Валюта, валюталық қатынастардың теориялық негізі

0
35

Жоспар

Кіріспе

I  Валюта, валюталық қатынастардың теориялық негізі

1.1 Валюта, валюталық нарықтар

1.2 Валюталық бағамдар

II Валютаның еркін айналымдағы бағам режімдеріндегі салыстырмалы тиімділік

2.1 Еркін валюта айналымы және оның ерекшеліктері

2.2 Тұрақты және құбылмалы валютаның ерекшеліктері

III ҚР-ның  ұлттық валюта – теңгенің тұрақтандыру мәселесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Валюта (баға, құн) – мемлекеттік ақша бірлігі. Әр елдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып, ұлттық заң негізінде қалыптасқан ұлттық валютасы болады.

Валюта – 1) елдің ақша единицасы; 2) шет мемлекеттердің ақша белгісі, сондай-ақ шетелдік ақша единицаларымен білдіріп, халықаралық есеп айырысулар кезінде қолданылатын несиелік төлем құжаттары (шетелдік валюта).

Валюталық нарық –  бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық болып табылады.

Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

Саяси  –  саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік, психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.

Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қаблеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс.

Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс икемделе отырып, ішкі экономика дамуының іргетасы болуға тиіс. Осы саясатты жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты факторлармен үйлестіре отырып, қатаң ұстану арқылы мемлекет жедел даму траекториясына шыға алады.

Мұнан кейінгі бес жыл ішінде теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамын сақтау көзделеді, ол құнсызданудың ел ішіндегі және шетелдегі инфляция деңгейінің өзгеруіне барабар болуын көздейді, мұның өзі Қазақстан тауарларының сыртқы нарықтағы баға бәсекесіне қабілеттілігінің сақталуына және сол арқылы қалыптасып келе жатқан қолайлы экономикалық позицияның нығаюына және Қазақстанның болашақта табысты дамуы үшін алғышарттар жасауға ықпал етеді.

Осы валюталық режимді сақтау өндірістің және әлбетте экспорттың шикізаттық бағытының жойылмауынан туындап отыр, яғни шикізатқа әлемдік бағаның өзгеруіне қарай ел экономикасының жоғары осалдығы сақталады. Бұған қоса, елдің сыртқы сауда айналымында Ресейдің үлесі жоғары, сондықтан экономиканың дамуы Ресейдегі ахуалға тәуелді болады.

Егер экономиканың осы тәуелділігі еңсерілсе, онда, әрине, ұлттық валютаның айырбас бағамын басқарудың валюталық режимін өзгерту қажеттігі туындайды. Бұл арада жаңа валюталық режимнің мынадай бірнеше нұсқасы болуы мүмкін:

Сонымен бірге, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағам саясатының есебінен ғана шешіле қоймайды. Бұл арада еңбек өнімділігін, өнім сапасын арттыру, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту бағытында экономиканы құрылымдық қайта құру, сондай-ақ экспортты әртараптандыру жөніндегі шаралар негізгі рөл атқаруға тиіс.

I Валюта, валюталық қатынастардың теориялық негізі.

Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы «вексель жәрменкелері» мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

  • Валюта, валюталық нарықтар.

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу- сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдарымен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен  оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

  • шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
  • байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
  • әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
  • банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
  • коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж. операциялар көлемі USD – 1124735 МЫҢ, DEM – 11165 мыңды құрайды.

Валюталық операциялар айналымы

(күніне US $ млрд.)

Күніне барлығы  1000 млрд. US $.

Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайтып отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.

Институтциональдық көзқараспен қараған валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.

Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмлелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.

Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.

Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халақаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.

Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасында да әрекететеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына

  • рет валютамен сауда жүргізіледі.

Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл     банктер    100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы – 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.

Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық  нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелер мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франкфурт-на –Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) Халықаралық банкаралықвалюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі –Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізі алады.

Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланаған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталарымен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.

Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында – валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.

Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.

Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк –клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық  болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.

Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында-шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

Аударым – бұл басқа елдегі банк –корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктік бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

Банктік чек – шетелдік банк –корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотына белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктік жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк –корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.

Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналым шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизімін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық құжаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспондентік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк –корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1.2 Валюталық бағамдар.

Мемлекеттің әлемдік нарықтагы жетістіктері мен «жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал  валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына — операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады.Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа қажет  валютасымен қамтамасыз етіледі.,

Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

  • ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы,аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
  • капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар — тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозгалысы;
  • тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
  • қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, валютасының, несиелердің өзгерісі.

Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998 ж. теріс болды, ған жылдары оң сальдо байқалады. 1998 ж. елдің экспорт операциялары импортқа қарағанда аз болып,  валютаның тапшылығы пайда болды. Бір-ақ елдің теріс салъдосының нәтижесі экономикаға қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ. Төлем балансының экономикаға әсері валюта айналымдарға әсер етуі арқылы жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал валюта айналымы елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5 функңиясын (қызметін) орындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда әлемдік экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғышарттарының бірі. Сондықтан да валюта айналымын толығырақ қарастырайық.

Егерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР аумағында сауда жасауға ниет білдірсе, онда ол төлем құралы ретінде ‘*теңге» валютасын қолдануы керек. Мысалы, қазақстандық бір компания Ресейдің бір резидентіне қант сатты дейік. Ресейдегі сатып алушы қазақстандық жабдықтаушыға қанттың құнын теңгемен төлеуі қажет, себебі қазақстандық жабдықтаушы өз елінде теңгемен салық, жалақы және т.б. төлемдер төлеуі қажет. Ал сатып алушының қолында өзінің ұлттық валютасы ғана бар. Осыңдай себептерден валюталарды айырбастау қажеттілігі туындайды. Ондай қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты алғышарты «екі әр түрлі ұлттың валюталарды қолдану мәселесі» болып табылады. Мысалы, Қазақстандағы валюта нарығында адам демалуға, жұмыс бабымен, оқуға бара жатқан кез келген елдің валютасына теңгені айырбастай алады, ал шет ел азаматтары теңгеге өз валютасын айырбастауына мүмкіндік бар. Ал айырбастағанда валюта белгілі бір қатынаспен, бағаммен айырбасталады. Валюта еркін айналым деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастагандағы валюталардың қатынасын атаймыз. Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = DМ, 4 тг = RR.

Қазіргі заманда валюта еркін айналым белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:

  • валютаның еркін айналымдағы бағамы;
  • тағайындалатын валюта айналым әдісі.Валютаның еркін   айналымдағы   бағамы   кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Оны келесі графиктен көре аламыз.

Теңгенің рубльге айырбасталына алынатын бағам жағдайын қарастырайық (1-сурет).

Бірінші жағдай. Рубльге деген сұраныс төмендейді. Соның арқасында қазақстандықтарға рубль арзандап, онымен бірге Ресей тауарлары да арзандайды. Сондықтан қазақстандықтар Ресей тауарларына деген сұранысты өсіреді, ал ол өз барысында сол тауарларды сатып алуға қажет рубльге деген сұранысты өсіреді.

Екінші жағдай. Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстандық тауарлар арзан болып, оған деген сұраныс жоғарылап, теңгеге деген сұраныс та жоғарылайды.

Сонымен сұраныс пен ұсыныс арақатынасының жалпы әдісі осы түрде болады және 1-ші кесте бойынша бір теңге бес рубльге тең болады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:

  • Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
  • Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда есімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
  • Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
  • Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелвріиің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға иермелейді.
  • Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.

Ал бұл әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың айтатын дәлелі: бұл әдісте валюта бағамы автоматты түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады (1-сурет).

Тепе-теңдік валюта бағамы 1 гг = ах 1 тг. жағдайда орнайды және де теріс сальдо балансы жоқ деп есептейміз. Бұл жағдайда Қазақстанның қажет ететін рублі мен Ресейдің қажет ететін теңге көлемі бір-біріне тең деп санаймыз. Енді белгілі бір факторлардың әсерінен қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы D-дан D-ге артты дейік. Қазақстандық экспорттық операциялар елге «аА» көлемде рубльді әкеледі, ал импорттық операциялар «аС» көлемді қажет етеді. Сонда алғашқы бағам бойынша төлем балансының тапшылығы АС қисығына тең болады. Бағам нарық зандарымен қалыптасатындықтан ол Ігг = ах Ітг. бағамға ауысады. Ал бұл бағам бойынша ресейліктерге қазақстандық тауарлар арзан болып, қазақстандықтарға керісінше қымбаттап, Қазақстанның экспорты тиімді болып, теңгеге деген сұраныс артады, ал Қазақстандағы рубльге деген сұраныс азаяды. Сондықтан төлем балансы автоматты түрде түзетіледі.

Еркін айналым кемшілікгері:

  • Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайга байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.
  • Сауда жағдапы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының еркін айналымы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.
  • Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валютаның еркін айналуын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда (1-су-рет) валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тағайындалатын валюта бағамының ең күрделі сұрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық елдерде қолданыла алады:
  • Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң салъдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде алтынның экспорты  мен  импортына  кедергі болмау қажет.

Сурет – 2.                                                                   

Е

Қисаю бұрышы =V(I) P*Q

М

         

                                                                     М

Тағайындалатын және  еркін айналымдағы  бағам кезіндегі ақша саясаты

 

Әр сл валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайды және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдірді. Мысалы, АҚШ-тың доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.

Бұл жерде алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға бұндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда америкалықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.

Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағылады. Ал бұл нүкте алтынның импорттық нүктесі деп аталады.

Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Фунт пен доллардың тепе-тендік жағдайы 1-суреттегі сұраныс  пен  ұсыныс  жағдайындай  болсын. Белгілі бір себептердің әсерінен британдық фунтқа сұ-раныс артсын (ІУ қисығына дейін). Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартының алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша келемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмыс істеушілер санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі керісінше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, керісіншіе долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан (D) нүктесіне түседі. Бұл жүйенің нашар жағы: жұмыссыздық деңгейінің өсуі, жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы. Төлем баланысы жағымсыз болған жағдайда елдегі алтын басқа елдерге көшуінен туындайтын жоғарыда айтылған жағдайлардың әсерінен ел экономикасының құлдырау қаупі бар. Бретгон-Вуд валюталық жүйесі. 1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хэмпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық басқосуда (саммитте) «әсер етілетін байланған валюталық бағам жүйесі» туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттың тиімді жақтарымен оның келеңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Ол конференцияда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. Ол бүл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.

Бұл жүйенің пайда болуына не әсер етті? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға (ақшаның құнсыздануына) ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Мысалы, «а» және «б» елдері бар және «а» елі өз валютасының құнын «б» елінің валютасына қарағанда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті. Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде «а» және «б» елдері жалгыз емес және олардың көбі өзін «а» елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты ~ дүние жүзіндегі валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды. Әр ел өзінің ұлттық валютасын алтынмен немесе доллармен бағалап, оның тұрақтылығын сақтауға міндетті болды. Бағамды ХВҚ-ның рұқсатынсыз (10%-ға ғана) өзгертуге мүмкіндік берілда. Валюта бағамын өзгертпей ұстауға алтынның немесе басқа да қордың болуы қажет. Себебі теріс баланс кезінде елдең шетел валютасына қажеттілігі 1-суреттен көріп отырғанымыздай АВ кесіңдісін құрайды. Сол кесіндіні толтыру, яғни валютаны қалыпты бағамда ұстау келесі көздерден жүргізіледі:

1)  Қорлар. Алдыңғы жылдарда қалыптасқан оң сауда балансының көмегімен жиналған шетел валютасының қоры. Басқаша айтқанда көмекші қор;

2)   Алтын қоры. Елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің валютасына сатып, оны өз елінің валютасына жәрдем ретінде қолдануы;

3) ХВҚ-дан қарыз алу. Бреттон-Вуд валюталық жүйесіне енген әр ел өзінің ЖҰӨ-іне, халық санына, сауда көлеміне байланысты жыл сайын төлем жасап тұруы келісілген еді. Сол төлемдерден жиналған қордан әр ел өзіне қажетті мөлшерде қарыз алуға, оны өз валютасымен қайтаруға құқығы бар. Олардан алынған шетел валютасы ішкі нарықта сатылып, қосымша ұсыныс қалыптастырады.

Бұл жүйенің кемшілігі бар. Егерде елдің салъдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс салъдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.

Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары тән. Ол тұрақты валюта бағамын Қамтамасыз етіп әлемдік сауданы ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.

Бұл жүйе неге жойылып кетті? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық валюта ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:

  • АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.
  • Алтынның үлкен қорын құрап алды.

Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды. Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты бағаммен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан да доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігін жойды. Ол Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын таба алмауынан 1971 ж. 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.

  1. Бұл жүйені «реттеулі ауытқулы валютаның еркін айналымы» деп атаған дұрыс болады. Қалыпты валюта еркін айналуы кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясатын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі еркін айналуды реттеуді қажет етеді. Ал тапшылық немесе артықшылық пайда болмауы үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде Бреттон-Вуд жүйесіне қарағанда бағам ауытқулары айқын көрінеді (2-сурет). Бірақ азын-аулақ болып тұратын ауытқулар елдің сауда қатынастарына кедергі жасайды. Сондықтан да Орталық банк анда-санда шетел валютасын сатып алып, оны ішкі нарықта сатады. Екі мысал келтірейік:

1.1987 жыяғы «Үлкен жетілік» интервенциясы (бас-ныншылығы). 1987 ж. АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада елдері долларды тұрақтандыруға келісім жасасады. Америкада байқалған көпжылдық теріс сальдоның салдарынан доллардың құны төмендеп, дамыған елдердің экономикасына кері әсер етеді деп танылып, дамыған елдер оны сатып алуға яғни қосымша сұраныс тудыруға келісті.

  1. 1994 жылгы иитервенция. 1994 жылы доллардың құны көп жылғы теріс сальдо әсерінен төмендеді. Бағалы қағаздарды инвестициялауға басқа елдердегі доллардың сатылуы да әсер етті. Оны шешу үшін АҚШ-тың Қарамағындағы 16 Орталық банктердің долларды сатып алуы көзделіп, іске асырылды. Бұндай әрекеттің нәтижесінде доллардың арзандау қарқыны төмендеді.

Шындытында бұл жүйе жоғарьщағы мысалдардан да күрделі әдістермен жүргізіледі. Оның жақтаушылары да, Қарсыластары да бар.

Жақтаушыларының келтіретін дәлелі:

  • сауда көлемінің өсуі. Бұл жүйе кезінде сауда нақты көлемінің өсуі байқалды;
  • келеңсіз жағдайлардың басқарылуы. Экономикалық қиыншылықтарды өткізу жеңілденді.

Қарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерің айтуда:

  • ауыспалылықпен бейімделу. Валюта бағамы экономикалық көрсеткіштер бірқалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отырды;
  • «жүйелі еместігі».Белгіленген нормалардың болмауынан әр ел бағамды өзгерту туралы шешім қабылдайды.

Сонымен бұл жүйе қазіргі кездегі қолданылып келе жатқан бірден-бір жүйе.

Жоғарыда айтылған бағам қалыптастыру түрлеріне байланысты мемлекеттің саясаты мен әрекеттері де әр түрлі болады. Төмендегідей негізгі түсініктерді білу қажет.

Экономикадагы бұл түсініктердің қолданылуын қарастырайық.

  1. Ақша мен валюта бағамының тепе-тендік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.

Ақша нарығындағы тепе-теңдік формуласы:

: і(і*) – елдегі (шетелдегі) пайыздық мөлшерлеме;

Е+і — келесі кезеңдегі бағам. Мына формуланы табамыз:

МV(і)=ЕР*О

Бұл формуланың графигі 2-суретте берілген. Көріп отырғанымыздай Е-нің өсуі М-нің өсуіне әкеледі, ал керісінше төмендеуі М-нің де төмендеуіне соқтырады. Бұл формуланы валюта бағам жүйесіне байланысты түрлендіруге болады. Мысалы, тағайындалатын валютаның еркін айналым жүйесінде бізге Е-ге байланысты М-нің мәнін табу керек. Яғни:

М=((ЕР*Q)/  (Vі))

Ал бағам еркін тағайындалатын болса, бізге М-ге байланысты Е-нің мәнін табу керек. Яғни:

Е=((МV(і))/(Р*Q))

Басқаша айтқанда, бағамды Орталық банк белгілеген жағдайда Е экзогенді айнымалы шама болып Орталық банктің тағайындауымен анықталады, ал М болса экономикадағы жағдайдан құралып, эндогендік шама болады. Баға еркін тағайындалатын жагдайда керісінше екеуі орындарын ауыстырады.

а) Тағайындалатын бағам кезінде Е-ні Орталық банк тағайындап, оның арзандауына кедергі жасауға тырысады. Сол мақсатта ол өзінің валюта қорын сата бастайды. Ол бұл әрекетті М-нің бастапқы қалпына келгенге дейін жасауы керек. Ең соңында Орталық банк алғашқы М-нан ауытқу көлеміне тең мөлшерде валюта сатуға мәжбүр болады.

Мұнда: В* — валюта қорының мөлшері;

D — Орталық банктегі мемлекеттік облигациялар мөлшері.

ә) Уақыт өткеннен соң Орталық банк өзінің валюта қорының азайғандығын, ал ішкі облигациялардың керісінше көбейгендігін байқайды.

Сонымен жоғарыдағыдан анықтағанымыз Орталық баж ақша мөлшеріне әсер ете алмайды, яғни М эндогенді.

Бұл жерде алмастыру коэффициенті (ОС) түсінігін аша кету керек. Ол Орталық банктің облигациялар мөлшеріне кетірген валюта мөлшерінің қатынасын анықтайды.

Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

Саяси  – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т. б.

Экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік;

Психолгиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т. б.

Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Монометаллизм тұсында – алтын немесе күміс – валюталық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірліктерінің олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүтелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүтелерінің классикалық  механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

1930 – 1933 ж ж. фунт стерлингтің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал АҚШ долларыныкі – 15 г. Бір фунт стерлингтің монеталық паритеті былай анықталады: 1ф.ст.= 7,32000/1,50416=4,86 доллар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия мен АҚШ-тың пассивті төлем балансы тұсында) монеталық паритеттен оның аударым құны – 0,05 долл. шегергендегі сомаға теңесті. Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктесі 1ф. ст.=4,86+0,5=4,81 (долл.). Валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен кезде АҚШ-қа алтынның кетуі басталды. Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (1ф.ст. =4,86 долл. +0,5 долл.=4,91 долл.) АҚШ-тан алтынның келуі байқалды.

Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істеп шықты.

1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша ауыстыруды тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын паритеттері сандық түсінікке айналды. ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.

Бұл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің құндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы болуында.

Валюта бағамдарының динамикасы ақша бірліктерінің сатып алу қабілеттеріне, инфиляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық нарық қызметтері мен алып сатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттік реттеу,дүниежүзілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты.

Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментельды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар.

Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэкономикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздықтың деңгейі, инфиляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.

Техникалық талдау – бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График – чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының «крестиктер-ноликтер» графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.

Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі ақша бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы (мысалы, 1,     10,     100,     1000    бірлік), ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады (мысалы, 1USD=76,212 KzT). Жаңа баға белгіленімі көп қолданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады (мысалы, 1GBP=1,5860 USD).

АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолданылады.

Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.

Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютаны сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.

Мысалы, 1,9430/50 неміс маркасы АҚШ-тың 1 доллары үшін баға белгіленімі – банк клиенттен 1 долл. 1,9430 неміс маркасына сатып алуға және  1 долл. 1,9450 неміс маркасына сатуға мүмкіндігі бар.

Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктың шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спрет деп аталады да,  валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компанияның немесе банктың статусына байланысты өзгереді.

Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар халықаралық төлем және резерв құралы болып табалатын АҚШ долларына қатысты жасалынады.

Сауда -өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар котировкасы банкімен кросс – курс негізінде бектіледі. Кросс-бағам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді (көбінесе АҚШ долларына).

Франция банкінің клиенті үшін неміс маркасының сатып алу бағамы анықтау қажет. Бұл үшін банк бағамы бойынша неміс банкісінен АҚШ долларына неміс маркасын сатып алады: АҚШ-тың 1долл. = 1,6600 неміс маркасымен, бірақ ол сатып алушының бағамы бойынша алдын ала француз франктерін АҚШ долларына сатады: АҚШ-тың бағамы бойынша 1долл.= 5,6110 француз франкі. Осылайша, 1неміс маркасы =3,380 француз франкі – сатушы бағамы (Қазақсатан Республикасының Ұлттық банкісінің валюталық бағамы 5,6110/1,66=3,380).

Сатушылар және сатып алушылар бағамдары ресми бюллетеньдерде жарияланады.Көбінесе баға белгілеу кестелерінде соңғы бағамдар жарияланады (соңғы валюталық мәмілелер бойынша).

 

1997жылдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің теңгесіне шетел валюталарының бағамдары

 

 

                       Валюта атауыВалютаБағам
Австрия шиллингі  (Shilling)ATS6,00
Бельгия франкі      (Belgian franc)BEF2,06
Швецария франкі   (Swiss  franc)CNF51,77
Қытай юаны            (Yuan remindi)CNY9,12
Кипр фунты            (Cyrus pound)CYP22,62
Неміс маркасы        (Deutshe mark)DEM43,67
Еуропа экюіECU83,36
Француз франкі        (French franc)FRF12,65
Ағылшын фунт стерлингі  (Pound sterling)GBR121,44
Жапон йенасы         (Yena)YPU0,62
Қырғыз сомы        (Som)KGS4,36
Кореяның воныKRW1,00
Қазақ теңгесі      (Tenge)KZT1,00
Мальтияның лиріMTH176,92
Голландия гульденіNHG37,75
Ресей рублі       (Russian rouble)RUR12,98
Украина гривнасыUAN40,44
АҚШ доллары  (United States dollar)USD75,55
Өзбек сомы  (Usbekistan sum)UZS1,46

 

Баға белгілеу кестесінде көрсетілген бағамдар- бұл телеграф аударымдарының бағамдары. Басқа төлем құралдарының бағамдары пошта аударымының, мерзімді траттаның және банкнотаның бағамнан әрқашан жоғары болтын телеграф аударымның бағамы негізінде анықталады.

Телеграфтық аударымдарда шетел валютасы банкпен тура сол уақытта немесе келесі күні төленеді, бұл бағам өзгерісіне байланысты пайда болтын валюталық шығындарды болдырмауға көмек береді. Банк – корреспонденттер арнайы бағамдарды қолданғанда, өздерінің клиенттеріне аударым жасағанда валюталық қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Чектің бағамы телеграф аударымының бағамынан төмен, өйткені осы төлем құжатының бір елден екінші елге әуе поштасымен тасымалдау үшін қажетті күндерге пайыз шегеріледі. Бұнда банк чек бойынша төлемді, тек бұл төлем құралын беріп, шетел банкісі, банк –корреспондент инкоссаға алынғанда жасайды. Чектің бағамы траттта бағамынан жоғары болады, өйткені тратта бағамын анықтағанда оның төлеу мерзімі, кепілдемесі және төлем валютасы ескеріледі.

Мерзімді траттаның бағамы телеграф бағамы негізінде вексельді сатып алғаннан бастап, оны өтеуге дейінгі күндер үшін пайызды шегергенге тең. Пайыздар көбінесе осы чекте жазылған валютада сол елдің мөлшерлемесі бойынша анықталады: егер тратта алдыңғы қатарлы сауда векселі болса, пайыздар эмиссионды банктің есептік мөлшерлемесі бойынша анықталады; егер тратта банктік акцеп болса, ресми мөлшерлемелерден төмен болатын нарықтық мөлшерлеме бойынша анықталады.

Шетел валюталарының бағамы пошталық аударымдардың бағамына сұраныс пен ұсынысқа байланысты жақындайды. Сатып алу кезінде банкноталарының бағамы чектен төмен бағамен, ал сату кезінде жоғары бағамен бекітіледі. Банкнота бағамының мөлшеріне банкноталарды жолда сақтандырумен байланысты шығындар әсер етеді (чектер тасымалдау кезінде сақтандырылмайды). Нью-Йорк валюта нарығында негізгі төлем құралдарының бағамадры келесідей түрде құралады: телеграфтық  аударылым – 4,866 АҚШ доллары 1 ф.ст. үшін, пошталық аударым – 4,861, чек – 4,861, ұсынылған кезде өтелінетін вексель – 4,861 және вексель (3 ай) – 4,825 АҚШ доллары – 1 ф.ст. үшін.

Валюталық мәмілелердің түрлеріне байланысты ағымдағы және мерзімді (спот және форвард) бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәмілелерді жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағамы бойынша жүзеге асады. Мерземді валюталық мәмілені жасағанда валютаны айырбастау алдын ала белгіліенген мерзімде бекітілген форвард бағамы бойынша жүзеге асады. Форвардты бағамды ағымдағы бағамға сиақыны қосқанда немесе одан жеңілдікті алып тастағанда табамыз. Валюталық нарықта валюта сиақы немесе дисконт бойынша оның күтілетін динамикасына, сол немесе басқа валюталардың халықаралық пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейіне байланысты баға белгіленеді. Егер валюта жеңілдікпен мерзімге баға белгіленсе, онда оның форвардты бағамы ағымдағыдан төмен және керсінше болады.

Экономикалық, не саяси өзгерістер барысында туатын валюталық нарыққа қатысушылардың психологиялық күтімдерінің өзгерістері де валюта бағамының  динамикасының күрт жылжуына алып келеді.

Валюта бағамының динамикасына ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлар әсер етеді. Глобализация кезеңінде әлемдік тауар, қаржы нарықтарындағы бағаның ауытқуы, шетел елдерінің сыртқы сауда саясаты, халықаралық сауда және қаржылық ұйымдардың қызметтері, жаңа технологиялардың пайда болуы да әсер етеді.

II Валютаның еркін айналымдағы бағам режімдеріндегі салыстырмалы тиімділік

Тағайындалатын валюта бағамын ұстап түру үшін, төлем балансында мезгіл-мезгіл болып тұратын тапшылықты жабуға резервтер қажет. Егерде резервтер жеткіліксіз болса, онда мемлекеттер табыс пен бағаны төмендететін дефляциялық саясатты пайдалануы керек, төлем балансының жағдайын уақытша жақсарту үшін, валютаны қадағалау немесе протекциялық сауда шараларын ендіру қажет.

Валютаны қадағалау — басқа әлем мен осы мемлекет арасында болатын мәмілелерді үкімет тарапынан қадағалау. Мысалы, шет мемлекеттерде жұмсауға арналған шетел валютасын резенттерге ауыстыруды үкімет тарапынан шектеу.

Еркін айналымдағы бағам, қысқа мерзім кезеңінде ұзақ мерзіммен салыстырғанда тиімсіз. Керісінше тағайындалатын бағам ұзақ мерзіммен салыстырғанда қысқа мерзім кезеңінде тиімді.

Бұл жүйелердің ешқайсысы төлем балансын реттеуде және бағаның деңгейін тұрақтандыруда, өте үлкен артықшылықпен ресурстардың толық қамтылуына мүмкіндік беруімен ерекшеленбейді.

Қазіргі жағдайда мемлекеттер аралас жүйені пайдаланады, бұл жүйеде тағайындалатын және еркін айналымдағы бағамдар аралас пайдаланылады. Олар: бағамның «жүзуін» басқару — ресми мекемелердің валюта бағамын жаңа паритет пайда болғанша жиі өзгертіп отыруын жорамалдау. Оған қозғалыс барысында, бұрын тағайындалған мөлшерде ұлттық валютаның күнделікті кұнсыздануы жатады («ползущая привязка» — «сырғымалы беркіту»).

«Сырғымалы беркіту’ жағдайында бағам алдын ала жарияланган немесе жарияланбаған мөлшсрден де үлкен мөлшерге өзгеріп отырады («грязное плавание» — «лас құбылу»).

Мұндай жағдайда үкімет экономиканы жаңа жағдайға бейімдейді және валюталық нарықта қажетті операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы құралдарын іздестіреді.

Төмендегі кесте тағайындалған және еркін айналымдағы бағамдардың салыстырмалы тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы.

Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнелейтін бағасы.

Валюталық бағамның қажеттігі:

  • тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
  • Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
  • Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы акивті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.

Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады: а) Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен, қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді; ә) пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссудының капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.

Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60-70% операцияларын АҚШ ($) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

  • Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.
  • Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.
  • Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын санына қарай валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық, аумақтық және ұлттық (жергілікті).

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында орналасқан. Оның ішінде, Хондайдағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на- Майнедегі, Париждегі, Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонкконгтағы ірі валюталық нарықтарда халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумастырылады, мысалы: Сингапур – доллары, Сауд – риалы, Кувейт – динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттеріне валюталық қызметін түсіндіреді.

Валюталық нарықтағы операцияларға банктік функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарық – халықаралық есеп айырысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың жиынтығы.

Институтционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық – Үкіметтің, банктердің, инвестициялық компаниялардың, биржалардың, брокерлік конторлардың және шетелдік банктердің жиынтығы.

Ұйымдастырылу техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық – банктерді халықаралық есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыру барысында өзара байланыстыратын коммуникациялық жүйелердің жиынтығын білдіреді.

Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі:

  1. Орналасу аумағына қарай:
    • халықаралық;
    • ішкі;
    • аумақтық;

 

  1. Валюталық шектеуге қатысты:
  • еркін нарық;
  • еркін емес;

Валюталық  шектеу қойылған валюталық нарықты – еркін емес нарық деп, ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық деп атауға болады.

 

  1. Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:
  • бір ғана режимді;
  • қос режимді;

Бір ғана режимді валюталық нарық – бұл еркін валюталық бағамға негізделген, яғни валюталардың өзгермелі бағамы биржадағы саудада белгіленеді.

Қазақстан Республикасында теңгенің арнайы валюталық бағамы 1999 жылы 5 сәуірден бастап, өзгермелі бағам режиміне өтті. Ал оған тіркемелі бағам қолданылып келді.

Тіркемелі бағам – Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтвғы сұраныс пен ұсынысқа араласуы нәтижесігде анықталатын бағам.

Еркін өзгермелі бағам – бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.

Еркін өзгермелі бағам арқылы Қазақстанның қор биржасында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы анықталады. Осы биржада Рейтер агенттігінің кросс- бағамдары туралы теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы анықтайды.

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу – экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.

Мұндағы, валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.

ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының «бағасы».

Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пе валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық иетервенция жүргізуде пайдаланатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілген.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен. Сауда бір-бірімен өзара  бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Кез келген елдің валюта саясаты ағымдағы немесе ұзақ мерзімдік мақсаттарға сәйкес екі түрге бөлінеді:

  • құрылымдық;
  • ағымдық.

Құрылымдық валюта саясаты – барлық елдердің өзара әсерлесу принциптерін жетілдіруге бағытталған валюталық реформалар формасында жүргізіледі. Ол жекелеген валюталардың жағдайын күшейту және артықшылыққа қол жеткізу үшін жүргізілетін күреспен байланысты болады. Сонымен бірге құрылымдық валюталық саясат тенденциясының қалыптасуына ықпал етеді.

Ағымдық валюта саясаты дегеніміз – валюталық бағамдарды, валюталық жағдайларды және бағалы металдар нарықтарының қызметін реттейтін қысқа мерзімдік шаралар кешені.

Валюта саясаттың элементтері мен формалары өз ретінде мынандай факторлардың пайда болуына әсер етеді:

  • әлемдік шаруашылықтың дамуы;
  • елдің экономикалық жағдайы;
  • әлемдік аренада күштерді орналастыру.

Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшартпен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

 

Кесте -1

Тағайындалған бағамЕркін айналымдағы бағам
1. Орталық банктің айтарлықтай валюталық резервтері арқылы тиімді.1. Болжай алу мүмкіндігі бар қазыналық және монетарлық саясаттарды пайдалану арқылы жасалатын, шет мемлекетттермен көп жақты сауда қатынасы бар тұрақты экономикада тиімді болады.
2. Күтілмеген баға тітіркенісі болмауы арқылы, атаулы «зәкір» сияқты жағдайда тиімді болады (екі мемлекет арасындағы инфляция қарқынын жақындату мақсатында).2. Әсіресе инфляция жағдайында тиімді.
3. SDR немесе ECU-ларға  «байластырма» жағдайында тиімді.3. «Құбылуды басқару» жүйесінде тиімді.
4. Төлем балансының дағдарысы кезінде, макроэкономикалық реттеу сөзсіз қажет жағдайда тиімсіз болады.4. Төлем балансының дағдарысын реттеуде тиімді.
5. Тағайындалған бағам режімінде монетарлы саясатқа қарағанда қазыналық саясаттың тиімділігі жоғары, өйткені ақша жиынын өзгертудің барлық «әсері» валюта бағамын ұстап тұру мақсаттарына арналады және өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне әсер етпейді.5. Еркін айналым  бағамы режімінде қазыналық саясатпен салыстырғанда монетарлық саясаттың тиімділігі жоғары, өйткені валюта бағамының еркін тербелістері ығыстыру әсерін және инфляция қысымын күшейтеді.

Бұл жағдай қазыналық экспанцияның сүйемелдеуінің нәтижесінде мүмкін болады.

 

 

  • Еркін валюта айналымы және оның ерекшеліктері.

Валюта бағамы өзгерісінің экономикалық мағынасы тұрақты және еркін валюта бағамдары кезінде әртүрлі. Егер мемлекет еркін валюта бағамы режимін қолданса, онда өзгеріс сұраныс пен ұсыныс сияқты нарықтық күш әсерінен болады. Нәтижесінде, ұлттық валютаның құнсыздануы шетел валютасының қымбаттануына әкеледі немесе керісінше, шетел валютасының құнсыздануы ұлттық  валютаның қымбаттауына әкеледі.

Тұрақты валюта бағамы кезінде валютаға сұраныс пен ұсыныстың өзгерісіне байланысты валюта бағамының ауытқуы өзгеше жүреді. Режимнің осындай түрінде Ұлттық банк валюта бағамын белгілі бір дәрежеде ұстап тұруға тырысады. Егер елде импорт өсетін болса, онда Ұлттық банк өз қорларынан шетел валютасын сатып сұранысты қанағаттандырады және керсінше.

Валюта бағамын реттеу экономиканың даму деңгейіне тікелей әсер етеді. 1999 жылға дейін Қазақстанда валюта бағамының тұрақты режимі орын алады. Осы кезеңде Қазақстанның экономикалық даму деңгейі теріс сипатта еді. Ал 1999 жылдан бастап еркін валюта бағамы енгізілгеннен кейін Қазақстанның экономикалық дамуы жеделдеді. Әрине бұл тікелей валюта бағамы режимін реттеумен байланысты. Сол себептен Қазақстанның валюталық реттеу қағидаларына тоқталып кетейік:

  • территориялдық –валюталық реттеу мемлекеттің барлық территориясын қамту тиіс;
  • Экономикалық реттілігі – резиденттер мен резиденттереместердің арасында негізгі айырмашылықтың анықтылығы.
  • Валюталық операциялар жүргізгендегі банктердің монополиясы – валюталық операцияларды жүргізген кезде заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы экономикалық келісімдер бойынша есептесу құзіреті бар банктер арқылы жүргізілуі тиіс;
  • Валюталық операциялардың негізділігі – спекуляцияларды болдырмас үшін валюталық операцияларды коммерциялық немесе қаржылық келісімдер негізінде жүргізу;
  • Резиденттерге шетелдерде авуарлары болу құқығын шектеу – бұл капиталдың кетуін болдырмауға негізделген;
  • Валюталық нарыққа қысымды азайту мақсатымен резиденттерге валюталарды тез арада сатып алуға шек қою арқылы қысқа мерзімді операцияларды бақылау;
  • Банктердің валюталық позициясын реттеу;
  • Валюталық операцияларды еркін жүргізілетін операциялар, рұқсат етуді қажет ететін операциялар, тіркелуді қажет ететін операциялар категорияларына бөлу;

Валюталық реттеу дисконттық, девиздік, валюталық қор диверсификациясы, валютаның айналымдығын реттеу, девальвация, ревальвация, валюта бағамын реттеу саясаттары арқылы іске асырылады.

Дисконттық (есептік) саясат – Ұлттық банктің есептік мөлшерлемені өзгертуі. Бұл әрекеттер валюта бағамы мен  төлем балансын халықаралық капиталдың қозғалысы, ішкі несиелендірудегі өзгерістер, ақша массасы, баға, жинақ сұраныс арқылы реттеуге негізделген.

Оның нәтижесі шетелдерден келген капиталдар көлеміне байланысты, бірақ тұрақсыз жағдайда пайыздық мөлшерлемелер капиталдың жылжуына байланысты болмайды.

Девиздік саясат – мемлекеттік ұйымдармен шетел валютасын сатып алу мен сату арқылы валюта бағамына әсер ету әдісі. Ұлттық валюта бағамын көтеру мақсатымен Ұлттық банк валюталарды сатып алады, ал төмендету мақсатымен валютаны ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатады.

Валюталық интервенция, девальвация, ревальвация валюталық реттецудің экономикалық әдістері болып табылса, валюталық шектеу және валютаның айналым қабілеттігінің дәрежесін қадағалау валюталық реттеудің әкімшілік әдісі болып табылады.

Валюталық бағамның режим анықтау мемлекеттің валюталық саясаты мен мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктерімен анықталады. Айналым бағамына байланысты стратегияны таңдаған кезде мынадай аргументтерді қарастыруымыз керек: бағаларды тұрақтандырудың шығындары, инфляцияны төмендету мүмкіншілігі.

Мемлекет валюталық реттеу, яғни валюта бағамын реттеуі арқылы өзге мемлекеттермен импорттық және экспорттық операцияларын реттеуге мүмкіндік алады. Егер А мемлекеті өзінің экспорт көлемін жоғарлатқысы келсе, онда валюта бағамын басқа елдерден салыстырмалы түрде төмендетуге тырысады. Сонда А елінің валютасы басқа елдерге қарағанда арзан болады, сәйкесінше, А мемлекетінің валютасындағы өнім бағасы да төмен. Ал бұл А мемлекетінің экспорттық өнімдерінің бағасын түсіреді, яғни экспорт көлемі көтеріледі. Импорттық операцияларды реттеу де осы механизіммен жүреді.

Көрсеткіштердегі өзгерістердің себептері мен нәтижелерін салыстырып көрейік.

2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 1 АҚШ долларына шаққандағы орташа теңге бағамы 16,7 төмендеген. Ал тауар айналым осы уақыт аралығында 23865,8 млн. АҚШ долларына өскен. Пайыздық тұрғыдан алсақ, валюта бағамының 2003 жылмен салыстырғанда 11,16% төмендеуі тауар айналымын 111,86% жоғарлатқан. Ал бұл, өз орнында осындай аз шамадағы өзгерістің тауар айналымды 100 есе көбейткені валюта бағамының сыртқыэкономикалық қызметтегі ролі зор екенін көрсетеді. Келтірілген есептеулер валюта бағамы мен тауар айналымының арасындағы кері пропорционалды байланыстың барлығын көрсетеді.

Экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – валюта бағамы, валюта саясаты. Нарықтағы шет елдермен қарым-қатынасты жақсарту, одан әрі дамыту барысында валюта бағамы, оның тұрақтылығы, айналысқа түсу қабілеті көптеген мәселелерді шешіп, біразын жеңілдетеді. Сол себептен валюта бағамын реттеу елдің халықаралық сауда да алатын орнын, даму, қарқынын айғақтайтын бірден – бір шама болып табылады.

 

2.2  Тұрақты және құбылмалы валютаның ерекшеліктері.

Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар.1973 жылдан бастап дамыған елдер валюталарды өзара айырбастаудағы тұрақты қатынастардан бас тартып, валюталық нарықтарда сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын «құбылмалы» бағамдарына ауысты. Валюталық нарықтардағы фактілердің тұрақты болмауына байланысты, дамыған батыс елдердің валюталары көп өзгереді, ол бір ай ішінде  5-10 пайыз болуы мүмкін. Мұндай «құбылмалы» валюталық бағамдардың өзгерістері халықаралық есепті жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар туғызады. Осыған байланысты кейбір елдер валюталық топтар құрып, өздерінің валюталары арасындағы тұрақты қатынасты орнатады. Еуропада мұндай топ, Еуропалық валюталық жүйе болып табылады, ол 1979 жылы құрылды, оған батыс Еуропаның 10 елі кіреді (Германия, Франция, Италия, Нидерландия, Дания, Ирландия, Бельгия, Луксенбург, Испания). Осы елдердің валюталық бағамдары бекітілген тұрақты бағамдардан 21,25%-дан артық ауытқымайды. Ағымдағы бағамның жоғары немесе төменгі айытқуы шектеріне жеткен жағдайда ЕВЖ-ге мүше мемлекетттер бекітілген шектерде бағамды ұстау үшін валюталық интервенция және тағы басқа шаралар қолданады; егер бұлар көмектеспесе ұлттық валюталық ресми ревальвациясы немесе девальвациясы жүргізіледі. Кейбір дамушы елдер өздерінің ұлттық валюталарын дамыған батыс валюталарына немесе халықаралық валюталық бірліктерге «байлауға» тырысады. Қазіргі кезде 30-дан аса ел өздерінің ұлттық валюталарын АҚШ долларына, 13-і француз франкасына, 10-нан көбірегі СДР-ге «байлайды».

 

 

III ҚР ұлттық валюта -теңгенің тұрақтандыру мәселесі

Валюта — бұл ақша бірлігі және оны тауар құны мөлшерін өлшеу үшін қолданылады. «Валюта» ұғымы үш мағынада қолданылады: а) сол елдің ақша бірлігі (Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары, Ресей рублі, Жапония иені, Ағылшын фунт стерлингі және т.б.) және онын әртүрлі типтері – алтын, күміс, қағаз; ә) шетел мемлекетінің ақша белгісі, шетел ақша бірлігі түріндегі несие мен төлем құралдары және халықаралық есептеуде қолданылатын — шетел валютасы; б) халықаралық (аймақтық) ақша есептеу бірлігі және төлем құралы (евро).

Валюта қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді:

а)         еркін конверсияланатын (толық қайтарымды) және ол кез-
келген шетел валютасына белгілі баламамен шексіз айырбасталады;

ә) барлық валюталық операция бойынша ішінара (ішінара қайтарымды) конверсияланатын; конверсияланбайтын (қайтпайтын, тұйық) — тек бір елдің шеңберінде айналымда болатын

б)         басқа шетел валютасына айырбасталмайды. Еркін
конверсияланатын валютаға: АҚШ доллары, ағылшын фунт
стерлингі, швейцария франкісі және жапон иені жатады.

Көптеген дамушы елдердің ұлттық валютасы тұйықталған болып келеді. Біздің ұлттық валютамыз «теңгеге» келетін болсақ, ол әлемдегі бірден-бір конверсияланбайтын, тұйық валютаға жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғалым-экономистері «теңгенің» конверсиялануына қол жеткізуін қарастыруда. Олар экономикалық реформаны терендету жолдарын іздестіруде. Шетел мамандарының ойынша, қазір теңгенің конверсияланбауы төмендегідей себептермен түсіндіріледі: а) валюталық курстың жоғарылығы: ә) ішкі бағаның рационалды болмауы; б) тауардың конверсияланбауы. Соңғысын тек қана тұтыну нарығьін баланстандыру жолымен жоюға болады.

Нарыктык экономика жағдайында ұлттық валюта теңге нарықтың Қалыптасуына және онда бәсекенін болуына көмектеседі, ішкі бағаны нактылайды, отандык өндірісті әлемдік деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді. дәйекті сырткы экономикалык мамандануды жүзеге асырады. Осы кезде капиталдың халыкаралык ынтымақтасуының жаңа түрі пайда болып, елдің халықаралық инвесторға айналуы басталады.

Ұлттык валюта теңгенің енгізілуі Казақстан Республикасы -егеменді мемлекетінің барлық атрибутгарының толық безендірілуінің соңғы қадамы болады. Қазақстанның кеп ғасырлық тарихында алғашкы рет өзінің ұлттық ақша бірлігі — теңгеге ие бодды. Ұлттық валютаны енгізу туралы шешім ең дұрыс шешім болып табылады.

Барлық елдерде валютаны конверсиялау жетістік ретінде қарастырылады, прогрессивті өзгерістер нәтижесін жүзеге асырушы және тұрғындардың өмір деңгейін көтеруге бағытталады. Ашық экономикалы қоғамда валютаны конверсиялау ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылықпен байланыстыруда интеграциялық факторларды құрудың басты тетіктеріне айналады. Өзінің тауарлы массасын балама емес айырбастан және экономикалық егемендікті кұрудың басты белгісі бола алды.

Валютаны конверсияландыру дегеніміз алдыменен -жаңаэкономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін жасау, ал валюта-қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта-несие қатынастарын халықаралық стаңдартқа сай қайтақұру. Қазакстан Республикасында өндірістің тұрақты құлдырауы кезінде бюджет тапшылығының, барынша аса ұлғайуында және үздіксіз инфляцияда теңгенің қажетгі конверсиялау шарты мыналар болмақ: а) өнімнің технологиялык ирофилінің импортты ауыстыратын өндірісінің міндетті дамуын қалыптастыру; ә) мемлекеттің төлем балансын жетілдіру; б) инфляцияның қарқынын төмендету. Мемлекет қандайда бір қатаң ақша саясатын жүргізуге тырысады, осы факторларды ескермей теңгенің конверсиялануына қол жеткізу мүмкін емес. Экономиканы көтеру керек, себебі ол сырткы сауданың технологиялық профилінін негізі болып табылады. Бұл ұлттық валютаньщ конверсиялау мәселесін шешуге мүмкіңдік жасайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақсыздануда және оның тезірек жөнделуі үшін жылдар екі себебі оның ар жағында нақты тауар массасы жоқ. Тіпті  әлем елдеріндегі алтын қорының болуы ұлттық валютаға абсолютгік кепілдік бере алмайды. Халықаралық Валюталық Қор «ХВЮ» Бүкіләлемдік банк, Азиялық банк, Еуропалық даму және қайта кұру банктері біздің валютаны қолдайды. Алайда шетелден келген көмек ұлттық жетістігімізге оң салдар жасауы екіталай. Жаңа технологиялы ірі инвестиция бұл басқа шаруа, себебі ол өндірістің кұлдырауын жоюға көмектеседі. Тауар өндірушілер үшін жұмсақ валютаның курстық арақатынасын анықтауды қалыптастыру әкімшілдік емес нұсқауды ұлғайту немесе өнім өндіруді қарастыру керек. Кейінірек төлем одағының дамуымен толық қанды валютаны құру сауалы тууы әбден мүмкін, себебі соның негізінде елдер біріктіріледі. Нәтижесінде қандайда болмасын бір килирингтік валюта болуы мүмкін, сонда біркелкі ұлттық банк құрылады. Бір жағынан — экономикалық саясаттың жалпы бағытталуы мемлекеттің қатаң әрі іргелі ақша-несие саясатын шектен жүргізілетін болса, екінші жағынан – барлық шаруашылық субъектілері өзінің қаржы нәтижесі қызметіне жауапкершілікті күшейтеді.

Валюта қаржылық және тауарлық конверсиялану жағдайына жүзеге асады.

Қаржылық — бұл шетел мемлекеті валютасына конверсиялануы. Тауарлық – бұл кезкелген тауарды шығу тегіне қарамай-ақ алу мүмкіндігі.

Сондай-ақ валютаны конверсиялануы бойынша – сыртқы және ішкі деп жіктейміз. Сыртқы конверсиялану — бұл елдің ішінде ұлттык валютаны қолдануға шектеудің болмауы және оның шетел азаматтарынада (резиденттер) солай болуы. Әрине, бұл жағдайда ішкі нарықтық механизм ұлттық валютаның (еркін таңдауы бойынша) кез келген валютаға, тауар, массасына, әртүрлі бағалы қағаздарға (мемлекеттік және жеке) конверсиялану кепілдігін береді.

Ұлттық валютаны енгізетін уақыт жайында пікірталас көп болды. Біреулер Қазақстан тәуелсіздік алысымен, ұлттық валютаны енгізудің қажеті жоқ, өйткені бұл көп жылдар бойы республикалар арасында қалыптасқан экономикалық байланысты бұзады, сондай-ақ біртұтас сом аймағының игілігін пайдалану мүмкіндігінен айырады деп санады. Енді біреулер ұлттық валютаны неғұрлым тезірек енгізу қажет, тек осы жағдайда ғана еліміз көршіге жалтақтамай өзіндік экономикалық саясатын жүргізе алады деп санады. Дауды уақыттың өзі шешіп берді. Ресей біздің республиканы сом аймағынан шығуға мәжбүр ететін саясат жүргізді. Оның бірі —1993 жылы маусымда Ресейдің жаңа рублінің енгізілуі, 1993 жылғы шілде-тамызда Ресейде ақша реформасының жүзеге асуы еді. Соның нәтижесінде кеңестік сом кәдеге жарамай қалды, Қазақстанға басқа республикалардан ескі ақша бақылаусыз ағылды да, елдің қаржы жүйесі , инфляция күн санап өсті, халықтың тұрмыс деңгейі барынша нашарлап кетті.

Жаңа сом аймағына кіруге Ресей қойған талап Қазақстан үшін мейлінше қолайсыз болды, Қазақстанның негізгі экономикалық мүдделеріне қысым жа-салды, ұлттық егемендікті белгілі мөлшерде шектеу талап етілді. Солардың ішінде,біріншіден, біздің алтын-валюта резервімізді Ресейдің басқаруына беру, екіншіден, Қазақстанды Ресей сомымен қамтамасыз еткенде, ол ақша Ресей алдындағы біздің борыш болып есептеледі деген талаптар болды. Ресей сомын өз валютамыз ретінде пайдалану дербес ақша-несие саясатын жүргізу мүмкіндігін қатты шектейтін еді және қолдағы бар ақшаға байланысты орын алған мәселелердің одан әрі шиеленісу қаупін төндірді. Осының бәрі біртұтас сом аймағын сақтаудан Қазақстан алатын пайданы мүмкін етпейтін еді. Айта кету керек, сол кезде Қазақстан үшін сом аймағында қалу тиімді болатын. Өйткені бұл қалыптасқан экономикалық байланыстардың сақталуына мүмкіндік жасайтын еді, одан басқа, көптеген қазақстандық кәсіпорындар сол кезде де, осы күнге дейін де Ресеймен технологиялық жағынан байланысты болатын. Сондай-ақ біртұтас қаржы кеңістігін сақтауда пайдалы еді. Мұны қазіргі кезде валюта жүйесін жақындастыру, валюталық реттеу, валюталық бақылау жұмысын үйлестіру туралы жүргізіліп жатқан келіссөздер растайды.

—        Теңгені енгізген бетте оның АҚШ доллары жөніндегі бағамы   4,70
теңге еді. Келесі 1994 жылдың соңында ол 54Г26 теңгеге жетті, яғни бірден
11,5 есе қүнсызданды. Келесі 1995 жылдың соңында теңге бағамы 63,95
теңге болды, яғни 13,5 есеге дейін қүнсызданды. Осының себептері қандай?

—        Біздің ел үшін ұлттық валюта енгеннен кейінгі алғашқы екі жыл өте ауыр болды. Қазақстан экономикасы бағаны ырқымен жіберуге және өндірістің құлдырауына байланысты ішкі жалпы өнімнің 1993 жылғы төмендеуі — 9,2 %, 1994 жылы – 12,6%) инфляция бой бермей кетті (1993 жылы – 2165%, 1994 жылы 1158%). Мемлекет тарапынан берілетін дотация мен субсидия тоқтатылды. Импорттық тауарларға қанағаттандырылмаған сұранымның елеулі көлемі, сондай-ақ сыртқы сауданың ырқымен жіберілуі Қазақстанға әкелінетін импорт тауарлар көлемінің өсуін туындатты және оның экспорт көлемінен көп болуы шет ел валютасына сұранымды арттырды, яғни оның бағамының артуына соқтырды.

Теңгені енгізуге байланысты есептер жасалған кезде, ұлттық валютаның тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін факторлардың бәрі де, соның ішінде баға мен сыртқы базардың ырықтылығы да есепке алынған болатын. 1993-1994 жылдары Қазақстанда болған экономикалық жағдайда теңге бағамының айтарлықтай төмендеуі күтілген болатын.

Кейінгі жылдары да теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануының ай-тарлықтай төмендегенін айтуға болады, мәселен 1995 жылы теңге бағамы 17,9 пайыз, 1996 жылы — 15,4, 1999 жылы – 2,8 пайыз төмендеді.

—        Теңгенің одан соң қатты құнсызданып, құлдырауы 1999 жылғы сәуірдің басында болды. Оның себебі көп елге түсінікті сияқты, олар — 1997-1998 жылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі және 1998 жылғы тамыздағы Ресейдегі дағдарыстың әсері, әрі біздің экспорттық тауарларымыз мұнай мен металға әлемдік бағаның төмендеуі секілді, Бұл жерде біз теңгенің
еркін бағамына неге 1998 жылы көшпей, 1999 жылдың сәуіріне дейін созып
келдік деген сұрақ бар.

—        Егер Қазақстан 1998 жылғы Ресейдегі тамыз дағдарысынан кейін бірден теңге бағамын еркін қалыптасуға көшірген болса, бұл Қазақстан экономикасына және теңгенің бағамына айтарлықтай қатты соққы болатын еді. 1998 жылдың күзінде ТМД елдеріндегі қаржы базарларының тұрақсыз жағдайында, сондай-ақ ел ішінде теңгенің айтарлықтай құнсыздануы күтіліп отырған жағдайда теңге бағамын бетімен жіберуде ешқандай логика жоқ болатын.

Ақшаның құнсыздануын күтудің басты себебінің сақталуы (Ресейдегі қаржы ахуалының тұрақсыздығы және ішкі инвесторлардың оның Қазақстан базарына тікелей әсері барына сенімділігі) ақшаның құнсыздануын күтуді жоймаған бо-лар еді, демек ішкі валюталық базарға қысымды азайтпайтын еді.

Ақшаның құнсыздану нәтижесінде жасалған валюталық бағамның кез келген тепе-теңдігі мұндай жағдайда тез арада теңдестігін жоғалтқан болар еді де, бұл валюта базарының дүрбелең жағдайын тудыратынды және оны құлататынды, тиісінше тұтас алғандағы қаржы базарына теріс ықпалын тигізетінді. Теңгенің АҚШ долларына қарағанда аса қатты құлдырауы экономиканың долларлануын күшейткен және капиталдың елден кетуін туғызған болар еді. Мұнан соң ұлттық валютаны валюта базарында қолдау мақсатында елеулі көлемде жасалған интервенция елдің алтын-валюта резервінің апатты қысқаруына әкелер еді.

Үкімет пен Ұлттық банктің 1998 жылдың төртінші тоқсанымен 1999 жылдың бірінші тоқсаны кезінде келісіп жүзеге асырған шаралары валюта базарында тұрақтандырушы ықпал жасау мақсатында істелді. Мұнымен бір мезгілде ақша бағамын төмендетуді жүзеге асырудың ең дұрыс жолын таңдап алу жөнінде жұмыс істеліп жатты. Теңгенің еркін бағамына көшу, біріншіден, сыртқы қолайлы жағдай туған кезде (Ресейде қаржы ахуалы тұрақтанды), екіншіден, ішкі қолайлы ахуал қалыптасқан кезде (қаржы базарындағы ахуал айтарлықтай тұрақты, ақшаның құнсыздануын күту төменгі күйде, ішкі борыш біршама аз болды, ал сыртқы борыш бойынша төлем онша көп болған жоқ) жүзеге асырылды. Осының бәрі жұрт үшін жасалған жұмсартушы қосымша шаралармен бірге (банк салымшылары және зейнетақыны жинақтау қоры үшін) ақшаның құнсыздануының теріс зардабын азайтты.

Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ұлттық банк экономикаға тиетін соққыны жұмсартуға қажетті барлық шараларды қолданды (халық тұтынатын тауарлардың импортын шектеу және басқадай), осының бәрі кейіннен қаржы секторын және азаматтардың әл-ауқатын төмендетпей сақтап қалуға мүмкіндік берді.

— Ұлттық банк пен республика Қаржы министрлігінің басшылары екі жылдан бері теңгенің долларға деген бағамын 150 теңгеге жеткізуге, тіпті одан да жоғарылатуға ынталы екенін өз сөздерінде талай рет айтты. Мұнысын экспортты ұлғайтуға, инвестиция тартуға қолайлы жағдай туындайды деп түсіндіреді. Ал қара халық теңгенің долларға қарағанда әлсірегенін байқай қалса  базардағы бағаны көтере қояды. Яғни теңге құнсызданса, барлық тауарлардың бағасы өседі, инфляция да өседі, халықтың сатып алу қабілеті мен күнкөріс дәрежесі төмендейді.

Ұлттық банктің мақсаты Қазақстан теңгесінің тұрақтылығын және оның нақты құнын қамтамасыз ету екнін, оның жалпы экономикалық ахуалға, төлем балансының жағдайына және басқа да жағдайларға байланысты екенін атап өткім келеді. Осыған байланысты АҚШ-тың 1 долларына бағамды 150 тең-геге және одан да көпке жеткізуге ұмтылыс жоқ екенін айту қажет. Ұлттық банк басқа елдермен эквивалентті (баламалы) тауар айырбасына мүмкіндік туғызатын теңге бағамының тепе-теңдік мәнін табуға ұмтылады. Тек осындай жағдайда ғана ел экономикасы үшін, демек оның азаматтарының әл-ауқаты үшін ең жоғары тиімділікке қол жетеді.

Бағамның не төмен, не жоғары болып кез келген жаққа қарай ауытқуы Қазақ-стан экономикасына теріс әсерін тигізеді. Мәселен, Ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі талабынан едәуір артық етіп құнсыздандыру елдің ұлттық байлығын арзандатылған бағамен (демпинг) сатуға, демек еліміздің азаматтарының әл-ауқатының төмендеуіне апарып соқтырар еді. Керісінше, бағамды шектен тыс күшейту азаматтардың әл-ауқатының тек уақытша ғана жақсаруына әкелген болар еді. Сонымен бірге, бағам қолдан күшейтілген бойда қазақстандық тауарлардың бәсекеге жарамдылығы төмендейді, отандық өндіріс құлдырайды, жұмыссыздық және қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс өседі.

1998 жылғы Ресей дағдарысы және оның іле-шала сомның құнсыздануы, сондай-ақ Украинаның, Беларустың, Қырғызстанның валюталарының құнсыздануы теңгенің айтарлықтай нығаюына әкелді. Нәтижесінде ТМД елдерінің валюталарына қарағанда 1998 жылы 25 пайыз нақты қымбаттады. Алыс шет елдерді есепке алғанда бұл қымбаттау 17 пайыз болды. Осының салдарынан отандық өндірушілердің бәсекелестік қабілеті тек сыртқы ғана емес, ішкі базарда да нашарлады, яғни біздің тауарлар қымбаттай түсті және сатып алуға тиімсіз болып шықты. Бұл 1998 жылғы сыртқы сауда операциялары балансының нашарлауында шешуші рөл атқарды. 1997 жылға қарағанда сауда балансының тапшылығы үш есеге жуық көбейді.

1998 жылдың екінші жартысында ТМД елдерінің экспортының тым қатты құлап түсуі (1997 жылдың тиісті көрсеткішіне қарағанда 43 пайыз) жылды тұтас алғанда Қазақстан экспортының қүнының 15 пайыз төмендеуіңе әкеліп соқты.

ТМД елдерінің валюталарына қарағанда теңгенің нақты қымбаттауы валютаның нақты құнының өзгеруіне икемді ол елдерден тұтыну тауарларының импортының айтарлықтай көбеюін тудырды. ТМД елдерінен әкелінген тұтыну тауарларының көлемі 76 пайыз, оның ішінде Ресейден — 114 пайыз өстіг бұған

1998 жылғы қыркүйекте Ресейден арзан импорттың қаптап кетуі себепші болды.

Егер 1998 жылдың басында өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі байқалса, жылдың екінші жартысында өсу қайта кеміді, ал жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2,4 пайыз кеміді. Экономиканың басқа салаларында да өндіріс көлемі, сыртқы сауда айналымының көлемі төмендеді. Соның нәтижесінде ҰЖӨ-нің 1998 жылғы нақты құлдырауы 1,9 пайыз болды. Жоғарыда аталған факторларға байланысты өндірістің құлдырауы тиісінше кәсіпорындардың қуатын қысқартуға әкеліп соқтырды, ал бұл өз кезегінде жұмыс орнын мәжбүрлі түрде қысқартуды, сөйтіп жұмыссыздар қатарын көбейтуді туындатады. Жұмыссыздық деңгейінің өсуі қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті күшейтеді, атап айтқанда еңбек базарындағы ахуалды шиеленістіреді, азамат-тардың тұрмыс деңгейін төмендетеді.

Біз қалыптасқан әлемдік экономикалық қолайлы жағдайдың сақталуы және төлем балансының оң сальдосы есебінен теңге бағамы тұрақты болады деп күтеміз. Мұндай қолайлы ішкі және сыртқы ахуал таяу арадағы келешекте сақталады деген үмітіміз бар.

Әрине, ұлттық валютаның бағамының күшеюі жүрттың тұрмыс деңгейінің жақсаруына септескен болар еді, бірақ уақытша ғана. Біздің экономикамыздың сипаты шикізатта екенін және әлемдік базардағы ахуалға өте күшті бағынышты екенін ескерген жөн. Ал ертең ахуал өзгере қалса не болмақ?

Бағамды айтарлықтай асыра бағалаған жағдайда жүрт екі рет ұтылатынын 1999          жылғы тәжірибе көрсетті, бірінші рет, ұлттық валютаны амалсыздан қүнсыздандырған жағдайда, жұрттың теңгедей жинаған ақшасы құнын жойды. Екінші рет әлемдік базарда отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі төмендеді. Мұның өзі елде жұмыссыздықты көбейтеді.

Сондықтан, Ұлттық банктің теңге бағамын артық бағалауға жол бермеуге бағытталған қызметі қазіргі жұрттың тұрмыс деңгейінің біраз төмендеуіне соқтырып отырғанымен ұзақ мерзімді келешекте адамдардың жұмыспен қамтылуының, демек тұрақты табыс табуының кепілі іспетті. Валюта курсының саясатын дұрыс таңдай білу үлкен жауапкершілік жүктейді. Аталған уақыт ішінде теңгеге қатысты саясат екі рет өзгеріске ұшырады – ұлттық банктің интервен-цияларымен валюта нарығында бақылаудағы жүзу режимі саясатынан еркін жүзу режиміне ауысты. Онда да Ұлттық банк үлкен ауытқушылықтар орын алған кезде араласа алады. Теңгенің тұрақтылығы сондай-ақ, мемлекеттің алтын валюталық қорына да байланысты, Теңге қолданысқа енген уақытта алтын валюталық қор 500 млн. долларды құраған. Қазіргі таңда еліміздің халықаралық қоры, ұлттық қордың қаржысын қосқанда 14,5 млрд. долларды құрады, яғни 30 есе ұлғайды.

Ұлттық банк валюта нарығын қолма-қол шетелдік валюталар нарығын дамыту арқылы қадағалады. 1995 жылдан бастап банк жүйесін реформалау, яғни оның жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жұмыстары басылды, Халықтық банктерге деген сенімін арттыру үшін 1999 жылы халықтың салымдарына кепіл беру қоры құрылды. Банктер арасындағы бәсекелестіктің дамуы қызмет көрсетудің сапасын арттырып, экономикаға берілетін несиелік ресурстарға төленетін төлемақының бағасын түсірді. Нәтижесінде елімізде кәсіпкерлер тобы қалыптасып, халықтың табысы едәуір артты. Осының арқасында тұтынушыларға несие беру ісі қарыштап дамыды.

Ұлттық банктің негізгі міндеті  ұлттық валюта – теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етудің орындалуына баға беретін фактор – халық салымдарының доллардан теңгеге ауысуы. Бүгінде ұлттық валютамыз сыртқы экономикалық есептеуде де пайдаланылады.

2005 жылы валюталық режимді либерализациялау  бағдарламасы

аяқталды. 2007 жылдан бастап валюталық    операциялар жүргізудегі барлық шектеулер  жойылады.  Теңге толық конвертациялануға қол жеткізді. Теңгенің сапасы мен көркемдік құндылығын  мойындады. Қай заманда болсын, аптын мен күмістен жасалған ақшаны шығару абыройлы іс екенін қазақстандықтар мен еліміздің қонақтары түсінді. Іскерлік қарым-қатынастар дамыту үшін бүдан артық сыйлықты ойлап табу мүмкін емес.

Жоғарыда айтылғапдай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Реелубліжкасының Ұлттык банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырлаиады жәме олардың шарушшылық айналымға түсуі ұлттық банкінің мекемелері арқылы ксоммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банкте рдің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жагдайда Ұлттық банкі деп несие алады.

Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлтттық банк – ақша резервтерінен, алітын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көездеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардам түскеіи табыстар және сәйкес бюджеттердем түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен болінген қаражаттар, мемл екеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика  жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі іс құқықтық формалары бар:

  • оның капиталының қалыптасуы 100% мемліекеттің қара-
    жаты есебінеи болатын унитарлық банк;
  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мем-
    лекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе
    қатысуынсыз);
  • Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз
    банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердіц капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарымам тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларга сәйкес жүргізілетіи операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуғе көмектесу;

– оанктік және оасқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардыц мүдделерін қорғауы.

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халық шаруашылығындагы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндеттің, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;

елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау; ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

– валюталық операцияларды жүргізу ережелерін жәие тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

  • меншікті қаражаттары;
  • басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде
    Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

Қорытынды

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәти-жесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді. Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады. Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі. Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы – дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,  мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.

2.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.

3.«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.

4.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.

5.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.

6.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. – М., 1996.

7.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1999

8.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992

9.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.

10.Банковское дело: стратегическое руководство /Под ред. Платонова В., Хиггниса М. — М.: Консалтбанкир, 1998.

Мерзімді басылымдар тізімі

11.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6

12.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N

13.Коммерциялық банк құрылымы.- «АльПари» 2002ж, 6.

14.»Коммерциялық банктер операциялары», Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.

15.»Банки Казахстана», 2005-ж., N6.

16.»Ұлттық банктің статистикалық бюллетені»-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету