Кіші жүз бен орта жүздің Ресейдің қоластына өтуі

0

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

  1. КІШІ ЖҮЗ БЕН ОРТА ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙДІҢ ҚОЛАСТЫНА ӨТУІ. БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖУЙЕСІ
  1. ОТАРЛАУДЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ

III. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ПАТШАЛЫҚ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ҰЛТАЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ЌОЛДАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде орын алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді; қазақ еліне шапқыншылығын қоймаған Жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 жылдың басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбеқұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса қолдау табу жөне Ресейдің қол астындағы башқұрттар иелігі мен Жайық арасында көшіп-қонуға құқық алу, қазақ көпестерінің Ресейдің қалалары мен селоларына еркін баруын қамтамасыз ету және оларды жайықтық қазақтар мен башқұрттардан қорғау, сондай-ақ тұтқындармен алмасу. Алайда елшіліктің сапары сәтсіз аяқталды. Оған елшінің өкілеттігін дәлелдейтін құжаттың жоқтығы формалды себеп болды. Шын мәнінде оның себебі тереңіректе жатты, оны самодержавиенің өзіне Қазақстанның бір бөлігін ғана емес, оны тұтас күйінде бағындырмақ болған стратегиялық мақсатынан іздестірген жөн.

  1. КІШІ ЖҮЗ БЕН ОРТА ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙДІҢ ҚОЛАСТЫНА ӨТУІ. БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖУЙЕСІ

1730  ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сүранып патша Анна Ивановнаға тағы да өтініш хат жолдайды. Хат жеткізуші елшілікті Сейтқүл Қойдағүлов пен Қүлымбет Қоштаев бастап, 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфа қаласына келді. Мүндағы оның мақсаты Ресей империясына арқа сүйеу арқылы өз ықпалын күшейтуді, қазақтың үш жүзін түгел бағындырып, бір орталықтан басқарылатын билік орнатуды, сондай-ақ өкімет билігін балаларына сайлау арқылы емес, мүрагерлік жолымен қалдырып отыруға жету. Әбілқайырдың бүл пиғылын сезіп, біліп отырған Петербордағы билеушілер ханның хатын күшақ жая қарсы алды. Қазақтардың бағынуы Ресей империясы үшін барлық жақтан пайдалы еді. Үлы Петр қазақ хандығын «Барлық Азия елдерімен жерлеріне кірудің кілті» деп қарап, оны өзіне бағындырудың стратегиялық маңызын жоғары бағалаған.

1731 жылы 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға жөне «бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойды. 1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді. Хан Ресейден «өле-өлгенше қол үзбеймін, қасық қаным қалғанша оған адал қызмет етемін» деп ант береді. Орыс мемлекетіне, оның жауларына қарсы күресте қазақ жасақтарының жергілікті әкімшіліктің талабы бойынша жіберіп отыратыны атап көрсетілді. Қазақ сүлтандары жайықтық қазақтарға, башқұрттарға, Еділ қалмақтары мен «Ресейдің басқа да қол астындағыларға» шабуыл жасамауға, ешқандай жәбір-жапа көрсетпеуге, «олармен дау-дамайсыз тату» тұруға міндеттенді. Сондай-ақ сауда керуендерін қорғау үшін арнайы жасауылдар бөле отырып, олардың қауіпсіздігін   қамтамасыз   ету  де   көзделді.   Қазақ тұтқындарының «Христиан заңында тұратындардан басқаларын» қайтарған жағдайда барлық орыс тұтқындарын қайтару жөнінде міндеттемелер алынды.

Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған осы актіден басталады. Әңгіме сол кездегі қазақ қоғамындағы түрлі саяси күштердің нақты мүдделерін ескере отырып, тек қазақтарға тиімді одақгас және сүйеніш бола алатын сюзеренді іздестіру жайында болуға тиіс еді.

Орта жүз бен қарақалпақтар Кіші жүздің жолын қуды. 1735 жылы желтоқсанның аяғында Орта жүздің Ресей қоластына қабылдануын қуаттаған жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сүлтан Орта жүзге Ресей елшілігін жіберуді өтінді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1740 жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант береді.

XVIII ғасырдың 40-жылдарының басында қазақ-орыс қарым-қатынастары одан әрі жандана түсті. Бұған кедергі келтіруді көздеген Жоңғар билеушісі әскери сипаттағы бірқатар шаралар қолданды: қазақтардың қоныстарымен және орыс қамалдарымен іргелес жерлерде 20 мыңнан астам әскерін шоғырландырды. Осыны сылтауратқан патша үкіметі Қазақстан өңіріңде көптеп әскери бекіністер салуға кірісті. Қазақстанмен шекаралас аудандарда шептердің негізі Жайық өзені бойындағы қазақ қамалдары, форпосттар мен редуктар болды. Осы кезде оң жағалауда жайықтық қазақтардың күшімен 14 қамал салынды. Осыдан соң қазақтардың дәстүрлі көшіп-қону өрісі тарылды.

Патша өкіметі жер мәселесіндегі отаршылдық шараларын біртіндеп жүзеге асырды: 1742 жылы 19 қазанда Жайық бойында Жайық қалашығы мен салынып жатқан қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салған жарғы шығарылды; Еділ мен Жайық өзендері аралығында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарын Жайықгың сол жағалауына көшіруге бұйрық берілді. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін Жайық гарнизоны атты қазақтарынан күшті топ жарақталды.

Патша әскерлерінің алдына қазақтарды Жайықгың оң жағалауына өткізбеу ғана емес, сонымен бірге оларды ендігәрі бұл жаққа аяқ баса алмайтыңдай болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу, тіпті тұтқындауға дейін бару міндеті қойылды. Қазақтар тұз өндірілетін Елек ауданына бару мүмкіндігінен айрылды. Олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері де шектелді.

50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері бассейіндерінде Орта жүздің қазақтары да жерлерінен ығыстырылды. Бұл аудандарда қазақ еңбекшілерінің толқулары басталды. Патша өкіметі жеңілдіктер жасап, шектеуді жоюға мәжбүр болды: қазақтарға Ертістің оң жағалауына, шепке 25 шақырымнан артық жақындамай, қазақтардың күзетімен малдарын айдап өтуіне рұқсат етілді.

Қазақ қоғамындағы негізгі материалдық игіліктерді өндірушілер — шаруалар өлке халқының басым көпшілігі болатын, олардың онсыз да ауыр жағдайы патша әкімшілігінің жерді шектеуі, феодалдардың қауымдық жерлерді басып алуы салдарынан одан әрі нашарлады, ауылда мүліктік теңсіздік өсті.

Патшалық өкіметтер даладағы өзінің позициясын нығайту жөніндегі шараларын одан әрі кең көлемде жүргізді, құрылып жаткан шептер мен оларда салынып жатқан бекіністерден қазақ қоныстарын алыстату үшін түрлі әрекет жасалды. XVIII ғасырдың 50-жылдары шептер мен бекіністер Каспий жағалауынан Ертістің жоғары ағысына дейінгі аралықта салынып, казақ хандықгарын жартылай шеңбер құрсауынан алған еді. Осы кезге дейін-ақ Жайықтық, Орынборлық және Сібірлік қазақ әскерлері жасақгалып, оларға жер бөлініп берілді. Қазақ жерінде әскери бекініс салу XVII ғасырдың өзінде басталып, қазақтардың алғашқы форпосттары, редуктары мен қамалдары Жайық өзенінің жағалауына тізбектеле салынғанды. Ресейдің қол астына енген аймақтарда салынған бекіністер мен қалалар патшаның отарлау саясатының тірегі болды, сонымен бірге мұның өзі бекініс аудандарына орыстардың келуін күшейте түсті.

Осы кезде Орта жүздің саяси өмірінде аса маңызды оқиға болды: 1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай хан таққа отырды. Ол өзін қазақтың барлық үш жүзінің ханымын деп есептеді, өйткені іс жүзінде оның билігі Орта жүзге қоса едәуір дәрежеде Кіші жүз бен Ұлы жүзге де жүрген еді. XVIII ғасырдың 60-жылдарында оның билігі мен ықпалы өзінің алдындағы хандардікінен әлдеқайда артық болды. Тәртіп бойынша хандық дәрежені Ресей патшасы бекітуге тиіс-тін. Бірақ Абылай орныққан рөсім бойынша Петерборға барып, Петропавл қаласында ант беріп, патша қолынан тиісті сый-сияпат алудан бас тартты. Орынбор әкімінің өжеттікпен жасаған өтінішіне көнген Абылай арада бес жыл өткеннен кейін ғана II Екатеринаға өзін қазақтардың үш жүзінің ханы етіп бекітуі жөнінде хат жолдады. Оны ұлы Тоғым бастаған елшілік 1776 жылы ақпанда патша әйелге табыс етті. Бірақ оның өтініші қабылданбады. Бұл түсінікті еді.

Өйткені Қазақстанда хан билігінің қисапсыз күшеюіне көмектесу, оның үстіне үш жүздің бәріне бір адамды бекіту патша өкіметінің есебінде жоқ еді. Сондықтан да патшаның 1778 жылғы 24 мамырдағы жарлығымен Абылай бір ғана Орта жүздің ханы болып бекітілді. Грамота мен хан шендерін Орынборда немесе Тройцкіде тапсыруға нұсқау берілді.

Наразы болған Абылай, әрине, бұл қалаларға барудан бас тартып, рәсімді орындауды өзінің қонысына жақын жердегі Петропавлға (Қызылжарға) көшіруді ұсынды. Кейін оған да бармады, ақырында патша өкілдері олардың бәрін Абылайдың ордасына өздері апарып тапсыруға мәжбүр болды. Ханның белгілері — қасқыр ішік, құндыз бөрік, қылыш Петропавл қамалында сол күйінде қалып қойды.

Қазақ қоғамының билеуші тобының Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін заңды мұрагері — оның ұлын таққа отырғызбай Абылайға тоқтам жасағандарының себебі мынада еді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Жоңғар әскерлеріне қарсы күресте ол қазақ жасақтарын басқарған, халық бұқарасының азаттық күресін ұйымдастырған талантты қолбасшы-стратег екенін танытты, одан көп бұрын 20-50 жыддарда болған аса ірі шайқастарда ерен ерлік көрсетті, сол үшін де оны халқы батыр атады. Абылай қазақтардың бірігу тенденциясына басшылық жасады әрі қазақ қоғамында өкімет билігінің орталықтануына көмектесті.

Кеңестік тарихнамада Абылайдың сыртқы саясат бағытын бағалауда сыңаржақтылық орын алды, сөйтіп оның екіжақты саясаты Ресей империясының Циндік Қытаймен шектес жерлерінде өте-мөте күрделі де шиеленіскен жағдайды тудырып отырды, өзінің олармен қарым-қатынастарында «бұлтару» саясатын қолданды, — деп көрсетілген. Мұнымен келісуге болмайды, өйткені Абылай өзінің сыртқы саясатын нақты тарихи шындық негізіне кұрды. Қазақ қоғамында мемлекеттілік дамуы деңгейінің әлі де төмен болғанын, тұрақты армия жоқ жағдайда құдіретті екі көршісімен де жанжалдасуға бару мүмкін еместігін ол жақсы түсінген.

Кіші жүз бен Орта жүз Ресей империясының құрамында болғанымен патша үкіметінің қазақтардың басына қиын-қыстау күн туа қалғанда көмекке келмейтініне оның көзі жеткен. Солай болды да, қазақтардың жоңғар басқыншыла-рымен бірнеше рет қарулы шайқастары болды, бірақ Ресей жағынан оларға әскери көмек көрсетілмеді. Керісінше, пат-ша үкіметі жергілікгі әкімшіліктеріне қазақтарға қару-жарақ, оқ-дәрі бермеу жөнінде құпия нұсқаулар жіберген.

Шексіз билікке ие болған Абылай хан ретінде де, батыр ретінде де қатыгездік көрсеткенін Ш.Уәлиханов айта келіп: «Абылай сияқты қазақтың бірде-бір ханының шексіз билігі болған емес! Ол бірінші болып өзінің әмірімен дарға асуды қолданды, бұрын бұл тек халық жиналысының ережесіне сәйкес қана жүзеге асырылатын» (Шығ., 4 т., 116-бет).

Абылай Қазақстанда және одан тысқары жерде көреген әрі ақылды саясаткер ретінде танылды. Қорықпайтын жаужүректігі, данышпан көрегендігі, әскери ақыл-айласы, бойындағы алып күш-қуат, өткір ойы, дарынды дипломат болғаны оның бүкіл қазақ қоғамын билеуге лайықты қасиеттер еді. Халық ол жайында көптеген аңыздар, ертегілер, дастандар шығарды, оларда оның дипломатиялық қабілеттілігі, жеке басының ерлігі мен батылдығы, мемлекеттік алғыр ойы, қайсарлығы айқын көрсетілді. Абылай 1781 жылы Ташкент маңында 69 жасында қайтыс болды. Оның денесі Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Йассауидің кесенесінде ас беріліп, ардақтап жерленді.

Патшалық Ресейдің билеуші тобының Қазақстанның кең-байтақ жерін өзіне қаратып алу арқылы империяның шеңберін ұлғайтудағы стратегиялық мақсаты орындалды. Енді өкімет оны басқару үшін жаңа жүйе жасауға кірісті, оның түпкі мақсаты — аумақтық-әкімшілік жүйені қайта құру арқылы мұндағы жалпы халықтың ықыласымен хан сайлап келген қазақ халқын осынау демократиялық тарихи дәстүрінен айыру еді.

Абылай қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Уәли Орта жүзге хан болып көтерілді, ол өле-өлгенше Ресейге адал болуға ант берді. Хан өзінің қоластындағыларға ерекше қаталдық пен озбырлық көрсетті. Оның мұндай әрекеті халық арасында наразылық туғызды. Орта жүздің қазақтары 1795 жылы II Екатеринаға хат жазып, ханды тағынан тайдыруды өтінді.

Уәлидің билігін әлсіретуге тырысқан өкімет 1815 жылы Бөкейді екінші хан етіп тағайындады. 1819 жылы Бөкей, 1823 жылы Уәли хан қайтыс болды. Олардан кейін Ғұбайдолла хан болуға тиісті еді, бірақ өкімет оны Сібірге айдады, өйткені ол Орта жүз жерінде әскери бекіністердің салынуына белсенділікпен қарсылық көрсетті. Одан кейін аз уақыт тақта оның әйелі Айғаным отырды. Бірақ жаңа ханды бекіту патшалық самодержавиенің жоспарында жоқ болатын, оның ойы басқаша еді, өзінің түпкі мақсатына жетуді көздеді. Ықпалы шамалы хандар патша өкіметі саясатының жүргізілуін қамтамасыз етпегенімен ғана қоймай, сонымен бірге өздерінің бөлшектенушілік ниеттерін күшейтті. Патша хандық биліктен уақытша бас тартып, ру басылары арасынан әлеуметтік тірек табуға әрекеттенді, XVIII ғасырдың аяғында басқару жүйесінде реформа жасамақ болды. Бірақ оны жузеге асыру ойдағыдай нәтижесін бермеді, хан билігі қалпына келтірілді, алайда бұл да ұзаққа бармады.

1822 жылы Сібір екі бөлікке: бас басқармасы Иркутскіде болатын, Шығыс және орталығы әуелі Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс бөліктерге бөлінді. Батыс Сібірге Қазақ даласының қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы жарғы» шығарылды. «Жарғы» бойынша қазақ даласы сыртқы және ішкі округтерге, тиісінше — округтер болыстар мен ауылдарға бөлінді.

Патша әкімшілігі «Жарғыға» сүйене отырып, жаңа басқару аппаратын құрды. Сөйтіп хан өкіметі таратылды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, округтерді приказдар басқарды. Оның төрағасы аға сұлтан болды да оған тағайындалатын ресейлік екі заседатель мен сайланып қойылатын екі құрметті қазақ енді.

Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлайтын, ол Ресей қызметінің майоры шенінде болды және жергілікті басқарманы басқаруға қойылатын шенеунік саналды. Болыстарды болыстық сұлтандар басқарды, оларды қайта сайлау тек Омбы облыстық басқармасының келісімімен ғана жүргізілетін еді. Ауыл старшындарын қарапайым қазақтар әрбір үш жылда бір сайлады, оларды округтік приказ бекітетін.

1824 жылы «Орынбор қырғыздары туралы жарғы» қабылданып, Кіші жүзде хандық билік жойылды. Патша өкіметі жергілікті жерде өз саясатын жүргізуде сүлтандарды тірек етті. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында-ақ сүлтандардың қазақтар арасындағы экономикалық және саяси ықпалы құлдырай бастайды. Батырлар қазақ жүздерінің шекаралық аудандарында ғана ықпалын сақтады; бұл жерлерде руаралық барымта және хиуалық, қоқандық, бұқарлық феодалдармен қақтығыстар тоқталмаған болатын.

Патшаның 1822 және 1824 жылдардағы реформалары, басқарудың жаңа жүйесі — өлкеде отарлау режимін түпкілікті орнықтырды. Нәтижесінде қазақ елі өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігінен айрылды.

 

  1. ОТАРЛАУДЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ

 

XIX ғасырдың алғашқы жартысының аяғына қарай, атап айтқанда, 1847 жылы Орта жүз қазақтарының басым көпшілігі орыстың бодандығына көшті де Қазақстанның Ресей қоластына өту процесі аяқталу сатысына қадам басты. Ресейге қосылған қазақ жерінде Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь (Аягөз), Лепсі бекіністері салынды, олар империяның Іле сырты өлкесін иемденудегі тірек пункттеріне айналды.

Ұлы жүздің өзіне қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын «Үлкен Орданың приставы» лауазымы белгіленді. Ұлы жүздің оңтүстік аудандары өлі де қоқан билігіне қарайтын, ол Хиуа хандығы секідді қазақтар мен қырғыздардың езуін күшейтті. Әбден ашынған қазақ мал өсіруші шаруалары мен егіншілері Хиуа мен Қоқан феодалдарына қарсы күреске талай рет көтерілген-ді. 1858 жылы наурызда Әулиеата мен оның төңірегінде сондай бір көтеріліс бұрқ ете түсті, көтерілісшілер Тоқмоқта, Әулиеатада, Шымкентте т.б. жерлерде орналасқан әскери бекіністердегі қоқандық гарнизондарды қоршауға алды. Қазақ пен қырғыз шаруалары тізе қоса шайқасты. Осы жылғы мамырда көтерілісшілер Созақ, Меркі, Шолаққорған қамалдарын алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршады.

Қозғалыстың ұйымдаспағаны мен стихиялық сипаты, ондағы қазақтың феодал үстем тобының сатқындық жасап, Қоқан ханымен келісімге келуі көтерілістің жеңілуіне себеп болды. Қазақтардың қоқандық, феодалдық езгіге қарсы 1858 жылғы көіерілісі өзінің сипаты жағынан халықазаттық көтеріліс болды.

Іле сырты өлкесін қоқан билігінен азат етіп, Қазақстанды толық отарлау арқылы империяның оңтүстік шекарасының ортаазиялық эмираттармен шектесуіне қол жеткізу патшалық самодержавиенің аса маңызды кезекті міндеті-етін. Подполковник Карбышевтің әскери жасағы қоқандықтардың Жетісудағы тірек пункті — Таукөбек қамалын талқандап, өлке жеріне сұғына кіреді. Осыдан соң Ресейдің Орталық және Сібір губернияларынан қоныс аударған орыс шаруалары мен патшаның сенімді тірегі -қазақтардың осы өлкені мекендеуі басталады, түпкілікті тұрақтану үшін олар бекіністер салуға кіріседі.

1854 жылы Верный (казіргі Алматы) бекінісі салынғаннан кейін солтүстіктегі қырғыздардың жері Ресей құрамына енген аймаққа іргелес жатты. 1856 жылы Іле сырты өлкесіне енгізілген птиставтың тәртіп орталығы Верный қаласы болған Алатау округі болып қайта құрылды. Сол жылғы 17 қаңтарда Ыстықкөл өңірі қырғыздарының 10 мың шаңырағы Ресейдің азаматы ретінде Алатау округінің құрамына кірді. Оңтүстік -Шығыс Қазақстан мен Ферғана аңгарының халқы Қоқан хандығының бөлігінде қалып қойды.

1857 жылы Әулиеата мен Шымкент өңірінде қазақтар мен қырғыздардың Қоқан езгісіне қарсы бірлескен көтерілісі болды, ол асқан қаталдықпен жанышталды. Орыс жасақтарының Оңтүстік Қырғызстанға сұғына енуіне қолайлы жағдай қалыптасты. 1859 жылы Ұлы жүз бен Солтүстік Қырғызстанның шекаралық ауданында Қастек бекінісі тұрғызылды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу аңғары арқылы қоқандық бекіністер — Әулиеатаға, Шымкент пен Ташкентке қарай ілгерілеуі басталды. 1863-1864 жылдары полковник Черняевтың жасақтары қоқандық бекіністер Созақты, Шалаққорғанды, Әулиеата және Шымкентті, ал патша офицері Веревкиннің жасақтары Түркіставды алды, сөйтіп Жаңа Сібір мен Сырдария шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің жаулап алуы осылай аяқталды.

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында болған халықтардың тәуелсіздік алуына байланысты, өткендегі тарихты қайтадан ақыл-ойдың елегінен өткізу процесі жүріп жатыр. Осыған орай мынаны еске сала кеткен жөн. Қазақстанның тарихын жазуға қазақ ғалымдары қатысқанымен негізінен орталықтағы орыс ғалымдары жазып келді. Сондықтан да мұндай тарихтың бір адамның өмірінде бес рет қайталап жазылуына тандануға болмайды. Белгілі ғалым Санжар Асфендияров 20-жылдары қазақ халқының тарихы туралы жазған тұңғыш ғылыми еңбегі кезінде тәркіленді. Онда бар шындық айтылып, Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды деген пікір теріске шығарылған, Әбілхайыр ханның кіші жүздің Ресей қоластына өтуі жөніндегі шешімі туралы старшындардың бәрі білмегені баяндалған. Хан өзінің хатында А.Тевкелевке былай деп хабарлапты: «… бұл жайында ешкіммен кеңеспедім, өзімнің сұлтандарыма және билерге хабарламай-ақ мен өзімді жоғары мәртебелі императоршаның қоластына бердім». Осыдан көрініп тұрғанындай, хан бүкіл қазақ халқының ғана емес, өзі билеген Кіші жүздің де тағдырын тәлкек еткен. Ол тек өз басының билікке жетуін ойлаған.

А.Тевкелев 1731 жылдың 3 қазанынан 1733 жылдың қаңтары аралығында Кіші жүз қазақтарының арасында болған кезінде күнделік жазған, онда былай делінген: «Ру басшыларының жиналысына келгенімде: «Неге келдің?» -деп сұрады. Мен: «Әбілхайырдың хатын және императорша Анна Ивановнаның сенім грамотасын алып келдім», — дедім. Одан әрі былай жазған: «Старшындардың біреуінің Әбілхайырға: «Сен қандай себеппен біздермен, қырғыздардың старшындарымен кеңеспей, бір өзің Ресейдің қоластына өтіп, біздерді құлдыққа бердің?! Көне заманнан бері хандар старшындардың келісімінсіз ешқандай шешім қабылдамайтын дәстүр бар еді, ал мынау оны бұзған, өзі шешкен… Ал Тевкелев қазақтардың әскерлерін көруге келді, сонсоң бізбен соғысады» дегендерін естідім».

А.Тевкелев қазақ арасына тыңшы ретінде жіберілген. Оған күнделіктегі мына сөздер куә бола алады: «Олар (қазақтар — К.Р.) зеңбірек құймайды, оларда ол жоқ және қолданылмайды, сол сияқты мылтықты да өздері жасамайды, оларды Хиуа мен Бұхардан қойларға, жылқыға айырбастап алдырады, дәріні әркім өзінің керегіне қарай өздері жасайды, үлкен зауыттары жоқ, соғыста көбіне фитильді құлыпсыз, оқты мылтықтары бар».

Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының агрессияшыл көршілері — жоңғарлармен, Цин империясымен және ортаазиялық хандықтармен жауласуда жойылып кету қаупінен аман қалуының тарихи қажеттілігінен туған деген тезис те ақылға қонбайды. Оны логиканың күшімен, нақты фактілермен теріске шығаруға болады. Қазақ халқының басына аса ауыр күн туғанда қазақтың үш жүзі күш біріктіріп Аңырақай шайқасында жоңғар шапқыншылығына ойсырата соққы беріп, жеңіске жеткені мәлім. Қазақтар өздерін жаудан қайтпайтын қайсар жауынгер екенін және тек Кіші жүз бен Орта жүздің бір өзінен 300 мыңнан кем емес қарулы жасақ шығатынын көрсетті. Бұл жайында сол кездегі Орынбор губернаторы И.Неплюев өзінің Сенатқа жолдаған хатында атап айтқан.

Қазақ халқының ата жауы — жоңғарлар нақты қатерлі қауіп төндіргенде патша үкіметі оның қорғануына, аман қалуына нақты көмек көрсетпеді. Мысалы, 1741 жылы жоңғар билеушісі Қалден Серен қазақ жеріне шабуыл жасап, әскерлерінің бір бөлігі Орта жүзге, бір бөлігі Кіші жүзше басып кіреді. Әбілхайыр хан дереу Ресейден әскери көмек сұрайды. Мардымды жауап алмайды, тығылтаяу күн туғанда Әбілхайырдың үй-іші және қызметкерлерімен бірге Орынбор бекінісіне келіп паналауына рұқсат берілетіндігі айтылған.

Сонымен бірге нақты фактілер келтіре отырып патшалы Ресейдің отарлау саясатының шын бет пердесін де ашуға болады. Жетісу облысының әскери губернаторы генерал Ионов патша атына жолдаған жылдық есебінде «көшпелі қырғыздардың барынша көп жерін тартып алудың», оларда қазақтардың жаңа қоныстарын құрудың аса қажеттілігі» жазылған. Патша ағзам оған мынадай бұрыштама соққан: «Осы өлкені отарлауды одан әрі табанды жүргізу қажет». Отарлау саясатының мөнін бұдан басқаша түсіну мүмкін емес. Мұны патшаның әлгі губернаторының «казақтар жерін тартып алуға қарсылық білдіруде, оларды жаппай жазалайық десек абақты жетіспейді, барлары «бейімделмеген, әрі тар» дей келіп, «Абақтылар жедел салынсын!» — деген бұрыштамасынан айқын көруге болады. Ал Торғай облысының генерал-губернаторы генерал-лейтенант Ломачевский өзінің есепті баяндамасында патшаға арсыздықпен: «Қырғыздар үшін оқу орындарының қажеті жоқ», — деп жазған.

Патшалық отарлау саясатын жүргізуші шенеуніктер ғана емес, орыстың кейбір зиялылары да осындай пиғылда болған, олар «көшпелілер оқу-білімге қабілетсіз деп уағыздады. Белгілі жиһанкез, Орталық Азияны зерттеуші Н.М. Пржевальский Географиялық қоғамда жасаған баяндамасында менменділікпен былай депті: «Көшпелілер сондай топас, жалкау және өзінің табиғи жаратылысынан енжар. Қойды үретін ит етіп жаттықтырып үргізу қаншалықты мүмкін емес болса оларды да жігерлі, өркениетті адам ету қиын» (?!).

Міне, империялық ойланудың шырмауындағы отарлаушылар тұтас халықтың болашағын осылайша болжаған. Патша таптарының әлеуметтік заказын орындаған ғалымдардың революцияға дейінгі жылнамада қазақ халқын ғылыми емес, идеалистік тұрғыдан қарап тарихи процестің субъектісіне «ғылыми» тұжырымдар жасағаны кездейсоқ емес. Мәселен, Ермактың басқыншылық және жаулап алу сипатында болған жорықтары Лининнің көзі тірісінде жарық көрген басылымдарда «Сібірді басып алу», одан кейінірек -«Сібірді отарлау» деп атап көрсетілген болса, олар 40-50-жылдары жеке адамға табынудың шырқаған шағында волюнтаризм мен догматизм және тоқырау кезеңдерінде конъюнктурашыл — ғалымдардың ықпалымен «игеру», «өз еркімен қосылу», «серпінділік маңызы бар», т.б.с.с. терминдермен алмастырылды.

Шын мәнінде бұл тарихи процесс серпінді рөл атқарған болар еді, егер қазақ халқы өзінің тұтас мемлекеттік құрылымы болған жағдайда Ресейге қосылса, мәселен, Грузия сияқты. 1783 жылы П. Ираклий императорға Грузияны Ресейдің қоластына қабылдауы туралы жолдаған хатында жасасатын келісімде Грузияның ішкі дербестігін тануы жөнінде шарт қойған. «Георгий трактаты» аталатын келісімде Грузияға біреу қауіп төндіретін болса, онда Ресей қанша әскерін осында жіберетіні, оның санын көрсетудің қажеттігі айтылған.

1717 жылы жоңғарлардың шапқыншылығы алдында Тәуке ханның Ресейге елші жіберіп, онымен тату көршілік жағдайда тұруы көздеген келісімге келуге шақырғандағы ойы дәл осындай жағдайды сақтап қалғысы келгені анық сезіледі. Алайда оның бұл әрекеті нәтижесіз аяқталды. Ресейдің елшісі Борис Брянцев: «Қазақстанмен одақтасудың қажеті жоқ, өйткені олардың айтарлықтай күші жоқ», — деп баяндаған Петр I.

Орыс мемлекетінің қазақ даласындағы саясаты — оның Шығыс саясатының құрамдас бөлігі, ал Қазақстанды жаулап алуы — Ресейдің ұлттық шет аймақтарды өзіне қосып, қуатты империя — «Еуропа жандармын» құрудағы жалпы процестің бөлігі еді.

Сонымен, Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі қазақ халқына бақытты өмір әкелмеді, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, 60-90-жылдардағы реформаларға байланысты отарлау режимі нығайып, еңбекшілердің езілуі күшейе түсті.

1861 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы ереже», ал 1869 жылы 11 шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Осыған сәйкес Қазақстан жері үш: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарына бөлінді. Бүкіл әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолына шоғырландырылды. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Ақмола және Семей облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу мен Сырдария облыстары қарады. Бұрынғы Бөкей хандығының жері 1872 жылы Астрахан губерниясына қосылды. Маңғыстау түбегі 1870 жылы Кавказ әскери округінің қарауына өтті, кейінірек ол Закаспий облысына енді.

Осыдан соң қазақ халқының территориялық біртұтастығы бұзылды, қазақ даласында орталықтанған мемлекетті болдырмауды көздеген патшалық самодержавиенің көптен бері көздеген стратегиялық мақсаты жүзеге аса бастады, Қазақстан бөлшектенді.

Облыстарды әскери губернатор басқарды, әскери және азаматтық өкімет биліктері солардың қолында болды. Сонымен бірге ол округтегі әскерлердің қолбасшысы, облыс аумағында орналасқан жазалаушы қазақ әскерлерінің атаманы атанды.

Облыстар ояздарға бөлінді, оларды генерал-губернатор тағайындайтын офицер басқарды, ояздың басшысы полицияны басқарды, осында орналасқан әскери бөлімдер, бекіністер мен шекаралар соған бағынды.

Ояздар болыстарға бөлінді, олар хан жүйесі тұсындағыдай рулық емес аумақтық принцип бойынша құрылды. Болыстар бір мыңнан екі мыңға, кейде үш мыңға дейінгі түтіннен кұралды. Болыстар өз кезегінде төменгі буын саналатын ауылдарға бөлінді, олар 100-200 тұтіннен тұрды, бір болыстан екіншісіне ауысуға рұқсатты ояз бастығы, ал ауылдан ауылға ауысуға — болыс басқарушысы беретін еді. Осындай қатаң тәртіп жүйесі жұрттың еркін жүріп-тұруын және тұрақты мекен-жай іздестіру құқысын шектеді. Әкімшілік және полицейлік өкімет билігін болыс жүзеге асырып отырды. Феодалдық жоғары топтар қойған адамдар ғана болыс басқарушысы және ауыл старшыны болып сайлана алатын еді. Сайлау әрбір үш жыл сайын өткізіліп тұрды.

Патша үкіметі хандарды бекітіп отырды. Мұның өзі қазақ феодалдарының арасында билікке таласуды өршіте түсті. Олардың ел басқарудағы қызметіне жергілікті патшалық әкімшілік бақылау жасап отырды. Сөйтіп, хандық билік жойылды, патшалық Ресей ғасырлар бойы армандап келген мақсатына жетті. Отарлаушылық жүйені түпкілікті етіп орнықтыру мақсатымен 1867-1868 жылдары сот реформасы жүргізілді, соған сәйкес әскери — сот комиссиялары мен ояздық соттар құрылды, олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Отарлау мақсаттарына бейімделіп ауылдарда феодалдық билер соттары және Сырдария облысының қыстақтарында қазылар соттары сақталды. Дау-жанжалдарды шешкенде билер соты әдеттегі құқықтар мен шариғат нормаларын, ал қазылар соты тек кана шариғат ережелерін басшылыққа алды. Өлкенің байырғы халықтарының өкіддері опасыздық жасағаны үшін, үкіметке қарсылық білдіруге дүрліктіргені, патша мен қазыналық шабуыл жасап, телеграфқа зақым келтіргені, лауазымды адамдарды өлтіргені үшін әскери сотқа тартылуға тиісті болды.

XIX ғасырдың отарлау кезеңіндегі Қазақстандағы сот құрылысы империядағыдай болды. Мәселен, Түркістанда олар бүкіл халық жөнінде сот билігін жүзеге асырды және сонымен қатар екінші сот, яғни байырғы халықгы қамтитын соттардың жоғары инстанциясы болды; екінші жаынан, «халық соттары» ретінде өз уәкілдігін тек жергілікті мұсылман халқына ғана жүргізді.

Сот ведомствосындағы лауазымды адамдарды қызмет деңгейіне қарай әр түрлі орындар тағайындап және босатып отырды. Мұсылман халқы бар отырықшы және көшпелі аудандар үшін жеке халық соттары құрылып, олар өздері қарайтын істер жөніндегі шешімдерді жергілікті әдет-ғұрыптар негізінде шығарып отырды.

XIX ғасырдың 80-жыддарының аяғы 90-жылдардың бас кезіндегі Қазақстандағы сот құрылысы негізінен алғанда, 1886-1891 жылдардағы реформалар мұның алдындағылар сияқты, отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағьпталған еді. Сөйтіп, қалың халық бұқарасын бағынышты етіп ұстауды мақсат етіп қойған жақсы ұйымдаскан мызғымас әскери — бюрократтық озбыр мемлекеттік машина орнықты.

Жергілікті халықтың жерін тартып алып Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға қоныс аударған шаруаларға берді. Бұл мемлекеттік шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатты. Жетісудың әскери-губернаторы Г.А.Колпаковскийдің бастамасымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» жасалынды, ол 1883 жылға дейін күшін сақтады. Қоныс аударғандарға бірқатар жеңіддіктер белгіленді: жан басына 30 десятинадан жер бөлінді, 15 жыл мерзімге олар түрлі алым-салымнан босатылды; мүмкіндігі жоқғарға шаруасын құруға қажетті мөлшерде несие қаржы берілді. Басқа облыстарда да осыған ұқсас «Ережелер» қабылданды.

1892 жылы «Сібір темір жолының Ерекше Комитеті» құрылғаннан кейін қоныс аудару қозғалысы күшейе түсті. Мәселен, 1896 жылға қарай Ақмола және Семей облыстарының бірқатар ояздарында қоныс аударған шаруаларда 150 мың халқы бар 43 болыс құрылды, олардың пайдалануында 1,4 млн. десятинаға жуықжер болды. Оның үстіне қоныс аударғандар қазақтардан 93 мың десятинадан астам жерді жалға алды.

Қазақстанға қоныс аударушылар саны жыл өткен сайын көбейе берді. Егер 1891 жылы Сардария облысында 7702 адамы бар 1607 үйден құралған 27 село болса, бір ғана 1894 жылдың өзінде 48 село пайда болды, оларда 15,4 мың адам тұрды.

XX ғасырдың басына қарай патша өкіметі орыс шаруаларын қоныстандыру үшін қазақ еңбекшілерінің жалпы көлемі 40 млн. десятина құнарлы жерін тартып алып, өздерін шөл далаға куды. Өлкені отарлауға әскери-саяси тонаушылық қосылды. Көшпелі халықтың жерін күштеп экспроприациялау қазақтардың ашу-ызасын туғызды, олардың жаппай көтеріліске шығуларына себепші болды.

 

III. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ПАТШАЛЫҚ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ҰЛТАЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ

 

Крепостниктік қанаудың күшеюі, помещиктердің қатал озбырлығы Ресейдің өзінде де шаруаларды күреске көтеріп отырған. XVIII ғасырдағы шаруалар көтерілістері соның бір айғағы. 60-жылдардың аяғы — 70-жылдардың басында бұл көтеріліс Жайыққа жетіп, Е.И.Пугачев басқарған 1773-1775 жылдардағы Шаруалар соғысына ұласты. Оған Кіші жүздің қазақтары да қатысты.

Пугачевтің жасақтары 1773 жылы қазан айының бас кезінде патша қамалдарының біразын алды. Қазақтардың дербес жасақтары Атырау және Елек қалашықтарының, Жайықтың жоғарғы және төменгі ағысының шептеріне қарай ойысты, күзге қарай осы өңірді олар өздерінің бақылауына алды.

XVIII ғасырдың асғы мен XX ғасырдың ортасындағы көтерілістердің басты қозғаушы күштері шаруалар еді. Дегенмен оған ауыл бұқарасымен бірге ру шонжарлары -старшындар да, билер де, батырлар да қатысты, өйткені патша өкіметі олардың құқықтары мен жеңілдіктерін қысқартып тастаған болатын.

XVIII ғасырдың аяғында Кіші жүз еңбекшілерінің көтеріліске шығуына жер мәселесінің шиеленісуі, патша өкіметінің «ішкі жақка» Жайық сыртына өтуге тыйым салуы, хаңдардың, сұлтандардың, Орал қазақ әскерінің және патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық тонап, озбырлық жасауы басты себеп болды.

1782-83 жылғы қыстың қатаң болуы малшыларда патша әкімшілігінің тыйым салуына қарамастан «ішкі жаққа» өз бетімен өтуге мәжбүр етті. Оның үстіне Орал қазақ әскерлерінің жасақтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, малдарын айдап өкетуді жиілеткен еді. Осындай жағдайда Кіші жүзде қазақ шаруаларының толқуы стихиялық түрде басталды, оған халық ішінде әйгілі батыр Сырым Датов басшылық жасады. Пугачев өлтірілгеннен кейін де ол патшаның жазалаушы әскерлеріне қарсы күресін жалғастыра берді. Нұралы хан патша өкімет орындарынан Сырым Датовқа қарсы күресу үшін қырға жазалаушы отрядтар жіберуді өтінді.

Көтерілісшілердің ханға, сүлтандар мен жазалаушыларға қарсы күресі халықтың барынша тілектестігін туғызды. Нұрлы ханның билігі көбіне дағдарысқа ұшырап, халық одан безді, ал патшалық өкімет орындардың ханның дәрменсіздігіне көздері жетті. 1786 жылы сәуірде көтерілісшілердің қаһарынан үрейі ұшқан Нұралы хан шекарадағы орыс өскерлерінің қамалына қашып барып тығылады, халықтың қарсылығын бәсеңдету үшін патша үкіметі Нұралыны хан тағынан түсіруге мәжбұр болады.

1792 жылғы көтеріліс Кіші жүзді түгелдей дерлік қамтыды. 29 қыркүйекте Сырым Датов бастаған мыңға тарта адамы бар жасақ Елек қалашығына шабуыл жасағанымен, қамалды ала алмады. Осы сәтсіздіктен кейін жасақтар күрестің тактикасын өзгертті. Көтеріліс партизандық соғыс сипатын алды.

1796 жылғы қазан айында Нұралының ұлы Есім Кіші жүздің ханы болып таққа көтерілді. Жаңа хан көтерілісті басуға батыл әрекеттер жасады, көтерілісшілер жасақтары басшыларының бірнешеуін қолға түсіріп, оларды патша өкіметіне тапсырды. 1797 жылы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні Сырымның жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, оны талқандады, қанішер ханды өлтірді. Орынбордың жаңадан тағайындалған генерал-губернаторы О.А.Игельстром Сырымның талабына құлақ асып, сұлтандар мен старшындардың өкілдерінен тұратын хан кеңесін құрады, оған Сырым батыр да кіреді. Халықтың ауыр жағдайын ескеріп және хан кеңесінің құрылуына байланысты ол өзінің күресін тоқтатуы туралы мәлімдеме жасады. Көтерілісшілердің қимылы 1797 жылға дейін, яғни 14 жылға жуық созылғанды.

Бұл көтерілістің маңызы мынада: патшалық отарлаушы әкімшіліктің озбырлығы мен езгісіне, оның кемсітушілігі мен зорлық-зомбылығына, тұтас бір халықтың еркіндігіне қол сұғуына қарсы қазақтардың жаппай күреске шығуына мұрындық болды, халық батыры Сырым Датов басқарған еркіндікті көксеген көтерілістің рухы бұдан кейінгі ұлт-азаттық қозғалыстарға дем берді.

Патша өкіметінің көшпелі қазақтарға өшпенділікпен және елемеушілікпен қарау саясатын ұстанып, оларға құрметтеуге тұрмайтын екінші сорттылар ретінде қарауы казақтардың зығырданын қайнатты. Қазақтардың балаларын сату жөне сатып алу туралы I Александр патшаның 1819 жылғы жарлығын дәл осы мағынада ұғу керек. А.И.Левшин көрсеткендей, XIX ғасырдың басында тек Атыраудың өзінде ғана бір айдың ішінде жүзден астам қазақ баласы сатылған.

Хан өкіметінің патша әкімшілігінің жергілікті органдарына және жергілікті феодал шонжарлардың бір бөлігіне арқа сүйеп барынша күш сала жүргізген саясаты феодалдық және отарлаушылық езгінің күрт күшеюіне, шонжарлардың ауылдық-қауымдық жерлерді жаппай тартып алуына әкеліп соқтырды. Осындай жағдайда 1836 жылы Исатай Тайманұлы пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ малшы-шаруа бұқарасының көтерілісі басталды. 1837 жылдың көктеміне қарай қарулы қақтығыстардың негізгі ошақтары қалыптасты. Көтерілісшілер шонжарлардый, үйлерін өртеді, мал-мүлкін басып алды, ханның ауылдарын қоныстарынан қуды. Көтерілісшілердің негізгі күші біртіндеп хан ордасына жақындай түсті, қазанның аяғына таман жалпы саны 2500-3000 адамнан тұратын жасақтар ордадан 4-8 шақырымдай жерде оны қоршап тұрды. Қоршау екі аптаға созылды. Осы уақыт ішінде жақсы жарақталған қазақтардың 700 тұрақты атты әскерлері, екі зеңбірегі мен 600-ге жуық ханның жасағы бұларға жақындап келді. 15 қарашада жазалаушылардың көтерілісшілермен ұрысы басталды. Артиллерия шешуші рөл атқарды, екі зеңбіректің жаудырған оғына төтеп бере алмаған көтерілісшілер 100 шақты адамынан айрылып, кейін шегінді.

Еңбекші көшпелі шаруалар көтерілістің әзірленуі мен барысының барлық кезеңдерінде азаттық қозғалыстың басты әлеуметтік негізін құрады, Көтеріліс өзінің қозғаушы күштері жағьшан шаруалар көтерілісі еді, мұның өзі Бөкей ордасында болған әлеуметтік-жіктелу процесінің терендігін көрсетті. Көтерілістің бағыты, себептері мен идеологиясы көбіне оның шаруалар көтерілісі болған сипатынан туындады.

Көтеріліс талқандалғаннан кейін отарлаушы өкімет орындары мен ханның билеуші топтары көтеріліске қатысқандарды және оған ниеттес болған бейбіт ауылдарды аяусыз жазалай бастады; бұл ауылдар бас сауғалап қырға, енді біразы Арал маңындағы жерлерге кетті. Қазақтардың жүздіктері мен арнаулы жазалаушы жасақтар күреске белсене қатысушыларды қолға түсіріп, көптеген ауылдарды талқандады.

Исатай Тайманүлы пен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі жеңіліске ұшырады. Сол бір нақты жағдайларда оның басқаша болуы мүмкін емес еді, оның себебі хан өкіметі мен билеуші-сұлтандар жағында патша өкіметінің күш-қуаты болғандығында ғана емес, сонымен бірге шаруалар қозғалысының оқшау және шектеулі сипат алып, Қазақстанның басқа бөлігіндегі азаттық қозғалыспен байланыс жасамауынан да еді. Алайда көтеріліске шыққандардың батылдығы сүйсіне таңдануға лайықты, олар езушілерге қарсы азаттық күресін жаңа сатыға көтеріп, әлеуметтік бостандық жолындағы күрес эстафетасын жаңа ұрпақтарға берді.

Қасым ханның баласы, Абылай ханның немересі Кенесары (1802-1847 ж.ж.) бастаған көтеріліс қазақ халқының патшалық самодержавиенің отарлау режиміне қарсы ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Орта жүз бен Кіші жүздің бірқатар рулары Кенесарының қоластына біріккеннен кейін 1837 жылы Орта жүз де біріге бастады. Солтүстік-батыста — патшалық отарлаудың, оңтүстіктен — ортаазиялық хандардың және сұлтандар мен байлардың патриархалдық-феодалдық екі жақты езгісінен ығыр болған қазақ халқының қалың бұқарасы, күрестің жеңісі өздерінің титықтаған ауыр тұрмысын жеңілдетеді деп Кенесарының соңына ілесті. Алайда оның қарулы күшінің негізгі тірегі атасы Абылайдан қалған төлеңгіттің мыңға жуық ауылы болды.

1837 жылы қарашада Кенесары Петропавл қамалынан шыққан керуенмен қоса жүрген қазақ жасақтарына Ақтау бекінісі маңында алғаш рет қарулы шабуыл жасады. 1838 жылы маусымда ол Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, оны өртеді. Содан кейін күші басым жаудан ығысып, Кенесары өзінің жасақтарымен Кіші жүзге, Торғай ауданына қоныс аударуға мәжбұр болды.

1839 жылдың көктеміне қарай Кенесары Сібір шебі мен Тройцкіден Ташкентке баратын сауда жолына бақылау орнатады. Тұтқиылдан шабуылдап, ізінше шегіну — оның тактикасы осындай еді. Бұл түсінікті, өйткені оның нашар қаруланған әрі әскери өнерге машықтанбаған жасақтары бес қаруы сай патшалық тұрақты өскерлерге айтарлықтай қарсылық көрсете алмайтын. Солай болғанымен әскерлерге көтерілісшілермен ұзақ шайқасуға тура келді. Олардың жасақтарын далалық жағдайда қолға түсіру қиын еді. Кенесарының жасақтары орыстардың бекініс пункттері мен гарнизондарына шабуыл жасап отырды. Оған қарсы шығып тұрған тұрақты жазалау экспедициялары оны 1840 жылдың жазында жасақтармен бірге Қоқан хандығының жеріне қарай көшіп кетуге мөжбұр етті. Осында ол 1841 жылы хан болып жарияланды. Сол жылы ол Қоқанға соғыс жариялайды, жасағы 4 мың адамнан тұратын.

1845 жылдың күзінде патшалық әскери күштерден ығысқан ол Торғай даласынан Сарысу мен Төменгі Шу өңіріне, ал келесі жылдың басында Ұлы жүз жеріне қарай бет адды.

1847 жылы Кенесары қырғыз елінің шекарасына өтеді, ондағы мақсаты қырғыздар мен қазақтардың қас жауы -Қоқанның үстемдігін біржолата жою, сонымен бірге қоқандық бектердің айнымас одақтастары — қырғыз манаптарына қарсы күресу. Оның жазалау шараларынан манаптардан гөрі қарапайым еңбекші қырғыздар көп зардап шеккен еді.

Кенесарының қырғыз манаптарымен ең соңғы шайқасы Бішкектің шығысындағы Кекіліктау шатқалында болды, үш жақтан бірдей қоршалған Кенесарыны қолға түсіреді де қырғыз манабы Қалығүл Әлібеков оның басын кесіп алып, Сібір қырғыздарының әскери бастығы генерал Вишневскийге апарып береді. Осы «ерлігі» үшін ол омырауына патша медалін тақты.

Кенесарының көтерілісі он жылдан астам уақытқа созылды, оның басым көп кезеңінде халық бұқарасы оны қолдап келді. Атағы жалпы жұртқа мәлім, ел арасындағы ықпалы зор қазақ жүздерінің айтулы батырлары Кенесарының жасақтарында асқан ерлікпен шайқасты. Кенесары қозғалысының ерекшелігі сол, оның алғашқы күнінен бастап-ақ оған көтеріліс аудандарында тұратын әр түрлі халықгардың өкілдері — татарлар да, башқұрттар да қатысты. Қатардағы жауынгер ретінде кейбір қашқын орыс солдаттары да Кенесарының жасақтары қатарында болған.

Кенесарының көтерілісі жеңіліске ұшырады. Алайда қазақ халқының ұлтазаттық қозғалысы тарихында ол ерекше орын алады, бұқараны саяси төрбиелеуде тамаша мектеп болды. Бұдан кейінгі XIX ғасырдың 50-60 жылдарында көтерілістер дәл осы күрестің негізінде өріс адды. Есет Көтібаровтың 1853-1857 жылдардағы, Жанқожа Нұрмұха-медовтың 1856-1858 жылдардағы, сол сияқты 60-70 жылдарда болған өзге көтерілістердің біреуі де өзінің қарқынымен, маңызымен Кенесары бастаған халық бұқарасының қуатты да сұсты қозғалысына тең келмейді. Сондықтан да оның жаншылуымен патшаның Қазақстандағы экспансиясына қарсы тұрған соңғы кедергі жойылған еді.

Алайда казақтардың патша үкіметінің отарлау саясатына қарсылығы бұдан кейін де ешбір толастамады. 1856 жылы желтоқсанда Сырдарияның төменгі ағысындағы егіншілердің қарулы көтерілісі басталып кетті, оған Нұрмұхамедов Жанқожа басшылық етті, олар осы өңірге орыстарды әкеліп қоныстандыруға қарсылық білдірді. Арал теңізінің батысындағы 1855-1858 жылдардағы қазақтардың қарулы көтерілісіне Есет батыр басшылық жасайды. Көтеріліс патша өкіметінің әскерлерге қару-жарақ, азық-түлік тасу үшін қазақтардың түйелерін тартып алуына наразылығынан туындады.

Бұл кезде қазақ шаруалары патша әкімшілігі мен ауьшдың байларынан екі жақты ауыр езгіні басынан кешіріп жатты, оларды жайылымдықтары мен су көздерінен айырды, жақсы жерлер қоныс аударған орыс шаруалары мен қазақ әскерлеріне тартып алып берілді. Соның салдарынан XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтар үшін көш-қоныс мәселесі айрықша маңыз алды. Жер жөніндегі қатынастар Кіші жүз қазақтары арасында бұрынғыдан да шиеленісті. Бұлардың қазақ әскери үстем тобына тәуелділігі күшейді, шеп бойындағы тқрғындардың ауқатты бөлігімен қарым-қатынастары нашарлады. XIX ғасырдың 60-жылдарында әйел-еркегі бар 82247 адам болған Жайық қазақтары 6,2 млн. десятина құнарлы жерге, ал Орынбор қазақ әскерлерінде әр түрлі шені бар 7567 адам 7 млн. десятина жерге ие болды.

Жайылымдардың жетіспеуі салдарынан әр түрлі рулардың мал иеленуші феодалдарының арасында, сондай-ақ бұлар мен отырықшылыққа ауыса бастаған кедейлер арасындағы күрес күшейе түсті. Мұның өзі ауылдардың бірін-бірі шауып алып, адамдарын қолға түсіріп, кісі өліміне шейін жеткізген жер үшін болған таптар күресі еді.

1869 жылдың көктемінде ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты. Орынбордан жіберілген комиссияның көтерілісшілерді тыныштандырмақ болған әрекеттерінен ештеңе шықпады. Сол жъшғы наурызда толқу бүкіл Орал облысын және Торғай облысының оңтүстік бөлігін түгел қамтыды. Халық көтерілісінің өртін сөндіру үшін жөне 140 мыңнан астам отбасын қайтадан бой ұсындыру ұшін қырдағы әскери бекіністердің гарнизондарынан 20 зеңбірегі бар 5300-ден аса қарулы қазақтар аттандырылды. Алайда бұл да көтерілісшілерді жеңе алмай, кейін шегінді.

Орал және Торғай облыстарындағы көтеріліс XIX ғасырдың екінші жартысындағы елеулі бас көтерулердің бірі болды, ол 10 айға созылды. Өзінің шығу себептері, мақсаты мен міндеттері және қозғаушы күштері жағынан көтеріліс отарлауға, феодалдарға қарсы бағытталған шаруалар қозғалысы еді.

1870 жылы жазда Маңғыстауда да толқулар орын алды. Оның шығу себептері патша өкіметінің жер жөніндегі саясаты, атап айтканда, адай қазақтарына өз жайлауларын пайдалануға тыйым салуы болды. Олардың әскери жасақшыларға қарсыласуы үш күнге созылды, көтерілісшілер Александров портын, Николаев стансасын қоршап, порт маңындағы маяктарды өртеді, төменгі бекіністі талқандады. Кавказдан 7 ротадан артық жаяу әскер, 6 атты әскер жуздігі, 4 зеңбірегі бар екі взвод осында жіберідді.

Кавказ әкімшілігі қазақтардың көтерілісін қаталдықпен басып, Маңғыстау түбегінде қалып қойған 9 мың үйдей 57,9 мың сом салық және әр түрлі алымдар өндіртіп алды. Мұның үстіне олардан соғыс шығыны деп 90 мың қой айдап әкетілді.

Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер сияқты, Маңғыстаудағы толқулар да ең алдымен патша өкіметінің отарлау саясатына және «өз» байлары мен феодалдарының аяусыз қанауына қарсы бағытталды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанның Оңтүстігіндегі қазақтар да патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы аянбай күрес жүргізіп отырды. Олар сонымен қатар Қоқан хандығының езгісіне де қарсы әркез көтеріліс жасап келді, бірақ ойсырай жеңіліске ұшырады. Жоңғарлармен Аңырақайдағы шайқаста ерен ерлігімен аты әйгілі болған Мәмбет батырдың ұлы Байзақ датқа Әулиеата оязының қазақтарын қоқандықтардың езгісінен азат ету күресіне басшылық жасады. Ол кейін де Кенесары қозғалысына қосылады да Созақты азат етеді. Бірақ ол Қоқан-хандығының жергілікті жердегі билеушілерінің алдау-арбауына түсіп Шымкентке шақырылады да сонда күрестен бастартпайтынына көзі жеткен отаршылардың жендетгері айуандықпен зеңбіректің аузына байлап атып жібереді.

Оңтүстік Қазақстанның қазақтары мен қырғыздары қоқандықтардың аяусыз езгісінен тек XIX ғасырдың 60- жылдарындағы патшалық Ресейдің Орта Азияға жасаған жорығының нәтижесінде ғана құтылады. Алайда бұл өңір енді Ресей империясының құрамына еніп, осындағы халықтар отарлық бұғаудан қашып құтылмады.

Отарлаушылықтың тағы бір көрінісі — жер-су аттары өзгертілді. Мысалы, Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін ұмыттыруды көздеп, Екатерина патша Жайық өзенін де, қаласын да Урал деп өзгертті. Отаршылдық, басқыншылық саясаттың келесі тәсілі қазақтың топонимикалық атауларын өзгерту болды. Патшаның құпия жарлығында ашық көрсетілгендей, жергілікті атауларды орысшамен алмастыру үстемдік етуші халықтың құрамына өзгелердің сіңісіп кетуі үшін аса пайдалы фактілер ретінде қаралды: Жайық — Уралға, Алматы — Верныйға, Ак мешіт — Перовскіге алмастырылды. Тек бір ғана Ақмола уезінде 1848-1916 ж.ж. 133 тарихи атаулар өзгертілген.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Казахстанская правда//, 1997 год, 11 октября.
  2. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Вечерний Алматы//, 1997 год, 13 октября.
  3. Бондарцова. «Преемственность поколений», //Юридическая газета//, 1998 года
  4. «Поворотная веха в истории становления Казахстана», Казахстанская правда 10 октября 1997 года
  5. «Азия – экономика и жизнь», 1998- 2000 г.г.