Экстрафциялық фосфор қышқылын алу технологиясы

0
237

1 бет

Экстракциялық фосфор қышқылын алу технологиясы

2 бет

«Казфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» зауыты іске қосылған кезде, облыстағы алғашқы ең ірі кәсіпорын болды. Бұл зауыт алғашында суперфосфосфат аталған. Суперфосфат зауыты іске қосылған кезде облыстағы алғашқы ең ірі кәсіпорын болды. «Казфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз бөлімшесі қазіргі кезде Қазақстандағы фосфатты минералдық тыңайтқыштар өндіретін бірден-бір кәсіпорын.

3 бет

Минералды тыңайтқыштар зауытының өндірістік құрылымына келесі цехтар кіреді:● минералды тыңайтқыштар: аммофос, суперфосфат, экстракциялық фосфор қышқылы цехтары. Олардың құрамына экстракция, кептіру, дайын өнімді тиеу, шикізатты (фосшикізат, күкірт қышқылы, аммиак) дайындау бөлімдері кіреді;● жемдік қосымшалардың екі түрін шығаратын жемдік фосфаттар цехы;● буды өндіретін қазандыққа, магистралды газ құбырлары бар газ бөлетін қондырғыларға, сумен қамтамасыздандыру жүйесіне, қалалық фильтрация өрістеріне шайынды ағынның шығарылуы жүретін канализациялық жүйеге қызмет көрсететін бумен – газбен қамтамасыздандыру цехы;● телефондық және электрлік желілерге, подстанцияларға, бөлімшеге электр энергиясын беретін трансформаторларға, жөндеу жұмыстарын жасайтын электрлік жабдықтарға қызмет көрсететін электрлік қамтамасыздандыру цехы;● бөлімшенің нысаналарында құрылыс жұмыстарын орындайтын жөндеу цехы;

4 бет

Аммофос цехы үш бөлімнен тұрады:● шикізатты (фосшикізат, күкірт қышқылы және сұйық аммиак) дайындау бөлімі;● экстракциялық фосфор қышқылы (ЭФҚ) бөлімі;● кептіру және БГС (барабанды гранулятор-кептіргіштер) аппараттарында аммофосты қойыртпақты түйіршіктеу,дайын өнім қоймасымен (ДӨҚ) бірге.

5 бет

Экстракциялық фосфор қышқылын алу технологиясы
Экстракциялық фосфор қышқылы – химиялық формуласы Н3РО4, шырын (сироп) тәрізді сұйық, концентрлі біржақты және күрделі тыңайтқыштар өндірісінде, қоректіндіргіш элемент – фосфордың тасымалдаушы ретінде қолданылады. Экстракциялық қойыртпақтың жеткілікті қозғалысын қамтамасыз ету үшін, экстракторға өнімді фосфор қышқылының бөлігі мен фильтрдегі тұнбаны жуғаннан кейінгі фильтратты араластырумен алынған сұйылту ерітіндісін қайтарады.Фосфатты шикізатты ыдырату күкірт және фосфор қышқылдарының қоспасының негізгі қосынды теңдеуімен жүреді:Ca5 F(PO4)3 +5H2SO4 +n ·H3PO4 + mH2О → (n +3)H3PO4 + 5CaSO4 · mH2O + HF

6 бет

Экстракциялық фосфор қышқылын өндіру келесі сатылардан тұрады:
1) реагенттерді процеске беру;2) фосфатты шикізатты ыдыратумен экстракциялық қойыртпақ алу;3) экстракциялық қойыртпақты сүзу, тұнбаны жуу;4) фосфогипсті кетіру;5) тасталынатын газдардан фторлы қосылыстарды абсорбциялау.

7 бет

Экстракциялық фосфор қышқылын алу (ЭФК-1) схемасы
1 – фосфатты шикізатқа арналған бункер; 2 – ленталық салмақ үстеуіш (дозатор); 3 – екі бакты экстрактор; 4 – күкірт қышқылының қоймасы; 5 – батпалы сорғы; 6 – күкірт қышқылының шығынын өлшегіш; 7 – айналмалы батпалы сорғы; 8 – буландырғыш; 9 – шашырандыны ұстағыш; 10 – барботажды бейтараптағыш; 11 – конденсатор; 12 – вакуум-сүзгінің айналдырғы астаулары; 13 – сепараторлар (ресиверы); 14 – сүзгілі кездеменің бастапқы қалпына қайта келуі кезінде түзілетін суспензияның аралық жинағышы; 15, 16, 17 – барометрлік жинағыштар

8 бет

Басқару пультіндегі сызбасы.