Қазақша реферат: Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналымы
Ақшаның металдық теориясы.
Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс, яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистiк сипатта, себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз.
Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақшаның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.
Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген. Ол кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон – Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi.
Қағаз – несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң (экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т.б. пайда болды.
Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.
Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.
Монета бет жағы – аверс, келесi жағы – реверс, кесiндiсi – гурт болып ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын ақша жүйесi. Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады.
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
Алтын девиз стандарты – Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.
Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.
Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан.
Несиелiк ақшалар – бұл несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”.
Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.