Қазақша реферат: Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары

0

Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды.

Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда 1690 ж. Ұлыбритания отарыболған Солтүстiк америкада, 1762 ж. Авсрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.

Сонымен қағаз ақшалар  – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне:

  • айналысқа артық ақша эмиссиялау,
  • эмитентке деген сенiнiң төмендеуiн;
  • төлем балансының қолайсыздық жағдайы.

Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзугеқарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құның өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi,  өйткенi өзiнiң құны жоқ. Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келедi.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номинал құны бар құнның белгiлерi.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне: айналысқа артық ақша эмиссиялау, эмитентке деген сенiмнiң төмендеуiн және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Қағаз ақшалардың айналысы жалпы ақша айналысының заңдылығын көрсетеді. Өйткені экономикада айналыста жүретін негізгі ақша түрлерін қағаз ақшалар құрайды және оның айналысының бұзылуы экономкаға тікелей әсер етеді.

Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе,  қолма- қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына,  меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.

Бүгінде еліміздің ақша айналысындағы қағаз ақшалардың құрамы келесідей көрініс табуда. Елімізде бүгінде қағаз ақшалардың айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200 теңгелік банктік билеттер және 100, 50, 20, 10, 5, 2, 1 теңгелік металл монеталар айналыста жүр.

Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

Қағаз ақшамыз теңге толық қанды даму барысында. Бұл ұлттық валютаны кең көлемде қаржы секторында реформалауды 1993 жылы 15 қарашада енгізілгеннен бастап іске асты. Бұл салада әлемдік стандарттарға қол жеткізу Қазақстанның қаржы жүйесінің жоғары деңгейге жеткендігін көрсетеді. ТМД елдері бойынша қаржы жүйеміз неғұрлым рыноктық талаптарға сай дамыған, мемлекеттік араласудан өзара арылып шыққан жүйелердің бірі болып табылады.

Сонымен қатар еліміздегі қағаз ақшалардың ақшалардың құрамы жылдан жылға экономика салаларының дамуымен бірге өсіп келе жатыр. Оны келесі 2001-2005 жылдарға арналған талдау көрсеткіштерінен көре аламыз.

Сонымен қатар елде қолма-қол ақшалармен қатар қолма-қолсыз ақшалар да жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Оның басты себебіне соңғы жылдардағы экспорттық қызметтердің көлемінің ақшалай сипатының тым жоғары өсіп кетуі, елдегі әлеуметтік сала бойынша халыққа айлықтардың өсуі және жалпы экономиканың өсуімен тікелей байланысты болып. Осы аталған барлық ақшаларды елдің ақша массасы деп те атасақ болады. Осы ақша массасындағы қолма-қол ақшалардың үлесі. Егер ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесі артық болатын болса, онда елде инфляциялық тоқулар басталады.

Жоғарыдағы суреттерден көріп отырғанымыздай ұлттық экономикада қағаз ақшалар және онымен қоса ақша массасы да жылдан жылға жоғарғы қарқынмен өсіп бара жатыр. Ал бұл өз кезегінде экономиканың қаржы дағдарысына, инфляциялық толқуларға алып келуі мүмкін. Алайда елдің Қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің соңғы жылдардағы Еуропалық стандарттар негізінде ақша-несие саясатының басты мақсатын бағалардың тұрақтылығына қарай бұруының, осының негізінде алдағы үш жылға ақша-несиесаясаттарының көрсеткіштерін белгілеп қоюды, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өтуінің нәтижесінде ақша массасы өскенімен елде инфляция деңгейі тұрақты күйінде сақталып қалуда.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!