ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ — ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы

0

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

 

  1. Сфрагистика ғылымының дамуы
    • Сфрагистиканың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы ………………8-16
    • Қазақтардағы мөрлердің шығу тарихы ……………………………………..16-22

 

  1. 2. ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер жинағы
  • ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы лауазымдық мөрлер

(сот, би, старшина, болыс) …………………………………………………………….23-27

  • ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы жеке және жай мөрлер …………………………………………………………………………………………………28-33

 

  1. 3. ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы мөрлердің сақталуы

3.1 Музей қоры мен экспозицияда мөрлердің сақталу тәсілдері …………….34-42

3.2 Сфрагистикалық материалдарға реставрация және консервация

жасау әдістері …………………………………………………………………………..42-49

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………………..50-51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……………………………………………………….52-53

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі Ғасырлар бойғы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Бұл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оны кез келген мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктермен қамтамасыз етіп, одан әрі өрбіту керектігі сөзсіз.

Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі  — мәдениет. Бүгінгі таңда мәдениет саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында біраз жұмыстар да атқарылып жалғасын таппақ.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ұлттық мұраны сақтауға, зерттеуге, қастерлеуге ерекше ден қойылып, қазіргі заманның кезек күттірмес маңызды міндеттерінің біріне айналып отырған мәселенің бірі-халықтың мәдени мұрасының сақталатын, көрсетілетін, насихатталатын орны – музейлердегі коллекцияларды ғылыми тұрғыдан, терең зерттеу болып отыр. Бұл сала бойынша атқарылып жатқан игі істерге ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің  деректану және қолжазба бөлімі өз үлесін қосуда.

Бұл бөлім ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде тұңғыш рет 1999 жылы құрылып, өз қызметін атқаруда. Бүгінгі таңда бөлімде жеті қызметкер атап айтқанда, бөлім меңгерушісі, екі ғылыми қызметкер, екі жоғары дәрежелі қор сақтаушы, екі кітапханашы жұмыс істейді. Бөлім қызметкерлері «Қазақ тарихына байланысты архивтік-деректі құжаттардың деректанулық зерттеулері» атты көп жылғы  іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Онда сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар, нумизматика, эпиграфика, геральдика, сфрагистика, бонистика салалары  бойынша қордағы және шетел архив музейлердегі экспонаттар, археологиялық деректанулық айғақтарды  қарастырып, зерттеп ғылыми айналымға енгізуге ат салысуда. Дегенмен, ғылымның бұл саласында зерттелмей тың жатқан және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер әлі де болса баршылық. Осы бөлімнің қорында зерттелетін көп жәдігерлердің бірі – мөрлер.

Мөрлерді зерттейтін ғылым сфрагистика деп аталады – (грек тілінен sphragis аударғанда – мөртану дегенді білдіреді) – ол геральдика, нумизматика ғылымының бір саласы болып есептеледі. Басқа ғылым саласымен байланыстылығын мөрлерге қарап білеміз. Әр кезеңдегі мөрлер өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Мысалы, XVII ғасарлардағы мөрлердің ерекшелігі тарихи құжаттарда уақыты, мөр иесінің есімі, қала, ауылдікі екендігі көрсетілген.

Қазақ қоғамында хан, сұлтан мөрлері негізінен «тамшы іспетті» пішінді мәтінді, мөр иесінің әкесі мен атасының аты-жөні және «хан», «сұлтан», «би» атағы көркемделіп, нақышталып жазылды. Мұндай мөрлерді хан, сұлтан, билер ғана қолдану құқығы болды. Бұл куәландырғыш белгілерді қазақ хандары мен сұлтандары және билері өзара хат алмасуда, ішкі саяси іс жүргізуде, әр түрлі заңды құқықтық құжаттарда және сыртқы халқаралық қатынастарда кеңінен қолданған. ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорында  сфрагистикалық белгісі бар құжаттармен қоса 98 ескі мөр 29 лауазымдық белгілер сақталған. ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде 2006 жылы сәуірдің 28-күні «Мөрлер мен лауазымды белгілер – қазақ тарихы мен мәдениетінің деректері» атты көрме өтті.

Көрмеде ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық Ресейдің қазақ жерінде жүргізген әкімшіл-құқықтық реформасына байланысты пайда болған соттардың, билердің, болыстардың, ауыл старшындарының мөрлері қойылды. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ хандары мен сұлтандары билік төреліктің мемлекеттік белгісі ретінде арнайы мөрлер қолданған. Ондай мөрлер көбінесе алтын, күмістен жасалған жүзіктер болған. Мөрлердің формасы  қолданысына қарай да әр түрлі болған. Қазақ қоғамының саяси билігі жүйесіндегі тарихи деректік айғақтардың сақталған орны ҚР Орталық Мемлекеттік музейі. Саяси құрылымға қатысты музейдің фото документтер қорында ақсақалдар жиынынан, билер сотынан, уездік сот сәтінде С.М. Дудин, П. Лейбин, Л. Багаев және белгісіз фотогрфтар түсірген суреттер сақталған. Бұл фотоқұжаттардың маңызды дегендері ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде 2002 жылдың 28 наурызында ашылған «Қазақтардың тұрмыс-салты мен мәдениеті (XIX ғ. аяғы –XX ғ. басы.)» атты көрмеде қойылды. Музей қорындағы құнды жәдігерлер қатарынан билік лауазымдықты, әлеуметтік статусты білдіретін белгілер орын алатыны даусыз. Соның бірі – 1861 ж 19 ақпанда Ресейде қоладан құйып жасаған, ауыл старшинасының лауазымдық белгісі. Мөрдің бір бетінде 8 желтоқсан 1856 жылы Александр II бекіткен Орынбор губерниясының гербі бейнеленген. Мөр шынжыр ілінген түйреуіш арқылы кеудеге тағылған.  Александр II патшаның таңбасымен 1869 жылы қоладан құйып жасаған мөрінің ортасына Ресей герібінің бейнеленуі  Ресей патшасының отарлық  саясатының қазақ қоғамының билік жүйесіне тісін терең батырғандығын дәлелдейді.

       Музейде сақталған сфрагистикалық материалдардың ішінде 1889 жылы 12 шілдеде Орынбор болыстық сотының мөрі бар. Мөрдің алдыңғы бетінде 1856 ж 8 желтоқсанда бекітілген Орынбор губерниясының герібі бейнеленген. Сондай-ақ, 1891 ж. 25 наурызда берілген Ақмола облысының биінің мөрінде 1878 ж. 25 шілдеде бекітілген Ақмола облысының гербі бейнеленген.   XIX ғ. аяғында қолданылған Верный Атырау комиссиясының мүшесінің кеудеге тағатын қола мөрлерінің түрлері де музейде сақталан. Бұл мөр дөңес формалы болып келген. Мөрдің алдыңғы бетінде Жетісу облыстық герібі, екінші бетінде Ресей герібі және патша тәжінің ескі үлгісі бейнеленген. Мөр формасының бекітілген уақыты «1870 ж. 16 маусым» деп көрсетілген.

Елімізде егемендік алған уақыттан бері осы қойылып отырған мақсаттарды жүзеге асыруда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Солардың бірі тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында кеңестік дәуірде саналы түрде бұрмаланып, жасырылып келген халқымыздың, қазақ ұлтының өткенін жаңа тұрғыдан зерттеуде, оған тиісті баға беруде орын алып отыр. Республика тарихшы ғалымдарының осы мәселелерді зерттеу нәтижесінде қол жеткізген табыстары осыған куә.

       Тақырыптың зерттелу деңгейі Зерттеу жұмысы қазақ қоғамындағы әміршіл-әкімшіл реформаларға байланысты пайда болған соттардың, билердің, болыстардың, ауыл старшындарының мөрлерін тереңінен зерттеуге негізделіп, қоғамның саяси және экономикалық байланыстарын, дипламатиясы мен жеке қызыметтердің зерттелу деңгейін зерделеу, талқылау міндетке алынды.

Қазақстан сфрагистика ғылымы саласында жазылған зерттеулердің көлемі саусақпен санарлықтай, бірақ осы салаға қатысты азда болса ғылыми жұмыстар мен мақалаларды кездестіруімізге болады. Солардың бірі      Н.П. Лихачевтің «Дипломатика» (Из лекций по сфрагистике) деген көлемді зерттеуінде «сфрагистика» ғылымының шығу тарихына тоқталып,  мөрді ішкі саяси дипломатиялық қатынастарда кеңінен пайдаланғанын нақтылап жазған. Еңбектің негізгі бөлімінде Азия және европа халықтарының қолданған мөрлерінің ерекшеліктерін (көлемі, материалы, типі т. б.) салыстыра отырып талдаған. Мөрлерді қолданысына қарай, көлеміне, материалы, типі, таңбасына (оттиск) байланысты сыныптап көрсеткен /1/.

Қазақстан сфрагистика саласында жазылған көлемді ғылыми зерттеудің бірі И. Е. Ерофееваның “Символы казахской государственности” атты еңбегінде XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы хандар мен сұлтандардың мөрлерін сипаттап жазған. Онда мөрдегі лауазымды тұлғалардың есімдері бойынша (өз есімі, қоғамдық титулы, ата тегі), мөрдің деректердегі қолданысы, мөрлердің көлемі, тарихи құжаттарға басылған мөрлердің тіркелген жері күні, мөр басылған құжаттың сақталған орны, таңбаның публикациясымен немесе мөр белгісімен бірге құжаттың текстін толығымен беріп, олардың ерекшеліктерін қарастырған /2/.

Е. Шаймерденовтің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты еңбегінде тарихи қосалқы пәндердің даму тарихына тоқтала кетіп, “тамға” сөзін “мөр”деген сөзбен байланыстырады. Бір ғажабы, таңба ұғымы түркі халықтарына ортақ екені байқалады. Мысалы, қырғызша “тамға”, — жылқының санына күйдіріп басатын таңба, белгі; қарақалпақша “тамға” немесе “таңба” – қазақшадағыдай мағынада; әзербайжанша “дамға” – таңба, белгі; өзбекше және башқұртша “тамға” – таңба, белгі мөр деген анықтамаларға тереңінен тоқталған /3/.

Белгілі түріктанушы ғалым В.В. Радлов бұл ұғымның мағанасын “белгі”, “ру таңбасы”, “мөр” деген сөздермен ашады. Өте ертедегі тасқа қашалып жазылған әдебиет нұсқаларындағы мәні де осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

С. М. Мәшімбаевтің «Патшалы Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы» атты диссертациясында Патшалы Ресей әр түрлі тәсілмен мемлекеттік мекеме құрлымын Қазақстандағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге қарай бейімдеп жетілдіріп отырғандығы. Әр уақытта жаңа мекеме құру алдында Патша үкіметі Қазақстандағы саяси өзгерістерді ескеріп, жергілікті әлеуметтік топтарға арқа сүйегендігін жазған. Осылайша алғашқы шекаралық сот құрудан басталған бұл жұмыс қазақ жерлерін жеке бөліктерге бөліп, біртіндеп оларды Ресей-әкімшілік басқару жүйесіне енгізіп, отарлық мемлекеттік басқару мекемелерін құруға жалғасқаны туралы жазылған /4/.

А.И. Оразбаеваның «Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары, орны және ролі» деген диссертациясында қазақ халқының тарихындағы билер институтының маңызы, ролі, саяси-әлеуметтік құндылықтары туралы мәліметтер жазылған. Билер институтының қоғамдық қатынастар саласындағы қызметі сыртқы қарым-қатынастағы ролі қарастырылған /5/.

Т. Е. Қартаеваның «Қазақ қоғамының дәстүрлі саяси құрлымы және лауазымдық белгілер» («Туркестанские ведомости» газеті және ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қор материалдары негізінде) атты мақаласында XIX ғасырдағы қазақ қоғамындағы жоғарғы топ өкілдерінің  саяси құрлымын ролін лауазымдық белгілерін сипаттап жазған /6/.

Б. С. Қақабаевтың «Қазан ревалюциясына дейінгі Қазақстандағы халық сотының қызметтік белгісі» атты мақалада Ресей империясының құрамына өту кезеңіндегі  Қазақстанның құқықтық жүйесінің эвалюциясына арналған. Соның ішінде өтпелі кезеңде қазақ билеріне берілген «халық сотының қызыметтік белгілерінің» ерекшеліктері сөз болады /7/.

Қорыта айтқанда ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары мен ХХ ғасырдың басындағы мөрлер туралы ғылыми негізде жазылған мақалалар саусақпен санарлықтай, мөрлерді зерттеп ғылыми айналымға енгізу көп ізденісті талап етеді. Ол болашақтың еншісінде.

       Жұмыстың мақсаты Зерттеуіміздің мақсаты сфрагистика ғылымының қалыптасу тарихын, бүгінгі күнде қазақ тарихына қатысты ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлердің зерттелу деңгейін, және қолданыстағы орнын анықтау барысында ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық Ресейдің қазақ жерінде жүргізген әкімшіл-құқықтық реформасына байланысты пайда болған соттардың, билердің, болыстардың, ауыл старшындарының мөрлерін зерттеп ғылыми сипаттамасын жазу, музей қорларындағы мөрлерді зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеті Айтылған мәселелерді шешу барысында мынадай міндеттер қойылды:

—  Қазақстандағы сфрагистика ғылымының қалыптасу тарихының зерттелу деңгейін анықтау;

  • ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлердің жинақталу тарихын зерттеу;
  • ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлерді сыныптау, жүйелеу;
  • ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық Ресейдің қазақ жерінде жүргізген әкімшіл-құқықтық реформасына байланысты пайда болған соттардың, билердің, болыстардың, ауыл старшындарының мөрлерін зерттеп ғылыми сипаттамасын жазу;
  • Мөрлердің музей экспозициясында сақталу, қорғалу деңгейін анықтау;
  • Мөрлерге консервация және реставрация жасау тәсілдерін, ерекшеліктерін анықтау;
  • Қазақ халқына билік жүргізген хандар, сұлтандар және Ресей империясына қосылғаннан кейінгі билер, болыстар және халық соттарының мөрлері мен лауазымдық белгілері арқылы тарихи тұлғалардың өмірінен қысқаша деректер беру;

       Тақырыптың дерек көзі Жұмысты қолдану барысында пайдаланған деректер: ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлер, және құжаттардағы мөрлердің түрлері, музейдегі түсім кітаптары, инвентарлық карточкалар, мөрлердің аңызы, ғылыми зерттеулер мен музей меңгеруші қызметкерлерінің жинақтары, экспедиция материалдары, музейдің архив материалдары.

       Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Зерттеудің хронологиясы мен ауқымдық шеңбері  ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары мен ХХ ғасырдың басын қамтиды. Себебі, ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлердің басым бөлігінің хронологиялық уақыты сол кезеңге сәйкес келеді.

       Зерттеу жұмысының жаңалығы Музей қорында мөрлер алғаш рет музей жәдігері ретінде ғылыми зерттеу жұмысының нысаны болып отыр. Музей қорындағы мөрлер толық сипатталып талданып, жүйелеу және сыныпталуы айқындалды.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде объективтілік, тарихилық, жүйелілік принциптері, тарих және әлеуметтік ғылымдарының негізгі теориялық тұжырымдамалары басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысын жазудың методологиялық негізі мен әдістеріне жалпы ғылыми зерттеудің арнайы музейтанулық ғылыми тәсілі басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының құрылымы Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан әрқайсысы екі тармақшадан тұратын, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі анықталып, зерттеу мәселесі мен тақырыпқа қатысты деректерге шолу жасалған.

Бірінші тарауда Қазақстанда сфрагистика ғылымының зерттелу деңгейі, ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлердің жинақталу тарихы жазылған.

Екінші тарауда лауазымдық мөрлер яғни билер старшындар, соттардың қоғамдағы ролі және атқарған қызметі мен қолданыстағы мөрлер туралы, және жеке тұлғалар мөрлерінің сипаттамасы жазылған.

Үшінші тарауда музейдегі мөрлердің сақталу деңгейі және мөрлерге консервация реставрация жасаудың әдістері мен тәсілдері қарастрылған.

Қортындыда берілген зерттеу жұмысының нәтижесі, ұсыныстар тұжырымдамалар берілген. Қосымшада Орталық Мемлекеттік музейінің қорында сақтаулы жекелеген мөрлердің суреттері берілген.

 

1 СФРАГИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

 

  1. 1 Сфрагистиканың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы

 

Сфрагистика (грек тілінен аударғанда “сфрагис” – мөр), немесе сигиллография ғылымының  (латын тілінен аударғанда “сигиллум” – мөр) – ғылыми зерттейтін дерегі мөр болып табылады. Бұл ғылым саласы тарихи ғылыми қосалқы пәннің бөлімі деп есептеліп, геральдика, нумизматика, эпиграфика т. б. ғылымдарымен тығыз байланысты.

Байырғы заманда, шамамен б. д. д. V-X ғасырларда Ассирияда, Бабылда, Мысырда, Урартуда циллиндір пішінді тас мөрлерді пайдаланған. Мысырда кейбір ғибадатханаларды (Осирис, Абидос) мемлекеттік талаптар мен міндеттерден босатуға билеушінің суреті бар мөрлері басылатын, сондай-ақ билік иелерінің бұйрығы, саудагерлердің келісімі де мөр арқылы бекітіліп отырған.

 

 

СКАЧАТЬ