Қазақша реферат: Бәйтен Омаров өмірбаяны |
Ұлттық сахна өнерінің бетке ұстар қайраткерлерінің бірі — режиссер, ҚР халық артисі — Бәйтен Омаровтың дүниеден озғанына жыл толды. Өнер жолына ерте түскен ол ең алдымен бұрынырақта Алматыда ашылған киноактер мектебінде әйгілі режиссер-педагог Асқар Тоқпановтан білім алып, актерлік өнердің алғашқы дәмін татқанды. Тәжірибелі Асекең өзінің шәкірттеріне ғылыми жүйеге сүйенген мазмүнды да қызғылықты сабақтарымен бір-ге халық өнері мен ұлттық тұрмыс-салттық дәстүріміздің ерекшеліктеріне тамаша шешендігімен, білгірлігімен еліктіріп әке-тетінін бүгіндері көзі тірі бірлі-жарым тыңдағандар аузынан суы құрып айтып отырады. Ұстаздың жыр қылып айтатын әңгіме-сабақтарының ықпалымен кейбір шәкірттері білімдерін әрі қарай жалғастырып, күрделі өнердің қат-қабат қүпиясын тереңнен қопарып тануға талаптанғандары да бар. Солардың ішінде 50-ші жылдардың ортасында Ташкент мемлекеттік театр өнері институ-тынан жоғары білім алған Бәйтен Омаров, Мұрат Қосыбаев, Түрар Дүйсебаевтардай режиссерлер шықты. Бұлардың бәрі де кезінде бір-бір театрдың бас режиссерлік жүмысын дөңгелетіп, ұлттық сахна өнерімізді дамытуға мол үлес қосқандар. Осылардың ішінде еліміздің театрларында режиссер кадрының аса тапшы түсында шығармалық ізденіске жастық шабытпен кіріскен Бәйтен Омаров республикамыздағы байырғы да жетекші үжымның бірі — Семей музыкалы драма театрына 20 жылдай көркемдік жетекшілік етті. Бір жерде мүншама уақыт режиссурамен айналысу — қиын ша-руа. Таптаурындылыққа ойысып кету қаупі төніп түрады. Бәйтен, керісінше кәсібилік деңгейіне қылау түсірмей, ізденген кісіге шеті мен шегі жоқ мамандығын ол жетілдіре түсті. Бұл — білімділіктің арқасындағы ізденістің нәтижесі. Мұның үстіне институтта сабақ берген ұстазы да сондағы жалғыз өнертану кандидаты, доцент И.В.Радун аса сауатты да алғыр өнерден оқымаған кітабы жоқ, теория мен тәжірибені үштастыра білген өз мамандығының ше-бері болды. Ол шәкірттеріне қойылымның әдеби нұсқасымен жан-жақты жұмыс істеуге, қай кезеңде қай дәуірде болса да ескірмейтін, автор идеясын ашуда түзу жолдан тайдырмайтын пьесаның режиссерлік нұсқасын жасауға ерекше көңіл бөлді. Б.Омаров қандай спектакль қойса да пьеса үстінде өз бетінше тыңғылықты жұмыс істеу, оны барынша тиянақты зерттеу, драматург ойының түкпір-түкпіріне дейін ақтарып шығу — оның өнеріне тән құбылыс. Бір қарағанда бүл жалықтырып жіберетін жұмыс болып көрінуі ықтимал, бірақ шығармалық нәтижеге бүлтартпай апаратын тәсіл екені даусыз. Және мүнымен барлық режиссерлердің айналысуы шарт емес, бәрі де қоюшының үстанған бағыт-бағдары мен шығармалық даралығына байланысты.
Бәйтен Омаров режиссурамен бірге актер шеберлігінен де түбегейлі білім алған-ды. Бұл сабақты әйгілі Е.Б.Вахтанговтың шәкірті — М.А.Рубинштейннің жүргізуі екінің біріне бүйыра бер-мейтін бақыт. Мүнда болашақ режиссер шеберлігінің қыр-сырын меңгерумен бірге, сол орындаушылық өнер арқылы режис-серлік ой-түжырымды жүзеге асырудың өзіндік жолдарын да қарастырады. Бүл — қоюшы режиссердің актерлермен роль үстінде жүмыс жүргізудің, шықпай жатқан рольді меңгеру жолдарын түсіндірумен бірге, көрсете білу, қажет болған түста сахнаға ойнай білуі де шарт. Оның осы ерінбей, жалықпай ізденгені оның Атырау театрының сахнасына қойған Гогольдің «Үйлену» дипломдық жүмысында өзінің ерекшелігімен көрінді. Пьесаның қойылу та-рихына байланысты жүргізген мол танымдық жұмыстан басқа, әрбір кейіпкердің түрлі театрлардағы сахналық пайымдауларын қарастырып, олардың киім үлгілеріне дейін қағазға түсіріп алуы -нағыз шығармалық жұмыстың сипатын танытса керек. Осының нәтижесінде қойылым театрдың орыс классикасын меңгерудегі кезеңдік жетістігі болып, оның тарихының жарқын беті болып қалды.
Міне, осындай мықты дайындықтан өткен Б.Омаров мол шы-ғармалық жүмысымен Семей театрының қалыптасуына көп еңбек сіңірген қайраткер. Мұндағы ізденісінің бастамасын уақыт талабына сай театр репертуарын музыкалық біржақтылықтан арылтып, күрделі драматургиялық туындылармен толықтырумен айна-лысты. Бүгінгі музыкалық театр драмалық жанрдың қай-қайсысын болса да еркін меңгеріп, көрермен қауымның көркем-әстетикалық талабына жауап беретін бесаспап үжымға айналдыруды мақсат түтқан режиссер Бәйтен Омаров.
Сол кездегі идеологиялық қысымға қарамастан ол М.Әуезов-тің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің, Ғ.Мүсіреповтің пьесаларына репертуарда басымдылық береді. Солардың бірі — үзақ үзілістен кейін М.Әуезовтің «Қаракөзін» республикамызда ең алдымен сахналаған Б.Омаров, және қойылым театрдың кезеңдік табысы дәрежесіне көтерілді. Семейліктер трагедияның халықтық негі-зін, елдің әдет-ғүрып салтын, көркемдік дәстүрін берік үстанған. Режиссер пьесаға поәтикалық рух, ақындық шабыт, лирикалық бояу беруге үмтылған… Алакөлеңке кешкі даланың тыныштығын бұзып Асан салдың шырқата салған «Баянауыл басынан бүлт кет-пес» әнімен спектакльдің шымылдығы ашылады. Өмірден ертерек өткен жас актер Б.Сыбановтың тамаша әншілік шеберлігі сал кел-бетін ашумен бірге, режиссерге қойылымның поәтикалық кілтін табуға септігі тиген. Труппада мүнан басқа әнші актердің болмауынан қойылымның лирикалық жағынан гөрі психологиялық толғаныс үрдісі тереңірек қарастырылған. Соған қарай Сырым -Ә.Жаңбырбаев, Қаракөз — Т.Иісова рольдері арқылы көрінетін махаббат үшін күрес көңіл-күй арпалысынан күрылыпты. Спек-такль режиссерлік ой-түжырымның дәлділігі мен қисындылығы, мизансценаларының айқындығы, актер орындаушылық өнерінің шынайылығымен театрдың көркемдік табысы болып табылады.
¥лттық классиканы меңгерудің жалғасы ретінде үлы дра-матургтің идеология тосқауылынан қарамай «Еңлік — Кебек» тра-гедиясын да республикамызда ең алдымен сахнаға қойған осы Б.Омаров. Бүл да халықтық түрмыс-салттық үлгіде шешіліп, актерлердің ойыны жоғары көркемдік түргыдан, әрі өзіндік да-ралығымен өзгелерден бөлектеу шыққан. Мүндағы М.Ақылова (Еңлік), Ә.Жаңбырбаев (Кебек), М.Бүланов (Жапал), Ә.Матыбаев (Көбей) сияқты актерлердің ойыны қойылымның жетістігі болды. Көп театрлардағы рольдермен салыстыра қарағанда Ә.Матыбаев жасаған Көбей бейнесі семейліктер сахнасында өзінше пайымдау тапқан кейіпкер. Оның жүзіндегі қобалжу мен жайсыздық алдағы бітіспес үлкен даудың жайын сездіргендей. Талай дау-шарды басы-нан кешірген би тартысар жауы Еспембет жағының мықтылығын сезеді. Актер бидің осы ішкі күйзелісін ашқан. Ол өліспей берілетін би емес. Қызыл тілге келгенде алыстан орағытып, майдалай жөнеледі. Жүқалай келіп, сөз аяғын бітімге тірейді. Шешендіктің астарында мол мағына жатқанын сездіру — шеберліктің әрі режиссер ой-түсіндірмесінің нақтылығында жатса керек.
Б.Омаров режиссурасының дамып қалыптасуын танытқан қойылымдардың ішінде К.Еольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші», Еогольдің «Ревизор», Назым Хикметтің «Махаббат туралы аңыз», А.Қаһардың «Ауру тістер» т.б бар. Бұлардың барлығы да терең режиссерлік ойға, келісті пластикалық шешімге қүрылған, жекеле-ген актерлік жетістіктермен дараланған, көркемдік шоқтығы биік шығармалық табыстар.
Қойылымның әдеби негізін өзімен бірге актерлердің де зердесіне қүйып алуына, соған қарай репетиция барысында орындаушылардың роль үстіндегі ізденістеріне саналы түрде баруына, сахналық бейне жасауға өзіндік ой-түсінігімен жетуді мақсат етіп қойған режиссер. Мұндай жұмыс алғашында сылбырлау, жалықтырып жіберетін болып көрінгенімен актерлердің бірте-бірте шынайы шығармалық жетістікке сеніммен қарату — оның режиссурасының бір ерекшелігі. Режиссурадағы мұндай әдіс Ә.Тәжібаевтің «Майрасын» сахналағанда нағыз шығармалық нәтижеге қол жеткізді. Көркемдік сипаты жоғары қойылым, Семей ғана емес тұтас ұлттық сахна өнеріміздің сүбелі жемісі болды. Жеке бастың бостандығы, махаббат пен өнер еркіндігі идеясын толық жеткізуге режиссер бейнелеу құралдарын ұқыпты қарастырған.