Валюта нарығындағы валюталық реттеудің нысаны мен әдістері

0
30

ВАЛЮТА  НАРЫҒЫНДАҒЫ  ВАЛЮТАЛЫҚ  РЕТТЕУДІҢ  НЫСАНЫ  МЕН ӘДІСТЕРІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 

І ТАРАУ.  Валюта  нарығы  және  валюталық  реттеу  туралы  жалпы  түсінік

1.1.  Валюта  нарығы  және  валюталық  операциялар.

1.2.  Валюталық   нарығын  реттеудің мағынасы мен қажеттілігі.

1.3.   Валюта нарығын  бақылаудың негізгі бағыттары.

ІІ ТАРАУ. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРды  реттеу

  • Негізгі ұғымдар  мен  жалпы  ережелер.
  • Резиденттердің кредит  алуымен  және  резидент  еместердің

резиденттердің  экспорт-импорт  мәмілерін  кредиттеуімен байланысты

операцияларын  тіркеу

  • Резидент еместердің  Қазақстан  Республикасына  тікелей  және

порфельдік  инвестицияларын  тіркеу.

ІІІ  ТАРАУ. Қазақстан  Республикасында  валюта         

нарығын  реттеу

3.1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге

асыратын резиденттер мен резидент еместердің  құқықтары  мен

міндеттері.

3.2. Қазақстан  Республикасында  валюта  операцияларын  жүргізу

ережесі.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Валюталық  жүйелердің  дамуы  өз  кезегінде  валюта  нарықтарының  дамуына  септігін  тигізді.  Валюта  нарығы – FOREX  (Foreign Exchange  Operations – шетелдік  айырбас операциялары) деп аталады.

Қазіргі  уақытта  валюта  нарығы  ең   үлкен  қаржы  нарығы.  Қазақстан  Республикасына бүгінгі  таңда валюта  нарғына  маманданған  көптеген  дилингтік  компаниялар  келіп  жатыр.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына  қатысты   халықаралық   экономикалық   қатынастарға   делдал  болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Қазақстан  Республикасында  КASE  қор  нарығында  тек  акция, облигациялармен  ғана  емес,  сонымен  қатар  валюталармен де  операциялар    жасалады.  Ұлттық  валютамыз – теңге  1999  жылдан бастап  еркін  жүзу  бағамымен  келе  жатыр,  яғни оның  бағамы  сұраныс  пен  ұсыныс  арқылы  анықталатын  болды.  Еркін  жүзу  бағамы – ел  экономикасының  жаңа  дәрежеге  көтерілгенінің  белгісі.

Валюта  нарығы  ел  экономикасын  қан  жүйесі  секілді.  Валюта  нарығын  реттеу  –  бүкіл  ел  экономикасын  реттеудің  алғы  шарты.

І ТАРАУ.  Валюта  нарығы  және  валюталық  реттеу  туралы  жалпы  түсінік

  • Валюта нарығы

Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.

Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға болады.

Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.

Халықаралық есеп айрысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл мемлекетгерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.

Валюталық бағам дегеніміз – бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.

Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды анықтауға болады. Мемлекеттің валюталық нарығында көрсетілген валюталық  бағамды – номиналды бағам деп атайды.

Валюталық бағамның үш түрі бар:

  • белгіленген;
  • өзгермелі;
  • аралас;

Белгіленген валюталық бағам деп  – берілген  мерзім ішінде өзгермей қалынған  бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді. Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.

Өзгермелі валюталық бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы.

Аралас валюталық бағамның мысалы ретінде көптеген дамыған елдерді айтуға болады; оларда өзгермелі бағам да және кейбір жерлерінде белгіленген валюталық бағам да  бар.

Валюталық операциялар дегеніміз – ол меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни, валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. Валюталық операциялар ағымдагы операциялар жане капитал қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.

Ағымдагы операцияларға жататындар:

  • тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;
  • салымдар (депозиттер), инвестициялар,    заем   және   өзге   операциялар   бойынша  девиденттерді, сыйақыларды жөне өзге кірістерді аудару және алу;
  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;
  • капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар мыналар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;
  • интелектуалдық меншік объектілеріне   ерекше   құқықты   толық   беруді   көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды жүргізуге арналған аударымдар;
  • жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;
  • тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу3;

 

1.2.  Валюталық   нарығын  реттеудің мағынасы мен қажеттілігі

Мемлекеттің әлем экономикасына кіруі валюталық қатынастар жүйесінің дамуына әкеледі және олар мемлекет нарығының қалыптасуына әсер етеді. Мемлекеттік реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге, экономиканың тез көтерілуіне жәрдемдеседі. Мемлекетіміздің әлемнің сауда-саттық бірлестігіне кіруіне жағдайна бейімделген.

Валюталық бақылау мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:

  • экспорттық-импорттық валюта бақылауы;
  • қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуді бақылау;
  • капитал қозғалысына байланысты операцияларды бақылау;
  • валюта нарығындағы субектілерге инспекция жүргізу.

Валюталық реттеу дегеніміз – уәкілетті мемлекеітік органдардың                    (валюталық реттеу органдарының) елдің төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығың, ішкі валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргізу тәртібін белгілеу және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметі.

Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік монаполиядан валюталық құндылыққа өту кезенінде Қазақстанда қайшылық пен үдеріс ілесе жүрді. Кейбір мекемелерге дәлелсіз жеңілдіктер берілді, әсіресе реформалаудың бастапқы кезеңіңде. Валюталық саясаттың дұрыс болмауынан сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының көбеюіне әкелді, ол экспорттық-импорттық операциялар бойынша ереже мен нормаларды сақтауына теріс әсер етті. Осының нәтижесі ретінде шетелге капиталдың кетуінің тұрақты тенденциясы байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импортгық контракт есебінен аванс төлемдерін келесіде товарлармен қамтамасыз етпей ақшаны аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай жағдайларда мемлекет кейбір жерінде аталмыш жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуте белсене кірісе бастады. Көкейтесті мөселелердің бірі ретінде валюталық бақылау болды.

Валюталық бақылау капиталдың ағуын сақтап қалуға багытталған, сонымен қатар ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі жасайды. Сондықтан қойылатын сауал экономикалық дамудың қай кезеңінде оны қолдану керек екендігінде. Өнеркәсібі дамыған елдер ДВҚ (дүниежүзілік валюталық қор) қағидаларына қарама-қайшы келетін әкімшілік әдістерін тіптен қолданбайтынына қарамастан, осы әдістерді қолдану тәжірибесі Қазақстан үшін, экономиканың дамуының әр кезеңінде, еңгізуден толық жоюға дейін, үлгі ретінде бола алады.

Валюталық реттеу органдарының биылғы жылғы алдына қойған стратегиялық міндеттерінің бірі – мемлекетте экспорттық-импорттық валюталық бақылауының нығайту.

Валюта бақылауының мақсаты валюта операцияларын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместердің заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

1.3.   Валюта нарығын  бақылаудың негізгі бағыттары

Валюта бақылауының негізгі бағыттары:

  • Жүргізілген валюта операцияларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін және оларды жүзеге асыру үшін қажетгі лицензиялар мен куәліктердің болуын анықтау;
  • шетел валютасындағы төлемдердің контракт шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан негізділігін тексеру;
  • валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығын және дұрыстығын тексеру;
  • валюта бақылауы органдары мен агенттері өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының резидентгері мен резидент еместері жүргізетін валюта операцияларының қолданылып жүрген заңға лицензиялардың немесе тіркеу куәліктерінің шарттарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті;
  • валюта бақылауы органдары өз құзыры шегінде нормативтік актілер шығарады, анықталған тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттері мен резидент еместері орындауға міндеггі болып табылатын заңдарда козделген басқа шараларды қолданады.
  • валюта бақылауы агенттері құқық қорғау органдары мен Қазақстан  Ұлттық Банкіне олардың клиенттері валюта операцияларын  жүргізген кезде жіберген валюта заңдарын бұзудың өздеріне мәлім болған барлық фактілері туралы хабарлауға міндетті;
  • валюта бақылауы агенттері өз қызметін жүзеге асыру үшін алда берілген көзделген жағдайлардан басқа кезде өз клиенттерінен тек олар арқылы жүргізілетін валюта операциялары бойынша ақпарат сұрап алуға құқығы бар;
  • валюта бақылауы органдары өз қызметін жүзеге асыру үшін валюта бақылауы агентгерін тартуға және олардың міндетті түрде орындауы үшін жекелеген тапсырмалар беруге құқы бар. Валюта бақылауы агентгері валюта бақылауы органдарының мұндай тапсырмаларын орындауға және олардың орындалғаны туралы белгіленген мерзімде есеп беріп отыруға міндетті.

ІІ ТАРАУ. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРды  реттеу

КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР  «КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТІРКЕУ ЕРЕЖЕСІ»  арқылы  реттеледі «Валюталық реттеу туралы», «Мемлекетгік және мемлекет кепілдік берген карыз алу мен борыш туралы», «Қақақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және елдің төлем балансы мен сыртқы борышының жай-күйіне шынайы және уақтылы статистикалық есепке алу мен талдауды жүзеге асыру үшін капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тіркеу тәртібін белгілейді.

Капитал қозғалысына байланысты операциялар  6-бетте  көрсетіліп  кеткен.

2.1.  Негізгі  ұғымдар  мен  жалпы  ережелері

  1. «КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТІРКЕУ ЕРЕЖЕСІнің» мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
  • Шарт – кредиттік немесе инвсстициялық келісім, келісім-шарт, құрылтай шарты және капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялар жүзеге асырылатын басқа да құжаттар;
  • Шетелдік еншілес немесе қауымдасқан ұйым – дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп проценті (қатысушылар дау-ыстарының жалпы санынан 10 және одан да көп процент) рези-дентке тиесілі заңды тұлға – резидент емес;
  • ОКПО коды – Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жік-теушісіне сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік статисти-каның уәкілетті органы заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріыс берілетін бірегейлендіру коды;
  • Резидент еместің экспорт-импорт мәмілесін кредитгеуі – резидент еместің резидент еместен сатып алатын тауарларды (жұмысты, қызметті) төлеуге 120 күннен астам мерзімге аванстық төлемі немесе резиденттің Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды (жұмысты, қызметті) төлеуге 120 күннен астам мерзімге төлемді кейінгі қалдыруы;
  • Иинвестициялау объектісі – жарғылық капиталына салым салына-тын (салынған) немесе бағалы қағаздары сатып алынатын (сатып алынған) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
  • Резидент емес-кредитордың резидент-заемшыға қатынасы – рези-дент емес пен резидент арасындағы мәмілелердің экономикалық нәтижелеріне әсер етуі мүмкін резидент еместің резидентке қатысты экономикалық-құқықтық сипаггамасы. Резидент емес-кредитордың резидент-заемшыға қатынастары мынадай болуы мүмкін: тікелей шетелдік инвестор, шетелдік еншілес немесе қауымдасқан ұйым, басқа да қатынастар;
  • Портфельдік инвестициялар – мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың басқа да баға-лы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ заңды тұлғаның акцияларын сатып алу (қатысушының салым енгізуі), оның нәтижесінде осын-дай сатып алуды (салым енгізуді) жүзеге асыратын тұлғаға осы заңды тұлғаның дауыс беретін акциялардың 10 процентінен аз (қатысушылар дауыстарының 10 проценгінен аз) тиесілі болады;
  • Тікелей шетелдік инвестор – тікелей инвестицияларды инвестиция-лау объектісіне жүзеге асыратын (жүзеге асырған) заңды немесе резидент емес жеке тұлға;
  • Тікелей инвестициялар – интеллектуалдық творчестволық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды қоса алғанда ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар және заңды тұлғаның акция-ларын (қатысушылардың салымдарын) төлеуге басқа да мүлік са-лымдары, оның нәтижесінде осындай салымдарды жүзеге асыратын адамға осы занды тұлғаның дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп проценті (қатысушылар дауыстарының жалпы санынан 10 және одан да көп процент) тиесілі болады;
  • Қайта инвестициялар – тікелей шетелдік инвестордың Қазақстан Республикасының аумағында бұрын жүзеге асырылған инвестициялардан алынған кірістерді инвестициялау объектісіне салуы;
  • Уәкілетті банк – валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша жүзеге асыратын, банк заңдарында көзделген операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк;
  • Уәкілеггі мемлекеттік орган – мемлекетгік мүлікті иелену, пай-далану мен басқару жөніндегі қатынастарды реттейтін мемле-кеттік басқару органы, сондай-ақ инвестициялау объектісіне қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің қызметін атқаратын мемлекеттік органдар.
  1. Қазақстан Республикасына баламасы 100 мың АҚШ долларынан асатын сомада мүліктің (қаражаттың) түсуін көздейтін капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың мынадай түрлері тіркелуі тиіс:

1)  қаржылық лизингті қоса алғанда резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге кредиттер алуы;

2)  резидент еместердің экспорт-импорт мөмілелерін кредиттеуі;

3) резидент еместердің Казақстан Республикасына тікелей жөне портфельдік инвестициялар түріндегі инвестициялары;

4) резидентгердің интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беру үшін төлем жасауға резидент еместердің аударым жасауы;

5)  жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеу үшін резидент еместердің аударым жасауы.

  1. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген операцияларды тіркеуге тиісті Шартты тіркеу және осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркелген шарт бойынша қаражаттың нақгы қозғалысы туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсыну жатады.
  2. Резидент-Шарттың қатысушысы (бұдан әрі – резидент) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген операциялар жүргізуді көздейтін Шартты тіркеуге міндетгі болып табылады.
  3. Шартты тіркеу үшін резидент өзінің заңды мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (бұдан әрі – филиал), ал 20, 21, 28-тармақтарда көзделген жағдайларда – Ұлттық Банкке шарт күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде өтініш беруге міндетті.
  4. Өтініш берушінің осы Ережеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынғанынан бастап 10 жұмыс күні ішінде филиал, ал 20, 21, 28-тармақтарда көзделген жағдайларда – Ұлттық Банк Шартты тіркейді. Тіркеу жүргізілгеннен кейін Шартты тіркеу туралы белгіленген үлгідегі тіркеу куәлігі беріледі (осы Ереженің 1-қосымшасы).
  5. Шарттарды тіркеген резиденттер филиалға немесе Ұлттық Банкке тіркелген Шарт бойынша қаражаттың накты қозғалысы туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
  6. Резидент Шартты тіркеу орны бойынша филиалға (немесе Ұлттық Банкке) тіркелген Шарттың қолданылу кезеңінде туындайтын барлық өзгерістер мен толықгырулар туралы осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін бір айлық мерзімде хабарлауға міндетті. Мынадай шарттардың ең болмаса бірі: Шарттың сомасы, Шарттың қолданылу мерзімі, Шартқа қатысушылар, Шарттың мәні, сондай-ақ резиденттің орналасқан жері (басқа облысқа көшу) өзгерген кезде осы Ереженің 10-тармағында көзделген жағдайлардан басқа Шартты қайта тіркеу талап етіледі.

Сонымен бірге резиденттердің 120 күннен астам мерзімге кредит алуды немесе резидент еместердің резиденттердің 120 күннен астам мерзімге экспорт-импорт мәмілелерін кредиттеуін көздейтін Шарттар резидент емес-кредитордың резидент-заемшыға қатынасы өзгерген жағдайда қайта тіркеледі.

Енгізілген өзгерістер мен толықгыруларды растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынғаннан кейін осы Ереженің 14,18, 19 не 27-тармақтарына сәйкес Шартты қайта тіркеу жүзеге асырылады.

Қайта тіркеу жүргізілгеннен кейін Шартты тіркеу туралы белгіленген үлгідегі тіркеу куәлігі беріледі (осы Ереженің 1-қосымшасы).

  1. Шартты қайта тіркеген кезде бұрын берілген тіркеу куәлігінің күші жойылды деп танылады және оның түпнұсқасы филиалға қайтарылуы тиіс.
  2. Тараптар Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, кредитор борышты толық не ішінара есептен шығарған (кешірген) жағдайда Шартты қайта тіркеу талап етілмейді.
  3. Тіркеу куәлігі тараптардың міндеттемелерді толық орыңдауына дейін қолданылады. Тараптар тіркелген Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін, сондай-ақ кредитор борышты толық есептен шығарған (кешірген) жағдайда тіркеу куәлігі күші жойылды деп есептеледі.
  4. Тіркеу куәлігінің түпнұсқасы жоғалған жағдайда резидент өтініші бойынша тиісті Шартгы тіркеген филиал (Ұлттық Банк) тіркеу куәлігінің көшірмесін береді.

Тіркеу куәлігінің көшірмесін алу үшін резидент филиалға тіркеу куәлігін жоғалту себептері мен жағдайларын көрсете отырып өтініш ұсынуға тиіс.

филиал құжаттар келіп түскеннен бастап бес жұмыс күні ішінде тіркеу куәлігін ресімдейді және көшірмесін береді.

Тіркеу куәлігінің көшірмесі «Көшірме» деген сөзді және көшірме берілген күнді көрсете отырып бастапқы тіркеу куәлігінің нөмірі және күнімен беріледі.

  • Резиденттердің кредит  алуымен  және  резидент  еместердің

резиденттердің  экспорт-импорт  мәмілерін  кредиттеуімен байланысты

операциялар

  1. Мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік сыртқы заемдар, мемлекеттік емес сыртқы заемдар туралы келісімдер, сондай-ақ осы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылатын операциялар осы Ережеге сәйкес тіркелуге тиіс емес.
  2. Шарттарды тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжаттарды ұсынады:
  • Шартты тіркеуге өтініш (осы Ереженің 2-қосымшасы);
  • Шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
  • Шарт бойынша қаражаттың түсу (алу) және берешекті өтеу кестесі (осы Ереженің 3-қосымшасы);
  • Еркін нысанда жасалған тиісті Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетті банктің растауы (банктерді қоспағанда);
  • Өтініш берушінің статистикалық карточкасының көшірмесі;
  • Жүк-кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің және тараптардың өтініш беру сәтіне осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
  • Егер Шарттың талаптарында қаражаттың үшінші адамдар резидент еместердің есепшоттарына есептеу немесе/және осы Шартқа қызмет көрсету үшін шетелдік банкте есепшот ашу көзделген болса Ұлтгық Банк лицензиясының көшірмесі;
  • Салық органының өтініш берушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
  • Жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  1. Резиденттер (банктерден басқа) есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді филиалға белгіленген нысанда (осы Ереженің 4-қосымшасы) ұсынады. Сонымен бірге ұсынылған есеп беру нысаны бойынша мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында Ұлттық Банк кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты    бойынша үзінділердің жене Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін талап етуге құқылы.
  2. Шарт қатысушы банктер тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ста-тистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 28 мамырдағы № 18 қаулысымен бекітілген мемлекеттік статистикалық есеп берудің № 11-ОБ нысаны бойынша Ұлттық Банкке ұсынуы  тиіс.
  3. Резидент еместерден кредит алумен немесе резидент еместердің резиденттердің экспорт-импорт мәмілелерін кредиттеуімен байланысты ағымдағы валюталық операциялар бойынша резидент міндеттемелерін рези-дент еместің өз міндеттемелерін орындағанынан кейін 120 күн ішінде орындамаған жағдайда, мұндай операциялар капитал қозғалысымен байланысты валюталык операциялар болып саналады. Осы Ережеде көзделген тәртіппен тиісті Шартты тіркеу үшін резидент ағымдағы операциялардың капитал қозғалысымен байланысты операцияларға ауысу күнінен бастап бір айлық мерзімде филиалға өтініш беруге міндетті.

Осыған орай резидент еместің міндеттемелерін орындауынан бастап 120 күн өткеннен кейін резидент берешегінің жиналған сомасы баламасы 100 мың АҚШ долларынан асатын жағдайда резидент еместердің резиденттердің экспорт-импорт мәмілелерін кредиттеуімен байланысты ағымдағы валюталық операциялары бойынша Шартты тіркеу жүзеге асырылады.

 

2.3.  РЕЗИДЕНТ  ЕМЕСТЕРДІҢ  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНА  ТІКЕЛЕЙ ЖӘНЕ  ПОРТФЕЛЬДІК

ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН  ТІРКЕУ

  1. Тікелей инвестицияларды тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжаттарды ұсынады:
  • Шартты тіркеуге өтініш (осы Ереженің 5, 6, 7-қосымшалары);
  • Шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
  • өтініш берушінің статистикалық карточкасының көшірмесі;
  • еркін нысанда жасалған тиісті Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетті банктің растауы (банктерді қоспағанда);
  • жүк-кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің және тараптардың өтініш беру сәтіне осы Шарт бойынша міндетгемелерін орындауын растайтын басқа да құжат-тардың көшірмелері;
  • бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға берген лицензияның көшірмесі;
  • инвестициялар жүзеге асыры-латын бағалы қағаздардың эми-тенттері үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган берген бағалы қағаздар эмиссия-сын мемлекеттік тіркеу немесе акцияларға ұлттық бірегейлендіру нөмірін (ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін) беру туралы куә-лігінің көшірмесі;
  • салық органының өтініш берушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
  • жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  1. Портфельдік инвестицияларды (резидент еместердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алудан басқа) тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжаттарды ұсынады:
  • Шартгы тіркеуге өтініш (осы Ереженің 5, 7-қосымшалары);
  • Шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
  • өтініш берушінің статистика-карточкасының көшірмесі;
  • еркін нысанда жасалған тиісті
  • Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетті банктің растауы (банк-терді қоспағанда);
  • бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға берген лицензияның көшірмесі;
  • инвестициялар жүзеге асырылатын бағалы қағаздардың эми-тенттері үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетгі орган берген бағалы қағаздар эмиссия-сын мемлекеттік тіркеу немесе акцияларға ұлттық бірегейлендіру нөмірін (ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін) беру туралы куә-лігінің көшірмесі;
  • салық органының өтініш берушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін.
  1. Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының резидент еместердің акциялардың мемлекеттік пакеттерін (мемлекетгің салымдарын) сатып алуымен байланысты операциялары Ұлттық Банкте тіркеледі.

Тіркелу үшін уәкілетті мемлекеттік орган – Шарттың тарабы Ұлттық Банкке өтініш (осы Ереженің 5, 6, 7-қосымшалары) және Шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

  1. Резидент еместердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу жөніндегі операциялары капиталдың халыкаралық рыноктарында бастапқы орналастырылуы кезінде Ұлтгық Банкте тіркеледі.

Тіркелу үшін эмитент Ұлттық Банкке өтінішті (осы Ереженің 5, 7-қосымшалары) және Шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

  1. Резидент еместердің Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі операциялары филиалда (Ұлтгык Банкте) тіркелуге тиіс емес. Орталық депозитарий ай сайын Ұлттық Банкке бағалы қағаздардың бастапқы жене қайталама рыноктарында жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялары бойынша ақпарат ұсынады.
  2. Инвестициялау объектісі болып табылатын резидент (банктерден басқа) тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді филиалға белгіленген нысанда (осы Ереженің 8-қосымшасы) ұсынады.

Сонымен бірге көрсетілген мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында Ұлттық Банк немесе оның филиалы кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің, бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есептің, ақша қозғалысы туралы есептің және Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін талап ету-ге құқылы.

  1. Инвестициялау объектісі болып табылмайтын резидент (бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы) тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін тіркелген Шартқа қызмет көрсету туралы мәлі-меттерді белгіленген нысанда (осы Ереженің 9-қосымшасы) ұсынады.
  2. Уәкілетті мемлекеттік ор-ган тоқсан сайын есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін акциялардың мемлекеттік пакеттерін (мемлекеттің салымдарын) сатуға арналған Шарттың тіркелу орны бойынша осы Шарт женінде бюджетке түсімдер тура-лы мәліметтерді белгіленген нысанда (осы Ереженің 10-қосымшасы) ұсынады.
  3. Резидент еместердің қайта инвестициялары осы Ережеге сәйкес тіркелуге тиіс емес.
  4. Кәсіпорынды жалға алу. жылжымайтын мүлікке меншік құқығын төлеу шарттары (кәсіпорындарды тұтастай мүліктік кешен ретінде қоса алғанда) негізінде, Сатып алу-сату шарттары негізінде резиденттердің резидент еместерге интеллектуалдық мен-шік объектілеріне ерекше құқық берумен, уақытша иелену құқығын төлеу және тұтастай алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ре-тінде пайдаланумен байланысты операцияларды тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжат-тарды ұсынады:
  • өтініш (осы Ереженің 11-қо-сымшасы);
  • Шарттың нотариат куәлан-дырған көшірмесі;
  • өтініш берушінің статистика-лық карточкасының көшірмесі;
  • еркін нысанда жасалған тиісті Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетгі банктің растауы (банк-терді қоспағанда);
  • салық органының өтініш бе-рушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін.
  1. Тараптардың бірі Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылатын резидент еместердің кәсіпорынды жалдау және жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары Ұлттық Банкте тіркеледі.

Тіркелу үшін уәкілеггі мемле-кетгік орган – Шарттың тарабы Ұлттық Банкке өтініш (осы Ере-женің 11-қосымшасы) және Шарттың нотариат куәландырған көшірмесін береді.

  1. Резиденттер есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін Шарттың тіркелу орны бойынша тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді филиалға белгіленген нысанда (осы Ереженің 12-қосымшасы) ұсынады.

Сонымен бірге ұсынылған есеп беру нысаны бойынша мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында Ұлттық Банк (филиал) клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің немесе Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін талап етуге құқылы.

  1. Мүліктік жалдау шарттары негізінде резидент еместердің жылжымайтын мүлікті уақытша иелену мен пайдалану құқығын төлеуі (мүліктік кешен ретіндегі тұтастай кәсіпорыннан басқа) резидент емес резиденттің міндеттемелерді орындауына дейін 120 күндей бұрын жалдау ақысын төлеген жағдайда тіркелуі тиіс.

Шартты тіркеу және тіркелген шарт бойынша мәліметтер ұсыну осы Ереженің 14-16-тармақтары-на сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Қатысушылар (тараптар және үшінші тұлғалар) бірнеше резидент болып табылатын Шарттарды тіркеу кезінде тіркеу куәлігінде барлық қатысушылар (кредитор заемшы – төлем жасаушы, кредитор – заемшы– кепіл, инвестор – сатушы инвестициялау объектісі, инвестор – қаржы дел-далы – инвестициялау объектісі, сатып алушы – сатушы – алушы, сондай-ақ Шартгардың басқа да қатысушылары) көрсетіледі.
  2. Бірнеше резидент қатыса-тын Шарттар бойынша осы Ере-женің 4, 7-тармақгарында көзделген міндеттер резидентке – Шарттың тарабына –қаражат алушыға жүктеледі. Резидент еместен Шарт бойынша қаражатты алушы болып табылатын бірнеше резидент Шарттың тараптары болған жағдайда үлесіне Шарт сомасының басым бөлігі келетін резидентке Шартты тіркеу міндеті жүктеледі.

Резидентгер Шартқа тең үлесте қатысқан жағдайда Шартты тіркеуге қатысушы резиденттің бірі өтініш беруі мүмкін. Осыған орай барлық резиденттер-Шарттың қатысушыларына тіркеу жөніндегі міндет жүктеледі және олар осы талаптың орындалмауына бірдей жауап береді.

Қатысушы-резидентке, филиалға тіркеу туралы бірінші өтінген адамға тіркеу куәлігі беріледі. Резидент еместің пайдасына төлем жасаған кезде және/немесе баска да қатысушы-резиденттер осындай Шарт бойынша резидент еместен қаражат алған кезде уәкілетті банкке төлем негізділігін және/немесе қаражаттың алынуын растайтын құжаттардың көшірмелері (оның ішінде нотариат куәландырған Шарттардың, Ұлттық Банктің тіркеу куәлігінің көшірмелері) ұсынылады.

Шартты тіркеген қатысушы-резиденттен тіркеу куәлігінің көшірмесін алу мүмкін болмаған жағдайда басқа да қатысушы-резиденттер өздерінің заңды мекен-жайы бойынша тіркеу куәлігінің көшірмесін ұсыну туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш бере алады.

Осы Ереженің 4, 8, 9, 10 неме-се 12-қосымшаларында көрсетіл-ген мәліметтерді ұсыну міндеті

тіркеу куәлігінің түпнұсқасын алған резидентке жүктеледі. Тіркеу куәлігінің түпнұскасын алған резиденттің жазбаша келісімімен үшінші тарап-резидент (төлем жасаушы) тиісті нысандағы тоқсан сайынғы мәліметтерді ұсынуға жауапкершілікті өзіне алуы мүмкін, бұл туралы ол жазбаша нысанда өзінің заңды мекен-жайы бойынша филиалға хабар береді.

  1. Тіркелген Шарттар бойынша шынайы және толық статистикалық есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк апта сайын уәкілетті банктерге және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне (қаражаттың тауар түрінде ауысуын көздейтін мәмі-лелер бөлігінде) тіркеу нөмірін, күнін, резидент-мәміле қатысушысының атауын, Шарттың сомасын, өтініш беру күніне Шарт бойынша түсімдер сомасын, өтініш беру күніне резидент борышы негізгі сомасының қалдығын көрсете оты-рып (кредиттер және экспорт-импорт мәмілелерін кредиттеуі бойынша) жаңадан берілген және күші жойылған тіркеу куәліктері туралы акпаратты ұсынады.

Екінші деңгейдегі банктер Ұлтгық Банкке тіркелген Шарттар бойынша қаражаттың қозғалысы туралы ақпаратты ай сайын ұсынады (осы Ереженің 13-қо-сымшасы).

  1. Капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тіркеу тіркелген операциялар бойынша қатысушылардың міндеттемелеріне қатысты Ұлттық Банк тарапынан қандай да бір міндеттемелерсіз жүзеге асырылады.

Ұлтгық Банктің тіркеу куәлігінің бар болуы Қазақстан Республика-сының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын бұзуға жауапкершіліктен босату үшін негіздеме болып табылмайды.

  1. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Респуб-ликасының зандарына сәйкес қолданылады.
  2. Осы Ережеде ретгелмеген мәселелер Қазақстан республикасының зандарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

ІІІ  ТАРАУ. Қазақстан  Республикасында  валюта

нарығын  реттеу

3.1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге

асыратын резиденттер мен резидент еместердің  құқықтары  мен

міндеттері

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:

  • валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерімен танысуға;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен валюта бақылауы агенттері мен органдарының іс-әрекетіне шағым жасауға;
  • Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік қүқықтық актілерінде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:

  • валюта бақылауы органдары  мен   агенттеріне  барлық  сүраған  қүжаттар  мен   валюта операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттарды беруге;
  • валюта бақылауы органдары мен агенттеріне өздері жүргізген тексеру барысында, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша түсініктеме беруге;
  • валюта бақылауы органдары  мен  агенттері  жүргізген  тексеру  актілерінде   баяндалған фактілермен келіспеген жағдайда, бұл актіге қол қоюдан бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме беруге;
  • өздері жүргізетін валюта операциялары бойынша есеи жүргізіп және есеп беріп, олардың кемінде бес жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
  • валюта бақылауы органдарының  анықталған  тәртіп   бүзушылықтарды   жою   жөніндегі талаптарын (нүсқауын) орындауға;
  • Қазақстан Реслубликасының вапюта заңдарында белгіленген басқа талаптарды орындауға міндетті.

3.2. Қазақстан  Республикасында  валюта  операцияларын  жүргізу

ережесі

Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заңы 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданды және қазіргі уақытта сол заңға көптеген толықтырулар мен өзгертулер еңгізілуде.

ҚР-да валюта  операцияларын  жүргізу  ережесі  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі          № 115 қаулысымеп бекітілген.

Осы Ереже «Валюталық реттеу туралы» және «Қазақстан Республи-касының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жасалды, ол валюта операцияларын жүргізу тәртібін айқындайды және валюталық бақылауды жүзеге асырудың негізгі принциптерін белгілейді.

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер мен резидент еместер жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілерінде көз-делген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк опе-рацияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілстті ұйымдар (бұдан әрі – уәкілетті банктер) арқылы жүзеге асырылады.
  3. Резиденттер мен резидерент еместер уәкілетті банктердегі банктік есепшоттарды Ұлтгық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен ашады, жүргізеді және жабады.
  4. Резидент және/немесе резидент емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде уәкілетті банкке Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы Ережеде және Ұлттық Банктің басқа да нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент және резидеент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымын жүзеге асыруға құқылы емес .
  5. Резидент Ұлттық Банктің лицензиясының және/немесе тіркеу куәлігінің болуы талап етілетін валюта операциялары бойынша төлем жасаған және/немесе ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензияның және/немесе тіркеу куәлігінің түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін, олардың көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал тұпнұсқалары резидентке қайтарылады.

Осы тармақта айтылған валюта операцияларын жүргізу нәтижесінде алынған ақша резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктің лицензиясын және/немесе тіркеу куәлігін ұсынбаса да уәкілетті банк түскен ақшаны резиденттің банктік  есеп-шотына аударуға құқылы, резидентке мұндай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиіс.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде жүзеге асырылатын төлемдерді қоспағанда уәкілетті банкке талап етілген құжаттарды бергенге дейін резиденттің төлемдерді және/немесе ақша аударуды жүзеге асыру үшін мұндай ақшаны жұмсауға құқығы жоқ. Ре-зидент Ұлттық Банктің лицензиясын және/немесе тіркеу куәлігін бермеген жағдайда оның банктік есепшотына ақша аударылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін уәкілетті банк мұндай фактілер туралы Ұлттық Банкке хабарлауға міндетті.

  1. Ұлттық Банк лицензиясының болуы талап етілетін капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары тиісті түрде валюталық бақылау жасау міндеті жүктелетін бір уәкілетті банк арқылы өткізілуге тиіс. Уәкілетті банк өзгерген жағдайда резидент мәмілені орындауға және валюталық бақылауға қабылдаған бұрынғы банкке бұл жөнінде хабарлауға міндетті. Мәмілені орындауға және валюталық бақылауға қабылдаған бұрынғы уәкілетті банк мәмілені ор-ындауды және валюталық бақылауды басқа уәкілетті банкке бергені туралы лицензияның түпнұсқасына тиісті жазбалар жасауға, сонымен бірге оның толық атауын көрсетуге міндетті. Мұндайда валюталық бақылауды басқа банкке берген уәкілетті банк сонымен бір уақытта осы банкке бұрынғы жасалған барлық төлемдер мен ақша аударымдары және/немесе тауар жеткізу, жұмыс, қызмет көрсету (олар болған жағдайда) туралы мәліметтер жіберуге міндетті.
  2. Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер мен ақша аударымдары осы Ережеде, Ұлттық Банктің басқа да нормативтік құқықгық актілерінде, салық және кеден заңнамасында көзделген жағдайлар-ды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана жүргізілуге тиіс.

Уәкілетті банктер резиденттердің және/немесе резидент еместердің валюталық операциялар жүргізу жөнінде банктік қызметке ақыны тараптардың келісуі арқылы ұлттық валютамен немесе шетел валютасымен алады.

Резиденттер арасында жасалған шарттар бойынша, оның ішінде банктік қызмет көрсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлдары (айыппұлдар, өсімпұлдар) ұлттық валютамен төленеді.

  1. Уәкілетгі банктер валюталық құндылықтарды резиденттерге және резидент еместерге шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредиттер беру үшін кепіл ретінде кабылдай алады.
  2. Ұлттык Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша шетелдік инвестор және мемлекет уәкілеттік берген заңды тұлға немесе мемлекеттік орган құрған резиденттерге – заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес аса маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін баламасы 100 миллион АҚШ долларынан кем болмайтын сомаға рұқсат беруге, Қазақстан Респуб-ликасының резиденттері мен операциялардың жекелеген түрлерін шетел валютасымен жүргізуге құқылы.
  3. Төлем карточкаларын пайдалана отырып валюта операцияларын жүргізу тәртібі осындай қатынастарды реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құкықтық актілерінде белгіленеді.
  4. РЕЗИДЕНТТЕР МЕН РЕЗИДЕНТ ЕМЕСТЕР АРАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
  5. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары тараптардың келісімі бойынша кез келген валютамен жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың банктік есепшоттары арқылы ғана жүзеге асырылады.
  6. Резиденттер мен резидент еместердің уәкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы валюта операциялары Қазақстан Республикасы заңнамасы-ның талаптары сақтала отырып шектеусіз жүргізіледі. Егер экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға немесе кредиттер алуға немесе беруге байланысты ағымдағы валюта операциялары бойын-ша тараптардың бірінің міндеттемелері екінші тараптың міндеттемелері орындалғаннан кейін 120 күннің ішінде орындалмаса, онда мұндай операциялар капитал қозғалысына байланысты валюта операциялары болып саналады және Қазақстан Республикасьшың заңнамаларына сәйкес Ұлттық Банкте лицензиялануға немесе тіркелуге тиіс.
  7. Резидент еместер мен резиденттер немесе резидент еместер арасында жасалған шарттарға үшінші резидент тұлғалардың шетел валютасымен немссе ұлттық валютамен ақы төлеуіне төлем жасалатын және/немесе ақша аударылатын тұлғаның және жоғарыда аталған үшінші резидент тұлғаның арасында жасалған тиісті шарт болған жағдайда рұқсат беріледі.
  8. Ұлттық Банктің лицензиясының болуы талап етілетін валюта операцияларын жүргізген жағдайда резидент – үшінші тұлға уәкілетті банкке төлем жасала-тын және/немесе ақша аударылатын мәмілеге қатысушы рези-дент алған осындай лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті. Төлем жасалғаннан кейін және/немесе ақша аударылғаннан кейін осы операцияны жүргізген уәкілетті банк үш жұмыс күні ішінде төлем жасалған және/немесе ақша аударылғаны туралы ақпаратты Ұлттық Банктің лицензиясында көрсетілген мәмілеге қатысушы резиденттің банкіне жіберуге міндетті. Ұлттық Банктің лицензиясында көрсетілген мәмілеге қатысушы резиденттің банкі осындай лицензия бойынша жасалған төлемдердің және/немесе ақша аударымдарының жалпы сомасына бақылау жасайды және олардың сомасы лицензияда көрсетілген сомадан асып ксткен жағдайда мұндай фактілер жөнінде Ұлттық Банкке хабарлайды.
  9. УӘКІЛЕТТІ БАНКТЕРДІҢ ЖӘНЕ   РЕЗИДЕНТ  ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ  ВАЛЮТА  ОПЕРАЦИЯЛАРЫҢ  ЖҮРГІЗУ
  10. Резидент заңды тұлғалар валюта операцияларын жүргізу үшін уәкілетті банктерде банктік есепшоттар ашуға міндетті.
  11. Резидент заңды тұлғалардың уәкілетгі банктердегі банктік есепшоттарына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген тәртіппен түскен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған операциялар жүргізу нәтижесінде алынған шетел валютасы шектеусіз есепке алынады .
  12. Тауар (жұмыс, қызмет) экспорты үшін ақы төлеу ретінде резидент заңды тұлғалар алған валюта, егер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес резидент заңды тұлға алған Ұлттық Банктің тиісті ли-цензиясында басқаша көзделмесе, тауар (жұмыс, қызмет) экспорты күнінен бастап 120 күннің ішінде уәкілетті банктегі олардың банктік есепшотына міндетті түрде аударылуға тиіс .

Кредит және/немесе инвестиция ретінде резидент заңды тұлғалар алған шетел валютасы, егер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес резидент алған Ұлттық Банктің тиісті лицензиясында басқаша көздел-месе, уәкілетті банктегі олардың банктік есепшотына міндетті түрде аударылуға тиіс .

Жарғылық қызметі сыйға тарту, қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және өзге де түсімдер ретіндегі қайырымдылық қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған резидент заңды тұлғалардың пайдасына түскен ше-тел валютасы қолма қол, сол сияқты қолма қол жасалмайтын төлем тәртібімен де олардың уәкілетті банктегі есепшоттарына міндетті түрде есептеледі.

Баска да резидент заңды тұлғалардың пайдасына сыйға тарту, қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және өзге де түсімдер ретіңдегі қолма қол жасалмайтын төлем тәртібімен түскен шетел валютасы да сол сияқгы олардың уәкілетті банктегі есепшоттарына міндетгі түрде есептелуі тиіс.

  1. Резидент заңды тұлғалар уәкілетті банктегі олардың есеп-шоттарындағы шетел валютасын Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына қайшы келмейтін мақсаттарға пайдалана алады.
  2. Уәкілетті банк ақша төлеу мен аударуды резидент заңды тұлғалар тиісті түрде ресімделген құжаттарды (шарттарды, келісім-шарттарды, келісімдерді, инвойстарды, коносаменттерді және басқаларын) ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.

Уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында жүргізілетін валюта операцияларына қатысты қажетті ақпараттар мен құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.

  1. Резидент заңды тұлғалардың банктік есепшоттарынан қолма қол шетел валютасы резидент емес қызметкерлерге жалақы төлеу үшін және қызметкерлердің шет елдерге қызметтік іс-сапарларға баруына байланысты шығыстарға арнап алынуы мүмкін. Резидент занды тұлғалар қолма-қол шетел валютасын алу үшін уәкілетті банкке тиісті түрде ресімделген құжаттарды (іс-сапар туралы бұйрық, іс-сапар шығыстарының сметалары, жалақы төлеу туралы өтініш және басқ-алар) ұсынуы тиіс.

Резидент заңды тұлғалар бұрын алған қолма-қол шетел валютасының жұмсалмаған бөлігі уәкілетті банктегі банктік есеп-шоттарға міндетті түрде есеп-теледі. Бұрын алынған қолма-қол шетел валютасын уәкілетті банктегі банктік есепшотқа есептеу жөніндегі міндет осы валютаны алған резидент заңды тұлғаға жүктеледі.

Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруға берген лицензиясы бар резидент заңды тұлғалар уәкілетті банктердегі  өздерінің банктік есепшоттарынан айырбас операцияларын жүр-гізу үшін қолма-қол шетел валютасын алуына болады.

  1. Резидент заңды тұлғалар ішкі валюта рыногында тек қана мына мақсаттарға арнап:
  • резидент еместердің пайдасына төлем жасауға және ақша аударуға;
  • уәкілетті банктерден шетел валютасымен алынған кредиттер бойынша міндеттемелерді орындауға;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іс-сапар және өкілдік шығыстарына;
  • Ұлттық Банктің осы қатынастарды реттейтін нормативтік құ-қықтық актілерінде көзделген негіздер бойынша корпоративтік карт-есепшотты толтыруға ;
  • жеке тұлғалардың шетел валютасымен салымдары (депозиттері) бойынша өтемдерді төлеуге (ұйымдар үшін жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) бойынша);
  • қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жасауға (Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруға берген лицензиясы бар заңды тұлғалар үшін) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларға арнап шетел валютасын алуына болады.
  1. Резидент заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алуға тапсырыс ресімдеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуі тиіс, сондай-ақ шетел валютасы сатып алынатын операцияларды жасау қажеттігін растайтын құжаттарды қоса береді және банкке осы валютаны оны сатып алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде белгіленген мақсат бойынша пайдаланбаған жағдайда ішкі валюта рыногында ағымдағы рыноктық бағам бойынша сатуға уәкілетгі етуі тиіс.
  2. Резидент заңды тұлға сатып алынған шетел валютасын отыз күнтізбелік күн өткенде толық немесе ішінара пайдаланбаған жағдайда шетел валютасы ішкі валюта рыногында міндетті түрде сатылуы тиіс.

Резидент занды тұлға ішкі валюта рыногында бұрын сатып алған шетел валютасын резидент еместің резидент алдындағы өз міндеттемелерін орында-мауына не резидент төлем тапсырмасында қате деректемелер көрсетуіне байланысты қайтарған жағдайда, ол резидент заңды тұлғаның банктік есепшотына есептелген күннен бастап он күнтізбелік күн өткенде ішкі валюта рыногында міндетті түрде сатылуы тиіс.

  1. Резидент заңды түлға есеп айырысудың аккредитивтік нысанын көздейтін келісім-шарттар бойынша резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасын сатып алған кезде ол резидент занды тұлғаның жинақ есеп-шотына есептелуі мүмкін. Резидент занды тұлға шетел валютасын сатып   алуға   тапсырыс ресімдеген кезде банкті осы валютаны аккредитивті қолдану мерзімі аяқталған не есеп айырысу нысанын басқаша, ақша пайдалануды көздемейтін нысанға өзгерту күнінен бастап оң күнтізбелік күн ішінде ішкі валюта рыногында ағымдағы рыноктық бағам бойынша сатуға уәкілетті етуі тиіс. Есеп айырысудың аккредитивті нысаны ақша пайдалануды көздейтін басқа нысанға өзгерген жағдайда ол резидент заңды тұлғаның ағымдағы есепшотына есептелуі (аударылуы) және осы Ереженің 22-тармағына сәйкес пайдаланылуы тиіс.
  2. Мұндай есеп айырысулар резиденттер мен резидент еместер арасында жасалған жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен алынған кредиттерді, сондай-ақ ол бойынша сыйақылар мен басқа да төлемдерді шетел валютасымен өтеуге тыйым салынады.
  3. Уәкілетті банктер резидент заңды тұлғаларға кредитгі шетел валютасымен қолма қол жасалмайтын төлем тәртібімен ғана беруге құқылы. 
  4. УӘКІЛЕТТІ БАНКТЕРДІҢ РЕЗИДЕНТ   ЕМЕС  ЗАҢДЫ  ТҰЛҒАЛАРДЫҢ  ВАЛЮТАЛЫҚ  ОПЕРАЦИЯЛАРЫН   ЖҮРГІЗУІ
  5. Резидент емес заңды тұлғалар валюта операцияларын жүргізу үшін уәкілетті банктерде банктік есепшоттар ашуға кұқылы.
  6. Дипломатиялық өкілдіктердің, консульдық мекемелердің, халық-аралық ұйымдар өкілдіктерінің және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында аккредитивтелген оларға теңестірілген, ұйымдардың банктік ес-епшоттарының режимі халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес белгіленеді.
  7. Резидент емес заңды тұлғалардың уәкілетті банктердегі банктік есепшоттарына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген тәртіппен түсетін және Қазақстан Республикасының заңнама-сымен тыйым салынбаған операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған ұлттық және/немесе шетел валютасы шектеусіз есепке алынады.
  8. Резидент емес заңды тұлға уәкілетті банктердегі банктік ес-епшоттардағы ұлттық және/немесе шетел валютасын Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына қайшы келмейтін мақсаттарға пайдалана алады.

Резидент емес занды тұлғалардың банктік есепшотынан қолма-қол шетел валютасы өзінің қызметкерлеріне жалақы төлеуге және олардың іс-сапар шығыстарын төлеуге ғана алынады.

Уәкілетті банктер резидент емес заңды тұлғалардың банктік есепшотынан қолма-қол шетел валютасын тиісті түрде ресімделген құжаттарды (іс-сапар туралы бұйрық, іссапар шығыстарының сметасы, жалакы төлеу туралы өтініш және басқалары) ұсынған кезде ғана береді.

Резидент емес заңды тұлғалардың бұрын алған шетел валютасының пайдаланылмаған белігі олардың уөкілетті банктердегі банктік есепшоттарға міндетті түрде есептелуі тиіс. Бұрын алынған қолма-қол шетел валютасын уәкілетті банктердегі банктік есепшоттарға есептеу міндеті осы валютаны алған резидент емес заңды тұлғаға жүктеледі.

Осы тармақтың екінші және төртінші азатжолдарында баяндалған нормалар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде белгіленген тәртіппен елшілік өкілдіктерге, консульдық мекемелерге, халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне және Қазақстан Республикасында аккредиттелген ұйымдарға теңестірілген өзге ұйымдарға қолданылмайды.

  1. Резидент емес заңды тұлғалар шетел валютасын Қазақстан Республикасының ішкі валюта рыногында сатып алуға құқылы.
  2. Уәкілетті банктер резидент емес заңды тұлғаларға шетел және ұлттық валютамен кредиттер беруге құқылы. Мерзімі 120 күннен астам кредит беру үшін Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы болуы қажет. Шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредиттер қолма-қол жасалмайтын төлем тәртібімен беріледі.

Резидент емес заңды тұлғаларға ішкі валюта рыногында шетел валютасын сатып алу үшін ұлттық валютамен берілген кредиттерді пайдалануға тыйым салынады. 

  1. УӘКІЛЕТТІ БАНКТЕРДІҢ РЕЗИДЕНТ   ЖӘНЕ   РЕЗИДЕНТ ЕМЕС  ЖЕКЕ  ТҰЛҒАЛАРДЫҢ  ВАЛЮТА  ОПЕРАЦИЯЛАРЫН  ЖҮРГІЗУІ
  2. Резидент жеке тұлғалар – резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына шетелден әкелінген, аударылған немесе жіберілген, Қазақстан Респуб-ликасының аумағында алынған немесе сатып алынған валюталық құндылықтарды ала алады, оларды уәкілетті банктерде сақтай алады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мақсатқа пайда-лана алады.
  3. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың қаражаты шектеусіз түрде осы Ережеде көзделген тәртіппен уәкілетті банктерге олардың банктік есепшотына есептелінеді және осы есепшоттардан алынады.
  4. Жеке тұлғалардың банктік есепшоттары бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты операциялар, сондай-ақ үшінші тұлға ретінде заңды тұлғалар арасындағы келісім-шарттарға төлем жасау шетел валютасьшен жүргізілмейді.

Егер резидент немесе резидент емес жеке тұлғалар жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жағдайда, оларға шетел валютасымен банктік есепшоттар ашылады, мұнда оны ашу және жабу тәртібі осы Ереженің 3 және 4-тарауларына сәйкес белгіленеді.

  1. Уәкілетті банктер резидент жеке тұлғалар уәкілетті банктерге тиісті түрде ресімделген құжаттарды (шарттар, келісім-шарттар, келісімдер, ин-войстар және басқалары) бергенде ғана резиденттер жеке тұлғалар резидент еместердің пайдасына баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде төлем жасайды және/немесе ақша аударады. Мұндай құжаттарды беру мүмкін емес болған жағдайда, уәкілетті банк резидент жеке тұлғалар төлем тапсырмасына уәкілетті банкке олардың талап етуі бойынша құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке жүргізілетін ақша төлемі және/немесе аударымы бойынша ақпарат беруге рұқсат беретін жазбалар жасаған кезде ғана төлем және/немесе ақша аударымын жүргізеді. Резидент жеке тұлғалар бір айдың ішінде баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға осы тармақта келісілген құжаттарды бермей-ақ резидент еместердің пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын жүргізген кезде, уәкілетті банк үш жұмыс күнінің ішіндегі осы заңды тұлғалар жөне олар өткізген төлем және/немесе ақша аударымы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке беруге міндетті.

Уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтауды тексеру мақсатында салыстырмалы түрде өткізілген валюта операциялары туралы қажетті ақпаратты және құжаттарды қосымша талап етуге құқылы.

  1. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының ішкі валюта рыногында шетел валютасын Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып, уәкілетті банктер арқылы шектеусіз түрде сатып алуға құқылы.
  2. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында тек уәкілетгі банктер арқылы айырбас операцияларын жүргізу үшін, өздерінің банктік есепшотын шетел валютасымен есептеу үшін, осы Ережеде көзделген жағдайларда банктік есепшот ашпай-ақ уәкілетті банктер арқылы ақша аударымын жүзеге асыру үшін, Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы бар резиденттер сататын тауарларға және көрсететін қызметке есеп айырысу үшін қолма-қол шетел валютасын пайдалануға құқылы.
  3. Уәкілетті банктер резидент және резидент емес жеке тұлғаларға шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредиттер беруге құқылы. Резидент және резидент емес жеке тұлғаларға 120 күннен астам мерзімге кредит беру үшін Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы болуы тиіс.
  4. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар уәкілетті банктерде банктік есепшот ашпай-ақ, бір жолғы ақша аударымы түрінде осы Ереженің 40 және 41-тармақтарында келісілген ағымдағы валюта операцияларын жүргізе алады.
  5. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Респуб-ликасының аумағында ұлттық валютамен жүзеге асырылатын бір жолғы ақша аударымы уәкілетті банктер арқылы шектеусіз жүргізіледі.
  6. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың Қаазақстан Республикасынан немесе Қазақстан Республикасына бір жолғы ақша аударымдары уәкілетті банктер аркылы баламасы он мың  АҚШ  долларынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Жеке тұлғалар көрсетілген ақша аударымдарын бір операция күнінде кемінде бір рет қана жүргізе алады.

Мұндай ақша аударымдары кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметті жүзеге асыруға не жылжымайтын мүлік құқығын сатып алуға байланысты болуы тиіс емес.

  1. Жеке тұлғалар және оның уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасынан жіберілетін бір жолғы ақша аударымын және Қазақстан Республикасына аударылған бір жолғы ақша аударымын жеке басын растай-тын құжат және ақша аударымына арналған тапсырма немесе ақша аударымын алуға арналған өтінішті берген кезде жүзеге асырады.
  2. Қазақстан Республикасына жіберілетін ақша аударымына арналған тапсырыста мыналар көрсетілуі тиіс:
  • жіберушінің аты-жөні;
  • жіберушінің жеке басын растайтьш құжат туралы мәлімет (номері, сериясы, берілген күні және берген орган);
  • алушының СТН (егер алушы Қазакстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық төлеуші болып табылатын болса);
  • алушының деректемелері (егер алушы заңды тұлға болса);
  • алушының аты-жөні, сондай-ақ банктің алушының жеке басының ұқсастығын анықтауына мүмкіндік беретін басқа да деректері (егер алушы жеке тұлға болса);
  • қызмет етуші банктің деректемелері;
  • аударым сомасы және аударымның мақсаты;
  • күні және жеке адамның қолы.

Жіберуші Қазақстан Республикасынан жіберілетін ақша аударымына арналған тапсырыста осы ақша аударымның кәсіпкерлік немесе инвестиция-лық қызметті жүзеге асыруға не жылжымайтын мүлік құқығын сатып алуға байланысты емес екендігін растайтын жазу болуы тиіс.

Қазақстан Республикасынан жіберілетін ақша аударымына арналған тапсырыста көрсетілген деректердің дұрыс болуы бойынша міндеттеме ақша жіберушіге жүктеледі.

  1. Қазақстан Республикасына аударылған ақшаны алуға арналған өтініште мыналар көрсетілуі тиіс:
  • алушының аты-жөні;
  • алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер (нөмірі, сериясы, берілген күні және берген орган);
  • алушының РНН (егер алушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші болған жағдайда);
  • аударым сомасы;
  • жіберушінің аты-жөні, сондай-ақ жіберушінің жеке басын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін басқа да деректер;
  • күні және жеке тұлғаның қолы.

Қазақстан Республикасына шет елден аударылған ақшаны алуға арналған өтініште алушы осы аударымның шет елдегі кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен байланысы жоқ екенін растайтын жазба жасауы тиіс.

Қазақстан Республикасына аударылған ақшаны алуға арналған өтініште көрсетілген шынайы деректерді ұсыну міндеті ақша алушыға жүктеледі.

  1. Жеке тұлға осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда немесе ұсынған жағдайда уәкілетті банк бір жолғы аударым жасауға немесе бір жолғы аударым бойынша ақша беруге құқылы емес.
  2. Бір жолғы аударымды алушының келмеуіне байланысты жеке тұлғаға шет елден аударылған ақшаны беру мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті банк корреспондент-банкке ақша келіп түскен күннен бастап 180 күн өткеннен кейін ақшаны қайтарады.
  3. ВАЛЮТА ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ӘКЕЛУ ЖӘНЕ ӘКЕТУ
  4. Резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасына валюта құндылықтарын шектеусіз әкеледі.
  5. Резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасынан ұлттық валютаны шектеусіз әкетеді.

Ұлттық Банк эмиссиялаған және заңды төлем құралдары болып табылатын қымбат металдан жасалған металл ақша Қазақстан Республикасына еркін әкелінеді және әкетіледі.

  1. Резидент жеке тұлғалар ақшаның қайдан алынғандығын растайтын құжаттарсыз баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қол-ма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасынан тыс әкете алады (осы Ереженің 51-тармағында көзделген жағдайлардан басқа).

Қазақстан Республикасынан баламасы он мың АҚШ долларынан астам мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкеткен жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарына баламасы оң мың АҚШ долларынан  астам сомаға ақшаның қайдан алынғандығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Ондай құжаттарға мыналар жатады:

  • уәкілетті банктердің айырбастау пункттері белгіленген тәртіппен берген шетел валютасын сатып алу туралы анықтама-сер-тификаттар;
  • банктік есепшоттан шетел валютасымен ақшаның алынғандығын, оның ішінде карт-есепшоттан ақшаның алынғандығын растайтын, уәкілетті банктер берген құжаттар;
  • шетел валютасыпың бір жолғы аударым бойынша алынғаңдығын растайтын, уәкілетті банктер берген құжаттар;

Қазақстан Республикасына бұрын әкелінген шетел валютасының сомасы туралы кеден декларациясы.

Нақты құны (номиналы) шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттарын (вексельдер, чектер, оның ішінде жол чектері) әкеткен кездс ақша сомасы бойынша шектеу белгіленбейді.

  1. Резидент емес жеке тұлғалардың нақты құны (номиналы) шетел валютасымен көрсетілген қолма-қол шетел валютасын және төлем құжат-тарын әкетуі әкелу кезінде жасалған кеден декларациясына сәйкес жүзеге асырылады (осы Ереженің 51-тармағында көзделген жағдайлардан басқа). Әкелу кезінде жасалған кеден декларациясында көрсетілген сомадан асқан жағдайда резидент емес осы Ереженің 49-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуға міндетті.
  2. Жеке тұлғалар – Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің азаматтары Кеден Одағына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазакстан Республикасынан Кеден Одағына қаты-сушы  мемлекеттерге  қолма-қол ұлттық және/немесе  шетел валютасын шектеусіз және осы валютаның қайдан алынғандығын растайтын құжаттар-сыз әкеледі әрі әкетеді.

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасынан Кеден Одағына қатысушы болып табылмайтын мемлекеттерге ақшаның қайдан алынғандығын растайтын құжаттарсыз баламасы бір мың бес жүз АҚШ дол-ларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкете алады. Осы сомадан асқан жағдайда резидент емес баламасы бір мың бес жүз АҚШ долларынан астам сомаға осы Ереженің 50-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуға міндетті.

  1. Нақты құны (номиналы) шетел валютасымен  көрсетілген бағалы қағаздарды әкету  Қазақстан  Рсспубликасынын бағалы қағаздар туралы заңнамасымен реттеледі .
  2. Валюта құндылықтарын әкелу мен әкетуді кедендік ресімдеу тәртібін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы белгілейді .
  3. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
  4. Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері валюта операцияларын жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.
  5. Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары мыналар:
  • клиенттердің тапсырмасы бойынша, сол сияқты өздері жүргізетін валюта операцияларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін және оларды жүзеге асыруға қажетті құжаттардың болуын анықтау;
  • валюта операциялары бойынша төлемдердің заңдылығын және негізділігін тексеру;
  • валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толық болуын және объективтілігін тексеру.
  1. Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз құзыреті шегінде  резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Рсспубликасында жүргізетін валюта операциялары-на осы операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына,  Ұлттық Банктің лицензиялары  мен тіркеу  куәліктерінің талаптарына сәйкес келу бөлігінде бақылау жасауға міндетті.
  2. Валюталық бақылау органдары өз  құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер  шығарады, анықталған жөнсіздіктерді жою жөнінде талап-тар ұсынады және Қазақстан Республикасында барлық резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті болып табылатын Қазақстан Респуб-ликасының заңнамасында көзделген басқа да шаралар қолданады.
  3. Валюталық бақылау органдары мен агенттері валюталық бақылауды жасаған кезде Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер және резидент еместер:
  • валюталық бақылау органдары жүргізген тексерулердің нә-тижелері туралы анықтамалармен және көрсетілген анықтамалар негізінде жасалған жөнсіздіктер туралы хаттамалармен танысуға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен валюталық бақылау органдары мен агенттерінің іс-әрекеттеріне шағым жасауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
  1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен:
  • валюталық бақылау органдары мен агенттеріне валюта операцияларын жүзеге асыруға қатысты барлық сұратылатын құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
  • валюталық бақылау органдарына олардың тексеру жүргізуі барысында өз үй-жайларына, құжаттарға және авто-маттандырылған деректер базасына кіруді қамтамасыз етуге;
  • валюталық бақылау органдарына олардың тексеру жүргізуі барысында, сондай-ақ олардың нәтижелері бойынша түсініктер беруге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы басқа мерзімді белгілемеген жағдайда жүргізілетін валюта операциялары бойынша олардың сақталуы кемінде бес жыл қамтамасыз ете отырып есепке алуға және есеп беруге;
  • валюталық бақылау органдарының талаптарын (нұсқауларын) орындауға;
  • Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы белгілеген басқа да талаптарды орындауға.
  1. ОСЫ ЕРЕЖЕНІ БҰЗУ  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
  2. Осы Ережені бұзу жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасыпа сәйкес күшіне енеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан  Республикасында  КASE  қор  нарығында  тек  акция , облигациялармен  ғана  емес,  сонымен  қатар  валюталық  операциялар   да жасалады.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заңы 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданды және қазіргі уақытта сол заңға көптеген толықтырулар мен өзгертулер еңгізілуде.

Валюталық   жүйенің   басты   элементі  –   валюталық бағам.   Валюталық   бағамның   қалыптасуына   ықпал   ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағам-дарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.

Валюталық қатынастар – бүл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық   нарықтарды    валюталық   операцияларды жүргізудің негізіне халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген   қызметтер   және   капиталдар   мен   несиелердің халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату   операциялары   жүргізілетін   ресми   орталықты   біл-діреді. Валюталық операцяилардың көлеміне байланысты ва-люталық   нарықтар   халықаралық,    аймақтық   және   ұлттық болып бөлінеді.

Валюталық  нарықтардың  қатысушыларын  екі   басты топқа бөледі: пассивті – валюталық операцияларды жүргізу қажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті – баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ең бастысы  банктік  және   неиелік  айналыс  құралдары  –  телеграфтық және пошталық аударымдар,  чектер,  тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердің валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде калыптасатын оъективті кұндык катынастарына негізделеді.

Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігіне қатыс-ты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталык паритет шеңберінде ауытқып отырады.

Валюталардың   баға   белгіленімі   айырбас   үшін  ұсы-нылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүм-кіндік  жасайды.   Валюталық  баға   белгілеу  түрі   валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.

Сауда-өнеркәсіптік   клиенттер   үшін   валюталар   баға белгілеу кросс-бағам негізінде  бекітіледі,  ол екі  валютаның өзара   қатынасының   үшінші   валютаға   қатысты   анықталуын сипаттайды.

Валюта  нарығы – қаржы  нарығындағы  ең  үлкен  нарық.  Валюта  нарығы  кез  келген  елдің  экономикасында  қан  айналымының  ролін  атқарады.  Валюта  нарығын  реттеу  –  ел  экономикасын  реттеудің  алғы  шарты.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.ҚР “Бағалы қағаздар нарығы”туралы Заңы. Егемен қазақстан 3 шілде 2003ж.

2.ҚР “Валюталық реттеу туралы” Заңы. 24 желтоқсан 1996ж.

3.У.М.Искаков,  Д.Т. Бохаев, Э.А.Рузиева. Финансовые  рынки  и  посредники.  А., 2005.

  1. Стайнер Б. Клчевые рыночные  концепции.  М., 2004.
  2. К. Ж. Бертаева. Казахстанский валютный  рынок.  А.,  2005.
  3. Г.С. Маргацский. Валютный  дилинг.А., 2004.
  4. Таран В.А. FOREX: фундаментальный анализ  валютных  рынков.  М.,  2005.
  5. Ғ.С.Сейтқасымов. Ақша, несие,  банктер.  А,  2001.
  6. Мақыш С.Б. Ақша айналысы  және  несие.  А.,2004.
  7. К.Ж.Бертаева. Валютный рынок и  валютные  операции.            А.,  2000.
  8. Бюллеттень нормативных правовых  актов.  №26.  А., 2001г

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету