Қазақша реферат: Тұғалық педагогика ғылымының міндеттері |

0






Педагогиканың ғылыми және іс-қызметтік міндеттерін ажырата білу қажет. Педагогиканың ғылыми міндеттері – зерттеулер жүргізу, ал мектеп пен жоғарғы оқу орындарының міндеттері – осы ғылым негізінде шәкірттер мен студенттердің тәлім, тәрбиесін іске асыру. Педагогика ғылымының алдына қойған басты міндеті – оқу-үйретім, тәлім, тәрбие салаларына байланысты таным ақпараттарын ұсыну және тәрбиелік жүйелерді басқару заңдылықтарын ашу, айқындау. Педагогикадағы заңдылық бұл дегеніміз әдейі жасалған немесе шынайы қалыптаскан жағдайлар мен қол жеткен нәтижелер арасындағы байланыс, қатынастар. Зандылықтардың іске асу нәтижесі: 1) тәрбиелілік; 2) тәлім; 3) тұлға дамуының мемлекеттің  тәлім, тәрбие стандартындағы нақты көрсеткіштерге сай келуі.








Педагогика ғылымының тұрақты міндеттерінің және бірі: күнделікті, педагогикалық қызмет тәжірибесін зерттеу және қорыту. Кәсіби тәлім, тәрбиелік қызмет, іс-әрекет әрдайым шығармашыл сипатымен ерекшеленеді, осыдан кез-келген педагог-мұғалім өз шәкірттеріне ықпал жасаудың тиімді жолдарын тауып, құрал-жабдықтарын жасайды, жинактайды. Көптеген педагогтар соны, жаңашыл педагогикалық технологиялар жасап, өзінің тәлім, тәрбие, оқу-үйретім қызметіне ендіруге қабілетті. Алайда, мұғалімдердің шығармашылық еңбегі өзінің теориялық негіздемесі мен ғылыми түсініктемесін таппаса, ол педагогикалық құндылықтар арасында өзіне сай орнын иелей алмайды. Осыдан ғылымның атқаратыны-жаңалық мәніне жету арқылы жаңашыл — педагог даралығының қайталанбас жеке өнімі қайсы, ал жалпылық тұжырымға келіп, қоғам мұратына айналғаны қайсысы екенін ажырата айыру.

Тәрбие жөніндегі ғылым міндеттерінің арасында маңызды орын иелейтіндерінің бірі-жаңа тәлім, тәрбие әдістерін, құрал-жабдықтарын; формаларын тауып, оқу-үйретім, тәрбие, тәлім құрылымдарын басқару жүйелерін ойластыру, ашу, бақылау. Осы міндетке байланысты педагогикада «инновация» термині пайда болды.

Тәлім, тәрбие бағытын жақын мерзімге және ұзақты болашаққа болжастыру да педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі. Ғылыми болжам болмаған жерде педагогикалық саясатқа, тәлім эканомикасына, басқару жүйелеріне жетекшілік жасау мүмкін етес. Педагогикалық жүйе екі бірдей ерекшелігімен сипатталады: ол бір уақыт аралығында өз қызметін атқарумен бірге үздіксіз даму жүйесінде болады. Осыдан, педагогикалық жүйе қызметін басқарумен бір қатар даму жүйесіне басшылық жасау қажеттігі туындайды. Педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің және бірі-бұл зерттеу нәтижелерін күнделікті үдерістер тәжірибесіне ендіріп бару. Бүгінгі таңдағы заман талабы – жаңалықты педагогикаға сәйкес бұл ғылымның, теориялық және әдіснамалық негіздерін қайта құру, яғни мектеп тәжірибесінің ұтымды байланыстарын, зерттеу істері мен тәрбие іс-қызметтерін нарықтық заманға сай гуманистік бағыт жүйесін  жаңашыл бірігімді теориялық әдіснамалық тұғырға қондыру.

Педагогика міндеттері мұнымен шектелмейді. Күнделікті тұрмыс пен мектеп тәжірибесі педагогика ғылымы алдына бұрын ойымызға кіріп шықпаған саналуан мәселерді тартып жатады,солардың арасында заман талаптарынан туындап жатқан көкейтесті міндеттер тобы келесідей: электронды оқулықтар қорын түзу, педагогикалық кәсіп стандарттарын жасау, шәкірттердің кәсіп таңдауына ықпал жасаушы жағдаяттарды анықтау, мұғалім және тәрбие сұбъекті арасында өрбіп жататын жанжалды қарым-қатынастар табиғатын талдау және т.б.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!