Қазақша реферат: Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі туралы қазақша реферат

0

Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айырықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтары қызметіне қолданылады.
Шаруа қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.
Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін 20 ақпанға дейін таңдау керек, таңдап алынған арнаулы салық режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.
20 ақпаннан кейін құрылған шаруа қожалықтары Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні АСР қолдану құқығына өтініш береді.
Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады
Шаруа қожалықтары салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:
 Қызметтен түскен шаруа қожалықтарының табысынан ЖТС
 ҚҚС
 Жер салығы
 Көлік құралдарына салынатын салық
 Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.
Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін негіз болып табылады.
Жер учаскесін айқындау ҚР-ң жер заңдарына белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құнына 0,1% ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.
Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті бюджетке екі мерзімде:
 Ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңінің 20 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде, жалпы сомасының бөлігінен кем емес мөлшерде төленеді;
 Бірыңғай жер салығы бойынша түпкілікті есеп айырысу есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
20 қазаннан кейін құрылған бірыңғай жер салығын төлеушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ағымдағы есепті кезең үшін төлеуге тиісті жалпы салық сомасын енгізеді.
Шаруа қожалығы жер учаскесін басқа шаруа қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетілген жер учаскесінің нақты пайдаланылу кезеңін негізге ала отырып есептейді және төлейді.
Жер учаскесін жалға беруден алынған табыс бойынша шаруа қожалығы салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді. Бұл орайда осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығының төленген сомасы салық салынатын табыс айқындалған кезде шегерілуге тиіс [13-16].
Бірыңғай жер салығын төлеушілер жыл сайын ағымдағы салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскелері орналасқан жердегі салық органдарына өткен салық кезеңі үшін бірыңғай жер салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация тапсырады.
Бірыңғай жер салығын төлеуші осы арнаулы салық режимін қолданған бірінші жылдың 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде мынадай құжаттарды:
 Ағымдағы кезеңі үшін бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін;
 Нотариат немесе селолық атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретін құжаттардың көшірмелері;
 Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган берген жер учаскесін бағалау құнын анықтайтын актінің нотариат немесе селолық атқарушы органдар куәландырған көшірмесін;
 әлеуметтік салық сомаларын есептеу үшін қажетті деректерді міндетті түрде көрсете отырып, қызметкерлерді алдағы салық кезеңінде жалдау туралы мәліметтер табыс етеді.
Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бірыңғай жер салығын төлеуші қызметті тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтінішті салық органына бергеннен кейін 15 күн мерзімде өткен салық кезеңі үшін декларация тапсыруға міндетті.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа қожалығының басшысы және мүшелерін қоса алғанда, әрбір қызметкер үшін АЕК-ң 20%-қ ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. (1қызметкерге 1030(1АЕК)*20%=206 әлеу.салық)
Әлеу.салықтың есептелген сомасы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуы тиіс.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз