Home Қазақша рефераттар Несиенің есебі және талдауы

Несиенің есебі және талдауы

0
149

Жоспар

Кіріспе 

1 Несиенің есебі және талдауының экономикалық маңызы

   1.1 Несиенің мәні мен жіктелуі

1.2 Несие есебі мен талдауының экономикалық ұғымы және мазмұны

1.3  АҚ «Альянс Банк» экономикалық көрсеткіштері мен есеп

cаясаты

2 Несие есебінің ұйымдастырылуы мен әдістемелері

2.1 Несие беру және қайтару есебі

2.2 Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі

2.3 Несие бойынша шығындар және сақтандыру операцияларының есебі

3 Несие операцияларының талдауы

3.1 Несие талдауының мәні, әдістері мен ақпараттық көздері

3.2 Несие операцияларының талдауы

3.3 Несие қабілеттілігі және тиімділігі көрсеткіштеріне талдау жүргізу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

Қосымшалар

 

                                                   Кіріспе

 

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшіп, осы жолда дамуына байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.

Кез келген ұйымдар өз қызметін тиімді бағытта үздіксіз дамытып отыру үшін, материалдық және еңбек ресурстарын, басқа да сырттан көрсетілген қаржылық қызметтерді, ғимараттар мен жабдықтарды т.с.с. пайдаланады. Ресурстардың барлығын да қаржыландыру керек. Яғни қаржы көздерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Қаржыландыру көздері мен бұлардың әдіснамалары, ресурстардың көлемі мен қозғалысы жөніндегі мәліметтер де бухгалтерлік есеп жүйесінде жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі мәліметтер мен ақпараттарды пайдалана отырып, басқару өрісіндегі шешімдер қабылданады және мұндай ақпараттар сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиелендірушілер, қарыз берушілер мен үлес қосушылар т.б.) үшін де өте қажет.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының  негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылықққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Осы уақытқа дейін орын алған меншіктің мемлекеттік формасы кәсіпорындарды орталық бюджет арқылы  қаржыландыруды қарастырды. Бұрын қалыптасқан жүйеде бюджеттен бөлінген қаражат экономиканы жетілдіруді мемлекеттік жоспар шегінде ғана жүргізілді. Бұл жүйеде қаржы-несие мәселелері нақты заңды бақылауға салынған жоқ.

Елімізде нарық қатынастарының дамып, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың (жеке, мемлекеттік, қоғамдық) пайда болуымен, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субьектілердің қаржы-несие қатынастарының құқықтық бақылау мәселелері туындап, оларды шешу жолдары іздестіріліп, өз шешімін табуда.

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап айтқанда ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қарым-қатынасының мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының, екі буынды банк жүйесінің нарықтық экономикаға барабар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік банк құрылымының және несие мекемелерінің жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр.

Барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда өз қызметін жүргізіп, пайда табу үшін қарыз құралдарын тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Яғни, кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Осындай қажеттіліктерді қанағаттандырудың басты жолы несие алу болып табылады.

Нарықтық жағдайда ақша үздіксіз қозғалыста, яғни, үнемі айналыста болуы керек.Уақытша бос ақша қаражаттар тез арада қарыз капиталы нарығына еніп, қаржы-несие мекемелерінде жинақталады. Осыдан кейін капитал салымын қажет етіп тұрған экономика салысының қаржы айналымына енуі қажет.

Осы тақырыпты таңдау себебім: несие экономиканың кез-келген секторымен қолданылады және ұлттық, әлемдік экономиканың дамуында маңызды орын алады. Несие қазіргі уақытағы талаптарға сай болып, экономиканың өрлеуіне өз әсерін тигізуі керек. Бұрынырақ, яғни Қазақстанға несие жаңадан енгенде халық оны түсінбей, несиені алуға қорқатын. Қазіргі уақыттағы елімізде халық көптеп несие алуда. Мұның басты себебі қажеттілікті қанағаттандыру болып есептеледі. Несие – халықтың әл-ауқатын, қаржылық жағдайын  көтерудің мүмкіндігі болып кетті. Сонда да несие алу туралы көптеген келіспеушіліктер, мәселелер туындайды.

Осы жұмысты жазудағы мақсатым:

  • несие операциялары бойынша есепті толық ашып көрсету;
  • несие операцияларына талдау жүргізу

Осы мақсаттарға жету үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым:

  • несие және несие түрлерін, ұйымдастырылу принциптерін оқып, зерттеу;
  • несие берудің жолдары мен шарттарын танып, оны беруді жетілдіру жолын іздестіру;
  • несие алудағы қиыншылықтарды зерттеп, оны оңайлату жолын іздестіру;
  • несие есебінің ерекшеліктері мен қиыншылықтарын зерттеп ашу;
  • несие есебіне талдау жүргізу;
  • еліміздегі несие және несие қатынастарының даму жолдарының теориялық және тәжірибелік жолдарын зерттеу.

Алдыма қойған мақсаттарға жету үшін АҚ «Альянс Банк» мәліметтеріне жүгіндім. Бұл банктің ұйымдастырылу нысаны – акционерлік қоғам болып табылады. Ол тікелей несие беру операцияларын жүргізіп, ақша салымдарын, бағалы қағаздармен  және т.б. қаржылық операцияларды жүргізеді.

1 НЕСИЕНІҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 

  • Несиенің мәні және жіктелуі.

 

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің мәселесімен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезегінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі тәжірибелік және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.

Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және  кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары  және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Ең алдымен несие сөзінің мағынасын ашып алайық. Несие-ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады.[1] «Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады» ‑ деп жазған бір автор.[2] Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді –деп жазған Баймұханова С.Б. [3] Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие – бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал өз-өзінен өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы – несие капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды.

Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақша қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.

Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады. Несиенің қайтарылу принципі – қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді. Несиенің төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады. Несиенің жеделділік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.

Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады.

Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қозғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.

Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы сәйкес бөлімде берілген несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.

Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттір жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір- бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субьектілері- бұл субьектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші- несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк және несие мекемелері болып табылады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада несие берген мекеме бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.

Қарыз алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледі қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін.

Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама – қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушы мүмкіндегінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие нысаны – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы.Ол несие қатынасының формасы мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының нысаны оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.   Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды нысанын бөліп көрсетуге болады (1 сурет):

  • қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
  • несие мәмілесінің обьектісіне қарай – ақшалай және тауарлық несие;
  • несие қатынасының субьектісіне қарай – банктік, коммерциялық,

халықаралық, тұтынушылық несиелер.

Несиенің тауарлық нысаны тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай нысанынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т.б.) бір-біріне өсім алумен қарызға берген.

Несиенің тауарлық нысаны осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл несиені фермер мен қожалықтары күзде жиын-теріннен кейін қайтарып отырады.

 

Несиенің тауарлы нысанының негізінде ақшалай несие нысаны пайда болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік нысан болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл нысаны ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады. Несиенің тауарлық және ақшалай нысандарымен қатар олардың аралас нысаны да қолданылады.

Қарастырылған несие нысандарының көптеген түрлері болады. Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланылатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибеде нақты қосымшасы.

а) Қазақстанда несие түрлері бойынша жіктеледі: несиелеу обьектінің экономикалық белгілері бойынша:

  • айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
  • негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
  • ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
  • өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
  • жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие; аккредитивтер;
  • төлем несиелері.

ә) қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша бойынша:

  • жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
  • ішінара қамтамасыз етілген;
  • қамтамасыз етілуі болмайтын: бланкілік (сенімділік).

б) қайтарылу мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді:
  • орта мерзімді;
  • ұзақ мерзімді.

в) өтелу тәртібі бойынша:

  • бөліп-бөліп төлеу (мерзімін ұзарту);
  • бір жолғы өтеу;
  • кезең сайын бір қалыпты (бір қалыпты емес) өтеу.

г) тәуекелді деңгейі бойынша:

  • субстандартты;
  • стандартты;
  • күмәнді;
  • сенімді;
  • сенімсіз;
  • ұзартпалы.

ғ) ақылылығы бойынша:

  • қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);
  • жоғары пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);
  • төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);
  • пайызсыз.

д) салалық бағыты бойынша:

  • сауда-саттық несиесі;
  • өнеркәсіп несиесі;
  • ауыл шаруашылық несиесі;
  • құрылыс несиесі.

ж) ашылатын шот түрлері бойынша:

  • жай ссудалық шот бойынша несие;
  • арнайы ссуда шоты бойынша несие;
  • контокоренттіка шот бойынша несие;
  • овердрафт бойынша несие;
  • несие желісі бойынша несие.

      Несиенің басқа нысандарына  қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субьект екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие нысанының обьектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субьекті коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель – бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушының алдыңғы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.

Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістің ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады.   Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық-түлік корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар-жағар май материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.

Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы алғашқысына вексельді, яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді. Бұл вексель банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы) мүмкін немесе оның кепілдігімен (кепілге салынумен) банк несиесін алуға болады.

Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен әрдайым аралас болады.

Нарықтық экономикада несиенің негізгі нысаны  банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының обьектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы-несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18 – 20 % құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).

Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды  толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.

Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.

Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейінгі мерзімгі беріледі.

Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.

Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды.

Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма-қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға, еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма-қол ақшамен беріледі.

Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастырылған мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.

Қазақстанда мұндай несиені тек банктік қаржы-несие мекемелері ғана беріп қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т.б. береді. Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Сондай-ақ, қарыз алушылардың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және халықтан өзге оны үкімет те, банктер де, жергілікті органдар да және т.б. алады.

Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай-ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиесінің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.

Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының 10-12 %-ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы  мүлдем дамымай қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16-18 %-ды құрайды.

Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін. Тауарлық формада халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай форма  банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі.

Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымын артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие сұранысын арттырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады.

Несиелеу обьектісі бойынша Қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек күттірмейтін қажеттілік (шұғыл мұқтаж) несиесіне, құрылыс салу және тұрғын үй сатып алу несиесіне, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге бөлінеді.

Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір дейгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымынң арасындағы айырмашылықты жояды.

Тауарларды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы жарнамен төлем қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзартумен сатуда тауардың бағасы комиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан жоғары көтеріледі.

Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды роль атқарады. Осыған орай, ол мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банктік және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.

Экономика құлдыраған жағдайда мемлекеттің саясаты халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға оларды ынталандыруға бағыталады. Бұл үшін тұтыну несиесін алудың, атап айтқанда қолма-қол ақшамен төленетін тауар бағасын арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдікті шартары енгізілді.

Инфляция жағдайында, керісінше, қолма-қол ақшамен төлеудің үлесі артады, несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды.

Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады.

Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

  • ипотекалық несие – бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде саналады;
  • ипотекалыцқ ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржыландыру, сатып алу, тұрғызу үшін және жер учаскілерін игеру үшін пайдаланылады;
  • ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Несие алдын-ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.

Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынған мүлік нақты болуы керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының обьектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялылығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығы үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.

ҚР «Ипотека туралы» заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды. Республиканың ірі банктері ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыратын өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.

2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100%-ды құрайтын Қазақстандық ипотека компаниясын (ҚИК) құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министрлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс-жинақ ақша банкісінің құрылуына жағымды әсер етті.

Ипотекалық несиелеудің отаны – Германия: алғашқы мемлекеттік ипотекалық банк 1770жылы Силезияда аса ірі помещиктік шаруашылықтарға қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылды.

Мемлекеттік несие жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарының мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы шарттары негізінде мемлекет тарапынан жұмылдырылу себебі бойынша қатынастың жиынтығын білдіреді.

Оны мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін және мемлекет өзінің ағымдағы мүмкіндіктерінен тыс қажеттіліктерін қосымша қаржыландыру үшін пайдаланады. Бұл несие қатынасының субьектісіне, бірінші жағынан, қарыз алушы ретінде мемлекет жататынр болса, екінші жағынан – халық, кәсіпорындар, ұйымдар, сондай-ақ, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, мемлекет.

Мемлекеттік несиені мемлекеттің өзіндік несиесіне және мемлекеттік борышқа бөлу керек.

Бірінші жағдайда мемлекеттің несие институттары экономиканың әр түрлі секторларын және халықты несиелейді. Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен құрылған, жарғылық капиталы 100%-ды құрайтын екі банк бар – Қазақстан даму банкі және Мелекеттік тұрғын үй құрылысының жинақ ақша банкі.Екінші жағдайда мемлекет уақытша бос ақша ресурстарын жұмылдыру үшін, мемлекеттің бюджет тапшылығын және қоғамның өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін халықтан, банктерден және өзге де қаржы-несие мекемелерінен, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ, басқа мемлекеттерден (мемлекеттік құнды қағаздарды қаржы нарығына орналастырумен) ақшалай қаражатты қарызға алады. Уақытша бос ақшалай қаражат облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді (МҚМ) және мемлекеттің өзге де құнды қағаздарын шығару және өткізу арқылы жұмылдырылады.

Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыратын маңызды арнаға банктердегі халықтың салым ақшаларының бір бөлігін мемлекеттік займға айналдыру жатады, ол облигациялық және облигациясыз болуы мүмкін. Облигациясыз займ мерзімсіз болады, оны мемлекет құнды қағаздарды шығару бойынша рәсімдейді, сондай-ақ тиісті мекемелердің шотындағы соманың тікелей есебі арқылы және мемлекеттік борыш кітабында рәсімделеді. Мұндай займдарды өтеудің мерзімі айтылмайды, алайда мемлекет займдарды шығарудың құқығын өзінде қалдырады, әрі оны әрекет ету кезеңі ішінде пайыз төлеуге міндеттенеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда айналыста мыналар бар:

  • 3,6 және 12 ай мерзімдеріне шығарылған мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар (МҚО);
  • 5-7 жыл мерзімінде шығарылған мемлекеттік орта мерзімді облигациялар;
  • 20 жылға дейінгі мерзімге шығарылған мемлекеттік ұзақ мерзімді облигациялар.

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді ҚР Қаржы министрлігі шығарады және оған мемлекет кепілдік береді.

МҚМ-мен қатар айналыста ҚР Ұлттық банкноталары бар. Ол (нота) айналыстағы артық ақша массасын алу үшін шығарылады, яғни мемлекеттік несие ақша айналысын реттеу үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік несиенің болуы төленуі тиіс есептелген пайыздардың барлық сомасын білдіретін мемлекеттік борыштың қалыптасуына әкеледі. Мемлекеттік борыш статистикалық есеп берулерде көрініс табатын мемлекеттік несие қатынасының ең толық сандық сипаттамасы болып табылады. Мемлекеттік борыштың шамасы қатынастың тек бір нәтижелі жағын ғана көрсетеді: кезең ішінде пайда болған мемлекеттің берешегі, ұзақ мерзімді қарызды жұмыспен өтеудің тиісті жылдарының саны, ағымдағы жылда келетін өтеу мерзімі.

Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыздарға бөлінеді. Мемлекеттік қарыз МҚМ бойынша, мемлекеттік займ міндеттемелері бойынша берешектерден, сондай-ақ, жинақ ақша және сақтандыру жүйелерімен жұмылдырылған қаражаттан тұрады.

Мемлекеттік қарызды басқару ұғымы несиелерге табыстарды төлеуді және қарыздарды өтеуді, шығарылған займдардың шартарын өзгертуді, эмиссия шартын анықтауды, мемлекеттік қарызды басқару бойынша шығыстарды кемітуді және т.б. қамтиды.

Мемлекеттік несие жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарының есебінен қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудың қуатты құралы болып табылады.

Ақшалай қаражатты жергілікті үкімет органдары да қайтару және ақылы негізде жұмылдыра алады. Бұл жағдайда, әдетте, алынған қаражаттың нақты мақсатты бағыты болады. Ол жол құрылысына, су бөгетін тұрғызуға, мектепті салуға, қалалық және ауылдық аудандардың жасақталуына пайдалануы мүмкін.

Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдереді. Осылайша халықаралық несие – қайтару, мерзімді және ақылы шарттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формалармен субьектілері бойынша біріктіретін үлкен ұғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол төлем балансының тапшылығын (экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаушы (қорланудың) қосымша көзіне айналады.

Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық несие басқа елдерге, әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың ең тартымда формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалармен және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар және банктер халықаралық несиені жиі пайдаланылады. Бұл белгілі бір реттеуді және шектеуді қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген берешектердің жинақталуы және сыртқы қарыздың ағымдағы қызмет көрсетуі бойынша өсе түскен төлемдер мемлекетің қаржылық-валюта жағдайын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті, үкімет, яғни мемлекет тарапынан саяси және экономикалық қысым көрсетілуі мүмкін.

Меншік формасы бойынша халықаралық несие мемлекеттік, жеке және аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан жеке халықаралық несиені жиі алады, яғни несиені жекеше компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады. Ол қарыз алушы елдің валютасында, үшінші елдің валютасында берілуі мүмкін. Халықаралық несие формасы бойынша коммерциялық (тауарлық) және банктік несиелерге бөлінеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық қайта құру және Даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Жапонияның экспорт-импорт банкі және өзге де халықаралық қаржы-валюта мекемелері берітн несиені пайдаланады.

Қазақстанның және банктердің халықаралық рейтингісі игеруі несие бағасы бойынша да, оның мерзімі бойынша да пайдалы шартқа құрылған халықаралық несиеге жол ашты.

Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, қома-қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай-ақ, капиталдың және шоғырлануын орталықтандырылуын күшейту мақсаттарында капитал елдерге қайта бөлінеді.

Қазақстан 2003-2015 жылдарынан арналған Индустриялдық-инновациялық дамудың стратегиясын жүзеге асыруда халықаралық несиені қосымша құны жоғары әрі бәсекеге жарамджы ғылыми сыймдылығы бар өнімдер өндірісінің жаңа машина, құрал-жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет.

Қазақстандағы компаниялар, фирмалар және банктер бір несие келісімі аясында топтасқан банктердің несие беруін білдіретін бірлестірілген деп аталатын несиені алады. Бұл арада банктердің біреуі бірлестірілген несиені ұйымдастырушы ретінде алға шығып, несиелеуге қажетті қаражатты жинау үшін өзге банктер мен қаржы институттарын  тартады (біріктіреді), несие береді әрі қарыз алушылардан қайтарылған несиелерді пайызымен банктерге бөліп таратады. Бірлестірілген несие банктердің шектеулі несие мүмкіндіктері мен бірінші класты қарыз алушылардың ауқымды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді

Қазақстанда 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг – бұл негізгі құрал-жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметтің түрі.

Қызметтің бұл түрі ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңымен, Азаматтық,Салықтық және Кедендік кодекстермен, «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» және «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі.

Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын машина, құрал-жабдық, сайман, үй-ғимраты, құрылғы, көлік құралдары жатады.

Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі (жалға беруші) мен жалдаушының арасындағы келісім. Бұл келісім – мүлікті делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру. Осылайша, лизингілік мәмілеге лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) қатысады. Лизинг өзінің мазмұны бойынша несие қатынасына сәйкес келеді және мәні бойынша ссудаға ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынада лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін (тауарлық несие) несиені білдіреді.

Лизингтің банк несиесінен артықшылықтары:

  • мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажеті болмайды;
  • бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;
  • лизингілік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге жатқызылады, бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді;
  • жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді.

Лизингілік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажеттә машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субьектілері пайдаланылады.

Бүгінгі таңда лизинг кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді. Машинар мен құрал-жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі арнтықшылықтары бар:

  • лизинг кәсіпкерге – жалдаушыға өндірісті аса ірі бір жолғы шығындарсыз ұлғайтылуына мүмкіндік береді;
  • өтімді қаражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;
  • негізгі құрал-жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісімшарт әрекет ететін барлық мерзімге бірдей (біркелкі) бөлінеді;
  • қарыз капиталы тартылмайды және т.б.

Лизинг беруші-банктің лизингілік қызметінің артықшылығы:

  • лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;
  • қосымша құн салығынан босатылады;
  • лизингілік компаниялар компанияның несиелеуінен табыс және акциядан дивиденттер алады.

 

  • Несие есебі мен талдауының экономикалық ұғымы және мазмұны

 

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер, несие беретін мекемелер арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорынға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін артыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінде жете көңіл бөлетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие беру банктердің немесе несие беретін мекемелердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Несие бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Несие беретін банк табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.

Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді және субьект пен несие беретін банк арасындағы несие шартымен реттеледі. Онда несиелеудің обьектілері, несие берудің шарттары мен тәртібі, оны өтеудің мерзімдері, міндеттемелерді өзара қамтамасыз ету нысандары (кепіл), пайыздық ставка, оларды төлеудің тәртібі, тараптардың құқығы мен жауапкершілігі, құжаттардың тізбесі және оларды тапсырудың мерзімділігі және т.б.

Нақты бір банкке қарыз үшін жүгінбес бұрын субьект:

  1. Оны алудың мақсатқа сайлығы мен қайтарудың мүмкіндіктерін ойластыруға;
  2. Несие беру мерзімдері, пайыздық ставкалардың мөлшері және басқа талаптар тұрғысынан әр түрлі несие беретін мекемелердің несие беруінің және өтеуінің талаптарын бағалап алуға тиіс.

Несие беретін банк кәсіпорынның қарызды уақтылы қайтару және пайыздарын төлеу мүмкіндіктерін бағалап, оның төлем қабілеті мен табыстылығына талдау жасайды.

Ол үшін банк баланс пен басқа есептемелерді сұрап алуға, несиенің тиісті тауарлы-материалды құндылықтармен қамтамасыз етілуі тексетуді жүзеге асыруға, есеп беру құжаттарымен, есептік тіркемелермен танысуға құқылы.

Әдете қарыз (ссуда) шоттары банктерде есеп айырысу шоты ашылған жерінде ашылады. Бұл үшін кәсіпорын банкке өтініш-міндеттемесін ұсынуы керек. Сонымен қатар, несие алу үшін бірінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғанына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шараның техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі, жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептері, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылатын шоттардың көшірмесі, қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқа да деректер, банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.) және басқа да құжаттарының көшірмесі ұсынылады.

Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап  беретін кәсіпорындарының құрылысының (қалпына келтіруге) жобасы (жұмыс жобасы), сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета құжаттарын бар болса ғана несиелеу саясаты оң шешімін табуы мүмкін.

Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және олардан кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.

Қарыз алушының мүлкіне несие берген банк олардың арасында жасалған келісім-шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады. Қарыз алушыға тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімге кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған құндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалды құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол қойылғаннан кейін, несие берген банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп, ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышқор кепілге салумен қамтамасыз етілген  міндеттемесін орындаған жағдайда «кепілге салынған» мүліктің құнынан несие беретін мекеменің талабын қанағаттандыру соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Несие беретін мекеме мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қарыз алушының есебінен оның сақталуын талап етуге құқылы. Кепілге  салынған мүлік жойылған (опат болған) жағдайда, егер ол сақтандырылған болса, несие беретін мекеменің талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың айрықша құқығын пайдалана алады. Несие беретін банк шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған, мүлігінің құнынан несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы.

Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Бұл жерде қарыз да, оның проценті де толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарыз алушынның банкісіне кепілші-банктің кепілдеме қабылдағаны жөнінде (яғни, банк мөрімен бекітілген кепілші-банктің басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылған) белгісі бар көшірме ұсынылады. Кепілдеме қарыз берілгенге дейін беріледі, ол қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыруы жөнінде банкке барған қарыз алушыдан да талап етілуі мүмкін.

Кепілшінің шотынан даусыз түрде қаржыны есептен шығару төлем-талап тапсырмасы ұсынылған кезден бастап  жүзеге асырылады. Қарыз алушының өтелмеген несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру «Сақтандыру жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Банк қарыз алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жолымен, өз бетінше сақтандыра алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтемегені үшін жауапкершілігін өз еркімен сақтандыру шарты бойынша банк төлеген сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы мүмкін.

Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде несиенің мақсаты, мөлшері мен  мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдалануын және қамсыздандырылуын тексеру нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттың мазмұны ашылады.

Несие беруші банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.

Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклының ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.

Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.

Несие беретін банк несиелік келісім шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (немесе қарызданушының) несиені өтеу қабілеттелігін, қарызданушының репутациясын, қаржылық және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.

Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушылардың банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметтері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.

Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа пайдаланғаны үшін пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.

Жалпы бантік несие операциялар екі үлкен топқа бөлінеді: активті – банк қарыз беруші ретінде шыққанда, пассивті – төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде шығады. Несиелік операцияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны ажыратылады: несие және депозит.

Активті несиелік операциялар – біріншіден, клиентер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну операциясынан, екіншіден – басқа банктерде орналасқан депозиттерден тұрады. Пассивтің несиелік операциялары үшінші тұлғаның және жеке тұлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан тұрады. Аталған сипаттамалардан несиелік және қарыз беру операцияларының, несие мен қарыз арасындағы ерекшелікті көруге болады. Несие – банктің қаражатын ұйымдастыру көзі және оларды салудың әр түрлі нысандарын ұсынатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын қарастыратын кең мағынадағы түсінік. Қарыз болса – нәтижесінде қарыз шотын ашуға болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Сонымен бірге, несиелік қатынастар тек банктік несие шеңберінде ғана ұйымдастырылып қоймайды, сондай-ақ кәсіпорын кредитор және қарыз алушы болатын коммерциялық несиелу ретінде де ұйымдастырылады. Ал олардың арасындағы несиелік қатынас вексельмен рәсімделеді.Бұдан әрі коммерциялық несие, банктік вексельді кепілге қоя отырып, банктік несиеге айналуы мүмкін. Тікелей банктік несиелеу, яғни кәсіпорынның несиелік қатынасы басында банкпен арақатынасынан басталады, сонымен бірге жанама банктік несиелеу, яғни алдымен кәсіпорындар арасында несиелік қатынас пайда болады, нәтижесінде олар банкке жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін іздестіру үшін жүгінеді.

 

  • «Альянс Банк» экономикалық көрсеткіштері мен есеп саясаты

 

Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.

Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалағн қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік  саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Пайдаланатын есеп  саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы – кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпаратпен қалыптастыру.

АҚ «Иртышбизнесбанк»   АҚ «Альянс Банктің» негізі болып табылады. Тек 2002 жылдың 13 наурызында АҚ «Иртышбизнесбанк» заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткенде АҚ «Альянс Банк» деп аталды.

ҚРҰБ 2001 жылдың 25 маусымдағы №246 жарлығына сәйкес АҚ«Альянс Банк» екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарын орындағандығы туралы шешім қабылдады. 2004 жылдың 15 маусымында ҚРҰБ №79 жарлығымен АҚ«Альянс Банк» халықаралық есептіліктің халықаралық стандарттарына өткен екінші деңгейдегі банктер қатарына енгізілді.

АҚ «Альянс Банк» өзінің жұмысын 2004 жылдың 31 мамыр айында Бақылау органымен берілген №250 лицензияға сәйкес жүргізеді. Банктің қызмет түрлері банктік коммерциялық қызмет болып есептеледі: салымдар салу, бағалы қағаздармен операциялар, төлемдер жүргізу, несие беру, шетел валютасын айырбастау және т.б.

Банк өзінің қызметін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттыры (ҚЕХС)  негізінде жүргізеді. Қаржылық есептемедегі валютасы – теңге.

Қазіргі уақытта Банктің Қазақстан республикамыздың территориясында 19 филиалы бар. Осыған қоса банктің серіктестіктері бар:

  • АҚ «Қаржылық компания «Альянс Капитал»;
  • АҚ«Альянс Лизинг»;
  • АҚ «Сақтандыру компаниясы «Альянс Полис»

Банктің негізгі құрылтайшысы «Сеймар Альянс» (Seimar Aliance Financial Corporation – SAFC) болып есептеледі. Ол Банктің 67,78 % акциясын ұстайды, ал қалған акциялар Қазақстандық ірі компаниялар  «Рахат» кондитер фабрикасы және «АНТ» компаниялар тобының еншісінде.

 

 

АҚ ««Альянс Банк» негізгі экономикалық көрсеткіштері (таблица 1)

2006200520042003
Активтер млн, теңге931 769332 758114 66050 274
Капитал млн, теңге44 54226 03215 9883 730
Депозиттік база млн, теңге234 345137 95467 45436 685
Несиелік портфель208 400160 09753 30130 670
Таза табыс млн, теңге13 3071 596861208
Клиенттік база345 759225 85477 69442 474

 

2005 жылы АҚ «Альянс Банк» активінің өсу қарқыны 178 % пайыз болып 2005 жылдың 31 желтоқсанына 332 758 млн теңгені құрады. Ал 2006 жылы бұл көрсеткіш 931 769 млн теңгеге жеткен, яғни 599 011 млн теңгеге артты. Бұл көрсеткіштің өсуі негізінен Банктің қарыз портфелінің өсуімен байланысты болып келеді. Себебі, оның өсімі 2005 жылы 2 еседен көп болса, ал 2006 жылы 3,2 есе болды.

2006 жылдың қорытындысы бойынша АҚ «Альянс Банк» 2005 жылмен салыстырғанда 4 орынға иемденді. Банктің нарықтағы үлесі 2003 жылы 2,9 % болса, 2004 жылы ол 4,5 % көтерілді, 2005 жылы Банктің нарықтағы үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 2,9-ға көтеріліп, 7,4 % құраған. Ал 2006 жылы бұл көрсеткіш 9,2 % жетті.

АҚ «Альянс Банктің» нарықтағы үлесі. (сурет-2)

 

2006 жылдың аяғына қарай Банктің өтімді  активтерінің (ақша қаражаттары және бағалы қағаздар) үлесі 40 % құрады. Клиенттерге берілген несиелер (несиелер бойынша резервті алып тастағанда) әдеттегідей активтердің басым бөлігі бола отырып, жалпы активтердің 54,1  % құрап отыр. Қалған активтер бөлігі айтарлықтай көп емес.

АҚ «Альянс банткің» активінің құрылымы (сурет-3)

АҚ «Альянс Банктің» 2006 жылдың  бухгалтерлік балансы.(таблица 2)

АктивтерЖыл басындаЖыл соңында
134
Касса және ҚРҰБ қалдықтар19  631 48442 327 133
Асыл металдар1 866
Банкке ұсынылған қарыздар891 9749 206 138
Бағалы қағаздар31 324 22079 283 014
РЕПО келісіміне сәйкес сатып алынған бағалы қағаздар6 421 3314 037 667
Клиенттерге ұсынылған несиелер мен құралдар мен құралдар53 308 589181 663 992
Еншілес кәсіпорындарға инвестициялар01 288 086
Бағалы қағаздарға салымдар:

–       өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар

–       сатуға арналған бағалы қағаздар

 

1 259 762

 

5 466 947

 

462 939

 

11 108 972

Амортизацияны алып тастағандағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтер1 036 2782 180 744
Өзге де активтер517 3125 365 448
Барлық актив119 859 763336 927 544
 

 

МіндеттемелерЖыл басына Жыл соңына
ҚРҰБ алдындағы қарыз4 000 0006 000 000
ҚР бюджеті алдындағы қарыз283 742129 041
Қаржылық институтттар алдындағы қарыз9 463 06995 257 499
РЕПО келісімі бойынша сатылған бағалы қағаздар16 591 9886 261 236
Клиенттің шоттары67 453 777136 906 107
Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар1 988 57254 076 405
Төленуге тиіс дивидендтер60 00049 260
Өзге де міндеттемелер147 6573 691 004
Субординарлық қарыз3 872 8765 349 076
Барлық міндеттеме

 

103 871 681307 719 628
Капитал  
Жарғылық капитал14 989 16024 899 750
Қосымша капитал5 1823 839
Қайта бағалау қоры111 283693 204
Бөлінбеген табыс882 4573 611 123
Барлық капитал15 988 08229 207 916
 

Барлық міндеттеме мен капитал

 

119 859 763

 

336 927 544

 

АҚ «Альянс Банктің» 2006 жылдың  табыс және шығыс бойынша есебі.(таблица 3)

 

АталуыЖыл басына Жыл соңына
Сыйақы алумен байланысты табыстар6 972 70417 547 277
Сыйақы алумен байланысты шығыстар-4 205 353-11 820 190
Несие бойынша шығындарға резерв құруға дейін сыйақымен байланысты таза табыс 

2 767 351

 

5 727 087

Несие бойынша мүмкін болатын резервтерді құру 

-1 308 020

 

-4 643 868

Сыйақымен байланысты таза табыс1 459 3311 083 219
Қызмет көрсету мен комиссиялар1 380 4364 903 343
Қызмет көрсету мен комиссиялар бойынша шығыстар 

-113 119

 

-491 960

Шетел валютасындағы операциялар бойынша таза табыс 

45 793

 

620 420

Сатылатын бағалы қағаздармен операциялар бойынша таза табыс 

128 062

 

274 214

Өзге де табыс70 302588 102
Сыйақымен байланыссыз таза табыс 1 511 4745 894 119
Операциондық табыс2 970 8056 977 338
Операциондық шығыс-2 082 336-3 833 234
Табысқа салық және өзге резервті құруға дейінгі табыс888 4693 144 104
Өзге де операциялар бойынша резерв құру шығыстары-27 866-138 958
Салық салынғанға дейінгі табыс860 6033 005 146
Табысқа салық бойынша шығыстар0-230 000
Таза табыс860 6032 775 146

 

  1. НЕСИЕ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

2.1     Несие беру және қайтару есебі 

Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап (қарыз беруші) екінші тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық міндеттемелерін орындауды өз міндетіне алады.

Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтінішті қарау;
  • несиелік қабілетін талдау;
  • несиелік келісімшарт жасасу;
  • несие беру;
  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

І кезең. Келіп түскен несиеге өтінішті қарау.

Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұратылатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Несие беретін банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар әзірленуі мүмкін.

Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған құжат мерзімді міндеттемеселрден басқа несиелік құжаттмаға тігіледі. Күнделікті жауапты орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер жазылады.Банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез келген несиені ұсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті. Негізгі құжаттарға келесілер :

  • қарыз алушы қол қойған, несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш;
  • егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмесі;
  • қарыз алушы атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;
  • жасалған несиелік шарттың түпнұсқасы;
  • клиенттің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық компанияның қорытындысы;
  • егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;
  • несиенің пайдалану мақсатын растайтын құжат (4-қосымша)
  • заңды тұлғаның бизнес жоспары;
  • несие беру кезінде бюджеттік және бюджеттік емес қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздың жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;
  • басқа банктерді ашқан банктік шот туралы мәліметтер.

Егер ұсынылған несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосымша құжаттарға келесілер кіреді:

  • мемлекеттік тіркеуден өткен ипотека және кепіл шартының түпнұсқасы (5 қосымша);
  • кепілге қойылған мүліктің нарықтық құнын бекітетін және дәлелдейтін бағалау құжаты;
  • егер несие осы мүлікті алу үшін берілсе, онда кепіл мүлкінің сатып алу бағасын бекітетін құжат.

Несиелік құжаттамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының міндеттемерін орындауын қамтамасыз ету жағдайында ұсынылғаннан басқа, кепіл шарты, кепіл заты туралы ақпарат және олардың құнын анықтау әдісі ұсынылады.

ІІ кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да несие беретін банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды.Бұл көрсеткіш осы мекеменің өтімділігіне ықпал етеді.

ІІІ кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт  жасасу.

Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша несие беретін банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субьектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершілігін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

  • несиелеу мақсаты және обьектісі;
  • несиенің мөлшері;
  • несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
  • несиені қамтамасыз ету формасы;
  • несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
  • несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
  • несиелеу процесіндегі несие беретін мекеменің бақылау қызметі.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
  • тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:

а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;

ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;

б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар

кепілі;

в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;

  • бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
  • жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
  1. Мүліктік құқықтар кепілі:
  • Жалгерлік құқық кепілі;
  • Авторлық құқықө кепілі;
  • Жерге құқық кеплілі.

Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады.

  • келісімшарт жасаушы тараптар туралы мәліметтер;
  • келісімшарт заты;
  • кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
  • кепіл ұстаушының құқытары мен міндеттері;
  • талап ету құқықтары;
  • кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
  • кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
  • тараптырдың жауапкершіліктері;
  • ерекше шарттар;
  • дауларды шешу;
  • басқа шарттар;
  • кепіл туралы келісімшарт жасаушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.

IV кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға артық сыйақы төлегісі келмейді).

Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.

V кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау – несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі қаражаттардың пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналым құраудағы рөліне байланысты.

Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі. Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:

  • мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
  • меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
  • алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
  • түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
  • несиенің қайтарылу мерзімін созу;
  • мерзімі өткен қарызды «Мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;
  • банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.

Несиелік қарызды туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:

Қайтаруына қарай:

  • несиені толық қайтару;
  • несиені жартылай қайтару.

Қайтару жиілігіне қарай:

  • несиені бірден қайтару;
  • несиені бөліп-бөліп қайтару;

Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:

  • несиені жүйелі түрде қайтару;
  • несиені эпизодтық қайтару.

Қайтару мерзімдеріне қарай:

  • несиені мерзімді қайтару;
  • несиенің уақытын созып қайтару;
  • несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
  • несиені мерзімнен бұрын қайтару.

Қайтару көздеріне қарай:

  • клиенттің меншікті қаражаттары;
  • жаңа несиені пайдалану;
  • кепіл берушінің шотынан шегеру;
  • басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
  • бюджеттік түсім және т.б.

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, несие беретін банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.

Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Серіктестік қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз адушының ағымдағы шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем талап тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.

Банк несиелік кілісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір несие беретін мекеменің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.

Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзіснен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені серіктестіктің  несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып  табылады.

Несие бөлу туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі заң бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды. Несиелік бөлім қажетті қолдарды жинап, оны мөрімен куәландырады.

Несиелік келісім, кепіл келісімі және басқа да құжаттар толығымен рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу үшін немесе ҚРҰБ талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарына алуға немесе несиені қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң бөліміне беріледі. Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету құжаты бойынша несие бөлімі бухгалтерияға несиені аудару туралы өкім береді. Яғни оған банк басқармасы төрағасының және несие бөлімі басшысының қолы қойылуы керек. Заңды тұлғалар үшін мерзімдік міндеттемелер рәсімделуі талап етіледі. Бухгалтерия несиені жоғарыда көрсетілген үкім негізінде аударады және мерзімді міндеттемелердің бизнес жоспары мен келісімге келген тапсырма  сай екенін тексеру үшін несие бөлімінің қолымен куәландырған қарыз алушының қолындағы төлем тапсырмасы керек.

Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгалтерияның бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп беріледі:

  • несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициар төлем құжаттарын төлеу;
  • бенефициар төлем құжаттары бенефициар мекенжайына төленеді (төлем тек бағалы заттарды тиеуге болады деген шартқа сәйкес құжатты банкке көрсеткеннен кейін орындалады);
  • аккредитив қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына қаражатты аудару;
  • қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;
  • қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;
  • қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сомасын аудару;
  • басқа да жолдармен.

Банктегі несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру әрбір банктің несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан несиелік шотта әрбір несиелу обьектісі бойынша қарыз есебі жүргізіледі. Бөлек баланстық шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу көрсетіледі. Несиелік шоттың режимі шартта анықталады: берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін.

Сондай-ақ несиені контоккорренттік шот ашу арқылы беруге болады. Бұл шотта бір жағынан түсімдер, екінші жағынан несие және төлемдер және кредиттік пен дебеттік сальдо көрсетіледі. Контокоррент өз кезегінде клиенттің банктегі несиелік есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын шот.  Контоккоррентітк шот бойынша банк әрбір қарыз алушы үшін  контоккорренттік несие көлемін шектейтін лимит белгілейді

«Альянс банк» клиенттерге несие берген кезде мынадай корреспондеттік шоттар құрылады:

Дт 1411, 1417, «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұақ мерзімді қарыздар»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Мерзімді міндеттмелер бір мерзімде баланстан тыс шотқа келіп түседі – «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» (7339). Басқа бане қызмет көрсететін клиенттрег  несие беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»

1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар»

Кт 1050 «Банктің кореспондеттік есепшоттары».

Клиенттерге шетел валютасымен несие берген кезде келесідей жазу жасалады:

Дт 1411,1417 «Клиенттерге берілген қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар»

Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».

Сонымен бір уақытта теңгемен:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валютаның ұзақ позициясының)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»

Кт 1001 «Кассадғы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 « Банктің корреспондеттік есепшоттары».

Несиені қайтару кезінде өткізбелер керісінше жасалады. Теңгелей берген несиені қайтарған кезде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 « Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 « Банктің корреспондеттік есепшоттары»

Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»

1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар».

Шетел валютасында берілген несиені қайтарғанда:

Дт 1001 «Кассадғы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 « Банктің корреспондеттік есепшоттары»

Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».

Бір уақытта теңгемен берілген:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валютаның ұзақ позициясының)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»

Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»

1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар».

Клиент қарыздың негізгі сомасын негізгі сомасын қайтармаған кезде, ол кешіктірілген қарыз деп есептеледі:

Дт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»

Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»

1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар».

Болашақта клиент кешіктірілген қарыздарын төлеген кезде:

Дт 1001 «Кассадғы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 « Банктің корреспондеттік есепшоттары»

Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».

Егер клиенттің қаржылық жағдайы үмітсіз деп табылса, онда банк оның қарыздарына тосқауыл қояды.

Дт 1427 «банк қарыздары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі»

Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».

Тосқауыл қойылған қарыз бойынша пайызды есептеу тоқтатылады. Клиентің тосқауыл қойылған берешегі қайтарылған кезде:

Дт 1001 «Кассадғы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 « Банктің корреспондеттік есепшоттары»

Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».

 

                     2.2.Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі

 

   Несиелеу принципінің бірі – төлемділігі болып табылады, яғни клиент несиені пайдаланғаны үшін белгіленген пайызын төлуі керек. Осы үлгіде несие ұсына отырып барлық несие беретін мекемелер, банктер делдалдық қызметі үшін өтемақы алады. Несие беретін банк қызметінің негізгі түрі сырттан қаражат тарту және басқаларға несие беру болып табылады. Бұл қызметтің өзін-өзі ақтау себебі сырттан тартылған қаражаттың пайыздық мөлшерлемесі мекеменің өзіне берген несиеге қарағанда едәуір төмен.

Яғни, несиелеу процесі кезінде қарыз алушы несие берушіден несиені алғаны үшін, оны қайтару барысында бастапқы сомадан өскен соманы қайтарады. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.

Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.

Қазіргі несие беретін банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін  белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:

  • ҰБ саясатының реттеу бағыты. Бізде ҰБ пайыздық саясатты анықтауға араласпайды, несие үшін пайыздық мөлшерлемені төмендету немесе жоғарылату, ынталандыру, міндетті резерв нормасын, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін икемдеу жолдарымен анықтайды;
  • банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
  • өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшерлемесі;
  • банктің несиелік ресурсатырының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуы тиіс);
  • несиеге деген сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Қандай да болмасын нарықта сұраныс несиелік қаражат ұсынысынан жоғары болады және керісінше (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);
  • берілетін несиенің көлемі мен мерзімі ( несиенің көлемі жоғары және несие ұзағырақ болса, онда пайыздық мөлшерлеме де жоғары болады);
  • несиелік капиталдың өзіндік құны (яғни тартылған қаражат банкке қаншалықты қымбатқа түседі);
  • қарыз алушының несие қабілеттілігі. Несие беретін банк қарыз алушының қаржылық қатынасы тұрақты, сенімді болса пайыздық мөлшерлемені төмен белгілейді және керісінше, егер қарыз алушы сенімсіздеу болса онда жоғары пайыздық мөлшерлеме белгілейді;
  • қамтамасыз ету сипаттамасы (кепілдік сенімділігі, кепілге қойылған мүліктің өтімділік дәрежесі;
  • еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақы да жоғары болуы тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануына банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады)
  • несиенің мақсаты.

Несиенің пайыздық мөлшерлемесі деңгейіне әсер ететін тағы да бір қажетті фактор – сол несие беретін банктің қаржылық жағдайы. Меншік капиталы жеткілікті мөлшерде қалыптаспаған банкте табыстық деңгейі жоғары емес және күтілмеген жағдайлар кезінде резервтің сенімділігі немесе шығындылығы агрессивті пайыздық саясат ұстанғаннан басқа әрекет ете алмайды. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі де инфляцияның өсуіне сәйкес өседі. Бұған мысал ретінде мына фактіні айтуға болады: 1993-94 жылдары инфляцияның өсу қарқыны өте жоғары болғандықтан, республикамыздың банктері несиені 360 жылдық пайызбен берген.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды айтуға болады: несие пайызының жоғары шегін нарықтық жағдай анықтайды, ал төменгі шегі несиелік ұйымның өзінің қызмет жағдайына тәуелді.

Несиені беру кезінде тұрақты немесе қалқымалы пайыз бекітілуі мүмкін. Тұрақты пайыз несие шартының әрекет ету уақытында өзгермейді. Қалқымалы пайыз банктің қалауы бойынша несиелік шарт әрекет ету уақытында өзгеруі мүмкін. Бухгалтерлік есепшот бойынша пайызды аудару және олардың көрсетілу тәртібі ҚРҰБ бекіткен банктік мекемелерде бухгалтерлік есепшот бойынша пайызды аудару  және олардың көрсетілуі туралы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Бұл ережеге сәйкес аналитикалық есепшот бойынша пайызды аудару үшін, әр есепшот үлесіне: обьектілер, несиені пайдалану мерзімі және пайыздық мөлшерлеме бойынша дербес шот ашылады.

Несиелік комитетінің шешімі бойынша пайыздық мөлшерлеме мөлшері, тәртібі, кезеңі, пайыздық аудару мерзімдері және төлету тәртібі анықталады. Бұл шешімді мекеменің төрағысы бекітеді.

Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне обьективтік және экономикалық, сол сияқты субьективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.

Тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жай сыйақыны есептеу формуласы мынадай түрде беріледі:

 

і х Р х n

І =                                  ,

360 х 100                                              (1)

мұндағы:

і – сыйақы мөлшері;

Р – қарыз қалдығы;

n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;

І – несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы мынадай:

 

і

І = Р х [ (1+                     ) n – 1 ] ,

1200                                                 (2)

Мұндағы:

і – сыйақы мөлшерлемесі;

Р – несиенің бастапқы сомасы;

І – несиенің барлық мерзіміне есетейтін сыйақы сомасы;

n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.

 

Егер де несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен несиелер шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен несиелік қарызға сыйақыны есептеу мынадай формулаға байланысты жүргізіледі:

 

 

іg                                  ig

І = Р х [ (1+                 ) t¹ – (  1+                              )  t² ]

1200                              1200                                     (3)

 

Мұндағы:

Ig – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;

G – мерзімі өткен қарыз сомасы;

Ig – мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айып-пұл);

t¹ – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі;

t² – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мезгілі.

Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны – 30, ал жылдағы 360 күнмен алынады.

Несиелік келісімшартта қарастырылған мерзімде және мөлшерде пайыздыр аударылады, бұндай жағдайда пайыздарды аванспен аударуға және төлеуге жол берілмейді. Шотты жапқан кезде дербес шотты бір банктен басқа банкке бергенде, пайыздар шоттың дәл жабылған күніне аударылады. Шот жабылғаннан кейін одан алынатын қалған соманың пайыздық қойылымынан шоттың иесіне тиімді етіп одан пайыздық мөлшерлемесін алады. Алынған пайыздық мөлшерлеме банктің сол мезгіліндегі пайдасы деп саналады. Несиелер бойынша пайызды төлеу және аудару үшін келесідей бухгалтерлік өткізбелер жасалады.

Егер несие теңге түрінде берілсе, пайыздық аударымдар бойынша:

Дт 1740 «Клиенттреге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Егер несие шетел валютасымен берілген жағдайда, пайыздық аудару бойынша:

Дт 1740 «Клиенттреге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».

Бір уақытта теңге түрінде:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валютаның ұзақ позициясының)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»

Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Есептелген пайызды төлеу кезінде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 « Банктің корреспондеттік есепшоттары»

Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Егер келісімшартта сәйкес пайызды ай саын төлесе, онда банк шетел валютасымен берілген несие бойынша пайызды алған кезде:

Дт 1001 «Кассадғы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 « Банктің корреспондеттік есепшоттары»

Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».

Бір уақытта теңгемен берілсе былай жазылады:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валютаның ұзақ позициясының)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»

Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Кешіктірілген пайыз сомасына:

Дт 1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»

Кт 1740 ««Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».

Клиенттердің кешіктірілген қарыздары бойынша аудару кезінде:

Дт 1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»

Кт 4424 «Банктің қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегіне сыйақы алумен байланысты кірістер».

 

 

 

 

  • Несие бойынша шығындар және сақтандыру операцияларының есебі

 

   Несиелеу үрдісіндегі маңызды кезеңұсынылған несиеге кеткен қаражат шығындарына бақылау жасау. Банктің кәсіпорынның қаржылық жағдайына бақылауды күшейту белгілі бір күдік туған кезде жүргізіледі.

Барлық берілген несие банктің Активтер, шартты міндеттемелер мен оларға қарсы мәжбүрлі шығындар құру туралы 2002 жылдың 16 қарашасында бекітілген №465 қаулысына сәйкес жіктеледі.

Банктерден берілетін несиелер қарыз алушының  несие бойынша төлемді дұрыс орындағанына байланысты сапасы, қарыз алушының қаржылық жағдайы, банк пен несие алушының өзара қатынасы, несиенің тарихы, несиенің қамтамасыз етілуіне және тұрақтылық, өтімділік дәрежесіне қарай келесі топтарға бөлінеді:

  • стандартты;
  • І дәрежелі күмәнді, ІІ дәрежелі күмәнді, ІІІ дәрежелі күмәнді, IV дәрежелі күмәнді, V дәрежелі күмәнді;
  • Үмітсіз.

Стандартты несие – қайтару мерзімі жетпеген және оның сапасы күдік тудырмайтын несие. Бұл санаттағы несиелер қайтарылмау қалу туралы күдік тудырмайды.

   І және ІІ дәрежелі күмәнді несиеге мынадай несиелер жатады: қаржылық жағдайы тұрақты клиенттерге берілген, бірақ белгілі дәрежеде қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері бар, мысалы, дебиторлық қарыздардың, өтімді есем тауар қорлары, дайын өнім және т.б. өсуі.

ІІІ дәрежелі күмәнді несиеге – негізгі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемдерді тоқтатпайтын төлемдерді жатқызамыз.

30-60 күнге дейін және кем дегенде 1 рет шарт мерзімін ұзарту, өндіріс құлдырауының нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жағдайы шамалы немесе әлеуетті төмендеуі, коньюнктуралық нарықтың өзгерістеріне байланысты, қарыз алушыда сәйкес несиелік құжаттаманың болмауы.

IV дәрежелі күмәнді несиелерге ‑ 60-90 күнге дейін және кем дегенде 1 рет шарт мерзімін ұзарту, өндіріс құлдырауының нәтижесінде қарыз алушының негізгі табыс көзінен алынған қаражаттарының жүйелі жетіспеушілігі. Кем дегенде бір жыл мерзімге сауықтыру шараларын белгілеу, қарыз алушы зиян шеккен, бірақ оның қызметін тоқтатуға әсері жоқ форс-мажорлық жағдайлар, басқа банктерден алынған несие және кепіл бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздардан туындайтын несиелер жатады.

Егер келесі негіздердің бірі болса, онда несие үмітсіз болып табылады:

  • негізгі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемнің 90 күннен асқан мерзімде кешіктірілуі;
  • қарыз алушыны банкрот деп жариялағанда;
  • кем дегенде 1 жыл мерзімде сауықтыру шаралары жаряланғанда;
  • форс-мажорлық, қарыз алушыға материалдық залал келтірген және өз қызметін әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейтін басқа да жағдайлар.

Төменде кестеде көрсетілген өлшемдер бойынша несие жоғарыда көрсетілген несие топтары арасында аралық орын алады. Банк тәуекелін төмендету үшін берілген несиені төмен сапалы несие тобына жатқызу керек. Мәжбүрлі шығындар көлемін есептеу үшін несиенің жіктелуі және олар бойынша мәжбүрлі шығындар қалыптасуы кестесі қолданылады.( кесте)

Заңды және жеке тұлғаларға ұсынылатын несиелер жіктемесі және екінші деңгейлі банктердің олар бойынша мәжбүрлі шығындар құруы (таблица -4)

Жіктемеге сәйкес несиелер тобыНегізгі қарыздың жиынтық сомасыСоның ішінде несиелер бойынша (қаржылық лизингті есептемегенде) негізгі қарыз сомасыЕрежеге сәйкес негізгі қарыз сомасының мәжбүрлі шығындар көлеміНақты құрылған мәжбүрлі шығындардың жиынтық сомасыСоның ішінде екінші графада көрсетілген несиелер бойынша құрылған мәжбүрлі шығындардың сомасыҚамтамасыз ету құны
           1    2          3      4       5         6 7
1. Стандартты0
2. Күмәнді
1) І дәрежелі күмәнді – төлемді толық және уақтылы жүргізген кезде.5
2) ІІ дәрежелі күмәнді – төлемді кідірісте немесе төлемді толық өтемесе10
3) ІІІ дәрежелі күмәнді – төлемді толық және уақтылы жүргізген кезде20
4) IV дәрежелі күмәнді – төлемді кідіртсе немесе төлемді толық өтемесе25
5) V дәрежелі күмәнді50
3. Үмітсіз.

 

100
Барлығы

 

Жіктеуге банк тиісінше өзінің несиелік қоржынын бақылауды жүзеге асырады, оның сапасын талдайды және сапасын жетілдіру үшін шаралар қолданылады. Келесі несие беруде өздерінің есептеулерін ескере отырып тәуекелді анықтайды.

Қарыз алушы өзінің міндеттемелерін келісімшарт бойынша орындамаған жағдайда кепіл мүлкін сату есебінен шығындарын жабады. Кепіл мүлкін сату сот үкімі арқылы немесе сотсыз, мәжбүрлі сауда арқылы ҚР Президентінің «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» жарлығының 27-36-баптары бойынша жүргізіледі.

Алғашқы сауда Жылжымайтын мүлік орталығы немесе банктің сараптама комиссиясы бекіткен келісімшарттағы кепілдік мүліктің бағасы бойынша басталады. Сауда ең шекті ұсынылған бағамен жүргізіледі. Егер сауда белгіленген баға бойынша жүрмесе, банктің сараптама комиссиясы екінші сауда жүргізу үшін бастапқы бағасын түсіруге құқылы. Екінші сауданың бастапқы бастапқы бағасы сауданы өткізуге кеткен шығындары, мерзімдік айыппұл, несиені пайдаланғаны үшін сыйақы, несиелік қарыздар сомасынан төмен болмауы керек.

Алғашқы баға алдын ала келісілген қадам бойынша ең жоғарғы баға берген жалғыз қатысушы қалғанша өседі. Кепілге қойылған мүлікті бағалауда банктің сараптама комиссиясы тартымсыздық коэффициентін төмендетуді қолдануы мүмкін.

Нарықтық сұранысты ескере отырып комиссия коэффициент мөлшерін бекітеді.

Мәжбүрлі шығындар құру кезінде келесі корреспондеттік шоттар құрылады:

Дт 5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар) ақша бөлу»

Кт 1465 «Банктің несиелік қызметіне байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер мәжбүрлі шығындар».

Анықталған мерзімнен кейін оқшауланған қарызын өтемесе, ол мәжбүрлі шығындар есебінен жабылады:

Дт 1465 «банктің несиелік қызметіне байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер мәжбүрлі шығындар»

Кт 1427 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі».

Бір мезгілде «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шоттан мернзімді міндеттемелер шығысталады және баланстан тыс «Шығынға шығарылған қарыздар» шотына кіргізіледі. Осы шотта қарыз 5 жыл аралығында ескеріледі. Осы қарыз мерзімі өткеннен кейін «Шығынға шығарылған қарыздар» шотынан шығарылады.

Сақтандыру бойынша берілетін сомма – несиені беруде есептелетін сақтандыру компаниясының комиссиясын есептегендегі сомма. Берілетін  сомма берілген несие сомасына тең.

Сақтандыру соммасы = берілген несиенің сомасы + несиені Х күн қолданғаны үшін есептелетін пайыз. Сақтандыру компаниясының комиссиясы сақтандыру сомасының 2% құрайды.

Сақтандыру компаниясына несие транш берілгеннен кейін 150 күнтізбелік күн өткен соң беріледі. Егер несие жоспарлы төлемнің бірінші айынан кейінгі бір күн өтіп кеткен болса, онда ол осы сақтандыру компаниясына несиенің берілуіне себепші болады. Сақтандыру сомасын есептеуге қолданылатын несиені пайдаланудағы пайыздарды есептеу үшін күнтізбелік күндер көлемі – 150 күн.

Несиелік келімімшарттың мерзімі өтіп кеткен болып шыққанда, несиені пайдалану пайызы У күнге қоса есептеледі. (таблица-5)

Мысалы : У күнге есептеу

Несиені беру күні: 05.01.2007

Жоспарлы төлем мерзімі

Жоспарлы төлем нөміріКүніАй сайынғы төлем соммасыСақтандыру компаниясына өтуді әкелген мерзімі өтіп кетуУ күні
105.02.200713800х150
205.03.200713800
305.04.200713800
405.05.200713800
505.06.200713800
605.07.200713800
705.08.200713800
805.09.200713800

 

Мерзімі өтіп кеткеннен кейінгі 120 күнтізбелік күнге беріледі. Егер де несиені сақтандыру компаниясына бері бірінші мерзімі өтіп кеткен төлем күні екінші жоспарлы төлем мерзіміне тең немесе артық болса. (таблица-6)

Несиені беру күні: 05.01.2007

Жоспарлы төлем мерзімі

Жоспарлы төлем нөміріКүніАй сайынғы төлем соммасыСақтандыру компаниясына өтуді әкелген мерзімі өтіп кетуУ күні
105.02.200713800
205.03.200713800х120
305.04.200713800
405.05.200713800
505.06.200713800
605.07.200713800
705.08.200713800
805.09.200713800

Егер клиент мерзімі өтіп кеткен міндеттмені толық өтесе, онда У күн келесі мерзімі өтіп кету жағдайы туындағаннан бастап есептеледі. Мерзімі өтіп кеткен төлемді жартылай өтеу У күніне  сақтандыру жағдайы болуына әсер етпейді.

Егер несиенің біту  мерзімі У күнінен аз болса, онда несие сақтандыру компаниясына беріледі. Бұл жағдайда несие бойынша пайыздар несиенің біту күніне есептеледі.(таблица-7)

Несиені беру күні: 05.01.2007

Жоспарлы төлем мерзімі

Жоспарлы төлем нөміріКүніАй сайынғы төлем соммасыСақтандыру компаниясына өтуді әкелген мерзімі өтіп кетуУ күні
105.02.200713800
205.03.200713800
305.04.200713800
405.05.200713800
505.06.200713800х120
605.07.200713800
705.08.200713800
805.09.200713800

 

Ағымдағы У күнін жабу кезінде клиенттің мендеттеме мөлшері:

  • негізгі қарыздың қалдығы;
  • негізгі қарыздың мерзімі өтуі;
  • пайыздардың мерзімі өтуі;
  • есептелген пайыздар

сақтандыру компаниясының дебиторлық берешек шотына апарылып, сақтандыру компаниясының құралдарымен жабылуын күтеді.

Бұл жағдайда сақтандыру компаниясына өтетін сомма мөлшері сақтандыру соммасынан көп болмуы тиіс. Егер сақтандыру компаниясына өтетін міндеттме сомасы сақтандыру соммасынан көп болса, онда сақтандыру сомасы ғана беріледі. Берілетін міндеттемелер соммасы есептелген пайыздар немесе/және мерзімі өтіп кеткен пайыздар есебінен азаяды.

Сақтандыру соммасын және сақтандыру компаниясының комиссиясын есептеу мысалы:

Несие соммасы 100 000,00

Жылдық несие пайызы 15%

Сақтандыру соммасы:

150 күнге есептелген пайыз: 100 000 * 15% *150 / 365 = 6165 теңге

Сақтандыру соммасы  = 100 000 + 6165 = 106 165 теңге.

 

 

 

 

 

 

                 3.1 Несие талдауының мәні, әдістері мен ақпараттық көздері

 

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы –есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етушә факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақытаныстың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік –сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Кез келген құқықтық нысандағы кәсіпорын өзінің жұмысына, қызметіне талдауды міндетті түрде жасайды. Осылайша, банк мекемелері де өзі жүргізіп отырған операцияларды бақылап, олардың дұрыс орындалуын қадағалайды. Сонымен қоса осы жүргізілген операциялараға талдау жасайды. Екінші деңгейдегі банктердің басты табыс көзі – несие операцияларын жүргізуден құралады. Сол себепті  де несие операцияларын үнемі талдау жүргізіледі.

Талдаудың ақпарат көздері мыналар болып табылады:

  • баланс;
  • ақша қозғалысы туралы есеп;
  • табыс және шығыс туралы есеп;
  • капиталдағы өзгеріс туралы есеп;
  • ағымдағы өтімділік коэффициенті;
  • мерзімді өтімділік коэффициенті;
  • активтер рентабельділігі;
  • ұзақ мерзімді міндеттеме рентабельділігі;
  • қаржы тұтқасы коэффициенті;
  • тіркемелі активтерді өтеу коэффициенті;
  • қарызға қызмет ету коэффициенті;
  • қор қайтарымы.

Негізінен талдауға жататындар:

  • материалдар қорының қозғалысы;
  • талданатын кезеңдегі клиенттің валюталық шоты, есеп айырысу шотындағы ақша қаражатының қозғалысы;
  • өнімнің өзіндік құны;
  • пайда;
  • айналмалы және негізгі капиталдардың орналасуы.

Ақша қаражаты қозғалысының негізі қарыз алушының ақша қаражаты қозғалысының жоспары болып табылады. Нақты нәтижелерді есепке ала отырып жоспарлаудың сапасы бағаланады. Осындай жоспарлардың болмауы кіші кәсіпорындардың өтімділігін төмендетудің себебіне айналуы мүмкін.

Өзіндік құн бөлімінде жүкқұжат шығындарын талдау өте маңызды. Жүкқұжат шығындарын өндірістік бөлімшелер мен өнім түрлері арасында бөлудің түрлі тәсілдері, тауарлардың әр түрлі бағалары мен өзіндік құнын шығаруға әкеледі. Шығындардың өзгермелі және тұрақты –шартты болып бөлінуі қағидалы мәнге ие. Көрсетілген шығындардың өнімнің өзіндік құнындағы әр түрлі қатынастары қарыз алушының оңтайлы нарықтық стратегиясының өзгешелігін анықтайды. Мысалы, тұрақты шарты шығындарының үлес салмағы жоғары қарыз алушы салыстырмалы түрде тұрақты-шартты шығындарының үлес салмағы төмен қарыз алушыдан гөрі өзіндік құны өндірістің физикалық көлемінің өзгеруіне неғұрлым сезімтал болып келеді. Ал тұрақты- шартты шығындарының өзіндік құн үлесі төмен қарыз алушы өнім бағасының өзеруіне сезімтал.

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөледі. Банктер жұмыс жағдайы мен оынң қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер  мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын басылымдарда өз қаржылық жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар, көбіне есепте субьектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды.

Ал басқару талдауды жүргізген кезде, кәсіпорын өзі шығаратын өнім, қызмет түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.

Несие операцияларын талдағанда – мынадай әдістерді қолдануға болады:

  1. Көлденең талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, несие операцияларынан түскен табысты, оның жалпы көлемін өткен кезеңдегі көрсеткіштермен салыстыру;
  2. Тікелей талдау ‑ әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немессе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, кәсіпорынның активіндегі несиелердің жалпы үлесі;
  3. Трендік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базичтік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді.
  4. Коэффициенттер – салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болаиын өзара байланыстарға негізделген.

Осы талдау әдістерін жүргізу арқылы банктің несие операцияларының көлемін, оның даму деңгейін, баланстағы және қаржылық есептегі үлесін анықтауға болады.

 

                      3.2 Несие операцияларының талдауы

 

АҚ «Альянс Банк» салалар бойынша құрылымдық сапасын жақсарту бағытында үнемі жұмыс жасайды. Осылайша, аймақтардың бөлінуіне сәйкес салақы бағытта және инфрақұрылымдық артықшылықтары анықталған және сала бойынша тәуекелділікті бағалау шығарылған.

Бантің жаңа қарыз алушылары  2006 жылдың соңына қарай мынадай салаларды құрады: тұтыну ( несиелік портфельдің 28% ), әмбебеп сауда (19% ), қызмет көрсету (18% ) және құрылыс (11% )  несиелері.  (сурет-3)

 

 

 

Салалық құрылым бойынша 2004 жылмен салыстырғанда өзгерістер болды: тұтынушылық несие көлемі 11 % және экономиканың транспорт -5% , қызмет көрсету -4% өсті.

Тұрғындардың табыс және төлем қабілеттілігін ескере отырып Банк бөлшек несиелеудің болашағы мол нарық деп есептеп, бөлшек несиелеу жүйесін дамытпақ. Бөлшек нарық қаржыландыру көзі бойынша да, несие портфелін диверсификациялау көзінен және Банктің табыс базасын ұлғайту мақсатында да сенімді. Банктің бөлшек бизнесіне қызығушылығы тәуекелділікті диверсификациялау қажеттілігінде және ірі жеке клиенттерде тәекелділіктің деңгейін төмендетуге байланысты.

2006 жыл ішінде Банк жеке тұлғаларды несиелеуді 5 есе ұлғайтты және жыл соңында бөлшек несиелеу портфелі 50 млрд теңгеге жетті. Банктің жалпы несиелеу көлемінде  жеке тұлғалардың несие үлесі жыл басында 18 % жыл соңында 27 %  артты. Тұрғындарды несиелеу көлемі Банктің несиелеу нарығында үлкен үлес тапты. Осылайша Банкте 2006 жылдың қортындысы бойынша бөлшек несиелеу нарығында ең үлкен өсім үлесі 4,9 %  болды. Қорытындысында бөлшек несиелеу нарығында Банктің үлесі 8,3 %   болды. Бұндай маңызды жетістіктер тұрғындарды тұтынушылық несиелеу бағдарламасын (экспресс несиелер, шұғыл қажеттіліктерге несиелер, автокөлік несиелер) жетілдіру арқылы қол жеткізілді.

Қызығушылық тудыратын және кең көлемдегі өнімдер нарықта бар болуынан басқа Банкте бөлшек несиелеу бизнесінің дамуы, бөлшек өнімдерді сату жолдарын  кеңейте түсті. Осылайша, жаңа филиалдар мен есеп айырысу бөлімдерінің ашылуынан басқа, аймақтық жүйенің дамуы сауда үйлерімен, қаржылық агенттіктер және т.б. қатынасы нәтижесінде болып отыр.

Банк жүйесінде үлкен бәсекелестік жағдайында «Альянс Банк» кіші және орта бизнесті несиелеуге көңіл аударылып отыр. 2006 жылдың  қорытындысы бойынша Банктің осы секторға берілген несиелер көлемі 7 млрд теңгені құрады. Жалпы несиелік портфельде кіші және ортабизнесті несиелеудің үлесі 3,7 % құрады. Банк бұл несиелеу түрін жүргізу үшін Еуропалық даму банкімен қарым қатынаста.

Осыған қоса жеке клиенттерді несиелеу жүйесі де жаңғыра түсті. Заңды тұлғаларға несиелер 2005 жылдың басымен салыстырғанда 3 есе өсті, жыл соңына оның көлемі 128 млрд теңгені құрады.Банктің қарыз портфелінің 69 % корпаративті (жеке) клиенттері алды. Жыл ішінде (2006) әмбебеп сауда кәсіпорындарына несиелер (25 %-26,9 %), транспорт (4,2 %-12,2 %) және қызмет көрсету саласы (23,4 %-24,5 %) несиелері өсті. Лизинг және факторинг операциялар көлемі 24,5 млн теңгеден 2694 млн теңгеге дейін өсті, яғни 110 есе артты. Жеке бизнес саласында қарыз портфелінің тез өсуіне қарамастан, оның сапасының артуы да байқалды.

Жеке клиенттер бойынша қарыз портфеліндегі мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі жыл бойында 4,09 % болды, яғни, 1,67 % кеміді.

Корпоративті несие портфелінің өсімі ұзақ мерзімді несиелердің ұлғаюына әкелді. Яғни, 2004 жылдың соңында 38 %, 2005 жылдың соңында 48 % болды. Ал 2006 жылдың соңында 57 % болған. Бұндай ағыим инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қосымша бағыт керек екендігін куәландырады.

Уақыты өтіп кеткен қарыздың мониторингі бойынша жасалған тиімді процедуралардың нәтижесінде, әсіресе бөлшектеп несиелеу өнімдері бойынша Банктің несиелік портфеліндегі мерзімі өтіп кеткен қарыздардың көлемі 1,8 % пайызға азайды. Сойтіп 2006 жылдың аяғында 1,4 % құрады. (сурет-4)

  

  

Несиелік тәуекелділіктің төмендеуі Банкте жалпы несиелік портфельде қарыз бойынша провизия деңгейін төмендетті. Сөйтіп, ол жыл аяғында (2006) 40 % құрады. Сонымен қоса провизия деңгейінің төмендеуіне 2005 жылы 3,4 есе көбейген несиелік портфельдің әсері болды.

Сонымен қатар, 2005 жылы баланс есебінен есептен шығарылған несие көлемі 0,02 % болды. 2005 жылы қалпына келтірілген несиелер 2004 жылмен салыстырғанда 19 есе көбейді, ал 2006 жылы олардың көлемі 24 есе ұлғайды. Бұл несиелік тәуекелділікті басқару жүйесінің тиімді жұмысы нәтижесінде болып отыр.(таблица-8)

 2003200420052006
Баланс бойынша есептен шығарылған несиелер290,3332,838,929,2
Қарыз портфеліндегі үлесі0,92%0,61%0,02%0,015%
Қалпына келтірілген несиелер44,13,566,884

 

Әдеттегідей Банк несие портфелінің шоғырлануын бақылайды. Осылайша, жалпы несие портфелінің 10 ірі несие үлесі қолайлы деңгейде сақталуда. 2005 жылы 18 % құрады, бұл жыл басына қарағанда 0,5% төмен.

АҚ «Альянс Банк» Қазақстандағы жеке тұлғаларды несиелендіру бойынша көшбасшы болып шықты. Банктің 2006 жылдың несиелік портфелі 208 400 млрд теңгеге жетті, яғни жыл басынан (2006 ж) 3,8 есе көбейді. АҚ «Альянс Банк» несиелеу нарығындағы жеке тұлғаларды несиелеудегі үлесі  18 % өскені байқалды. Қазақстанда берілген несиелердің 30 % осы Банктің еншісінде.

Банк жүйесіндегі бөлшек сауданы несиелеуде АҚ «Альянс Банк» 34 % болып отыр. Бөлшек сауда бойынша несиелер жыл басына қарағанда 2,6 есе артып, 145 000 млрд теңгенң құрап отыр. Банк жеке тұлғаларды несиелеу көлемі бойынша ІІ орынды иеленіп отыр.

 

3.3 Несие қабілеттілігі және тиімділігі көрсеткіштеріне талдау жүргізу

 

Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау өткен кезеңдегі статистикалық және бухгалтерлік есебі, несие пайдалану кезіндегі оның қаржылық жағдайына болжам туралы жинақталған мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті. Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілетін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Диреторатының 27 қыркүйек 1994 ж. Мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты банктердің әдістемелік нұсқауы», сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.

Жоғарыда көрсетілгендей, қарыз алушы несиені алу үшін мекемеге негізделген жазбаша арызымен барады, онда мыналар қысқаша жазылып көрсетілген: несиенің мақсаттық бағыты, оның сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың және оларды жүзеге асырудың экономикалық тиімділіктерінің қысқаша сипаттамасы. Арыз үш данада толтырылады: бірінші және екіншісі данасы өткізбе үшін, ал үшіншісі несиелеуші қызмеркеріне қалады. Арызға келесі материалдар тіркеледі:

  • несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары есебінің өнімді өткізуден күтілген түсімдер және айналым активтері қозғалысының техникалық- экономикалық негіздемесі;
  • бухгалтерлік және статистикалық есептер, шығысы және табысы туралы декларация және қарыз алушының несие қабілеттілігі мен қаржылық жағдайын анықтайтын басқа да мәліметтер;
  • банктік тәжірибеде қабылданған несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету міндеттемесі мерзімді міндеттемені өтеу мерзімі келген кезде клиент шотынан ақшаны сөзсіз аударуға банкке құқық беретін кепілдік, кепілзат және т.б. (қосымша …….)

Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспективадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, несие беретін мекемелерге, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

Клиенттің несие қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.

Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын обьективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Банкте арнайы уәкілетті орган құрылған. Осы уәкілетті орган несиелерге байланысты көп мәселе бойынша шешімдер қарастырады немесе қабылдайды, тек ерекше жағдайларда ғана басқарманың қарауына ұсынады. Несиелік комитеттің құрамына басқарма өкілдері, несиелік және заң, валюталық және коммерциялық бөлімдері, сонымен қатар банктің қаржылық директоры кіреді. Құжаттар пакеті несиелік бөлімге ьеріледі. Несиелік бөлім және басқа бөлімшелер банкте бекітілетін мерзімде заңды тұлғаның жобасына зерттеу жүргізеді. Оның нәтижесінде сараптама қорытынды жасалады. Ол шамамен алты бөлімнен  тұрады, оларда қарыз алушы кәсіпорын туралы ақпарат жобаға қысқаша мінездеме, жобаның қаржылық бағасы, қаражаттың қайтарылуын қымсыздандыру және тәуекелдерді талдау.

Бірінші бөлімді қарыз алушы кәсіпорын туралы ақпарат қамтылады. Онда қызмет көрсететін банктің сілтемесі мен компанияның туындау және даму таризы, есеп айырысу, валюталық шартының нөмірі және олар бойынша айналымдар, компания құрылтайшылары және олардың жарғылық қордағы үлесетері, жарғылық қордың төленеген мөлшері және оның қалыптасу көздері, қарыз алушының ұйымдастырушылық және құқықтық статусы, тіркелу уақыты және орны, компанияның деректемелері және заңды мекенжайы, негізгі қызмет түрлері қарастырылады. Компанияны басқарудың білім дәрежесі, қызмет ету тізімі, бұрынғы жұмыс орны, бизнесті жүргізудегі стажы, осы компаниядағы жұмыс тәжірибесі. Сонымен қатар мұнда компанияның барлық қызмет түрлерінің сипаттамасы қамтылады, негізі қордың барлығы, қарыз алушының меншігінің құрылымы, несиелік тарих және қарыз алушының жағдайына қаржылық баға, несие қабілеттілікті бағалауда негізгі мезет –қарыз алушының жағдайына қаржылық баға беру. Оның мақсаты – шаруашылық субтектінің қыржылық және мүліктік жағдайына, оның қызметінің нәтижелеріне толық сипаттама:

  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және өтімділігін анықтау;
  • меншік және тартылған қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін зерделеу.

Қаржылық-шаруашылық қызметті талдау бағдарламасын екі кезеңде қарауға болады:

  • шаруашылық субьектінің қаржылық және экономикалық жағдайына алдын ала шолу жасау;
  • қарыз алушы кәсіпорынның экономикалық әлеуетіне талдау және баға беру (қаржылық және мүліктік жағдайын бағалау).

Алдын ала шолудың мақсаты – балансты қарапайым есептеу арқылы тексеру және қаржылық есепті талдау мақсаттылығын анықтау үшін тиісті құжаттарға тексеру.

Бірінші кезеңге мыналар жатады:

  • құрылтайшылық құжаттарды және банктік деректемелерді тексеру;
  • бухгалтерлік есепті және құжаттауды кешендік тексеру;
  • есеп беру формаларының толтырылуын, барлық қажет деректемелерін, жауапты тұлғалардың барлығын тексеру;
  • банк баланс валютасын тексеру, бақылау арақатынастары мен аралық қорытындылардың дұрыстығы, сонымен қатар берілген балансқа баланс қосымшаларының сәйкес келуін тексеру;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайы оңтайлы еместігін көрсететін баланстық есеп берудің дағдарыстық баптарына талдау жасау, сонымен қатар кәсіпорын жұмыстарының жетіспеушілігін анықтайды;
  • несиелеу қызметкерлері баланс активіндегі (ақшалай қаражаттар есебі және басқа да активтер» және «пассивтегі күмәнді қарыздар бойынша резервтер» берілген баптарды салыстырады. Қарыз алушының қарауында қалатын, пайда есебінен қалыптасқан күмәнді қарыздар бойынша резерв көлемі аяғында бұл қарызға түгендеу жүргізіледі, дебиторлық қарыздар сомасынан қарыз алушының ақшалай қаражатының құнын алу керек.

Келесі кезең қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне динамикалық талдау жасау және оның экономикалық әлеуетін бағалау. Бұл кезеңнің мақсаты кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне аналитикалық зерттеулер жүргізу. Онда базистік аналитикалық коэффициенттер динамикасын есептеу қажет.

Міндеттемелерді қамтамасыз ету жағдайында (қайтарылмаған аккредитив, кепіл, несие бойынща) ұйымдардың немесе басқа банктердің қарыз алушыларға кепілхаты ұсынылады, кепілдеме банктің қаржылық жағдайының қаншалықты тұрақтылығын анықтайды.

Несие алушының қаржылық жағдайын талдаумен қатар элементтер бойынша талдауды қарастырады. Ол несиені мерзімінде қайтару тәуекелі және тәуекелді мүмкіндігінше азайту шаралары, төлем қабілеттілігін, пайдалылықты, басқару жүйесінің жетіспеушілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Қаржылық шаруашылық қызметті элементтері элементтері бойынша талдаудың принципті сәті – материалдар мен шикізаттың кіріс есебі әдістемесін және оларды өндірістен шығару, әсіресе өнімнің өзіндік құнына материалдар мен шикізаттардың шығындарын дұрыс анықтау.

Қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиемен қамтамасыз етілуін банктің дұрыс бағаламауы есептік базаның әлсіздігіне немесе болмауына жағдай туғызады. Сөйтіп материалдық өнімдердің өзіндік құны төмендеуі мен материал қалдықтары құнының жоғарылауына әкеледі немесе керісінше.

Кәсіпорынның қаржы- экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: «Кәсіпорын балансы» (№1 форма); «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы «Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф – мерзімді – тоқсандық формалары) және «Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімнің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі» (№5-з – мерзімді – тоқсандық – жылдық формалары).

Несие алушынының қаржылық жағдайын анықтауда баланс өтімділігі маңызды орын алады. Баланс өтімділігін анықтау үшін келтірілген топтар бойынша активтерді пассивтермен салыстыру керек. Егер актив баптарының әрбір тобы онымен салыстырылған пассив бойынша міндеттемелер тобын толықтай немес толық дерлік жапса, онда баланс өтімді, ал керісінше болса баланс өтімді емес.

Баланстық активтер мен пассивтер бөлімін салыстыру жолымен алынған баланс бағасы алдын ала есеп болып табылады. Сондықтан бұндай салыстыру қарыз алушының қазіргі қаржылық жағдайын анық көрсете бермейді. Баланстың салыстырмалы әрбір пассивтік тобы мүлде басқа активтік құндылықтармен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Клиенттің баланс өтімділігін бағалау үшін маңызды ақпаратты баланстың пассивтік бөлімін талдау кезінде алуға болады. Ол үшін құрамында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пассивтері бар қарыздық қаражатты тұрақты пассивтер тобы (жарғылық, резервтік капитал, бөлінбеген табыс және т.б.) түрінде көрсетілген меншікті қаражаттармен сәйкестендіру керек.

Қарыз алушының барлық айналым активтері өтімділік дәрежесіне қарай екі класқа бөлінеді:

  • І класс – тез таратылатын активтер;
  • ІІ класс ‑ өтімді активтер.

Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалу кезінде мынадай үш негізгі көрсеткіш есепке алынады: өтімділік коэффициенті, жабу  коэффициенті, меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші.

Өтімділік коэффициенті – қарыз алушының ақша қаражатын қарызды өтеу үшін шаруашылық айналымнан жедел босату қабілеті.

Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың келесі негізгі көрсеткіші – жабу коэффициенті – кәсіпорынның материалдық айналым қаражатымен қамтамасыз етілгенін көрсете отырып, осы кәсіпорынның жалпы өтімділігіне баға береді.

Өтімділік пен жабу коэффициенттері арасында тікелей байланыс бар. Жабу коэффициенті көбеюі өтімділік коэффициентінің азаюына әкеледі немесе керісінше. Сонымен қатар қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің соңғыларының бірі – меншік айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш абсолютті және оның динамикасынан өсуі жағымды үрдіс ретінде қарастырылады. Осы көрсеткішті есептеу кезінде баланс активтерінің бірінші бөлімін жабу үшін (негізгі құралдар және айналымнан тыс активтер) қаражат көзі ретінде ұзақ мерзімді міндеттемелерді қолдану шартты деп есептеледі.

Меншік айналым қаражатын жоғарылатудың негізгі және тұрақты көзі – пайда болып табылады. Айналым қаражаты және меншік айналым қаражаты түсінігін бір-бірімен ауыстырмау керек. Бірінші көрсеткіш кәсіпорын активтерін білдіреді, екіншісі – қаражат көзі, негізінен кәсіпорынның меншік капиталының бөлігі, ол ағымдағы активтерді жабу көзі ретінде қарастырылған.

Екінші бөлім – жобаның қысқаша сипаттамысы мынадай баптарды қамтиды: жобаның мәні және мақсаты, жобаның құны, қаржыландыру көздері, қаражаттарды белгілеу және оның жеткіліктілігі, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті лицензия және рұқсат алу. Сонымен қатар оған өндірілген немесе алынған тауар мен өнімді өткізу нарығы, маркетинг стратегиясын бағалау (ұсынылған өткізу және бөлу жүйесі, өткізу бағасы, жарнамалық іс-шаралар, ұсынылған жарнама құралдары, сатып алушыларға қосымша жеңілдіктер, сатылғаннан кейінгі қызмет көрсету, инфрақұрылымдық обьектілермен қамтамасыз етілуі), экологиялық және әлеуметтік бағалаулар жатады.

Үшінші бөлімде – жобаның қаржылық бағасына бірлік өнімнің калькуляциясын есептеу, жобаның табыстылық бөлімі (көтерме және бөлшектеп өткізу көлемін есепке ала отырып өткізгеннен түскен түсімді есептеу) және шығыс бөліміне шығындардың барлық бартарын қосы алғандағы есептеулер жатады.

Төртінші бөлім – қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету. Кепілге салынған мүліктің орналасқан жерін көрсету қажет, салынған мүлік кімнің меншігінде және несиелеу мерзіміне кепіл кімнің иелігінде болатыны, оның нарықтық және кепілдік құны.

Бесінші бөлімді – тәуекелді талдау келтірілген. Мынадай тәуекел түрлері бағаланады: валюталық, нарықтық, салалық, әкімшілік, бедел тәуекелі, кепілмен қамтамасыз етілуінің сенімділігі және жеткіліктілігі.

Валюталық тәуекелді бағалу кезінде келесі сұрақтарға жауап алу керек:

  • Компанияның шетел валютасында активтері немесе міндеттемелері бар ма?;
  • Компанияның шетел валютасында деноминацияланған тауарды эксортқа шығару мүмкіндігі бар ма?
  • Компанияда шетелдік шикізат көздері бар ма?
  • Айырбастау бағамының өзгеруі кезінде зардабы қандай болады?

Нарықтық тәуекелді бағалау кезінде талданатындар:

  • Нарықтағы позиция: монополия, нарықтағы жетекші, үлкен ойыншы, ізбасарлар;
  • Дайын өнімді тұтынушылардың төлем қабілетсіздігі;
  • Шикізатпен қамтамасыз етілмеуі.

Салалық тәуекел қарыз алушы жұмыс істейтін саланың жалпы жағдайын, даму тенденциясын (ретроспективті және болжам) қамтиды.

   Әкімшілік тәуекел және бедел тәуекелі клиенттің өз серіктестері мен тұтынушылар алдында беделі қандай екенін көрсетеді.

Кепілді қамтамасыз ету сенімділігі және жеткіліктілік тәуекелі былай бейнеленеді:

  • шартсыздық;
  • нарық өтімділігі және сатылу ықтималдылығын бағалау құнынан төмен болмауы;
  • бұзылу тәуекелі және кепіл ақауы;
  • мүліктің табиғи жойылуы, ұрлану тәуекелі;
  • өңдеу тәуекелі (жер меншігін тіркеу, категориялар мен қол үлгілері).

Сонымен, соңғы алтыншы бөлім – түйін, жалпылама ақпарат сипатында:

  • жобаның жалпы мәні мен өзектілігі, оның негізгі артықшылықтары мен жетістіктері;
  • жоба бойынша толық өңделмеу және негізгі кемшіліктері, жоба бойынша бар тәуекелді азайту шаралары, принципті шешімге келу (келіспеу, қосымша өңдеу).

 

Қазіргі кезде жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.

Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

  • автомобильдік несие;
  • ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
  • тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
  • кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с.) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді алуға болады.

Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

  • жиһаз;
  • сантехника;
  • аудио-видео және тұрмыстық техникалар;
  • компьютер және оргтехника;
  • басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:

  1. Қарыз алушының анкетасы.
  2. Жеке куәлігі (көшірмесі).
  3. СТН (көшірмесі).
  4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
  5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
  6. Отбасы туралы анықтама (3 форма)
  7. Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәләк, жұбайыңыздың жеке куәләгә).
  8. Кепілге қоятын мүліктің құжатары.

Жеке тұлғаның төлем қабілетін анықтау техникасы әр банкте әр түрлі қалыптасқан. Яғни, қысқаша айтқанда барлығына бірдей ортақ әдістеме жоқ. Сондықтан да «Альянс Банк» қолданылатын әдістемесінен мысал келтірейік.

Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:

  • негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері;
  • сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемнің айлық мөлшері;
  • негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемнің айлық мөлшері;
  • таза табыс;
  • нақты несиелік қабілеті.

Мысалы: Асанов М. Е. деген азамат 500 000 теңге сомасында тұтыну несиесін 36 айға, 18 % жылдық сыйақы мөлшерлемесінде сұрап тұр делік. Ол кісінің таза табысы – 50 000 теңге және кепілге жалжымайтын мүлік қояды. Осы жағдайда төлем қабілеттілікті былай бағалаймыз:

НҚАТ = 500 000 / 36 = 13 890

СМАТ = 500 000 * 0.18 / 12 = 7 500

НҚСАТ = 13890 + 7500 = 21 390

ННҚ = 21390 / 50 000 = 0.43 (не 43 %)

Сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілетті, яғни оған несие беруге болады. Ендігі қадам кепілге қоятын затын бағалауға арналады. Айталық, кепіл заты ретінде 2 бөлмелі пәтер ұсынылады. Оның нарықтық (салыстырмалы) құны 100 000 АҚШ доллары.

Банк тарапынан бағалаушы-мамандар көмегімен осы пәтердің кепіл құны анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кпелі құны пәтердің бағалау құнының 70 %-нан аспауға тиіс. Ол үшін мынадай есептеулер жасалады:

  • Пәтердің тозу коэффициенті – пәтердің нарықтық құны * 3 % (тозу коэффициенті) = 100 000 $ * 0.03 = 3 000 АҚШ доллары.
  • Алдағы уақыттағы пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі – пәтердің нарықтық құны * 15 % (төмендеу коэффициенті) = 100 000 $ * 0.15 = 15 000$.
  • Пәтердің бағалау құны – пәтердің нарықтық құны – пәтердің тозу коэффициенті – пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = 100 000$ – 3 000$ – 15 000$ = 82 000$.
  • Пәтердің кепіл құны – пәтердің бағалау құны * 60% = 82 000$ * 0.6 = 49 200$. Бұл көрсеткіш сұралатын несиенің кепілмен қамтамасыз етілу дәрежесін сипаттайды.

Сараптама жүргізу қажеттілігі туындағанда штаттан тыс сарапшыларды тарта алады. Заңды тұлғалардың құжаттарын сараптауға қатысушы банк бөлімшелері өздерінің жоба бойынша құрылған жалпы қорытындыларын жазбаша түрде несиелік бөлімге береді. Несиелік комитет қарыз алушының құжаттарын және қорытындыларды қарастырады, нормативтер мен несиелік ресурстарды ескере отырып несиені беру немесе бермеу жөнінде шешім қабылдайды. Несиелік комитеттің несиені беру туралы шешімі хаттамада рәсімделеді, оған барлық жиналысқа қатысушылардың қолдары қойылады. Бұл комитеттің 50 мың АҚШ долларынан жоғары несие беру туралы шешімі Банк кеңесінде бекітіледі. Бұл үшін онда несиелік шарт, несиелік комитет хаттамасы, қарыз алушының өтініш қағазы, ал заңды тұлғалар үшін несиелік шараның техникалық-экономикалық негіздемесі жіберіледі.

Қорытынды

Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадын нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банктегі бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алады.

Бүгінгі таңда халық шаруашылығ саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Қаржы-несие институттары мен операциялардың қайта бағытталуына, Орталық банк пен екінші деңгейлі банктердің өзара қатынас жүйесінің өзгеруіне байланысты банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру үздіксіз жаңарып отыр. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

Екінші деңгейдегі банктердегі есептің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

[1]- Сейтқасымов Ақша, несие, банктер.

[2]- Кеулімжаев Қ.К, Н.А. Құдайбергенов және т.б. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Алматы, Экономика 2006 жыл 254-ші бет

[3]- Баймұханова С.Б. Ақша, есеп айырысу және несие операцияларының есебі 241-ші бет