Қазақша реферат: Мұрат Қасыбаев өмірбаяны |

0






15 тамыз 1925 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ташкент шаһары, Шелковичная көшесі 75-ші үй. Орысша болса да құлаққа жұмсақ естілетін мекен-жай. Қаланың дәл ортасындағы «Түрікмен базары» деп аталатын аймақтағы жыбырлаған бір қабат үйлерді кесіп өтетін шағын ғана тып-тыныш көшеде талайлардың тағдырын кешкен жоғары оқу орны ГИТИС қоныс тепкен. Мұны ажыратып қазақшалағанда — Мемлекеттік театр өнері институты. Соғыс кезінде Украинадан басқа жаққа көшіп кетіп, ақыры осында түпкілікті қоныстанған. Әдемі колонналармен көмкерілген үш қабатты ғимарат өзінің архитектуралық сырт сымбаттылығымен көз тартады. Мұнда қазір өнердің барлық түрлерінен маман дайындайтын біздің Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы іспеттес Манон Ұйғыр атындағы Өзбекстанның өнер институты жүмыс істейді.
Сонау 50-шы жылдардың бас кезінде Қазақстан мен Орта Азия республикаларының небір өнер майталмандары осында жоғары білім алып, өз ұлтының өнерін түлеткенін бүгін біреу білсе, біреу білмейді. Соғыс аяқталып, жүрттың көңілі көтеріліп, бейбіт тірліктің қиын да болса қызығына оралған шақ. Тыныштық салтанат қүрған елдің жастары оқу-білімге үмтылып, қанатын жоя бастаған, өнер қуып, болашағына үміт артқан жастардың көп жиналатын орны осы ГИТИС болатын. Мұның басқа оқу орнынан айырмашылығы өнерден туындайтын өзіндік ерекшеліктерінен басқа көп ұлттылығында. Актер факультетінде қазақ, өзбек, орыс, қырғыз, тәжік, түрікмен, қарақалпақ арнаулы бөлімдерінен тыс, үйғыр, кәріс, татар жастарының болуы да ұлттық өнердің түр-түрімен танысуға себеп болды. Бір қызығы — емтихан кезіндегі осы ұлттық бөлімдердегі актер шеберлігі сабағының сырттай көзге сезілмей, іштей өзара тайталасқа, қызу бәсекеге түсіп, өнер жарыстыруы. Мұны ешкім тап осылай ұйымдастырмайды, табиғи түрде өзінен өзі туындаған кұбылыс. Қазақ жастарының жұлдызы жанып, үлгірім жағынан үнемі биіктен көрінуі басқалардың қызығуы мен қызғанышын туғызатын.
Қазақ бөлімінде оқитындар шетінен сайдың тасындай іріктелген, өзіндік бітім-болмыстарымен дараланған талантты топ. Алматыдағы киноактерлік мектепті сол кездегі қызуқанды жас режиссер, педагог Асқар Тоқпановтан бітіріп келген Нүрмүхан Жантөрин, Ғабдолла Сүлейменов, Маһарбану (Тамара) Қосыбаевалар курстің тірегі болды. Бұлармен бірге Қызылорда, Шым-кент, Тараз қалаларынан келген жастар да шетінен талантты да сымбатты жігіттер мен қыздар еді. Бүлардың курстық, әсіресе дипломдық спектакльдерінің даңқы институт қабырғасынан асып, бүкіл Ташкентті елең өткізген мәдени қүбылыс болды. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» қойылымын тамашалауға келген қала оқу орындарындағы қазақ студенттері мен өзінің ұлттық өнерін сағынып қалған қандастарымыз оқу театрының үлкен залына симай кететін. Осыдан кейін курстің көркемдік жетекшісі, әлемге әйгілі В.Мейерхольдтың шәкірті, сол кездегі өзбек академиялық драма театрының бас режиссері атақты А.О.Гинзбург екінші дипломдық спектаклі Ю.Коротковтың «Джон — бейбітшілік солдатын» театр сахнасында апарып көрсетті.
Ал, театртану факультетін тәмамдаған Қалтай Мүхамеджанов (4-курстан Мәскеуге ауысқан), Якия Шынасылүлы, Жақай Оспановтардың театр мен драматургияның айтулы мамандары болғаны жүртшылыққа аян. Бүл факультетті бітіргендердің ішінде осы жолдардың авторы, республика театрларында басшылық қызмет атқарған Сақтаған Тұрлымұратов та бар. Мүнда оқыған қазақ жастары жоғары үлгірімдерімен бірге, институттың қоғамдық жүмыстарында да ерекше көзге түсіп жүретін. Институттың комсомол комитеті, кәсіподақ және басқа қоғамдық үйымдарына үнемі қазақ жастарының сайлануына басқа ұлт өкілдері кәдімгідей қызыға да қызғанышпен қарайтын. М.Қосыбаев оқу бітіргенше институт комсомол комитетін басқарса, факультеттердегі үйымды актерлер Ғ.Сүлейменов, кейін Н.Жиенғалиев, театртанудағы Ж.Оспановтар жетекшілік етті. Инс-титуттың кәсіподақ, студенттік кеңес, студенттік ғылыми қоғамдық жүмыстарға Б.Омаров, С.Түрлымүратов, сол кездегі бірінші курс студенті, бүгінгі халық артисі А.Қалмырзаев және осы жолдар-дың авторы қатысты. Түрлі мерекелерге байланысты институтта, қалада өткізілетін концерттерде де қазақ жастары тамаша орын-даушылық, өнеге түтарлық өнерімен көзге түсетін. Студенттік гылыми жүмыстардың байқауларында да қазақ жастарының мү-раты үстем болып, Өзбекстан комсомолының орталық, Ташкент қалалық комитеттерінің мақтау қағаздарымен марапатталып жа-татын. Сол кездегі актерлік факулытің 4-курс студенті Нүрмүхан Жантөриннің «Гегельдің әстетикалық ілімі» деген ғылыми зерт-теуінің Ташкенттегі 30-ға жуық жоғары оқу орындарынан дара шығып, бірінші орын алуы нағыз сенсация болды. Ол кездегі марк-сизм-ленинизм көзқарасының Гегельді философиядағы тек қана идеалист ретінде насихаттап, әстетикалық еңбектерін жылы жа-уып қойғанын ескерсек, Нүрмүханның ізденісі шынайы ғылыми мазмүндылығының үстіне, ой батылдығына сүйенген білімпаз-дығы мен таным жүйесінің тереңдігінде болса керек.
Ташкенттің театр өнері институтында оқыған қазақ жастарының басқаларға үлгі боларлық үрдісінің осылай дамып қалыптасуына оларға рухани лидер бола білген Мүрат Қосыбаевтың ықпалы да аз болмаған.
Ташкент театр өнері институтына режиссура мамандығы бо-йынша білім алған қазақ жастарының тигізген үлесі де мол бол-ды. Бүлар үзақ жыл бас режиссерлік қызмет атқарған Бәйтен Омаров, Түрар Дүйсебаев, Мүрат Қосыбаев, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында бірер жыл режиссер болып, кейін Ташкент теледидарына ауысып кеткен Айдархан Ибрагимовтер.
Осылардың ішінде кезінде өзінің режиссерлік дарын-пайымы-мен көзге түскендердің бірі мен бірегейі Мүрат Қосыбаев болатын. Ол оқып жүрген кездің өзінде-ақ алғырлығымен, өзіндік ойлау мен қабылдау даралығымен оқшау көрінетін. Режиссураға байланысты көп кітаптардың ішінен ол аса қажеттілерін таңдай білетін де әрі оқығандарын еске сақтауға, тоқығандарына сүйеніп жүйелі пікір жарыстыруға бейім болатын. Мүндайда Мүрат кейбір режиссер-лерге үқсап, қызыл кеңірдек болатын бос әңгімеге бой алдырмай, ойын жинақтап, дәлелді түжырыммен жеткізуге үмтылатын. Ол оқыған курс қай жағынан алып бағдарласақ та күшті болатын. М.Қосыбаев пен бірге бітірген Ш.Аббасов (Өзбекстан), Ж.Абды-қадыров (Қырғызстан), Г.Кульмамедов (Тәжікстан) т.б. өз рес-публикаларындағы театрларының көркемдік жетекшілігіне дейін көтерілген сауатты шеберлер. Әр студенті өзіндік даралығымен, шығармалық һәм көзқарас, білім-дайындығымен ерекшеленген курсты институттагы режиссурадан жалғыз ғылым кандидаты, доцент И.В.Радун басқаратын. Ол жан-жақты білімді, аса мықты теоретик болумен бірге, тамаша тәжірибелі режиссер, қойған спектакльдері өнер мамандарын тамсандырып, пікір-талас туды-рып жататын. Осындай оқу- шығармалық ортада М.Қосыбаевтың режиссураға деген ынта-жігері мен ықыласы, оның сыр-сипатын меңгеруге үмтылысы нәтижелі болды.
К.С.Станиславский «жүйесінің» 50-ші жылдарға дейін жалпы-лама жариялық таппай, белгілі бір қызығушы топтардың төңі-регімен шектеліп келгені белгілі. Ұлы реформатор «жүйесін» көптеген режиссерлердің сырттай малданып келгені болмаса, оның мән-мағынасына, мазмүн бітіміне толық дендей алмай келгені мәлім. Тек 50-шы жылдардың басынан бері қарай Станиславский іліміне жан-жақты талдаулар жасалып, бүкіл Одақ бойынша шығармалық талқылаулар мен семинарлар үйымдастырылғаны мә-дени қауымга белгілі. (лы реформатордың мол рухани мүрасы 8 томға жинақталып, сан қилы мол кітаптардың жарық көруі де осы түс. Осындай шығармалық шаралар үйымдастыратын орталық Одақтың шығысындағы Ташкент болды. Мәскеуден ағылып келіп жатқан бірі — Станиславскийдің ізбасар-шәкіртіміз, бірі — оның мұраларын жинаушы, бірі — насихаттаушы болып, институтта ап-талап, айлап семинар-сабақтар өткізіп, әлгі режиссерлер пікір айта-тын жиындарға белсенді қатысатынбыз, солардың жуан ортасын-да өзінің қызық түйсік-түсінігімен М.Қосыбаев та қалыспайтын.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!