Оқу-тәрбие процесінде эстетикалық тәрбиесінің алатын орнын анықтау

0

КІРІСПЕ

 Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық  атқара  алатын  және жоғары  білімді  меңгерген,  өзіне сенімі мол, салауатты-сауатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын  қалыптастыру қажеттілігін  талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ  қана ғажайып  биік деңгейге көтеріле алады.

Жас азамат мәдениеті дегеніміз – инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы,  жас ұрпақ  тұлғасы  мәдениеттінің негізгі  және құрамды  буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.

Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде, табиғат және адам  баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық  құндылықтардың  жиынтығы,  оларды  жасау  қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның  өмірмен  қарым-қатынасқа  түсуіне, қоғамның  жетілуіне, талпынысына, қоғамдық қатынастардың  барлық  жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.

Қоғамның  дамуында эстетикалық тәрбие  жеке тұлғаның  үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.

Эстетикалық тәрбие – жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.

Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық  түсінікті сезім мен  талғамды тәрбиелейді. Өнерде және  өмірде  сұлулықты жасау,  оған  қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Жас ұрпақты тәрбиелеудегі эстетикалық тәрбиенің рөлін, мәнін ашқан көрнекті ғалым-педагогтар А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, С.Т.Шацкий, К.Д.Ушинский  тәрбие жүйесін ұйымдастыруға  өз үлестерін  қосты.

Біздің елімізде жас буындарды  эстетикалық тәрбиелеуді пайдалану  мәселесіне арналған  іс-тәжірибелік сипаттағы мақалалары мен көлемді де іргелі  еңбектері бар ғалым-педагогтар Х.Арғынбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Оразбекова, А.Бейсенбаева, М.Мырзахметов, А.Тұрбекова, Қ.Сыздықов, т.б. айтуға болады.

Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы – жасөспірімдерді  жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің  ішінде эстетикалық тәрбие қомақты орын алды. Нақ осы мектепте жас буынның эстетикалық  мәдениетінің негіздері қаланады, сондықтан да эстетикалық тәрбие мәселелері біздің елемізде әрдайым жан-жақты тәрбиенің жалпы  проблемаларынмен  байланыстыра қарастырылып келеді.

Эстетикалық  тәрбие адамның  өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре түсіне,  жасай білу адамның өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы  рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.

Эстетикалық тәрбие, біріншіден, үй-іші мен отбасынан  басталса,  екінші кезеңі балабақша, үшінші кезеңі баланың мектептің есігін ашумен басталады. Баланың отбасына  балабақшадан алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түседі де  оқушының  өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұрынғы сезінген, көрген, білген эстетикалық өмір  құбылыстарында  көптеген  жаңалықтар орын алып, баланың  білімі күн санап,  апталап кеңейе түседі,  тереңдей түседі. Баланың алдында көп уақыт жұмбақ болып жүрген табиғи құбылыстарға, табиғаттың көркемдігіне мектеп біртіндеп жауап беріп, баланың сезімін оятып, оны  қанағат құшағына бөлейді. Мұғалім оқушыларды адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтылады, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуы керек.

Осы міндет-мақсаттар, әсіресе, мұғалімнің алдында шешуін табатын мәселелердің бірі болып есептеледі.

Сонымен оқушы жастардың  эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін білімін көтеруде ең басты сүйеніш мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып  эстетикалық  тәрбие жұмысының  мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын  іздестіріп  іске асырады.

Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде эстетикалық тәрбиесінің алатын орнын анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Педагогика

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері
  • Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы
  • Эстетикалық тәрбиенің мәні,міндеттері.
  • Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың  ұлттық ерекшеліктері
  • Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы
  • Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері

Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді.Меселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемі белгіленді, оның мәні сегіз қырлы, «бір сырлы» шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу еді. Міне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелі мал шаруашьшығын жете игеру, еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сез асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселін  қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу т. б.).Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастың сәйкестігі кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмаған, психологиялық жағынан «бірауызды қауымдасқан жандар» үнемі өзінің рулық одағында етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанады. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болды.

Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, дінинаным сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.

Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу,дарқан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, философиялық ойлау жүйесінің негізі демекпіз.

Ол жөнінде орыс офицері А. Левшин өзінің «қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» (1832) атты кітабында: «…Деспотизмді көп көрмеген қырғыздар (қазақтар.— С. Қ.) басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңіл, сенгіш… қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету — оның ең жақсы қасиеті.Қырғыз үшін меймандостық — қастерлі заң. Олар бар дәмді асын қонақтарға тосуды заң деп санайды» (53, 69),—деп, қазақтардың кішіпейілділігін, меймандостығын, қайырымдылығын, сенгіштігін сүйсіне паш етеді.

Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында (ұлттық психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогика) мен салт-дәстүр ерекшелігінде (этнографиясында) деп білеміз.

Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелігін сөз өтсек, ол — тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.

Тұспалдап сөйлеу өнері, негізінен, билердің шешендік сөз өнерінен өзекті орын алған. Сондықтан қазақ билерінің шешендік сөз өнері Цицерон, Демосфен сияқты Еуропа шешеңдерінің сөз қолданыс түрлерінен мүлде өзгеше, өзіндік ұлттық мәнері бар сөз қолданыстары.

Халық педагогикасының негізгі мақсаты — өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл-аймақ, Отанның арнамысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды.Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, өнші, күйші, термеші сияқты өнер адамдарының бөрі белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Әсіресе, ақын, жырау, термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсист-өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін сездіріп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып есіруді мақсат етті. Ал ақыл-ойға, терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржанынаң ұлттық ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады.

Сөз болып отырған кезеңдегі ақын-жыраулардың дүние танымы мен философиялық бағыттары жайлы әрі ғалым, әрі ақын Ә.Тәжібаев: «Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен беліктеріне қарап отырсақ, тындаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз.Кейде жақыннан, кейде ишаратпен алысқа меңзеулер, әлдеқайда біз біле бермейтін арнаулы сөздерден жаралады да, өмір, тарих, қоғам, адам, тағдыр жайлы ғажайып топшылаулар, толғау-түйіндер айтады» (69, 20),— дейді. Бұл пікір XV— ХVІІІ ғасырлардағы жыраулардың дүние танымы жөнінде ете орынды айтылған әділ баға.

Жыраулардың поэзиясында келелі сөз болған мәселе — адам проблемасы (человечность). Қазақ ұғымындағы «Ердің құны жүз жылқы», «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Ерді намыс елтіреді» деп, ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілікпен, ар-ожданмен өлшеу («Жаным — арымның садағасы», «ер жігіттің ары — мың жылқы», «Жан сақтама, ар сақта» т. б.) «личность» ұғымынан көп жоғары. Сол сияқты «ақын — елдің еркесі», «өнерліге елім жоқ», «Өнерлінің қолы алтын» деп қараған ата-бабамыздың өнерлі азамат, сал-сері жөніндегі ұғымы — «рыцарь» деген ұғымнан әлдеқайда ауқымды.

Демек, дала философиясындағы кісі, толық адам (Абайша), ер деген ұғымдар — кең тынысты философиялық категория.

Қазақтың ұлттық философиясының тағы бір гносеологиялық танымдық ерекшелігі — ата мекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.

Мәдениетті деп саналатын кейбір жүрт өкілдері туған жерін отаным деп есептемейді. Өскен, кәсіп еткен жеріне отаным деп қарайды. Ал біздің қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Оны тастап кетуді өлім санайды. Ақындардың «Кіндік қаным тамған жерім — ауылым» деп әндетуінде, «Отан — оттан ыстық», «Отансыз ер — бұралқы итпен тең» деп қарауында философиялық үлкен ой жатыр. Туған елінің табысына масаттанған, елін сүйген ерді мадақтап «Басқа елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол» деуінде де терең мән-мағына бар.

Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі — ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. «Өнер алды қызыл тіл» деп ұққан ата-бабамыз «от тілді, орақ ауызды» ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан мақал-мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу-сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында біздің дәуірімізге жеткізген. Оның себебі — аталы сөздердің өміршендігінде, халықтың тіл құдіретін бағалай білуінде жатыр. Асыл сөздің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ертеден ерекше назар аударып, «Ақылдың көзі — аталы сөз» деп ұққан бабаларымыз сөйлей білуді өлмес өнер, асыл мұра деп бағалаған. Осы пікірді «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген», «Сөз сүйектен өтеді», «Жақсы сөз — жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртеді» т. б. мақал-мәтелдерден байқауға болады.

Кешегі жоңғар қалмақтарымен кескілескен ұрыс көзінде Қонтажыда кеткен ел кегін алмас қыныштың ұшымен емес, сөз құдіретінің күшімен қайтарған Қаз дауысты Қазыбек бидің ақылды, тапқырлығын мадақтаған «Жарақты жауды жайратқан сөз», «Тіл қылыштан өткір» деген мәтелдердің шығуы да тегін емес.

Ақылдың көзі логикалық дұрыс ойда жатыр. Логикалық жүйемен ойлай білу — дұрыс жүйелеп сөйлей білуге жетектейтін жол, сөйлеу мәдениетінің алғашқы баспалдағы.

«Тіл мен ойлау — еңбектің жемісі.Тіл ойдың сыртқа шыққан көрінісі»,— деп К. Маркс текке айтпаған. Адамның басында қандай ой туса да, егер оны жинақтап қорытып, жүйелеп, лайықты сөзбен дөл бере алмаса, ол айтушыға да, тындаушыға да түсініксіз, күңгірт, көлеңке болады. Сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, ақыл-ой парасаты қалыптаспайды. Яғни, дұрыс сөйлей білу дегеніміз— дұрыс ойлай білу, ал ол логика мен этнолингвистиканың бірлігінен туындайды. Тіл — мәдениетпен қатар өсіп, өркендейтін қоғамдық құбылыс.

Кемеңгер ойдың иелері — ұлы даналар көзінде сөз құдіретінің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөліп  келген болатын. Мысалы, Шығыстың классик   ақыны Ә. Науаи: «Ас — түзбен дәмді, су — мұзбен дәмді, ал адамзат — салиқалы, саналы сөзімен сәнді»,— десе, француздың данышпан жазушысы 0. Бальзак: «Сөз өнері— өнер атаулының қиыны және құдіреттісі»,— дейді. Осы ойды тереңдеткен ұлы ақын Абай: «Сөз өнері дертпен тең»,— десе, Л. Н. Толстой:  «Сөз ұлы нәрсе. Сөзбен адамдарды достастыруға да болады, жауластыруға да болады»,— дейді. Ал қарапайым қазақтың мақал-мәтелдерінен де осы идеялар өзекті орын алған. Мәселен, «Таппасаң сөздің жүйесін, отына өзің күйесің», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Жүйелі сөз жүйесін табар» деп, дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей білудің үлкен өнер екенін ұрпақ біткенге үнемі ұқтырып келді. Осыны жастардың зердесіне ұялатуды қажет деп ұққан қариялар «Көп сөз — күміс, аз сөз — алтын», «Ақылдының сөзі қысқа, көпке болар нұсқа», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деп, философиялық ой топшылаған.

Сөзшең, өнерлі ақын, я әнші азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар санаған.Жастарды шешендікке, сөз өнеріне үйрету үшін еке-шешелері, аталары мен әжелері оларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, терме, өлең-жыр жаттатып үйреткен. Ойын-тойда қыз бен жігіттер бір-екі ауыз өлеңмен қағысып, айтысуды әдетке айнаддырған. Сол айтыс түрлерінен жеңіспен көзге түскен ақындарды көтермелеп, бүкіл ауылдың, рудың, елдің атынан ұлы дүбір тойларда сөз сайысьша қосып, жеңген ақыңдарды көтермелеп, жорға мінгізіп, шапан жапқан. Немесе екі елдің дау-шарларын сөз тапқыш ақылды адамдарға жүгініп шешкізген. Сөйтіп, тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсеткен. «Тілдің майын тамызып, сездің балын ағызып, қас шешендер сөз айтар», «Көп ішінде сөйлеген — көсемдердің белгісі, ойға салмай сөйлеген шешендердің белгісі», «Шешен сөз бастар, батыр қол бастар» т. б. деген мақал-мәтелдер осы ойды дәріптеуден шыққан (39).

Жалпы, шешендік қазақ халқының бойына біткен табиғи қасиет екенін шығысты зерттеуші ғалымдар да байқап білген. Мысалы, академик В.В.Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюркских племен» деген еңбегінің кіріспесінде ауыз әдебиетінің шығу тегіне, төлімдік мәніне терең тоқтала келе: «Қазақтар нақтылы сөйлеуді бар өнердің алды деп бідді, сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысына жеткен» (63, 167),— десе, ал саяси сенімсіздігі үшін қазақ даласына жер ауып келген поляк офицері А. Янушкевичтің:

«Қазақтардың ойлау қабілеттілігінің кереметтігіне менің барған сайын көзім жетті. Сөз дегенде ағып тұр. Бұл жағынан алғанда оларды Батыс Азияның француздары деуге болады. Өзіне жоғарыдан менсінбей қарайтын халықтар арасынан бұл көшпенділердің де құрметті орын алатын кезі келеді» (89, 159),— деп бұдан 150 жыл бұрын асқан сәуегейлік пікір айтуы бүгінде бізді таң қалдырды.

Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылар да, оны қастерлеп жадында сақтаушылар да, келер ұрпақты тәрбиелеуде құрал ретінде жұмсаушылар да ақын-жыраулар болғанын, олар өздерінің жыр маржанымен жастардың сана-сезімін тәрбиелеп жетілдіруде қоғамдық тәрбиешілердің ролін атқарғанын аңғарамыз.

Қазақтың ұлттық философиясының төртінші ерекшелігі — ұлттық базисі болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған. Екі қазақ кездесе кетіп амандық сұрасса, «мал-жан аман ба?»— деп сұрауы да сол пікірге саяды. Терісі мен жүнін киім қып киіп, еті мен сүтін азық етіп күн көрген, сауса сауын, мінсе көлік ретінде пайдаланған төрт түлікті (әсіресе, жылқы малын) қадірлеп, қастерлеу қазақ баласы үшін өмір заңы болып есептелген. Өйткені, малдан айрылу шыбын жаннан айрылумен бірдей болған. (Бұған 1932 жылғы ұжымдастыру кезінде қазақтардың мадцан айрылып, аштық-қырғынға ұшырауы айқын дөлел). «Мал ашуы — жан ашуы», «Малдының беті шарық, малсыздың күні көріп», «Мал баққанға бітеді», «Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас» деп, ерінбей еңбек етсең ғана мал табасың, малсыз өмір жоқ, күн көрісің қараң деген ойды түйдірген. Ол заңды да. Себебі, тіршілік етудің басқа түрі жоқ көшпелі қазақ елі үшін мал бағып күн көру — өмір сүрудің негізгі тірегі болып саналды.Осымен байланысты — төрт түлік малға арналған мақал-мәтел, ертегі-өңгіме, жаңылтпаш, жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетінде орасан көп болуы, мал атауларыңың молдығы, тіпті сұлу қызды «Ботакөз», ал батыр, алғыр жігітті «нар жігіт» деп атауы, немесе баласын «қозым», «құлыным», «ботам» деп айналып-толғануы, бір жағынан, ұлттық психологияның тілдегі көрінісі болып саналса, екіншіден фольклорлық шығармалардың этнопедагогикада тәрбие құралы ретінде қызмет еткенін байқатады.

Тұрмыс-тіршіліктің, еңбек пен кәсіптің өмірдегі көріңісі ұлттық салт-дәстүрлер арқылы марапатталатыны көпке аян. Ал, қазақ халқының салт-дәстүрі малмен, көшіп-қонумен байланысты туып дамыған. Наурыз тойлары, көшіп келген  ағайынға ерулік немесе көшерде көршілерге көшерлік беру, бие байлау, сірне, қымыз жинау, малдың төлдеуімен байланысты уызға, күздікте қарын-майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келіннің отқа салар әкелуі т. б. ырым, жол-жоралар, тіпті қыздың қалың малын немесе ердің құнын да мал санымен есептеу сияқты салт-дәстүрлердің халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туғанын дәлелдейді.Сөйтіп, салт-дәстүрлер, бір жағынан, халықтың тұрмыс-тіршілігінің айнасы сіпетті болса, екіншіден, сол арқылы ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершілікке, өнерге, өмірге икемдеуде тәрбие құралы ретінде пайдаланған.Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен,оның да өзіндік мақсат-мүдделері, негізгі қағидалары бар.

 

 

  • Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы

 

Тәрбиенің негізгі қағидаларының (принциптері) болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпіз:

  1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, әміршең азамат болуын тілеу.

Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге, борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі себидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат-тілекпен байланысты туындайды.

Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды.Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады. «Ақылын, жасын берсін» деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін ксстіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кесйзеді. Үлкеднерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар.Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.

  1. Баланы жастайынан еңбек сүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан.Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су өзірлеуге, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару-жарақт. б.) жасауға өзірлеу, қора салу, киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық, зергерлік өнерге үйрету т. б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т. б. үйреткен.
  2. Халық педагогикасында «бірінші байлық — денсаулық» деген ұғым өзекті орын алған. «Дені саудың жаны сау», «Ас адамның арқауы», «Ауру астан» деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған.Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мөн беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.
  3. Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. «Жаным — арымның садағасы» деп, арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санаған.
  4. Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. «Отан от басынан басталады» деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы — көпке ортақ», «Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды» деген өсиет тәрбиеден өзекті орын алған.
  5. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында «шынықсаң шымыр боласың» деп ой қорытқан ата- бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тербиесіне баса кеңіл бөлген.
  6. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға «Өнерлі өлмейді», «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мынды жығады», «Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра» дегенді насихаттап, ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.
  7. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында ететін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең-жыр, ертегі, аңыздар шығарған.

Ал бұл қағидалар, сайып келгенде, «сегіз қырлы, бір сырлы», мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі-өнерлі, жан-жақты жетілген «толық адам» тәрбиелеуді кездеуден туған (ғ 3 кесте). «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап.Мысалы, орыстар ондай адамды «кішкене болса да енегелі, ақылды», «Ақылды да сүйкімді», «Қайырымды жігіт» деп санаса, таулықтар «Нағыз жігіт» деп атайды. Ал чукчылар «Адал өмір сүретін азамат» дейді. Ол теңізде жүзгіш, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билікте-әділ, еңбекте-шебер, өмірде бірлікшіл, сөзде — шешен, атыста-мерген, шетжерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.

Өзбектер қайырымды, ізгі жүректі адамды «иманжүзді, құдайы бар азамат» дейді.

Ал қазақта сегіз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгіш, бауырмал, батыр, өнерлі, өнегелі, шыншыл, әділ, адал болу дегенді білдіреді.

Нағыз шынайы азамат тәрбиелеудегі бар халықтың талап, тілегінің ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр.

Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.

  1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін әскере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, » Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшындай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, кемекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.
  2. 2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту — өкенің парызы, ақтау — баланың қарызы» деп ой түйіндеген.
  3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, ескен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жәнінде А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, А. В. Сухомлинский, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.
  4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығына әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректі болуын, тапқырлық төсілмен тәрбиелеуін орынды санаған.
  5. Шөкіртті тәрбиелеу, оқыту барысыңда ақыл-ойын дамыту бүгінгі педагогиканың ең көкейкесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз «Армансыз ұлан

—  қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.

  1. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі

— тәрбиенің бір тұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге Дайындап, «сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіңдікті сарқа пайдаланған. Кез келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік т. б.) іштей сабақтасып  жатады.Оны бесік жырынан, бата-тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады.Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.

  1. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.
  2. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақаддары, өнер иелері түгел қатьшасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. (№ 4 кесте). Халықтық педагогакада «Көп талқысы — тез», «Көп қорқытады, терең батырады», «Көпке қарсылық — құдайға қарсылық» деп ұжымдық тәрбиені құптаған.

Ал ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген.

Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының Қалыптасуына бастау бұлақ болған.

Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек объектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, өсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.

Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәнділігі зор екені даусыз.

Қай ғылымның болмасын, тұрақты ғылыми терминдері болатыны сияқты, қазақ этнопедагогикасының да белгілі терминдері бар. Оларға, жалпы алғанда, мыналар жатады; шөкірт, мұғалім, ұстаз, оқьпу, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелсу, қайта тәрбиелеу, үлгі-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, оқыту, әдеттендіру, жаттықтыру, жадында сақтату; Тәрбиенің түрлері: дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, ақын-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, әсемдік тәрбиесі, табиғатты аялауға тәрбиелеу, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл, қыз тәрбиесі т. б.

Жоғарыда аталған халық педагогикасының негізгі қағидалары мен ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ этнопедагогикасын ғылыми жүйе ретінде қарастырсақ, мынадай схема болып шығады:

  1. Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері:

«сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу.

  1. Мазмұны:

ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, өсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

  1. Әдістер:

өңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, жалбарыну, қарғау, сөгу, кінәлау, айыптау, жазалау т. б.

  1. Түрлері:

ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын-сауықтар.

  1. Құралдары:

санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегі-аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, салттар, ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, өңгіме, кештер, айтыстар, сабақтар мен үйірмелер.

  1. Нәтижесі:

«сегіз қырлы, бір сырлы», жаны таза, тәні сау адам.

  1. Тәрбиеге себепші күштер:

табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.

  1. Тәрбие ортасы:

отбасы, ауыл-аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе

  1. Тәрбие объектісі:

Бала.

  1. Халық тәрбиешілері:

Әке-шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері,өнер иелері.

 

 

 

 

  • Халықтық педагогикадағы эстетикалық  тәрбие  туралы  түсінік

 

  • Эстетикалық тәрбиенің мәні,міндеттері.

 

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр  адамның  адамгершілікті  тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның   әсемдікті   және  сәулеттілік және   ұждансыздықты,   қуаныш    пен кайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның   саналы   тәртібі  мен мінез-кұлқы айкындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу — тәрбие барысының зейін салуды, күн сайын өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің коғам адамына тск қана өнердің емес,еңбек, коғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым куатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемділікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар катар-кұрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болу   үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен  қатар   жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтугс дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктсрін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсср етеді. Мұның  өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу-дамыған әсемдік сана мен талғамды,оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы кұралына айналдырады.

Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын, бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процссі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекшс көрсетіледі. Құқықтық іс-әрскетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздсрі арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т. б.

Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама кызмсті дс бар.Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді деп берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқу-шылар алдында ашық көрініс бергсн еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп  жоне құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар  түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Қіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе-оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы—өнер.Ол шындықты көркем, сезімді кабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты    тәрбиелеу   тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу — адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбеқ іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Қоғамның дамуында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады.

Эстетикалық адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста болып келеді. Сондықтан тұлғаның жан-жақты дамуында әрбір адамның өз өмірін «әдімілік заңы» бойынша құруға тырысуы қажет.

«Эстетика» грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса эстетика — өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғатты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.

В.Г.Белинский: «Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы… Онысыз, бұл сезімсіз, данышпан да, талант та, ой да жоқ.

… Эстетикалық сезім – ізгілік негізі адамгершілік негізі»- деп түсіндіреді.

М.Горький эстетика дегеніміз – болашақтың этикасы деген тұжырым жасайды.

Эстетика ұғымын тұңғыш рет енгізген неміс философы (рационалист) Александр Баумгертен (1714-1762) Ол өзінің «Эстетика» атты еңбегін 1750 жылы басып шығарады. Осы кезден бастап «Эстетика» ұғымы  жаңа ғылым атауы ретінде  қалыптасты.

Эстетика ғылым ретінде құлдық  қоғам дәуірінде Египет, Вавилон, Индия, Қытай жерлерінде бастау алды.

А.В.Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласынан қайсыбір өнерді  қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың  сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың  ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан.Еңбек пен  ғылым саласынан берліген білімде эстетика қамтылмаса, онда  сол білімнің  жансыздығы  деп есептеген.

Кезінде  Л.Н.Толстой әрбір адамның  бойында көркемдік  шығармашылығына қатысты әртүрлі қажеттіліктің болатындығына, соны міндетті түрде дамытып,  тәрбие мақсатына қолдану туралы ойын айтса, К.Д.Ушинский – «барлық балалар бірі  қалмастан  әуесқой – суретші» — десе, В.А. Сухомлинский «әрбір бала – ақын» деп жазған.

Эстетикалық  тәрбие  теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің көрнекті  қайраткерлері А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, П.П.Болонский, С.Т.Шацкий, В.Н.Шацкая, А.И.Буров секілді өкілдері қатысты.

Қазақтың ағартушысы –демократтары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т.б. ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше  мән берген.

Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен  тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлылық пен  әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және  оларды өзі же жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Ол үшін жас ұрпақты сауатты, терең білімді болуы керек. Әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, кескіндеме, кино мен  театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, білімді адам болуы тиіс.

Эстетикалық тәрбиенің басқа салаларымен де тығыз байланысты. Ол еңбек, ақыл-ой,  адамгершілік, дене шынықтыру, т.б.  тәрбие түрлерімен қоян қолтық ұштасып жатады. Оқушыға  оқытылатын  құбылыстың әсемдік  сырын ашпай тұрып,  оған  ақыл-ой тәрбиесін  беру,  еңбек процесі мен мазмұнының  игі жақтарын  танытпай  еңбек тәрбиесін беру,  іс-әрекеттің  адалдығын танытпай адамгершілік  тәрбиесін беру,  адам дене  құрылыс мүшелерін  танытпай алмай дене тәрбиесін беру мүмкін емес.

Олай болса, эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның  адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал жасайды. Оның жаман әдеттен  аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табғатты, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарамықаныста бар, жақсылықты, әсемділікті түсіне білуге, көруге, қабылдау білуге, тіпті соны, өзі адам игілігіне жасай білуге үйретеді, жаттықтыруды және соған  қабілеті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.

Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны  көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып-таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатты эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.

Өмірдегі, өнердегі және табиғатағы әсемдікті көре білу,  сезіну және ұғыну сәбилік шақтан  пайда болады. Мектепте мұның  бәрі  одан әрі  дамиды, онда болмысқа деген эстетикалық көзқарастың  негіздері қаланды. Мектеп оқушыларды табиғаттағы, өнердегі, адамдардағы қарым-қатынастағы әсемдікті  ұғынуға және бағалауға  дағдыландырады.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компоненттері бар:

  • Эстетикалық сезім;
  • Эстетикалық талғам.
  • Эстетикалық қабылдау;
  • Эстетикалық сезім – бұл адамның өнерге немесе әлемдегі эстетикалық құбылысқа деген бағалау қатынасынан туатын  субъективті эмоциалдық күй. Эстетикалық сезім эстетикалық күйзелуді  бастан  кешуді туғызады. Эстетикалық күйзелу рухани-эстетикалық  қажеттіліктің  туып, дамуына әсер етеді. Сезім байлығы – адамның рухани өмірін жоғары да  әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті. Эстетикалық қажеттілік көркемдік-эстетикалық  құндылықпен қарым-қатынас жасауды, рухани-эстетикалық күйді  бастан кешуді  тұрақты қажетсіну ретінде  көрініс  береді. Эстетикалық  сезім мен эстетикалық сана бірлігі  адамның  көркемдік –эстетикалық талғамын тудырады.

Көркемдік –эстетикалық талғам  — бұл нағыз  кереметті немесе сұрықсыздықты, трагедияны немесе комедияны сезіну, түсіну,  көре білу және дұрыс  бағалай білу сияқты  нәзік және күрделі  білік. Осының негізінде  эстетикалық  пайымдау қабілеті  дамиды. Эстетика – бұл өмірдегі  сұлулық пен өнер туралы, таным ерекшеліктері және өнердің жалпы заңдылықтары туралы философиялық ғылым. Ал эстетикалық  қысқаша сөздікте, оған: «Эстетика – табиғатты, дамудың негізгі заңдылықтарын, табиғаттағы, қоғамдағы материалдық және рухани өндірістей, адамдардың  қарым-қатынасындағы эстетикалық  заңдылықтардың  қызметін  зерттейтін ғылым саласы»  деген анықтама  берілген. Жеке бас эстетикасы оның эстетикалық талғамымен, санасымен, мәдениетімен және тәрбиелілігімен  тығыз байланысты.

Эстетикалық сана педагогикалық үрдісте тәрбиелік, дамытушылық, ұйымдастырушылық –педагогикалық қызметтерді атқарады.

Адамның эстетикалық санасының маңызды элементі  — оның  көркемдік –эстетикалық  қабылдауы болып табылады. Қабылдау — өнермен және қоршаған  орта әдемілігімен қарым-қатынастың  бастапқы  кезеңі және әлемге деген  эстетикалық қатынастың  психологиялық негізі. Оның толықтығы мен анықтығына  эстетикалық сезіну күші мен  тереңдігі, көркемдік-эстетикалық мұрат пен  талғамның  қалыптасуы тікелей тәуелді. Эстетикалық  қабылдау мәдениеті оқушының  эстетикалық  езімінің  дамуына ықпал етеді. Эстетикалық сана – адамдардың эстетикалық идея, теория, өлшемдер, көзқарастар жиынтығында көрініс беретін  өнерге, әлемдегі әдемілікке деген сапалы  қатынасты тілдіреді. Эстетикалық тәрбиесіз адамның  эстетикалық санасын, талғамын дамыту, жетілдіру мүмкін емес.

Эстетикалық қабылдау деп — әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс – салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның  өзі де эстетикалық қабылдаудың  объектісі бола алады.

Эстетикалық талғам — әсемдікті дұрыс бағалай  білуге тәрбиелеу. Эстетикалық  талғам немесе көркемдік  талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.

Эстетикалық мұрат дегеніміз – адамдардың көксеп жүрген  әсемдік  жөніндегі  түсінігі. Адамның  жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша  құрғысы келетін  нәрсесі.Эстетикалық сезімдерді , мұрат, талғамдарды бағалауды  тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы  болып табылады.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде  сіңіру болып табылады.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

— Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.

— Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді,  қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

— Оқушылардың әсемдікті  көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана  мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала  ұйымдастылыған  процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны  жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналады.

Баланың әстетикалық  көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен, жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы  үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе – оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы  — өнер. Ол шындықты көркем,  сезімді қабылданылатын  бейнелер арқылы әсер етіп, оның  көзқарасын  қалыптастыруға  жәрдем етеді.

Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы құралады. Балалардың ақыл-ой  тәрбиесін, зерттелген құбылыстар  әсемдігін  ашпай  жүзеге асыру  мүмкін емес.

Сонымен, эстетикалық  тәрбие табиғаттағы,  өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды  дүниедегі  әдемілік  атаулыны бағалай  білуге  үйретеді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардьң бірі — эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшіп ең алдымсн бейнелеу өнері, музыка және көп саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалап біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетнкалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетнкалық дамуының негізі болады.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру — эстетикалық тәрбиеніц тағы да бір   міндеті.   Әдемілікгі сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным — бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конкьимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өткізіледі. Сонда орышдаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға — көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудыц техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық әміріміздегі қажетті мәселелердің бірі — балапың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетнкасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке,көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктсн, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтйпатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек.Балалар әдебиетті оқуға, кинофтльмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тыңдауға өте ыпталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.

Баланың эстетикалық мәденнеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процестс дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тнімді ұнымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтсрін енгізе алады.

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті—өнер және әдебнет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту., Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі  құралдары – әдебиет  және  өнер.Олар зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдары қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсср етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебнетте — проза, поэзия; кескіндемеде — жанр, баталия, пейзаж; мүсінде — бюст, т. б.; музыкада — снмфония, оратория,ән енгізіледі).

Белгілі орыс суретшілері П. Л. Федотоптыц,   В. Г.   Перовтың, Н. Б. Репинің, В. В.   Верещагиннің,   И. И.   Шишкинніц,И. И. Левнтанның және қазақ суретшілері   Ә. Кастеевтіц,   М.Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың, т. б. шығармашылығымен байланысты бейнелсу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.

М. Горькнй, II. А. Островский, Л. А. Фадеев, М. А. Шолохов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, т. б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.

Сонымен өнер және әдебиет шындықты игерудіц және танудың құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуыныц және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Әдсмілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлсйді, сезімін дамытады, эстетикалық   түсінігін   байытады.  Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға   жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу — бұл зор эстетикалық қамқорлық.

Мектеп оқушыларының эстетикалық   түсініктері,   олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.

Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.

Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.

Бақылау және балалармен әңгіме олардың әрқайсысы өте әсем зат жасағысы келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты  ең тәуірлердің қатарына жатпаса да куанады.Мұндай жағдайда мұғалім оқушылар жұмыстарына көрме ұйымдастырып олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.

Оқушыларды бірлесе орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек әсемдік жағынан қатты қызықтырады. Оларға бірлесіп, аула тазарту, жер дайындап гүл отырғызу, металл сынықтары мен қағаз қалдықтарын жинау, кітап жөндеу, сынып бөлмесін тазпрту, безендіру т. б. ұнайды.Оларды жақсы жұмыс үшін мадақтау, жарыста озып шығып, әсер алу да еліктіреді. Осы тұрғыдан қарағанда еңбек және эстстнкалық тәрбие өзарл қабысып бірін-бірі толықтырады.

Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі оларлың мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрскеті, қоғамдық өмір және өнер ықпалымен қалыптасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.

Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстстнкалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

 

 

 

  • Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттык ерекшеліктері.

 

Оқушылардың эстетнкалық тәрбиесі оқу және сыпыптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Эстстикалық білімнің негізі — оқу пәндері.Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтйжесінде табиғаттың, сңбектің сұлулығын және адам іс-әрскетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдіқ танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйрстеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамнды.

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнгелік-әсемдік мәні бар, есбебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады.Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшенту үшін музыка пәні бағдарламасында халық өндерін игеруге үлкен мән берілген.

Музыка пәнінің  бағдарламасы ән салу және   жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту кабілетін дамытуды көздейді. Бастауыш мектеп мұғалімі музыка   сабағын өзі   жүргізетіндей   даярлығы   болуы керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатынасып, ол, пәнді жүргізушімен тығыз байланыса отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда   музыканың     адам   өміріндегі   алаты орны туралы әңгімелер өткізуі керек.

Бейнелеу өнері сабақтарының да   балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар   мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік   сезіну,   алған   әсерін бейпелеу өнері құралдарымен шамасына   сай   беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда   кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті,   олардың   өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында   қалыптаса бастайды.

Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнері сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді.

Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады.Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының, еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді. Әсіресе әдебиет сабақтары оқушыларды әдемілікке баулнды, таным ынтасының, бейімділігінің, қабілетінің дамуына ықпал жасанды. Кейбір оқушылар жас кезінен-ақ өлең, әңгіме жазуға талаптанады.Олардың мұндай қасиеттерінің дамуына мүмкіндік жасау керек. Бұл істе қабырға газеттерінін, қолжазба, әдеби журналдардың, жергілікті және республнкалық жастар газеттерінің маңызы өте зор.

Табнғаттың ұлылығы, көркемдігі, сыры биология, география, химия, физнка сабақтарында ашылады. Оқушылар табиғи құбылыстардың бай эстстнкалық сымбаты жөнінде мәліметтер алады.Биология, географня сабақтарында пейзаждық кескіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүннетанымын байытады.

Сонымен, мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эсгетикалық тәрбие беруде ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.

Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетнкалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптетен формалары бар.

Шығармашылық үйірмелер- олар  әдебиет,музыка,хореография, бейнелеу өнері, т.б.

Балалардың  шығармашылық жұмыстарының  басты формаларының бірі-көрмелер,сайыстар.Көрмеде  оқушылардың бейнелеу  өнері,қабырға  газеттері,қолжазба журналдары  көрсетіледі.Сайыста  жақсы  лерикалық,эстрадалық  әндер,әңгімелер  орындалады.Сайыс  оқушыларды қуанышқа бөлейді,келешекке үмітін  тұтандырады.

Мектепте музыка,кескіндеме  және  әдебиет кештері өткізіледі.Онда оқушылаар  тыңдаушыларды  өз  шығармалары және әндері мен  таныстырады, пікір алмасады,ұсыныстар  айтылады.

Шығармашылық конференцияларда  оқушылардың зерттеу жұмыстары  туралы баяндамалары,рефераттары  талқыланады  олардың  жұмыстары  жөнінде құнды  пікірлеер  айтылып  ұсыныстар беріледі.

Мектеп және сынып  бойынша  алдын  ала  жасалған  жоспарларға сәйкес  эстетикалық  саяхат  өткізіледі.Саяхаттың  негізгі  объектілері  көркем  галерия, мұражай,табиғат  театр, түрлі  көрмелер.

Көркемөнерпаздар үйірмесі  оқушылардың  өнерге  әуестігін,  қызығушылығын  талғамын  дамытуда үлкен  роль атқарады.Көркемөнерпаздар  үйірмесі  сынып, сынып  аралық  және  мектеп  бойынша ұйымдастырылады.Үйірмеге ән  салуға, билеуге машық, музыка  аспаптарында  ойнай  білетін  қабілеттін  оқушылар  қабылданады.

Эстетикалық  тәрбие жұмысына  көмектесде мектееп  кітапханасының көп  мүмкіншіліктері  бар.Кітапхана бейнелеу өнері, музыка және  өнердің басқа түрлеріне байланысты  кітаптар үйірмесін  ұиымдастырады, әдебиет  тізімдерін  дайындайды әңгімелер  өткізеді,мұғалімдермен  біргіп сыныптан  тыс оқуларды, оқырмандар  конференцияларын  өткізеді,  басшылық  жасайды.

Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың  барлық  түрлері  оқушылардың еріктік, қызығушылық,  бейімділік  принциптері негізінде  іске  асырылады.

Мектепте оқушылардың  эстетикалық  мәдениетіне  басқа факторлар әсер  етеді.Мысалы жарық  сынып  бөлмесі  әдемі  мектеп мебельі, қолайлы  жұмыс  орыны  оқушылардың эстетикалық  танымын  белсенділігін  көтереді.

Көп  түрлі эстетикалық  жұмыстарды  тиімді  ұйымдастыру оқушылардың  эстетикалық  дүниетанымының негізгі көзі  болады.

Басты  мәселе күнделікті  өмірдегі  әсемдіктің  адаммен  табиғаттың бірлескен  әрекетінің  күшімен  пайда  болғанын  ұғындыру.Осының  негізінде  ғана оқушы өз  еңбегінің  пайдалы  екенін  және  оның  сұлулығын көре  білетін. Осыдан өмір  сұлулығын  жасайтынын  адам екенін  түсінеді.Мұны жүзеге  асыруда  көпшілікке хабаар  тарату  құралдарын  және  баспа  сөз  материалдарын кең  пайдалануғаа  болады.

Қазіргі  кездегі  эстетикалық тәрбиенің  міндеттерін  шешу  үшін халықтың  осы  уақытқа дейінгі  тәжірибесін  меңгеру  қажет.

Мәдени құндылықтарды  жасауда  әр  халықтың  өзіндік  ерекшелігі бар.Мысалы, қазақ  халқына  көшпенділік  өмір  жағдайында табиғи  өзгерістерге байланысты өте  нәзәк байқағыштық  тән.Кең  дала  қозғалыс  бағытын  дұрыс табу, жайылымдардың  күйін  анықтау,  ауа райының  өзгерісін алдын  ала  болжау өсімдіктердің атын дәл  тауып  қою.

Халық  әрдайым  әсемділікті  іздейді, қолдан  жасайды және  оны өмірде,  тұрмыста,  еңбекте бекітуге  тырысады.Оны халқымыздың  үй  жиһаздарын  жасауынан және  оны әсемдікті  сезінудегі  тәрбие  құралы  ретінде  пайдалануынан  көруге  болады.

Халықтық  эстетикалық  тәрбие жүйесінде  лирикалық,үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен  өлеңдер  ерекше  орын  алады.Бұларда  эстетикалық  тәрбиенің құралдары  ретінде  қызымет  етті.Халқымыздың  әндері және  тақырыбы  жағынан  өте  бай.Көптеген әндер би  қимылдары мен  байытылды.

Қазақ  халқының музыкалық  аспаптарының  түрлілігі таң  қаларлықтай (домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз,ұран, мүйіз  сырнай, жетіген, үскірік, қамыс  сырнай, дабыл т.б.).Олар бос  уақытта  пайдаланылып жас ұрпаққа  эстетикалық  тәрбие беру ісіне  қызымет  етті.

Эстетикалық  тәрбиеде халық  ауыз  әдебиетінің  маңызы  өте  зор  болды.Оның  мазмұны  халқымыздың  бүкіл  өмір  тәжірибесін  қамти  отырып, жас  ұрпақ  санасын, әсемдік сезімін,талғамын қажеттігін биледі.

Эстетикалық  тәрбиенің  күрделі  мәслелерін айқындауда  біз  халықтың  жинақтаған педагогикалық білімі мен  тәрбие тәжірибесіне  сүйенуіміз  қажет.

 

 

2.3 Күнделікті өмірдегі адамның жеке  басының  эстетикасы.

 

Жеке  адамның жалпы  мәдениеті  үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасында  байқалады.Сондықтан күнделікті өмірдегі оқушының жеке  басының эстетикасына  ерекше  көңіл  аудару мұғалімлер мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі болып саналады.

Оқушылардың жалпы мәдеинеті, яғни эстстикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сактау, т. б.Жалпы эстетикалық мәдениет—бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера (өзін ұстай  білу үлгісі), дене қимылы т. б. А. С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген.

Қатынас эстетикасы. Үйелменде ата-аналармен, мектепте оқушылар және мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас жасау эстетнкалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасады, эстегикалық сезіміне үнемі әсер стеді. А. С. Макаренконың айтуы бойынша адамдармен жылы шырайлы қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу — осының бәрі мо-ральдық эстетиканың басты салалары.

Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмең өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады.Әр түрлі үй дүнне-мүліктерінің өз орнында әдемі, ыңғанлы тұруын ойластырады. Жұмыс істейтін және демалатын бөлмелерді өте колайлы етіп жабдықтайды.Үйелменде балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үгіретеді. Осындай жұмыстардың барлық түрлеріне балаларды қатыстыру — әке мен шешенің, ересек үйелмен мүшелерінің басты міндеттері.

Оқушылардың үй-жағдайын өзгертуге байланысты жұмыстарға қатыстырып отыруы керек. Мысалы, бөлме қабырғаларына жапсырылатын тұсқағаздарын, терезе перделерін қалай таңдап алу керек, бөлмелерде мебеліді қалай әдемі етіп орналастыруға болады, бөлме өсімдіктерін өсіру, оларды күту, яғни осы сияқты жұмыстарды өз бетімен орындауға үйрету, дағдыландыру балалардың эстетикалық сезімін, танымын тәрбйелейді және эстетикалық ұғымын қалылтастырады.

Киім кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы, оның эстетикалық мәдениетіне байланысты. Киім эстетикасы соң (мода) қазіргі өмір талабына сәйкес болуды кажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрықсыз етеді, оның сүйікімділігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалапу — бұл әдемілікті сезу, өмірге, адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу.

Артық сондену, түрлі формаларға, түстерге еліктеу адамға абырой әпермейді. Сырт киімді, аяқ киімді, шашты баптлуды өскелсң өмір талабына, жас ерекшелігіне   сәйкес   таңдап алу керек. Басқаша айтқанда, адамды қымбат мүліктердін көрмесіне айналдыруға болманды.Киім-кешек эстстикасында сұлулықтың өлшемін есепке алу керек.

Манера, жест (дене қимылы) — бұл   әрбір    адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимылы жөніндегі ұғымды білдіреді.

А. С. Макаренко  М. Горький   атындағы   колонияда және Ф. Дзержинский атындағы коммунада тәрбиеленушілердің сыртқы көрінісіне, сымбатына, жүріс-тұрысына   көп   көңіл   бөлетін.Ұқыпсыз киім, калай болса солай жүру икемсіздікгі, әдепсіздікті, сұмпайылықты көрсетеді. Сондықтан дене қимылында, өзін ұстай білуде қарапайымдылықты, сезім өлшемін сақтау   керек.

Атақты фраицуз жазушысы, ағартушы—философ және педагог Жан-Жак Руссо (1712-1778)… дене кимылын бір   қалыптылықта ұстауға, мейірімді дауыспен сөйлеуге, өзіңді ұстай білуге, жеңіл жүруге жету,1 —деді.

Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстстнкалық сұлулықтың белгісі.А. П. Чеховтыц сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой—бәрі сұлу болу керек.

Сонымен оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін,мәдениетін, білімін кетеруде ең басты сүйеніш мұғалімдер   мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстстпкалық тәрбне жұмысының мазмұның формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі қоғамды қайта құру жағдайында әрбір адамның, соның ішінде оқушы  жастардың  эстетикалық мәдениетінің  қалыптасуы айрықша маңызға ие. Соған орай  мектеп оқушылары мен  жастардың өнер саласының  әр түрімен айналысуы, нәтижесінде көркемөнерпаздар ұжымының оқтын-оқтын байқауының, сурет көрмелері  мен балалар фестивалінің ұйымдастырылуы біздің  қоғамымыздың  өскелең жас ұрпағына эстетикалық тәрбие беріп, эстетикалық мәдениетін дамытуға ерекше маңыз беруі деп бағалаймыз.

Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу-тәрбие үрдістерімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты  теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық  жұмыстар  атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады.

Әрбір пәннің  эстетикалық бағыты, оқу материалының  мазмұнды, сабақтар жүйесіндегі  қолданылатын эстетикалық құралдар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ізгі  қарым-қатынастар –бәрі оқушылардың  эстетикалық сезімі мен  мұратын, талғамын, қабілетін  шыңдауға жүйелі түрде  қызмет етеді.

Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны  көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып-таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатты эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.

Олай болса, эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның  адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал жасайды. Оның жаман әдеттен  аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табғатты, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарамықаныста бар, жақсылықты, әсемділікті түсіне білуге, көруге, қабылдау білуге, тіпті соны, өзі адам игілігіне жасай білуге үйретеді, жаттықтыруды және соған  қабілеті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.

Қазіргі мектепте эстетикалық тәрбие әлі де болса тұлғаның  эмоционалдық  аясы мен  эстетикалық санасының дамуына өз деңгейінде  сәйкес келемей отырғаны анық. Сол  себептен  де мектепте эстетикалық  тәрбие беру мәселесі өзекті деп есептейміз. Жалпы білім беретін  мектептің тұжырымдамасында, оқу жоспарында көркемдік циклдағы  пәндерге жете мән  берілмейінше, эстетикалық  тәрбие, мәдениет мәселесі өз мәнінде шешімін таппайтыны кімге болса да түсінікті.

Эстетикалық тәрбие тәрбиенің  басқа түрлерімен тығыз байланысты екені даусыз. Және эстетикалық  тәрбиені  көпшілік көбіне  гуманитарлық  бағыттағы пәндер арқылы жүзеге  асырады  және солай  болуы тиіс  дегені сыңаржақ пікір де келеді. Эстетика адам өмірінің  бар қырын қамтитын болғандықтан,  жаратылыстану циклындағы пәндердің де эстетикалық  тәрбиені  жүзеге асырудағы  еншісінен кенже қалдырмауымыз тиіс. Сонымен қатар  оқушыларға  эстетикалық тәрбие беруде  мұғалімнің  тұлғасы мен  сөйлеу мәдениетінің де рөлі зор. Әрбір кабинеттің жабдықталу әсемдігінің де эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда алатын  орны олқы емес. Жалпы мектепті безендіргенде, біз оның мазмұндылығына ғана емес,  эстетикасына да үлкен мән  беруіміз тиіс. Әр сабақтағы эмоционалдық  ахуалдың  да ықпалы  зор. Сабақ барысындағы оқушылардың жағымды  эмоциялары: қуаныштары, қанағаттану сезімдері, яғни, мұғалім мен оқушының  эстетикалық сезімдері  үйлесімділік тапқанда нәтиже табысты бола  түседі және оқушының  эстетикалық  тәрбиелілігі қалыптасады.

Адамның эстетикалық тәрбиелілігі табиғи күштер дамуы,  қабылдау қабілеті,  эмоционалдық күйзеліс, ойлау  және  көркемдік-эстетикалық  білімділігі бірлігіне  негізделеді.

ҚОСЫМША 

Музыка

сабақтары

Бейнелеу

өнері

Салт-дәстүрлер
Ұлттық

өнер

 

 

Эстетикалық тәрбие

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қоянбаев. Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
  2. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж.
  3. Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, — Алматы:Дарын, 2004ж.
  4. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж.
  5. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова К.Қ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.
  6. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, «Санат», 1995 ж.
  7. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл: Адамгершілік. – А., Білім, 1994ж.
  8. Богословский В.В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980ж.
  9. Әділова З.Ә. Этнопедагогика. – А., ҚазМӘТУ, 1997ж.
  • Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.
  • Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
  • Болдыров Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы, 1987ж.
  • Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
  • Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред. басқар. Қалиев С., т.б. – А., 1999ж.
  • Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы., 2000ж.
  • Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991ж.
  • Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. –Алматы: Әлем, 2000ж.
  • Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. / Құраст. Қалиев С. – Алматы: Рауан, 1996ж.
  1. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Эстетикалық тәрбиенің негіздері (13 -лекция). – Алматы, 1991ж.
  • Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – А., 1995ж.
  1. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А., 1995ж.
  2. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. / Методикалық нұсқау/ Құраст. Нұржанова Ж.Н. – А.,1991ж.
  • Құрманбекова Ж. Эстетикалық тәрбие берудің кейбір жолдары.

// Қазақстан мектебі, 2007ж, №4-5, 60б.

  • Ташкенбаева С. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен мағынасы.//Білім берудегі менеджмент, 2005ж, №4-179б.