Оқушы темпераментімен санасу

0
233

ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
  • 1 Темперамент жөнінде түсінік
  • 2 Темперамент туралы теориялар
  • 3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы

 

  1. Бөлім Оқушы темпераментімен санасу 

2.1 Кіші оқушылар темпераменті және оқушылар темпераментінің

физиологиясы

  • 2 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
  • 3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау
  • 4 Адамның темперамент түрлерін жұмысында және адаммен
  • қарым– қатынасында анықтау

2.5 Павловтың  темперамент туралы айтылған ой- пікірі

     Қорытынды 

     Қолданылған әдебиеттер

КIРIСПЕ

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу – бiздiң мiндетiмiз болмақ.

Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Мектептегі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, әсіресе бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.

Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi.

Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Оқушылардың мінез –құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс. Мәселен, аса күшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді жайбарақаттылыққа салғызбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді олардың моралдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлаған жөн.

Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе мінез –құлқының кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы керек.

Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған.

Жас бала – жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да әр кезеңде балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенi заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.

Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.

Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Темперамент жөнінде түсінік ” деп алынып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді.

Егер, мектепте оқушылардың темпераментін анықтау, дамытудың  әдiс-тәсiлдерiн тиімді қолданылса, онда оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді.

  • Курстық жұмысымның құрылымы: кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Тақырыптардың толықтай мазмұнымен төменде таныса аласыздар.
  1. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
  • 1 Темперамент жөнінде түсінік

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден – әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент дегеніміз-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимылы мен қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент деген ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдайды, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз тағы басқа) эмоция сезімдерінен де ( біреу сабырлы, екіншісі күйгелек тағы басқа) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың  ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса сангвиникалық (латынша «сангиус»- қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма» -шырын ), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше «мелайне- холе -қара өт»), ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше «холе- өт») темпераменті деп аталған.

Гиппократ: «ағзадағы сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды» деді, ол мидың ролін түсіне біледі, оны «бездердің бірі», деп санады. Бұл –адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

 

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми жолға салды. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс – әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс – әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.

 

  • 2 Темперамент туралы теориялар.

Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Оның  тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» – қан, шырыш, өт, запыран – өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.

Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole – өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі  жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.

3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.

Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.

 

 

1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы

  • ТЕМПЕРАМЕНТ
Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі
  
ТҮРЛЕРІхолерик ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозу басымсангвиник ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозу мен тежелуі теңфлегматик жүйке жүйесі күшті, тежелу басым, қозғалысы баяумеланхолик жүйке жүйесі әлсіз адамдар
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, белсенді

 

 

 

ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, оптимистөте сақ, байсалды, жақсылық тілейді, бір қалыптыөкпелегіш,

пессимист, тұйық, сөзге сараң, баяу

Сангвиник

Сангвиник темпераменті жиі көрініс беретін және бірте –бірте тез алмастыратын сезімдермен көзге түседі,  Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қарым – қатынаста тұрақсыз болып келетін қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді  оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.

3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында  есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Флегматик

Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді.  Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Олар кез – келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп – тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл –қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлықтың жоқтығы.  Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады. Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады. Елеуреп ашуланбайды көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, жарқырап қуануы, жабырқап қайғыруы қиын, аз қозғалады.

Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да,  сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос, ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Холерик

Бұл темперамент өкілі тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштығымен, жігерімен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен, тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай-ак адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық  ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен  энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде,  кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды.  Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Меланхолик

Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.

Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп  уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.

 

  1. Бөлім Оқушы темпераментімен санасу
  • 1 Кіші оқушылар темпераменті және оқушылар темпераментінің
  • физиологиясы.

Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді.  Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.

Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.

1 Күшті қозуы тежелуінен басым

2 Күшті қозуы мен тежелуі тең

3 Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу

 

Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің  күштілігі мен әлсіздігіне назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке бөлді:

1 Күшті, ұстамсыз

2 Күшті,ұстамды

Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.

Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі оқушы сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы оқушыны мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсеқызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқын қанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай оқушының сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып –саспай сөйлейді, сөзі ым –ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі оқушының көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.  Бұл ұшып –қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл –күйі жиі өзгеретін, қарым –қатынаста аумалы –төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ оқушы. Мұндай оқушы қимыл –істі сүйеді. Әдетте оның қимыл –қозғалысы батыл –шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой -әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой – әрекетінің белсенділігі  оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай оқушының  көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл –қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп -пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады.    Холерик  темпераментіндегі оқушы өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.   Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенімен, оның сезімі ұзақ уақытқа созылады. Меланхолик мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырмасын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы оқушылардың көзінше оған ұрсатын болса мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик  темпераментіндегі оқушының, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана, жүріп –тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы –құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» тағы басқа деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.

2.1 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу

Әр мұғалім оқушының темпераментін білу керек.

Холерик кіші оқушыда ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет.

Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек.

Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек.

Ал сангвиниктерде  тұрақтылықты  орнату қажет.

Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент –адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.

Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із қалдырғанымен, ақыл –ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген қағиданы бірден –бір дұрыстығын  меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан темпераменттердің қандайы болмасын тәрбиенің ықпалымен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік жігері күшті, мінезді, ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

Оқушылардың мінез –құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс. Мәселен, аса күшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді жайбарақаттылыққа салғызбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді олардың моралдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлаған жөн. Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе мінез –құлқының кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы керек. Мұғалім үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке үндесіп отырмаса болмайды. Мәселен, тілі мен жағына сүйенген холерикті тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнен асқан байсалдылықты қажет етеді. Ал кейбір жағдайда меланхолик бала тәртіп бұзған болса (мұндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып тиіспейді), оны жұрт алдында қызартып ұялту дұрыс емес. Мұндай баламен істің мәнісін ашу үшін оңаша сөйлескен дұрыс, тіпті бір қараудың өзі жетіп жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын ойластырмаса болмайды. Сангвиниктер мен холериктердің мектептегі қоғам жұмыстарына өз еріктерімен қатысатыны өте жақсы әдет. Бірақ оларды қадағалап, жұмысына бағыт беріп отырмаса, жұмыстың нәтижесі төмен болуы ықтимал. Сангвиниктерді қатты бақылаған абзал, өйткені олар жұмылып кіріскендерімен, жылдам суып қалатын болады.

Темпераменттерді тәрбиелеуде оқушының ерік –жігерін, мінез бітістерін, мінез –эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның өзін -өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді. Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп әдістері мен жолдары бар. Бұл жерде әрбір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, тәлім –тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгертулерге түсетіндігін ылғи да есте ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгерім дәрежесін, тәртібін, басқа балалармен қарым –қатынасын, қоғам жұмыстарына қалай араласатындығын ұдайы қадағалау, олардың ата –аналарымен байланыс жасап, әсіресе қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет.

2.3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау

Темперамент және мінез туралы не білуіміз керек. Темперамент және мінез адамның өміріндегі жағдайларға табиғи типтік әсері және сол әсердің айналадағы ортаға ықпалы. Осы қасиет адамдардың бір –бірімен қарым –қатынасына әсер етеді, әсіресе адамдар бірін –бірі танымай алғаш көріп тұрған кезде.

Темперамент типтері әр адамның динамикалық меншікті дара өзгешелікті және жұмыс жасауда басқа адамдармен қарым –қатынасы, эмоционалдық сезімдегі және қимыл–қозғалыстағы өзгешеліктерді анықтайды. Темпераменттің әр типіне үйреніп, олардың әр біреуінің өзгешеліктерін ажыратып, адамдармен қарым –қатынасындағы қозу шапшаңдығын білуге болады. Адамдардың мінез –құлқындағы айырмашылығы темперамент арқылы айқын көрініп тұрады. Оның ықпалымен адамдар қарым –қатынас жасауда басқалармен іскер қарым –қатынас жасауға болады.

Темперамент –бұл адамның динамикалық ерекшеліктерімен қимыл–қозғалысын анықтаса, ал мінез-адамның саналы түрде жасаған әрекеттері, өмірдегі қажетті және ойлаған іс-әрекетін анықтайды. Темперамент және мінез адам жасы үлкейген сайын тұрақтайды. Адамдардың мінездерінің бір –біріне сәйкес келмеуі ара –қатынасын күрделендіріп,  қиын проблемалық жағдай туғызады. Сондықтан адамдармен қарым –қатынастың дұрыс болуы үшін өзіңнің мінезіңмен қатар айналаңдағы адамдардың мінезін тани білу маңызды. Айналаңдағылардың қимыл-әрекеті біздің мінезімізбен тікелей байланысты және олардың әрекеті біздің мінезімізге әсер етеді. Мұны білмей олардың әрекетін дұрыс бағалай алмаймыз және себепсіз наразылық білдіріп әділетсіздік көрсетуіміз мүмкін. Осыдан әр адам басқа адамдардың мінезінен гөрі өз мінезін жете білуі керек.

Темперамент пен мінездің қандай өзара байланысы бар?

Олардың арасында өзара байланыс бар, бірақ ол бір жақты және жай байланыс емес. Мінез бен темперамент бір-бірімен тікелей байланысты деу қате, бірақ олардың арасында мүлде байланыс жоқ та емес. Мінездің қалыптасуы және соның ішінде адамның ерік-жігерін қалыптастыру оңай тиеді. Бірақ кейде қарама-қарсы жағдайлар да болады. Яғни жүйке жүйесі әлсіз адамда ерік-жігері жақсы қалыптасса, жүйке жүйесі күшті дамыған адамдарда ерік-жігер әлсіз болады. Адамның мінезін темпераментпен байланыстыра отырып, мектеп қабырғасына дейін қалыптастырады.

Адам неғұрлым үлкейіп, өмір тәжірибесі молайған сайын оның мінезі мен темпераменті арасындағы байланысы соғұрлым төмендей түседі. 14-15 жас аралығында темпераменттің барлық негіздері қалыптасып тұрақталғанда, темпераменте қарамастан мінез өзгере береді.

Темперамент және мінездің даму кезеңін анықтауға бола ма?

Адамның өмір тәжірибесіне сүйене отырып, бұл сұраққа жауап беретін болсақ, онда жауабымыз қате болады, себебі адамдар көп жағдайда нені анықтау керек екенін білмейді. Темперамент және мінез  негіздері адамдар арқылы білінбейді, ол өздерінің ерекшеліктері туралы мәліметті басқа жолмен алады, яғни өзінің іс-әрекетіне айналадағы ортаның әсерімен салыстыру арқылы. Адам өзінің өмір тәжірибесін толық жинақтай алмай, сол сияқты өз мінезін де толық біле алмайды. Ғылымға сүйене отырып, берілген сұраққа жауап беретін болсақ, онда жауап дұрыс болады. Психологиялық тест қолдана отырып, өз мінезің мен темпераментіңді танып білуге болады. Көптеген темперамент пен мінез түрлері өте көп, ал егер оның бәрін анықтай аламын деп мақсат қойсақ, оған ұзақ уақыт кетеді. Бақытымызға орай оның бізге қажеті жоқ. Темперамент және мінездің ең басты негіздеріне тоқталуға болады.

Қандай темперамент және мінез түрлерін білуіміз керек және неге?

Ең алдымен, темпераментің жалпы түрін анықтай білуіміз керек. Яғни адам қандай темперамент типіне жатады, Сангвиник пе, әлде холерик, флегматик немесе меланхолик пе? Адамның мінезі туралы біздің өз пікіріміз болуы керек, соның ішінде, адамдардың  қарым –қатынасы. Дәл мінез бітісі, адамдардың біртіндеп қалыптасқан қарым –қатынасына байланысты. Адамдардың қарым –қатынасына әсер ететін ерекше мінез бітістері бар. Бұлар –қауіптену, ұстамсыздық, адамдармен қарым –қатынас жасаудағы қажеттіліктер және адамның  эмоциялық қалпы. Осы мінез бітістерін тани отырып, айналада болатын іс-әрекеттерді алдын-ала қарастыруға болады. Сонымен қатар мінез бітістерін бағалай отырып, адамның жалпы жеке структурасы мен оның типтік өмірдегі жағдайларын тани білу маңызды болып саналады.

  Темперамент түрлері мен мінез бітістерін оқытудың әдістері.

Темперамент түрлері мен мінез бітістерін оқытудың көптеген әдістерін 4 топқа бөлуге болады.

1-топ – адамдардың жүйке жүйесі мен темперамент арсындағы байланысты білу әдісі. Олардың көмегімен адамзат жүйке жүйесінің және темпераментің тума ерекшеліктерін анықтайды.

2-топ – сұрыптаушылардан тұрады. Адамдардың темперамент түрлері мен оның практикалық  іс-әрекетінің және өмірдегі жағдайлар.

3-топ -әдісіне – әр түрлі адамдардың  мінез бітістері нақты зерттеуге көмектесетін сұрақтар, олардың құндылығы мен даму кезеңінің мінездемесіне жатад.

4-топ -әдісіне- адамдардың жеке құрылымы туралы теориялық тестілер жатады. Олар адамның жеке даму сапасын сол сұрақтарға сәйкес анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бөлімде жеке адамның маңызды мінез бітістері,оларды бағалау әдістері берілген.

     Адамның психикалық қалпына диагноз қою әдісі.

Адамның психикалық және дене құрылысына түскен күшті және көңіл-күйі мен белсенділігі, типтік сезімін бағалауға қойылатын-диагностикалық әдіс. Сізге отыз пар қарама-қарсы мағынадағы адамның әр түрлі мінез –құлқын суреттейтін мәлімет берілген. Бағанадағы берілген екі мәліметтің қайсысы сіздің психикалық жағдайыңызға сәйкес келеді, соны белгілейсіз. Сол жақ бағанадағы қалып-кері эмоционалдық қалыпқа сәйкес келеді, ал оң жақтағы-қалыпты  эмоционалдық қалыпқа сәйкес келеді. Екеуіне сәйкес келмейтін қалып о болып жиналады. Бағанадағы алынған мәлімет, мәлімет белгіленген санмен сәйкес келеді.

 

1Хал –жағдайым шамалыХал –жағдайым жақсы
2Өзімді әлсіз сезінемінӨзімді күшті сезінемін
3СылбырБелсенді
4Қозғалысым азҚозғалғыш
5КөңілсізКөңілді
6Көңіл–күйі шамалыКөңіл–күйі жақсы
7ШашырағанЖұмыскер
8ӘлсізҚуатты
9ЖайШапшаң
10Қолынан іс келмейдіІскер
11БақытсызБақытты
12ТүнергенӨмірге риза
13ШашыраңқыЖинақы
14АуруСау
15ЫнтасызЫнталы
16Көңіл бөлмеуКөңіл бөлу
17СылбырКөңіл–күйі көтеріңкі
18ҚайғылыҚуанышты
19ШаршағанДемалған
20Әлі жоқӘлді
21МаужырағанҚуатты
22Сондай демалғым келіп тұрСондай жұмыс істегім келіп тұр
23ҚобалжулыСалмақты
24ПессимистОптимист
25ШыдамсызШыдамды
26БосаңТың
27Ойлау қиынОйлау жеңіл
28ҰқыпсызҰқыпты
29Үмітін үзгенҮмітін үзбеген
30НаразыРиза

 

Қорытындылау

30 пар мәлімет 3 топқа он–оннан бөлінеді. Осы бағандарға қатысты адамның 3 психикалық белсенділігі, көңіл күйі анықталады. Бағандар арасындағы мәліметтердің реттік санын білу осылар болып табылады.

1,2,7,8,13,14,19,20,25,26 –хал–жағдай.

3,4,9,10,15,16,21,22,27,28 –белсенді.

5,6,11,12,17,18,23,24,29,30 –көңіл–күйі.

Барлық психикалық жағдайдың қалыпты ұпай әрбір бағанда – 30 ұпайдан. Ал кері жағдайдағы да – 30 ұпай. Бәрін қорытындылай келгенде қалыпты жағдайда 90 ұпайға сай келеді, ал кері жағдайдағы да – 90 ұпайға.

Осы алынған түйінге байланысты мынадай қорытынды шығаруға болады. Барлық ұпай 70- тен 90-ға  дейін болса, онда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз  әрқашанда өте жақсы. Ал барлық ұпайыңыз  40-тан 69-ға дейін болса, онда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз көп жағдайда жақсы.  Егер ұпайыңыз 10-нан 39-ға дейін болса, онда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз кейде жақсы болады. Егер ұпайыңыз 0 мен 9 аралығында болса, сіздің типтік хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз анықталмайды. Егер жинаған ұпайыңыз кері бағытта және  39-дан 10 аралығына сәйкес келсе, мынадай қорытындылар келтіруге болады. Яғни сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз көбіне шамалы болады. Егер жинаған ұпайыңыз кері бағытта және  69-40 аралығына сәйкес келсе, онда  көпшілік жағдайда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз төмен болады. Ең соңғы жиналған ұпайыңыз 90-70 аралығында болса, онда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз әр уақытта өте нашар болады. Ұпайларда бұл соңғы екі жағдайлардың айналадағы ортамен эмоционалдық қарым –қатынастарының нашар екенін көрсетеді.

2.4 Адамның темперамент түрлерін жұмысында және адаммен

       қарым–қатынасында анықтау

Бұл әдістің көмегі арқылы адамның қуатын, эмоциясын, жылдамдығын анықтауға болады. Бұл темперамент түрлі адамның іскерлік әрекетінде және айналадағы ортамен қарым –қатынасында әр түрлі өзгешелікте көрінеді. Сонымен төмендегі сұрақтарға «иә» , «жоқ» деп жауап беруге тиіссіз. Сұрақтарға жауап бермеуге болмайды.

1.Сен қозғалғыш адамсың ба?

2.Сен өзің қызықты әңгімеге қосылып кете аласың ба?

3.Үлкен компанияда оңаша болғанды ұнатасың ба?

4.Сен әр уақытта да жұмыс істеп бір нәрсемен айналысқанды ұнатасың ба?

5.Сен асықпай сөйлейсің бе?

6.Сен тез ренжисің бе?

7.Достарыңмен ренжісіп қалғанда, ұйқың қаша ма?

8.Бос уақытыңда бір нәрсемен айналысқанды ұнатасың ба?

9.Әңгімелескенде ойланбай айтып қалатын сөздерің бола ма?

10.Қасыңдағы әңгімелесіп отырған адамның тез сөйлейтіні ұнай ма?

  1. Ұзақ уақыт адамдармен сөйлеспегенде өзіңізді бақытсыз сезінесіз бе?

12.Кездесуге немесе мектепке кешігіп көрдің бе?

13.Мұғалім мен ата –анаңның жасайтын жұмысы саған оңайлыққа түсе ме?

  1. Ықыласпен бар ынтаңмен жасайтын жұмыс саған оңайлыққа түсе ме?

15.Тез сөйлеу саған қиынға түсе ме?

  1. Егер де үй тапсырмасын немесе қандай да бір жұмысты істемесең мазасызданасың ба?
  2. Әңгімелесіп отырғанда бір ойдан екіншіге тез бірінен –біріне ауысасың ба?
  3. Шапшаңдық пен дәлдікті талап ететін ойлар ұнай ма?

19.Қандай да бір тапсырманың варианттарын табу саған оңай ма?

20.Әңгімелесіп отырғанда кісің сенің айтқаныңды дұрыс түсінбесе сені мазасыздық билей ме?

21.Күрделі және жауапкершілікті талап ететін жұмыстарды бар ынтаңмен жасайсың ба?

22.Өзің мәнісін жете дұрыс білмейтін нәрселер туралы әңгіме айтасың ба?

23.Әңгімелесіп отырған қарсыласыңнан тез сөйлегеніне түсіне аласың ба?

24.Бір уақытта бірнеше жұмыс жасау саған оңайға түсе ме?

  1. Бір нәрсені ойланбай қалғаның үшін достарыңмен келіспеушілік бола ма?
  2. Өзіңе үйреншікті ешқандай күшті қажет етпейтін жұмыстың жай ғана түрі ұнай ма?

27.Жасаған ісіңнің кемшілігін көрсең көңілденесің бе?

  1. Отырып жасайтын жұмыс ұнай ма?

29.Танымайтын адамдармен сөйлесіп кету қиындыққа түспей ме?

  1. Айтайын деген ойыңды әуелі таразыға салып алуды жөн деп санайсың ба?
  2. Сенің әдеттеріңнің бәрі жақсы ма?
  3. Жұмыс жасағанда қолдарың тез қимылдай ма?

33.Танымайтын адамдар арасында көп байланысқа түспей үнсіздік сақтау дұрыс па?

34.Тапсырманы орындауда шешімін табу жолының бірінен екіншісіне ауысасыз ба?

  1. Жақын адамдарыңның саған қарым –қатынастары шамалы ма?
  2. Сөзшең адамсың ба?

37.Тез әсерленуді талап ететін жұмыс қиындыққа түспей ме?

  1. Сөйлегенде мүдірмейсіз бе?

39.Сенің оқуың мен жұмысыңа қатысты нәрсенің бәрі сені мазасыздандыра ма?

  1. Сенің кемшіліктеріңді көрсеткен адамға ренжисің бе?
  2. Жауапкершілікті талап ететін жұмыспен айналуға тілегің мол ма?

42.Барлық жұмысты асықпай баппен істегенді ұнатасың ба?

  1. Басқа адамдардан жасырып ойлайтын ойларың бола ма?
  2. Көп ойланбай–ақ біреудің қытығына тиетін күрделі сұрақ қоя аласың ба?
  3. Тез қимыл саған ұнай ма?

46.Өзің айналысып жүрген жұмысыңа байланысты жаңа идеялар ойлау оңайлыққа түсе ме?

47.Жауапкершілікті және маңыздылықты талап ететін әңгіме мазасыздық туғыза ма?

48.Сен туралы «Ол барлық берілген тапсырманы шапшыңдықпен орындайды» –  деп айтуға бола ма?

49.Жұмысты жеке өзің істегенді ұнатасың ба?

  1. Сенің бет –әлпетіңе қарап көңіл күйіңді ажыратуға бола ма?

51.Берген уәдеңді орындай аласың ба?

  1. Айналаңдағылардың сенімен қарым –қатынасы реніш туғыза ма?

53.Белгілі уақытта тек бір нәрсемен айналысуды ұнатасың ба?

54.Жылдам ойындарды ұнатасың ба?

  1. Сөйлегенде үзіліс жасап сөйлейсіз бе?

56.Отырған ортаңды жандандырып отыруды ұнатасың ба?

57.Сенде қандайда бір қиын жұмыспен айналысуға тілегің және күшің көп сияқты сезім бола ма?

58.Бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу қиынға түсе ме?

59.Жасаған ісің бір жерден үзіліп қалатын болса, сол үшін сенің көңіл –күйің бұзылуы ұзаққа созыла ма?

  1. Ісің өз ойыңдағыдай жүріп жатпаса, сол үшін сенің ұйқың бөліне ме?

61.Үлкен компанияда отырған ұнай ма?

  1. Достарыңмен ара –қатынасыңд шешуді ұнатасыз ба?
  2. Барлық күшіңді жұмсауды талап ететін жұмыс ұнай ма?
  3. Сенде ашулану, өзіңді –өзің ұстай алмай қалу болып тұра ма?

65.Бір уақытта бірнеше жұмыспен айналысқанды ұнатасыз ба?

66.Үлкен ортада өзіңді еркін сезінесің бе?

67.Сенде ойланбай бір нәрсені айтып қалу көп бола ма?

  1. Сенде өзіңді сенімсіз сезіну сезімі бола ма?

69.Сен осы үшін мазаланбайсың ба?

  1. Сен асықпай жұмыс жасай аласың ба?

71.Бір жұмыстан екінші жұмысқа тез ауыса аласың ба?

72.Дауыстап тез оқи аласың ба?

  1. Өсек сөздер айтасың ба?

74.Өз достарыңның ортасында көп сөйлемейсің бе?

75.Сені жұбатып, сенім беріп отыратын кісілер саған қажет пе?

  1. Әр түрлі істі бір мезгілде жасай аласың ба?

77.Тез бітіруді талап ететін жұмысты бар ынтаңмен орындайсың ба?

78.Бос уақытыңда адамдармен араласқанды ұнатасың ба?

79.Жұмысыңда кедергілер болса, сол үшін ұйқың бұзыла ма?

80.Ренжіскенде қолың дірілдей ме?

  1. Өзіңнің пікіріңді айту үшін ұзақ дайындаласың ба

82.Өз таныстарыңның арасында саған мүлдем ұнамайтындар бар ма?

83.Оңай жұмыспен айналысуды жөн деп санайсыз ба?

  1. Сені ренжіту оңай ма?

85.Отырған ортаңа әңгімені бірінші болып сен бастайсың ба?

86.Адамдар арасында болу саған ұнай ма?

87.Айтайын деген ойыңды айту үшін ойлану сенде қалыптасқан ба?

  1. Оқуың және жұмысың туралы уайымдайсың ба?

89.Транспортта тексеруден қорыққаннан багажды өткізу үшін ақша төлер ме едің?

  1. Кештерде өзіңді ұстамды ұстайсың ба?

91.Жұмысыңда болған сәтсіздіктерді үлкейтіп айтуды ұнатасың ба?

92.Тез сөйлегенді ұнатасың ба?

93.Саған өзіңнің айтайын деген ойыңды айтпай қалу оңайға түсе ме?

94.Асықпай жұмыс жасағанды жөн санайсың ба?

95.Жұмыстағы келіспеушіліктерді уайымдайсың ба?

96.Адамдармен асықпай салмақты сөйлескенді ұнатасың ба?

97.Жұмыстағы жасаған қателіктерің үшін мазасызданасың ба?

98.Күрделі және ұзақ жасайтын жұмысқа икемің бар ма?

99.Ойланбастан танымайтын кісіден көмек сұрай аласың ба?

  1. Адамдармен қарым–қатынас жасағанда сенімсіз сезінесің бе?

101.Өзің білмейтін жаңа жұмысқа оңайлықпен кірісіп кете аласың ба?

  1. Көп сөйлегенді жаратпайсың ба?
  2. Асықпай қысылмай жұмыс жасау ұнай ма?

104.Саған жан –жақты және дәлелдікпен ықыласты талап ете отырып, бір істен екінші іске ауысу ұнай ма?

105.Ұзақ уақыт жалғыз отырғанды ұнатасың ба?

Төменде әрбір темперамент  түрлеріне дәл келетін сұрақ нөмірі мен жауаптардың варианттары көрсетілген. Сіздің жауабыңыз шешімімен дәл келсе, онда сіз бұл темперамент түріне байланысты балл жинайсыз. Әр темперамент кезеңі жинаған ұпаймен бағаланады.

Жұмыстағы қуатыңыз«иә» 4,8,15,22,42,50,64,98.

«жоқ» мына сұрақ жауаптарында 27,83,103.

Адамдармен қарым –қатынасыңыздағы«иә» мына сұрақ жауаптарында 11,30,57,62,67,78,86

«жоқ» 3,34,74,90,105 жауаптарында

Жұмыстағы жылдамдығыңыз«иә» мына сұрақ жауабында 20,25,35,38,47,66,71,101

«жоқ» 54,59 жауаптарында

Адамдармен қарым –қатынастағы жылдамдық«иә» 2,9,18,26,45,68,85,99

«жоқ» 31,81,87,93 сұрақтар жауаптарында

 

Адамдармен қарым –қатынастағы темперамент«иә» 24,37,39,51,72,92

«жоқ» 5,10,16,56,96,102 сұрақтар жауаптарында

Жұмыстағы темперамент«иә» 1,13,19,33,46,49,55,57

«жоқ» 29,43,70,94 сұрақтар жауаптарында

Адамдармен қарым –қатынастағы эмоция«иә» 6,7,21,36,41,48,53,63,75,80,84,100

сұрақтар жауаптарында

Бақылау сұрақтары«иә» 32,52,89

«жоқ» 12,23,44,65,73,82 сұрақтар жауаптарында

Бастапқыда бақылау сұрақтарына жауап берген сіздің жауаптарыңыз қаншалықты шындық екені анықталады. Егер сіздің берген жауабыңыз 3 жағдайдан гөрі бақылау сұрақтарының шешімімен дәл келсе онда басқа сұрақтарға жауап бере отырып сіз өзіңізге қолайлы жағдай қарастырасыз. Егер сіздің бекіту сұрақтарыңыз берілген жауаптың 3 сәйкес келетін болса, сіздің мінез- құлқыңызды анықтауға болады. Егер сіздің темпераментіңіз күшті дамыған болса, сіз 9 балдан жоғары жинайсыз, ал егер 4-тен төмен болса, онда сізді жай дамыған деп есептеуге болады. 5-8 аралығында жиналған балл сіздің орташа дамығаныңызды көрсетеді.

Ең жақсы дамыған темперамент түріне жасалатын қорытынды көрсеткіштерді салыстыруға байланысты жасалады, типтік ұқсастықтары бар темперамент түрлерінен алынған.

Сангвиник- мінез-құлықтары орташа.

Холерик – энергиялы, эмоционалды жоғары дамыған, ширақ, жоғары қалыпты адамдар.

Флегматик – мінез-құлықтары төмен адамдар.

Меланхолик –барлық жағынан төмен дамыған.

Бұл төрт темперамент мінез-құлықтарының сәйкес келген адам, сол темперамент иесі болып табылған. Сәйкес келмеген жағдайда оларда аралас темперамент болады. Адамның темпераменті жұмыс істегенде және адамдармен қарым –қатынас жасағанда өзгеше болады.

Қобалжудың бағасы

Адамдарда көп нәрселерге байланысты мазасыздану болады, осы қасиет олардың өмірге деген қарым –қатынасының жай көзқараста емес екенінің себебі сізде бұл мазасыздану қасиеті кей жағдайда себепсіз болады: өмірдің кейбір жағдайларын дұрыс қабылдамай сіз қобалжып өзіңізді мазасыз күйде сезінесіз. Бұл жағдайда психологтар мазасыздану қасиетін жеке адамның сипаты деп айтқан. Егер бұлай болатын болса, онда бұл қасиет құбылмалы екі жағдайда болады: әрқашан барлық жерде немесе белгілі бір жерде, немесе типтік жағдайларда. Бірінші жағдайда бұл жеке қобалжуға байланысты, ал екінші –ситуациялық қобалжу. Соңғысы көпшілігінде бөтен адамдармен қарым –қатынаста, ресми кездесуде, жоғары шенді адамдармен қарым –қатынаста, жұмысқа байланысты телефон арқылы сөйлескенде, емтихан уақытында. Мұндай қасиетті білу керек және одан құтылудың амалын іздеу керек. Берілген әдіс адамның жеке адам ретінде қалай дамығанын байқауға мүмкіндік береді және ситуациялық қобалжуларда. Бұл әдісте екі бақылау бағаны бар. Біріншісі –жеке адам ретінде, екіншісі – ситуациялық қобалжу. Әр баған 20 мәліметтен тұрады. Төмендегі 6-7 кестелерде осы екі баған орналасқан. Әрбір мәліметтен берілген  4 жауаптың ішінен біреуін белгілейсіз. Әрі қарай осыған арналған шешімінің көмегімен сіздің берген жауабыңызға байланысты сіздегі қобалжудың  2 түрін қандай кезеңде екенін анықтайды.  8 кестеде осы әдістің жауаптарының шешімі көрсетілген. Мұнда балдың мөлшері және мәліметтің рет саны көрсетілген. Әрбір бағанда балдың мөлшері бөлек көрсетіледі.

Қорытындылау

Егер ұпайдың жинағы 45 және одан да жоғары болса жағдаяттық және жеке қобалжу деңгейі жоғары, ал ұпайдың жинағы 31-44 дейін болса, жағдаяттық және жеке қобалжу деңгейі орташа, ал 20-30 дейін болса, төмен болады. Ұпайдың жоғары болуы ол адамның мазасыз екенін білдіреді және құтылу амалын іздеуін айтады. Ал ұпайдың жинағы орташа болса, сіздің жұмысыңыз жартылай орындалған болады. Егер сіздің қобалжу төмен болса, жұмысыңызды жақсы деңгейде атқардыңыз, бірақ осыған сүйене отырып, өмірдегі жағдайларға байланысты эмоциялық ынтаңызды немесе қызу сезімдеріңізді ұстамаңыз.

 

 

 

Павловтың  темперамент туралы айтылған ой- пікірі

Мақсаты – бала темпераментінің ерекшеліктерін айқындау.

Нұсқау:Сіздің іс-әрекеттеріңіздің ерекшеліктері жөнінде сізге бірнеше сұрақтар беріледі. Егер сұрақтың жауабы келісетін болса, «+» белгісін қой, егер келіспеймін болса, «-» белгісін қой. Жауапты ойланбай тез беру керек, өйткені бірінші әрекетіңіз маңызды

Әдістеме 3 шекілден тұрады – экстраверсия-интроверсия, нейротизм және ерекше шекілдер, олар зерттелушінің зерттеуге қатынасы мен адалдық бағалауға арналған.

1.Экстраверсия-интроверсия

Типтік экстравертке мінездеме бергенде, оның адамдармен үйрлігін, таныстарының көптігін, қарым-қатынасты қажет етуін белгіленеді. Экстраверт жағдайға байланысты әрекеттер жасайды, серпінді, ашушаң. Ол қамсыз, оңтайлы, көңілді, мейірбан. Сезімі қатаң бақылауда емес, тәуекелді қылықтарға бейім. Оған әр уақытта сенуге болмайды. Типтік интроверт – ол тынық, ұялшақ, интроектті адам, өз-өзін талдауға бейім. Ұстамды, өзін туысқандарынан басқа адамдардан алысырақ ұстайды. Өзінің іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлайды, кенеттілікке сенбейді, шешім қабылдауға байсалды қарайды, барлық кезде тәртіпті ұнатады. Өзінің сезімдерін бақылайды, оны ашыландыру оңай емес. Өнегелі нормаларды бағалайды, түңілуші.

2 Нейротизм – сезімдік тұрақтылық

Сезімдік тұрақтылықты немесе тұрақсыздықты сипаттайды. Сезімдік тұрақтылық – ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді, стресстік және қәдімгі жағдайларда жағдайлық мақсаттықты сақтауда көрінеді. Ержетумен, жақсы бейімделумен, қатты қызулықтың, мазасызданудың болмауымен, сонымен бірге адамдармен үлесуімен, озаттықпен сипатталады. Нейротизм тұрақсыздықта, қатты ашышаңдылықта, бейімделуінің нашарлығында, көңіл-күйдің тез өзгеруінде, ұиытшақтықта, мазасыздануда және кінә сезімінде, қамсыздануда, депрессияларда, стресті жағдайладрда тұрақсыздықта байқалады. Сезімділік, серпінділік, адамдармен қатынаста ашушаңдылық, ықыласының өзгеруі, әсерлілігі, өзіне сенімсіздік нейротизмге сай сезімдер. Нейротизм шәкілінде үлкен көрсеткішке ие адамдарда жағымсыз стресті жағдайларда невроз дамуы мүмкін.

Экстра-интроверсия шәкілінің орташа көрсеткіштері: 7-15 балл. Нейротизм шәкілінің орташа көрсеткіштері: 8-16 балл.

Егер адалдық шәкілінің көрсеткіштері 10 балдан асқан болса, онда зерттеу нәтижелері дұрыс емес және зерттелуші сұрақтарға ашық жауап беруі тиіс деп есептелінеді.

Жүйке жоғары қызметінің физиологиясынан мәліметтерді ала отырып, Айзенк Павловтың күшті және әлсіз түріндегі адамның экстраверттік және интроверттік түрлері сай келеді деп гипотеза береді. Интро- және экстраверсияларының табиғаты орталық жүйке жүйесінің туа байда болған қасиеттерінде көрінеді. Осылайша, Экстра-интроверсия шәкілінің мәліметтерін қолдана отырып, Павлов таптастыруы бойынша адамның темперамент көрсеткіштерін шығаруға болады. Ол төрт классикалық түрлерді бейнелеген: сангвиник (орталық жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінен күшті, салмақты, еті тірі деп сипатталады); холерик (күшті, салмақсыз, еті тірі); флегматик (күшті, салмақты, салғырт); меланхолик (әлсіз, салмақсыз, салғырт). Кестеде темперамент түрлерінің сауалнама шәкілдерімен ара қатынасын көруге болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Соңғы кездері еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгірістердің бірі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар екені белгілі. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының білімі мен әл-ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігіне басты назар аударған.

Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Мінез бен темперамент бір-бірімен тікелей байланысты деу қате, бірақ олардың арасында мүлде байланыс жоқ та емес. Мінездің қалыптасуы және соның ішінде адамның ерік-жігерін қалыптастыру оңай тиеді. Бірақ кейде қарама-қарсы жағдайлар да болады. Яғни жүйке жүйесі әлсіз адамда ерік-жігері жақсы қалыптасса, жүйке жүйесі күшті дамыған адамдарда ерік-жігер әлсіз болады. Адамның мінезін темпераментпен байланыстыра отырып, мектеп қабырғасына дейін қалыптастырады.

Адам неғұрлым үлкейіп, өмір тәжірибесі молайған сайын оның мінезі мен темпераменті арасындағы байланысы соғұрлым төмендей түседі. 14-15 жас аралығында темпераменттің барлық негіздері қалыптасып тұрақталғанда, темпераменте қарамастан мінез өзгере береді.

Темпераменті анықтауда  мұғалімінен ізденістерді талап етеді.

Дегенмен мынадай қорытынды жасауға болады:

Оқушы мектепке білім алуға келіп, сабақ барысында олар еңбек етуге, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиеленеді.

Курстық  жұмысты жазу барысында мектеп оқушыларының темпераментін анықтаудың  тиімді әдіс-тәсілдерді анықталды.

Курстық жұмыстың І-бөлімінде темперамент жөнінде түсінік, темпераменттерге психологиялық сипаттама беріліп, темперамент туралы теориялар және педагогика-психологиялық әдебиеттерді зерттеп темперамент жайлы ғалымдар ой-пікірін талдадым. ІІ-бөлімде оқу ісіндегі оқушылар темпераменті және озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеп, темперамент түрлерін анықтаудың әдістері мен  қолдану тиімділігін анықтадым.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • К.С.Жұмасова Психология \Фолиант. 2006 ж.\
  • Жарықбаев Қ. –Психология.Алматы:Мектеп 1982
  • Жарықбаев Қ. –Психология.Алматы: Білім 1993
  • Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. Алматы 2006
  • Жұмабаев М. Педагогика / М. Жұмабаев– А.: Рауан, 1993
  • Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә. – А.: 1997
  • Богословский В.В. Жалпы психология / В.В. Богословский– А.: Мектеп, 1995
  • Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики / А.Н Леонтьев. 1972
  • Рубинштейн С.Л Избранные психологические труды / С.Л Рубинштейн–М.: Просвещение, 1960
  • Выготский Л.С. Педагогическая психология/ Л.С. Выготский– М.:1980
  • Төлегенов Ө. Оқытудың пелагогикалық – психологикалық ерекшелiктерi / Ө. Төлегенов // Бастауыш мектеп, -2001, -№1 -33
  • Дүйсенова Ә. Бала мiнезiн тәрбиелеу / Ә. Дүйсенова // Бастауыш мектеп, 1996, -№2 -46
  • “Шаңырақ” энциклопедия. – А.: Ғылым, 1989
  • Эльконин Д.Б. Психология младшего школьника/ Д.Б. Эльконин– М.: Просвещение, 1993
  • Павлов И.П. Шығармаларының толық жинағы/ И.П. Павлов– М.:
  • Елекбаев Н. Ұлттық психология/ Н. Елекбаев– А.: Білім.: 1992
  • Сейталиев Қ. Жалпы психология /Алматы: Білім: 2007