Қазақша реферат: Әкімшілік іс-жүргізуді құқықтық реттеу |

0






Әкімшілік-құқықтық дауларды шешу немесе жеке не заңды тұлғаларға әкімшілік-мәжбүрлеу сипаты бар тиісті шараларды қолданудың қажеттілігіне байланысты пайда болатын мәселелерді шешу белгілі бір тәртіпті, яғни арнаулы ережелерді белгілеуді болжайды, олар әкімшілік юрисдикцияны жүзеге асырған кезде басшылыққа алынуға тиіс. Бұл юрисдикциялық үлгідегі әкімшілік-процессуалдық қызмет ерекше құқықтық реттеуді қажет ететіндігін білдіреді.
Соған сәйкес, әкімшілік-құқықтық реттеу механизмінде көрсетілген тәртіпті белгілейтін және қамтамасыз ететін әкімшілік-процессуалдық нормалар бөлінуге тиіс. Әкімшілік-процессуалдық нормалар ең алдымен атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) құқық қолдану қызметін, яғни олардың осы мақсат үшін өздеріне тиісті өкім етушілік сипаты бар заңдық-биліктік өкілеттіктерін іс жүзінде іске асыруын реттейді. Сонымен бір мезгілде бұл нормалармен сот органдарының да осы сияқты қызметі регламенттеледі. Демек, экімшілік-процессуалдық нормалар көбінесе атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) юрис-дикциялық өкілеттіктерін мэжбүрлеу жолымен жүзеге асыруды регламенттеуге арналған. Бүл мақсатқа әр түрлі мазмүны бар жеке экімшілік істерді экімшілік немесе сот тәртібімен шешудің заңдық ережелерін белгілеумен қол жеткізіледі. Әкімшілік-юрис-дикциялық қызметтің қүрылымын (мысалы, оның сатыларын), тиісті процессуалдық іс-эрекеттерді жүзеге асырудың тэртібін, жеке істер бойынша іс жүргізу мен шешім қабылдаудың, сондай-ақ оларды орындаудың тэртібін айқындаудың маңызды мэні бар.
Әкімшілік-процессуалдық нормалардың мазмүны үшін юрис-дикциялық іс жүргізудің қатысушылары ретінде азаматтар үшін олардың белгілейтін процессуалдық кепілдіктер тетігінің айтар-лықтай маңызы бар. Сөйтіп азаматтың жеке басын оның экім-шілік-қүқықтық мэртебесін бүзудан қорғаудың заңдық нысаны, оның қүқықтары мен заңды мүдделерінің экімшілік-қүқықтық кепілдіктерінің жүйесі жасалынады. Азаматтың процессуалдық жағдайы мынадан көрініс табады, оның белгіленген процессуалдық қүқықтары мен міндеттері болады жөне оларды жеке әкімшілік істерді қарап, шешу барысында іске асыруға шына-йы мүмкіндігі бар. Азамат өзінің іс-эрекеттерімен (мысалы, ша-ғым берумен) юрисдикциялық процесс қозғай алады, істі шеше-тін уэкілетті орган мен лауазымды адамнан іс материалдарымен таныстыруды талап ете алады, дэлелдемелер табыс ете алады, түсініктеме бере алады, эр түрлі өтініштер жасай алады. Азамат-тың процессуалдық кепілдіктері, әсіресе, әкімшілік құқық бүзу-шылық туралы заңнамада өте мол. Ол сияқты кепілдіктер заңды түлғалар үшін де қаралған.
Юрисдикциялық экімшілік-процессуалдық қызметті құқық-тық реттеу оған заңдық сипат береді және экімшілік процестің шеңберінде қүқықтық қатынастардың ерекше түрінің — әкімші-лік-процессуалдық қатынастардың пайда болуына негіз жасайды. Оларда эрқашанда ресми тарап — жеке экімшілік істі біржақты заңдық-биліктік тэртіппен шешуге өкілетті әкімшілік-юрис-дикциялық қызметтің субъектісі болады. Олардың негізгі ерек-шелігі, солардың шеңберінде олардың қатысушыларының бір-дей құқықтық дәрежесі қамтамасыз етіледі, яғни олар деңгейлес үлгідегі экімшілік-қүқықтық қатынастарға жатады. Бірақ, бүл әкімшілік-қүқықтық қатынастарға жалпы тэн болатындай тарап-тардың теңдігі белгілі бір кезге дейін ғана болады. Бүл осы жеке іс бойынша шешім шығару кезі болып табылады, ол мұндай шешім үшін қажетті өкілеттіктер берілген экімшілік-юрисдикциялық қызмет субъектілерінің қүқығына жатады. Бірақта бұдан эрі де жеке жэне заңды түлға, егер оның ісі бойынша қабылданған ше-шіммен келіспейтін болса, оған шағым беруге қүқылы, бүл ша-ғым бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін, қайтадан деңгейлестікке жағдай туғызады.
Сонымен, экімшілік-құқықтық дауларды қарап, шешу жө-ніндегі әкімшілік-юрисдикциялық қызметті қүқықтық реттеу негізінен заңдылық жэне жеке, заңды түлғалардың қүқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету талаптарына сай келеді. Юрис-дикциялық іс жүргізудің өзге түрлерін қүқықтық реттеу эзірге мүндай міндетке толық сай келмейді; бүл салада үлкен инкорпо-ративтік, сосын, мүмкін, жэне кодификациялау жүмысын жүргізу қажет. Әкімшілік-юрисдикциялық қызметті жүзеге асырған барлык, жағдайларда белгілі бір процессуалдық қағидаттарды қамтамасыз ету қажет, олардың негізін заңдылық қағидаты қүрайды.
Осы себепті барлық процессуалдық қағидаттар даулы сипаты бар жеке экімшілік істерді қарап, шешкен кезде, экімшілік-мэж-бүрлеу шараларын қолданған кезде, сондай-ақ рэсімдеу ісін жүр-гізгенде зандылықтың іске асуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Қүзыреттілік қағидаты атқарушы билік субъектілерінің бэрі-не-бірдей экімшілік-юрисдикциялық сипаты бар өкілеттіктер бе-рілмегендігін білдіреді. Бүл сияқты өкілеттіктер барлық атқару-шы органдарда (лауазымды адамдарда) аз болса да бар, бірақ ол тек тэртіптік билікті жүзеге асыруға жэне шағымды шешуге ғана қатысты болады. Әкімшілік-юрисдикциялық қызметтің аса көп тобы бойынша өкілеттіктер бүл сияқты барлық субъектілерге бекітілім берілмейді. Мысалы, ӘҚБтК-те бүл сияқты істерді қа-рауға уэкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) тобы ті-келей бекітілген. Қүзыреттілік қағидатты қатал сақтау заңдық ықпал ету қүралдарын дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді, өкі-летті органдардың (лауазымды адамдардың) іске асырған про-цессуалдық іс-эрекеттері үшін жауапкершіліктерін арттыруға кө-мектеседі.
Мемлекет пен жеке адамның мүдделерін қорғау қағидаты экімшілік-юрисдикциялық процестің тараптарының өздерінің күқықтарын, мемлекеттің мүдделерін, жеке адамның қүқықтары мен занды мүдделерінің кепілдіктерін орынды пайдаланудың қа-жеттілігін білдіреді.
Процессуалдық теңдік қағидаты тараптардың, біріншіден, заң алдында теңдігін жэне екіншіден, эрбір тарапқа өзара байланы-сты процессуалдық қүқықтар мен міндеттердің белгілі бір көлемі берілетіндігін білдіреді.
Материалдық шындыққа қол жеткізу қағидаты нақты жеке экімшілік іспен байланысты барлық жағдайлар мен мэн-жайларды мүқият тексеруді, сондай-ақ істі процессуалдық қарау барысында сайысушылықты болжайды.
Қол жетерлік қағидаты тараптардың эрқайсысының жеке істі қараудың барлық сатыларына кедергісіз қатысу мүмкіндігінен көрініс табады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!