Қазақша реферат: Батыс Қазақстан облысының осы жылдардағы экономикасының күрт төмендеуі туралы қазақша реферат

0
49
Advertisement

Еліміздің тәуелсіздік алған тұста бізге жантәсілім экономиканың сынығы ғана тиді, соның өзінде оны игеру мен зерделеу керек болды, өйткені республика бұрын өз әуелетін басқарып көрмеген еді. Кеңес Одағынан бізге, әлемдік қалыптарға мүлде сай келмейтін кәсіпорындар мен жабдықтары бар өнеркәсіп пен жағдайы жайсыз ауылдары мен селолары бар экстенсивті ауыл шаруашылығы мұра болып қалды. Жаңа экономикалық қатынастар бұрынғы басқару мен материалдық-техникалық қамту құрылымдарының жойылмауымен қатар жүрді. Бұл халық шаруашылығының барлық салаларында өндірістің құлдырауына әкелді. Облыс бойынша өндіріс көлемі 1991 жылмен салыстырғанда 1992 жылы 18,8 пайызға қысқарды және 16651 млн сомды құрады, 3754,2 млн сомның өнімі алынбай қалды. Өнім шығарудың күрт төмендеуі машина жасау (23%), тамақ өнеркәсібі (28%), қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарында болды. 1991 жылғы өндіріс деңгейіне 41 кәсіпорын немесе олардың 65 пайызы жеткен жоқ.
Өндіріс көлемінің ең үлкен төмендеуі ет комбинатында (27,4%), «Уральскреммаш» өндірістік бірлестігі (42,9%) арақ-шарап заводында (33%), Орал нан өнімдері комбинатында (33,5%), Ақсай құрамажем заводында (32,6%), балық комбинатында (54,4%) байқалды.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кету процесі жүрді. 1991 жылы 30435 адамның орнынан 1992 жылдың аяғында өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны 29102 адам немесе 95 пайыз болды. Халықтық тұтыну товарларын өндіру 20,7 пайызға қысқарды және ол 8,7 млрд сом құрады. 1992 жылы қаңтар-желтоқсан кезеңінде азық-түлік товарларын өндіру 7,6 млрд сом, басқа товарлар 2755 млн сом құрады. Облыс экономикасының негізін құрайтын машина жасау заводтары қоймаларында сіресіп тұрып қалған ешкімге керексіз өнімдеріне сұраныстың күрт төмендеуінен дағдарысқа ұшырап тұралап қалды.
Республика және жекелей алғанда біздің облыс үшін күрделі де ауыр болған өтпелі кезеңнің алғашқы үш жылының тәжірибесі болып жатқан процестердің мәнін түсініп, олардың даму барысын талдауға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибелер кез-келген реформаның ауыртпалықтар мен қиындықтар арқылы жүзеге асатынын көрсетті, реформалау кезеңі ұзаққа созылса, оның әлеуметтік бағасы да соғұрлым жоғары болмақ. Еліміздегі экономикалық саясат пен экономиканы реформалау жұмысы, Президент атап өткендей, шын мәнінде өз ұлттық валютамыз – теңгені айналымға енгізуден басталды. Жүргізілген экономикалық реформа бұрынғы орталықтан тотальдық жоспарлау мен мемлекет тарапынан бақылау әдісінен бас тартып, мемлекет пен экономика арасындағы өркениетті байланыс түрлеріне көшуде, яғни парламент тиісті заң актілерін қабылдайды, ал өнім берушінің жұмысы бұрынғыдай мемлекеттік жоспарлау комитетіне немесе министрлікке емес, өзінің алғырлығына, шаруашылық жүргізе білуіне байланысты.
Осындай нарық жағдайындағы ауыл шаруашылығының жағдайы көпшілік қауымды ойландырды. Ауыл шаруашылығы экономикасын реформалаудың елеулі нәтижелері болғанмен, айтарлықтай жетістіктер байқалмады. Агросектордың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы барлық аграршы ғалымдарды толғандырды. Осы орайда ауыл шаруашылығын нарықтық экономикаға көшіру қарсаңында осындай көкейтесті проблемалар тұрған болатын.
Экономикасы өтпелі кезеңдегі ел болашағының екі нұсқасы бар еді:
1. Экономикада қалыптасқан үрдісті қалпында қалдыру, оны үнемі интеграциядан тыс әрі әлемдік нарықтың сырттан бақылау жасалатын бір пұшпағына айналдыру.
2. Ең соңғы, осы заманғы әрі ұтымды технологиялар негізінде өзінің ғылыми-техникалық әуелетін жедел қалпына келтіру мен дамыту ұлғаймалы өндіріс пен инвестициялау арқылы экономиканы өрге бастыру.
Қазақстан екінші жолды таңдады – экономиканың ұзақ мерзімді серпінді өркендеу әуелетіне ие, бәсекеге қабілетті және тиімді қазақстандық үлгісі қалыптастырылмақ, мұның өзі еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып, шешуге мүмкіндік берді. 1994 жылы облыс өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1993 жылмен салыстырғанда 36 пайызға қаржыландырудың барлық көздері бойынша күрделі қаржы көлемі 69 пайызға қысқарды. Осы жыл тез экономикалық гүлдену жөніндегі қиялдан бас тартып, кезек күттірмейтін шаралар мен экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламаларын орындау жолындағы талаптарды қатаңдатты.
1.2 Облыс өнеркәсібін нарықтық экономикаға бейімдеу және оны ілгері дамыту.
Нарықтық қатынастарға көшудің облыстық концепциясы меншіктің жаңа қатынастарын анықтады. 1990 жылы Қазақстанның халық шаруашылығында экономикалық дағдарыстың күшеюі салдарынан, өндірістің құлдырауы, тұтыну нарығының тұрақсыздануы белең алып, бюджеттің тапшылығы сезілгендіктен облыстарда мемлекеттік мүлік комитеттері құрылды. Мемлекеттік меншікті қайта құру облыс әкімшілігі басшысы 1992 жылы 5 наурызда бекіткен республикалық және коммуналдық меншіктегі объектілерді мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы бойынша жүргізілді. Мемлекеттен алу кәсіпорындарды акционерлік, коллективтік және басқа да меншік түрлеріне беру арқылы жүргізілді. Облыс өнеркәсібінде меншіктің негізгі түрі бұрынғыша мемлекеттік болды. Меншіктің арендалық түріне өнеркәсіп кәсіпорындарының шамамен 5 пайызы көшті. 1996 жылы 1 қаңтарда облыста 130 объект, оның ішінде 29 сауда, 16 қоғамдық тамақтандыру, 22 тұрмыстық қызмет, 16 өнеркәсіп, 16 құрылыс, 1 транспорт, 22 ауылшаруашылық, 1 коммуналдық шаруашылық және 8 басқа салалардағы объектілер жекешелендірілді. Егер 1991 жылы 9,8 млн сомға 17 объект жекешелендірілсе, 1992 жылы 374,6 млн сомға 130 объект жекешелендіріліп, нәтижесінде бюджетке 159,0 млн сом, соның ішінде республикалық бюджетке 132,2 млн сом, жергілікті бюджетке 26,8 млн сом аударылды. Мемлекеттік меншікті өзгертудің негізгі формасы коллективтік меншікке сатып алу болды.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз