Қазақша реферат: Мемлекеттік қызметшінің төзімділігін зерттеудегі шетелдік тәжірибе

0

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік саясатын жүзеге асырумен және мемлекеттің атынан тұрғын халық арасында негізгі экономикалық, әлеуметтік және саясаи бағдарламаларды жүзеге асырумен байланысты қызметтің өзгеше бір түрі. Мемлекеттік қызметтің алғашқы көріністері мемлекет енді қана қалыптасқан кезде бастау алады. Атап айтқанда, б.ғ. дейінгі ХХ ғ. Ежелгі Шумерде мемлекеттік аппаратқа қарсы баытталған алғаш көтеріліс өткен, сол кезде екі палаталық парламент пен мемлекеттік қызметтің тикалық ережелері де бастау алған.

Ежелгі Греция мен Императорлық Рим мемлекеттік қызмет этикасының қалыптасуында үлкен роль атқарған. Осы елдерде биліктің болмысына талдау жасалған, философияда «билік», «қоғаммен өзара қарым – қатынас», «құқықтық ролі» сынды ұғымдар қалыптаса бастады.

Мемлекеттік қызмет ежелден бері мемлекеттің басты институттарының бірі болған, қазіргі кезде ол мемлекеттік басты институттарының бірі және де келешекте де мемлекеттің басты институттары болып қалады. Мемлекеттік қызметті атару – тұлғаның мемлекет пен қоғам алдындағы зор жауапкер шілік, зор міндет. Өз ісін жоғары кәсіби деңгейде атқаруы үшін мемлекеттік қызметшінің көптеген рухани – моральдік қасиеттері бар болуы тиіс, олар дың бастысы – басқа адамдармен өзара қарым – қатынас жасау барысындағы төзімділік [20].

Қазіргі кезде Қазақстанда «ХХІ ғасырдың мемлекеттік қызметі қандай болмақ?» деген сұрақ көкейкесті мәселелердің қатарында. Ғылымның, техниканың, технологиялардың дамуы, қоғамдық қатынастардың жетілді рілуі міндетті түрде қоғамды және мемлекетті басқару жүйесінің өзгертілуін әкеліп соқтырады.

Кез келген басқару жүйесін реформалау барысында жүйенің меншікті тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар тәжірибенің қарастырылатын жүйесіне қатысты сыртқы жағдайды қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасау қажет. Сол себептен шетелде мемлекеттік қызметшілер төзімділігін арттыру мәселесін қарастыру уақыт талабына сәйкес келетін, іс әрекеттерінде төзімділігі басым мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құру ісінде пайдалы болады.

Қазіргі уақытта әлемдік қоғамдастықта төзімділік мәселесіне деген назар күн сайын арта түсуде. 1995 жылы Париж қаласында Бас конфедерация сының жиырма сегізінші сессиясында Білім, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) мүшелері Төзімділік қағидаларының декларациясын қабылдады. Осы құжат әлемнің көптеген тілдеріне аударылған және Германия, Ресей, Франция, Испания, Ұлыбри тания, Болгария, Түрік елі  және т.т. елдерді қоса санағанда елуден астам елдерде бекітілген. Құжатта төзімділік ұғымы бекітілген: «төзімділік – біздің әлем мәдениеттерінің, біздің өзін өзі білдіру нысандарының және адамның жеке даралығына қатысты көріністер әдістерінің  әр алуандылығын құрметтеу, қабылдау мен дұрыс түсіну».

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік аппаратты жасақтаудың негізгі екі жүйе  сіне жіктеледі: табу жүйесі (Spoils system) және еңбек сіңіру жүйесі (Меrit system). Табу жүйесінің мәні сайлауда жеңіске жеткен ел басшысы немесе мемлекеттік төңкеріс жасап, билікті басып алған адам барлық жоғары мемлекеттік лауазымдарға өз жақтаушыларын қоюға әбден болады деп есептейтіндігінен тұрады. Бірақ бұл жүйе әртүрлі лауазымдарға біліктілігі және қабілеттіліктері төмен адамдардын келуіне орай мемлекеттік аппараттын қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды. Еңбек сіңіру жүйесі, керісінше, лауазымдарға білікті және қабілетті адамдарды олардың тәуелсіз әрі ашык конкурстан өтуі арқылы тағайындауды көздейді.

Бүгінде әлемнін көптеген дамыған елдері еңбек сіңіру жүйесіне көшті, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттік аппаратты жасақтаудың ең тиімді жүйелерінің бірі болып табылады. АҚШ — та табу жүйесінен және Ұлыбрита нияда патронаж жүйесінің осы жүйеге көшуі АҚШ -та сайланған Президент Д.А. Гартфилдті оның жақтаушысының өзі алған лауазымына риза болмауынан өлтіруі және қоғамдық теріс пікір салдарынан 1883 жылы арнайы заң қабылдау, ал Ұлыбританияда 1854 жылғы белгілі Норткот-Тревельян баяндамасына және 1968 жылғы Фултон баяндамасына байланысты реформалар нәтижесі секілді бірқатар объективті мән-жайлар түрткі болды. Пэндлтон Заңы АҚШ-та мемлекеттік азаматтық қызмет жүйесін түбегейлі реформалады [21].

АҚШ пен Ұлыбританияда еңбек сіңіру жүйесінің сырткы көріністері мыналар болды:

— АҚШ-та Азаматтық қызмет комиссиясы деген атқа ие болған, мемлекет тік қызметке кадрларды іріктеуге арналған мемлекеттік мамандандырылған органның құрылуы; бұл Комиссия АҚШ тарихындағы алғашқы тәуелсіз агенттік болып табылады, ол Кадр кызметі басқармасы (КҚБ) деген атпен  әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатыр. Ешқандай да бір министрлік КҚБ-н айналып өтіп, өзінше кадрларды іріктей алмайды;

—                                       мемлекеттік лауазымдарға үміткерлер лауазымдық талаптармен таны  суға, мемлекеттік лауазымға сәйкес келетіндігіне жазбаша және басқа да емтихандар тапсыруға тиіс болды (Ұлыбританияда   үміткерден   «пышақ   пен шанышқы конкурсы» деп аталатын емтихан қабылдауы, ал АҚШ-та қызметшінің ас ішу кезінде тексеру, «іскерлік ленч» емтиханы мәлім);

—                                       үміткердің  мемлекеттік  қызметке жарамдылығын   КҚБ конкурстык   жүйесі айқындайды;

—                                       конкурстык іріктеудің рәсімі мен мәні бойынша   даулар   кез   келген   үміткердің конкурстық   іс   жүргізу   материалдарымен танысуға мүмкін дік бере отырып, мамандандырылган әкімшілік сотгарда және жалпы  құқық соттарында шешіледі. АҚШ-та Еңбек сініру жүйесін қорғау жөнін дегі кеңес құрамы (Меrrit  System Protection Board) конгреспен келісу арқылы АҚШ Президентіі 7 жыл мерзімге тагайындайды;

—                                       мемдекеттік қызметшіге өздігінше өз біліктілігін арттыру мен қызмет бойынша алға жылжуы үшін ынталандыру болып табылатын принциптер бойынша құрылған мемлекеттік лауазымдар жіктелімі белгіленді, бұған қызмет  өтілі, еңбекақы деңгейі бойынша қызметшілер дәрежелерінің ара-жігін айқын ажырату, алға жылжусыз атқару мерзімі бойынша   лауазымда болуды шектеу арқылы қол жеткізіледі.

Алайда осындай еңбек сіңіру жүйесін ендірумен, барлық мемлекеттік лауазымдарға конкурс аркылы алынады деп айтуға болмайды. Мысалы, АҚШ-та жалпы шедула (Sһеdule) лауазымдарының жіктелімі бойынша 1-ден 15-ке дейінгі сатыдағы лауазымдар ғана конкурста жеңіске жеткендер атқаратын конкурстық лауазымдар болып табылады, ал 16-дан 18-ге дейінгі бұрынғы лауазымдар әлі күнге дейін сайлауда жеңіске жеткен АҚШ Президенті жеке өзі тағайындайтын лауазымдар, яғни табу жүйесінің лауазымдары болып табылады. Бұл уақытта АҚШ-та 1978 жылғы Азаматтық қызмет реформасы туралы занның 3-тарауы, АҚШ Заңдары жинағынын 2301 параграфы, «енбек сіңіру жүйесі» принциптерін басшылыққа алуға міндеттейді және осы принциптерді реттеп отырады.

Декларация «адамдар өз болмысына сәйкес сыртқы пішіні, жағдайы, сөйлеген сөздері, мінез- құлықтары мен құндылықтары бойынша өзгеше ленеді және олардың бейбіт өмір сүріп, жеке даралығын сақтау құқықтары бар» деген ұстанымда жария етеді.

2005 жылғы Бүкіләлемдік саммиттің қорытынды құжаты мемлекет пен үкімет басшыларының адамның әл – ауқатын, қай жерде болмасын еркіндік пен прогрессті жақсартуға, сондай-ақ кез келген мәдениеттер, өркениеттер мен халықтар арасындағы төзімділікке, құрметтеуге, өзара әрекеттесуге деген ниетін білдіреді. Негізінен төзімділік (толерантты лық) ұғымы көпшілік мақұлдаған көзқарастарды ұстанбайтын адамдармен ортақтықты орнатуға деген ынта мен талап.

Шетелдік заңнамада қолданылатын анықтамаға сәйкес мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік орган дарда, мекемелерде, кәсіпорындарда мемлекеттің тапсырмасы бойынша, мем лекетпен төленетін қызметті жүзеге асыру.

Шетелде мемлекеттік қызметті ұйымдастырумен қызмет ету тәжіри бесін зерттеу өзектілігі Қазақстанда, сонымен қатар көптеген дамып келе жатқан елдерде әлеуметтік – демократиялық өзгерістерді жүзеге асыру бары сындағы мемлекеттік басқару ролінің арта түсуіне байланысты.

Қазіргі кезде әлемде мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың кез келген дәстүрлері қалыптасқан. Сондықтан да мемлекеттік қызметі аса тиімді қызмет ететін және қоғамда мемлекеттік қызметшілердің беделі жоғары болып табылатын елдердің тәжірибесін зерттеу теориялық және тәжірибелік қызығушылық тудырады. Қазіргі кезде әлемде мемлекеттік қызметтің ұйым дастырылуы мен ызмет ету жоғарыда аталған талаптарға сай келетін елдер: АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен Франция болып табылады [22, 49 б.].

Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қызметтің екі үлгідегі моделін жеке – жеке қарастыруға болады; олар: баспалдақтық және позициялық үлгілер.

Мемлекеттік қызметке кіру мен оны атқару тәртібіне қатысты осы модельдердегі айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар жалпы шарттар тән.

Біріншісі – мемлекеттік қызметшілерді саяси «тағайындалатындар» және кәсіби «орындаушылар» деп бөлу. Екіншісі – мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мемлекеттік қызметке білікті әрі құзыретті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азайтады.

Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мен мәртебесі шетелдегі мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды ерекшелігі болып табылады.

Қазіргі кезде, көптеген елдер мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесі нің ерекшелектерін ескеретін мемлекеттік қызметтің аралас моделін құруды жөн көреді.

Мемлекеттік қызметтің көптеген тиімді модельдерінде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттік қызмет институты қолданы лады, ол саяси шешімдер қабылдау үрдісін шешімдерді іске асыру үрдісінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттік қызметтің функциялары жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзірлеу және әкімшілік қызметті жүргізу болып табылады.

Озық әлемдік тәжірибеге (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Сингапур, Малайзия және т.б.), мемлекеттік қызмет саласындағы кадр саясатын тиімді іске асыру, оның ішінде жоғары мемлекеттік әкімшілік қызметшілер корпу сына қатысты іске асыру мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың біртұ тас жүйесіне және оны автоматтандыруға негізделген.

Халықаралық тәжірибеде әкімшілік этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Бірқатар елдерде арнайы заңдар мемлекеттік қызмет этикасы мәселелерін реттейді және мемлекеттік басқару жүйесінің моральдық климатын жақсартуға бағытталған [23, 87 б.]. .

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық стандарттары «мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық кодекстері» деген жалпы атауға ие бол ған арнайы нормативтік құқықтық актілерде қамтылған.

Нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мемлекеттік қызметші лердің мінез-құлық стандарттары мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқаруы кезіндегі мінез-құлқының негізгі бағыттарын айқын дауға арналған.

АҚШ-да мемлекеттік қызметшілердің құрамына лауазымды тұлғалар мен қоса мемлекеттік-билік өкілдіктердің жүзеге асырылуымен байланысты көмекші – техникалық қызметкерлер құрамы, сонымен қатар жалданбалы қызметкерлер де (соның ішінде мемлекеттік оқу орын дарының оқытушылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық қызмет көрсету саласы ның қызметкерлері) енгізілген.

АҚШ мемлекеттік қызметті реформалау барысында оны жеке сектор мен салыстырғанда неғұрлым ашық және бәсекеге қабілетті ету мақсаты қойылған. Сондықтан да, мемлекеттік қызметке орналасау үшін үміткер конкурстық емтихандар тапсырып, басқа үміткерлер арасында өткізілетін ашық конкурста жеңіп шығуы тиіс. Конкурсты жеңіп шығып, мемлекеттік қызметке орналасқан тұлғаларға мемлекеттік қызметшінің қабілеттерін, білімін, оның мықты және әлсіз жақтарын жанжақты бағалауға мүмкіндік беретін бір жылдық сынақ мерзімі орнатылады.

АҚШ мемлекеттік қызметшілер төзімділігін арттыру мақсатында атқарушы билік жүйесінде этикалық бағдарлама енгізілген. Әкімшілік этика тұрғысынан қарастырғанда адамгершілік жеке адалдық ретінде қарасты рылады, ал әкімшілік мінез – құлықта – көпшілік лауазым жеке пайдақор мақ саттарда пайдаланыла алмайтын әмбебап норма ретінде қарастырылады.

АҚШ басқарудың «этикалық» мемлекеттік құрылымы қызмет етеді. Оның негізі – арнайы «этикалық заңнама». Басқарудың «этикалық» мемлекет тік құрылымы мемлекеттік қызметшілердің этикалық емес іс — әрекеттерін реттеуге және тергеуге және де мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика лық емес іс — әрекеттер орын алған жағдайда аталған іс — әрекеттер қудала нады. «Этикалық» істерді қарастыру мен шешудің арнайы рәсімдері мен этикалық нормаларды мәжбүрлеп қолдану механизмдері әзірленіп, енгізі луде.

АҚШ 1978 жылы қабылданған мемлекеттік басқару туралы заңда сыбайлас жемқорлықпен күрес және үкіметтік мекемелер қызметінің жеделдігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі іс – шаралар көзделген. Осы заңға сәйкес мемлекеттік қызметті конкурстық негізде иелену үшін қажет еті летін әрі жеткілікті болып табылатын қасиеттер – жеткілікті тәжірибе, білік тілік дейгейі мен адалдық.

1989 жылы АҚШ конгрессі атқарушы билік жүйесіндегі жеке мекеме ретінде мемлекеттік этика басқармасын ұйымдастырған. Оны 5 жылдық мер зімге Сенат кеңесі жөніндегі президент тағайындайтын (немесе президент пен келісіп) директор басқарады.  Басқармада 85 адам қызмет етеді. Мемле кеттік этика басқармасы атқарушы билікте этикалық бағдарламаны басқа руды қаматамасыз етеді. Басқарма жүйелі түрде бөлімелер мен мекемелерде этика мәселелерімен айналысатындар үшін оқу – тренингтік бағдарлама ларды жүргізеді, арнайы газетті шығарады және де кез келген мәселелер бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды басып шығарады.

Ұлыбританиядағы мемлекеттік қызмет институтының қазіргі кезгі нысанын қалыптастыруға 70-80-ші жылдары өткізілген ірі әкімшілік реформалар негіз болды. Аталған реформаларады өткізу үшін Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі комитет ұйымдастырылған (Фултон Комитеті). Аталмыш комитет үкіметке Ұлыбританияның мемлекеттік қызметінің жаңа моделін – атап айтқанда, «менеджерлік» моделін ұсынған. Дәл осы, американдық модельге барынша ұқсас модель Ұлыбританияның мемле кеттік қызметінің негізі болды.

Ұлыбританияда мемлекетік қызметшілер төзімділігін арттыру мақса тында мемлекеттік қызметте «билік үнемі оған бақылау жасалынатындығын сезінуі тиіс» деген басты қағида жүзеге асырылуда. Үкімет үшін қызмет ететін тұлғаға зор қоғамдық сенім арттырылады, өйткені дәл осы мемлекеттік қызмет теріс пайдаланушылыққа зор мүмкіндіктер береді. Мемлекеттік қызметке жаңадан түскен қызметкер саналы таңдау жасайды және де көпшілік алдындағы әрі жеке қызметтегі қатаң шектеулерге келісім береді. Лауазым неғұрлым жоғары болса, шектеулер де соған орай көбірек кездеседі.

Ұлыбританияда қызмет бойынша көтеру шенеуніктердің негізгі топтарында әр түрлі жүзеге асырылады. Әкімшілік және саяси басшыларды Мемлекеттік істер жөніндегі министрлік тағайындайды. Министрліктің жанынан азаматтық қызметтің басшылық құрамын ағайындау жөніндегі арнайы іріктеу комитеті қызмет етуде. Комитетте компьютерлік техниканың жетістіктерін пайдаланумен әзірленген жоғары әкімшілердің бүкіл штатының жасырын тізімі бар. Осы тізімге мемлекеттік қызметшілердің білімі, кәсібі, қызмет өтілі және т.б. мәліметтер енгізілген. Комитеттің жанынан жоғары әкімшілерді жылжыту мәселесін қарастырумен айналысатын арнайы топ қызмет етуде.

Басқа шенеуніктер үшін жекелеген министрліктер деңгейінде жыл сайынғы есеп берушілік тәжірибесі жүзеге асырылуда. Әрбір есепті есептің ішіне енгі зілетін мәліметтер иесі болып табылатын тұлғадан 1-2 саты жоғары тұрған лауазым иесі әзірлейді. Есептер министрліктің қызмет бабы бойынша жылжыту кеңесіне тапсырылады. Оның мүшелерін шенеуніктерді ңқызмет бабы бойынша жылжыту туралы түпкілікті шешімді қабылдайтын министр тағайындайды.

Қызмет бойынша жылжытудың ағылшын жүйесі барлық деңгейлердегі қаталдықпен ерекшеленеді. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес шенеуніктердің кәсіби тұрғыдан сіңірген еңбектеріне емес, жасы мен қызмет бабындағы төзімділік қасиеттеріне басты назар аударылады. Мемлекеттік қызметке қабылдау, оқыту мен қызмет бойынша жоғарылатудың бүкіл жүйесі кәсіби басқарушының, кең ауқымды әкімші тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.  Белгілі ағылшын саясаттану шысы Д.Стилдің пікірінше, «табыстан табысқа жететін әкімші нақты өзекті мәселеге бейтарап болуы тиіс, алайда білім мен жұмыс тәжірибесінің бар болуына орай кез келген мүдделер арасында ортақ шешімді таба білу қасиетіне ие болуы тиіс. Министрліктердің саяси басшы лары аталған сипаттамаларға ие кәсіби басқарушыларды (британдық терминологияға сәйкес оларды «дженералисттер» деп атайды) ерекше баға лайды».

Жақын шетел елдерінің бірі болып табылатын көршілес Ресей Федера циясында 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметшінің төзімділігін артты руға бағытталған кең ауқымды жұмыс жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясы Мемлекеттік қызметшісінің этикалық кодексі қабылданған. Аталған құаттың 5 бабында «Мемлекеттік қыз метші адамдарға олардың ұлтына, діни нанымына, саяси бағдарына байла ныссыз төзімділік танытып, Ресей халықтарының әдет ғұрыптары мен дәстүр леріне құрмет білдіріп, кез келген этникалық, әлеуметтік топтар мен конфес сиялардың мәдени және басқа да ерекшеліктерін есепке алуы тиіс» деген қағидалар жазылған. Ресей Федерациясында тиімді басқару командаларды қалыптастыру – аса маңызды және өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  Кадр мәселелерін зерттеу барысында көптеген ғалым дар, сарашылар мен саясаткерлер іс жүзінде кадрларды сапалы деңгейде ірік теп, оларды мемлекетті қызметшілердің әлеуметтік болмысын, адамгершілік бағдарларын, сананың ізгілік қасиеттерін, төзімділік деңгейін есепке алып тиімді орналастырып қоюға мүмкіндік беретін механизмдердің жоқтың қасы екендігіне назар аударуда.

Аталған кемшілікті жою мақсаттағы іс – шаралардың бірі ретінде             2002 ж. Мәскеу үкіметі «Мәскеу әлем мәдениетіне қарай бағыт алды: төзімді сана нұсқамаларын қалыптастыру, экстремизмнің алдын алу, әлем мәдение тін тәрбиелеу (2002-2004 жылдар)» орта мерзімдік қалалық мақсатты бағдар ламасын қабылдаған. Бағдарлама 2001 жылғы 25 тамыздағы Ресей Федера циясы Үкіметінің «Ресей қоғамында төзімді сана нұсқамаларын қалыптас тыру және экстремизмнің алдын алу (2001-2005 жылдар)» № 629  қаулысын орындау мақсатында қабылданған және астаналық қоғамдастықты әлеуметтік – мәдени дамыту саласындағы басым бағыттағы міндеттерді шешу үшін әзірленген.

Қалалық бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін қайта даярлау бағдарламалары әзірленіп саралаудан өткізілді. Атап айтқанда, қалалық Білім беру департаменті ашық білім беру институтында мамандарды қысқа мерзімді мамандырылған курстарда «Бейбітшілік пен төзімділік мәдениеттері» тақырыбы бойынша оқыту жұмысы жүргізілді. Мәскеу қ. Аймақаралық байланыстар мен ұлтты саясат комитеті «Атмосфера» коммерциялық емес ұйыммен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің төзімділік мәселелері жөніндегі  біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, өткізілді.

Ресей Федерациясымен көршілес Украинада да мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттыру мақсатында қабылданған құжаттар бар. Олардың ішінде 2011 жылғы 19 шілдедегі Украина елінің Мемлекеттік қызметі басқармасының № 176 бұйрығының негізінде әзірленген Мемлекеттік қызметші мінез – құлқының жалпы ережелерін атап өтуге болады. Осы құжаттың ІІ тарауының 2.6 тармағында «Мемлекеттік қызметші кез келген діни ұйымдарға төзімділік пен құрмет көрсетуге, халықтық әдет – ғұрыптарды құрметтеуге міндетті» деп жазылған. Осындайда Украиналық мемлекеттік қызметшілерге өздерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында өз діни нанымдарын немесе артық көрушіліктерін көрсетуге тыйым салынған.

Ресейде мемлекеттік қызметшінің төзімділігін зерттеу мемлекеттік деңгейдегі мәселе болып табылады. Атап айтқанда, «2001 – 2005 жылдарға арналған Ресей қоғамында төзімді сана нұсқамаларын қалыптастыру және экстремизмнің алдын алу» атты бағдарлама, орта мерзімдік «2004 – 2006 жылдарға арналған Мәскеу бейбітшілік мәдениетіне қарсы бағытта: төзімді сана нұсқамаларын қалыптастыру, экстремизмнің алдын алу, бейбітшілік мәдениетін тәрбиелеу» атты қалалық мақсатты бағдарлама қабылданған. Сонымен қатар, Мәскеу қаласында осы бағытта «Этносфера» ұлтаралық білім беру орталығы және «Этносфера» баспа үйі белсенді қызмет етуде, 1996 жылдан бастап «Этносфера» ақпараттық — талдау және ағартушылық журнал басып шығарылуда, тақырыптық жинақтар, «Этноүндесулер» альманахы, ақпараттық — талдау бюллетені басып шығарылады, ал 2003 ж. «Ұлтаралық қарым — қатынас тәжірибесі» атты кітаптар сериясы басып шығарыла бастады.

«Мәскеу бейбітшілік мәдениетіне қарсы бағытта» атты бағдарламаның мақсаты — әлеуметтік тәжірибеге толерантты (төзімді) мінез құлық нормала рын енгізу болып табылады.

Ресейде төзімділік ұғымын шартсыз құндылық пен мақсат ретінде түсінеді, төзімділік деп жеке тұлғаның кез келген теңсіздіктерге қатысты дұрыс көзқарасын қалыптастырады, осындай көзқарас арқылы ресейлік қоғамда төзімділікті тәрбиелеу мақсаты қойылады.

Төзімділікті тәрбиелеуге бағытталған орта мерзімдік қалалық мақсатты бағдарламада «төзімділік қағидаттарына негізделген әлемді ұйымдастыруға ұмтылу .. ресейлік қоғамның дәстүрі» деп атап өтілген.

БҰҰ бейбітшілік мәдениеті туралы Декларациясы «құнды нұсқама лардың, дүниетанымдық көзқарастар мен мінез — құлықтың кез келген түрлерінің өзгеруіне бағыттайды». Ол төзімділік бағдарламасы – шыдамды лықты тәрбиелеу емес, тұлғаның рухани негіздері мен тұлғааралық өзара қарым — қатынастар сипаттамасын өзгерту болып табылады.

Ресейлік этнолог пен дінтанушы, т.х.к. К.В.Цеханскаяның пікірінше «төзімділік үлгісін енгізу — өмірдің кез келген жағдайларына, кез келгендін экономикалық және мәдени бағдарламаларға бейімделіне алатын ерікті тұлғаны тәрбиелеу болып табылады».

«Мәскеу бейбітшілік мәдениетіне қарсы бағытта» атты бағдарламаның бастаушысы мен шабыттандырушысы — БҰҰ Бейбітшілік мәдениеті туралы декларация, БҰҰ Мыңжылдық декларациясы, Төзімділік қағидаттарының декларациясы, ЮНЕСКО Жерінің декларациясы, БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннаннның баяндамалары және Ғаламшар балаларының мүдделерін көздей тін бейбітшілік пен зорлықсыз өмір сүрудің халықаралық онжыл дығына арналған БҰҰ құжаттары. Ресейлік ұлы тұлғалардың ішінде төзімділік көзқарастарын ұстанушы болып табылатын ұлы орыс жазушысы Л.Н.Толс той. Оның пікірінше, «жамандыққа күш көрсету арқылы жауап қайтаруға болмайды».

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!