Қазақша реферат: Әскери қызметшінің өзара қарым-қатынастарының мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттары, мазмұны және бағыты

0






Әскери қызметшілер ара-қатынастары мәдениетін тәрбиелеу, әскери қызметшілердің құқықтық, адамгершілік қатынастарын және тұлғалық сапаларының қалыптастыруына бағытталған үрдісін ұсынады, олардың қатынастары мәдениет талаптары негізінде (эмпатия, такті, борышты сыйлау және жеке адамгершілікті және т.б.) және ұйымшыл әскёри-педагогикалық үрдісте жүзеге асатын болады. Әскери қызметшілерді тәрбиелеу — спецификалық үрдіс, мұнда бірқатар ерекшеліктерді айтуға болады: соғыс шарттарында соғысқа дайындауды; қиындықтарды жеңуді және әскери қызмет ауыртпашылығын жеңуді; тек қана тәрбиелеуді өткізу емес, сонымен қатар қайта тәрбиелеуді де жүзеге асыруды; командирлер тарапынан тәрбиелеуді жүзеге асыруды, т.б. білдіреді. Бұндай ерекшеліктер әскери-педагогикалық үрдісте өз ізін қалдырады. Бір жағынан, қиындықтар әскери бөлімшелер (бөлімдер) тарапынан шешілуші оқу-жауынгерлік, қызметтік және басқа мақсаттардың үлкен көлеміне орайлас көрінеді, кейбір командирлердің психологиялық-педагогикалық және әскери-кәсіпшілік деңгейінің әрқашан жоғары еместігінен, әсіресе төменгі буында, Қарулы Күштердің қатарларында қызметке шақырылған адамдардың адамгершілігінің төмендігімен және физикалық дайындық деңгейінің аздығымен байланысты. Басқа жағынаң әскери бөлімдердің жақсы уақытқа белгіленген және айқын ұйымдастырылған өмірі,әскери қызметшілердің Отанды қару-жарақты қорғау мәселесін шешу бойынша белсенді бірге әлеуметтік мәнді қызметі, өзара қатынастардың мәдениетті дамуы үшін жақсы шарттар және тәрбиелеу мақсаттарына бүтіндей жетуді қарастырады. Сәйкес түрде әскери бөлімдер мен бөлімшелерде әскери қызметшілердің өзара қатынастары мәдениетін қалыптастыру бойынша тәрбиелік мақсаттардың шешімі бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асады:
— әскери қызметшілердің өзара қатынастары мәдениетін тәрбиелеуі сүрақтарында әскери бөлімшелердің офицер және сержант қүрамдарының психологиялық-педагогикалық дайындауы, жеке үлгі негізінде барлық дәрежедегі командирлердің және бөлімшелер активтерінің беделі жоғарылауы;
— бөлімшелердің күнделікті қызметі барысында (бөлімдердің) тәрбиелік ортаны қалыптастыру мен дамыту үшін педагогикалық шарттарды жасау, әскери қызметшілердің өзара қатынастары мәдениетін жоғарылатуға жағдай жасаушы;
— әскери қызметшілер тарапынан олардың арасындағы қатынастардың жарғылық қағидалары бүзылуын табу және ескерту (түп-тамырымен қүрту);
— әскери қызметшілер өзара қатынастары мәдениетін тәрбиелеуді үйымдастыру және кешенді жүзеге асыру шаралары;
— тіршілік әрекеті барлық жақтарының әскери бөлімшеде (бөлімдерінде) әскери әдептанулар, командирлер мен басшыларының бүйрықтарымен сәйкестікте үйымдастыру.
Өзара қатынастың мәдениеттілік нормалары және ережелері әскери қызметшілер тарапынан олардың қоғамдық өмірге кірген кезінде үйретіледі және әскери қызметтің әртүрлі салаларының қатысуымен жетістіріледі. Бүл мәдениетті тәрбиелеу — екі жақты үрдіс, онда барлық мүдделес қатысушылардың белсенді рөлдері жүзеге асады. Тәрбиелеу субъектілері болып әртүрлі деңгейдегі командирлер (басшылар) және тәрбиелік жұмыс органдары, әскери үжымдар, әскери және азаматтық қауым алға шығады. Командирдің бағыныштыларға деген жеке үлгісі де сонымен қатар үлкен мағынаға, соның ішінде және жауынгерлік шарттарға да ие болады.
Бірақ әскери қызметшілер енжар объектілер болып қалмайды, себебі тәрбиелік әсерлерге саналы және белсенді қатынаста болады. Егер оларда әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын жоғарылатуға деген тәрбиелік мақсаттарды шешу қажеттілігі туралы түсінігі және ішкі қатынасы дұрыс қалыптасқан болса, онда тәрбиелеу үрдісі өз мақсаттарына жетеді.
Әскери қызметшілердің өзара қатынастары мәдениетін тәрбиелеу нәтижелілігі әскери бөлімшелерде қызмет ететін командирлердің дайындық деңгейімең сонымен қатар басқаратын құрамның талап етушілігімең сүйеу және көмек деңгейімең оған тәрбиелік жұмыс органдары жағынан көрсетілетің әскери бөлімнің барлық ұжымымен бірлікте және мақсатқа ұмтылушылықпен әрекеттесетің тәрбиелеу мақсаттарының шешіміне бағытталған жайттармен анықталады. А.С.Макаренконың пікірінше, бір мақсат үшін жұмыс істейтін 5 әлсіз тәрбиеші әртүрлі мақсатты көздейтін 10 мықты тәрбиешіден артық.
Тәрбиелік шараларды әскери бөлімдерде және бөлімшелерде өткізуді жоспарлау және өткізу кезінде қарым-қатынас мәдениетінің теориялық жағымен қоса олардың тәжірибелік тұрғыдан меңгеруін қарастыру аса маңызды. Бұған алынған білімді бекітуде және көрсету үшін педагогикалық жағдайлардың кешенін жасау қызмет етеді, олардың негізінде әскери қызметшілерде тұлғалық қасиеттерінің дамуы және қалыптасуына қызмет етеді. Бұл мақсатта күнделікті қызметте мәдениетті қатынастардың әртүрлі түрлеріне барлық жеке құрамның белсенді қатысуы қолданылады.
Тұлға мәдениетіне ішкі және сыртқы мәдениеттің бірлігі де қосылады. Әрбір әскери қызметші тарапынан жарғылардың, бұйрықтардың талаптары, командалау директивалары нормаларды және әскери қызмет ережелерін қатал сақтау қажеттілігін дамытудан тәуелді болады. Сондай тәсілмен нақ сыртқы талаптардың ішкі сенімділікке ауысуы болады.
Маңызды жоспарда ара-қатынастар мәдениетін тәрбиелеу үрдісі әскери бөлімшелерде құқықтық оқу және жеке құрамның тәрбиелеуін болжайды, әскери қызметшілерде азаматтық және патриоттық сезімдері дамуын, Отанды қорғау қажеттілігіне сенімділікжәне Қарулы Күштер құрамында болғаны үшін мақтаныш сезімің өзінің әскери мамандығына, ұлтаралық мәдениет тәрбиелеу, тәртіптілік және мінез-құлық мәдениеттілігі және т.б. ескереді. Бұл талаптар әскери жарғыларда, бұйрықтарда және әскери антқа Отанды қорғаушыларды тәрбиелеуде өте маңызды шарт сияқты бекітілген.
Талап етілетін мінез-құлық тек қана кеңейтілетін тәжірибе кезінде және лайықты көңіл-күйде мүмкін болады. Мәдениетті құндылықтарға тиісті болу күнделікті болуы тиіс және әртүрлі тәсілдермең яғни оқулық жұмыстарында, қатынаста, кітаптарды оқу кезінде, кинофильмдерді көруде, мәслихаттарда, театрға барғанда, қызықты адамдармен кездесулерде және т.б. жүзеге асады.
Әскери қызметшілердің ара-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде тәрбиелік мақсаттарды шешу үшін бірқатар негізгі педагогикалық шарттардың орындалуы қажет:
— әскери бөлімшелерде (бөлімдерде) тұтас әскери-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру;
— әскери бөлімдер мен бөлімшелердің тіршілік әрекетінің барлық жақтарын әскери жарғылар, әдептанулар және т.б. талаптарына келтіру;
— барлық деңгейдегі командирлердің әскери-кәсіпшілік құзыреті-нің жоғары даму дәрежесі: жалпы және әскери-кәсіпшілік мәдениет-тің болуы, ұйымдасқан психологиялық даярлықтың және әскери қызметшілердің ара-қатынас мәдениетінің дамуы мәселесін шешуде іскерлік;
— Командалық құраммен психологиялық-педагогикалық дайын-дық өткізуі және әскери қызметшілердің ара-қатынастары мәдение-тін тәрбиелеу үшін әскери бөлімшелердің жеке құрамымен тәрбиелік шаралар өткізілуі;
— әскери бөлімдерде (бөлімшеде) біріккен тәрбиелік ұжымның болуы;
— әскери қызметшілерді және басқаларды ұжыммен тәрбиелеуде тұлғаға дара жанасу үйлесімділігі.
Әскери қызметшілердің ара-қатынас мәдениетін дамытудың педагогикалық шарттарының орындалуын әскери қызметтің барлық түрлерінде өткізу қажет және әскери қызметшілердің барлық бағыттарын үйлестіре отырып, мемлекеттік-патриоттық, әскери, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және басқа түрде өткізу керек. Бұл әскери бөлімшелерде өзара қатынастар мәдениеттерінің дамуына жағдай жасайды, ол өз кезегінде тәртіпті жақсартады және әскери ұжымның адамгершілік-психологиялық жағдайын түзейді. Шарттардың әрбірі маңызды және қажетті болып келеді, сондықтан тек әскери қызметтік кезеңдердің барлық түрлеріндегі олардың тәжірибелік тұрғыдан кешенді орындалуы ғана тәрбиелік мақсаттарға жетуіне жағдай жасайды.
Сайып келгенде, әскери қызметшілердің өзара қатынастары мә-дениеттерін тәрбиелеуі әскери бөлімдердің және бөлімшелердің ко-мандалық құрамынан әскери қызметшілерді тәрбиелеудің негіздерін білуді талап етеді. Әскери бөлімшелерде тұлғааралық қатынастар мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық мақсаттары және бағыттары бұл күрделі мәселенің шешіміне негізгі жақындасуларды анықтайды. Оның шешімі тек әкімшілік және қоғамдық қорларды кешенді қолдануы кезінде және тәрбиенің барлық субъектілерінің үйлесімді жұмыстары кезінде ғана мүмкін болады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!