Валеология пәні

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………………..3

1   ВАЛЕОЛОГИЯ   ПӘНІН   ҚАЛАЙ  ТҮСІНЕМІЗ…………………………………….4

2  ВАЛЕОЛОГИЯ      ДЕНСАУЛЫҚ    ТУРАЛЫ     ҒЫЛЫМ……………………….6

3   ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ  ЖӘНЕ  ОНЫ  САҚТАУ………………………..10

4   АҒЗАҒА   ЗИЯН  ЗАТТАРДАН   ДЕНСАУЛЫҚТЫ    САҚТАУ.   ………..13

5   ҚОРТЫНДЫ………………………………………………………………………………………..20

6   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………………….23

КІРІСПЕ

Денсаулық – адам  өміріндегі  ең  жоғары  бағалы  дүние. Өмірдің  шаттығы  мен қызығы  денсаулыққа  байланысты. Адам  бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор  байлық». Адамзат  баласының  тіршілік  өміріндегі  ең  бір  бағалы  нәрсе, оның  денсаулығы.  Денсаулықты  сақтап,  оны  орынсыз  ысырап  етпеу  керек,  үнемі  денсаулықтың  қорын  көбейтіп  отыру  керек. Денсаулыққа  немқұрайлы  қарау  дұрыс  емес. Оған  пассивті  түрде  емес,  активті  түрде  қарау  керек.  Денсаулықты  сақтаудың  жолын  үйрену  әрбір  адамның  басты  міндеті. Сондықтан  да  қазіргі  кезде «Валеология»  пәнінің  маңызы  зор. Валеология  сөзі  грек  және  латын  сөздерінен  алынған. «Валео» — денсаулық , «логос» — ғылым. Оның  негізін  алғаш  рет  қалаған  Ицкович  Брехман. Ол  медицина  ғылымдарының  докторы, профессор. 1987 жылы  ол  валеология  терминін  ғылымға  енгізді.

Денсаулықты  қалай  сақтау  керек?  Үнемі  көңілді  жүру  әркімнің  қолынан  келетін  іс.  Міне, жоғарыда  айтылған  қағидаларды  жан- жақты  дамытып, іске  асыру  валеологияның  міндеті.  Сондықтан  да  валеология  пән  ретінде  студенттерге  ұсынылып  отыр.

ВАЛЕОЛОГИЯ – денсаулық  және  салауатты  өмір  сүру  салты  туралы  ғылым!

  1. ВАЛЕОЛОГИЯ ПӘНІН   ҚАЛАЙ   ТҮСІНЕМІЗ

Валеология  — екі шет тілінен алынған . Латын сөзі «Vale» («Сау болу», «Аман болу») қазақша деніңізсау болсын деген мағынаны береді. А.С. Пушкин өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан «Vale» деген сөзді қосып отырған. «Деніңіз сау болсын » деген сөз. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.

Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы – медицина ғылымдарының докторы, профессор – фармакогносист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын.

Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым дәрігерлердің жазған еңбектерінде келтірілген. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалды.

Баршаға белгілі – адамдардың денсаулығымен  шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу мәселесімен шұғылданады да ауралардың пайда болуымен айналыспайды.

Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылымдары шұғылданады. Ұлы физиолог И.П.Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.

«… Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның) негізгі принципі – «денсаулық» деп аталатын сыртқы және ішкі біркелкі қалыптың айқын анықтамасы жоқ …» Иә, медицина ғылымы қаншама көне болғанымен , денсаулық туралы анықтама бере алмайды. ХХ ғасырда әртүрлі себептер әсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандандырылған анықтама бере бастады.

Сондықтан да осы уақытта медицинаны аурулар ғылымы атай бастады. Мұндай сипаттама медициналық энциклопедиядан тиісті орын алған. Бұл ғылыми жинақта денсаулық туралы толық түрде анықтама берген. «Медицина» — көне заманнан бері қарай адам ауруларын емдеп, аурулардың алдын алуды мақсат еткен ғылыми жүйе деп жазған . Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз «денсаулық» деген ешқандай сөз келтірілмеген .

Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен және ішкі физиология үрдістерімен байланысты болатыны анықталып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) , анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз – ағзаларда аурулардың не болмаса физиологиялық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық) , рухани және әлеуметтік толық аман – есендік . Академик В.Н.Казначеевтің (1989) жеке тұлға денсаулық туралы анықтамасы бұдан да толығырақ баяндалды. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің , әлеуметтік белсенділігінің , сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.

Ал И.И. Брехманның (1987)  анықтамасы бойынша , денсаулық адамның ерекшелігіне сәйкес адамның өзгермелі ортада тұрақтылығы, сонымен бірге сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.

  1. ВАЛЕОЛОГИЯ      ДЕНСАУЛЫҚ    ТУРАЛЫ     ҒЫЛЫМ

Денсаулық — баға  жетпейтін жалғыз ғана асыл дуние.  Ол жақсы болу       үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті барлық   икемді   аямай  жұмсау   керек.

Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін.

Мен өзімді әлемге қандай болуым керек екендігіме алып келдім. Адам болуым үшін қандай болуым керек – ақылды , әдемі және денсаулығым күшті болуы керек .

Иммануил Кант

Біз, әрқашан өзімізде ата-анамыздың қалдырған байлығын қалай болса солай шашумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қазына екендігіне түсінбестен туған туындылар. Ол ата-анадан келген байлық. Біз денсаулықты есепсіз қалау болса солай кетіруге тырысамыз, денсаулықтың келешекте не болатынын ескермейміз де. Денсаулықтың не екенің , оның қадірін тек ауырғанда ғана білеміз.

М.Петтенкофер

Валеология- медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.

И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: «Денсаулық туралы ғылым  интегралды түрде болуы керек» . Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, психологиямен, педагогиямен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырды.

Валеология — медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің аддьна қойған  мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы        функциялары бар.

И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: «Денсаулық туралы ғылым интегратды түрде болуы керек»

Оның пайда болуы,  жәме қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, педагогикамен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол   міндетті  түрде философиялық     ойды  және  ғылыми  түсініктерді     жүйеге  келтіріп  дамытып      отырады.

Валеология И. И. Брехманың  айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп айту керск. Оның көздеген мақсаты адамдардың, денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулардың  алдынг  алу. Денсаулықты   сақтау   адам адам  үшін  ең  маңызы  зор. . Қазіргі кезде валеология    ғылымына  сұраныстар   көбейіп   отыр.  Космос кеңістігін игеруге   байланысты валеология   ғылымына  сұраныс   көбйді.

Денсаулық    адамның   рухани  байлығы. Ол   біздің  жер  деп  аталатын                                                                                                                                                                                           планетамызбен тығыз  байланыста болады. Табиғат байлығнмен бірге өсіп, біте қайнасьп келе жатыр. Адам денсаулығының потенциалды денсаулығын арттыруға көмектеседі.

Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін адамдардың денсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып кслді. Кейін ел ғылым ретінде дамыды. Адамдардың денсаулығының мықты болуына да дәрігерлер айтарлықтай үлес қосып келеді. «Медицина ғылымы кейбір ғалымдардың пайымдауынша медицина адамдарды емдеуді өзінің бірінші мақсаты етіп қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да мсдицина — ауру   туралы   ғылым (И. И. Брехман).

«Медицинаның біржақты дамуы»- деп жазды И. Давыдовский жеке отандъгқ ғалымдар және шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға азда болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші бар екенін дәрігер байқады. Ағзаның қорғаныс қасиеті өте күшті болатынын дәрігер білді. Міне, осыған байланысты, 1960 жылдан бастап саналогия ғылымы пайда болып, дами түсті. Саналогия дегеніміз — жалпы ілім — ағзаның ауруларға қарсы тұру күші. Оның негізін санагенез қүрайды. Санагенез — ағзалардың айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі, бейімдеулілік механизмдерінің динамикалық комплексі. Ол төтенше қоздырғыш факторлардың әсерінен пайда болады. Бұл бағытты дамытқан    С. М. Павленко мен С. Ф. Олейник еді. Олардың айтуларына карагаңда, санагенездің көптеген механизмі арнаулы түрде    жүргізілген жаттығулардың нәтижесідце қарқыңды түрде дами түседі деді. Ағза түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатынын олар жазды.

Кейінгі кезде ағзалардың неше турлі дерггерге қарсы түратыны, туа пайда болатын иммунитеттен болатыны байқадды.

И.И.Брехманның айтуына карағанда саналогия — ағзалардың дерттсрдсн айығуы туралы ғылым деді. Оны денсаулық туралы ғылым   деп есептеуге болмайды.

Сондықтан да   валеология медицина   ғылымының  негізінде   бірақ,  валеология  жеке дара ғылымекені  кейінгі  кезде  дәлелдене түсті. Валеологиялық мәселелерді ойдағыдай шешу үшін  экология, медицина басқа ғылымдар    интегративті түрде болуы керек.

Валеологая     ғылымының    өзінс    тән   категориясы   және негізгі зсртгсйтін     міндеттері    бар.    Олар:

1)  адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;

2)  актуальдылығы жөнс потенциалды мүмкіидігін анықтау;

3)  денсаулықтың сакталу факторларын зерітттеу.

Осы және басқадай мәселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы  салаауаттық

өмір  сүру  салты  зерттеп     шешуге  болады.

Валеология — биология ғьлымдарымсн салыстырғанда жас ғылым.

Оны зертгейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақталуының нсгізі

неге байланысты екені әлі де болса толығымен      анықтала   қойған    жоқ.

Оның анықтау   ғылыми  зертгеулер   жүргізілуі   қажет.

Валеологияның интегративтілігі ғыльмдардың бірімен-бірінің байланыстылығында. Ғылымньң байланыстылығы адам денсаулығын күшейтеді. Экология   айналаны қоршаған сыртқы   ортамен   тірі  ағзалардың қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сырткы орта факгорларының денсаулыкқа тигізетін әсерін анықтайды. Ал физиология — ағзада өтетін физиологиялық үрдістерді,  олардың денсаулықтағы     маңызын    анықтайды.     Адамиың       ішкі      жағдайын

зерттеп, сипатгама береді.

Ағзаға этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықгама береді. Дәрігерлер дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады. Ауырмаудың жолын  көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мексме болып санаймыз. Жас жеткіншектерді аурудан сақтандыру тек дәрігерлердің ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтар да қатынасуы керек. Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін.

Адамдар адекваггы тіршілік   етуге    қашанда дайын болуы керек.   Валеология денсаулық сақтау, салауутты өмір сүру салты ғылымы. И. И. Брехман озінің  еңбегінде  бьлай деп жазды «Адам  және  биологиялық   белсенді  заттар»   деп  аталатын  кітапты  ағылшын  тіліне  аударған  кезде,  ол кітаптың алғы  сөзінде    » валеология   денсаулық  сақтау  ғылымы «-деп  жазды.

Бұл ғылымың негін адам деисаулығы мен дені сау адам кұрайды деп И.И.Брехман тұжырым жасаған. Валеология айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторлары адам денсаулығына қалай әсер ететінін карастырады. Сондай-ақ, биоәлеуметтік жағдайдың денсаулыққа тигізетін әсерінде анықтайды.. Валеология медицина ғылымдарына біршама жақындасады.

3      ДЕНСАУЛЫҚ ТҮРЛЕРІ      ЖӘНЕ   ОНЫ  САҚТАУ.

«Дснсаулық — зор байлық» дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлексттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика — макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың   алдын алу.   Халықтың  дене  және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне  қолайлы  жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамаңдандылған медициналық көмек көрсстуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Бүл туралы біздің ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікгі. Сонымен 2002 жылы — денсаулық жылы деген атаудың өзінен аңғартады.

Елімізде   денеаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдсрі жүргізіп отырады. Кейінгі кездс халықтьң денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салысгарғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасыңда емдсу-пракгикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы турде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы       мен емханалардан тегін алады, ал 3 жасқа дсйінгі балалар консультация  орындарыньң бақылауында болады. Дснсаулық дегеніміз — ағзаның  айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі.  Айналаны   қоршаған сыртқы орта факгорлары әсерінен  адамдардың денсаулығы  қалыптасып, ол дами түседі.

Қазіргі кезде денсаулықтың   бірнеше түрі бар екені  белгілі   болды: Физикалық  денсаулық  — ағза жүйесімен    органдардың  өсу  деңгейі.    Оның негізін  морфологиялық және функциялық кезектер калайды.    Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамассыз етеді.

  1. Соматикалық денсаулық — Ол адам  ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық  жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялык бағдарламасы реттейді.
  2. Психикалық денсаулық — ол адамның психикалык, сфсрасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын болжау, мүның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.

Ағзасында функциялардың өздігінен ретгенуі, функциалық үрдістердің келісімді түрде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларынъң, әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі    жатдайда    болуы.

  1. Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны кабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы карым-қатынасгардың сипаттамасын көрсетсді. Оның негізгі бағалық жүйесі индивидтердін қоғамдағы орны мсн оның мотивті түрде орнығуын : баяндайды. Ол адамның көніл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын , сүйіспеншілігін және  жан дүниесінің сұлулығын көрсетеді.

Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің  жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады.             Олар:

  1. Соматикалық жөне физикалық денсаулықың критерийі мен бәрін «өзім жасай аламын»    деп    көрсететін     критерий;
  2. Психикалық денсаулықтың, критерийі — маған қажет затгардың

бәрін    «өзім   тауып     аламын»;

  1. Рухани денсаулықтың негзгі критерийі — мен «өзім жасауым керек».

Денсаулықты көрсететін негізгі белгілер;

1)  Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) жене арнаулы емес түрде пайда болып қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факгорларға денсаулықтың қарсы түра алатындығы;

2)  Ағзаның өсуі мен дамуының  көрсеткіші;

3)  Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалдық   жағдайын сипаттайтын белгілер.

4)  Әртүрлі дефектілерге байланысты дамымай калған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулыктьң, болмауы жәнс денсаулық деңгейі;

5)  Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі.

Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады дегсн сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрдс 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10 — денсаулық сақтау   жүйелерінің  әлсәздігіне  байланысты  болатыны   анықталып  отыр.    Денсаулық  сақтау  жүйесі  жақсы  түрде  жұмыс  істейтін   болса,  және дәрі-дәрмектер  жеткілікті  болса, онда адамдардың  денсаулығы  артатүсетіні сөссіз. Неше түрліжұқпалы  дертке адам ағзасы қарсы тұра алады.

Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-і жақсы болуы адамдардыің өздеріне байланысты болатынын медицина  және  биология ғылымдары ғълыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішіне жас жеткіншектер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі  олар есірткі заттар  мен айналысу,  және токсикалық  уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумен әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өміріне өте қысқартып жіберетіні сөсіз.

4  АҒЗАҒА   ЗИЯН  ЗАТТАРДАН   ДЕНСАУЛЫҚТЫ    САҚТАУ.

4.1    АЛКОЛЬ   ЖӘНЕ    ДЕНСАУЛЫҚ.

Тарихи деректерге қарағанда      жүзім шырынынан     алкоголь  алу  сонау   V -ҮІ ғасырларда болганы байқалады.    Бұл    үрдісті   жүзеге  асырған  көне    араптар  еді.  Алкоголь   ес ауыстыратын  зат деген  мағына  береді.  Кейде    алкоголь-  рахаттану  деген    мағна   береді.   Алгкоголь    ағзаға   қуат  беретіні    сөссіз.  Нерв  жүйесін   қоздыратын  жасанды зат.  Алкоголь   миға     бірнеше  әсер  етеді.  Мида  арнаулы түрде  тұйық    шеңбер құрылады.   Қолайсыз  сезімдер   пада    болады.  Адам неше түрлі ойға батып, әргүрлі     ауыр     қылмыстар жасайды.

Әртүрлі  ішімдіктерде  алкоголь   бір  мөлшерде  болмайды. Сырада орта есеппеи алғанда — 3-6 %, Кейбір сыраларда бұдан да көп мөл шерде алкоголь-спирт  болуы мүмкін — 10- 17%, Шарапта — 10-14%.. виски, арақ, джин, бренди, ром, конякта 40-50% болады.

Қандағы алкогольдың мәні    0,01-0,02 % үлкен әрекет сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координатасы бұзылады. Ал қанда алкоголь мөлшері 0,40%   болса  адам ес-түсінен айырылады. Ал  алкоголь  мөлшері   0,60-0,70 % болғанда    адам  өледі.

Алкоголилзм  себебтерінің   ішіндегі   айтарлықтай тұрмыс-тіршіліктің   сұрықсыздығы   экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық,  психологиялық, биологиялық тепе-тендіктің бұзылуы, санитарлық-гегиеналық  тапшылық     адам  тұрмысының  ауырлауы,   кәсіби  сәтсіздік   медициналық–физиологиялық  қолайсыздықтар, физиологиялық-биохимиялық  және экологиялық факторлар.

Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х.Қ.Сәтпаева үш кезеңге бөледі:

1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Үйқы   нашарлап  кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ    бойлап алады. Не болса,  соған ашулана береді.

2) Наркоманиялық   алкогольдік  психоз.   Спиртке   тәуелділік   пайда   болады.   Адам    ішпесе   тұра   алмайтын   жағдайға   келеді.  Тұрақты  маскүнемдік  көзге  көріне   бастайды.

Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жүқпалы ауруларға қарсы туратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдьмен мидың қызметін бұзады.

Адамның миы жұмыс істемей калады. Спиртгің   у    концентрациясы           70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің  мөлшерінен  әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады -48 %. Алкоголъ ағзаға   өте тез арада сіңеді, небары 5-7 минут ішшде қанға сіңіп    бірі-нешс    биохимиялық-физиологиялық өзгеріетер тугызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бакытсыздықгы      алкоголь тудырады.  Күнделікті тұрмыста болатын жаракдттардың    20%    арақ ішуден болады. 50% автокөлік апаты осы арақ ішуден туындайды.

Алкоголь   ағзалардағы болатын витамиңдердің (В1 , РР, С, А, Ғ) бәрін жойып жібереді. Сондықтан да  зат алмасу   үрдісі  адамньң     кенет    төмендеп     кетеді.

Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы  80-90% арақ   ішіп  мас болғап   шақта жасалады.

Жанұяның берекесі кетеді. Мүндай жаңдайда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларга түседі.

Маскүнем адам жұмыс істемейді. істесе де немқұрайлы қызмет атқарады. Алкоголъдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық дсградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бстінен жоқ болады. Мұның бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны  популяциалық деградация деп атайды. Оньң белгілі  коэфиценті   болады.   Ф.Т.Угловтың    жазуына    қарагаңда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүнисі   келеді екен. Сонша адамзат   баласыныд үрпағы келешекте нс болмақ.   Әрбір ішімдік денсаулыққа залалын тигізеді.

4.2.      ДЕНСАУЛЫҚ      ЖӘНЕ   ТЕМЕКІ    ШЕГУ.

Никотин — өсімдіктерде кең  тараған  у. Темекі     түтінінің негізгі бөлігі. Таза күйінде сарғыш   келген май сияқты сұйықтық, өзіне тән қолайсыз иісі болады.

Темекі шегудің денсаулыққа тигізер зияны орасан зор.    Темекі  тартқанда зат алмасу үрдісінің барлық түрлері зардап шегеді. Оттектің жеткіліксіздіг қан ұю, холестерин деңгейінің өсуі, барлық   ішкі секреция бездері қызмстінің үрдісі бұзылады. Ер адамдардан жыныстық әлеуметтік кетеді. Бойжеткеңдер мен жас әйелдерде етеккір циклі бұзылады.  Әсіресе темекі  түтіні   үрық     және     нәрестеге    зиянды.    Никотин    туар баланың    жана шығып келе жатқан  орталық жүйке жүйесінің жасушаларына зиянын тигізеді. Жүктілік токсикоздың дамуыиа әкеп соғатын факторлардың бірі -темекі түтіні.

Кейінгі кезде темекі тартатын адамдардың саны өте көбейіп кетті. Осыған байланысты   өлім-жетім   де   көбейіп    тұр.

Темекі түтінімен созылмалы     уланудан өлетін     адамдардың   саны   басқа себептерге қарағанда бірнеше есе көп.

Осылайша біздің Жер деп аталатын планетамызда тұратын адамзат баласының миллион   өлетіндері    әрбір 4 күн сайын маскүнем, ер 3 күн сайын автокөлік апатынан       құрбан,   әр 3 күн сайын     темекі        түтінімен     созылмалы   уланудан     1    адам өмірінің   қоштасып    отырады.

4.3.    ЕСІРТКІ  ЗАТТАР  ЖӘНЕ  ДЕНСАКЛЫҚ.

Зинды дағдылдар: темекі тарту, арақ-шарап ішу, есірткі және улы заттарды пайдалану.

Денсаулық жнне наркотикалық затгар.

Наркотикалық заттарды — гашишті Қытайда біздің заманымызға дейінгі 3500 жыл бұрын аурулардан сауқтану үшін пайдаланған. Ассириялықтар сораны шылым ретінде шеккен. Шығыс елдерінде сорадан әр түрлі химилық заттар алып, әр түрлі мақсаттарға қолданған. Олар: анаша, банг (бонг, ганжа, харос және т.б. қосылыстар).

Бұл тараудың негізгі мақсаты оқушыларға және студенттергс адам ағзасына ішімдіктің темекің, есірткінің әсерлеріне ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Зиянды дағдылардың алдын алуға әсерін тигізетін кейбір қалыктасқан ережелерден тартымды   етіп түсінік беру, Оқушылардың,  студенттерді және халық арасына кең тараған темекі шегу, арақ-шарап   ішу, есірткекелік заттармен әурелену, улы қосылыстарды иіскеп, денесіне жағу мен әуестенудің алдын алу тақырыптарына әңгіме, лекциллар оқиға, лабораториялық практикалық сабақтар өткізу. Зиянды дағдылардың түрлерінен есірткі қосылыстарының қазіргі кездегі классификациясына түсінік беру. Есірткі қосылыстарға деген тәуелділік факторларын айтып түсіндіру. Адам ағзасына әсіресе жас жеткікшектер ағзасына есірткенің (наркотикалық заттардың) тигізетін әссрін түсіндіру. Арақ-шарап ішу мен шұғылданудың кезеңдері, темекі есірткісі  темекі түтінінің адам ағзасына әсері. Зиянды дағдыларды болдырмауға қолдан келгеннің бәрін жасау керек екенін жан-жақты түрде айтып беру. (Жасыратыны жоқ жер шарының көптеген мемлекеттерінде залалды дағдалар қисапсыз көбсйіп кеткені  туралы газст   журналдар күн демей, түн демей жазып   жатыр  Қолға түскен есірткі заттарды аяусыз түрде отқа жағып, ұсталған адамдарды ешқандай аяусыз соттап жатыр. Осындай қатаң шараларға карамастан, есірткі сатушылар азайыап-ақ тұр. Олар жылдан-жылға көбейе түсуде. Мұның  кең етек алып, кеңтаралуын бір қатар Ғалымдар және педагогтар, психологтар, медиктер алдыңғы қатарлы саналы жәнс сауатты адамдар басқа келген апат деп түсіндіреді. Бүл адамдардың басына келен нағыз бақытсыздық. Мұны ғалымдар өркениет ауруы дейді. Есірткі заттармен айналысу дәрігерлердің алдында тұрған  үлкен шешуі табылмай келе жатқан мәселе.

Адам денсаулығына зиян келтіретін дағдылар: темекі шегу, арақ-шарап ішумен ншұғылдану, есірткі және улы қосылыстармен (токсикоманиямен) айланысу. Айта кететін бір жайт барлық наркотикалық заттар тек  қана жасыл өсімдіктерден (апыйыннан, калакайдан, каноплядан) өңдіріледі. Оларды көне заманнан бері қолдан өсіріп келеді. Ал жабайы түрі де жеткілікті.  Бір ғана Жамбыл облысының территориясьнда 500 мың гектар жерде конопля өседі.

Ш.Айтматов өзінің кітаптарында жазды ғой. Канопля гүлдеген кезде оның тозаңдарын жинап алып, сақтап, кептіріп сатуға даярлайды. Бүл үлкен қылмыс. Одан анаша өндіріледі. Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі — тарту, екіншісі — ішу, үшіншісі арнаулы инелер (шприц) арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсср етеді. Мұндаймен Шұғлданған адамдар ұзақ   ғұмыр   сүрмеііді    25-26   жасында өмірмен қоштаса береді. Ал бірінші жөне екінші тәсілмен айлалысқан адамдарды емдеп   жазуға болады. Ол үшін өте күшті ерік болуы тиіс. Онсыз ойдағыдай ем-дем ешқандай нәтиже бермейді.

Дағды — бір немесе бірнеше қимылды бірнеше рет атқару қажетшігінен туындайды, сонымен бірге табиғатына танылып қалатын мінез-құлықтағы «автоматтандырылған элемент». Адамның нерв жүйелерінде, әсіресе ми қыртыстарында шарты   рефлекстер тізбегі пайда болып, ол дами түседі. Бұл шартты рефлекстен құтылуға әбден  болады. Егер, таң ертең гимнастика жасаса, ұйықтар алдында серуен құрып жүрсе, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды дағдылардан адам емін-еркін құтылып кетеді. Ағза тазарады, қан құрамы өзгереді. Адамның көңіл-күйі көтеріле түседі.

4.4.    ДЕНСАУЛ ЫҚА  ЗИЯН    ТУДЫРАТЫН   ЗАТТАРДЫҢ                                                                                                                                                                                                                                                                   ҒЫЛЫМИ     ТЕРМИНІ

Тәуелдік тудыратын заттардың өдерінде  травиалды және  ғылыми термиадері болады. Олардың  студенттердің  білгені дұрыс.

  1. алкагольді-барбитурат түріндегі (этил спирті, барбитураттар, седативті мепробиромат, хлорангиэрат және т.б.).
  2. Амфетамин түріндегі химиялық косылыстар (амфетамин, фенметразин және т.б.).
  3. Кокаин түрінде улы заттар (кокаин, тіс жұлғанда қолданады, тістің ауырғнын сезбей қаласыз). Кока өсімдіктері жапырактарынан өндіріледі. Өңдіру тәсілі әбден жетілдірілген.

4 Конопля түріндегі улы косылыстар (марихуана, гашиш бұларда өсімдіктерден алынады.      Ол    өсімдіктерді  біздер  жақсы   білеміз).

  1. Галлюциноген түріндегі улы заттар (лизергед ЛСД деген атпен ғылымға белгілі), мескалин;
  2. Ката түріндегі улы қосылыс (Catha);
  3. Апыйын түріндегі улы заттар (морфин — рак дерті мен ауырған адамдарға қолданылады, ұйықтады, героин — апыйыинан өндіріледі өте улы зат, кофеин-шәйлардың жапырақтарында түзіледі; шәй ішумен шұғылданатын адамдардың шәй ішпесе басы ауыратыны осыдан. Өйткені кофеин қан клеткаларын кеңейтеді. Шәй ішкеішен кейін адамдар жадырап, көңіл-күйі көтеріле түсетіні осыдан, яғни шәйді наркотиктың бір түрі); метадон және т.6.).
  4. Эфирлі ерітіңділер (толуол, дихлорофос (аэрозоль), ацетон тетрахлорметан) және тағы басқа улы қосылыстар. Олардың саны қисапсыз көп (20000 жстеді). Осыларды орынсыз пайдалана бергендіктен дағды қалыптаса бастайды- Есірткі заттар қатарына темекі де  енеді. Онда никотин бар. Ол биологиялық  у. Темекіні кейнгі кезде қазақ қыздары да тартатын болды. Темекінің түтініңде не бар екенін олар қайдан білсін. Оқыман адамдар ғой. Оның  түтінінде зәр қышқылы, аммиак, сондай-ақ полоний-218,219 радиоактивті злемент бар. Олар ерте ме, кеш пе, әйтеуір өкпе рагын тудыратыны сөзсіз. Өзіңіз біліңіз, қазақ елінде бір нақыл сөз бар: «өзің білме, ал білгеннің тілін алма». Темекінің зиянды әсерін кейін көресің.

Осы кезде есірткі мен улы қосылыстар    жекелеген медицина деңгейінен асып кетіп, мемлекеттік бағдарламаға айналады. Апиынның және оның туындыларын дәрігерлер көбінесе аналгезиялық әрекеті болғандықтан ауруларды емдеуге қолданып келген. Ауырған жерді  білдіртпейтін эйфорлық қасиегі болған. Бұған кейнгі кезде жастар әуестене бастаған. Ағзаға наркотикалық заттарды енгізіген кезде, адамның беті қызарып, бүкіл дене қызып рахатқа бөлене бастайды. Тері женіл-желпі қышиды. Кейін жайбірахаттық үрдіс бойды алады. Ойға неше түрлі әлемдс жоқ қүбылыстар келе бастайды.  Есірткі   ағзаға өте тез калыптасатын зат. Кейіннен адам өз еркінен мүлдем айырылып қалады. Бірте-бірте қоғмдық өмірге, жүмысқа, міндеттерін орындаға деген ынта -жігері баяулап, кейіннен мүлде жоғалып кетеді. Наркомандар, көбіне дөрекі, өзімшіл, отбасындағы міндеттеріне немқұрайлы қарай бастайды. Олар өздерінің қатерлі жағдайларға тап болғанын байқамайды. Наркомандардың денесінде (гипотрофия, дистрофия) құбылыстары пайда болып, олар дами түседі. Ағзасы неше түрлі өзгерістерге ұшырайды, адамнын терісі құрғап ыдырайды. Адамның массасы азая түседі. Сүйек жүқарып кетеді жөне тіс түсіп  қалады, бетке әжім көп түседі. Көз көру өзгереді. Өйткені көздің қарашығы кішірейеді. Ағзада   Брадикория құбылысы байқалады (ешбір мақсатсыз қосылыстар) пайда   болады.   Ауру  ұлғая  түседі.   Адамгершілік   қасиеттен адам мүлдем айырылып қалады. Сол кезде ауыр қылмыстар жасауы мүмкін. Кез кслгеи адамдар   өлтіріп тастауы сөзсіз. Оларды соттау мүмкін емес. Өйткені олар ауру адамдар. Міне  наркотикалық  заттардың  адамзат баласына қайғы  қасірет әкелетіні осыдан. Наркотикалық улы қосылыстар адамзат баласының досы емес, нағыз қас жауы.

ҚОРТЫНДЫ

Экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік  бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс  кұтпеу  және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отыр. Қоғамымыздағы азаматтардың  омірінің  аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған табиғи ортаның тазалығына байланысты. Бұл мақсатты іске асырудағы біздің, стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

Ауруды болдырмау   және  салауатты  өмір сүру салтын ынталандыру. Мемлекеттің ауруды болдырмау, салауатты  өмір сүру салтын ынталандыру халықтың халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор. Аурулардың алдын алу дегеніміз таза су мен кенеулі асты пайдалану, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаган ортаны ластайтын және экологиялық   зиян келтіретін обектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды томендету жөніндегіосыған ұқсас шараларды білдірсді.

Салауатты өмір салтыи ынталандыру әрқайсысымыздың дснс тәрбиесімен  айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілсрді, темекі мен алкогольді түтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауы-мызға бағытталған.

Жеткілікті кұралдар болмай тұрган жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық псн санитария ережелерін насихаттайтын пәрмеңді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет. Олар мыналарды қамтуға тиіс:

Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес. Есірткіні әкелу мен таратуға қолданылатын жазаны нығайту және осыған байланысты бірқатар елдсгідсй, оның ішінде Малайзия мсп Сингапурдегідей өлім жазасын енгзу ксрск пс? деген мәселсні қоғамның талқысына шығару керек. Есірткі — өте ерекше және түпке жететін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрсжсдс қолданылуы үлкеи мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның көмегімен қор болған есірткі тұтынушылардың  ғұмыры тұр.

Темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту. Алкоголь мсн темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибс бұл салада мелекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мсн темекіге салық енгізу, сондай-ақ маскүнемдіктен емделуге арнайы салық салық  салудан бастап бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты байыпты  саясат жүргізуіміз керек. Контрабанданың ағыны мен қылмыскерліктің өсу сияқты кері нәтижеге душар болмас үшін бұл арада барлығын салмақтап, бірнеше қайтара есептеп шығу керск. Бастапқы кезде алкоголь мсн темекні жарнамалауға барлық жерде және түпкілікті тыйым салынуға тиіс. Шылым шегу терең ойластырылып асыра сілтеушіліккс ұрынбай, біртіндеп қоғамдық орьндардан ығыстырылуы қажет. Мүны басқаларға үлгі болу үшін мемлекеттік жүйлер мен мекемслерден бастау керек. Жаллы, адамдар неліктен өз денсаулықтарын күртьп, оны улайтындарға тозіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды  шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын.

Қоғамдық сана мен моралъ алкогольге барынша қарсы болуға тиіс. Мемлекет бұл сезімді тәрбиелеуге тиіс. Кеңес өкіметі жылдарында арақ біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге тереңдеп енді. Ол ауыддық жерлерде де адам өмірінің ажырамас бөлігі болып алды. Бүгін көпшілік киыншылыққа тап боп, күйзеліске түскенде ішкілікке салыну артып отыр.

Көптсген елдер бұл кеселге тьшым салғанымен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттық және түсіндіру саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізді. Өнеркәсібі дамытған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені кәсіпкерлік -денсаулығы мықты жандардың үлесі. өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылдды.

…Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 просентіне себеп болып отыр: ал кейбір аймақтарда жағдай мүнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз-суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиилық салдарға әкеп соғады.

Сондықган біздің әрқайсысымыз тамақтану мен ауыз суға ерскше көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне карай өз рационын қалай құру керек екенін, қазіргі заманда жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмсн ауыз судың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық, ақпарат құралдары арқылы тусіндіруден жалықпау керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялык қызмсттер мен стандарттау органтдары қойылған мақсаттардың басымдылығына сәйкес жұмыс жүргізуі тиіс. Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілср мен өндірістерге, табиғи ортаны ластаушылардың бәріне тосқауыл қойылу  қажст.

Мемлекеттік орындардың қызметкерлері осының бәрінде де үлгі көрсетуге тиіс. Сонымен қатар дінбасылар мен қоғамның басқа да құрметті адамдарын осы процсске қосылуға шақырамын. Бүл — маңызы зор мәселелер. Адамдардың денсаулығы мен он мыңдаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей байлапысты.

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

  1. Валеология. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал.- №6, 2003
  1. Валеология. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал.- № 1, 2003
  1. Ж.Ж.Жатқанбаев. Валеология. — Алматы 2003
  1. Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева. Валеология (Оқу — әдістемелік құрал). – Алматы, 1999