Қазақша реферат: Асқар Тоқпанов өмірбаяны |

0






Республикамыздың мәдени жүртшылығы Қазақстан театр өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, Қазақстанның халық артисі Асқар Тоқпановтың есімін жақсы біледі. Ол 1915 жылы қазан айында Алматы облысының Іле ауданына қарасты № 2 ауылда дүниеге келген. 1939 жылы Мәскеудің мемлекеттік А.В.Луначарский атындағы театр өнері институтының режиссерлік факультетін тәмамдаған соң республикамыздың театр өміріне белсеңді түрде қызу араласып кетті.
А.Тоқпанов жоғары білімді түңғыш ұлттық кәсіби режиссер ретінде өзінің алғашқы қойылымын 1940 жылы М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай» трагедиясы бойынша Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойды. Ол бұдан кейінгі жылдарда да осы қара шаңырақ сахнасында көптеген көркемдік сапасы жоғары спектакльдер қоюмен қатар Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында, сондай-ақ, бірқатар облыстық театрларда бас режиссер, көркемдік жетекші қызметтерін абыроймен атқарды. Асқар Тоқпанов республикамызда театр өнерін кәсіби түрғыда оқытып, білім беру ісі мен кезінде КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының жанынан өнертану секторын үйымдастырып, оның негізін қалаушылардың бірі болды.
А.Тоқпанов республика театрларында және арнаулы оқу орындарында қызмет атқарған жылдарда көптеген спектакльдерді сахнага шығарып, қазіргі уақытта Қазақстанның әр түкпірінде жемісті еңбек етіп жүрген артистер мен режиссерлерге үстаздық етіп, негізгі пәннен дәріс оқыды. Асқар Тоқпановтан тәлім алғандар арасынан қазіргі таңда қазақ сахна өнерінің мақтанышына айналып, негізгі жүгін көтеріп жүрген он төрт КСРО және Қазақстанның халық артисі, онға жуық Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, отызга жуық Қазақстанның еңбек сіңірген артистері өсіп шықты. Атап айтсақ, КСРО халық артистері — Шолпан Жандарбекова, Фарида Шәріпова, Асанәлі Әшімов, Ыдырыс Ноғайбаев, Қазақстанның халық артистері — Бикен Римова, Күләш Сәкиева, Сәбит Оразбаев, Алтын Ружева, Мүхтар Бақтыгереев, Гүлжан Әспетова, Торғын Тасыбекова, Райымбек Сейітмет, Қуат Төлеков, Жүпар Манапова, Қарғаш Сатаев, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері — Абдолла Қарсақбаев, Қадыр Жетпісбаев, Чапай Зүлқашев, Маман Байсеркеүлы, Майра Әбусейітова, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері — Мәкіл Қүланбаев, Жамал Бектасова, Мәриям Жақсымбетова, Матан Мүраталиев, Нүкетай Мышбаева, Алтынбек Кенжеков, Сапар Өтемісов, Күләйша Иманғалиева, Ғабдолла Сүлейменов, Бикен Мүхамеджанова және басқалары бар.
Шәкірт тәрбиелеудің, соның ішінде сахна түлектерін даярлаудың жүгі ауыр. Мүңда басқа оқу орындарындағыдай топтап, тоғытып, тәрбие жұмысының жалпылама түріне көңіл бөлуден гөрі болашақ өнер маманының жеке басының, яғни индивидумдық қасиетінің сан қырлы сырларына назар аудару мәселесі қатаң ескеріледі. О баста бірнеше жастың арасынан таңдалып, сүрыпталып, іріктеліп алынған санаулы талапкерлердің жан-дүниесін ашып, актерлік қабілеттерін оятудың тауқыметін көтеру сахна үстазы, театр тәлімгері үшін оңай міндет емес. Сахнаның үлы теоретиктерінің бірі К.С.Станиславскийдің: «Режиссерлік, актерлік өнерді үйренуге болар, ал оны күштеп үйретудің жолы күрделі» деген терең мағыналы сөзі бар. Әрине Бұл түжырым Бұл ретте шәкіртке ұстаз қажет емес деген үғымды білдірмейді, керісінше талантты жасты ә дегеннен тануды, шәкірт өсіріп, ізбасар буын баптаудың табиғи, өміршең жақтарын дөп басуды уағыздайтын жауапкершілігі мол түйінді мәселе. Сол үстаздықтың қырсырын толық меңгерген зерделі де зерек ұстаз А.Тоқпанов орыс сахнасының дәстүрлі, арнаулы педагогикалық мектебінің танымал тарландары Станиславский, Немирович-Данченко, Горчаков, Сахновский, Кнебельдермен көзбе-көз жүздесті. Качалов, Москвин, Тарханов, Остужев секілді сахна саңлақтарымен тіл қатысып, олармен пікірлесу, өнер саласында араласу бақытына ие болды.
Театр өнерінің шынайы шыңына көтеретін бір күдіретті күш бар. Ол — тіл өнері. Театр төрін қуанышқа бөлейтін компонент көп-ақ. Музыка, декорация, режиссура, т.б. толып жатқан қосалқы күштерден бөлек, актерлік шеберліктің басқы нышаны болып табылатын осы сахна тілінің өзіндік әуенін, табиғи әуезін бар бол-мысымен түсініп, қабылдаған ұстаз-режиссерлердің көш басында өзіміздің Асқар Тоқпанов келді. Қазақтың қүйқалы қара тілінің майын тамызып, бояу-бедерін, болмыс-бітімін бүкіл поәзиясымен көрермен жүрегіне жолдаудың күпия күлпын қалай ашуды көпке үйретуден жалықпаған да осы өзіміздің ағамыз Асекең.
А.Тоқпанов — өзінің педагогикалық, шығармашылық қызметіне қоса үзақ жылдар бойында ойға түйген тәжірибелерін гылыми түрғыдан жинақтап, ұлттық режиссура мен театр кадрларын даярлаудың жүріп өткен жолы мен қалыптасу, даму мәселелеріне арналған теориялық мақалалар мен еңбектер жазуға да өзгеше назар аударды. Соның нәтижесінде «Сахна сазы», «Кешеден бүтінге дейін» деген кітаптары дүниеге келді. Білікті режиссердің мол әру-дициясы сонау көне грек дәуіріндегі театр жағдаятынан бастап, бүгінгі күнгі өнер мәселелерін паш ететін кең күлашты дархан білімдарлығы, байқағыштығы, аңғарымпаздығы — ұлан-ғайыр сан салалы мектеп.
А.Тоқпанов — сонымен қатар орыс және шетел классикалық драматургиясының айтулы үлгілерінен, орыс драматургиясы-нан бірнеше пьеса аударған тәжірибелі тәржімеші. Мәселен, А.Чеховтың «Иванов», «Шағала», А.Островскийдің «Шындық қатты, бақтәтті», Г.Ибсеннің «Нора», А.Салынскийдің «Серуендегі сергелдең», А.Сафроновтың «Аспазшы» секілді кесек дүниелерін аударған. Білікті режиссер қаламгер ретінде де танылып, «Тазша бала», «Тасыған төгілер» атты пьесалар жазды.
Республикамыздың театрсүйер жүртшылығына А.Тоқпанов актер ретінде сахна төрінде шебер сомдалған Ленин, Абай, Ыбырай Алтынсарин бейнелері арқылы жақсы таныс. Қазақстанның өнеріне еңбек сіңірген қайраткер (1957), Қазақстанның халық артисі (1974), Еңбек Қызыл Ту және Қүрмет белгісі ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қүрмет Грамоталарымен марапатталған.
Қызық та, күрделі жан иесі еді-ау Асекең. Қарама-қайшы мінезімен, ешкімге үқсамас болмыс-бітімімен өзгешетін. Әлемдік режиссураның Станиславский, Шанин, Сахновский сынды өркешті өкілдерінен тәлім алған Асекеңнің өзінің де түла бойы түнған тарих еді. Сонау Шекспир заманынан шешілмей келе жатқан өнердің сан алуан жүмбақ шежірелерін шешен әңгімелей жөнелер ғажап ұстаздың ойлы пішінін қалай ғана ұмытарсыз? Тек шындықты ғана айтам деп, шектен шыға тартқан тұстарында да ақиқатқа бір табан жақын тұрар Асқар ағамыз, қалай болғанда да турашыл, тік мінезінен айнымай өтті. Қайда жүрсе де өнердің отын үрледі. Оның туын жоғары үстады. Оны өгейсітпеді. Өзгеге мінез танытса да оған өктемдік етпеді. Сырт көзге дана болғанымен, өнерге үнемі бала бола білді.
Халық артисі, атақты режиссер Асқар аға сахнаға алғаш шығарған ұлы Абайдың сахналық бейнесі Бұл күнде символдық үғымға айналған. Сол алғашқы деген қүдіретті сөздің ауқымына Асекеңнің өзі де түгелдей сиып тұр. Алғашқы режиссер, алғашқы профессорлардың бірінен саналатын осынау өзгеше бітімді ағамызды қай театрымыздың болмасын алғашқы қатарынан іздеуші едік. Шәкірттер тәрбиелеп, оларға оқулық жазып, жаңа қойылымдардың сырларын зерттеуде толғаныс-тебіреніс қүшағында өткен өнер, театр ардагерінің зор шығармашылық табыс деңгейі үрпақтар жүрегіне тек жылылық сезімін үялатпақ.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!