Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ Рыноктық экономикадағы кредит (несие) қатынастарының ерекшеліктері
1.1Қарыз капиталының қорлануы
1.2 Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
1.3 Кредит (несие) жүйесінен пайда алу ерекшеліктері
ІІ несиеНі жеке тұтыну тауарына сұраныс пен ұсынысты дамыту формасы ретінде
2.1 Несиесі ұғымы, мәні және түрлері
2.2 Несиені дамыту мәселелері
ІІІ ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы несиеНІҢ жетілдіру жолдары
3.1 Халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда кредиттік қатынастардың атқаратын рөлі
3.2 Қазақстан экономикасындағы кредит (несие) саясаты: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк істерінің дамуында жаңа кезеңдер мен міндеттер ашты. Қазақстандық және шетелдік банктер қызметін тәжірибе негізінде зерттегенде ғана аталған міндеттерді шешуге мүмкіндік туады. Бүгінгі таңда Қазақстанның банк саласы, экономика секторында серпінді дамып келе жатқан бірден-бір сала. Біздің республикамызда екі деңгейдегі банктік жүйе жұмыс істейді. Қазақстандағы орталық банк ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жоғары деңгейдегі Банк болса, ал коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктер болып саналады. Соңғы аталғаны бұрындары қатаң реттелініп келсе, қазір жеке, үлкен өзіндік орны бар және банктер арасында күшейе түскен бәсекелестік жағдайында қызмет етуде. Дәл бүгінгі кездері Қазақстан экономикасында туындап отырған мәселелер дағдарысты жағдайлар мен инфляциялық үдерістерді жеңуге байланысты банк жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдірудің үлкен тәжірибелік мәні бар.
Қазіргі заманғы банктер қызметтеріне банк операцияларының ең озық техникасын қолдана отырып, кең ауқымда қызмет жасайды, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Банктердің ең басты экономикалық қызметі – кредиттер (несиелер) беру. Банктер несиелер беру қызметін қаншалықты жоғары деңгейде іске асырса, олардың қызметін пайдалушы клиенттердің де экономикалық жағдайы көбінесе соған байланысты болады. Ұйымдар мен кәсіпорындар үшін несие алу – өндірісті жақсартуға, инвестициялар мен жұмыс орнын арттыруға ынталандырады. Ал халық үшін қажет кезде тауарлар сатып алу мен қызмет көрсетулерді пайдалана отырып, өмір сүру деңгейін жақсарту деген сөз.
Соңғы кездері барлық коммерциялық банктердің пайымдауынша халықпен, яғни тұтынушыларымен жұмыс істеу үлкен басымдыққа ие. Банктерде жеке тұлғаларға несиелер беру көлемі жыл сайын арта түсуде. Халықтың ақшалай табысының шектеулілігі жеке тұлғалардың несие алуына сұранысты кеңейте түсуге мүмкіндік береді, сөйтіп сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсету көлемін де ұлғайтады. Сол үшін ол мемлекет тарапынан экономикалық конъюнктураның қолайсыз кезеңдерінде белсенді әлеуметтік саясат жүргізу және сұранысты қолдау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Аталған тақырыптың өзектілігі, оның ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдауға себепші болды. Қазіргі уақытта тұтыну несиесін беру өсе түсуде, сондықтан да оны жан-жақты зерттеу мен оны жүргізудің ерекшеліктері аса маңызды мәселеге айналуда. Қазақстандық коммерциялық банктер тізбесінде халыққа көрсетілетін қызметтер әзірше онша мәнді орын алып отырған жоқ, әрі банктерге алдағы уақытта операциялар түрлерінің саны мен сапасын арттыра түсу міндеті жүктеледі.
Аталған жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесін берудің дамуын қарау мен талдау. Халық арасында несие берудің бұл түрі кеңінен таралып өсе түсуде, себебі халықтың отандық банктерге деген сенімі арта түсуде, сонымен қатар банктердің өз ішінде де сенімі ұлғая түсті. Жеке тұлғаларға несие беру рыногында екінші деңгейдегі банктер арасында қатаң бәсекелестік жүруде, жеке клиент тартымды бола түсуде, себебі, еліміздің экономикалық жағдайы қалпына түсе бастады, клиенттердің табысы арта түсті әрі тұрақтана бастады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді түйіндеуіміз керек:
1) тұтынушыларға несие берудің теориялық негізін қарау;
2) тұтыну несиесін берудің түрлері мен ұғымын анықтау;
3) коммерциялық банктер үлгісінде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыруды талдау;
4)тұтыну несиесін берудің құрылымы мен құрамын қарау;
5)Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесін беруді одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау.
Осы жұмыстың құрылымында үш тараудан тұратын бөлім бар:
І тарауда рыноктық экономикадағы кредит (несие) қатынастарының ерекшеліктері: қарыз капиталының қорлануы, Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы, кредит (несие) жүйесінен пайда алу ерекшеліктері;
ІІ тарауда тұтыну несиесі жеке тұтыну тауарына сұраныс пен ұсынысты дамыту формасы ретінде: тұтыну несиесі ұғымы, мәні және түрлері, тұтыну несиесін дамыту мәселелері;
ІІІ тарауда Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесін жетілдіру жолдары:
халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда кредиттік қатынастардың атқаратын рөлі, «Тұран Әлем Банк» АҚ тұтыну несиесінің ерекшеліктері, Қазақстан экономикасындағы кредит (несие) саясаты: нәтижелер, басымдықтар және міндеттері жан-жақты қарастырылған.
Марксизм классиктерінің, қазақстандық және шетелдік экономистердің, ғалым-экономистердің, авторлардың: К. Маркстің, Дж. Кейнстің, Я.Ә.Әубәкіровтің, О.И.Лаврушинаның, Г.Матайбаеваның, С.Б.Мақыштың, Ғ.С.Сейітқасымовтың, К.Н.Хамитованың және т.б. оқулықтары, монографиялары, журналдарда жарияланған ғылыми материалдар, Қазақстан ұлттық банкінің кесімдері, статистикалық мәліметтер, Интернет жүйесінен алынған web –сайт деректері дипломдық жұмысты жазуға әдістемелік негіз болды.
Диплом жұмысында несиенің мәнін ашумен қатар – құрылымын, қозғалысының заңдылықтары да қарастырылған. Несиенің зерттеу объектісі ретіндегі, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтері кредитор мен қарыз алушының қалыптасуына жан-жақты талдау жасалынды.
«Тұран Әлем Банкі» АҚ нормативтік кесімдері мен қаржылық есептері, сондай-ақ ішкі құжаттары тәжірибелік негіз ретінде пайдаланылды.
І ТАРАУ Рыноктық экономикадағы кредит (несие) қатынастарының ерекшеліктері
1.1 Қарыз капиталының қорлануы
Өндірістік капитал мен сауда капиталы қатарында қарыз капиталы да оқшауланады. Оның басты қайнар көзі — өндірістік капитал айналымы процесінде уақытша босаған ақша қаражаттары, яғни амортизациялық қор, бөлінбеген пайда және т.б. Сонымен бірге кәсіпорындар мен объектілер масштабының кеңеюі кәсіпкерлерден капиталды авансыландыру үшін капитал салымының мөлшерін көбейтуді талап етеді. Экономиканың көп тармақтылығында іс жүзінде көптеген жағдайлар туындап отырады. Кейбір капиталистерге қосымша қаражат қажет болса, ал басқа капиталистерде ондай қаражат қоры жеткілікті болады.
Капиталистер мен буржуазиялық қоғамның ақшалы кредиторлардың белгілі бір уақытқа дейін бос қалған ақша қорлары банктерде жинақталады және өнеркәсіп капиталистеріне белгілі бір мерзімге пайыз алу үшін қарызға беріледі. Қарыз капиталы өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір бөлігі; оны меншік иесі пайдаланушыға қарызға береді және пайыз алады. Осының барлығын капиталист-банкирлердің ерекше тобы басқарады.
Өнеркәсіп немесе сауда капиталистері банкирден қарыз алғаннан кейін оны қайтаруға міндетті, сонымен қатар әдетте тауарды сатып алу-сату сияқты оны пайдаланғаны үшін ақы төлеуге де міндетті. Осылайша капитал ерекше түрдегі тауарға айналады. Қарыз капиталының тауар ретіндегі бағасы – пайыз болып саналады. Мысалы, 1000 доллар жылдығы 5% болғанда, аталған капиталдың бір жыл ішіндегі пайдалану бағасы 50 долларды құрайды. Баға — өзіміз біліп отырғандай құнның ақшалай белгіленуі. Бұл жағдайда капитал құны 1000 доллар, ал бағасы бар болғаны 50 доллар ғана. Пайыз – бұл тауар капиталдың нақты құнын көрсете алмайтын өзіндік сипаты бар баға. Пайыз нарқы қарыз капиталына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қарай белгіленеді.
Қарыз капиталына қарыз пайызының қатынасы қарыз пайызының мөлшерін құрады. Пайыз пайданың орташа мөлшерінің бір бөлігін құрайды және одан төмен болуы да мүмкін, олай болмаса капиталиске қарыз алудың ешқандай мағынасы болмайды. Шындығында, тарихта қарыз пайызының нарқы төтенше жағдайларға байланысты пайданың орташа мөлшерінен асып кеткен кездер де болғаны рас.
Кәсіпкер қарыз капиталын пайдалана отырып, түскен пайданы толық иемдене алмайды, өйткені оның тиісті бөлігін қарыз пайызы түрінде қайтаруы тиіс. Нәтижесінде пайда екіге бөлінеді: кәсіпкер пайдасы және пайыз.
Бұл кезде бір ғана капиталдың екіге жарылуы байқалады: қарыз беруші капиталистің қолында ол меншік капиталы ретінде, пайдаланушы капиталистің (өнеркәсіп немесе саудагердің) қолында – қызмет капиталы ретінде жұмсалады. Қарыз капиталы мамандандырылған капиталистік кәсіпорындарда банктерде де ғана шоғырланатындықтан, олардың басқа капиталистік фирмалар сияқты бір ғана мақсаты бар – ол пайда алу.
Банк пайдасы – қарызға берілген ақшаның пайыз деңгейінің айырмашылығы есебінен және төленетін салымдар есебінен құралады. Банктің меншік капиталына жатқызылатын пайда – банк пайдасының нормаларын құрайды.
Қазіргі заманғы капиталистік өндіріс несиенің дамыған жүйесін айналып өте алмайды. Одан экономиканың барлық салаларындағы капиталистер көмек сұрайды.
Осы кезде банк қарызына төленетін пайыз деңгейі де капитал салымы мөлшерінің қысқаруына немесе өсуіне ықпал етеді. Сондықтан да өзі де банктен аса ірі қарыз алушы болып табылатын қазіргі заманғы буржуазиялық мемлекетте қарыз пайызының нормасы қалыптасуының стихиялы механизміне көптеп араласуда. Мемлекет пайыз нормасы қозғалысына (белгілі шектеулерде) реттеуші ретінде әсер етеді.
Кредит халықаралық экономикалық қатынастарда де кең таралуда. Мұнда қарыз беру шарттары ірі монополистік бірлестіктер мен империалистік мемлекеттердің тез арада мәмілеге келмейтін серіктестеріне қысым көрсету қаруы ретінде қызмет етеді. Дамыған капиталистік елдер, ең алдымен АҚШ, несиелік тежеуді басқа елдермен сауда жүргізу ісін шектеу шарттарын қолдау үшін пайдаланады.
Қазіргі кезде ірі корпорацияларға ірі кредиторлар керек болып отыр. Банк капиталының жинақталуы көбейе бастады. Ұсақ банктердің орнына банктік монополиялар келді. Ірі банктердің дамуы өнеркәсіп капиталының орталықтандырылуы мен жинақталуының белсенді факторы болып есептелінеді. Ұсақ кәсіпорындарды жою және ірі корпорациялардың бірігуі, іс жүзінде, яғни банктердің қатысуынсыз мүмкін болмайды. Банктік несие ұдайы өндірісті қаржыландыруда, яғни ақша капиталын өсіру және құру процесінде капиталистік кәсіпорынға қажетті өндірісті кеңейту және үздіксіз қайта жаңғыртуда маңызды мәнге ие болады.
Қазіргі заманғы банктердің көпшілігі әмбебап кредиттік кешендерге айналады. Олар тек ірі корпорациялармен ғана іс жүргізіп қоймайды, сонымен бірге жеке салымшылармен де жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде «әмбебап қаржы дүкендеріне» айналады, соның арқасында көп миллиардтаған мәмілелер жасалып, ондаған, жүздеген кәсіпорындардың, мың-мыңдаған жеке клиенттердің шоттары төленеді. Банктер тауар сатып алуға да ақша төлейді, сөйтіп материалдық қор айналымын жеделдетуге ықпал етеді.
Банктердің ұсақ қарыз алушыларға менмендіктен қарайтын уақыты өтіп кетті. Қазіргі кезде ол үлкен рынок. Тұтыну несиесі бойынша өте жоғары пайыз төленеді. Бұл тұрғыда басы артық қарыз капиталы ақша айналымы капиталында қарыз капиталының қорлануына әсер етеді. Ал қарыз капиталының қорлануы дегеніміз тегі қарызға арналған ақша ретінде ақша жиналып қалуы болады. Ақшаның капиталға шын айналуынан бұл процестің үлкен айырмасы бар; бұл өзі ақшаның тек капиталға айналуына болатындай формада қорлануы. Бірақ бұл қорланудың шын қорланудан зор айырмасы бар. Қарыз капиталының қорлануы осындай шын қорланудан тәуелсіз, бірақ сонымен қосарласа жүретін жағдайлардың әсерімен ұлғаятыны себепті циклдің белгілі бір фазаларында әрқашан ақша капиталының артылуы орын тебуге тиіс, ал кредиттің дамуына қарай бұл артылу көбейе түседі. Демек осы артылумен бірге өндіріс процесін оның капиталистік шегінен шығара ұлғайту қажеттігі де күшейе түсуге тиіс, яғни шамадан тыс сауда, асыра өндіру, басы артық несие пайда болады. Сонымен қатар бұл сөзсіз кері қозғалыс туғызатын формада жүзеге асады.
Бізге қарыз капиталы жөнінде тағы бірнеше ескерту жасау қалып отыр.
Бір ғана ақшаның өзі қарыз капиталы ретінде қаншалықты жиі кездесуі, жоғарыда айтып өткеніміздей түгелінен мынаған байланысты:
1) олардың сату немесе төлем процесінде тауар құнын қаншалықты жиі шығаруына, сөйтіп капиталды ауыстыруына және бұдан әрі олардың табысты қаншалықты жиі шығаруына байланысты. Олардың шығарылған құн ретінде, капитал немесе табыс ретінде болсын, оның бәрібір басқаның қолына қаншалықты жиі өтуі, бұл өзі тегінде, шын айналымның мөлшері мен санына байланысты болса керек;
2) бұл төлемді үнемдеуге және кредит ісінің дамуы мен ұйымдастырылуына байланысты;
3) ақырында кредиттердің өзара жалғасуы мен қимылының шапшаңдығына байланысты, мұның арқасында ақша бір жерде салым түрінде жиналып қалса, дереу жылт етіп екінші бір жерден қарыз түрінде тағы шыға келеді.
Егер тіпті қарыз капиталының өмір сүру формасы ылғи шын ақша, алтын немесе күміс формасы – заттары құн өлшемі болатын тауарлар формасында болады деп жорамалдасақ, тіпті соның өзінде де бұл ақша капиталының едәуір бөлігі сөз жоқ, жалған бөлік болады, яғни құнның белгілері тәріздес бір нәрсе, құнның жай титулы болады. Ақша капиталдың ауыспалы айналымында қызмет атқарып отырса, ол белгілі кезеңінде ақша капиталын құрайтын болғанымен, алайда қарыз ақша капиталына айналмайды, қайта не өндіргіш капиталдың элементтеріне айырбасталады немесе табысты жүзеге асырғанда айналыс қаржысы ретінде сол элементтермен төленеді, демек, олар өз иесі үшін тағы қарыз капиталына айнала алмайды. Ақша қарыз капиталына айналса және сол бір ақша сомасының өзі қайта-қайта қарыз капиталы болып отырса, мұндайда ол тек бір пунктте тек металл ақша ретінде өмір сүретіні, басқа пункттерінің бәрінде ол капиталға деген талаптар формасында ғана өмір сүретіні айқын. Жорамалымыз бойынша, бұл талаптардың қорлануы шын қорланудан туады, яғни тауар капиталының және т.б. құны ақшаға айналуынан туады; солай бола тұрса да бұл талаптардың немесе құн титулдарының қорлануы, өз күйінде алсақ, оны туғызатын шын қорланудан да, ақшаны қарызға беру арқылы болатын болашақ қорланудан да (өндірістің жаңа процесінен) басқаша қорлану.
Prime facie (әуелде) қарыз капиталы әрқашан ақша формасында, ал кейін ақшаға деген талаптар ретінде өмір сүреді, өйткені әуел баста қарыз капиталы өмір сүрген түріндегі ақша енді шын ақша формасында қарыз алушының қолына көшкен. Кредитор үшін қарыз капиталы ақша алу құқығына, меншік титулына айналады. Егер дамыған несие жүйесіндегі жалпы түрін қарастыратын болсақ, жай ақша мейлі ол шығарылған капитал немесе шығарылған табыс па, жоқ па, бұған қарамастан, бір ғана қарыз актісі арқасында, депозитке айналдыру арқасында қарыз капиталына айналады. Салымшы үшін салым – ақша капиталы. Алайда банкирдің қолында ол тек осы капитал иесінің кассасында жату орнына банкирдің кассасында қозғалыссыз жатқан потенциал ақша капиталы болады. Шатасу, міне, осы жерде бой көрсетеді, банкир тарапынан төлем талабы ретіндегі салым да, банкирдің қолындағы депозитке салынған ақша да, бұлардың екеуі де «ақша» деп есептеледі. Банкир Туэлс 1857 жылы банк комиссиясына берген жауабында мынадай мысал келтіреді: «Мен өз ісімді 10000 фунт стерлингпен бастаймын. 5000 фунт стерлингке тауар сатып аламын да оны қоймама жөнелтемін. Қалған 5000 фунт стерлингті керек болуына қарай пайдалану үшін салым ретінде банкирге өткіземін. Әйтсе де онан 5000 фунт стерлинг салым немесе ақша түрінде тұрғанына қарамастан мен бүкіл соманы өз капиталым деп санаймын (4528)». Осыдан келіп мынадай қызық айтыс туады: «4531. Демек, сіз 5000 фунт стерлингті банкнот түрінде басқа біреуге бердіңіз ғой?» — Ия – 4532. сонда әлгі басқа біреудің 5000 фунт стерлинг салымы болады ғой? – Солай, әрине. – 4533. Алайда сіздің де 5000 фунт стерлинг салымыңыз бар ғой? — Әбден дұрыс. – 4534. Оның ақшалай 5000ф.с., бар, сізде де ақшалай 5000ф.с. болғаны ғой? Солай. – 4535. Бірақ, сайып келгенде бұл тек ақша ғана ғой? – Жоқ.» — Бұл жерде шатасу ішінара мынандай себептен болады: депозитке 5000ф.с. салған А оған деп талаптар жазып бере алады, бұл ақша дәл өз қолында тұрғандай емін-еркін билік етеді. Бұл мағынада әлгі ақша ол үшін потенциал ақша ретінде қызмет атқарады.
Бірақ ол әлгі ақшаны әрбір пайдаланған сайын салымының сомасын pro tanto (тиісінше) кемітіп отырады. Егер оның берген ақшасы жаңадан қарызға беріліп қойылғаннан кейін банктен шын ақша алса онда оған өзінің ақшасынан емес, банкке басқа біреу салған ақшасынан төленеді. Егер ол В-ға борышын өз банкіне чек жазып төлесе, ал В бұл чекті өз банкиріне салса салымшы А-ның банкирінің де, салымшы В-ның банкирінің де чегі бар болып шығады, сөйтіп екі банкир тек қана чек алмасатын болады, мұнда А салған ақша, ақша қызметін екі рет орындайды: біріншіден, А салған ақшаны алған адамның қолында және екіншіден, А-ның өз қолында орындады. Тағы бір қызметті борыш ақшаның араласуынсыз жапқаны болады. Бұл жерде салым ақша ретінде екі рет атап айтқанда, бір рет шын ақша ретінде және екінші рет – ақша алуға деген құқық ретінде қызмет атқарады. Ақша алуға деген құқық борыш талаптарын өзара жабу жолымен ғана ақша орнына жүре алады.
Дағдарыс дәуірлерінде қарыз капиталына деген сұраныс, сонымен бірге пайыз нарқы да өзінің шырқау шегіне жетеді; пайда нормасы, онымен бірге өнеркәсіп капиталына деген сұраныс та нөлге дейін дерлік төмендейді. Мұндай уақытта әркім несиеге жармасады, мұны төлеуге бұрын қабылдаған міндеттемесін орындауға бола істейді. Мұның керісінше, дағдарыстан кейінгі жаңадан жандану дәуірінде қарыз капиталы сатып алу үшін және ақша капиталын өндіргіш немесе сауда капиталына аудару үшін керек болады. Бұл кезде қарыз капиталын не өнеркәсіп капиталисі немесе көпес керек етеді. Өнеркәсіп капиталисі оны өндіріс құрал-жабдықтарына және жұмыс күшіне жұмсайды. Қарыз капиталы өнеркәсіпшілер мен көпестер есебінен қабат қорланады.
Қарыз капиталының жинақталуы, шамадан тыс молаюы оның өзі өндіргіш қорлануға қаншалықты қарама-қарсы қатынаста болуына қарай өндіргіш қорланумен тек соншалықты байланысты болғанда ғана мүмкін екенін біз айтып өттік. Мұның өзі өнеркәсіп циклінің екі фазасында, атап айтқанда біріншіден, өнеркәсіп капиталы өзінің екі формасында — өндіргіш және тауар капиталы формасында қысқаратын кезде, демек дағдарыстан кейінгі циклдің бас кезінде болады; және екіншіден, оңалу басталған бірақ коммерциялық кредит әлі банк кредитін аз қолданатын кезде болады. Бірінші жағдайда бұрын өндіріс пен сауда да қолданылған ақша басы артық босаған қарыз капиталы ретінде бой көрсетеді, екінші жағдайда ол өсе түскен мөлшерде, бірақ өте-мөте төмен пайыз нарқымен қолдану табатын капитал ретінде бой көрсетеді; өйткені енді ақшалы капиталиске өнеркәсіп және сауда капиталистері өктем шарт қояды. Басы артық қарыз капиталы бірінші жағдайда өнеркәсіп капиталының әрекетсіздігін көрсетеді, екінші жағдайда – коммерциялық кредиттің банк кредитінен біршама тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл тәуелсіздік ақшаның қайта оралатынына, несие мерзімінің қысқалығына және істің дәнін өз капиталымен жүргізушілікке негізделеді.
Біз қарыз капиталының қорлануы ешқандай шын қорланусыз, таза техникалық тәсілдермен-ақ бола беретінін көрдік, ол тәсілдер – банк істерін ұлғайту және шоғырландыру, жеке адамдарға тиісті төлем қаржыларының айналыс резервін немесе резерв қорын үнемдеп пайдалану, осының нәтижесінде олар үнемі қысқа мерзімге қарыз капиталына айналып отырады. Бұл қарыз капиталы, сондықтан да ағымдағы капитал әрқашан қарыз капиталы формасын тек қысқа мерзімге ғана сақтағанмен (дәл сол сияқты тек қысқа мерзімге ғана дисконт операцияларына қызмет етеді), алайда ол мұның есесіне үнемі келіп те, кетіп те отырады. Егер бәз біреу оны алушы болса, екінші біреу беруші болады. Осылайша қарыз ақша капиталының аумағы іс жүзінде шын қорланудан мүлде тәуелсіз өседі.
1.2. Қазақстандағы рыноктық кредит (несие) жүйесі қатынастарының қалыптасуы.
Рыноктық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды , халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып, ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесі көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа елдерін артта қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саны 1989 жылы 700 млрд долларды құраған.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндіріс айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Кредит (несие) жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әртүрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.
Кредиттік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ кредит жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – кредит (несие) беруді білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен кредит жүйесі, кредит
жүйесі мен халық, мемлекет пен кредит жүйесі, кредиттік мекемелер әртүрлі елдердің кредиттік мекемелері арасында да болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, кредиттік қатынас негізінен ақшалай формада кредит экономикалық санатының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Кредиттік қатынастардың сыртқы көрінісі кредит формасын сипаттайды. Ол кредиттік қатынастардың мәнін және ұйымдастырылуын синтездейді. Кредиттік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Кредиттік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келуі және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі кредиттік қатынастар мазмұны мен кредит формасының өзгеруіне әкеледі.
Кредит екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне қарыз беру барысында аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқалай құжаттарды береді. Бұл тұста кредиттік қатынастар субъектілеріне – шаруашылық жүргізуші субъектісі мен банк жатады. Кредиттік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Кредиттік қатынастар мен несие формаларының және несиелк мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал, кредит жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, кредит жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын — несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Кредиттік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес кредит жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егерде, несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:
1) Орталық (эмиссиялық) банк;
2) Коммерциялық банктер;
3) Мамандандырылған несиелік мекемелер (сақтандыру, жинақ, ипотекалық, сенімгерлік, және т.б.)
Кредит жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де кредиттік (несиелік) мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай кредит немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.
Экономиканың маңызды атрибуттарының бірі – лайықты сипатта ұйымдастырылған банк жүйесі болып табылады; оны кейде экономиканың жүрегі деп те атайды. Орталықталықтандырылған жоспарлы экономикада ол «бірыңғай банк» жүйесі ретінде, яғни мемлекеттің қаржы рыногындағы монополиясы ретінде өмір сүрді. Мемлекеттік банк бір кездері орталық және коммерциялық банктердің қызметін атқарды. Бір деңгейлі банк жүйесіндегі төлем құралдары мен іс жүзіндегі басқа жеке банктер арасындағы төлем құралдарында ешқандай бөлінушілік болған жоқ. Әрбір банктің өздеріне кредит және касса жоспары бойынша лимитке сәйкес бөлінген төлем құралдарының жиынтық массасын пайдалануға құқығы бар болатын. Осы лимит шегіне байланысты банктерде өтемпаздық (өтімділік) мәселесі болған емес. Кредитті бөлген кезде пайыз ставкалары есепке алынбайды, ал орталық банкі саясатының жанама құралдары тіпті болған да емес.
Ұлттық банк дербес қызмет жасай алмады, ол тікелей мемлекетке тәуелді болды, демек ақша – кредит саясатын өздігінен жүргізу мүмкіндігі де болмады.
Дамыған мемлекеттер экономикасында банктердің екі деңгейлі жүйесі қабылданған. Қазақстанда осындай жүйе КСРО тарамай тұрған кезде-ақ қалыптаса бастады. 1987 жылы СОКП Орталық Комитеті мен КСРО-ның біріккен қаулысы бойынша екі деңгейлі банк жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Кредит жүйесін жетілдіру туралы қабылданған шешімдерге қарамастан, бұл жүйе керітартпалық күйде болды.
1988 жылы Одақтың «Кооперация туралы» Заңы қабылданғаннан кейін ғана алғашқы кооперативтік банктер құрыла бастады. Кейіннен осы банктер банк қызметі аясындағы рыноктық қатынастардың қалыптасуына негіз қалады. Осы сәттен бастап Қазақстандағы банк жүйесінің дамуының алғашқы кезеңі басталды деп есептелінеді. Кеңес Одағы бойынша осындай бірінші банк Шымкентте ашылған «Союз Банк» болатын. Кооперативтік банк мәртебесі банктерге пайыз ставкасы деңгейін, кредит беру шарттары мен мерзімін, мақсатын өздігінен (дербес) шешулеріне зор ықпал етті. Ол банк қызметінің әртүрлі нысандарының дамуына алған пайданы қолдануға, материалдық-техникалық базаларды күшейтуге және тағы басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.
Одан кейінгі екі жыл еліміздің саяси және экономикалық дамуындағы жеделдету істерімен ерекшеленеді. Экономика саясатын одан әрі дербес нығайта түсуге ұмтылыс берген 1990 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасының егемендігі туралы қабылданған Декларацияны айтсақ жеткілікті. Осы леппен 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан КСР-дегі банктер және банк қызметі туралы» Заң қабылдады. Бұл заң Қазақстандағы банк жүйесі дамуының екінші кезеңіне жол ашты. Бұл заң осыған дейін үстірт қабылданған көпшілігі мемлекеттік банктерден құралған бұрынғы екі деңгейлі банктердің қызметін тоқтатты. Оның рыноктағы нұсқасына ұқсас негіздері болып – жоғарғы деңгейдегі Қазақ КСР-нің мемлекеттік банкі мен екінші деңгейдегі коммерциялық банктер және басқа да кредит (несие) мекемелері қаланды.
Банктердің жеке капиталының салыстырмалы көрсеткіштерінің өте жоғары өсуіне қарамастан кредит ресурстары рыногында белсенді операциялар жүргізу үшін олардың саны жеткілікті болған жоқ. Сол себепті 1991 жылы Ұлттық банк ресурстардың орталықтандырылған формасы – несиелік аукциондарды – рынокқа қарай бөлуге көшуді пайдалана бастады. Оларды өткізудің қабылданған ортақ тәртібі бойынша ықтимал қарыз алушы – сауда-саттық ұйымдастырушы Ұлттық банкке — өздері алғысы келетін кредит көлемі мен пайыздық ставка деңгейі көрсетілген өтінімін жібереді. Орталық банк алынған өтінімдерге қарай аукциондарының жалпы сомасын, оларды беру мерзімін және сұраған несиенің ең төменгі деңгейін белгілейді. Осыған орай қарызға сұралған несиелердің жалпы сомасы Орталық банктің аукцион өткізуге бөлген қарыз сомасынан аспауы тиіс.
Несиелік аукциондар – ақша бақылауының құралы және несиелерді қайта бөлісу мен кеңейту құралы ретінде кеңінен қолданылады. Несие аукциондары ақша – несие реттеуінің жанама әдісіне көшу формасы ретінде банкаралық несие рыногын дамытуға ықпал етеді. Бақылаудың осы рыноктық жолы бір мезгілде қалаған несие көлемін ұстап тұру мен несие ресурстарын рыноктық механизмдерінің көмегімен тиімді бөлуді қамтамасыз етеді және Орталық банктің ақша — несие реттеуінде тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
Біздің елімізде несиелік аукциондарға Ұлттық банкте белгіленген экномикалық нормативтерге сай келетін банктер ғана жіберіліп отырды. 1992 жылы осы нормативтерді бұзған 30 банк несие аукционына қатысу құқықтарынан айырылды. Осындай қатал саясат ешқандай нәтиже берген жоқ. Мысалы, 1992 жылы Алматының коммерциялық банктеріне орталықтандырылған несие ресурстарынан 3 ай мерзімге берілген 86 млрд сомның тек қана 8,8 млрд. сомы ғана қайтарылды.
Ұлттық банк берген қарызының 10% ғана кері қайтарып ала алды.
Бұның барлығы банк операцияларын жүргізудің қарапайым ережелерінің орындалмауынан болды. Коммерциялық банктерде орталықтандырылған несие ресурстары есебінен берілген қарыздар жедел міндеттемелермен ресімделмеген. Осы қарыздар есебінен банктер сақтандыру компанияларына жарна төледі және несие үшін пайыз төледі. Осылайша, банктердің белгілі бір бөлігі өздерінің барлық белсенді операцияларын орталықтандырылған несие ресурстары есебінен жүзеге асырды. Банк жүйесіндегі дамыту шарасы бойынша екінші деңгейдегі банктерді күшейтуде акционерлік несие беру көлемі азайды.
Қолма-қол ақша айналымы аясындағы жағдай да оңай болған жоқ. 1992 жылдың қаңтарында бағаны босатқаннан кейін басталған әсіре инфляция (гиперинфляция) бұл мәселені одан әрі ұлғайта түскені соншалықты, арнайы шара қабылдауға тура келді. Қолма-қол ақша эмиссиясы 1992 жылы 140,9 млрд сомды құрады, ал 1991 жылғы қолма-қол ақша эмиссиясы 8,6 млрд сомды құраған еді. 1991 жылдың екінші жартысынан-ақ бағаның өсуі мен тауар тапшылығынан қолма-қол ақша қажеттілігі туындады. Мұның өзі жылдың аяғына қарай Қазақстанның барлық аумақтарында еңбекақы, зейнетақы және т.б. төлеуді жаппай кешіктіруге әкеліп соқты. Осы қиын жағдайға байланысты 1992 жылы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық шаруашылығын қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудің төтенше шаралары туралы» Жарлығы қабылданды. Еңбекақының 30% міндетті түрде банк салымына аудару шарасы енгізілді. Бір мезгілде чек кітапшаларындағы чектерді айналымға ендіру Ережелері мен Коммерциялық банктер чектерін Қазақстан Республикасы аумағында айналымға ендіру Ережелері жасалып, бекітілді.
Қазақстанның несие-банк жүйесінің одан әрі дамуына 1993 жылдың сәуір айында қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы валютаны реттеу туралы» Заңдары орасан зор ықпал етті.
Дәл осы жылы 15 қарашада ақша-несие саясатын өздігінен жүргізуге қарай тағы бір маңызды қадам жасалды – Қазақстан өз валютасын алды. Бұл Қазақстандағы банк жүйесін дамытудың үшінші кезеңінің басталуы еді.
Банктер туралы жаңа заңдар қабылданысымен және ұлттық валюта енуіне байланысты экономикалық нормативтерді қатайту және банк жүйесін дамытуда қосымша тексерудің тетігін жетілдіру жолы арқылы кеңейтуді жалғастыруда жинаған тәжірибесі негізінде Қазақстанның Орталық банкіне оның ішкі және сыртқы мәселелерімен айналысу мүмкіндігі туды.
1993 жылдың аяғында Қазақстандағы коммерциялық банктердің сан жағынан өсуі 204-ке жетті.
Банктер саны 1 – Кесте
Жылы | Банктер саны | |||
1991 | 70 | |||
1993 | 204 | |||
1996 | 101 | |||
1999 | 72 | |||
2002 | 44 | |||
2003 | 36 | |||
Кестеден көріп отырғанымыздай, банктердің саны 1993 жылдан бастап азая түсуде. Банк жүйесін реформалау нәтижесінде тұрақсыз және әлсіз дамыған банктер толық жойылды немесе ірі банктерге еншілес банк болып өзара бірікті.
Соңғы кездері Қазақстанда қазіргі талаптарға белгілі дәрежеде сай келетін екі деңгейлік банк жүйесі құрылды. Ұлттық банктің рөлі өлшеусіз өсті. Ұлттық банктің экономикалық шындыққа сәйкес жүргізген ақша-несие саясатының нәтижесінде әсіре инфляция тоқтатылды: 1993 жылғы 2153%, 1998 жылы 1,9% дейін төмендеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей ұзақ мерзімдік жоспар бойынша ақша құнының тұрақтылығы халықты жұмыспен қамтуда және экономикалық өсуде шешуші мәнге ие болады.
Осы жылдар ішінде Ұлттық банк арқылы банк жүйесін реформалаудың бірнеше қысқа мерзімдік бағдарламалары жүзеге асырылды, банктерді қайта қаржыландыру механизміне елеулі өзгерістер енді. 1995 жылдан бастап орталықтандырылған қор есебінен директивалық несиелер беру ісі тоқтатылды және Ұлттық банктің экономиканы несиелендіруі басқа екінші деңгейдегі банктерге көшірілді. Бұл шешім екінші деңгейдегі банктердегі өтімділікті қолдау, сонымен қатар ақша-несие және валютаны реттеу мақсатында қабылданды.
1995-2003 жылдар ішінде банк жүйесі біршама өзгерістерді басынан өткерді. 1996 жылдың желтоқсан айында Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшуі туралы Ережені бекітті. Екінші деңгейдегі банктер халықаралық стандарттарға көшу жүйесі – олар жасаған қайта капиталандыру және жеке коэффициенттер жоспары негізінде банктің бәсекелестік қабілетін көтеруді қамтамасыз ететін бара-бар деңгейдегі нәтижеге жету үшін жасалынды. 1998 жылы бұл бағдарламаға 60 банк қатысса, жыл аяғына қарай тиісті талаптарды орындай алмағандықтан олардың саны 50-ге дейін төмендеді.
Банк жүйесін күшейтуде банкаралық ақша рыногының дамуы біршама рөл атқарды, олар банктерге өздерінің қысқа мерзімді өтімділігін қанағаттандыруға немесе уақытша босаған ресурстарын сатуға мүмкіндік береді. Еліміздің қаржы нарығында шетел капиталы бар банктердің қызмет көрсетуі қызмет сапасын көтеруге анағұрлым әсер етті. Алайда, екінші деңгейдегі банктер үшін өздерінің қаражатын мемлекеттік бағалы қағаздар мен шетелдің валюта операцияларына салу әлдеқайда жеңіл, әрі кепілдікпен табыс түсіруі тәуекелдікті талап етпейді. Бірақ нақты секторды несиелендіру, бағалы қағаздар пайдасына қарағанда әлдеқайда қомақты табыс әкелетіні анық. Соңғы 5 жыл ішінде жүргізілген зерттеу бойынша ұзақ мерзімді несиелердің өсу үрдісі ерекше сипаттан көрінді. Оған Ұлттық банктің банк капиталындағы мемлекет үлесін азайтуы мен банктерді ашуға, лицензия беруге және банктерді ішкі бақылауға қатаң талап қою туралы қабылдаған шарасы көп ықпал етті.
Банк жүйесін сауықтырудың осындай саясаты банктерді капиталдандыру деңгейін біршама жоғарылатты, ал жеткіліксіз дамыған банктерді жою процесі жеделдей түсті. Еліміздегі төлем жүйесінің жетілдірілуі банк қызметінің сапасын жақсарту мен дамытуға елеулі әсер етті. Шетелдік сарапшылардың бағалауынша ТМД елдері бойынша алғанда Қазақстан дүниежүзілік ортақ критерийлерге сай келетін төлем жүйесін құра білді. Бұл жүйе есеп айрысуға қажетті ақша көлемін төменгі мөлшерде қысқартты және олардың айналымдылығын ұлғайтты. Бір айдың ішінде орташа алғанда жалпы сомасы 250 млрд теңгенің 500 мың төлем есебі жүргізіледі.
Қазіргі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы несие жүйесінің дамуын негізгі үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде 1988-1991 жылдары мемлекеттік сомалық банктер қайта ұйымдастырылды, банк істерінің институционалды негіздері құрылды, ең алғашқы коммерциялық банктер пайда болды.
Екінші кезең (1992-1993 жылдың соңы) нақты пайыз өтімділіктердің кері мәні мен сомның жылдам қарқында төмендеуімен түсіндіріледі.
Екінші кезеңнің негізгі сипаты: Ұлттық банктің біртіндеп орталық банк қызметін орындауы, коммерциялық банктердің дамуы және экстенсивті қалыптасуы.
Кредит рыногын дамытудың үшінші кезеңі 1994 жылдан бастап осы күнге дейін жалғасуда. Бұл кезеңде банк жүйесінің дамуы және банк жүйесіне қарай бейімделуі басталды.
1996 жылдан 2002 жылға дейінгі кредит көлемі, жобалауымызша 10 есе өсті, өсім 875,3% құрады (2 кесте).
Несие рыногы. 2 – Кесте
Кезең |
Экономикадағы несие, кезеңнің соңында, млн теңге | ||||||
Барлығы |
Оның ішінде валюта түрлері бойынша | Оның ішінде мерзімі бойынша | Оның ішінде субъектілер бойынша | ||||
Ұлттық валюта | Шетел валютасында | Қысқа мерзімді | Орташа және ұзақ мерзімді | Банктік емес заңды тұлғаға | Жеке тұлғаға | ||
1996ж. Қаңтар | 50150 | 31665 | 18495 | 41760 | 8390 | 48875 | 1275 |
1997ж. Қаңтар | 63771 | 37382 | 26389 | 43803 | 19968 | 61505 | 2266 |
1998ж. Қаңтар | 74247 | 92438 | 31809 | 52409 | 21839 | 70014 | 4233 |
1999ж. Қаңтар | 94763 | 55149 | 39614 | 59551 | 35212 | 89247 | 5516 |
2000ж. Қаңтар | 151083 | 69135 | 81948 | 74778 | 76365 | 142885 | 8198 |
2001ж. Қаңтар | 286390 | 134028 | 152361 | 145778 | 140612 | 274366 | 15024 |
2002ж. Қаңтар | 489110 | 137401 | 351709 | 228957 | 260153 | 458634 | 30476 |
Кредит рыногындағы валюталық несиені бағалау төмендегіше сипатталады:
1) 2002 жылы банктердің ұлттық валютада берілген несиесінің көлемі 137401 млн теңгені құрады, 1996 жылмен салыстырғанда (31655 млн теңге) 334,1% көтерілді, ұлттық валютаның салыстырмалы түрде тұрақтануын айғақтайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің есеп жүргізу саясаты, ең алдымен, мемлекеттің валютаны және ақша-кредитін реттеу саласындағы саясаты осындай өзгерістердің басты себебі болып табылады.
2) банктердің шетел валютасы бойынша беретін несие көлемі 2002 жылы 351709 млн. теңгені құрады, 1996 жылға қарағанда 33214 млн. теңгеге артық. Өсім қарқыны — 1901%, бұл дегеніңіз кредиттің шетел валютасында берілуіне сұраныстың жоғарылығын дәлелдейді. Оның өсімі 2002 жылы 1801% құрады. Мұндай айырмашылықтың теңге бағасының еркін айырбасталатын валюта бағамына қарағанда тұрақсыздығын көрсетті.
3) Кредитті мерзіміне қарай беру көлемін анықтаған кезде қысқа мерзімді несиеге сұраныстың көбеюі дәлелденді. 1996 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 187197 млн теңге болып ұлғайды. Мұндай ұлғаю көбінесе пайыз өтімділігінің төмендеуіне және шағын және орта бизнес объектілерін кеңейтуге байланысты.
4) Орта мерзімді кредиттер беру көлемінде келесі өзгерістер болды. 2002 жылы орта мерзімді несие беру 260153 млн. теңгені құрады және 1996 жылғы көрсеткіш (251763 млн теңге) асып түсті.
Несиелендіру субъектілеріне берілетін кредит көлемі.
5) 2002 жылы банктік емес заңды тұлғаларға кредит беру көлемі 458634 млн теңгені құрады. Өсім қарқыны — 938% құрады. Бұл көрсеткіш банктік емес заңды кредит алуға сұраныстың жоғарылауын айқындайды және заңды тұлғалардың тұрақтылығымен түсіндіреді.
6) Жеке тұлғаларға кредит беру көлемі 1996 жылғы 29201 млн. теңгенің орнына 2002 жылы 30476 млн. теңгені құрады. Бұл Ұлттық банктің елімізде жүргізген «арзан ақша» саясатын білдіреді, ол өз кезегінде несие ресурстарына сұраныстың артуын байқатады.
Банк кредиті өсуінің бет алысы экономика секторына және мерзіміне байланысты.
Экономика секторындағы кредит рыногын бағалау.
7) Банктік емес заңды тұлғаларға несие беру 1997 жылмен салыстырғанда (536783) 2002 жылы 604339 млн. теңгені құрады.Өсім — 894%. Мұндай айырмашылық жеке тұлғаларға 2002 жылдан бастап несие бөлудің 54938 млн. теңгеге артқанын, яғни 1997 жылға қарағанда – 4146 млн. теңге көлемінде айырмашылық бар екенін айтуға болады.
8) Жеке тұлғаларға — 2002 жылға кредит беру 54938 млн. теңгені құрады. Ол 1997 жылға қарағанда өсім — 1225% болғанын көрсетеді.
Несие рыногын экономика мерзіміне қарай бағалау.
Қысқа мерзімді несие көлемі – 2002 жылы 282043 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны — 450%. Бұл көрсеткіш қысқа мерзімді несиені пайдаланудың орта және ұзақ мерзіміне қарағанда анағұрлым тиімді екенін дәлелдейді.
9) Орта мерзімді кредит көлемі – 2002 жылы 141691 млн. теңге болса, 1997 жылы 126378 млн теңгені құраған еді. Өсім қарқыны — 725% құрады. Жеке және заңды тұлғалар тарапынан сұраныстың азаюымен түсіндіріледі.
10) 2002 жылы ұзақ мерзімді кредит көлемі – 235543 млн. теңге болса, 1997 жылы 230362 млн. теңге болған еді. Өсім қарқыны — 4546% құрады және кредитті төлеудің бұл түрі заңды тұлғаның алған кредитін өз қызметінде пайдалануына уақыт жеткілікті әрі дер кезінде несиені қайтаруына мүмкіндік береді (3 кесте).
Банктер несиесі (мерзімі және секторы бойынша) 3 – Кесте
12,97 | 12,98 | 12,99 | 12,00 | 12,01 | 11,02 | Жылдар |
71702 | 93442 | 148830 | 376218 | 489817 | 659277 | Барлық несиелер |
Банктік емес | ||||||
67556 | 87722 | 140607 | 261570 | 459002 | 604339 | Заңды тұлғаларға |
4146 | 5720 | 8223 | 14647 | 30815 | 54938 | Жеке тұлғаларға |
Несиенің жалпы сомасынан алғанда | ||||||
51208 | 57927 | 75426 | 143195 | 241135 | 282043 | Қысқа мерзімді |
15313 | 36978 | 37194 | 71592 | 136112 | 141691 | Орта мерзімді |
5181 | 8537 | 36210 | 61430 | 112569 | 235543 | Ұзақ мерзімді |
Банк кредиттерінің өсу беталысы экономиканың әртүрлі салаларына да байланысты:
1) өнеркәсіптерге берілген кредит көлемі 2002 жылы 224650 млн теңгені құрады. Өсу қарқыны 1121%. Біз бұл мысалдан өнеркәсіп саласына берілген кредиттің тұрақтылығын көреміз. Себебі, өнеркәсіп еліміз экономикасының негізін құрайтын басты сала.
2) ауыл шаруашылығына кредит беру көлемі – 2002 жылы 70124 млн. теңге. 2002 жылғы меншікті салмағы – 10,6%, 1997 жылмен салыстырғанда 4,9% артқан. Мұндай айырмашылық Қазақстан Республикасында қабылданған ауыл шаруашылығын көтеру бағдарламасының нәтижесі екенін көрсетеді.
3) құрылыс саласына кредит бөлу көлемі – 2002 жылы 42126 млн теңге. Өсу қарқыны — 1883%. Меншікті салмағы 1997 жылға қарағанда 6,4%, яғни 2,5% артқаны байқалды. Бұл айырмашылық ипотекалық кредит бағдарламасының кең етек ала бастағанын айғақтайды.
4) көліктерге бөлінген кредит көлемі – 2002 жылы 5461 млн. теңге. Өсу қарқыны — 470%. Меншік салмағы 2002 жылы шарықтау шегіне жетті (6,0%). Бірақ 2002 жылға дейін 3,9% төмендеп кетті. Мұндай өзгерістер 2000 жылы сұраныстың ұлғайғанын (16509 млн теңге), одан кейін аталған саладағы сұраныстың толықтырылғандығын бейнелейді.
5) байланыс саласына берілген кредит көлемі – 2002 жылы 13744 млн. теңге. Өсім қарқыны — 850%. Меншік салмағында төмендеу ағысы байқалады – 1997 жылдан 2,8%, 2002 жылға дейін 2,1%. Сауда-делдалдық қызметтерде 1998 жылдан бастап 25,8% жоғарыласа, 1999 жылы меншікті салмақ 29,8% дейін өсті.
6) сауда-делдалдық қызметтеріне берілген кредит көлемі – 2002 жылы 193483 млн. теңгені құрады. Өсім қарқыны — 1951%. Ал 1997 жылы 183570 млн. теңге болған еді. Бұл өзгеріс сауда-делдалдық қызметтің тұрақтылығын айғақтайды.
Осы келтірілген нақты деректерден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасындағы кредит қатынастары жан-жақты дамыған, әлі де даму үстіндегі жаңа– экономиканың негізін салушы сала.
Біздің еліміздегі банк жүйесі күннен-күнге банк жүйесіндегі әлемдік стандарттарға жетуге ұмтылуда. Осылайша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі экономиканы одан әрі толық несиелендіруді көздей отырып, қайта қаржыландыру өтімділігін төмендетті. Әсіресе, экономиканың нақты салаларында, ауыл шаруашылығы саласында және т.б. несие беру өтімділігі анағұрлым төмендеді.
Кредит жүйесі – экономикалық өсу мен даму үшін маңызды қызмет көрсетулерді қамтамасыз етуі қажет.
Қазақстанның дамудың нарықтық жолына көшуі маңызды шараларда несие қатынастарының әлеуетін іске асыруымен байланысты. Сондықтан да нарықты қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі – ақша айналысы мен кредитті түбірінен қайта құру болып табылады. Реформаның басты мақсаты – орталықтандырылған ақша ресурстарын қайта бөлуді анағұрлым қысқарту және олардың қозғалысын қаржы рыногына қарай тікелей көшіру. Экономикалық қатынастар жүйесіндегі кредиттің рөлін жоғарылату және несие институттары рөлінің принципті өзгеруі қаржы рыногының құрылуын білдіреді.
1.3. Кредит (несие) жүйесінен пайда алу ерекшеліктері.
Кредит – бұл қарыз капиталының қозғалысы, яғни қарызға берілетін ақша капиталының қозғалысы. Кредит ақшалай капиталдың қарыз капиталына өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Кредиттің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен кәсіпорын, жеке секторлар мен мемлекет табыстары жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін қарыз (ссудалық) капиталына айналады.
Капитал іс жүзінде өндіріс құрал-жабдықтары ретінде бір саладан басқа бір салаға құйыла алмайды. Бұл процесс әдетте, ақша капиталы түрінде іске асады. Сондықтан да нарықтық экономикадағы кредит ең алдымен, капиталдың бір саладан басқа бір салаға қайта құйылатын созылмалы механизмі ретінде және пайда мөлшерін теңестіруде қажет. Кредит белгілі бір табиғи формада өндіріс капиталының бекітілуі және капиталдың бір өндіріс саласынан басқа бір өндіріс саласына еркін өтуі арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп береді. Кредит сонымен қатар жеке капиталдың шектеулілігін жеңуге де мүмкіндік береді.
Сонымен бірге кредит – жұмыс істеуші кәсіпорындар қорларының үзіліссіз айналымын ұстау үшін өндіріс тауарларын өткізу процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Бұл нарықтық қатынастардың жаңадан қалыптасу жағдайында ерекше маңызды.
Қарыз алушылардың қарыз капиталы рыногына енуін реттей отырып, үкіметтің мемлекеттік кепілдіктері мен жеңілдіктерін беру арқылы мемлекет банктерге қызметі әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпыұлттық бағдарламасының міндеттеріне сәйкес келетін кәсіпорындар мен салаларды ғана басымырақ несиелендіруге бағдар береді. Мемлекет кредитті күрделі қаржыларды, тұрғын үй құрылыстарын, тауарлар экспортын артта қалған аудандарды игеру үшін пайдалана алады.
Несие қолдауынсыз фермерлік шаруашылықтардың жылдам әрі өркениетті қалыптасуын, мемлекет ішіндегі қызметті ендіруді қамтамасыз ету мүмкін емес. Кредиттің көмегімен пайданың капиталдану процесі, соған қоса өндірістің шоғырлануы арта түсті.
Кәсіпорындарды акционерлендіру негізінде мемлекеттік және муниципалдық меншіктерді жекешелендіру бағдарламасын іске асыруда несие елеулі рөл атқара алады.
Несие жүйесі – банктер тұлғасында акциялар шығару және акцияларды орналастыру ісіне белсене араласады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға қарай көшуі, банктердің тиімді жұмыс істеуін көтеруді, қажетті инфрақұрылымдар құра отырып кредит (несие) қатынастарын одан әрі дамыту мен қолдануды қамтамасыз ету ісін одан әрі жетілдіре түседі.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
1) қайта бөлу;
2) айналыс шығындарын үнемдеу;
3) айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
4) капиталдың шоғырлануын жеделдету;
5) ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Ал, несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түрінде несиені банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категориясына қарай.
ІІ. Мерзіміне қарай.
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай.
ІV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай.
- Қайтарылу дәрежесіне қарай.
VІ. Валютамен берілуіне қарай.
VІІ. Берілу шартына қарай.
VІІІ. Несиелеу объектісіне қарай.
Біз тоқталатын белгілердің бірі – Берілу шартына қарай несие бөлу түрлері. Оның жіктелуі төмендегіше:
- Тұтыну несиесі.
- Ипотекалық несие.
- Банкаралық несие.
- Ломбардтық несие.
- Лизингтік несие.
- Мемлекеттік несие.
- Сенім несиесі.
- Маусымдық несие.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алужәне тұрмыстық қызметтерді төлеу үшінкоммерциялық және банктік формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатып алуға қолдау көрсету.Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты. Тұтыну несиесі көбінесе қымбат тауарларды сатып алу кезінде: автомобильді, тұрмыстық техника мен жиһаздарды және т.б. пайдалынылады.
Ипотекалық несие –жылжымайтын мүліктерді, жерді, тұрғын үй, және өндірістік ғимараттардыкепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемелекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатнастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік заемдар сонымен қатар қысқа мерзімдік қазыналық міндеттемелер,тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады.
Коммерциалық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыру. Коммерциалық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіп капиталымен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы қарыз неисе мекемелерінің қарыз алушыларға қарыз түрінде беретін неисесі.Банктік несие коммерциалық несиенің шектеулерін жояды. Коммерциалық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарын және жинақтарын капиталға айналдыра отырып,капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Халықаралық неисе – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатнастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕНІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда кредиттік қатынастардың атқаратын рөлі
Тұтыну несиесі негізгі әлеуметтік проблеманы шешуге, ең бастысы халықтың тұтыну мүмкіндігін көтеру арқылы оның өмір сүру деңгейін жақсартуына ықпал етеді. Тұтыну деңгейінің жоғарылауы өз кезегінде келесі әлеуметтік міндеттерді шешеді:
1) Қоғамдағы тұтынушылықтың жоғарылауы, ондағы шектеулік элементтерінің төмендеуіне әсер етеді.
2) Мәдени, білім беру, денсаулық деңгейінің жоғарылауына әсер етеді.
3) Әлеуметтік сипаты бар қоғамның барлық мүшелерінің игіліктерге ие болу мүмкіндігін жоғарылатады (тұрғын үй, тұтыну тауарлары, білім беру және денсаулық сақтау қызмет көрсетулері).
Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатудағы тұтыну несиесінің мәнін анықтау үшін қойылған сұрақтарға жауаптарында тұрғындар тұтыну несиесі өндіріс секторында, үй шарушылығы табысына және тұтыну мен сақтауға қаншалықты әсер еткенін көрсеткен. Аталған әсерді зерттеу үшін экономикадағы шаруашылық-экономикалық қызметті қарастыру қажет. Экономикалық-шаруашылық қызметті тауар ағынына қарсы ақша ағыны сай келгенде ақша мен тауар ағынының ауыспалы айналымының моделі түрінде елестетуге болады. Талдау үшін ақша ағыны таңдап алынды, себебі ақша құны мен қызмет көрсетулері ақша түрінде өлшеуді суреттеудің анағұрлым ыңғайлы формасы. Ақша ағынының экономикадағы ауыспалы айналымын Дж.М.Кейнс келесі модель1 түрінде қарастырады:
(1 сур.) | P – өндіріс
R – үй шаруашылығы (жеке тұлғалар) Y – үй шаруашылығының табысы C – тұтыну түріндегі табыс бөлігі S – жинақтау мен жинақ түріндегі табыс |
1 Сур. Жабық экономикадағы ақша ағынының ауыспалы ақша айналымы.
Дж.Кейнстің жабық экономикада бейнелеген ақша ағынының ауыспалы айналымы келесідегідей. (Жеке тұлғаларға) үй шаруашылығында-ғыларға өндіріс еңбекақы түрінде табыс төлейді. Үй шаруашылығы өздерінің табысын төмендегіше бөледі. Біріншіден, табыстың белгілі бір бөлігі тұтынуға жұмсалады және тұтыну арқылы өндіріске қайта оралады.
Екіншіден, табыстың тағы бір бөлігі сақтау мен жинақтау қорында жиналады. Кейнстің пайымдауынша үй шаруашылығының барлық жинақтаған қаржысы инвестицияға қосылады әрі тағы да өндіріске жұмсалады.
Аталған модельді математикалық тұрғыдан келесі теңдеулер арқылы көрсетуге болады.
Үш теңдеуде де Кейнс тепе-теңдікті қарастырады. Аталған модель нарықтағы тауар қозғалысы процесіндегі ақша тасқынының қозғалысын бейнелейді. Ақша сұранысы мен ұсынысты қарастыру үшін ең алдымен ақша рыногын зерттеу қажет.
Экономикада тауар және ақша рыногын 2 жақты бағалауға болады. Біріншісіне А.Смиттің, Д.Рикардоның, А.Маршаллдың және К.Викселлдің,
М.Фридменнің, И.Фишердің неоклассикалық моделін енгізуге болады. Келесі көзқарас Дж.М.Кейнс пен оның интерпретаторларының есімдеріне байланысты.
Бірінші көзқарасты білдіретін К.Викселлдің моделі кең таралған модель. Бұл модельде бір мезгілде орындалуға тиісті ақша тепе-теңдігінің үш өлшемін белгілейді. Қарыз капиталының рыноктағы тепе-теңдігін қарыз капиталына сұраныс пен ұсыныс арасындағы баға тепе-теңдігін анықтау арқылы белгілейді. Қарыз капиталына сұраныс инвестицияға (J) сұраныс пен пассивті ақша қалдықтарынан (Н) тұрады. Ал қарыз капиталына ұсынысы жеке және кәсіпкерлік сектордағы жинақтар (S) мен банк несиелерінен (М) тұрады. Қарыз капиталының рыноктағы тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікке жетеді. Викселлдің ұсынысында аталған тепе-теңдік2 үш бағытта көрсетілді. (2 сур.)
2 Сур. М.Викселльдің ақша тепе-теңдігін 3 өлшемде көрсету моделі.
1) Банкте берілген несиелер мен банк шоттарындағы пассивтік ақша қалдықтарының арасындағы тепе-теңдік, яғни Н=М.
2) Инвестицияға сұраныс пен жеке және кәсіпкерлік сектордағы жинақтар арасындағы тепе-теңдікке жеткізілуі тиіс, яғни J=S.
- Егер бірінші және екінші тепе-теңдікке қол жеткізілсе, онда сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікке толығымен қол жеткізіледі, яғни
H+J=S+M. Мұндағы қарыз капиталының нарықтық пайыз мөлшерлемесі тепе-теңдік нүктесі болып табылады.
Қарыз капиталының рыногындағы тепе-теңдік шарттары келесі өлшемде (ІІІ) анықталады:
H+J=S+M
Үй шаруасындағы әл-ауқат деңгейіне тұтыну несиесінің әсерін зерттейтін, жабық экономикада қолданылатын келесі модельден тұтыну несиесі процесінің қозғалысын көреміз. 3 суретте келтірілген сызбада жабық экономикадағы тұтыну несиесін есепке ала отырып, тұтыну несиесінің сыртқы факторлардың әсерінен өзгеруі ретінде қарастырылады.
3 Сур. Жабық экономикадағы үй шаруасының табысына тұтыну несиесінің әсер ету сызбасы.
ТН – Тұтыну несиесі
С – үй шаруашылығындағы тұтыну
Р — өндіріс
Н – үй шаруашылығындағы табыс
S – жинақтар
Көрсетілген модельде Тұтыну несиесі (ТН) сыртқы факторлардың әсерінен (экзогенді) өзгеруін қарастырдық. Тұтыну несиесінің негізгі көзі болып үй шаруасында жинақталған қаржы бөлігі мен несиені қайтару төлемінің бөлігі есептелінді. Ол тек несие алу үшін ғана пайдаланылады. Банктен алған ТН үй шаруашылығында тұтыну көзі ғана емес, ол тұтыну көлемін С-де арттырады. С деңгейін тұтынудың өсуі экономикадағы сұраныс жиынтығын ұлғайтады, ал бұл жағдайда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің де өсуіне оң ықпал етеді. Жабық экономикадағы өндіріс көлемінің артуы ұлттық табыс деңгейінің өсуіне әсер етеді (оның ішінде үй шаруашылығындағы табыстың өсуіне де).
4 Сур. Тауар рыногындағы тепе-теңдіктің Кейншілдік моделі.
Үй шаруашылығының қолдағы табысы өскен кезде S анықтау көлемі мен С тұтыну көлемінің абсолютті мөлшері (баға тіркелген кезде) тиісінше көбейе түседі. Ал жинақталудың өсуі банктердің ТН беру мүмкіндіктері мен ресурстарының жоғарылауына және тұтынудың өскен деңгейін экономикадағы тауар өндірісі мен қызмет көрсетулерге бара- бар ықпал етеді.
Тауар рыногындағы тепе-теңдіктің кейншілдік моделін қарастырайық. Тепе-теңдіктің АД сұраныс жиынтығы тауарлардың АС ұсыныс жиынтығына тең АД=АС. Жабық экономикадағы шығындардың жалпы деңгейі С тұтыну, S инвестициялар мен G мемлекеттік шығындардың жалпы сомасына тең.
Ү=C+J+G1 (1)
Теңдеудің оң жағы АД ұсынысының жиынтығына әсер ететін элементтерден тұрады. Үй шаруашылығына ТН берген кезде тұтынудың С бөлігі көбейеді, яғни кестеде АД көлбеу сызығынан АД1 сызығына қарай ығысуы экономикадағы тауар өндірісі мен қызмет көрсетулердің Ү0 деңгейінен Ү1 деңгейіне дейін өскенін көрсетеді.
Әрі қарай түсіндірейік. Мысалы, мемлекеттік шығындар тіркеулі және салықтар мен түсімдердің жалпы көлеміне тең деп ойлайық, яғни:
G-constG=T
Теңдеуді (1) келесі түрде қайта көшіріп жазайық
Y-G=C+J немесе Y-T=C+J,
бұл жерде көрсетілген Y-T=Yт – үй шаруашылығындағы қолда бар табыс.
Салықтар мен мемлекеттік шығындар тіркелген кездегі өндіріс көлемінің YІ деңгейіне дейін көбеюі үй шаруашылығының табысын да көбейтеді.
Біздің жазған бастапқы сызбамызды мынадай түрде жазайық:
Yүш=C+J
S=J
C=F(Yт)
G-const
T- const
Аталған модельде ТН сыртқы факторлардың әсерінен өзгеруі болып табылады.
Тұтыну қызметінің сызықтық түрін қарап көрелік:
C=aY+в,
С – тұтыну шығындары;
в – шамасы қолдағы табысқа тәуелді емес автономды тұтыну;
а – тұтынудың шекті бейімділігі;
Yт – табыс.
Тұтынудың шекті бейімділігі бұл жердегі
ΔС – тұтыну шығындарының өсуі;
Δ Yт – табыстың өсуі
немесе ТН мәнін тұтыну шығындарының өсуі ретінде алсақ,
онда
ТН жалпы жинақтарға S әсерін қарастырайық. Үй шаруашылығының табысы Y тұтыну С мен S жинақтауға бөлінеді.
Ү = C + S
Үй шаруашылығы табысының өсуімен Ү жалпы жинақ ΔS шамасына өседі.
ΔS = (1-а) ΔYт, мұндағы
(1-а) – жинақтаудың шекті бейімділігі;
а – тұтынудың шекті бейімділігі.
ΔYт— орнына ТН мәнін қоя отырып,
немесе аламыз.
шамасы табыс мультипликаторы деп аталады.
Оны w арқылы белгілей отырып,
табамыз, одан
аламыз.
Мұндағы шама 0<a>1, демек w>1. Сонда ТН беру нәтижесінде жинақтардың көбеюі келесі формула арқылы көрсетіледі, w — ондағы табыс мультипликаторы.
S=J тепе-теңдігін есепке ала отырып, ТН беру арқылы аталған экономикаға DJ-ға мөлшері
шамасына тең қосымша инвестицияларды тартуға ынталандырады.
S жалпы жинақтардағы ТН үлесін k арқылы белгілейміз. ТН потенциалды мөлшерінің көбеюіне S жинақтарының мультипликативті өсуінің әсерін былайша көрсетеміз:
ТН = kS, одан шығатыны
Көріп отырғанымыздай ТН потенциалдық өсуі С тұтыну шығындарының көбеюіне бара-бар бейнеленеді.
бұл кезде өзгеру шамасы
Нәтижесінде ТН үй шаруашылығының табысына жалпы тиімділікте әсер етуі тұтыну шығындарының өзгеруімен жинақтардың өзгеруінен тұрады.
w>1 тиіс екендігін есепке ала отырып, жақшадағы мәннің 1 үлкен екенін байқаймыз.
ТН – үй шаруашылықтарының табысына оң әсерін тигізеді, ендеше халықтың әл-ауқатының деңгейіне де ықпалы зор.
3.3 Қазақстан экономикасындағы кредит (несие) саясаты: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылғы 2 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»: таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында тұр.
Факторлық талдау соңғы жылдардағы экономикалық өсу көп ретте негізгі қорлардың ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Экономикалық өсудегі капитал факторының үлесі өнімділік өсімінің үлесінен екі есе дерлік артық. Экономикадағы негізгі қорлардың қатты тозғанын ескерсек, бұл оң жағдай болып табылады.
Елбасы стратегиялық басымдықтың екінші міндеті ретінде елдегі инфляцияны іркудің негізі болуға тиіс несие-ақша саясатын атады. Бұл ретте жекелеген экономистер бюджет шығыстарының өсуі айналыстағы ақша санының ұлғаюына ықпал етеді және инфляцияны тудыруы мүмкін деп санайды. Осы жағдайда, инфляцияның ең қарапайым, ақша айналысының жылдамдығы мен олардың санының көрсеткішіне негізделетін үлгісі ескеріледі. Ал экономика өсуінің басты көзі болып табылатын — өндіріс көлемінің ұлғаю ықтималдығына мән берілмейді. Сондықтан жан басына шаққандағы ІЖӨ өсуінің өзара байланысын мемлекеттік шығыстар көлеміне, барлық инвестицияларға, соның ішінде жеке сектордағы инвестицияларға, тұтыну және жинақтау деңгейіне және т.б. қатысты талдап, есептеген жөн. Қоғамда инфляцияның өндіріске қатерлі әсері болады, ол ІЖӨ-нің қысқаруына әкеп соғады деген пікір бар. Алайда, бірқалыпты реттелетін инфляция, Дж.Кейнс дәлелдегендей, экономика өсуінің үздік тәсілі болуы мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмыстың тақырыбын теориялық және тәжірибелік зерттеу барысында мынадай қорытындылар жасалынды.
Кредит (несие) – қарыз капиталының қозғалысы, яғни, уақытша пайдалану үшін бос капиталды қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттары бойынша беру.
Дербес несиелер, ол «тұтыну несиесі» — бұл несиенің ерекше формасы, оны пайдаланушылардың сатып алынатын тұтыну тауарлары мен тұрмыстық қызмет көрсетулердің төлем мерзімін ұзартуы. Жеке тұлғаларды мақсатты несиелендіру тұтыну несиесінің ең басты айырмашылығы болып табылады. Тұтыну несиесі кезінде жеке тұлғалар – халық қарыз алушылар, ал коммерциялық банктер, сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету салалары, арнайы несие мекемелері кредиторлар болып саналады. Сауда кәсіпорындары тұтыну несиесін төлем мерзімі ұзартылып сатылған тауар түрінде берсе, банктер – ұзақ уақытқа пайдаланылатын тауарларды сатып алу үшін қысқа және орта мерзімге қарыз береді. Ұзақ уақыт пайдаланылатын тұтыну тауарларына – жеңіл автомобильдер, жиһаздар, тұрмыстық техникалар жатады, олар – тұтыну несиесінің басты объектілері болып табылады әрі халықтың төлемқабілеттігі сұранысын арттыруға ықпал етеді.
Банктік несиелендіру ісі – несиелендіру жүйесінің басты элементі әрі несиенің мәні мен мазмұны болып саналатын белгіленген қағидаларды қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тұтыну несиесі мен жалпы несиелендіру қағидаларына мыналар жатқызылады:
Қайтарымдылық – ескертілген шарт бойынша кредиторға негізгі қарызды міндетті түрде төлеу; осы ерекшелігі арқылы несиені басқа тауар-ақша қатынастарындағы экономикалық санаттарынан оңай айыра білуге болады.
Мерзімділігі – кредиторға қарызды алдын-ала ескертілген мерзімде қайтару, яғни кредитті қайтару мерзімін белгілеу, келісім бұзылған жағдайда белгілі жазалау шаралары қолданылады. Несиелендіру мерзімі қарыз алушының алған қаржысына белгілі бір шектеулі мерзімде ғана иелік етуіне мүмкіндік береді.
Саралаушылық (дифференциялаушылық) – кредит алуға ынталы тұлғаға кредит беру туралы мәселеге банк бір жақты қарауға тиіс емес. Кредит тек қана оны дер мезгілінде қайтара алатын тұлғаға берілуі тиіс. Несиелендіруді саралаушылық қарыз алушының несиеқабілеттілігін айғақтайтын қаржылық жағдайының көрсеткіштеріне, келісім-шартқа сәйкес кредитті қайтару қабілеті мен дайындығы негізінде жүзеге асады. Несиелендіруді саралау кредит есебінен шегетін зиян мен қаржы жоғалтудың алдын алудағы қажетті шарт.
Төлемділік — несиелендіру кезінде банктің көрсеткен қызметін қайтару сипатына негізделеді. Қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейді. Қарыз пайызы тараптардың келісім-шарттарында бекітілген мөлшерде белгіленеді.
Қарыз алушылар мен несиелендіру объектілерін сыныптау бірқатар белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін, оның ішінде қарыз алушының типіне, қамтамасыз етілу түріне, қайтару мерзіміне, қайтару әдәсіне, қаржыны пайдалану мақсатына, несиелендіру объектілеріне, көлеміне және т.б.
Кредиттің рыноктық бағасы – (инфляция күшейген кезде) өте айнымалы баға, себебі ол сұраным мен ұсынысқа байланысты өзгеріп отырады. Жоғары пайыздағы ставка тәуекелділігі жоғары, несиелендіру шарттарын бұзған және т.б. клиенттерге қойылады. Жеңілдетілген пайыздық ставка несиелері көбінесе банктің акционерлеріне, банк қызметкерлеріне беріледі.
Кредит алу қажеттілігі халықтың жалақы мөлшері мен қолдағы қаражаттың сомасы қажетті уақытта материалдық құндылықтарды сатып алу үшін жұмсайтын қаражатының үнемі бола бермейтіндігінен туындайды.
Қолдағы қаржы мен қажеттіліктің арасындағы осындай қарама-қайшылық тұтыну несиесінің көмегі арқылы шешіледі. Адамдар қолма-қол сатып алуға жалақысы жетпейтіндіктен, өзіне қажетті тауарды, әсіресе ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларды кредитке алады, немесе тауарды сатып алу үшін кредит алады.
Сонымен қатар, кредит кадрлардың жиі жұмыс орнын ауыстыруының тоқтауына да әсер етеді. Ал, бұл жағдай еліміз экономикасына да оң ықпалын тигізеді. Тұтыну несиесі – халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтерудегі шешуші фактордың бірі болып саналады.
Кредит ақша айналымы саласында да маңызды рөл атқарады. Кредит операциялары арқылы қолма-қол ақшаның қызметін орындай отырып, айналымдағы ақша массасының азаюына, сөйтіп, ақша айналымын ұйымдастыруға да оң ықпал етеді.
Кредит операцияларын жүргізу жұмыстары келесі шартты кезеңдерде жүзеге асырылады:
Бірінші кезең – кредит беру туралы мәселені алдын-ала шешу жұмыстары.
Екінші кезең – кредит келісім-шартының жарамдылық мерзіміне дейін қарыз алушымен жұмыс істеу.
Үшінші кезең – кредитті қайтару.
Халықты несиелендіру кезінде несие алу өтініші, кредит алу өтініші мен барлық талап етілген құжаттарды тапсырғаннан күннен бастап шешім қабылдау – 7 жұмыс күні ішінде қаралады.
Кредит сарапшысының дайындаған қорытындысы негізінде кредит беру туралы шешімді бөлімшенің Кредит Комитеті (бөлімшенің бекітілген лимиті шегінде) қабылдайды.
Батыстың дамыған елдерінде кредит банк операцияларының ішіндегі өте кең таралған түрі болып табылады. Тұтыну кредиті өнеркәсібі дамыған елдерде кең таралаған, себебі сатып алуды қаржыландырудың аталған технологиясын пайдалану тұтыну тауары мен жылжымайтын мүліктің тұтас спектрі бойынша рыноктың сыйымдылығын күрт кеңейте түседі. Негізінде, тұтыну рыногының тұтас фрагменті тұтыну кредитінің түрлі схемаларын пайдаланудың арқасында қызмет етеді. Біздің елімізде ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларды өндірушілер сату мерзімін ұзарту мүмкіндігінің жоқтығынан күн сайын шектеулі сұраныс проблемаларына кезігеді
Басқа да республикалардағы сияқты кредитінің біздің республикамызда да кеңінен таралуы үшін – еліміздегі саяси және экономикалық климаттың тұрақтылығы негізгі шарт болуы тиіс.
Қазақстандағы кредит үшін тағы бір маңызы кем емес проблеманың бірі – оның мөлшері. Қарыз алушыларға негізінен ірі көлемдегі кредиттер берілмейді. Қарыз алушының кредитқабілеттілігін бағалау үшін скорингтік үлгіні енгізу қажет. Кредиттің скорингтік жүйесінде пласикалық несиелендіруге ерекше көңіл бөлінеді. Скорингтің кез келген жүйесі берілген кредит деректеріне жасалған талдау негізінде құрылуы тиіс. Талдаудың неғұрлым сәйкес келетін технологиясын таңдау дәл және барабар жүйе құрудың басты кілті.
Шетел тәжірибелерін талдай отырып, Қазақстан Республикасында да платикалық карттардың көмегімен төлемдерді төлеудің бірыңғай жалпыұлттық жүйесін құру жолымен жүруге ұмтылу қажет.Осы тектес жобаларды іске асырудан түсетін экономикалық нәтиже де жоғары, ал жеке электрондық төлем жүйесін құрушы және дамытушы әрбір банктің инвестициялық жобаларындағы жиынтық құнының шығыны анағұрлым аз болмақ.
Жеке тұлғаларға кредит беру саласындағы басқа елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, коммерциялық банктердің несиелендіру, материалдық-техникалық базасын күшейту тәжірибесінің жинақталу мөлшері бойынша жүру үшін бірнеше бағыттарды қамтамасыз етуде мыналар қажет:
1) қарыз берудің енгізілетін және пайдаланылатын жаңа түрлерін жетілдіру;
2) халыққа банк қызметін көрсету сапасын жоғарылату;
3) берілетін қарыз түрлеріне, пайдалану мерзіміне, қарыз алушының табысы деңгейіне және т.б. қарай саралау;
4) кредиттерді ресімдеу мен пайдалану тәртібі және т.б. біріздендіру.
Аталған шаралар комплексін пайдалану банктердің қосымша пайда алуына және кредит портфелін әртараптандыруына мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». 2 наурыз, 2006 жыл, Астана
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы Ұлттық банк туралы заң күші бар №2155 Заңы.
- 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы № 2444 Заңы
- Анықтамалар.Қазақстан банктері. Алматы.1999ж.
- Я.Ә.Әубәкіров. «Рыноктық қайта құрулар жағдайындағы экономикалық теория». Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті, 2003-160 -б.
- Я.Ә.Әубәкіров. «Жаһандану жағдайындағы ұлттық экономика», Алматы «Қазақ университеті», 2005ж. 19-24, 31-32 беттер.
- С.Рамазанов Скоринговое кредитование в Казахстане //Банки Казахстана//, 2003ж. №5, 7-11 беттер.
- Н.Н.Иванова Синдром боязни жить кредит у казахстанцев исчезает//Банки Казахстана//, 2004ж. №6, 22-26 беттер.
- «Банковское дело». Оқулық./ О.И.Лаврушинаның редакциялауымен.-М. Финансы и статистика. 1998.-576 бет.
- М.Т.Давлетова. «Кредитная деятельность банков в Казахстане». Оқу құралы. –Алматы. Экономика, 2001 ж. -186-бет.
- //Деньги и кредит//, 2005ж. №7,20-24 беттер.
- Е.Жарковская, И.Аренде «Банковское дело». Лекциялар курсы.М.ИКФ Омега-Л. 2002ж.-399бет.
- Информация с сайта: Sasanov. narod. ru
- А.И.Колесов. О некоторых вопросах развития потребительского кредитования //Банки Казахстана// журналы, 2005ж. №7, 19-21 беттер.
- Г.Т.Қалиева э.ғ.к. «Қазақстандағы коммерциялық банктер және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету проблемалары». Дис. 1998 ж.
- К.Маркс «Капитал» ІІІ-том. 960- бет. Алматы, 1970 ж.
- С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» Алматы, 2004ж.462 бет.
- С.Б.Мақыш «Коммерциялық банктер операциялары» Алматы, 2004ж.266 бет.
- Г. Матайбаева Роль потребительского кредита в решении проблем повышения уровня жизни населения //Финансы Казахстана//, 2004ж. №3,40-47 беттер.
- А. Мендыгалиев //Розничный бизнес сегодня// 2002. №4, 15-19-беттер.
- Г.С.Панова. «Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетулер». Автореферат. 1994ж.
- «Саяси экономия». Оқу құралы. КСРО ҒА мүше-корреспонденті- В.А.Медведев және академик Л.И.Абалкиннің басшылығымен. Москва-1989ж
- Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер», Алматы, 2001ж. 360 бет.
- В.И. Тарасов «Деньги, кредит, банки». Оқу құралы. Мн. Мисанта, 2003ж.-512-бет.
- «ТұранӘлем Банкінің» ішкі құжаттары.
- «ТұранӘлем Банкінің» 2003 жылғы жылдық есебі.
- «Финансы, деньги, кредит». Оқулық./О.В.Соколованың редакциялауымен. – М. Юрист, 2000ж.-784 бет.
- . К.Н. Хамитова Қысқа мерзімді несиелендірудің қазіргі уақыттағы проблемалары және келешегі К.НУ//Банки Казахстана//.-2002.-№2., 27-29-беттер.