Қазақша реферат: Махаббат жыры — мәңгілік «Қарагөз»

0






Қарагөз… Аяулы Қарагөз… Әдемілік символы. Ғашықтық әлеміндегі аппақ ұғым. Кәусар сезім мен мөлдір үміт арқалаған арманшыл ару. Қимас жан. Поэтикалық кейіпкер. Ол сахна сәнін кіргізгелі сексен бес жылдай мерзім өтіпті. Санаңды сұлуландырудан, қиялыңды әуелетуден бір танбай келеді. Сахна жырына айналғалы сан ұрпақ өнерпаздар буынын қалыптастырып, көрермен қиялын рухани кеңіс-тіктеріне еркін қалықтатуда. Мұхтар Әуезовтей дана қаламгердің кеудесін жарып шыққан осынау сахара қызының сұлу кескін-келбеті қалың жұртшылық жүрегін нұрға, сырға бөлеп тастағалы қаншама жыл! Бұл өнер жауһарына қызықпаған шығармашылық ұжымы кемде-кем. Бұл әдеби-рухани дүниеге көңіл тоқтатып, көз тастамаған сауықшыл қауым жоқтың қасы.Қаншама сұңғыла артистер тобы «Қарагөзден» бақ сынамады дейсіз? Қазақ театрларының төрінен тұрақты орын тепкен осынау ұлттық биік трагедияға көңілі босап, көз жастарын бұламаған көрерменіңіз қайсы? Тебіренумен, толқумен келеміз. Әр жолы тазарып, таңқалып, тамсанып қаламыз. Әдеби тіні мықты, сахналық сом дүниеге ынтықпыз әркез, тәнтіміз. Оған көрермендер де кұмбыл өнер иелері де бек құштар. Атыраулық өнерпаздар да дэл сондай сұлу сезімдерді аңсай іске кірісіпті. Қойылым иесі — астаналық режиссер Нұрлан Жұманиязовтың көріп-білуіндегі ғашықтық сазы өз ырғағын іздеген. Өз нақышынтаңдаған. Іздепті. Таңдапты. Жоғынтаба алған ба, таба алып па деген сауал кес-кестеді көкейімізді. Зер салып көрейік. Оқиға желісі — Қарагөз (Ш.Рамазанова), Сырым (Н.Съезхан), Нарша (А.Мұхамэжитов) үштігі төңірегінде өрбитіні белгілі. Қарагөз сұлудың шарадай басы шақшадай. Мөржанның (Ә.Сисекенова) қояр қатал талабы да осал емес. Трагедияның ушыға түсуіне (сонау ата-бабасынан қалған) әдет-ғұрыпты әспеттеуші Мөржан қарияның іс-әрекеттері әдеттегідей тым жойқын. Әйтсе де, тәжірибелі актрисаның кескіндеуіндегі Мөржанның аналық мейірімі, әжелік кеңдігі, жүрек жылылықтары алдыңғы кезекке шыққан. Сұстылығынан сыпайылығы, адуындылығынан абзалдығы айқынырақ. Адамгершілігі анығырақ. Түсі жылы, ойы озбырлықтан ада. Немересінің болашағына, ата салтының бүрмалануына алаңдаушылық танытқан кэдуілгі қазақы кейуананың шынайы кейпі іздестірілген. Сырт көзге қыңырлау көрінгенімен сүйкімді немересіне деген жүрек ынтызарлығын жасыра алмаған, замана талабына қарсы түру жадына да кіріп-шықпаған қыр кейуаналарының шарасыздау мінез-қүлқы орындаушының шеберлік мүмкіндіктерін тосын қырынан көрсеткен. Ә.Сисекенова өзі тапқан осы ізденіс бағыттарын элі де батылырақ тереңдете түссе, тәжірибелі актрисаның өз кейіпкерінің өмірбаяны қалыптасарына шүбэ жоқ. Қарагөз-Ш.Рамазанованың сахналық келбеті талғамға сәйкес. Сұңғақ бойлы, талдырмаш жанның Қарагөз табиғатымен эркалай астасып кетуіне мүмкіндік мол. Қайтерсіз! Тэжірибе атты тосқауыл шебін бұза алмаған жас албырттықтары, сәл-пәл үрейге бой алдырған жүрек толқыныстары мен ішкі толқулар Қарагөз болмысының терең қатпарларын меңгеріп кетуде балаңдық, балғындық танытқан. Жас актрисаның эмоциялық серпілістері әлі де болса самарқау Белсендірек әрекеттенген жөн.








Сырым (Н.Съезхан), Нарша (А. Мұхамәжитов) араларындағы талас-тартысты өте білгірлік пен парасат-пайым биігінен танып-білген лазым. Екі орындаушының да көрік-келбеттері көңілге түрарлық. Сырымды нүсқалаушы актер өз кейіпкерінің табиғатына жақын десек те, оның алғырлықтары, алымдылықтары әлі де болса талаптан төмен жатқан секілді. Өткірлік, оттылық, ынтызарлық, сезімдері жеткіліксіз. «Сырым — теріс біткен бір бүтақ» немесе «жалындаған ақын, жалаңдаған ер» деген теңеу сөздерге сай болуы үшін де көл-көсір тер төгілуі керек. Наршаның өзі Сырымды мойындағаны болар, Қарагөз екеуіне «Ерекше жансыңдар» деп қызыға қарамай ма? Бұл аз десеңіз, таяққа жығылып жатқан Сырымды Наршаның арашалап қалуы қазақ жігіттерінің мәрт мінезділігін айшықтай түсер азаматтық үрдіс. Әйтсе де, Қарагөз жынданып, жан тапсырар түстағы Наршаның тым айғай-ұйғайға салынып, шала бүлініп, шектен тыс шыжбаландауы көрермен қауымды наным-сенім сезімдерінен алыстата түсері анық. Нарша-А. Мұхамәжитовтың дауыс мүмкіндіктерін, үн әлсіздіктерін түзеп алуда едэуір еңбектенгені теріс емес. Ш.Рамазанова, Н.Съезхан, А.Мұхамәжитов үштігін жоғарыдағы рөлдерге іріктеудегі режиссер талғамы тая соқпаған. Сондай-ақ, Жарылғап (М.Мырзаханов), Жабай (Б.Зинуллин), Асан (С.Қожабеков) іс-әрекеттері де табиғилығымен жан бау-райды. А.Баетова кейіптеген Текті құдағидың ақсүйектерше керіліп-кербездене тіл қатуы орынды. Өсектің отын үрлеп жүрген үш әйелдің кейпінде аз ғана көрінер актрисалардың сөз өрбітулері тым асығыс-үсігіс. Тарыдай шашылған сүреңсіз сөздер саналарға қонақтай алмай жатты. Режиссер мен актерлер тарапынан кеткен кішкене ағаттық-қойылымдағы ән-әуендердің жұтаңдықтары. Сезімге бөлер саз таба алмау, басқаны қайдам, атыраулықтар үшін ыңғайсыз нәрсе.

Қойылымның безендірілуін мойнына алған Гүлмаржан Махамбетова — аса тәжірибелі сахна суретшісі. Ол ойлап тапқан өрмекшінің торы — метафора. Замана кұрсаулары, дәуір тосқауылдары. Режиссураның түпкі идеяларымен қоян-қолтық астасып жатқан суретші бояуларынан нэрлене отырып, жоғарыдан салбырай ілінген түрлі-түсті басқұрлардың атқарар міндетін аса ұғына алмадық. Сахнаның екі жағына орналасқан кішкене керегелер де орындарын тауып түрған жоқ секілді. Бақуат ортада бой түзеген Қарагөз арудың киім-кешегіне, артистердің бет әрлеу, өң өзгерістеріне (грим) де ден қойған дұрыс па деп ойлаймыз. Мәселен, қырық күн қайғырып, Қарагөз дертінен әбден тұралаған Сырымның соңғы сахналық сықпыты қалай көрінуі тиіс? Қорыта келгенде, атыраулықтардың орындауында, астаналық режиссер Нұрлан Жұманиязовтың көруінде-сезінуінде кезектегі «Қарагөз» дүниеге келген. Иә, ол Атырау театрының өз «Қарагөзі»!





.








Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!