Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

0

Жоспар

Кіріспе.. 2

1.1.Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері. 4

1.2.   Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары. 9

1.3.  Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. 19

1.4.   Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. 22

Қосымша 1. 33

Қорытынды… 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.. 38

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып  қала береді де.

Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу  басты мақсат.

Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.

Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай,  айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.

Зерттеу жұмысының объектісі. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.

Курстық  жұмыстың  мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясын негіздеп, әдістемесін ұсыну.

Курстық жұмыстын міндеттері:

Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау;

Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру-дың көрсеткіштерін айқындау;

Бастауыш  сынып  оқушыларына  құқықтық тәрбие  берудің әдістемесін ұсыну.

Курстық жұмыстың құрылымы:  Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,  қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1.1.Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері.

Халкымыздың перзенті М.Жұмабаев тәрбиені төрт түрге: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі деп бөле келе «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәррбиесі түгел болғаны»,-дейді.

Соның ішінде адамгершілік тәрбиесіне тоқталатын болсақ адамның моральдық бейнесі оның бүкіл өмірі мен іс-әрекетінде дами береді, бірақ адамгершіліктің негізгі бейнелері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік кезде қалыптасады. Одан әрі қарай жаңа адамгершілік қалыптың пайда болуынан гөрі, бойындағы бұрынғы бары дамиды немесе тәрбиедегі кемістік жөнделеді.

Ата-аналар: «Ең бастысы ұлының немесе қызының қандай маман болғандығында емес, ең маныздысы олардың нағыз адам болуында»,- деген сөзді жиі айтады. Ата-аналардың бұл сөздерінен өз балаларының адамгершілік бейнесі жөнінде қамқорлық  жасайтыны көрінеді.

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершлік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық,  құлық пен адалдық, зұлымдық пен махаббат, борыш   пен   намыс,   ар  мен  ождан  адамның  іс-әрекеті   арқылы  өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан, мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты.   Ал   осыны   ойлаған   ата-ана   жастарды   отбасында кішіпейілдікке,    ізеттілікке,    инабаттылыққа,    имаңдылыққа    тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойды.

Адамгершілік — қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатынын қауымдық, әлеуметтік, халықтың игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық инабаттылықты көрсететін терек мәнді ұғым.

Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтауды, сыпайыгершілікті, әдептілікті, достықты уағыздай отырып, тамаша қасиеттерге  қарама-қарсы  адамды  аздыратын өтірік,  өсек,  мақтаншақтық сияқты жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі-бауырмалдық, бүкіл алам баласын бауыр, лос түту, көпшіл болу.

Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ бірінші сыныптықтардың қоршаған орта туралы әр түрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары да, мінез-қырларымен әдеттері де әр басқа екендігі анықталады. Мектепке ілтипаттары да әр түрлі. Кейбір балалар құрбыларымен тату-тәтті ойнайды. Керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді, өзімшіл болады.

Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мінез-құлықтағы дағдылары мен әдеттерінің дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершілік тәрбиесі барысында мектеп түзетуі керек.

Мектеп білімі едәуір өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етеді. Адамгершілік тәрбиесі белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шындай түседі немесе түзейді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы тиіс.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері -оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларын ауытқушыларға жол бермеулі қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты.

Саналы еңбек тәртібі, тапсырылған іс үшін, орындалу мерзімдері үшін, аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуі үшін жауапкершілкке тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерінен-ақ жүргізе бастауы тиіс. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындау кезінде игеріледі. Оқу барысында оқушлардың таным-білім әркеті мен еңбек әрекеті ұштасып жатады. Оқу бала үшін — қауырт еңбек. Дүниетану, кең көлемде жаңа білім алу процесінің өзі, сөз жоқ қиыншылықтарымен, табыстарымен және сәтсіздіктерімен алмасып келіп отырады.

Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның тұрған кезінен-ақ басталады. Мектепке дейінгі жаста балаларды бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылық мінез-құлықтың ең карапайым дағдылары   қалыптасады. Мектепте бұл жұмыс он бір жыл бойына мұғалімдердің басшылығымен жүйелі түрде, көзделген мақсатқа сай жүргізіледі. Баланың мектеп жасына дейінгі кезде қалыптасқан мінез-құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы-құрдастарымен қатынастарының формалары, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде бастауыш сыныптарды адамгершілік көзқарастардың, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады. Бұдан бұрынғы тәрбие мен алдағы тәрбиенің арасында диалектикалық өзара байланыс бар.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыртқы ықпалды тез қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына, адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келетінін, бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөніндегі ымырысыздығымен, мінез-құлықтары еркіндігімен ерекшеленетін психологтар анықтаған. Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиеленетіндігінің кепілі болып табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілкке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады. Адамгершілкке тәрбиелеуде балалардың онда адамгершілік тәжірибесі шешуші маңызға ие. Тәрбиенің ісі ең алдымен баланың күнделікті өмірінде өтіп жатады, мұнда ол адамгершілік ережелеріне, нормаларына, принциптеріне дағдыланады және олардың қажеттілігіне көз жетеді.

Мектеп окушыларының қандай да болсын қызметі айналадағылардың қоғамдық мүдделерімен, қоғам өмірімен белгілі бір дәрежеде байланысты болса, ол оның адамгершілік қызметі болып табылады. Сөйтіп, адамгершілік бастама баланың бүкіл сан қырлы практикалық қызметіне, оның сезімдік және  интеллектуальдық сфераларына өзек болады.   Балалар  мейлі  мектеп  ауласында ойнап  жүрсін,  мейлі еңбек етіп  жатсын,  солардың бәрінде де олардың қызметінен адамгершілікке тән немесе оған қайшы қасиеттер көрінеді. Осыдан келіп, адамгершілік тәрбиелеуді тәрбие жұмысының айрықша бір тарауы деп те, тәрбие жұмысының кез-келген басқа тарауының бір жағы деп те қарау керек деген қорытынды туады. Мұғалім балалардың оқуын, еңбегін, ойының ұйымдастырғанда, олардың адамгершілік тұрғыдан жетілуіне ықпал етуге мүмкіндік алады.

Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның    тиісті нақты  мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан қалыптасқан   дағдыларды жоғары жаңа талаптар негізінде қайта құру әрқашан қиындықпен іске асады.

Адамгершілік тәрбие процесінде мектеп оқушыларының мұраттары мен, моральдық тәрбиелілік дәрежесі арасындағы қайшылықты есепке алудың мәні зор.

Бала үлкендердің талап-тілегін жай ғана орындай салмай, ықыласпен өзі қалаған жағдайда адамгершілік тәрбие оқушының адамгершілік тұрғыдан өсуін бағыттай алатыны мәлім. Бұл тіпті кішкентайлардың адамгершілік тәрбиесінде жетекші роль атқаратын еліктеу барысында көрініс табады. Егер бұл жақсы өнегеге еліктесе, оның дамуы жемістірек болады.

Мұғалімдердің бәрі бірдей оқушы мүддесін байқап, оны көтерлемелеп, қанағаттандырып отырмайды. Балалардың көптеген тілегіне тіпті жауап оларға тиыс салу. Жазаланудан қорыққан бала өз тілегінен уақытша бас тартуы  мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен қайшылық жойылмайды. Жаза сейілгенде,  бала өзінің тілегін қанағаттандыруға көшеді. Үлкендердің өз тілек-мүддесіне қатынасын сезген тәрбиеленуші енді қулыққа, екі жүзділікке салады. Ол үлкендерге былай деп жауап берсе, ал іс жүзінде басқаша істейтін болады. Сөйтіп бірте-бірте өзінің төңірегіндегілерді алдаута үйренеді. Мұндай мінез-құлық кейде тәрбиеленушілердің моральдық бейнесінде ауыр кемшіліктерге әкеліп соғуы мүмкін.

Баланың тілегін екі етпей орындау да кері ықпал етеді. Ж.Ж.Руссо баланы бақытсыз етудің сенімді жолы – оны  «болмайдыны» естімеуге үйрету деген болатын.

Тәрбиеші баланың тілек-мүдделерін басқара білуі, яғни оның стихиялық түрде пайда болатын тілектерін ақылмен қанағаттандырып, саналы түрде жаңа мүдделерін қалыптастыра білуі керек.

Өзінің адамгершілігін жетілдіруге, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылудың үлкен мәні бар.

Оқушы өзіне міндеттеме алғызып, оны орындауға итермелептін стимул — адамгершілік мұраты. Яғни, оқушы өзін адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде өзіне міндеттеме алу әдісі. Мұрат шәкірт өмірінде жарық жұлдыз іспеттес, ол адамды үнемі жаңара түсуге шақырады. Адам өзін үнемі өз мұратымен салыстырады, өзінің кемістігін айқынырақ сезініп, оны тезірек түзетуге  күш   салады.  Ал  мұғалім балалардың өзін  тәрбиелеу  әрекеттерін үнемі бақылап отыруы  тиіс.

Мектеп оқушысының адамгершілік мұратының қалыптасуында мұғалім маңызды роль атқарады. Өзінің барлық жұмысында ол шәкірттерді адамдар мінезіне талдау жасап, білуге шынайы адамгершілікті өтірік, жасанды адамгершіліктен ажырата білуге үйретеді.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны адамгершілік сапаларының кең көлемін қамтиды.

Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды алға шарты сынып пен мектептегі жалпы адамгершілік «климат» мұғалімдер мен балалар арасындағы қарым-қатынастың, балалардың өзара қатынастарының стилі, сонымен бірге мұғалімнің өз үлгісінің оның балаларға көзқарасының шешуші маңызы бар. Балалар тіпті ұсақ-түйек істерді де қимыл-әрекеттерін де өзінің мұғаліміне еліктеуге тырысады.

Сонымен, бастауыш сыныптағы адамгершшік тәрбиесі тұтас тәрбие жұмысының құрадас, маңызы болып табылады.

 

1.2.   Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары.

Бастауыш сыныптардағы мектеп оқушысын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен мектептегі қызметтің басты түрі – оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың оқуын үстірт қараған жағдайда ғана оның жеке өзінің ісі болып көріне алады. Ал шын мәніне келгенде, сабақ – алуан  түрлі ұжымдық әрекеттің, көңіл-күйдің, өзара адамгершілік қарым-қатынас тәжірбиесін жинақтау орны. Балалар сабақ үстінде өз бетінше іс істеуте, оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін өз әрекетін басқа балалардың әрекетіне қатысты етуге, жолдастарын тыңдап, түсіне білуге, өз білімін өзгелердің білімімен салыстыруға, пікірін дәделдеуге, басқаларға көмектесе және өзі де көмек ала білуге үйренеді. Сабақ үстінде балалар жаңа білім алу процесінде қуаныш сезімдерін, сәтсіздіктер мен қателіктер өкінішін ұжыммен бірге бастан кешеді. Тәрбие тұрғысынан алғанда, мектепте оқытылатын пәңдердің бәрі бірдей дәрежеде маңызды. Пәндердің алуан түрлі болуы әрбір баланың оқуда өзінің қабілетті жақтарын көрсетуіне мүмкіндік береді. Біреуі зерек, екіншісінің қолы шебер, үшіншісі ерекше епті, әдемі, тұлғасын мінсіз ұстап, мінсіз қимылдайды, төртіншісі сымбат-сұлулыққа құштар, бесіншісі байқағыш келеді. Баланың жеке қасиеттерінің осындай күшті жақтары ең алдымен әр бала бір салада едәуір білімге үйреніп мағлұмат алатын оқу процесінде көрінеді.

Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбы-құрдастармен ұдайы қарым-қатынаста болған баланың адамгершілігі қалыптасады, оның өмірлік тәжірибесі молаяды. Бастауыш сынып оқушыларының көңіл-күйі, олардың қуанышы мен күйініштері ең алдымен оқуға байланысты болады. Сабақта тәрбие процесінің негізгі барлық элементтері: мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы өзара араласып жатады. Баланы тәрбиелейтін оның сәттері емес, сабақ үстіндегі бүкіл оқыту процесі.

Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін оның мазмұнының ғылымилығы мен мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік эмоциялық қуаты, сабақ үстіндегі мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынас стилі, мұғалімнің өзіндік адамгершілік бағыты, оның оқылып отырған материалға көзқарасы және басқалары.

Балалардың бірлесіп істейтін жұмыс тәжірибесін молайту мұғалімге қойылатын басты талаптардың бірі. Ол үшін мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқулық материалды білуін бағалап қана қоймай, сонымен қатар олардың адамгершілік іс-қимылдарына көңіл аударуы керек. Сабақ үстінде мұғалім табиғи жағдайларды пайдалануына және балалар арасында туатын өзара қарым-қатынастардың сипатын түсіндіруіне, теріс қылықтарға жол бермеу үшін әдейі жаңа жағдайлар туғызуына мүмкіндік мол. Сабақ кезіндегі бірлескен қимыл үстінде бастауыш сынып оқушыларына ненің жақсы, ненің жаман екені туралы түсінік қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының бірлесіп істейтін жұмысы әр алуан.

Сөйлеуді дамыту — оқу мен грамматика сабақтарының құрамдас бөлігі. Бұл сабақтарда мұғалім баланың сөз қорын байытуда жүзеге асырады. Алғашқы сабақтарды балалардың өздерінің манындағы оқиғалар немесе табиғат құбылыстары жөнінде еркін әнгімелесуіне арнауға болады. Балалар өз жолдастарының айтқанын тыңдауға, ұжымдык әңгімеге үйренеді. Алғашқы сабақтарда олар өздерінің жауаптарына, пікірлеріне мұғалімнің жақсы ілтипатын сезінуі тиіс. Мұндай көзқарас оның өз пікірлерін батылырақ айтуына мүмкіндік береді.

Математика сабақтарында да бірлескен жұмысты ұйымдастыруға болады. Олар белгілі бір ережеге арнап есеппен жазбаша есептен тапсырмалар ойлап табады, оны шешуді бір-біріне ұсынады. Әрбір бала кімге сұрақ немесе жазбаша есеп келетінін өзі шешеді. Бір партада отырған балалар есепті шешкенде алынған жауаптарды өзара тексереді.

Бастауыш сынып оқушыларының адамдық өзіндік қасиеттерін қалыптастырудағы өзіндік міндеттердің бірі оның адамгершілік ұғымдары мен түсініктерін молайту болып табылады. Балалардың бұларды меңгеру дәрежесі түрліше, яғни ол баланың жетілуіне, өмірлік тәжірибесіне байланысты, бұл тұста ана-тілі сабақтарының  рөлі орасан зор. Бала кітап оқи отырып, айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамдардың еңбегімен танысады, олардың қуанышына, кейде сәтсіздіктеріне ортақтасады. Көркем сөз баланың санасына ғана емес, сонымен бірге сезіміне, қимыл-әрекеттеріне әсер етеді. Сөз баланы қанағаттандырады, жақсы болуға. қандай да бір жақсылык істеуге құштарландырады. Мұғалім оқуға арналған текстерді пайдалана отырып, нағыз жолдастық пен шынайы достық туралы,  бұл үшін қандай да қасиеттер (кішіпейілділік, қайырымдылық, әділеттілік т.б.) туралы балалардың көзқарасын кеңейтеді. Ол үшін әрбір сабақта қосымша сұрақтар қоюдың маңызы зор. Ол сұрақтар шығарманың адамгершілік жақтарын айқындауға бағытталған, оларды балаларды жалпы жетілуі мен танымына қарай өзгертіліп отыруы мүмкін.

Әңгімелесудің ең маңыздысы — оқушының оқылған әңгіме, ертегі не өлеңге көзқарасын анықтау, оларға өздерін пікірін айтып беруді ұсыну. Балалардың «Ол (әңгіменің қаһарманы) маған ұнайды», «Бұл әңгіме қызық екен» деген сияқты қысқа жауаптарына қанағаттанбау керек. Өзінің жауабын дәлелдеу, оқушыны оқығанын — ойластыруға, әңгімедегі қайсыбір кейіпкерінің іс-әркетіне баға беруге, ал көбінесе өзінің де тәжірибесін еске түсіруге мүжбүр етеді. Балаға: «Өмірде осы оқиғаға нендей бір жәйттерді байқағаның бар ма?»-деп сұрақ қоюға болады. Әңгімелесуді мектеп оқушысының тек мақұлдайтын ғана емес, талқылайтын да эмоцияларын туғызатындай етіп жүргізу керек. Бұл мектеп оқушыларының қатыгездік өзімшілдік, немқұрайлылық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеуге, олардың кейіпкердің дұрыс және теріс қасиеттерін жақсырақ танып, дұрыс бағалауына көмектеседі. Мәселен, — сыныпта С.Көбеевтің «Түлкі мен қырғауыл»   атты   мысалын   оқығанда,   мысалда   қулық   пен   арамдықты, жамандықты сынайды. Мысал  қара сөзбен жазылған. Бұл мәтінмен жұмыс істегенде, оны  мұғалім оқып шыққаннан кейін балаларға мәтін бойынша төмендегідей сұрақтар қойылады.

Түлкі мен қырғауыл не жайлы әңгімелесті?
Түлкі қырғауыл не деп алдады?
Қырғауыл қалай аман қалды?

Ал енді балалардың мәтін бойынша ой қорытуы  үшін жеке-жеке немесе топқа бөліп сұрақтар қойылады. Мәселен,

I топ.

Түлкіге мінездеме беріңдер. Сендер түлкіге ұқсағыларың келе ме? Неге? (Түлк, қу, айлакер. Біз түлкіге ұқсағымыз келмейді. Себебі, ол өзгелерге жамандық жасайды, алдайды).

Сендерге қырғауыл ұнай ма? Несімен ұнайды?

(Бізге қырғауыл ұнайды. Ол ақылды).

III топ.

Жамандық деген  не?  Жақсылық,  жамандық туралы  мақал-мәтел айта аласындар ма?

(Жамандық — өзгені алдау, қиянат, күш керсету, адал болмау. Жақсы  өтіріктен жаман шындық артық).

Жалпы, бастауыш сыныпта ертегілерді оқытудың маңызы зор. Ертегі балалардың ой-өрісін  дамытып, тіл байлығын арттырады.

Жаңа буын оқылғанды «Ана  тілі»  пәнінде 2 сынып)  «Ертегілер» тақырыбына едәуір орын  берілген.     «Байлық пен ақыл»,  «Ұр тоқпақ», «Жақсылық пен жамандық» ертегілерімен оқушылар осы сыныпта танысады.

Әрбір ертегіні мұғалімнің жеңіл тілмен баяндап, түсіндіруі маңызды. Оқушылар оқиғаға өздері араласып жүргендей әсер алуы тиіс. «Жақсылық пен жамандық» ертегісінде шындық пен жалғандық, ақылдылық пен  ақымақтық қатар көрсетіліп, жаман мінезге жақсы мінез қарсы қойылады.

Ертегіні  оқушыларға рөлге бөліп оқытып, дауыс интонациясын сақталуын ескерту керек. Ол үшін келесі сабақта оқушылар ертегіні саналап көрсететіндей ролдерді бөліп береміз.

Ал келес, сабақта  бір оқушы – жақсылық, екіншісі – жамандық, 2-3 оқушы аңдар болып, ертегінің мазмұнын айтып береді. Олар беттеріне андар: арыстан, қасқыр, түлкі болып, бет перде киіп, дауыстарын өзгертіп, бірі жуан, бірі жіңішке қалыпта ертегіні жеңіл әрі қызықты етіп айтып береді. Сабақ соңында «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» деген мақалдың мағынасын түсіндіріп, сабақты қорытындылаймыз.

Ертегімен танысуды жалғастыру мақсатында бейнелеу өнері сабағында осы тақырыпты пайдалана отырып, балаларға андардың суретін салдырамыз. Бұл шәкірттердің ой-қиялын дамытып, пән сабақтарының идеялық мазмұнын ұштастырады.

Демек, ертегі оқыту барысында қандай қиыншылық болса да қарсы тұра білу, еңбек адамын қадірлеу, биік адамгершілік қасиеттер дәріптеледі.

Еңбек сабақтарында адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері орасан зор. Мұғалім мұнда еңбек жөніндегі дұрыс көзқарасқа және еңбек үшін жауапкершілікке, бірлесіп жұмыс істей білуге, еңбекке деген шығармашылық көзқарасқа тәрбиелейді.

Жас ұрпақты өндіріс саласындағы еңбекке, кәсіпті дұрыс таңдап алуға, енбектің құдіреттілігін түсінуге тәрбиелеу жөніндегі қоғамның талаптары мектепте оқыту мен тәрбиелеудің барлық буындарын қамтиды. Бұл жұмыстың негізі бастауыш сыныптарда қаланады.

Еңбек сабақтарында балалар өз еңбегі үшін жауапкершілікті сезіп, оған   қоса   ортақ   еңбектің   нәтижелі   болуын   ойластыруы   үшін   оларды жұмыла жұмыс істеуге үйрету, өз тәжірибесін жолдастарына үйретуге баулып, мұны дамыту өте маңызды. Балалар сабақ үстінде ортақ құралдармен, жартылау даяр материалдармен құрастыруды үйренеді, белгілі бір бұйымлы бірлесіп жасайды.

Мұғалім оқушыларға ұйымшылдықпен жұмыс істеудің мәні, бір-біріне қалай көмектесу керектігін, бір бірінен нелерді үйренуге болатынын түсіндіреді. Бұл тек ұжымдық қана емес, сонымен бірге жеке жұмыс формаларында да сөзсіз қажет.

Сонымен, еңбек сабақтарында балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұжымдық жұп, топтық және дербес жұмыс түрлері маңызды.

Ұжымдық жұмыстар — тапсырманы бүкіл сыныптың орындауын шарт ететін жұмыстар. Мысалы, мектеп, сыныпта мерекелік безендіруге арналған жалаушалар, шырша ойыншықтарын дайындау, мектеп учаскесінде өсімдіктерді, сыныпта бөлме гүлдерін күту, т.б. жұмыстар.

Әрине, ұжымдық жұмыстың табысты болуы үшір еңбекке деген ынта мен дағдыдан басқа балалардың ұжымдық еңбекке үйрету қажет.

Жұп болып жұмыс істеуде мұғалім балалардың назарын жұмыс кезінде бір-біріне кедергі жасамауына, құрал-сайман мен матеиал үшін таласып, керісіп қалмауына аударуы керек. Әкелінген материалды әділетті түрде тен немесе жұмыс жағдайына қарай бөліп беру керек. Балалар ұйымшыл, бірлескен еңбек ең алдымен осындай қарапайым істен басталатынын түсінеді. Бұл жерде бір ескертетін жайт, кейде сыныптас балалар алдында дайындасуға бейім тұратын зеректеу балаға сынан етіп шеберірек жолдасын қою керек, сонда олар сыныпта өзінен ілгері балалар бар екенін сезінетін болады. Сондай-ақ балалардың дербестігі мен шеберлігі жағынан айырмашылық болса онда олардың бастауын әлдебір нәрсені істеп үйренгенге дейін епті баламен бірге жұмыс істеу, ал одан соң осы үйренген баланы келесі икемсіздей жолдасына үйретуші етіп қою керек.

Топ болып жұмыс істегенде әр топты мұқият қадағалау керек. Үш-төрт оқушыдан тұратын бұл топты олардың өздерінің тілегі бойынша, мұғалімнің қалауынша немесе жұмыстың сипатына қарай ұйымдастырылады.

Егер балалардың жұмысында достық болмаса, бірінің  үстінен бірі шағым айтса, жұмысты ұйымдастыра білмесе, мұғалім ақыл-кеңесімен көмектесуге топтың құрамын өзгертуге тиіс.

Егер балалар ұйымшылдықпен еңбек етіп оқудағы тапсырмаларын орындап жүрсе, онда топта біраз уақыт бойына өзгеріс жасамаған жөн.  Мысал ретінде ұжымдық еңбек сабағының түсіндірмесін берейік: «Жалаушалар  әзірлеу»   сабағын  балалар  қағазбен,   желіммен, қайшымен жұмыс істеуге дағдыланғаннан кейін өткіземіз.

Еңбек сабағы алдында мұғалім оқушылардың үлгерімін көрсетеді. олармен   жұмысты қалайша  жақсырақ  жоспарлауға   болатынын,   топтағы балалар арасында еңбекті қалайша бөлісуге болатынын талқылайды. Жалаушаны жасау — төмендегі  жағдайлардан тұрады:

жалаушаны трафератпен салу;
жалаушаны ойып алу;
жалаушаны безендіруге арналған геометриялық бейнені ойып алу;
әшекейді жалааның бетіне желімдеп жапсыру;
жалаушаны жібіне ілу.

Мұғалім әркімнің шеберлігін ескере отырып, жұмыс операцияларын балалардың дұрыс бөлуіне көмектеседі. Бұл сабақ балаларлың жолдастық қарым-қатынастары нығаюына көмектеседі.

Бейнелеу өнері сабақтарында балалардың бейнелеу қабілетін дамыту арқылы, олардың өмірге деген идеялық түсініктері мен оның шын істерімен байланысын анықтауға көмектеседі. Бейнелеу баланың көптеген қабілеттерінің алғашқы белгілері, баланың айрықша эстетикалық қабылдағыштығы қалыптасады. Ал мұның өзі әрқашанда құбылыстарды моральдық тұрғыдан бағалаумен байланысты. Бейнелеу қызметі сезімдерін өзгертіп, байыту арқылы балаларлың рухани дүниесіне, адамгершілік санасына әсер етеді.

Баланы тәрбиелеу үшін бейнелеу өнері сабақтарының алуан түрін нақты заттардың суретін салу, көркемдеп безендіру, суретшілердің туындылары туралы әңгімелер, арнаулы тақырыптағы тапсырмалар береміз.

Тақырыптық тапсырмалардың тәрбиелік тиімділігі олардың мазмұны мен құрамына байланысты. Мысал ретінде сабақта «Аяз» ертегісі бойынша өткізілген әңгімені келтірейік. Сабаққа дейін балаларға бұл ертегі оқып беріледі.

Мұғалім: Бұл ертегіде кім, қандай адамдар қатысатынын» еске түсіріндер. Олардың қайсысы қандай адамдар? Өгей шеше туралы не айтуға болады? Оның мінезі қандай, түрі қандай?

Асан: Ол ашуланшақ ештеңеге қуанбайтын адам. Ол бай киінеді.

Майра: Ол мейірімсіз.

Мұғалім: Оның шашы қандай? Мұрны кандай?

Қанат: Мұрны үлкен, қызыл.

Мұғалім: өгей шешенің қызы қандай?

Айша: Ол да өте мейірімсіз, жалқау.

Мұрат: ол ұйқышыл, сараң.

Мұғалім: Ең негізгісі — ол ерке. Киім берсе ол: «жаман» дейді, ал тамақ берсе «жемеймін» дейді,

Асхат: Аяз оған сарай тазала деді. Ал ол істемеді. Сол үшін өгей шешенің қызы мұздап қатып қалды.

Айнаш: Егер жұмыс істесек аяз биді тондыра алмайды.

Мұғалім: Енді Аяз туралы: ол жұмыс істегені үшін сыйлайды, ол жұмыс істемегені үшін жазалайды. Ол қандай?

 

 

 

Әдеп және тазалық

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық, әдептілік
қасиеттерін сіңіру.
Тазалық, сенім, иман ұғымдарын қалыптастыру.

Әдісі: репродуктивті, эвристикалык, проблемалық,ъ

Көрнекілігі:  кесте.

Бұл сабақтың өзгешілігі әр этап бойынша тірек сұрақтары  қойылып   отырады.

Сабақ барысы:

I   Ұйымдастыру. 2-3 минут.

II. Оқушы білімін жан-жақты тексеру. 5-8 минут.

Иманды адам қандай мақсатка жетеді?

Өзі иманды адам басқаға жамандық жасамайды.
Иманды пенде шыққан түбін біледі, яғни Алланың жаратқанын біледі. Ол өзінің    үстазын да, ата-анасын да, жүрген ортасын да сыйлайды. Сыйлы ды болады.
Ондай пенде   екіжүзді   болмайды.   Жалған   сөйлеу   және   жалған ант екіжүзділіктің нәтижесі деуге болады.
Қоғамға, Отанға пайдалы, білімді бола аламыз.
Мұндай балалардан келешекте халыққа пайдалы адам шығады.
Осы айтылғандарды менгерген бала ұлық болады, бірақ кішік.
Мансапқор болмайды.

III. Оқушыны біліміді саналы меңгеруге дайындау. 5-7 минут.

Балалар, алдымен бір жақсылықты кімге жасау керек?
Өзіме.
Үй-ішіме.
Тутан-туыс, көршіме. Кешег, туған ауылыма.

— Отаныма, Қазақстанға, яғни оның табиғатын, шекарасын қорғауға. Мұғалім:

— Дұрыс-ақ. Олай болса, қолымыздағы 5 саусақты салалап көрелік:
1. Жан. 2. Тән. 3. Рух. 4. Ақыл. 5. Көңіл.

Жана матеиалды түсіндіру. 7-10 минут.

— Біздің бүгінгі сабағымызда жан мен тәнге қажет «Тазалық және әдеп»
деген жаңа тақырыпты оқып үйренеміз».

Күн ретін, тақырыпты жаздыру.

Әдепті бала болу үшін не істеу керек? і.  Тазалықты үйрену.

Иманды болу.
Қайырымды болу.
V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру. 10 минут.
Тазалық деген не?

Тазалық дегеніміз адам өз денесін,  киген киімін,  жүрген жерін, отырған орнын таза ұстау.

Иман деген не?

Иман — сенім.

Неге сенеді?

Аллаға.
Періштеге.
Пайғамбарға.
Құран-кәрімге.
Ақірет күннің бар екеніне.
Өліп-тірілуге.
Осының бәрі де бір Алладан.
Әдеп деген не?

Әдеп деген тек жақсылыққа тәрбелеу.

VI. Білімді бекіту. 2-5 минут.

Осы айтылғандарға діннің қатысы бар ма?

Имансыз деген дінсіз. Дінсіз деген өзіне-өзі сенбеген адамнан еш опа болмайды. Одан ұры да, қанішер, жауыз да, адамға да, қоғамға да пайдасыз ұрпақ шығады.

VII.  Үйге тапсырма. 2-минуг.

Тазалық және әдепті оқып келу.

Имандылық жолы, яғни имандылық, тәрбиені тек діни қағидалар деп түсіну – қате. Ислам біздің тарихымызбен, наным-сенімімізбен, мәдениеттілік, әдебиет, дүниетанымдарымызбен тығыз бірдікте болады.

Мұндай сабақтарды өткізу жақсы-жаманды ажыратуды, ойлаған масқатын орындауды, ой-пиғыл тазалығымен болашаққа сену арқылы бала зердесіне тоқуға мүмкіндік жасайды.

Сонымен, оқу пәндері бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде ерекше орын  алады екен.

 

1.3.  Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Балалардың өмірлік тәжірибесін молайтуда тәрбие жұмысын кесте бойынша жүргізілетін сабақтарда, онан тыс уақыттарда да ұйымдастырудың маңызы зор. Балаға бос уақыт өзі үшін де, басқалар үшін де өте пайдалы етіп өткізе білуге үйренуі үшін де беріледі. Моральдық қасиеттерді қалыптастыруға қатысты барлық мәселелерді мұғалім оқытуда да, еңбекте де, шығарамшылык істерде де комплексті шешеді, сөйтіп баланың өзін жан-жақты үйлесімді жетілдіру принципі жүзеге асады. Балалардың адамгершілік туралы білімдері үздіксіз жүргізіледі.

Балаларға адамгершілік тәрбие беруде бастауыш сынып оқушыларына арналған ережелермен жұмыс істеудін маңызы зор. Оқушылар ұжымының өмірі осы Ережелер негізінде құрылады. Ережелердің орындалуы балалардың тәрбиелігі туралы мәлімет беретін көрсеткіш болып табылады. Ережені еске салу үшін қолайлы болған жағдайдың бәрін пайдаланып отыру, әбден дағдыға айналғанға дейін оның орындалуын талап ету, ережелердің орындалғанын атап көрсету және оның бұзылуына жол бермеу қажет.

Ережелер балалардың санасына ұялап, олардың дағдысына айналуы үшін әр түрлі тақырыптарда жүйелі түрде әңгімелер өткізіліп тұрады. Этикалық әңгімелерде белгілі бір бағдарлама бойынша және сыныптағы оқиғаларға байланысты өткіземіз. Ең бастысы ережелерді жаттап алып, сол бойда-ақ ұмыт қалдыратындай болмау керек.

Ережелермен қалай жұмыс істеу керек? Ең алдымен бәрін бірден қолға алмаған жөн. Ережелерді бірте-бірге игеру тәртібін ұстану және адамгершілік мінез-құлыққа жаттықтыру.

Бірінші сыныптағылар ең алдымен мінез-қүлык нормаларына негіз болатын нақты талаптарды білуі қажет. Мәселен «Сергек бол; басқаларға қамкорлық жаса; ықыластылык көрсет» деген ереже бар. Оқушыларға осы ережені нақтылап белгілі бір жағдайларда өздерін қалай ұстауы керектігін айту; Автобуста жасы үлкен кісіге орын бер, үйдегілерді мазалама «Бір нәрсені сұрай қалсаң мархабат деуді ұмытпа» деп, т.б. үйрету керек.

Балалардың өмірін ережелерге сәйкес ұйымдастыруы оны неғұрлым жақсы игеруге көмектеседі. Ережелерді түсіндіру формалары әр алуан: сынып өміріндегі нақты фактіге байланысты әңгімелесіп, оқушының қылығына адамгершілік тұрғыдан баға беру; әңгімелер оқу, қайсы бір ереженің мазмұнын ашып берілетін диафильмдер мен кинофильмдер көріп, одан соң оқыған және көрген оқиғалар жөнінде әнгімелесу; белгілі мақсаттағы экскурсиялар т.б бола алады.

Әдептілік әңгімелер. Бірінші, екінші сыныптарда балалар жолдастықтың, ынтымақтаса жұмыс істеудің, әділ ойынның, сыпайылықтың ережелерімен танысып, жақсылық пен жамандық жайлы біраз түсініктер жинайды.

Үшінші, төртінші сыныптықтарда жалпы моральдық нормалармен таныстырамыз, соларға сәйкес өзінің және жолдастарының іс-әрекет, мінез-құлқын бағалауды үйренеді. Бұл кедергі әдептілік әнгімелердің мақсаты -шәкірттерге жалпы моральдық нормаларды бойына сініруте көмектесу. Әдептілік әңгімелер айына бір рет өткізіледі. Оның төмендегілей тақырыптарын ұсынамыз:

«Жолдастық, достық туралы
«Қайырымдылық, аламдарға ссегектікпен қарау, қайырымдылық туралы
«Әділеттілік туралы
«Адамдық және сөзге беріктік туралы
«Жауыздық пен енжарлыққа тәрбиелеушілік туралы
«Еңбекке, еңбек адамдарына және халық қазынасына қатынасы жайлы
«Адамгершілік мінез-құлқының ережелері жайлы
«Қалай қоғамшыл болу керектігі жайлы
«Мейірімділік және немқұрайлылық жайлы әңгіме т.б.

Әңгіменің басында балалар бұрын өздері оқыған әңгімелердің сюжеттерін еске түсіреді. Мәселен, «Жолдастық, достық туралы әңгіменің басында «Жаман жолдас әңгімесін еске түсіреміз. Содан соң балаларға сұрақтар қойылып, талқылау сол сұрақтар төңірегінде жүргізіледі.

Екі дос орманға барды. Алдарынан аю шыққан кезде сау жолдасы ауру жолдасын тастап қашып кетті. Оның өрекетін қалай атауға болады? Оны шын жолдас деп айта аламыз ба? Аю ауру жолдасына не деді? Сол жерде сен болсаң не істер едің?

Әңгіме мазмұны арқылы (балалармен сатқындық, корқақтық туралы да әңгімелесуге мүмкіндік туғызады. Қалаларға сатқындық туралы түсіндіреміз. Сатқындық деп қиын сәтте қасындағы жодасыңнан теріс айналу, көмектесуден бас тарту. Досына сатқындық жасаған адам, ертең оңай-ақ Отанына, ата-анасына сатқындық жасайды.

Әрине әңгімелесуге мұғалім де, оқушы да дайындалады. Мұғалім әңгіме үстінде қойылатын сұрақтарды алдын-ала ойластырады, оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны еске алып, оған баға беруге (кім дұрыс істеді, ал кім дұрыс істемеді, неліктен) ұсыныс жасаймыз. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай ашық айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе. Мұндай жағдайда қате пікір талқыға салынып, қате пікірі үшін оқушыны жазғыруға болмайтынын есте сақтауымыз керек, және оқушыларды дұрыс қорытындыға келуіне бағыттаймыз. Балалардың өз бетінше адамдардың өзара қарым-қатынастарың  оқиғаларды сипаттайтын әр түрлі фактілерді өз бетінше ойлап, салыстыра білуге үйренуінің, олардың қарама-қайшылығын көруге және оны біздің қоғамның моральдык принциптерімен байланыстыра отырып, дұрыс бағалай білуінің маңызы өте зор::

1.4.   Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Балалардың бірлескен түрінің аса маңызды түрі және оқуды, еңбекті, басқа да істерді ұйымдастыру тәсілдерінің бірі ретінде ойынның үлкен орны бар, ол әсіресе 1 сыныпта өте маңызды. Сюжеттік-шығармашылық ойындардың мазмұны мұғалімдерге балалардың назарын адамлардың өзара қарым-қатынастарының адамгершілік жағына аударуына жәрдемдеседі. Ойынның ережелері ойын қызықты болуы үшін қажетті адамгершілік нормаларды қатаң орындауды талап ететіндей болуы керек.

Н.К.Крупская   ойынның   байқағыштыққа,   ептілікке,   өзін-өзі  ұстай білушілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтінін атап айтқан.

А.С.Макаренко;   «Ойынның  адам  өміріндегі   маңызы  зор,   ол  енбекке даярлық болып табылады және бірте-бірте еңбекке ұласуы тиісің деп атап көрсеткен болатын. Дегенмен ойындар әдетте тәрбие мақсаттары үшін әлі де жеткілікті дәрежеде қолданылып келе жатыр деп айта алмаймыз. Шындап келгенде мектепке бару көптеген оқушылар үшін бұдан әрі ойнауды қойып, бірден   елеулі   іске   — еңбекке,   оқуға   ауысатын   шепке   айналып   кетеді. Мұғалімдер балаларға  ұдайы  «есею  керектігін айтумен  болады,  ал ата-аналар  бұл  пікірге  қосыла  отырып,   үйде  де   ойынға  бөлінетін уақытты шектеуге   тырысады.   Бірақ   балалар   бұған  қарамастан   кез-келген   бос уақытында: үзіліс кезінде, аула ішінде, үйде, жалғыз да, басқа балалармен бірге ойнайды. Ойындары да алуан түрлі: шығармашылық, стол үстілік, қимыдды   болып    келеді.   Осы   ойындардың   көпшілігіне   баланың   өз тәжірибесі, оны қоршағын өмір, кітаптардың,  кинофильмдердің мазмұны арқау болады.

Ойын балалардың жақын араласуына, олардың арасында байланыс орнауына, іштарту  және жек көру сезімдерінің тууына мүмкіндік береді.

Ұжымдық ойындар балаларды топтастырады, олардың арасында жолдастық қарым-қатынастың қалыптасуына көмектеседі. Мұндай ойындар кезінде балалар өздерінің іс-қимылдарын ойынның басқа қатысушыларының іс-қимылдарымен келісіп алуға, оз жолдастарына әділ болу жөнінде ережелерді орындауға тиіс. Балалардың көптеген ойындарында: кім бәрінен де мерген, бәрінен де епті, бәрінен де тез дейтін бәсекелі элементтер бар. Ойында біреулері жеңсе, енді біреулері жеңіледі. Мұндай жағдайлар тәрбиесінің бірінші сынып оқушыларының ұтылғанда да, ұтқанда да әлпетті болып қалыптастыруына мүмкіндік туғызады, ол ізгілікке, жолдасына көмектесіп,  оған әлі жасай білмейтінін  үйреткісі келетін тілекке негізделеді.

Балалардың ойындары рольдерді, ойыншықтарды, материалдарды бөлісуден, кезекшілік белгілеуден, т.б. басталады. Бір рольдер қызықтырақ, ал енді біреулерінің қызығы шамалырақ болады; ойыншықтардың ойнаушылардың санынан аз болатыны да кездеседі, сондықтан әркімге өз кезегін күтуге тура келеді. Балалардың адамгершілік сапасы міне, нақ осы арада көрінеді. Әйткені бөлісудің әділ болуы немесе күш, айлакерлік принципіне негізделген әділетсіз болуы мүмкін ғой. Ойын үстінде мінез нормалары, ненің жақсы, ненің жаман екені, қандай жолдастың жақсы, қандай жолдастың жаман екені туралы түсінік қалыптасады.

Ойындардың мазмұны адамгершілікті болуы керек, яғни оларда қоғамдық өмірдегі оқиғалардан, адамдардың өзара қарым-қатынастарынан, еңбегі мен демалысынан байқалған жайттар көрінеді.

Ойнаушы топтар 4-5 адамнан, ал командалық ойындарда 8-10 адамнан құрылғаны дұрыс. Топтарда адам санының аздығы балалардың бір-бірімен белсенді өзара қарым-қатынас жасауына; жолдастық пен әділеттілік сезімдерін білдіруіне, ойында басқаларды өздереіне көндіруіне және өзінің де жолдастарының айтқандарын істеуіне мүмкіндік береді.

Ойнайтын топтар балалардың тілегі бойынша құрылса, біздер олардың өзара қарым-қатынастарын анықтай аламыз. Кей балалар басқалармен де ойнауға құмар келеді. Бірақ басқа балалармен ойнай алмайтын немесе ойнағысы келмейтін де балалар бар. Ешкіммен де ойнағысы келмейтін балаларға ересек адамдар тарапынан айрықша қолдау көрсетілуі қажет. Ондайларды ойынға қосу — міндеттердің бірі.

Мұғалімнің міндеті — ойнап жүрген балаларды мұқият байқап, олардың адамгершілік деңгейін анықтау, сөйтіп дұрыс гуманистік қарым-қатынастарды қалыптастыруға белсенді ықпал жасау. Бұл үшін ұялшақ, жүрексінгіш балалардың өздеріне жолдастар табуына көмектесу, балалардың ойындағы алғашқы жетістіктерін, олардың көрсеткен жолдастық қарым-қатынастарын бағалап отыру керек.

Тәрбиеші әр бала үшін оған жақсы ықпал ететіндей ойнаушылар тобын табуға тиіс. Міне, сонда ойын балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің пәрменді құралына айналады.

Төменде бастауыш сыныпта өткізуге мүмкін кейбір ойындарды ұсынамыз:

«Сыпайылар қаласың. Бұл ойынды оқу жылының аяғында өткізуге болады; онда бабалардың жыл бойына үлгергендерін қорытындылауға мүмкіндік болады. Ол үшін оқудан тыс күн бөлінеді. Бұл күрделі ойын. Балалардың қоғамдық жерлердегі (дүкен, автобус) мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, жұмыстағы. Ойындардағы жолдастық ережелерін білуге тиіс.

Мектеп ойын өтетін кезде қалаға айналдырылады. Онда «почта», «дүкені», «кинотеатр», «стадион» болады. Ойнаушылар қалада кім қандай қызмет атқаратыны жөнінде рольдерді өзара бөліседі. Ойынға қатысушылардың бәрі «қаланың тұрғындары болады, ал бір бөлігі жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттерін атқарады. Бұлар «сатушылар», «шеберлер», «киномеханиктер», «кассирлер», «бақылаушылар» т.б. Әр ойыншының «ақшасы» мен қатырма қағаз жетондары болады, олар «қаладағы» тәртіп ережесі бұзылған жағдайда қайтып алынады.

Ойынның  басталғаны туралы  белгі берілісімен  «қалада барлық «мекемелер», «стадион», «дүкендер» ашылады.   Мысалы, кішкене «Жасұлан» кинотеатрын ұйымдастырып, онда да фильмдер көруге болады. Бұл үшін сеанс басталғанға дейін келіп, билет сатып алып, өз орынан барып отыру керек. «Ойыншықтар фабрикасында» бір топ жұмысшылар жартылай фабрикаттардан (қағаз, желім, қылқаламдар) дайын бұйымдар жасайды. «Почтада» хаттар жазып, бір-біріне сол жерде жөнелту керек, «хат тасушы» оларды көрсетілген балаға табыс етеді. «Дүкеннен» қайсыбір затты сатып алу қажет, т.б.

Барлық жерде сыпайылық ережелерін орындау, ұрысып-керіспеу, ұйымшылдықпен жұмыс істей білу, жолдастарға бөгет болмау, басқаларға көмектесу қажет. Кімде-кім сыпайылық пен жолдастық ережелерін бұзса, ондайлар «айып» төлейді (қатырма қағаз жетонын қолынан береді). Ойын аяқталғанда мұғалім сыпайылық ережелерін бір де рет бұзбаған балалардың есімін атайды.

«Жануарлар саябағы» ойыны. Бұл ойынның танымдық мәні бар. Балалар шағын топтарға бірігеді, әр топ өздерінің «жануарлар бағын» ұйымдастырады. Балалар бақта қандай жануарлар болатынын, оларды қандай матеиалдардан бейнелеу, олардың орынын неден істеу керектігін, кімнің «экскурсия жетекшісің болатынын келісіп алады. Жұмыс кезінде балалар кеңеседі, ортақ шешімге келеді. Олар түрлі жануарлардың суретін салады, мүсінін пластилиннен жасайды, мұның үстіне балалар осы жануарлар қай жерлерді мекендейтінін, немен қоректенетінін, адамға қандай пайдасы бар екенін өзгелерге әңгімелей білуге тиіс.

Ойынға бәрі дайын болғанда балалар топтары бір-біріне экскурсияға
барады. «Экскурсия жетекшілері» жануарлар туралы әңгімелейді, экскурсияға
келгендер сұрақтар қояды. Егер оған «экскурсия жетекшісінің » өзі жауап
қайтара алмаса, ол мұның жауаптарын кітаптардан табуға, ересек
адамдардан сұрап білуге тырысуға міндетті.

Ойын үшін түрлі жануарлар бейнеленген картиналар, пластилин, түрлі түсті және ақ қағаз, кілем, қылқалам, қалам, текшелер керек.

Бастауыш сынып оқушылары үшін мұндай ойындарды көптеп ойлап табуға болады. Ойын бұған уақытымен жағдайлары бар балалардың талап-тілегі мен ерекшеліктеріне қарай мұғалімнің қалауы бойынша таңдап алынады.

 

 

Адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тәрбие сабақтарын өткізу.

Әрбір тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі   —  балалардың  қатынас өрісіне   ену,   олардың  арасындағы  қарым-қатынастарды   реттеу,  қатынас мәдениетіне баулу. Бұл қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты. Бұл арада тәрбиеші жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге алады.

Ең биік құндылықтардың бірі — адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі саған өмір сыйлаған, дүниеге әкелген анаңның алдында бас ию. Туған жер, отбасы — бұл құндылықтардан адамның ары, абыройы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысы, патриоттық, азматтық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіңдік ерекшелікке, өзіндік пікірге құқылы екендігін мойындайды. Егер осы қасиет бала кезінен қалыптасса, ол сонда ғана басқа адамдардың  қоғамның  дамуына мүмкіндік бере алады.

Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине, өте қиын. Бірақ оларды күнделікті өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар    адамдардың    қылықтарын,    араларындағы     қатынастарды    реттеп отыратын ережелерге айналатыны сөзсіз. «Балаларды қорғаушы  тұрғысынан алатын болсақ окқ өрісіндегі сәттілікке жетелеудегі тәрбиешінің жұмыс бағыттары ерекше қырынан көрінеді. Әрбір тәрбиешінің басты назарында – оқушы – Адам, оқушы – тұлға, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қоргау, дамыту міндеттері тұрады.

Тәрбие сағаттары – мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру міндетін  мұғалімнің ойдағыдай шешуіне мүмкіндік туғызатын сыныптан тыс жұмыстардың қызықты бір формасы. Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін,   олардың   алуан   түрлі   істермен   әуестенуге ұмтылысын, тұрақты сараланған қызықты істерінің жоқтығын, сондай-ақ балалардың бір жақты  жетілуін  болғызбау қажеттігін  ескере  отырып,  тәрбие  сағаттыран ескеруіміз керек.

Тәрбие сағаттарын өткізу барысында мұғалімніғ позициясы өзгеріп отырады. Егер сабақ үстінде мұғалім оқу-тәрбис процесін бірден-бір ұйымдастырушы болса, тәрбие сағаттар жүйесінде ол бәрінен де тәжірибесі мол, жасы үлкен, ақылды жолдас, балалардың барлық істері мен ойын-сауықтарындағы кенесшісі болады.

Бастауыш мектеп оқушылары мектеп табалдырығында көрген өнегесі өміріне арқау болу үшін әр тәрбие сағатының осы тәрбие процесінде алатын орнын нақты анықтап, онын тақырып, ұйымдастыру формаларын алдын-ала анықтап, даярлауға, өткізуге оқушылар мен ата-аналарын тарту қажет. Ата-аналар кеңесінің төрағасы, кеңесшілері, мектеп ұстаздары тәрбие сағатына үлгілі еңбек қайраткерлерін, ақылгөй қарттарды мәртебелі ағалар мен аналарды шақырып, кездесулер өткізудің кішкентай баланың сана-сезіміне тигізетін әсері мол екенін ескерген жөн.

Барлық тәрбие сағаттары күнтізбелік күндер, жыл мезгілі, халықаралық мерекелерді есепке алып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелерді ескере отырып жоспарланады. Сонда олардың бала санасына тиігзетін әсері жоғарылайды. Олар уақыт пен кеңістік, әлеуметтік орга заңдылықтарына сай өмір суретініне түсініп,  ұғымдық  қоры қалыптасады.

Тәрбие сағаттардында балалар бір-бірін жақсы біледі, өзара достық байланыстар басталады, бірге дайындалу, қимыл әрекет жасау, еңбек ету қажеттігі туады.

Тәрбие  сағаттары  әр  түрлі  тақырыпта,   әр түрлі   мазмұнда,   әр  түрлі формада өткізілелі, яғни оның бағыты мұғалімнің біліміне, шеберлігіне,  оқушылардың өмір тәжірибесі мен қызығушылықтарына байланысты.
Неғұрлым жоғары кең үлгідегі әрбір тәрбие сағаты балалардың нағыз
мерекесіне айналады.

Тәрбие сағаттары барысында ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде, ұлттық этикет нормалары негезінде тәрбие беру мүмкіндіктері мол.    Қазақ халқының ұлттық мінез-құлқына тән  негізгі қасиеттері: мейірімділік, кеңпейілділігі, сөзге беріктігі әңгімелесу арқылы осы қасиеттерді бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, адалдық, имандылық, әділеттілікті билік ұстау сияқты әдет пен ғұрып қағидаларын үйрету дұрыс.

Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу бағытындағы тәрбие сағаттарының кейбір төмендегідей тақырыптарын ұсынамыз:

Кең болсаң — кем болмарсың.
Адалдық — қастерлі мінез.
Сөзі райлының- жүзі шырайлы.
Сыпайылық — адамды қоректендіреді.
Көптің мүлкін көргенсіз алар.
Үлкеге — құрмет, кішіге — ізет.
Ұл — ұятымен, қыз — кылығымен көрікті.
Қатыгездік қайдан шығады (пікірталас).
Арынды жастан сақта.
Имандылық бастауы не? (пікірталас).
Сәлем- сөздің анасы.
Достық — өмір кілті.
Иман және инабат. т.б.

Біз енді төменде кейбір тәрбие сағаттарын өткізуді ұсынамыз:

Тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайышылыққа, кішіпейілділікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттерден аулақ болуғатәрбиелеу.

Адам бойндағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп
әліппесін бойына дарыту.
Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер.

а) «Жаман жолдас

ә) «Үлкенді құрметтеуі. «Кішіге қамкорлығы»

б)  «Автобус ішіндегі бала

в)  «еңбек түрлері туралы суреттері, «құстарды атпауы т.б.

Өсиет-мақалдар:

а) әдепті бала – арлы  бала,

әдепсіз бала -сорлы бала.

ә) жаманға айтқан ақылың,

далаға атқан оқпен тең.

б) әдептілік ар-ұят,

Тұрпайы мінез тағы жат.

Қүпия хаттармен жұмыс.

Тәрбие сағаттарының барысы:

I. Ұйымдастыру.
II. Әдептілік, адамгершілік туралы әнгімелей отырып, мынандай сұрақтар қою:

—    Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?

—    Әдепті бала қандай деп ойлайсың?

—    Әдепті бала болғың келе ме?

—    Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? Әдепсіз бала қандай болады?

—    Әдептілікке бізді кімдер үйретеді? Балалар жауап береді:

—    Адам бойында  жықсы, жаман  қасиеттер болады. Әдептілік деп, қарапайым, кішіпейіл, шыншыл, адалдық   қасиеттердің жиынтығы.

—    Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Әдептілікті, ақылдылықты бізге үлкенлер үйретеді. Ол — біздің аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата-баба салт, әдеттерін үйренеміз.

Әдепті, ақылды бала  қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық. (Оқушылар кезекпен айтады).

Ата-ананың тілегі.

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің.

Ұрыс пен керіс, айқай-шу.

Ұстамды бала маңынан.

Ұнамды қылық байқайсың.

III.  Сұрақ-жауаптар.

Суреттер бойынша әңгімелеу. Адамгершілік, сыпайылық қарым-қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
«Жалғастыру ойыны. «Не  істеуге  болмайды.  Осы  сөздер  үлкен етіп жазылып,  көрсетіледі. Мұғалім  басты  сөзін  айтады,  оқушы  ойланып жалғастырып айтуы керек.

а) Үлкендердің ақылынан кесіп өтуге болмайды.

ә) Кішкене баланы — жылатуға болмайды.

б) Құстарды — атуға болмайды.

в) Қыз баланы — ренжітуге болмайды.

г) Сабақтан — кешігуге болмайды.

д) Сыныпта — айқайлауға болмайды. т.с.с. жалғастырып айтады

«Не істеу керектігі жазылып көрсетіледі. Бұл да сол сияқты  жүргізіледі:

а)  Үлкен кісіні — сыйлау керек.

ә)  Үлкеннің тілін алу керек.

б)  Үлкендерге сәлем беру керек.

в)  Кішілерге — қамқор болуы керек.

г)  Аналарды, апаларды — сыйлау керек.

ғ)  Оқу құралдарын күтіп ұстау керек. т.с.с айтылады.

Адамгершілік, сыйпайылық туралы сұрақтар қойып, жауабын тыңдау. — Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

— Қонақ келгенде бала не істеу керек?

— Мектепте, сынып ішінде бала қалай жүру керек?

— Автобусқа мінгеңде не істеу керек?

— Телефонмен сөйлескенде ше?

Жауаптары айтылады.

«Құпия хаттарға жауап беру.

Құпия хаттарды қатар қойып, біреуі келіп, ашып, дауыстап оқып, жауабын ойланып айтады.

Қосымша 1

Ойынның өту барысы:

Мұғалім барлық карточкаларды араластырып таратады. Карточка біреуге көп, екіншісіне аз тиюі мүмкін. Бұл ештеңе етпейді.
Бір-бірімен ақылдаспай әрқайсысы өз карточкасында не жазылғанын
оқиды да, оның әрқайсысын өз тиісті орнына жазуын жоғары қаратып
қояды. Мысалы бір карточкада «Үлкен адамның алдын кесіп өтпейсің
деп жазылған. Егер оқушы бұл айтылғанмен әрқашан келісетін болса,
онда ол карточканы орталық алаңға, келіспесе өзге алаңдарға қояды.
Барлық оқушылар   карточкаларын   қойып   болғаннан   кейін,   тағы  да өзгелермен  ақылдаспай өзгелер қойған карточкаларды көріп  шығады.
Егер біреу карточка дұрыс қойылмаған деп  есептесе,  оның жазуын
теріс қаратып қояды.
Бұл кезең аяқталған соң нәтижені талдаймыз. Теріс аударылмаған
карточкалар бүкіл сыныптың пікірін білдіреді.
Келесі кезең – теріс  аударылған әрбір  карточканы талдау.  Сынып бұл карточканы осы алаңға кім қойғанын, ол кім теріс аударғанын
анықтайды. Одан соң бұл карточка шын мәнінде қайда тұруы керек
екендігі анықталады.

Бұл  ойын балалардың моральдық нормалар жөніндегі білімдерін тексеруге, толықтыруға көмектеседі.

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ӘДЕПТІБАЛА — АРЛЫБАЛА»

Сабақтың мақсаты: Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, әдеп, тәртіп туралы түсініктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні: «Жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттерден жиренту арқылы адамгершілік сезімін дамыту.

Көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, Абайдың портреті, буклет, нақыл сөздер:

«Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар»,

«Бір жылы сөз — бір күнге азық»,

Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі магнитофонда.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім:

— Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы — адамгершілік. Ата-ананың тілегі — сенің жақсы адам, азамат болуың, сенің Отан сүйгіштігің, оқу мен еңбектегі таныстарын ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-ана алдында шыншыл бол. Өзің үлкеннің ақыл-кеңесін тында. Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол.

Бойында осындай қасиеттер бар баланы біз қандай бала дейміз?

Оқушылар:

—  Әдепті, тәртіпті бала дейміз.

Мұғалім:

— Тәртіптілік, ең алдымен, мектеп ережесін қатаң сактаудан басталады. Егер сен бала кезіңнен тәртіпті, әдепті бала болып өссең, есейе келе ата-анана, өз Отаныңның мақтанышы боласың.

Ақын Е.Өтетілеуов:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз — талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан — деген.

Біз осы әдептілік жақсы қасиеттер туралы қай сабақта оқып таныстық?

Оқушылар:

— «Ана тілі» сабығында.

Мұғалім:

— Дұрыс. Ана тілі сабағында өтілген тақырыптарда алған түсініктері бойынша қандай нәрселерді жақсы деп түсінесіңдер?

Оқушылар:

— Үлкенді сыйлау, көмек көрсету, кішіпейіл болу, жаман сөз айтпау, ұрлық істемеу, өтірік, өсектен, темекі тартудан аулақ болу т.б.

Мұғалім:

— Ал, енді қандай қасиеттерді жаман деп түсінесіңдер? Ол туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Қандай тақпақ білесіңдер?

Оқушылар:

—  Өтірік, өсек, еріншек, айтқан сөзінде тұрмау т.б.

Мұғалім:

—   Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз? Жаңағы әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы сөздер. Ендеше, әдептілік  те әдемілік екен.

Ал, балалар! Әдептілікті өздерің қалай түсінесіңдер?

Бұдан әрі балалар әдептілік, жақсы мінез-құлық туралы жаттаған өлең-тақпақтарын айтады.

Оқушы:

—   Дұрыс сәлемдесе білу де мәдениеттіліктің белгісі.

Мұғалім:

—    Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдар, үлкен кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?

Барлығы:

«Сәлеметсіз бе?» деу керек.

Оқушы:

Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатса, оған не деу керек?

Барлығы:

— «Көмектесейік» деу керек.

Оқушы:

Байқаусызда біреумен қақтығысып қалсаң, оған сөз айтсан не деу керек?

Барлығы;

«Кешіріңіз» деу керек.

Оқушы:

—    Апаң сенің базардан

Қорытынды

Сонымен  адамгершілік тәрбиесі мектептегі, бастауыш сыныптардағы тәрбие жүйесінің басты бөлігі болып табылады.

Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі балалардың адамгершілік көзқарастары мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан біздің алдымызда әрқашанда балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру міндеті тұрғаны тиіс.

-Бітіру жұмысында біз сабақтар үстінде (еңбек, ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, әдеп) мектеп оқушыларының бірлескен іс-қимылдары мен тиісті адамгершілік қарым-қатынастарын ұйымдастырудың жолдарын көрсеттік.

Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыс кезіндегі ойындар, әдептілік әңгімелері, тәрбие саптары адамгершілік тәрбие берудің зор мүмкіндіктері болып табылады.

Біздің елімізде адамгершілік тәрбие берудің басты міндеті Қазақстан Республикасының елдігін, егемендігін сақтап, нығайтатын, бойына ізгілік, қарапайымдылық, отансүйгіштік, имандылық қасиеттерді дарытқан ұлы қазақ азаматтарын тәрбиелеу.

Осыдан адамгершілік тәрбие берудің маңызын арттыратын басты ұстанымдарға тоқталсақ:

Адамгершілік тәрбие беру жүйесінің қалыптасуына ден қою. Бұл жолда әсіресе, ата-бабалар дәстүріне сүйенудің маңызы зор.
Адамгершілікке тәрбиелеу жұмысын барлық тәрбие мекемелерінде өзара үйлесімділікпен жүргізу, (мектеп, мәдениет ошақтары, т.б.).
Бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары азаматтық қатынастарын
қалыптастыру. Мұғалім – оқушы  бойына адамгершілік ұрығын себуші.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Әбдіразақов Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі. Шымкент.
1994ж.
Әбдіразақов Е. Халықтық педагогика. Шымкент.1990ж.
Әбдіразақов Е. «Ақыл-ой, парасат тәрбиесі»  Шымкент қаласы.1994ж.
Қайров И.А., Богданов О.С. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы «Мектеп» 1988ж.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана.1988ж.
Сағындықұлы Е. «Педагогика» Алматы.1999ж.
Ушинский К.Д. Балаларды  тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. «Алматы».1999ж.
Мүрсалімова У.  «Бала тәрбиесі — баршаға ортақ».  А.-1998ж.
Халметова Т. Адамгершілікке баулу — тәрбиеден. «Қазақстан мектебі» 2001ж.