуропалық валюта жыланы» деп аталады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, 1990 жыл.
  2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы  1991  жыл.

3.Әубәкіров  «Экономика теория негіздері»  Алматы, 1999жыл.

4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б.,  Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория»  Алматы, 1999жыл.

5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева

«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»  Алматы, 2001ж.

  1. «Заң» Республикалық құқықтық, ғылыми практикалық

журнал  Астана 2000ж №9

  1. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
  2. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А, 2003ж.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы

мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.

  1. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.

11.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек  «Кәсіпорын экономикасы

және кәсіпкерлік»  Алматы, 2002ж.

  1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
  2. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
  3. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.
  4. Экономика зарубежных  стран.  Москва, 1990г.
  5. История экономических учений Москва, 1994г.
  6. Реуэль А.Л. «Экономических учений» Москва 1972г.
  7. Ядгаров Я.С. «История экономических учений»   Москва 1998г.