Қазақша реферат: Тарихи мəдени процесс жəне мəдени типология

0






Бiз осыған дейiн мəдениеттi ұғымдық жағынан қарастырып келдiк. Ал мəдениет болмысы- тарихи- мəдени процесс. Оны əлеуметтiк қозғалыстың ақпараттық түрi деп атауға болады. Мəдениеттiң заттық пiшiндерiнде ақпараттық берiлiс адам əрекетi нəтижесiнде “жасанды табиғатта” ұяланса, ал рухани мəдениетте ол текстер мен тiлде жүзеге асады. Тарихи-мəдени қозғалысты мəдениеттану дүниежүзiлiк тарихтан басқаша қисынмен зерттейдi. Оның алдында оқиғалар мен тарихи деректердiң тiзбесiн жасау мақсаты тұрған жоқ. Ол осы тарихи- мəдени процестiң қисындық модельдерiн бейнелеуге тырысады. Егер бiз дүниежүзiлiк тарихқа осы сипатта назар аударсақ, онда адамзат дамуында екi бағыт бар екнедiгiн байқаймыз. Бiрiншiсi, табиғатты меңгеру арқылы өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастарды өркендетумен, бiлiм мен техниканың даму нəтижесiнде қалыптасатын өркениетпен байланысты. Өркениет заманы адам өмiрiне машинаның жан-жақты енуiмен, тiптi адамның руханилығың құндылығы кемiп, оның осы машинаның тетiгiне айналған көрiнiстермен айқындалып тұр. Н.А.Бердяев бұл туралы былай деген Өмiр органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелiстердiң байланысынан айырылады.Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдары қойылған… Өркениет недi табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негiзi –машиналық (Н.А.Бердяев. Воля к жизни и воля к культуре // На переломе. М.,1990. С.78 ) Əрине, өркениет адам өмiрiн қазiргi кезде тұтынудың жоғарғы деңгейiне көтердi. Дамыған елдерде “не жеймiн, не кимiн” сияқты мəселелер түбегейлi шешiлген. Бiрақ адамзат үшiн бұлардан басқа маңызды талап-тiлеектер бар. Екiншi бағытты- адам руханилығының дамуы (мəдениет) деп атауға болады. Ол адамның iшкi дүниесiне, оның терең сезiм қатпарларына, ой- өрiсiне бұрылған. Осы екi бағыттың айырмашылығын Шығыс пен Батысты салыстыру арқылы да байқауға болады. Егер Шығыс мəдениетке көбiрек көңiл бөлсе, Батыс өркениеттi дамытуда бiрталай жетiстiктерге жеттi .Батыс адамы Дүниемен, табиғатпен өзi сияқты басқалармен күресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы – керiсiнше ол өзiмен- өзi, өзiндегi толымсызбен күреседi. (А.Хамидов. Шығыс жəне Батыс дүниелiк қатынас жəне дүниетаным Шаһар. 1993. 1 ) Егер тарихи мəдени қозғалыстың динамикасын алып қарастырсақ, онда тарихи тұрғыдан төмендегiдей сатыларды бөлiп көрсетiге болады.













.

Марксизм бес қоғамдық экономикалық формацияға (алғашқы қауымдық, құлиленушiлiк, феодалдық , капиталистiк, комунистiк ) тəн мəдениеттiң бес түрiн көрсетедi. Бұған дейiн мəдениет өзiнiң тұтастық жəне жалпылық белгiлерi бойынша бүкiладамдық қасиет ретiнде сипатталады. Алайда, нақтылы тарихта əр түрлi мəдени жүйелер өмiрге келiп жатады, олар кейiн орнын басқаларға бередi. Ал этностық (ұлттық) мəдениеттердi алсақ, олар тiптi бiр ғасырдың талай өзгерiстердi басынан өткiзген. Мысалы, ХХ ғасырдағы қазақ мəдениетi туралы сөз болғанда көшпендiлерден бастап, кеңестiк тоталитарлық мəдениетпен қоса, қазiр қайта жаңғыртып жатқан қазақтың төл мəдениетi туралы айту қажет. Сонда, əр мəдениеттiң өзiндiк ерекшелiктерiн жоғалтпай, оларды белгii бiр жүйеге, топқа келтiруге бола ма ? Бұл мəдениеттер типологиясы туралы мəселе. Жəне ол мəдениеттенудағы ең келелi мəселелердiң бiрi юолып табылады. Типология (Грек тiлiнен типос – пiшiн ,үлгi, iз жəне логос – iлiм, сөз деп аударылады) деп қазiргi ғылыми əдебиетте зерттеу объектiлерiн жалпылама үлгi көмегiмен талдау, сұрыптау жəне жинақтау əдiстерi мен көмегiмен талдау, сұрыптау жəне жинақтау əдiстерi мен тəсiлдерiн айтады. Типология, əсiресе , бiр-бiрiне ұқсамайтын, көп түрлi құбылыстармен iстес болатын iлiмдер реттеу жəне түсiндiру мақсатында жиi қолданылады. Осы сипатта типологияның ХХ ғасырда жан-жақты дамыған структурализм, жалпы жүйелiк iлiм мен мəдениеттану сияқты iлiмдерде кеңiнен қолданылатынын баса айту қажет.

Бұл iлiмдерде типология əр түрлi құылымдылық заңдылықтарды ашу, олардың негiзiндегi архатиптердi айқындау, осының нəтижесiнде идеалды типтердi құрастыру жəне оларды салыстырмалы тəсiлдермен түсiндiру сияқты ғылыми негiзгi əдiстерге жатады. Сонымен адамзатқа тəн сан алуан мəдениеттi зерттеу үшiн типология ауадай қажет. Қазiргi мəдениеттануда типологияның бiрнеше баламасы қабылданған.Бұл жерде шешудi қажет ететiн мəселе-мəдени типтердiң өзара байланысы. Дүниежүзiлiк тұтас мəдениеттер эволюциясы бар ма?, əлде бар мəдениет оқшау, бiр-бiрiнен алшақтап кете ме? Осы мəдени типтердiң тарихтағы салмағы, оның қосқан үлесi қандай? Нелiктен адамзат дамуында белгiлi бiр мəдени тип алға озып шығады? Ал бұрын гүлденгенi, неге кейiн солып қалады? Осындай сұрақтарды жалғастыра беруге болады. Ендi осыларға түсiндiрмелер iздестiрiп көрейiк. Осы мəселе бойынша мəдениеттануда, негiзiнен , үш бағытты бөлiп алуға болады. ХХ ғасыр тарих тұрғысынан мəдениет типтерiн, негiзiнен, бiртұтас дүниежүзiлiк өркениеттi қалыптастыру заңдылықтарына сəйкестендiре шештi. Дарвинистiк эволюциялық iлiм ықпалымен пайда болған бiр бағыттық прогрессивтiк мəдени даму тұжырымдамасы бойынша əр түрлi өркениет жоқ. Тек бiр өркениет сатыларынан өтедi. Бұлай ойлау, əсiресе, марксизм iлiмiнде анық айтылған (қоғамдық — экономикалық формациялар, спираль түрiнде даму идеялары) Гегегль философиясыныдағы жалпыламалықтың жекелерден жоғары тұрып, оларға үстемдiк ету принципi мəдениет типтерiндегi өзiндiк ерекшелiктердi елемеуге əкелiп соқты.





.




.

Х1Х ғасырдың екiншi жартысынан басталған бетбұрыс осы мəселеге де өз əсерiн тигiздi. Мəдениеттегi ортақ даму заңдылықтарын логикалық тұрғыдан талдаудың орнына əрбiр өркениеттiң “көркем өмiрбаянын суреттеу” алдыңғы қатарға шықты. Ресейде де бұл идея ХIХ ғасырда терең тамыр жайған. Осы ретте орсытың белгiлi мəдениет тарихын зерттеушiсi Н.Я Данилевскийдiң тарихи — мəдени тип iлiмiне қысқаша тоқталып өтейiк. Ол өзiнiң “Ресей жəне Еуропа” шығармасында тарихта 13 мəдени типтiң болғанын атап өтедi. Осы тарихи-мəдени типтердiң арасынан бiз түрiк халықтарын таба алмаймыз. О Шпенглер сияқты Н.Я.Данилевский де “Орталық Азия халықтары варварлық сатыдан шыға алмады” деген еуроорталықтық шеңберiнде қалып қойған. Əрбiр мəдени-тарихи тип оқшау организм тəрiздi болғандықтан олардың бiр-бiрiне қарым- қатынасы шектелген, араларында шынайы сұхбаттасу ( диалог) мүмкiн Н.Я Данилевскийдiң пiкiрiнше, ұлттық мəдениетер шығармашылық (творчестволық) жəне қатып-сенiп қалғандар (реликтiлiк) болып бөлiнедi. Тарихи қозғалыс нəтижесiнде кейбiр мəдениет алға озып шығады да, басқалары оларға этнографиялық материал болудан өзгеге жарамайды. Жалпы қалыптасқан мəдениет шамамен 1500 жылдай өөмiр сүредi, оның мың жылын қалыптасу, нəр жинау, басқалардан оқшаулануды қамтитын этнографиялық кезеңi алса, 400 жыл мемлекеттiк кезеңге жатады. Тек соңғы 50-100 жыл iшiнде тарихи-мəдени типөзiн көрсетедi, тарихта өз iзiн қалдырады. Бұл кезеңдi Н.Я Данилевский өркениет деп атайды. Бiрақ өркениет түбiнде этностық мəдениетке орны толмайтын нұқсан келтiредi, оның архетиптiк өзегiн жегiдей жейдi.