Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы

0

                                 Ф-ОБ-001/035

Жоспар

I.Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………… 4

II .Негізгі  бөлім

I  тарау . Кіші жүз  және Орта  жүз  қазақтарын  басқарудың әкішілік  басқарудың жаңа  жүйесінің  жасалуы

1.1.1822  жылғы « Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны  мен  іске  асырылуы……………………………………………………………………………………………………………………….7

1.2.Хандық билікпен  сот жүйесіндегі өзгерістер…………………………………………………………..15

II тарау .1824жылғы « Орынбор қырғыздары  туралы Жарлықтың» жүзеге  асырылуы

2.1. Кіші  жүздегі  жер  мәселесі  мен басқарудағы  өзгерістер…………………………………..18

2.2. Кіші  жүзде хандық  биліктің жойылуы…………………………………………………………………..20

III.   Қорытынды……………………………………………………………………………………………………….. .. 24

IV.Сілтемелер……………………………………………………………………………………………………………….25

V.Пайдаланған  әдебиеттер……………………………………………………………………………………………26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

      Ф-ОБ-001/035

Кіріспе

Тақырыптың  өзектілігі .

XIX ғасырдың  20–шы  жылдарында патша  өкіметі  қазақ  қоғамындағы ескі   патриархалдың  басқару  жүйесін жоюға  бағытталған өзінің  саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол  жеткізгеннен кейін  хандық  билікті , рулық жиналыстарды  толықтай жоюға  кірісе  отырып , басқарудың  жаңа  формасын құра  бастады . Дәлірек  айтсақ осы кезеңнен  бастап патшалық Ресей саясатының  қазақ жеріндегі жаңа кезеңі  басталды . Өйткені  XIX ғасырдың  екінші онжылдығында Орта жүз  және кіші жүз  жерлерінде  басқару  реформасының  жүргізілуіне өте  қолайлы жағдай қалыптасқан еді . Дәл осы  уақытта қазақ  жүздерінің ханы  қайтыс  болды . Осы жағдайды  пайдалана білген патша  өкіметі қазақ  жеріндегі хандық  билікті толықтай жою  үшін , жаңа басқару реформасын жүргізе бастады .

    Курстық жұмыстың мақсаты:

1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және  Орынбор қырғыздары  туралы Жарғысының » мәнін  ашып  көрсету.

Курстық жұмыстың  міндеттері :

  • Кіші жүз  және Орта  жүз  қазақтарын  басқарудың  әкімшілік  жаңа  жүйесінің мәнін  ашу ;
  • 1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары  туралы Жарғысының » мазмұны  мен  іске  асырылуының  тарихи  маңызын  зерттеу ;
  • Хандық билікпен  сот  жүйесіндегі  өзгерістеріне  назар  аудару ;

Бұл жарғы бүкіл Орта жүзбен Кіші жүздерді түгел қамтыды.Ереженің басты қозғаушы күші қазақтың шұрайлы суы мол жерлерін отарлау еді. Сонымен қатар негізгі міндеті жұмыстың ішіндегі Жарғылардың негізгі тараулары мен пунктерінің мәнін ашып оларға сәйкестік беру.

Осылайша 1822 жылы  орыстың ірі  заңгері әрі  мемлекет  қайраткері , Сібір   генерал–губернаторы М.М. Сперанский  мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны  дайындауға кіріскен болатын . Бұл  қазақтарды басқарудағы ең  маңызды заңдардың бірі  болып саналады . Патшалық  Ресей  саясаты  тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға          бағытталды .

Жарғының  басты мақсаты:

  • Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік , сот , саяси басқаруды             өзгерту ;

 

 Ф-ОБ-001/035

  • Рулық–феодалдық тәртіптерді әлсірету ;
  • Орта жүздегі хандық билікті жою;
  • Кіші жүздегі хандық  билікті жою.

Осылайша халықты  орыстандырып , рухани  тұрғыда мешеу  ету көзделіп , елдің  байлығын  тонап–талау болатын . Мұндай  арам–пиғылды әрекеттері « Жарғыда» баяндалмайды . Ол  негізінен « Жарғы » елге  игілік әкелетін етіп  көрсетіледі . Бұл  қазақтардың « Жарғыны» қабылдаттыру үшін  ойластырылған « Қулық  саясатының» бірі  болатын . Жарғыда  патша  өкіметі « Қазақ  халқының қамын  ойлайтын қамқоршы»ретінде  көрінеді .

Патшаның басқарудағы жаңа  жүйесі–өлкеде отарлау режимін орнықтырды . Нәтижесінде қазақ халқы еркіндігінен айырылды . Ата-бабалардан  мұра  болған  жерлерін  күшпен тартып  алып , әскери бекіністер  салына  бастады .1824ж–Қарқаралы , Көкшетау , 1825ж–Құсмұрын ,            1826ж–Баянауыл ,  1831ж–Аягөз , 1832 ж Ақмола округтері құрылды .

     Курстық жұмыстың  тарихнамысы:

Ресей империясы  отарлық  саясатты  іске асыру , стратегиялық  маңызы  бар бағдарламаларды іске орындау  үшін арнайы экспедицияларды  құрды . Патша өкіметі жасақтаған И . К.Кириллов , В.Н. Татищев , В.А.Урусов , И.И.Неплюев сынды  орыс  шенеуліктерібасқарған экспедициялар  қазақтар  туралы өздеріне  тиімді  мәліметтерді жинақтап , жаулап  алудың жолдарын  іздестірді . 1822 жылығы « Сібір  қырғыздары  туралы  Жарғы» бойынша Орта жүзде , 1824 жылғы « Орынбор қырғыздарын басқару  туралы Жарғы » бойынша Кіші  жүзде билік  жойылды . патша  өкіметінің  әкімшілік–құқықтық  реформалары өзінің  тиімді  нәтижесін береді : Қазақ  халқын  еркін  билеп , отарлық  қанауды және ұлттық  езгіні күшейтуге , бір руды бір  руға  қарсы  қойып , « Бөліп  ал  да билей  бер» саясатын  нақтылы  әлеуметтік іс–тәжірбилерде  іс  жүзінде  асырған .

Аталған  ережелердің сол  кезеңдегі отаршылыдық сипаты  туралы Н.Ә.Назарбаев былай  деп көрсетті : «1822жылғы Сібір қырғыздарының1824жылғы  Орынбор қырғыздарының  басқару ережелері  жүз  жылға  дейін жалғастырылған  көшпелі  халықтың  шұрайлы жайылымдық жерлерін алудың бастамасы  болған .

Далалық аймақтарды жапай қоныстандыру  дәстүрлі көшпелі  мал  шаруашылығының  таралуына , жергілікті  халықтың едәуір бөлігінің  негізгі кәсібі  болған мал  шаруашылығына орасан  зор нұқсан  келтірді .

 

  Ф-ОБ-001/035

Патша үкіметінің  қоныстандыру саясатының  нәтижесінде қазақ ұлтының этникалық  территориясы тарылды ».

Көптеген зерттеуші–ғалымдар патшаның отарлау саясатын  жүргізуде осындай ережелер шығарғаны туралы  көптеген қолжазбалары куә  бола алады .

        Курстық  жұмыстың  құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден екі  тарау  мен қорытындыдан сілтемелермен пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен  құралған .

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

           Ф-ОБ-001/035

I– тарау. Кіші  жүз  және Орта жүз  қазақтарын  басқарудың  әкімшілік  басқарудың  жаңа  жүйесінің  жасалуы 

1.1. 1822  жыл « Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны мен  іске  асырылуы

Патшалық  Ресейдің  билеуші  тобының  Қазақстанның  кең  байтақ  жерін  өзіне  қаратып алу  арқылы империяның  шеңберін  ұлғайтудағы  стратегиялық  мақсаты  орындалды . Енді өкімет  оны басқару  үшін жаңа  жүйе  жасауға кірісті , оның  түпкі мақсаты–аумақтық–әкімшілік  жүйені қайта  құру  арқылы  мұндағы  жалпы  халықтың ықыласымен  хан  сайлап  келген  қазақ  халқын осынау демократиялық  тарихи дәстүрінен  айыру               еді  (1) .

Дәлірек  айтсақ  оны кезеңнен  бастап  патшалық Ресей  саясатының  қазақ  жеріндегі  жаңа  кезеңі  басталды . Өйткені  XIX  ғасырдың  екінші онжылдығында  орта  жүз  жерінде басқару  реформасының  жүргізілуіне өте  қолайлы  жағдай  қалыптасқан  еді ( 2).

Абылай  қайтыс  болғаннан  кейін  оның  ұлы  Уәли  Орта  жүзге  хан  болып  көтерілді , ол  өле-өлгенше  Ресейге  адал  болуға  ант  берді . Хан  өзінің  қоластындағыларға  ерекше  қаталдық  пен  озбырлық  көрсетті . Оның  мұндай  әрекеті  халық  арасында  наразылық  туғызды . Орта  жүздің  қазақтары 1795 жылы II Екатеринаға  хат  жазып , ханды  тағынан  тайдыруды  өтінді (1) .

Уәлидің  билігін  әлсіретуге  тырысқан өкімет 1815 жылы Бөкейдің  екінші  хан етіп  тағайындады . 1819 жылы  Бөкей , 1823 жылы Уәли  хан  қайтыс  болды .

Осы  жағдайды пайдалана  білген  патша өкіметі Орта  жүз жеріндегі  хандық  билікті толықтай  жою  үшін , жаңа  басқару реформасын  жүргізе бастады (2) .

Олардан  кейін Ғұбайдалла  хан  болуға  тиісті  еді , бірақ  өкімет  оны  Сібірге              айдады , өйткені  ол  Орта  жүз  жерінде әскери  бекіністерінің салынуына белсенділікпен  қарсылық  көрсетті . Одан  кейін  аз  уақыт  тақта оның  әйелі  Айғаным  отырды .

Бірақ  жаңа ханды  бекіту  патшалық  самодержавинің  жоспарында  жоқ  болатын , оның  ойы  басқаша еді , өзінің  түпкі  мақсатына жетуді  көздеді . Ықпалы  шамалы  хандар патша  өкіметі  саясатының  жүргізілуін  қамтамасыз  етпегенімен  ғана  қоймай , сонымен  бірге  өздерінің  бөлшектенушілік  ниеттерін  күшейтті .         Патша  хандық  биліктен  уақытша  бас  тартып , ру  басылары  арасынан  әлеуиеттік  тірек  табуға  әрекеттенді , XVIII  ғасырдың  аяғында  басқару  жүйесінде  реформа  жасамақ  болды . Бірақ  оны  жүзеге ойдағыдай  нәтижесін  бермейді ,  хан  билігі  қалпына келтірілді ,  алайда  бұл  да  ұзаққа  бармады .

1822  жылы Сібір  екіге  бөлінді : бас  басқармасы  Иркутскіде  болатын  Шығыс  және

    Ф-ОБ-001/035

Орталығы  әуелі  Тобылды , ал 1839  жылдан  бастап  Омбыда  болған  бөліктерге бөлінді . Батыс  Сібірге  қазақ  даласының  қоныстанған  жерлерінің  бір  бөлігі  кірді . Ол « Сібір  қырғыздарының  облысы» деп  аталды да 1822  жылы оған  арналып « Сібір қырғыздары  туралы  Жарғы » шығарылды . «Жарғы» бойынша  қазақ  даласы  сыртқы  және ішкі  округтерге ,  тиісінше–округтер болыстар  мен ауылдарға  бөлінді .

Патша  әкімшілігі  Жарғыға сүйене  отырып , жаңа  басқару апаратын  құрды . Округтер    Омбы   облыстық  басқармасына бағынды , округтерді  приказдар  басқарды . Оның  төрағасы аға  сұлтан  болды  да оған  тағайындалатын ресейлік екі  заседатель мен  сайланып  қойылатын  екі  құрметті  қазақ  еді (1) .

Аға сұлтанды  тек  сұлтандар  ғана  сайланатын , ол  Ресей  қызметінің  майоры шенінде  болды  және жергілікті  басқарманы басқаруға  қойылатын  шенеулік  саналды . Болыстарды  болыс  сұлатандары басқарған , оларды  қайта  сайлау тек Омбы  облыстық  басқармасының  келісімімен  ғана  жүргізілетін  еді (2).

1824  жылы « Орынбор  қырғыздары  туралы Жарғы» қабылданып , Кіші  жүзде  хандық  билік  жойылды . Патша  өкіметі  жергілікті  жерде  өз  саясатын  жүргізуде  сұлтандарды тірек  етті . Алайда XIX  ғасырдың  екінші   жартысында-ақ  сұлтандардың қазақтар  арасындағы экономикалық  және  саяси  ықпалы  құлдырай  бастайды . Батырлар  қазақ  жүздерінің  шекаралық  аудандарында  ғана ықпалын  сақтады , бұл  жерлерде руаралық барымта және хиуалық , қоқандық , бұқаралық феодалдармен қақтығыстар тоқталмаған  болатын.

Патшаның     1822  жылы    1824  жылдардағы  реформаларды , басқарудың  жаңа  жүйесі–өлкеде отарлау рехимін түпкілікті орнықтырды . Нәтижесінде Кіші жүз  және Орта жүз  қазақтарын  басқарудың әкімшілік жаңа  жүйесін енгізіліп , қазақ  елі өзінің еркіндігі  мен  тәуелсіздігінен  айырылды (1) .

XIX ғасырдың  20–шы  жылдарында патша өкіметі  қазақ  қоғамындағы  ескі патриархалдық  басқару  жүйесін жоюға бағытталған өзінің  саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол  жеткізгеннен  кейін  хандық  билікті , рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе  отырып , басқарудың  жаңа формасын құра  бастады (4) .

Жаңа  реформаны  әзірлеуді  патша сол  жылдардағы  белгілі  либералдық пиғылдағы қайраткер , өз  дәуірінің аса  білімді тұлғаларының  бірі     М. М.Сперанскийге жүктеді (3).

Осылайша 1822  жылы  22–маусымында орыстың ірі  заңгері әрі  мемлекет қайраткері  М. М.Сперанскийдің  басшылығымен орта  жүз жерін басқару  үшін «Сібір  қазақтары  туралы Жарғыны» дайындап  оны қолданысқа енгізді . Бұл  реформа орта  жүз  жеріне жаңа  саяси әкімшілік басқару  жүйесін енгізді . 1822 жылғы орта  жүз  жерінде

            Ф-ОБ-001/035

жүргізілген «Сібір  қазақтары   туралы жарғы» XIX  ғасырдың  60–жылдардың  ортасына дейін  Сібір  ведомствасына қарайтын қазақтарды  басқарудағы  ең  маңызды заңдардың  бірі болып  саналды .

1822  жылғы жарғы  бойынша орта  жүздің әкімшілік  құрылымы :  округтеге , болыстарғы  және  әкімшілік ауылдарғы  бөлінді . ауыл  төменгі әкімшілік  жүйесі  болып болып  саналғандықтан оның  құрамына  50–70 шаңырақ кірді . 10–12 ауылдан , округ 15-20  болыстан  тұрады . Округтік  приказдарға–аға  сұлтанмен , болыс–болыс  сұлтанымен , ауыл старшынымен  басқарылды  (4) .

М . М . Сперанскийдің  орта  жүз  жерінде  жүргізілген  реформасына дейін  де старшын  ұғымы  қазақ  даласында қолданыста  болған . М.М.Сперанскийдің  дайындаған « Сібір  қырғыздарының  Жарғысы» , кіріспеден , он  тараудан және 319  баптан тұрады . Құжаттың  мақсаты–мұраты  кіріспесінде–ақ айқындала  бастала  бастайды . Онда « Сібір  қазақтары көшпенді бұратаналар  тобына  жатады және  олармен  тең  құқылы  »–делінген . Әрі  қарай « Сібір бұратаналары туралы  Жарғының» мына  баптарымен ортақ  деп жазылады . :

  • «Көшпенді бұратаналардың құқығы туралы ;
  • Қадірменді бұратаналар туралы ;
  • Заңдар мен әдет–ғұрыптары туралы ;
  • Бұратаналарды басқару туралы міндеттің жалпы негіздері».

Сперанскийдің қазақ  халқын Сібірдегі  халықтарға ( бурят , тунгус, якут , остяк т.т.б.) теңеуі  дұрыс  емес . Себебі , географиялық орналасу  территориялары бойынша , сібірдегі  ұсақ  халықтардың  өзіне тән  халық  шаруашылығы , саяси  құрылысы  және  әдет–ғұрыптары  болған еді . Ал  қазақтардың бұл  халықтармен  айырмашылығы , әрине жер  мен  көктей өзіндік  ерекшеліктері  болды . Сондай-ақ , қазақтар  Жарғыдағы  кіріспеде айтылғандай тек қана «көшпенді » әрі « бұратана» болған жоқ . Шығыс  Дешті қыпшақ  өлкесіне  және ондағы  үйір–үйір жылқы , тобын  түйе , қой  мен  сиырға бай  ата-бабаларымыздың дәстүрлі  шаруашылық түріне  сай көшпелі  ғұмыр  кешкені  рас (5).

Арқа даласындағы сыртқы округтар  құрылысы « Жарғыдағы» , « Бөліну» атты бірінші  бөлімінде айтылды . Округтар 15-20,   болыстар 10-12  ауылдан, ауыл 50-ден 70-ке  дейінгі  үйлерден  тұрды . Патша  өкіметі біртұтас  хандықты осылайша  бөлшектеп  қазақ  мемлекетіне  сатылы , басшылығы  мол  бюрократиялық  орыстық басқару  жүйесін зорлықпен  енгізді . Әрбір  құрылған  округтер  территориясы  шектеулі  болғандықтан  халық  еркін  көшіп-қонып тұра алмады .

 

                                  Ф-ОБ-001/035

Жарғының  келесі  бөлімі « Басақарма»  деп аталады . Ол  үш  бөлімге  бөлінген : 1. Басқарма құралы ; 2. Сайлау  тәртібі ; 3. Шен  сыныбы .

Округтық  басқарма  төрағасы–аға  сұлтан  тек  ақсүйектерден тағаайындалу керек  деп  айтылды . оның  қарамағына алқалық  қазылар ретінде  екі құрметті қазақ  пен екі  орыс  тағайындалуы  тиіс  деп көрсетілді .

Сперанский  округ  басындағы аға  сұлтандық  лауазымды қазақтың  беделді тобына  бөлінгенімен  шын мәнінде мұндағы  бүкіл  саяси билікті орыстардың  қолында қалдырды . Аға  сұлтан басқаратын  округтік приказдың  басқарма  құрамы  төмендегідей  болды : Ауылды  басқару–старшынның  қолына берілетін  болды , ол  болысты – сұлтан  басқарып, бұл ауыл  мен  болыстардағы барлық  сот  істерінде төрелік  айту билердің  билігіне қалдырылатын  болып шешілді . Округтік  приказ құрылып , оны басқарушы  аға сұлтанды  сайлауды тек  болыстардың құқығына бөлді .

Мұндай  бюрократиялық апарат қазақ  қоғамының  табиғи дамуына  тежеу салды . Патшалық  Ресей  үшін  тұтас  хандықты  жойып , оны  осылайша бөлшектеп  басқару  әлдеқайда  тиімді  бөлді .

Ел  арасындағы болмашы  істерді шешуге аға  сұлтан  өзі тікелей  қатысса , ал  саяси  маңызы  бар  істерді приказ талқылайтын  болды (6).

Жарғының  үшінші  бөлімі–« Полициялық  міндет» деп  аталды  және ол  екі  бөлімшеден  құралды . Бірінші  бөлімше дуандық  басқарма бойынша  қарастырылған   .  Ел  тыныштығын  өз  қол  астындағы адамдардың жағдайын  жақсарту аға   сұлтанның құзырына   берілді .

Аға  сұлтанның өкіметілігін  мықтап тұрып  тежеген приказ міндеті  мынадай  болатын  болды:

  1. Бұйрық халықты  жаппай апаттан сақтауға ондай  жағдайға тап  болса , қажетті  көмек  көрсетуге ;
  2. Ағарту ісінің еңбектің  және шаруашылықтың тиімділігі  жөнінде  қолдану ;
  3. Тонау , барымта және үкіметке бағынбаушылықты  алдын–алу ;
  4. Заң тәртібін бұзушылыққа  жол  бермеу ;
  5. Заң бұзушылар қамауға  алынсын , ал  егер  бүкіл  болыс  болып көтерілген  жағдай  туа  қалса  болыс басшысына хабарласып , соның бұйрығымен әрекет етіп  қарулы қақтығысқа дайын  болсын  делінген .

Бүкіл  қылмыстық  істер дәстүр бойынша  билер кеңесінің шешімімен  жазалық әділ түрлері қолданылатын  еді (7).

 

                         Ф-ОБ-001/035

Аталған тараудың  шекаралық және желіге  жақын дуандар  жөнінде арнаулы бөлімдері  болды , алғашқы  бөлімде орыс  әкімшілігінің  қазақ  жерінде  өз  үстемдігін жүргізе  бастау  әрекеттері  сөз етілді . Шекарадағы  жерлер облыс  басшылығының үкімімен өз  шама  шарқынша белгіленіп , қазақтардың  белгіленген жерден  әрі  қарай көшіп  қонуына үзілді-кесілді тиым  салынды .

Қазақ  жерлері барған  сайын тарылып , жергілікті  халықтың басты  байлығы –жері өрескел түрде  орыстар меншігіне  айнала  бастады .

Жарғының « Болыстық  басқарама»  деп аталатын  екінші бөлімі сұлтандар  туралы баптармен  ашылады . Болыс  сұлтаны бүкіл  болыс жұртының қолдануымен сайланады . Оны  болыс бастығы бекітеді . Болыс  сұлтаны өз  қалауымен  яғни  өз  жақын  туысы  немесе өз  ұлын  бірдей көмекші  етіп  алуға құқылы  болды . Аға  сұлтандардың  билігі  мұрагерлік жолмен  жалғаспайды . Болыс  сұлтандардың соңында  мұрагері болмай  қалған  жағдайда халықтың  көпшілік  дауысымен  өзге  сұлтан тағайындалатын  болды .

Болыс  сұлтандары он  екі  кластық шеніндегі  шенушілік болып   есептелінді . Олар  дуандық  бұйрыққа тікелей  тәуелді  болды . Сондықтан , соттау ісі  мен жазалау  үкімін   шығаруда  ешқандай құқы  болған  жоқ . Бір  сөзбен  айтқанда бұл  істерде патша  әкімшілгі  сұлтандарды өзінің шабарман қолшоқпарына  айналдыруды мақсат  тұтқаны көрініп  тұр . Жарғыда  сұлтандар округтық  приказға ел  ішіндегі  дау-жанжалды  дер  кезінде жеткізіп  тұруға және  приказдан әскери  көмек сұрауға міндетті  деп  жазылды . Басқаша  айтқанда , кейбір сұлтандар шынында патшалық әкімшіліктің «көзі» мен                     « құлағы» іспетпес еді .

Шаруашлық  паказы  атты –төртінш  тарау үш  бөлімшеден  тұрады :

  1. Қаржы бекіту ;
  2. Шығын және  есеп  беру тәртібі ;
  3. Мекеме құрылысы .

Болыстардағы  істер  үшін , дуандық бұйрық  кеңсе қаржысын  тағайындайды . «Жарғыда» кедейлерге  көмек  беру , аурулар  үшін оқу  құралдары  үшін  қаржы  бөлінсін  делінді . Қазақ  даласындағы құрылыс үшін де  бір мезгілде қаржы  бөлу  туралы  айтылды . « Жарғыдағы» ақша  қаражатының бүкіл  қозғалысын  бақылап  отыру бұйрықтың жанынан әдеттегі тәртіппен тігінді  журнал арқылы  кітап жүргізу шешілді . Сұлтандар  мен страшындар  қазына  қажетіне жұмсалған  қаржы жөнінде жай  ғана есеп  береді . Соманы баулы кітапқа жазу тәртібі есеп  берудің  жалпы ережелерімен  іске  асырылады  делінді .

 

Ф-ОБ-001/035

Үшінші  бөлімшеде мекеме  құрылыстары  жөнінде  айтылды . Дуандық  бұйрық  мүшелері кеңсе шенеуліктері  мен тілмәш  аудармашыларға  арнайы үй салынуы  керек делінді . Сондай-ақ 150-200  адамдық ауруханалар  да салунуы  көзделді . Мұның  бәрін іс  жүзіне асыру облыс бастығының  құзырында  болды . Жарғыда  белгіленген мекеме  құрылыстары үшін  қаржы  бөлінбеді . Қаржы бөлінген  жағдайда да  ол қазақтардың  отаршылыққа қарсы  көтерілістерін  басып  тастауға  бағытталған әскери  күш жасағына  жұмсалып жатты . Жарғыда  заттай салық  жинау  да жазылды . Әрбір округке  жаңа заңдылық  енгізілгеннен  бастап , мұндағы  халық алғашқы  бес  жылда барлық  салық  түрінен босатылады  деп  басталды . Патшалықты  ерекше қызықтырған елден  мал  салығын жинау мәселесі  еді . Салықтың түтін  салығы , жөндеу  салығы , баж  салығы , жылдық  ясак салығы түр-түрлері  енгізілді .

Әрі  қарай  аурухана , мектеп құрылыстары  үшін мұнда  бұл жылдары қазақтар  өз еріктерімен заттай , малдай , ақшалай  көмек көрсетеміз  десе , әкелінген  заттар қабылданады делінген . Егер мал  басымен жиналған болса , оның керегінше сол  жерде пайдаланып , ал қалғаны ақшаға өткізілетің  етілді . Бес жылдық  мерзім аяқталған  соң , жыл  сайын жүз  бас  малдан біреуі  салық ретінде жиналады  деп ,  тонаушылық  саясаттың бастамасы  заңдастырылды . Салық  ретінде түйе  қажет  етілмеді . Ал  жылқы малымен казак  поляктарын  толық  қамтамасыз көзделініп , « Жарғыда» облыстық басқарма  әр жыл  сайын қаншалықты  деңгейде әскерге жылқы  қажет екенін біліп  отыру керек , сосын соншалықты  жинау керек  деп , ашықтан-ашық қарапайым  халық  меншігіне арсыздызпен қол  сұқты . Салық жинау тәртібі болыстықтардан  бастайтын  болды . Мал  жинау мезгілі– жаз  айы  болып  белгіленіп , тіпті жиналатын  малдың сапалылығына  дейін ескерлді , яғни  жылқы малы  қолдануға  жарамды  болып , ал  өзге  мал түрлерінің  ауру болып  шықпауы қадағалансын  делінді .

Ал  жер  мәселесіне байланысты « Жарғының» мына  пунктеріне  ерекше  назар  аударсақ:

  1. Егіншілікпен айналасуға талап білдірген әрбір қазаққа адам  басын  он  бес десятина  жер бөлінсін.

173.Округтік  приказ, бұл  жерлердіңбостан-босқа қалып  қалмауынқадағалап  отырды.

174.Егер бес жыл  ішінде бұл  жерлерге ешқандай құрылыс  салынбаса  немесе  егін егілмесе , онда  жер  тартып  алынып , екінші  біреуге  берілуі  керек.

  1. Бұл жерді алуға  ниет білдіргендер  көп  болса , онда  билерден тұратын  үш  куәгердің  көзінше жеребе салып , шешім қабылдау  керек .

 

Ф-ОБ-001/035

176.Бір рет  көшіп-қонуға ниет білдірген жағдайда  алынатын жерге  осындай әдіс-тәсіл қолдануы  керек.

177.Округ  ішіндегі ешкімге  арнайы бөлінбеген жерлер бос  деп  есептелінсін .

178.Сұлтандарға шаруашылық  орынның үш пропорциясы , ал  старшынға екі пропорция  жер  бөлінсін ,–деп  талдай  келе , нақ осы бес  пункт  патшалық  үкіметтің қазақтардың  жерге деген  ұлттық меншігін ешқандай  да  мойындамағанын  көрсетеді (6) .

Жарғының  келесі тарауы  медицина бөлігі , карантин, рухани  және  халық  ағарту  бөлімі , қамқорлық мекемелер орнату  мәселелеріне  арналған . « Медициналық бөлімінде» әрбір  округке небәрі екі-ақ дәрігер  бөлінген, ауруханалар  салынған , ауруханаларға  кедей  қазақтар  қоғамның есебінен  ем  қабылдай  алады  делінген . Медицина  қызметкерлері  қазақтар  арасында оспа ауруына  қарсы егу  жүргізілуі  керек және округ  бойынша разъездерді аралап тұруы  тиіс , деп  көрсетілген  еді . Алайда ,  бұл шаралардың  бәрі  де , әрине іс  жүзіне аспай сөз  жүзінде қалды .

« Карантин» малдың  жұқпалы  аурулардан  алдын-алу  секілді қауіпсіздену  шаралары  жөнінде  сөз  болды . Бекітілген заңдылық  бойынша егер желі сыртындағы  мал  тобы ауруға  шалдықса даланың  ішкі  аймағына  хабарлау , ал  егер  бір  округ ішінде  мұндай  жағдай туа  қалса , онда  келесі  округтерге  хабарлау арқылы  сақтандыру  көзделеді . Сөйтіп , қазақтарға қауіпті деген  жайылым  орнын  өзгертуге хабар  беретіндігі  де осы баптарда  арнайы ( 236-242)сөз  болды .

« Рухани және  халықтық  ағарту бөлігі  бойынша құрылым»–деген бөлімшеде,                   М .Сперанскийдің  елді  отарлаудың сорақы жолы–христиандандыру  жайында айтылады (243). Қазақтардың  барлығын  христиан  дініне  енгізу  керек деп ашықтан-ашық жазды . Христиан  дінін ел  арасында  үгіттеп , олардың  дінді  қабылдауына барлық  әрекеттер  істеу керек ,–делінді . Христиандардың  тағы бір  әдісі , ол – кез  келген округте  жүзге жуық  адам христиандырылған  уақытта , облыс  бастығы  сол  жерге шіркеу  орнатып , шіркеу  қызметшілерін , шырағдан  шақыртуға тиіс болды . Бұлардың  бәрі іс  жүзінде  асырылған  еді. « Қайырымдылық  мекеме » деп аталған  бөлімшеде  әрбір  дуан бұйрығы барлық мүмкіндікпен халықтың  жағдайының   нашарлап  кетпеуін  қадағалап  тұруға  тиісті , ол  үшін үй-жайсыз , тұрмысы  ауыр  адамдарды , қоғамдық  мекемеоер  аурухана , мектеп  т.с.с.  және  тұрмысы жоғары  қазақтарға жалшылыққа  орналастырып , бір  жағдайын  жасауы керек  деп  қамқорсынды .

Тағы  бір айта  кететін мәселе қазақтарды  өзге  әлеуметтік топқа  өткізу мәселесі  көптеген салықтық жеңілдіктер  негізінде іске  асыру  көзделді . Бас  еркіндігі  жоқ  адамдар бұдан  былай  өзгелерге сатылмайтын , біреуге  мұрагерлікке  қалдырылмайтын

Ф-ОБ-001/035

болды . басқаша  айтқанда , « Жарғының» басты  бірден-бір ерекшелігі , қазақта  құлдықты  жойды .

Жарғыны  іске асыру « тәртібі» жарияланды . Бұл  атау  төрт  бөлімнен құралған . Бірінші  бөлімше : « Жалпы ереже», екінші  тармақ « Жаңа тәртіпке» болыстарды  қабылдау , үшінші « Жаңа құрылымның  тәртіпке түспеген  болыстарға көзқарас» , төртіншісі « Желінің жылжуы»деп  аталды . Жарғыда  бекітілген    заңдылықтарды  іске асыру  үшін ең  алдымен , бұл  жөнінде халық  арасына  үндеу-үгіттеу жүргізу  алға  тартылды . Әрине , үндеуге « Жарғының»  негізгі  мақсаты ашық  жарияланған  жоқ . Халықты  алдау « Орта  жүз қазақтары Ресей үкіметінің  Ерекше қамқорлығы мен қолдауына ие  болды , деп  жариялансын» деген  секілді  сипат  алған  болатын .

« Жарғыны»қабылдаған  жағдайда , « Сібір  қазақтарының  өзге қазақтардың  құқықтарынан айырмашылық болмайды » деп  иландыруға  тырысты . Бұл Орта  жүз қазақтарының « Жарғыны »  қабылдаттыру үшін ойластырыған бір  саясатының  көрінісі  болатын (8).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Ф-ОБ-001/035

1.2 .Хандық  билік пен сот  жүйесіндегі өзгерістер

1822 жылы « Сібір қырығздары  туралы Жарғы» қабылдағаннан  соң , қазақ  даласына одан  әрі  өңдеп , көптеген  қалалар  мен  бекіністер         салынып , одан  әрі  құрылыс  жұмыстары  жүргізіле  бастады . Казак гарнизондары біржола  орнықты . Сөйтіп 1824 жылы  көкшетау  мен  Қарқаралы ,  1826 жылы Баянауыл , 1827 жылы  Ақмола , Көкпекті , 1846 жылы  Атбасар  станцияларының  іргесі  қаланды . Жаңа  аумақтарға  қоныстану  үшін  бұрынғы  әскери шеннен  казактар  және Орынбор , Саратов , Харьков губернияларынан  шаруалар көшіп  келді . Барлығы  4 мың  адам . Ал ,  1846 жылы  әскер  саны  30 мыңға  дейін  өскен .

Жыл  өтіп , далада  жаңадан  көптеген бекіністер  мен  қамалдар бой  көтерген  сайын казактардың  саны өсе  берді . Ең құнарлы , шөбі  шүйгін жерлерде  ғана бекіністер  мен  қамалдар салынған  болатын (9).

Ресейдің әкімшілік–аумақтық  басқару  нысанына  жақын  басқару  нысанының  болмауы , Шыңғыс  ұрпақтарының хан  билігінің  сақталуы  үкіметтің  іс-қимылын әлдеқайда  тежеп отырды . 1817  жылы  Бөкей  хан ,  ал екі  жылдан  соң Уәли қайтыс болды . Петербург  бір жақты  қадамға –Орта жүзде  енді хан  тағайындамауға және  оның  үстіне ,  оларды « Бүкіл  әлемді Ұлы тітіркентушінің »–Шыңғыс  ханның заманына  барып тірелетін ертедегі ғұрып  бойынша  сайлануға бел  байлады . Ресей билігі  таралған  аудандар жоғарғы билеушісіз  қалып , нақты  биліктің қандай  нысаны  да  болмаған ерсі  жағдай орын  алды . Хандық  ықпалды сұлтандармен  көзбе-көз келіспей , іс  жүзінде жоғарғы  жақтан  жойып  жіберіледі .

Жаңа  реформаны әзірлеуді  патша сол  жылдардағы  белгілі  либералдық  пиғылдағы  қайраткер , өз  дәуірінің  аса білімді  тұлғаларының бірі  граф  М.М.Сперанскийге  жүктеді . Оның  сан  қырлы қызметінің  өзегі Орта  жүзде дәстүрлі  хан мемлекеттілігін жойған  жаңа заң актілерін енгізу  болды .        Ал  зерттелген аудандарды неғұрлым толық  зерттеу және  жинақтап  көрсету  үшін  М.М. Сперанский « Сібір  жерлерін  мәлім  етуді»

ұсынды . Бұл  жазбаны  жасауға болашақ  декабрист Г.С. Батюшков белсене  қатысты .

1822 жылғы  22 маусымда « Сібір губернияларына  арналған мекемлер»,                                « Бұратаналарды  басқару  туралы Жарғы» , « Қырғыз-қайсақтарды» басқару  туралы  жарғы , этаптар  туралы жарғы , жер  міндеткерлігі туралы  ережелер ,  астық қорлары , шаруалар  мен бұратаналар  арасынадағы боыршкерлік міндеттемелер  туралы ережелер үшін  негіз  болған  10  заңды  бекітті .

 

 

                                                                                          Ф-ОБ-001/035

Орта  жүздегі дәстүрлі мемлекеттілікті  таратып , хан  атағын мүлде  артық  деп  жойып  жіберген үкімет Сібір  қазақтары  туралы  жарғыға  сүйеніп , басқарудың  жаңа нысанын  енгізді .

Өзгерстер  қазақ  руларының  әкімшілік-аумақтық  құрылымдарына  қатысты болды: даладағы жаңа  ұштаған–округ ,  болыс , ауыл бұрынғы  рулық  басқару жүйесін іс  жүзінде жоқ  етіп  жіберуге  тиіс  еді .

Округтердің  жекелеген бөлімшелерін  басқарудың жаңа  тәртібі  белгіленді :ауылдарды–ауыл старшындары , округтерді аға  сұлтандар басқаратын  болды . Бұл  өзгерістер  ерте кезден  бері әкімшілік пұрсаттылықтары  болған  Шыңғыс  ұрпақтарының ықпалын  әлсіретуге  тиіс  болатын .

Үкіметтің  жергілікті номадтары  туралы саясатында  оларды егіншілікке ынталандыру  « бақташылық  өмірді» жою ,  олардың  жер  жыртуғакөшуін  көтермелеу маңызды  бағыт  болды . Отыршылыққа көшкендерге 15  десятинаға дейін  жер  учаскесін  бөліп  беруге  рұқсат  етілді , сұлтандар  үшін « үш  есе» ,  ал  старшындарға  « екі  есе»жер  бөлуге мүмкіндік  берді        ( 10).  Отаршылдық  үкімет орындары  осы  арқылы Ресейдің  ықпалын  әлсіреткен,  хан  билігінің  қалдықтарымен күресті  қиындатқан  барымтаны , руаралық ,  хан  билігінің  қалдықтарымен күресті  қиындатқан  барымтаны ,  руаралық  қырқысты  жоюға  тырысты . Жарғымен  міндеткерлік  пен салықтардың  жаңа  санаттары  енгізілді . Бұл  орайда М. Сперанский  мен  оның  төңірегінділер әдейі  бесжылдық жеңілдік  белгіледі  немесе көшпелі  халықтың  барлық  санаттарын  барлық  алымдардан  босатып , мұндай  бетбұрыс  бұрынғы  феодалдық жүйе  бойынша  міндеткерлік атқаруға : көшпелі  аудандарда  зенет  пен  соғым , егіншілікті  аудандарды  ұшыр төлеуге  дағдылынаған халық  наразылығының алдын  алуға ұмтылысқа  байланысты  болса  керек .

Жарғы бірқатар  үш  санатқа:қылмыстық , талап-араздылық және  облыстық  басқарамаға  шағымдар  бойынша сараланған  сот  жүйесіне түзетулер  енгізді . Құлмыстық  істерге мемлекеттік опасыздық , тонау  , барымта , белгіленген  билікке көрінеу  бағытшылық  жатқызылады :   оның  үстіне  барлық талап-арыз  істері  билердің  қатысуымен ауылдар  мен  болыстарда талқыланады . Жарғыда  тұтас  алғанда « Қазақ  ғұрыптары                мен  заңдары  бойынша» дәстүрлі  билер сотының  мәні  сақталды:ол  былай  тұрсын билер  істерді: «негізсіз  шешкен» жағдайда  оларды  жауапқа  тарту көзделді , оның  үстіне  көшпелілердің  төменгі  сот  сатыларының шешімдеріне  шағым  жасау  құқығы сақталды . Мұның  өзі  қатардағы номадтарды шариғатты  жергілікті

 

                                                                                         Ф-ОБ-001/035

түсіндірушілер  тарапынан  жасалуы  мүмкін озбырлықтан  біршама қорғады , ережеде  көшпелілердің сұлтандар жөнінде  де шағым рәсімдеуіне жол  берілді .

Мұндай  жағдайларда соттың  істі  қарауы облыстық басқарманың  отырысына көшірілді . Аға  сұлтандарға , округтік  приказдық  заседательдеріне ,  сұлтандарға , болыстардың  басқарушыларына  жалақы  төлеу , кешегі  жоғарғы  текті Шыңғыс  ұрпақтары мемлекеттік  қызметшілер  санатына  көшіріліп ,оларға  империяның  сол  кезде  қолданылған заңдарын  тарату  жөнінде айтылды (11).

Ресей  армиясының  майоры шені  бар  жоғары  лауазымды адамды  сайлау  рәсімі  мейлінше салтанатты  түрде  сұлтандардан , билерден , ақсақалдардан  басқа көшпелілердің қалың  бұқарасының қатысуымен  өткізілді .

Даланы  басқару  ережелерінде қазақтар  арасындағы  сот жүйесі  де толықтай  қайтадан  қаралды.1822 жылғы ереже  бойынша  қырғыздар  арасындағы сот  істері  үш топқа  бөлінді:

а) қылмыстық ;

б) іздестіру  және басқаруға  қарсы  наразылық  деп  көрсетілген .

«… Қырғыздар  арасындағы  қылмыстық  істерге:

  1. сатқындық ;
  2. кісі өлтіру ;
  3. тонау мен  барымта ;
  4. үкімет тлаптарына бағынбау» жатқызылады (10).

Яғни  жергілікті  халықтың жасаған  ұсақ  қылмыстары  билер шешімі  арқылы анықталатын  болды . Соынмен  Орта жүзде хандық , феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы , бір  жағынан  қазақ  қоғамының өзінде  ішкі  рулық талас-тартыстардың жалғасуы  салдарынан, екінші  жағынан ,  патша  үкіметінің  әскери–әкімшілік әрекеттерінің  нәтижесінде болды . Территориялық-әкімшілік  шаралардың қабылдануының  алғашқы кезеңінен-ақ аталған  өңір  халқы бұл  ережелердің  қанаушылық  мәніне ашық  наразылық білдіре  бастады. Тарихи  құжаттар осы  наразылықтардың XIX ғасырдың 20–30 жылдарынан-ақ бастау  алғандығын  дәлелдейді    « Хандық  билікті жою , даланы округтерге  бөлу » ,– деп  жазады .

Ш . Уәлиханов , –Сібір басқару  жүйесін енгізу ,… осы арқылы  мүлдем  жаңа  билік биліктің  орнатуы  күтпегендей…наразылықсыз  болмай   қалмады .

1825 жылы Қасым сұлтан , одан  әрі оның  балалары  Саржан мен Кенесары наразылық білдірушілердің басшылары  ретінде 1846 жылға  дейін қарудың  күшімен басылған  көтеріліс ұйымдастырды . Баянауыл қырғыздары  да  көтеріліске  қатысты (25).

                                 Ф-ОБ-001/035

II тарау . 1824 жыл « Орынбор қырғыздары  туралы Жарлықтың  »                             жүзеге  асырылуы                                                                                                       

      2.1. Кіші  жүздегі  жер  мәселесі  мен басқарудағы  өзгерістер

Қазақ мемлекеттілігінің жүйесімен  күресудің келесі кезеңі  кіші  жүзде хан  билігінің  жойылуына  әкелетін  ресейлік басқарудың жаңа  жүйесін  енгізу әрекеттері  болды .

Кіші жүзде  Нұралыдан  бастап хандарын  патша  әкімшілігі тағайындап  отырды . Олардың  қызметтік  патша  шенеушіліктері бақылап  отырды , халық  сайлануы  толығымен  жойылды . Патша  үкіметі  сайланған  хандардың жеткілікті  беделі  болмады , халық  көтерілістері  жиі  болып  отырды . Ол  өлкенің  өндірістік күштеріне  кері  әсер  етті және  хан  беделінің халық  алдында  төмендеуіне  әкелді . Жантөре  хан  өлімінен  кейін  үкімет  оны  мұрагері  етіп , Айшуақтың  ұлы Шерғазыны тағайындады , ол Әбілқайыр тегінен  ең  дарынсыз , қабілетті жоқ  басшы  еді . Ал  халық  жиналысы Кіші жүз  ханы  етіп белсенді қайраткер Арынғазы сұлтанды  тағайындады . Ол бірнеше  жыл  билік атқарған  уақыттында , билікті  орталықтандыруға үлесін  қосты . Бірақ  патша  үкіметі хандық  билікті әлсіретіп  жойығысы  келді . 1821 ж Арынғазы  сұлтан Петербургке келіссөз келген  кезде тұтқындалып , Калугаға жер  аударылды .Бұл  беделді  ханнан  құтылу  кейін  Кіші  жүзде  хандық билігін  жоюға бағытталған  шара  еді .

1822 жылы  Орынбор  генерал-губернаторы П.К.Эссен « Орынбор  қырғыздары  туралы  Жарғының» жобасын талдап  жасады . Бірақ  ол Азиялық комитетке тек  1824 жылы  ғана  қаралып , қабылданды . Осыған  байланысты  хандық  билікті  жою   туралы шешім  қабылданды , Кіші  жүздің соңғы  ханы Шерғазы Орынборға шақырылды  және ай  сайын                150 рубль  күміспен  жалақы тағайындалып , қарапайым  қызметке қалдырылды , өмір  сүруге  қалдырылды .

Кіші  жүз  үшке  бөлінді: Батыс–негізгінен Байұлы , Орта–Жетісужәне  жартылай Әлімұлы , Шығыс–Әлімұлы , қыпшақтар  мен  арғындар . Билік  басындағы  сұлтан–правительдер  Орынбор  шекаралық  комиссиясының  құрамына  еніп , 4  заседатель көмекшісі  болды . Комиссия өз  қызметі  бойынша губернатор алдында  есеп беріп  отырды .

Әр  сұлтан–правидельде  офицер басқаруымен казак  әскерлері болды  және  ставкалары  казак  станциялары  мен  бекіністерде орналасты .

1831 жылдан  бастап , дистанция болыстар ұйымдастырыла  бастады , дистанция  ішіндегі ауылдарды старшындар  басқарды .

Кіші  жүзде XIX ғасырлардың ортасында 54 дистанция  ашылды: батыс бөлігінде- 8 , орталығында- 20 , шығысында– 28 . Дистанциялық  жүйе кіші  жүздің  оңтүстігінде

                                                                                         Ф-ОБ-001/035

таралмады , яғни  Арал  маңы , Қарақұм , Сырдария , Александровқа  бекінісінің  территориясы екі  тәртіппен  қалды . Кіші  жүздің  әкімшілік  қызметкерлерін шекаралық  комиссия  ұсынысымен Орынбор  генерал-губернаторы тағайындады , оның  сайлау  жүйесі  болған  жоқ . « Жарғының» енгізілуі халықтық  сот , яғни  әдет-ғұрып  бойынша  ісі жүргізуді  және Ресейлік  мемлекеттік  басқару  жүйесіне толық  бағыныштылықты  бекітті . Жоғарғы  дәстүрлі биліктің  негізін  бұзды , сонымен  қоса көшпелілердің билік-басқаруға құрметімен сенімін  төмендетті .

Қазақстанның  солтүстік шекарасында « Жарғының» қабылдауына  байланысты жаңа  бекіністер  шебі  салына  бастады . Және аванпостар даланың  ішкі  жақтарында да  пайда  болды . Олар  казак  әскери  гарнизондар  мен  толықты , ол үшін  кейде үкімет  орыс шаруаларын  күштеп казактарға айналды . XIX ғасырлардың    20–жылдарынан бастап Қазақстанның солтүстік және  орталық  аймақтары Ресей бодандығын  мойындауға  мәжбүр болды . Дегенімен  ішкі мәселелердегі аздаған тәуелсіздік  бұл кезеңді вассалитет кезеңі  деуге  болады .

 

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Ф-ОБ-001/035

2.2. Кіші жүзде  хандық  биліктің жойылуы

1822  ж .  Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен жарғы  жобасын жасаған  болатын . Бірақ бұл  жарғы негізінен 1824  жылы ғана қабылданған . Сол  жылы жүзде  хан өкіметін  жою  ұйғарылды . Кіші жүз  билеуші-сұлтандар басқарған бірнеше бөлікке  бөлінді . Сондықтан бөліктер территория тұрғысынан  да , халқының саны  жағынан  да  біркелкі           болмады . билеуші-сұлтандар  іс  жүзінде  Орынбор  шекаралық  комиссия  чиновниктері болды . Шекаралық  комиссияның жанынан  кеңестер  мен  приказдар  ұйымдастырылмады . Билеуші-сұлтандар билігнің  күшеюімен мемлекеттік  қызметте  жоқ сұлтандардың маңызы  төмендеді , мұның  өзі қазақ  аристократиясының өктемдігін  әлсіретті . Шекаралық  комиссия  құрамына председатель ,  төрт  кеңесші , ауқатты  қазақтардан төрт  заседатель енді . Шекаралық  комиссия  міндеттері: қырда  тәртіпті  сақтау , қазақтардан  шыққан  жергілікті  чиновниктер  мен  қамқоршылардың әрекеттерін  бақылау , салықтар  жинау , сот  істері , медицина жағынан  бақылау  болды . Шекаралық  комиссия  өзінде  губерния  басқармасының функцияларын  біріктірді .

жергілікті  әкімшіліктің  құрамына жүздер  бөліктерінің  билеуші-сұлтандары , дистанциялар  мен  жергілікті жерлердің  бастықтары  енді . Билеуші– сұлтандарды  Орынбор  әскери  губернаторы ,  ал  қалған  шендегілердің  бәрін–Шекаралық  комиссия тағайындады . әрбір  билеуші  сұлтанның  жанында 100-200 адамнан әскери  команда  болды . Билеуші-сұлтандардың  ордалары казачьи  станциялары  мен бекіністерде  орналасты . Билеуші-сұлтандар лауазымына тек  сұлтандар  ғана қойылды . Батыс  және  Орта  бөліктерді Әбілхайыр  мен Қайып хандарының  әулеті  биледі . Билеуші-сұлтандардың  алғашқы  кезде көмекшілері  болып бұлар  да  сұлтандардан қойылды.Олар билеуші-сұлтандар  мен  шекара бастықтарының  тапсырмаларын  орындауға ,                            « тыныштықты» қадағалап  отыруға , « қаскүнемдерді» ұстап , жақын  маңдағы шепті бастыққа   жеткізуге ,  ұсақ-түйек   істер  жөніндегі таластарды  талқылауға , ал  қылмысты  істер бойынша айыптырылады . Шекаралық комиссияға  шепке  жіберіп отыруға  міндетті болды .

1831 жылға дейін  үш  бөліктің қазақтары  шартты  түрде шепке  жақын  жердің қазақтары  және  қырдың  қазақтары  деп бөлінді .  1831 жылдан  бастап өздерінің  қоныстары  мен  шекара өңіріне  іргелес жатқан  халық  арасында әкімшілік  учаске  дистанциялар ұйымдастырылды .   Дистанцияның  ішінен неғұрлым шағын басқару бірліктері — әрбір форпосты мен отрядта қарама-қарсы орналасқан старшындықтар (жергілікті жерлер немесе ауылдар) құрылды. Дистанциялар құрылымы кейіннен қырдағы ауылдарға да тарады. 1839 жылы мұндай бөлу Жаңа шепке қарама-қарсы орналасқан

                                                                                         Ф-ОБ-001/035

көшпелілерге де енгізілді. 40-шы жылдардың басында дистанциялық система Ново-Александровск бекінісі ауданындағы рулардың бір бөлігін қамтыды . XIX ғасырдың  ортасына таман 54 дистанция ашылды. Дистанциялар халықтың  территориялық жағынан бөлінуі негізінде құрылды, тек шеп бойындағы дистанцияларда ғана ру топтарының араласуы едәуір дәрежеде болды.

Дистанциялардың  құрылу себептері Шекаралық комиссияның  Орынбор қазақтарын басқару туралы 1841 жылғы есебінде және 1846 жылғы                         24 июльде Сыртқы істер министрлігіне жолданған «Әскери бекіністер мен Орынбор шекаралық комиссиясы бастықтарының праволары мен міндеттері туралы» Орынбор шекаралық комиссиясының  басқарушысы генерал          М. В. Ладыженскийдің  хатында егжей-тегжейлі түсіндірілген . Олардан патша үкіметінің  қырдың  шалғайынан бекіністер салуды асығыс іс деп есептегендігі, ал «Сенімді дистанция бастықтарын» тағайындауды уақытша шара деп қарағандығы аңғарылды. Мұның  өзі Орынбор әкімшілігіне Қазақ даласындағы істің жайын бақылауға, жыл сайынғы әр үйден жиналатын алым-салықты реттеуіне мүмкіндік берді .

Дистанциялық система Кіші жүзде 1831 жылдан 1868 жылға дейін сақталып келді .  37 жыл ішінде дистанциялардың  саны , көлемі, олардағы рулар мен бөлімшелердің  орналасуы, сондай-ақ халқының саны өзгеріп отырды .

Дистанциялар мен әкімшілік ауылдарын ұйымдастыру бұрынғы ру бастықтарының  билігін шектегенімен толық жойған жоқ. Ру билеушілері рулардын. бәрінде бірдей болған жоқ, бірақ әрбір бөлім мен бөлімшенің әрқайсысында дерлік оны басқаратын билер мен старшындар болды. Олардьң біразы дистанциялар мен старшындар ұйымдастырылған кезде ресми лауазымдар  алды,  ал енді біразы ру бастықтары жағдайында қала берді. Орынбор шекаралық комиссиясының мәліметтері бойынша, 241 ресми ру бастығына              107 ресми емес ру бастығынан келді. Бұған шаруашылық ауылдарының көптеген старейшиналары кірмеді, өйткені олар рулардың бөлімдері мен бөлімшелерінің старшыналарына бағынды .

30—40-шы жылдары билеуші-сұлтандар мен дистанциялық бастықтар арасында ру билеушілерін ресми басқаруға тарту мақсатында.  жаңа  әкімшілік буын  құруға  әрекет жасалды.

Ауыл старшындарынан бастап билеуші-сұлтандарға дейіи Кіші жүздегі барлық лауазымды адамдарды Орынбор генерал-губернаторы тағайындап  отырды .  Мұнда сайлау системасы  болмады .

 

                                                                                         Ф-ОБ-001/035

Кіші жүздегі жергілікті өкімет билігінің ұйымдастырылуының бір ерекшелігі шеп бойындағы қазақтарға қамқоршы лауазымының енгізілуі болды ,  бұл лауазымға тек патша чиновниктері ғана тағайындалды. Ресми түрде олар шеп бойындағы тұрғындармен байланысында казактарға «қамкорлық жасау  органдары ретінде құрылған еді. Іс жүзінде қамқоршылар өлкеде патша өкіметінің саясатын  жүргізді ,  Шекаралық комиссияның әр түрлі тапсырмаларын орындап, қазақтарды басқарды. Сөйтіп, XIX ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүзде  «камқоршылық абсолютизм системасы» деп аталатын система  қолданылды. Бүкіл шеп 6 қамқоршылыққа: Гурьев, Орал Орынбор, Орск, Троицк, Михайловск камқоршылықтары болып бөлінді.

Сот системасында үлкен өзгерістер белгіленді. Ірі істердің бәрі әскери соттардың немесе Шекаралық комиссияның қарауына көшті. Тек елеусіз қылмыстар ғана халықтық әдет- ғүрыптар бойынша талқылана алатын болды. Патша әкімші лігі жергілікті өкімет органдарын , соның ішінде билер сотын  да полицейлік-жазалау органдарына айналдыруға тырысты . Оларға қамауға алу, дүре соғып жазалау, Сібірге жер аударып жіберу өкілдіктері берілді.

1844 жылы патша үкіметі «Ереже» шығарды, бұл ереже  бойынша байырғы халық төлейтін міндеткерліктер: шеп бойындағы және ішкі жақтағы тұрғындарға қызметкер болып жалданып, қырдан басқа жерде болатын қазақтарға берілетін  билеттер үшін төленетін алым, билеттердің мерзімін ұзартып  алғаны үшін ақшалай айып төлеу және міндеткерліктер енгізілді.

50-ші  жылдардың басында «Ереженің» Орынбор даласына  арналған жаңа нұсқасы шықты, алайда жобаның талқыланылуы ұзаққа созылды да, 1844 жылғы «Ереже» өзгеріс енгізілмей 1868 жылға дейін қолданылды.

XIX ғасырдын. басында сұлтандар экономикалык жағынан неғұрлым күшті және саяси тұрғыдан неғұрлым ұйымдасқан феодалдық топ болды  да, патша өкіметі өз саясатын жүргізуге соларды тірек етті. Алайда бертін  келе, XIX ғасырдын. бірінші ширегінде сұлтандарды феодалдық праволарынан айыру толқуларға апарып соғуы мүмкін деп қауіптеніп, патша үкіметі оларға басқарудың  орта буынында ғана әкімшілік билік берді де, облыстардағы жоғарғы билікпен басқаруды өз қолдарында ұстады.

Алайда XIX ғасырдың екінші ширегінде-ақ сұлтандардың  экономикалық және саяси ықпалы құлдырай бастады. Қазақ даласын басқару аппаратын қайта қүру сүлтандардың феодалдық праволарын шектеуге, оларды патша өкіметіне кызмет ететін чиновниктерге айналдыруға бағытталған еді.

 

                                                                                         Ф-ОБ-001/035

XIX ғасырдың бірінші жартысында ру шонжарларының да — билердің, старшиндардың, ру билеушілерінің , праволары шектелді. . Патша әкімшілігі оларды өз бақылауына алды. Орыс сот ісінің енгізілуі билер сотының  ықпалын күйретті, өйткені ерекше маңызды істердін, біразы жергілікті соттардың қарауынан алынды.

Сұлтандар институты ықпалының  кұлдырауына байланысты  XIX ғасырдың  ортасына таман батырлардың да маңызы құлдырады, Қазақстандағы саяси жағдайдың тұрақтануы бұл әлеуметтік категорияның күні бітуіне бастады .Батырлар қазақ , жүздерінің  шекаралық аудандарында ғана ықпалын сактады ,  бүл жерлерде руаралық барымта және Хиуа, Қоқан, Бұхара  феодалдарымен  қақтығыстар  тоқтамаған  болатын.

Нақ осы себептерден  төленгіттер институтының  да күні өтті. Биліктен айрылған сұлтандарға жасақшы төленгіттердің, салық жинаушы төленгіттердің қажеті болмай қалды да, олар көшпелілердің негізгі бұқарасымен бірте-бірте сіңісіп кетті. Олардың  біразы   Ішкі Ордада және Орта жүзде өз алдына рулық бөлімдер құрды . Аздаған теленгіттер ғана сұлтандардың үй-ішінде қызметшілер ретінде қалып қойды .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

 

 

     Ф-ОБ-001/035

 III .Қорытынды

Қорыта  келгенде XIX  ғасырдың  20-40 жылдары  қазақ  халқының  тарихындағы аса  ауыр  , қайғылы  кезеең екеніне зерттеу  обьектісін қарастыру арқылы  көз жеткізуге  болады .1822 жылы  және 1824 жылы                 « Сібір және  Орынбор қырғыздары  туралы  »  режелер  бойынша , Орта  жүзбен  Кіші  жүзде хандық  билікті  жою еді , және  жері округтерге  бөлінген  болатын .

Тарихи  жағынан  қазақ жеріндегі  хандық  мемлекет  қазақтарының  мүддесін  қорғап  келді , өйткені  хандық  уақытта  осы  аумақты  өзге этностар  көп  болған жоқ .Сондықтан  да  қазақ  даласындағы  басқару  ережелерінің  жобасы  жөніндегі  комиссияның   түсіндіктемесінде :                       « Басқару  ісіне  қойылған хандар  Ресейге талай  рет  опасыздық  » жасады , оның  үкіметке зиянына Гению көз  жеткізіп , хан  қызметі  жойылды делінген .

Бұдан  кейінгі  орыс саясаты  1824 жылы  хандық  биліктің және  одан  кейінгі 1844  жылы басқарушы  сұлтандардың  жойылуынана  1865 жылы  Ресейге Үлкен  Орданың  қосылуы , ресей  үкіметінің  Қазақ  даласында  хандық билікті  жойып , роулық  бірлікті әлсіретуін халықтық  және шынайы бейбітшілікті  жойды .

Әскер  шебінен 10  шақырымдай алқапты қазақтардың мал  жаюына тыйым  салды . Реформалар Арқа даласында орыс  басқыншыларының  саяси тұрғыдан бекініп , бұдан  әрі Қазақстанды толық  жаулап алуына жағдай  жасады . Патшалық  Ресей  саясаты  тұтас  хандықты  бөлшектеп  басқаруға  бағытталды . Халықты  орыстандырып , рухани  тұрғыда  мешеу ету  көзделіп , елдің  байлығын  тонап-талау еді . Бұндай  арам-пиғылды  әркеттер  « Жарғыда» өте  шебер бүркемелейді . Ал  былайша  « Жарғы» елге  игілік  әкелетін етіп  көрсетілді . Бұл  қазақтардың « Жарғыны» қабылдаттыру  үшін  ойластырылған  « Қулық  саясаты» еді . Үндеуде патша  әкімшілігі   « Қазақтың  қамын ойлайтын  қамқоршы» ретінде  көрінуге тьырысты . Неше  түрлі өңге  енгізіліп  жарияланған үндеулерден  кейін , « Жарғыны» қабылдаған  сәтте , патшалықтың  әкімдері Арқа  халқы  « Жаңа  ержені » өз еріктерімен  қабылдады  деп  жар сала бастады . « Зылмия н  саясаттының » торына  ішкен  бойда , қайта  бас  тартуға болмайтыны  туралы арнайы  баптарда айтылған .

Патшаның 1822  және 1824  жылдардағы реформалары , басқарудың жаңа  жүйесі­­ ­-өлкеде отарлау  режимін түпкілікті  орнықтырды .  Нәтижесінде қазақ елі  өзінің еркіндігі  мен  тәуелсіздігінен және  де шұрайлы суы  мол жерлерінен  айырылды .

 

 

 

                                 Ф-ОБ-001/035

                                            IV.Сілтемелер

1.Көшік Рысбай « Қазақстан Республикасының  тарихы   » Алматы    2005 ж.103-105  беттер .

  1. Д . А . Рахымқұлов « Жаңа ж»әне қазіргі замандағы  Қазақстан  тарихы» Алматы 2005 ж . 37-38  беттер .
  2. « Қазақстан тарихы» 5 томдық . Алматы 2005 ж . 3  том .
  3. Қ.Р.О.М.М.374-қ . 1-т . 785-іс . 1п .

5 . Броневский С. Записки о  киргиз-кайсаках  Средней  Орды // Отвечественные  записки 1830г . с .192-193 .

6 . Ақтаев С . « Жаңа  ереже» деген  не?//Ақиқат 12.58 б.

7 . Красовский . Аталған  еңбегінде . 173б.

8 . Указ о  сведенив  дествие  Устав о  сибирских  казахах //материалы  по  истори и  политического  история  Казахстана . т .1-А.А. , 1960-С.90-109 .

9 . Маданов Х . « Ұлы  дала  тарихы» Алматы 2004 ж . 127-128 беттер .

10 . Ғ . М . Қарасаев .// « Хабаршы» 2004 ж . ( 3) .58-60  беттер .

11 . Ш . Уәлиханов « Сібір  қазақтары  Уставы» Алматы 2005 ж . 45-49  беттер .

12 .Артықбаев Р . « Қазақстан  тарихы» Алматы  2005 ж .

13 . Қазақ  ССР  тарихы  Алматы 1982 . 3  том . 167-171.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Ф-ОБ-001/035

V .Пайдалаған  әдебиеттер

1.Көшік Рысбай « Қазақстан Республикасының  тарихы   » Алматы                 2005 ж.103-105  беттер .

  1. Д . А . Рахымқұлов « Жаңа ж»әне қазіргі замандағы  Қазақстан  тарихы» Алматы 2005 ж . 37-38  беттер .
  2. « Қазақстан тарихы» 5 томдық . Алматы 2005 ж . 3  том .

4.Қ.Р.О.М.М.374-қ . 1-т . 785-іс . 1п .

5 . Броневский С. Записки о  киргиз-кайсаках  Средней  Орды // Отвечественные  записки 1830г . с .192-193 .

6 . Ақтаев С . « Жаңа  ереже» деген  не?//Ақиқат 12.58 б.

7 . Красовский . Аталған  еңбегінде . 173б.

8 . Указ о  сведенив  дествие  Устав о  сибирских  казахах //материалы  по  истори и  политического  история  Казахстана . т .1-А.А. , 1960-С.90-109 .

9 . Маданов Х . « Ұлы  дала  тарихы» Алматы 2004 ж . 127-128 беттер .

10 . Ғ . М . Қарасаев .// « Хабаршы» 2004 ж . ( 3) .58-60  беттер .

11 . Ш . Уәлиханов « Сібір  қазақтары  Уставы» Алматы 2005 ж . 45-49  беттер .

12 .Артықбаев Р . « Қазақстан  тарихы» Алматы  2005 ж .

13 . Қазақ  ССР  тарихы  Алматы 1982 . 3  том . 167-171.