Қазақша реферат: Литосфера туралы мәлімет |

0






Жер қабығы. Литосфера. Жердің сыртқы қабықтары: атмосфера — ауа-газ тәрізді қабығы, гидросфера — су қабығы. Адам тіршілік ететін ортасымен қоса тірі организмдер биосфераны құрайды. Жер бетінен 1200 км-ге дейінгі тереңдікті алып жататын жер шарының тас қабығы литосфера деп аталады. Тас қабықтың шамамен 80-100 км тереңдіктегі үстіңгі бөлігі жер қыртысы деп аталады. Жер қыртысы гранит, базальт, әктас, құм, саз т.б. көптеген жыныстардан тұрады. Жер қыртысының қалыңдығы материкте 30-80 км, ал мұхиттың астында 5-10 км. Алғашқы пайда болған жыныстарға магмалық жыныстар жатады. Олар балқыған сүйық силикатты массалар — магмалардың суып, қатуынан пайда болған. Шөгінді жыныстар борпылдық, кейде цементтелген қиыршық қүм тәрізді қатты жыныстан түрады. Олар өсімдіктер мен жануарлар қалдығынан, организмдерден жиналған минералдық заттардан түзілген.













.

Метоморфоздық жыныстар геологиялық процестер негізінде жердің терең қабаттарындағы жоғары температура мен қысым әсерінен өзгеріске ұшыраған магмалық немесе шөгінді жыныстар. Жердің сыртқы қабықтары жақсы зерттелген. Ал ғаламшардың ішінде не бар? Оның ішкі құрылысын біршама білеміз. Қазіргі уақытта ғылымға белгілі мәліметтердің негізінде ғалымдар Жердің кіндігінде ядросы бар, оның радиусы шамамен 3500 км деп жорамалдайды. Ядроны мантия «жамылғы» қоршап тұрады. Мантияның қалыңдығы шамамен 2900 км. Мантия затының температурасы өте жоғары болады да, ядроға бағытталған сайын арта береді. Мұндай температурада бұл зат балқыған күйде болуы тиіс еді. Бірақ тереңдеген сайын қысым да артатындықтан ол балқымайды. Сондықтан мантия заты ерекше иілмелі күйде болады. Өте тұтқыр бұл зат қысымның әсерінен баяу ағуы мүмкін. Мантияның үстіңгі бөлігі ғана кристалл күйіндегі заттардан түзілген. Жердің кіндігіне жақындаған сайын температура мен қысым көтеріледі. Ондағы температура 3500°С шамасында болады.

Жердің жасы. Шөгінді жыныстар қабаттарында өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтары немесе солардың таңбалары сақталып қалады. Осы қалдықтар мен таңбаларды зерттеу ісімен палеонтология ғылымы шұғылданады. Палеонтологиялық әдісті пайдалана отырып жалпы жер тарихын бес геологиялық дәуірге бөледі. Дәуірлер кезеңдерге, ал кезеңдер замандарға бөлінеді. Қазақстан аумағы мынадай негізгі тектоникалық құрылымды аймақтарға бөлінеді. Ежелгі шығыс Еуропа платформасы. Оның республика аумағына тек оңтүстік-шығыс шығыңқы жері енеді. Бұл Қазақстанның ең көне үлесі, ол архей және ерте протерозойда қалыптасты. Бұл платформаға Каспий маңы ойпаты мен Орал алды (Жем) үстүрті жатады. Платформа ежелгі кристалды негізі шөгінді жыныстармен жабылған. Олардың қалыңдығы 22 км-ден асады. Жер бедерінде қатпарлы-жақпарлы құрылымдар таулы аймақтарда байқалады. Таулар палеозой дәуірінде ұлан-байтақ теңіз орнында пайда болды. Герцин қатпарлы аймағына Мұғалжар, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Тянь-Шаньның батыс жоталары, Жоңғар алатауы, Сауыр-Тарбағатай мен Алтай кіреді. Бұл аймақтардың негізі көп жерлерде жер бетіне шығып жатады, ал ойыс жерлері мезозой және кайнозой жыныстарынан тұрады.





.

Қазақстан аумағында ежелгі платформадан басқа жас платформалар да (плиталар) бар: Батыс Сібір және Тұран. Олар кейінгі палеозой мен мезозой дәуірінің басында пайда болды. Жүздеген миллион жыл бұрын бұл жазытардың орнында таулар болған. Кейін олардың мүжіліп, шайылған тау жыныстары терең ойыстарды толтырды. Сөйтіп, палеозой дәуірінен кейін пайда болған жас платформалардың негізі мезозой мен кайнозой дәуірлерінің шөгінділерімен жабылған. Қазаңстан жеріндегі Батыс Сібір плитасы шөгінділерінің қалыңдығы шамалы. Тұран плитасының құрылысы күрделірек. Оның кейбір жерлерінің шөгінді қабаттарының қалыңдығы 4 км-ге жетеді, ал басқа жерлері ңазіргі жер бетіне жақын жатады. Кайнозой ойыстары — бұл неғұрлым жас тектоникалық ойыс. Альпі кезеңіндегі иілген жерге тауаралық Іле-Балңаш-Алакөл жөне Зайсан ойыстары жатады. Ол палеоген, неоген жөне антропоген дәуірлеріндегі өзен шөгінді жыныстарымен толған. Жер тарихы оның үстіңгі бетінің ішкі күш төрізді сыртқы күш өсерінен де үнемі өзгеріп отыратындығын көрсетеді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!