Қазақша реферат: Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
Жүйке жүйесі — кұрылысы мен қызметі өте күрделі, организмдегі барлық құбылыстарды реттеп отыратын жүйе. Организмнің әртүрлі бөлігіндегі болып жатқан құбылыстардың белсенділігін күшейтетін немесе әлсірететін дәрілік заттардың түрлері өте көп. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары жүйке жүйесінің әртүрлі бөлігіне, сонымен бірге оның перифериялық бөлігіне (холинериялық, адренериялық және афференттік жүйкелер) әсер ететін заттар болып табылады.
Бүкіл жүйке жүйесінің негізгі элементі — жүйке торшасы (клеткасы) болып табылады. Осы торшалардан және бір-бірімен белгілі бір байланыста түратын аксондар мен дендриттерден (жүйке торшасының қабылдаушы тармағы) бүкіл жүйке жүйесі қүралған. Торша организмге әсер еткен қозуды күшейтіп, оны басқа жүйке торшаларына немесе эффекторлық мүшелерге жеткізіп отырады. Фармакологиялық заттармен торшаның әртүрлі бөлігіне әрқалай әсер етуге болады.
Жүйке торшаларының негізгі физиологиялыққүбылысы болып — дәрілік заттардың әсерінен болатын және бүкіл жүйке талшықтары арқылы тарайтын қозу толқыны немесе жүйке импульсі болып саналады. Жүйке импульсі бүкіл жүйке жүйесінің бірденбір информация (хабарлау) козі болып есептелінеді. Ол жүйке торшасының мембранасында (жарғағында) электр өрісі өзгерген кезде ғана пайда болады. Физиологиялық қүбылыстар кезінде (жүйке түрткісі) импульстар рецепторларда (сезімтал жүйке ұштарында) пайда болады да, онда олар оп-оңай электр тогына айналады. Сонымен бірге олар торша мембранасы өткізгіштігінің өзгеруіне байланысты жүйке торшаларының арасындағы синаптикалық қосылыстарда да пайда болады. Жүйке импульстарының синаптикалық қосьглыстар маңына жетуі, арнайы медиатордың пайда болуына әкеп соқтырады. Ал медиаторлар өздеріне жақын реактивтік тізбектермен байланысады.
Кейбір медиаторлар торша мембранасын деполяризациялап, белгілі бір деңгейге жеткесін, синаптикалық қозуды күшейтеді. Ал медиаторлардың басқа бір түрлері постсинаптикалық реактивті тізбектер мембранасының мүмкіншілігін күшейтеді. Ол таралу мүмкіншілігін қиындатады және торшалар белсенділігін төмендетеді де синаптикалық тежелу қүбылысына әкеп соқтырады. Осы қозу және тежелу қүбылыстарын реттеп отыру орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Әрбір торшада медиаторлардың тек бір түрі ғана дамитын болғандыктан-қоздырушы және тежеуші торшалар болып екіге бөлінеді. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша нейротроптық заттардың орталық және перифериялық жүйке жүйесіндегі әсер ету механизміне синаптикалық теория негіз бола алады. Бұл теория бойынша негізгі нейротроптық заттардың өсер ететін жері нейронаралық байланыстар (синапстар) болып табылады. Мұндағы жүйкелік қозу құбылысы медиаторлардың басқаша айтқанда, химиялық өткізгіштердің көмегімен ғана жүзеге асады. Фармакологиялық заттар жүйке торшасы кұбылыстарының әртүрлі бөлігіне әсер етеді. Бұл әсер қоздыру немесе тежелу түрінде өтеді.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН ТЕЖЕЙТІН ЗАТТАР. Орталық жүйке жүйесін тежейтін көптеген заттардың ішінде ветеринарияда: наркотикалық заттар, ұйықтататын заттар, нейролептиктер, транквилизаторлар, седативтік заттар, анальгезиялық (ауруды бәсеңдететін) және қызу басқыш заттар қолданылады.